Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру



Кіріспе
1.Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық.мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың теориялық.әдіснамалық негіздері
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық.мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік.педагогикалық жұмыс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген [2] .
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Жаһандану дәуірінде этностық-мәдени сәйкестілік (идентичность) мәселесі үлкен маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал. Бұдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу проблемасы этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.
«Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру» тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этностық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады. Этностық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады [3].
1 Программа «Step bu step» - новая инновационная технология в дошкольном образовании // Современные технологии в системе образования: материалы респуб. науч. - прак. конф. (29-30 мая 2001 г.).- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 79-80. (Р.Ш.Сабирова, Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
2 Этностық-мәдени сєйкестіліктің педагогикалық-психологиялық аспектілері // Проблемы Казахстанской психологии: история и перспективы: материалы межвуз. науч.-прак.конф. (29 октября,2001 г.).- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 67-72. (Р.Ш.Сабирова, Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
3 Этностық-мәдени сәйкестілік педагогикалық-психологиялық мєселе ретінде// Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі педагогика ғылымы мен практикасының сабақтасуы: аймақ.ғыл. прак.конф.матер. (27 мамыр, 2002 ж.) - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. – Б. 45-47 (Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
4 Әлеуметтік психология. 521530 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламсы // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 10 б. (Р.Ш.Сабирова, Л.Е.Румянцевамен авторлық бірлестікте).
5 Әлеуметтік психология. 032240 «Әлеуметтік педагогика» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламсы // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 10 б. (Р.Ш.Сабирова, Л.Е.Румянцевамен авторлық бірлестікте).
6 Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігі – аса маңызды мәселелердің бірі // І.Жансүгіров тағылымы: респуб.ғыл.-прак. конф.матер. - Талдықорған: ЖМУ, 2002. - Б. 337-342.
7 Step by step – болашақ педагог-тәрбиешіні жоғары оқу орнында даярлауда жаңа білім беру технологиясы // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның µзекті мєселелері: аймақ. ғыл.-прак.конф.матер. (30-31 казан 2003 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.- Б. 3-11. (Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
8 Ұлт тағылымы – ұлттық тәрбие // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның µзекті мєселелері: аймақ. ғыл.-прак.конф.матер. (30-31 казан 2003 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.- Б. 92-97. (Ұ.Конхашова, С.Мекадиловамен авторлық бірлестікте)
9 Психология (педагогика) курсын оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар // Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері: жоғары оқу орын арал. ғыл.-әдіс.конф.матер. (16 наурыз 2004 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. - Б. 127-130.
10 Қазақстанда жоғары мектеп дамуының ұлттық стратегиясы // Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері: жоғары оқу орын арал. ғыл.-әдіс.конф.матер. (16 наурыз 2004 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.- Б. 11-13. (Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
11 Этностық-мәдени сәйкестілік мәселелерін әдіснамалық-теориялық талдау // Вестник КарГУ. Серия педагогика. – 2004. - №1(33). – С.73-77.
12 Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру // Менеджмент в образовании. – 2003. - № 3 (30). – С. 67-75. (Н.В.Мирзамен авторлық бірлестікте).
13 Этностық-мәдени сәйкестіліктің психологиялық теориялары// Білім сапасы: проблемалар, ізденістер және келешегі: V - Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми жинағы. – Жезқазған: «Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ, 2004. – Б. 137-147.
14 Этностық-мәдени сєйкестілікті дамыту ерекшеліктері // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның өзекті мәселелері: аймақ. ғыл.-тәжіриб.конф.матер. (26 қараша, 2004 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – Б. 37-45. (Г.С.Балгабаева, С.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
15 Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының ерекшеліктері // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның өзекті мєселелері: аймақ.ғыл.- тәжіриб. конф. матер. (26 қараша, 2004 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – Б. 45-54. (Г.Б.Бейсенбекова, Т.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
16 Этностық-мәдени сәйкестілік мәселесі // Орталық Азия республикалары мен ТМД елдеріндегі түркі тілдес халықтардың этнопсихология және этнопедагогикасының қазіргі жағдайы, олардың даму перспективалары: III-халықаралық ғыл-теор. конф. матер. (22 ақпан, 2005 ж.). - Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 2005. - Б. 46-47.
