Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы



ҚЫЗ БАЛА . ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ
Негізгі бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз
1. Әдебиет айдыны, газет-2006, 21 қыркүйек.
2. Ана тілі, газет-2004, 29 шілде.
3. Егемен Қазақстан, газет-2004, 13 сәуір.
4. Таң-шолпан, журнал-2002, №3.
5. Қазақ әдебиеті, газет-2004, 19 наурыз.
6. Егемен Қазақстан, газет-2004, 2 қараша.
7. Түркістан, газет-2002, 7 наурыз.
8. Жас Алаш, газет-2000, 1 тамыз.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 316 (075,8)

ҚЫЗ БАЛА - ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ

Л.Т.Байкеева, В.Б.Зеткулова, М.Б.Мыңбаева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана
құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш
атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-
жоралығымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте
жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк
артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам
етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді.
Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша
қауымның міндеті. Халқымыз Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен
тыю деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала
тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып
отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-
халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен
теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-
жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да,
жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала
тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз
өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге
болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа,
ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын
арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері
ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала
анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол
шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті
нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық
сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте
жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың
бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы
тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала
кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-
анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан
елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай
жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-
тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу,
киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі
дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа
келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай Еркежан,
Шырайлым деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан
қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын
болған. Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі дегендей,
қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып
қалмауына қамқорлық жасаған. Қызға қырық үйден тыю деген мақал да осының
айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас
етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру,
шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан
есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-
ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік
сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі
болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан
білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп,
аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже
ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
Қыз ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды:
қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге
жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-
санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы,
әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың
татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. Ағайын тату болса-
ат көп, абысын тату болса-ас көп,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.
Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде
сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас
болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім,
Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған
үлгі.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы
қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп,
табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың
елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне,
рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына
төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін
өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл
қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі.Пәрәнжі-сәтір
кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген
парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр
қыздар қазақта болған.
Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас деп қызға сеніммен арқа
сүйеу де тек қазақта.Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы
мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі
түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына
сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-
болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең
маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су
құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай
тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен
тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз
қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды.
Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат
қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді болған жоқ.
Өнерден құралақандары да көп болған. Ғылымға қол жетпейтін еді.
Қазақ қыздары ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбиемен өсті. Олардың
отбасынан алған бар тәрбиесі жақсы келін болу ғана еді. Одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
Этнопедагогика пәні, оның оқытудағы әдістері мен мәні
Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері
Ағылшын тіліндегі сын есім туралы жалпы түсінік
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалар бойына ұлттық салт-дәстүр арқылы адамгершілік тәрбие қалыптастыру
Қыз бала тәрбиесі қазақ халқында
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
Жастардың этностық мәдениетінің теориялық негізі
Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары
Пәндер