17 Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда әлеуметтену процесінің мәні // Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл: халықаралық ғыл. -тәжіриб.конф.матер. (23-24 наурыз). – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – Б. 345-350.
18 Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйымдардың рөлі // Шоқан тағылымы - 10: халықаралық ғыл.-практ.конф.матер. (25-26 сәуір 2005 ж.) Т.2. - Көкшетау: КМУ баспасы, 2005. – Б. 237-241. (Ж.А.Кармановамен авторлық бірлестікте).
19 Жалпы және әлеуметтік психология. 050905 мамандығына арналған типтік бағдарлама. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – 47 б. (Ж.А.Кармановамен авторлық бірлестікте).
20 Этностық-мәдени сәйкестілікті зерттеу тәжірибесінен // Ізденіс. – 2006. - №1. – Б.296-298. (Ш.М.Мухтаровамен авторлық бірлестікте).
21 Мектепке дейінгі ұйымдар - этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың алғашқы сатысы // Ұлт тағылымы. – 2006. - №1. – Б.89-92 (Ж.А.Кармановамен авторлық бірлестікте).
22 «Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы. Қарағанды, 2006.
23 «Тәрбиешілерге көмек» атты практикалық нұсқау. Қарағанды, 2006.
24 Жалпы білім беретін мектепті басқару негіздері // Шоқан тағылымы - 11: халықаралық ғыл.-практ.конф.матер. (21-23 сәуір 2006 ж.) Т.2. - Көкшетау: КМУ баспасы, 2006. – Б. 164-166 . (Г.С.Махмутовамен авторлық бірлестікте).
25 Ақпараттық технология – білім сапасын арттыру көзі // Шоқан тағылымы - 11: халықаралық ғыл.-практ.конф.матер. (21-23 сәуір 2006 ж.) Т.2 / КМУ. - Көкшетау: КМУ баспасы, 2006. – Б.11-13 (Т.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
26 «Ата-аналармен жұмыс» әдістемелік нұсқауы. Қарағанды, 2006.
27 Білім беруді ақпараттандыру - өркениеттік қоғам сипаты // Университет: әлемдік білім кеңістігі жолында: V - Халықаралық Байқоңыров оқулары материалдарының жинағы. – Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2006. – Б. 59-63. (Т.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
28 «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама. Куәлігі №152. ИС 02340.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-
2030 стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық
моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан
өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық,
отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі
баса айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп
көрсетілген [2] .
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және
этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл
мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде
қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып
отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік
білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын
жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген
құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт
тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Жаһандану дәуірінде этностық-мәдени сәйкестілік (идентичность) мәселесі
үлкен маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп
болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне
қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал.
Бұдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда
бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына
мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу
проблемасы этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп,
этникалық қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру
тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этностық-мәдени
сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан
рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде
құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде
қалыптасады. Этностық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған
әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке
дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар,
бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу
және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады [3].
Бұл жағдайларда этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру мәселесін
педагогикалық тұрғыда зерттеу маңыздылығы артады. Қоғамның қазіргі даму
кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде балаларды жан-
жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып, этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, халықтың рухани мәдениетін
зерде мен ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен
байланыстыра білуге машықтандырады.
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында этностық, этностық-мәдени және
мемлекеттік сәйкестілік мәселесі философия, саясаттану, тарих және
этнографиялық салада (Э.З.Александренков, Ж.М.Әбілдин, Ю.В.Бромлей,
В.И.Козлов, Қ.Е.Көшербаев, Ә.Н.Нысанбаев, Б.Ф.Поршнев, И.А.Снежкова,
Э.К.Суслова, Ғ.Т.Телебаев және т.б.); әлеуметтану мен мәдениеттануда
(С.М.Арутюнян, М.Х.Балтабаев, Л.М. Дробижева және т.б.); этнопсихологияда
(В.А.Вяткин, Қ.Б.Жарықбаев, Н.Е.Елікбаев, Б.А.Әмірова, О.Х.Аймаганбетова,
А.П.Оконешникова, У.Г.Солдатова, Г.М.Старовойтова, Ю.В.Хотинец, Е.Т.Шлягина
және т.б.) көрінетіні айқындалды [4-22].
Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық аспектісін талдауға
бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (Г.Н.Волков, А.Э.Измайлов,
Я.И.Ханбиков, Е.Л.Христова, К.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев, С.А.Ұзақбаева,
Ж.Ж.Наурызбай, М.Х.Балтабаев, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсембінова, Р.К.
Төлеубекова, К.А.Оразбекова, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, Ш.Б.
Кульманова, Л.С.Сырымбетова, Ш.М.Мұхтарова және т.б.). Қазақстандық
педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер
баршылық (И.Өршібеков, А.Х.Мұхамбаева, Б.Е.Қаирова, Г.Р.Бахтиярова,
Е.Ш.Қозыбаев, С.К.Әбильдина, К.Е.Ибраева, Т.М.Шакирова, Г.К.Тлеужанова және
т.б.). Соңғы уақытта қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми
жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде [23-44].
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық, этностық-мәдени тәрбие
беруге байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап
өтуге болады:
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің халықтық педагогика
аспектілері (Т.В.Черник, О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова,
Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков, К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова,
А.Е.Манкеш, О.М.Сыздық, З.М.Балгимбаева) [45-49];
- мектеп жасына дейінгілердің этностық-мәдени дамуы (Е.Ф.Вертякова,
Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнарь, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева) [50-
54];
- мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын даярлау мәселесі (О.И.Давыдова,
Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, У.Ш.Ибрагимов, М.Б.Кожанова, Ж.С.
Хасанова) [55-58];
- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық педагогика
үлгілерін ендіру (Ж.М.Акпарова, С.Г.Жанабаев, А.Ә.Капенова,
Ұ.Т.Төленова) [59-62].
Этностық-мәдени сәйкестілік бойынша зерттеулер негізінен мектеп
оқушыларына және студенттерге арналған, ал мектепке дейінгілердің этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер
дамып келеді.
Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор Ж.Ж.Наурызбайдың
Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы алынды [3].
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесін талдау балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі
ұйымның жұмысының мазмұнында ұлттық-мәдени элементтердің өз мүмкіндігіне
сай қолданылмайтынын көрсетті.
Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке
дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
жүйесінің жеткіліксіздігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің
педагогикалық теория мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше
қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында этностық-
мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын
анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты Мектепке
дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың
педагогикалық шарттары деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісі.
Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін
теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру ерекшеліктері айқындалып, сол
арқылы оның үлгісі жасалып, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі
құрылып, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектепке дейінгі ұйымдарда
балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың тиімділігі артады,
өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің жүйелілігі мен
тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
1) мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктерін ашу;
2) мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың үлгісін әзірлеу;
3) мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін құру;
4) аталмыш жүйені мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үрдісіне
енгізіп, оның тиімділігін тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін олардың жас және дара ерекшеліктерін есепке
алу негізінде қалыптастыру жалпы адамзаттық және этноәлеуметтік
құндылықтарына баулу жолдарының бірі болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
- мәдениет жеке тұлға факторы ретінде, сананың мәдени-тарихи даму
теориясы (В.С.Библер, Э.С.Маркарян, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев және
т.б.) [63-64];
- этнос теориясы (Ю.В.Бромлей, Л.Н.Гумилев, Ә.С.Қалмырзаев, Б.П.Поршнев
және т.б.) [4;65;66];
- жеке тұлғаның әлеуметтік, этностық сәйкестілік үлгілері (Э.Эриксон,
М.Баррет, Ж.Пиаже, Л.М.Дробижева, Ғ.Т.Телебаев, В.Ю.Хотинец және т.б.)
[67;13;10];
- мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылықтары мен принциптері
(Л.С.Выготский, И.С.Кон, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б.)
[68;69;70;71;72;73];
- тәрбиенің этнопедагогикалық аспектілері (Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қ.Қалиев, Қ.Бөлеев, Р.Қ.Дүйсембінова, К.А.Оразбекова және т.б.)
[74;75;26;35;30;32];
- оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы (Ж.Ж.Наурызбай)
[3];
- жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
(С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова) [76].
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері;
педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді
мектепке дейінгі ұйымның практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми
құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; автордың көпжылдық педагогикалық
тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері:
- аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу,
жүйелеу, жалпылау, т.б.);
- диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау,
тестілеу, т.б.);
- статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі
ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың
ерекшеліктері ашылды;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың үлгісі әзірленді;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің
қалыптасу деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, жүйеленді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға этностық-мәдени білім беру
бағдарламасы жасалды;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыру бойынша тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаулар
әзірленді;
- Ана тілі атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама даярланды;
- балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша ата-
аналармен жұмыс бағдарламасы құрастырылды;
- балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруды диагностикалау
әдістемесі жасалды.
Алынған нәтижелерді педагог-тәрбиешілерге, мектепке дейінгі білім беру
жүйесінде, осы сала мамандарын даярлау мен қайта даярлау мекемелерінде
қолдануға болады.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2000-2002) нақты зерттеу міндеттерін қою мақсатында
мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық
тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші
идеясы нақтыланды.
Екінші кезеңде (2002-2004) зерттеудің теориялық негізі нақтыланып,
мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау
жүргізілді; тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасы жасалынып,
эксперимент басталды.
Үшінші кезеңде (2004-2006) зерттеудің теориялық және практикалық
қорытындылары жасалып, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың мәліметтері
талданып, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп,
диссертацияны рәсімделу жүзеге асырылды.
Зерттеу базалары:
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының №145 Балапан, №42
Тілек, №65 Балауса балабақшаларында, №68 мектеп-интернат-балабақша
жалпы білім беретін кешенінде жүргізілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктерін ашу негізінде этностық-мәдени
сәйкестілік түсінігін нақтылау.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыру үлгісі педагогикалық шарттардың жүйелі түрде өңделуіне
әсерін тигізеді.
3. Этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы нақты педагогикалық шарттар
жүйесі арқылы жүзеге асырылады: тілдік ортаның белсенділігі, бес-алты
жастағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға арналған
мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына этностық-
мәдени материалды ендіру, бес-алты жастағы балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін дамытуда отбасының көмегі, отбасының этностық-мәдени
сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы.
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Жұмыс нәтижелері
халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық және ғылыми-
әдістемелік конференцияларда (Қарағанды-1997-2005; Талдықорған-2002;
Жезқазған-2004-2006; Алматы-2005; Көкшетау-2005-2006); ғылыми мақалалардың
баспаларында (Информационно-методический вестник РИПК СО Менеджмент в
образовании, № 3 (30), 2003; Қарағанды мемлекеттік университетінің
хабаршысы, №1(33), 2004; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің ғылыми журналы Ізденіс, гуманитарлық ғылымдар сериясы, №1,
2006; Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-педагогикалық
басылымы Ұлт тағылымы, №1, 2006) жарияланды; мектепке дейінгі
педагогикалық-психологиялық даярлық теориясы және әдістемесі кафедрасының
мәжілістерінде баяндалды. Сонымен қатар оқу-әдістемелік құрал (Қарағанды-
2003); қазақ және орыс тілдерінде типтік оқу бағдарламалар (Қарағанды-2003-
2005) жарияланды. Ана тілі атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама; Мектепке
дейінгілерге этностық-мәдени білім беру бағдарламасы; Ата-аналармен
жұмыс әдістемелік нұсқауы, Тәрбиешілерге көмек атты практикалық нұсқау
әзірленді.
Диссертация құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған деректер көздерінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты: зерттеу
нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және
теориялық негіздері, зерттеу әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы және
теориялық мәнділігі, зерттеудің практикалық мәнділігі, зерттеу кезеңдері,
қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар айқындалады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері атты бірінші бөлімінде
мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктері ашып көрсетіледі, осы ұйымдарда балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың теориялық үлгісі құрылып,
олардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар
жүйесі анықталады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс атты екінші бөлімінде
мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыру жұмысының ұйымдастырылуы мен барысы, мектепке дейінгі
ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері көрсетілген.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері беріліп, ұсыныстар айтылады.

Негізгі бөлім

Зерттеуіміздің мақсатын жүзеге асырудың жолдарын анықтауда алгоритм
құрдық. Осыған сәйкес біз ғылыми әдебиеттерді талдап, негізгі әдіснамалық
қағидаларды анықтадық. Әдіснамалық қағидалар негізінде мектепке дейінгі
ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың
ерекшеліктері айқындалып, талаптар қойылып, зерттеліп отырған мәселенің
үлгісі мен педагогикалық шарттар жүйесі құрылды (сурет 1).
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың белгілі бір халыққа тиістілігі екенін
саналы түрде меңгеру, оның ерекшеліктерін айқындау педагогикалық
ерекшеліктерін зерттеуден тұрады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктерінің бірі табиғилық принциппен айқындалады.

Тәрбиенің табиғилық принципін алғашқы рет XVII ғасырда Я.А.Коменский
көрсетті. Тәрбиенің бұл принципінің жүзеге асырылуын қазақтардың күнделікті
тұрмыс-тіршілігінен көруге болады. Олар өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі
ретінде есептеген. Мұның барлығы өз ізін жыныстық-жас ерекшелік саралауда
да қалдырды.
Ата-бабаларымыздың Балаңды бес жасқа дейін хандай ұста, он бес жасқа
дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай көр деген дана сөзінен
баланың мектепке дейінгі кезеңінде сана-сезімінің тұрақсыздығы, танымдық
ерекшеліктерінің ырықсыздығы, ересектердің мінез-құлықтарына еліктеушілігі
көрінеді. Сондықтан этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңде
қалыптастырудың ерекшелігін бұл принцип аша түседі.
Тәрбиенің табиғилық принципі – кез келген тәрбие әрекеті мен
педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейімен
ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білім беру табиғи және
әлеуметтік-мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің
негізінде танылады. Биологиялық организмнің витальды ерекшеліктерін есепке
алу және жыныстық-жас ерекшелік саралауынан тұрады.
Тұлғаның Мен-тұжырымдама бөлігінде этностық-мәдени сәйкестілік адам
психологиясының түбірлі өзгерісіне байланысты. Одан жас ерекшелік дамуының
әр түрлі кезеңіндегі сапалы мәнін табуға болады.
Этностық-мәдени сәйкестілік өзінің қалыптасу процесінде баланың
психикалық даму кезеңдеріне сай бірнеше кезеңдерден өтеді. Баланың белгілі
бір ұлттық топқа жататыны жөніндегі алғашқы тұжырымдамалардың бірін Пиаже
ұсынды. Пиаже этникалық сипаттамалардың дамуының алғашқы кезеңін мектепке
дейінгі жас кезеңіне арнады, бірақ бала алғашқы өз этносы туралы үзік,
жүйелі емес білімді игереді дейді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшелігін айқындайтын екінші әдіснамалық қағида -
мәденилік принципі.
Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда мәденилік
принципінің мәні бала тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлттың, қоғамның,
мемлекеттің, аймақтың мәдениетін баланың қолдана алуы.
Н.Б.Крылова бойынша мәденилік принцип – метапринцип, тәрбие мен білім
беру, бір жағынан, мәдениеттің ерекшеліктері мен талаптары бірқалыпты
болса, екінші жағынан, әлеуметтік қайта құруға қабілетті, яғни тек қана
оның нормалары мен құндылықтарын тасымалдаушы ғана емес, жаңа мәдени
формаларды ұйымдастырушы. Тәрбие мен білім берудің қабілеттілігі -
мәдениеттің мәнін, қарқынын, мазмұны мен компоненттерін көрсетіп, мәдени
өзін-өзі анықтауға және сәйкестілендіруге (идентификациялауға) шарттар
тудыру. Бұл принцип бойынша тәрбие мен білім беру жалпы адамзаттық
құндылықтар негізінде пайда болып, оларға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық
мәдени құндылықтар мен нормалар және аймақтық дәстүрлерге сәйкес құрылады.
Этностық-мәдени сәйкестіліктің дамуы бұл мәдени салада маңызды роль
атқаратын психологиялық әлеуметтік үрдіс. Адам өзінің сәйкестілігін
мойындайтын көптеген ерекшеліктерді әлеуметтік жағдайдың дамуын
талдамайынша, түсінуі қиын.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың маңызды факторы - тіл. Балалардың өзара әрекетінің
нәтижесінде этникалық топ өзінің этникалық тілін сақтай алады, кез келген
жағдайда этникалық тілді сақтау этностық-мәдени сәйкестілікке әсер етеді.
Бабаларымыздың қара сөзінің құдыретін жас ұрпаққа үйрету арқылы олардың
сөз қорын байытып, ана тілінің мәртебесін көтеру қажет деп ойлаймыз.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың үшінші ерекшелігі ұлттық сана-сезім мен этностық-мәдени
сәйкестіліктің арақатынасына байланысты айқындалады. Балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда бұл ерекшеліктің мәні этностық-мәдени
сәйкестілік компоненттері арқылы анықталады. Олар: когнитивті, аффективті,
мінез-құлықтық.
Когнитивті компонентке жас ерекшелігіне этникалық өзіндік идентификация,
ана тілін үйренуге талпыныс, өз халқының және басқа да этностардың тарихын,
мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады.
Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар
кіреді.
Мінез-құлықтық компонентке мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың
әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін
сақтауы жатады.
Ұлттық сананың қалыптасуындағы мәдениет, өнер рольдерін ашуда, оның
маңызын көрсетуде де Л.С.Выготскийдің триадасы сана – мәдениет – жүріс-
тұрыс туралы пікірін тысқары қалдыра алмаймыз. Себебі, әр ұлт өзінің ұлт
болып қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы
мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп,
өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт
бастамасы баланың өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың төртінші ерекшелігі этноәлеуметтік-рольдік принципіне
негізделеді.
Этностық мәдениеттің қайта пайда болуы жағдайында біз баланың назарын
жас кезінен этноәлеуметтік рольдерге аударуымыз керек. Бала басқа адам
алдындағы өз міндетін, жауапкершілігін бірте-бірте игере отырып, өзінің
этноәлеуметтік ролінің мәнін түсіне бастайды. Этноәлеуметтік рольді тани
отырып, бала бір жас кезеңнен екінші жас кезеңге өту барысында әр түрлі
этноәлеуметтік рольдерді игереді. Бұл рольдердің этникалық тәрбие берудегі
маңызы өте зор. Оларды әлеуметтену үдерісімен бірлікте жүзеге асыру керек.
Адам әлеуметтену барысында белгілі рольдер атқарып, сол рольдер арқылы
әлеуметтік ортада белгілі орын алады.
Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да,
тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Ұлттық тәрбие
- бесіктен басталады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа-
қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, мінез-
құлқы – ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Этностық тәрбие – жеке тұлғаның
этноәлеуметтік рольдер жүйесін игеруін мақсатты түрде реттеу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың бесінші ерекшелігі мемлекеттік интеграция және этностық-
мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм) идеясына тәуелді.
Қазіргі қоғам дамуында және білім беру жүйесінде екі тенденция
байқалады: саралау және кірігу. Этностық қатынастар саласында оларды
бірлікте қарастыру этно-мәдени білім беру қажеттілігін тудырды.
Педагогикалық үдерісте бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру этностық
сәйкестілікті мемлекеттік кірігумен бірлікте қалыптастыру мақсатына әкелді.

Мемлекеттік сәйкестілік (кірігу) – этно-мәдени білім берудің
фундаментальды және стратегиялық мақсаты. Егер этностық сәйкестілікке жеке
және топтық түрде қысқа уақыт мерзімінде жетуге болса, мемлекеттік кірігуге
жету – мемлекетте тұратын барлық этностардың күштерін талап ететін ұзақ
процесс (ҚР этномәдени білім тұжырымдамасы).
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 Жолдауында:
...оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған
жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... бүгіннен бастап ұлттық мінез-
құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін
сіңіріп қалыптастыруымыз керек, - деген болатын. Елбасының бұл сөздері
педагогтар үшін негізгі бағыт, бағдарлама болып табылады.
Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың алтыншы ерекшелігі
тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсерінен туындайды. Бұқар жырау
Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, адамның ата-тегінен
деген. Қазақ сонау ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқым қуалайтын
барлық жақсы қасиеттердің жиынтығын тек деген ұғымға сыйғызып, ондай
адамдарды текті деп бір ауыз сөзбен сипаттаған. Ұлттық ерекшеліктерін
қатаң ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне осы тектілік негіз болғаны хақ.
Тәрбиедегі негізгі түп – тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс
қалыптастыру - ата-ананың негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару үшін
олардың өздері баласына өнеге болуы тиіс.
Қазақтар Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Балаңа басқұр қалдырғанша,
тозбас дәстүр қалдыр - деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ
қамын қатты ойластырған.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың жетінші ерекшелігі әлеуметтену және этностық тәрбие
түсініктерінің арақатынасынан шығады.
Американ социологтары Т.Парсонс, Р.Мертон жеке тұлғаның белгілі ортаға
бейімделіп, әлеуметтік ортада толық сабақтасып кету үдерісін әлеуметтену
деп атайды. Адамның белгілі ортада әлеуметтенуі оның сол ортаға бейімделу
деңгейімен анықталады.
Гуманистік психологияның өкілдері Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс жеке
тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз оның өзіндік өзектелуінен, яғни Мен
тұжырымдамасының процесінен, қандай ортада болмасын белгілі мағынаға ие
болуынан көрінеді - дейді. Жеке тұлға әлеуметтену барысында өзін-өзі
тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана-сезімінің
қалыптасуына өзі ықпал ете алады. Адамның әлеуметтенуі - өмір бойы үздіксіз
болып отыратын процесс. Әлеуметтену процесінің мазмұны жалпықоғамдық,
ұжымдық, халықтық және ұлттық мазмұнға ие болады. Тәрбие және оқыту жеке
тұлғаның әлеуметтену негізі бола алады.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - өмір бойы жалғасатын біртұтас үздіксіз
үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде этностық
құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт-дәстүрлерінде
шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік санасын оятып,
өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа
ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады.
1-кестеде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері көрсетілген.

Кесте 1 - Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері

Әдіснамалық Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
қағидалар атаулары сәйкестілігін қалыптастыру ерекшеліктерінің сипаты
табиғилық принципі Бес жасқа дейін баланың этностық-мәдени сәйкестілігі
санасыздық деңгейде, ал бес жастан кейін психикалық
даму ерекшелігі саналы даму деңгейіне жетеді. Сонымен
қатар жыныстық ерекшелік те есепке алынады
мәденилік принципі Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлтының, қоғамның,
мемлекетінің, аймағының мәдениетін қолдана алумен
ерекшеленеді. Бұл жалпы адамзаттық құндылықтарға
қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық мәдени құндылықтар
мен нормалар және аймақтық дәстүрлерге сәйкес құрылады
ұлттық сана-сезім Этникалық сәйкестілік ұлттық сана-сезімнің компоненті
мен этностық ретінде қалыптасады. Бұл қалыптасу процесі мектепке
сәйкестіліктің дейінгі кезеңде көріне бастайды. Мен қазақпын атты
арақатынасы қасиетін тәрбиелеу ұлттық сана-сезімнің ерекшелігінен
туындайды
этноәлеуметтік Бала өз міндетін, жауапкершілігін бірте-бірте игере
рольдік принципі отырып, өзінің этноәлеуметтік ролінің мәнін түсіне
бастайды. Этноәлеуметтік рольді тани отырып, бала бір
жас кезеңнен екінші жас кезеңге өту барысында бір
этноәлеуметтік рольден екіншісіне өтеді
мемлекеттік Этностық-мәдени сәйкестілік пен мемлекеттік азаматтық
интеграция және интеграциялау бірлікте қарастырылады. Қазақстандық
этностық-мәдени патриотизм осы бірлік арқылы қалыптасады
сәйкестілік идеясына
тәуелділігі
тұқымқуалаушылық, Бала тәрбиесінің шешуші факторлары болып
орта және тәрбиенің табылғандықтан, ұлттық ерекшеліктерді ұстану, оларды
әсері ұрпақтан ұрпаққа тәрбие арқылы жеткізіп, этногенетика
және этноәлеуметтік құндылықтарды қалыптасады
әлеуметтену және Әлеуметтену процесі этникалық құндылықтарды,
этностық тәрбие этноәлеуметтік рөлдерді және өз халқының
түсініктерінің салт-дәстүрлерінде шоғырланған этникалық өзіндік
арақатынасы санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына,
мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт
өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін
қалыптастырады

Зерттеуіміздің мақсатын жүзеге асырудың жолдарын анықтау алгоритміне
сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктері айқындалғаннан кейін, мынадай талаптар
туындайды:
1) мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудың мазмұны, түрі және
әдістері гуманизм мен қоғамды демократияландыру рухына сәйкес құрылуға
тиіс;
2) мектеп жасына дейінгі кезеңнің ерекшелігі сол, бұл кезеңде баланың
этностық-мәдени сәйкестілігі, адамгершілік қасиеттері, білімдік
дағдылары мен икемділіктерінің негізі қалыптастырылуы қажет;
3) мектеп жасына дейінгі кезеңге қойылатын аса маңызды талап - балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырып, білімдерін жинақтау мен
жүйелеу, олардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі түсініктері мен
қарапайым ұғымдарын қалыптастыру;
4) балаға мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдеріс арқылы
қазақстандық рухани құндылықтарға сай адамгершілік, мәдениет негіздері
дариды. Ұлттық мінез-құлық, талғампаздық, талғам, ұлттық намыс
қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру;
5) балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда мектепке
дейінгі ұйымдарға оқу және тәрбие мәселелерін шешуде өзіндік білімін
пайдалана алатын, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму
деңгейіне көтерілген, жоғары білікті мамандар даярлау;
6) баланың қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауына, әлеуметтену
процесіне ерекше көңіл бөлу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыруға қойылатын талаптарға сәйкес және ерекшеліктерін ескеру
арқылы этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың компоненттері,
өлшемдері, көрсеткіштері анықталды (кесте 2).

Кесте 2 - Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері және көрсеткіштері

Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер
Танымдық Білімдер Баланың ана тілі, ата тегі, төл мәденеті мен
тарихы, туған жері, салт-дәстүрлері, ұлттық
рәміздер туралы, сонымен қатар жеті атасы, өз
жұрты мен нағашылары, туыс атаулары және өзінің
этноәлеуметтік рольдері туралы білімдер
Аффективтік Ұмтылысы Жоғарыда аталған білімдерге қызығушылық, саналы
мен ынтасытүрде өзінің және өз ұлтының жағымды және жағымсыз
эмоцияларының сезінуі, өзіндік сана-сезімі
Мінез-құлықтыБіліктері Белсенділігін, өз-өзін және басқаларды тануға
қ мен ұмтылысын, ынтасын дамыту, этникасына, ұлтына және
дағдылары мәдениетіне тиістілігіне қарамастан, басқа
ұлттарға балалардың қатынасы - толеранттылық

Көрсетілген өлшемдер этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру
процесінің нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан осы үдерістің
бір құрылымдық компоненті ретінде қарастыра отырып, мектепке дейінгі
ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үлгісі
құрылды (сурет 2).

2-ші суретке сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың мақсатын жүзеге асыра отырып, мектепке
дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың
педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру негізгі міндет болып табылады. Бұл
міндет мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың үш компонентін жүзеге асыруды көздейді:

танымдық компоненті (ана тілін үйрету, ата тегі, төл мәдениеті мен
тарихы, туған жері туралы білім беру);

- аффективтік компоненті (өз ұлты мен жалпы адамзаттық құндылықтарына
баулу);
- мінез-құлықтық компоненті (өз-өзін және басқаларды тануға ұмтылысын,
ынтасын дамыту).

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктерін айқындайтын әдіснамалық қағидалар:
табиғилық, мәденилік принциптері, ұлттық сана-сезім мен этникалық
сәйкестіліктің арақатынасы, этноәлеуметтік рольдік принцип, мемлекеттік
интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм)
идеясына тәуелділігі, тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсері,
әлеуметтену және этникалық тәрбие түсініктерінің арақатынасы. Осы қағидалар
үлгіге принциптері ретінде кірістірілді. Осы принциптерді есепке алу арқылы
мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық - мәдени дүниетанымын қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этностық - мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Салт - дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Этностық өзіндік сананың дамуы
Балабақшадағы және мектепке дайындайтын топтағы мұғалімінің балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы
Пәндер