Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат әл Әдаб», XIV ғасыр)



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. «Мұқаддимат әл.Әдаб» жазба ескерткішіндегі сөз тіркестері
1.1 Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің зерттелуі
1.2 «Мұқаддимат әл.Әдаб» жазба ескерткішіндегі сөз тіркестерінің жалпы сипаты.
1.3 Жазба ескерткіш тіліндегі сөз тіркестерінің топтастырылуы.
2. «Мұқаддимат әл.әдаб» жазба ескерткішіндегі есімді тіркестер
2.1 Жазба жәдігерлік тіліндегі меңгеріле байланысқан есімді тіркестер.
2.2 ХІV ғасыр мұраларының тіліндегі матаса байланысқан есімді тіркестер.
2.3 Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестер.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кез келген тілдің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымындағы көптеген құбылыстардың тарихи қалыптасуын ең алдымен көне дәуірден бері сақталып келе жатқан жазба әдеби ескерткіштердің тілдік деректерін жан-жақты зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Әдеби тілдің қалыптасу, даму тарихын жалпы халықтық тілмен, диалектілермен және көне жазба жадыхаттар тілімен байланыстыра зерттеудің маңызды екені тіл ғылымында белгілі ақиқат. Осылардың ішінде әдеби тіл тарихының тереңдігін көрсететін бірден-бір айғақ көне жазба ескерткіштердің мұқият зерттелуі – тіл тарихындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Осымен байланысты орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліне қазіргі тіліміздің қаншалықты қатысы бар екенін анықтау қазақ тілі тарихын зерттеу жолындағы негізгі міндеттердің қатарына жатады. Екінші жағынан, бұл жағдай белгілі бір тілдің өзгеру, даму, қалыптасу жолдарын айқындауға да қолғабыс жасайды. Сол себепті көне түркі тілдері мен қазіргі түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де қалыптасып, даму заңдылықтарын ашу барысында тарихи жәдігерліктердің тілін зерделеу – ерекше маңызы бар өзекті мәселе.
Қазіргі тіл білімінің жетістіктері мен жаңа бағыттары әрбір халықтың өзіндік рухани тәжірибесіне сәйкес маңызды міндеттер мен қызмет атқаратын жазба әдеби ескерткіштер тілін зерттеуге жаңа талаптар қойып отыр. Атап айтқанда, мәдениет, тіпті шығыс мәдениеті мен Ресей, Еуропа елдерінің түркітанушылық ой-түйініне үңіліп, қол жеткен асыл қазынаны мақтан етіп қана қоймай, өз халқымыздың ұлттық дәстүріне негіздей отырып, тиісті өзіндік үлестерімізді қосып, жетілдіріп, әлемге әйгілі ХІІІ-ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып зерттеу және оны әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі.
Зерттеудің өзектілігі. Өте ертеден қалыптасқан қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысының тарихи даму жолдары, жетілу әдістері сияқты толып жатқан проблемалық мәселелерін анықтаудың басты бір танымал жолы – ХІІІ-ХІV ғасырлардағы жазба ескерткіштердің материалдарын талғап, таңдап, сұрыптап тани білу, ескіні білу арқылы жаңаны тану, түркітану ғылымын одан әрі дамыту үшін арғы-бергі замандарда жазылып қалған мұраларды игеру, зерттеу, олардың қыр-сырын ашу, оларды қазақ халқының тарихи игілігіне пайдалану.
Осыған орай, біздің зерттеуімізге нысан ретінде алып отырған тақырыбымыз – «Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы» («Мұқаддимат әл-Әдаб», ХІV ғасыр). Нақты айтқанда, күні бүгінге дейін арнайы қарастырылмаған орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі (соның бірі - «Муқаддимат әл-Әдаб») есімді тіркестердің түркі тілдеріндегі қолданысының синтаксистік деңгейін зерттеу. Осыған орай, сөздердің өзара тіркесу қабілеті әдеби тілдің дамуынан, тілдік фактордың әсерінен өзгеріп,
1. Бартольд В.В. Обзор деятельности факультета восточных языков. // Сочинения. – Москва. 1968. Т. VІІІ. – 465 с.
2. Курышжанов А.К. Язык старокыпчакских письменных памятников ХІІІ-ХІV вв. - Алма-Ата. – 245 с.
3. Поппе Н.Н. Монгольский словарь Мукаддимат ал-адаб. ч. 1-2 , - М.-Л., 1938. – 456 с.
4. Дмитриев Н.К. Грамматика кумыкского языка. – М.-Л., 1940. –176 с.
5. Гаджиева Н.З. Природа изафета в тюркских языках // Советская тюркология. 1970, № 2, 3.
6. Сыздыкова Р.Г. Язык Жамий’ат-Тауарих Жалаири. - Алма-Ата, 1989. -
7. Сағындықұлы Б. Хибат-ул хақайық. ХІІ ғасыр ескерткіштері. –Алматы: Қазақ университеті. 2002. – 184 б.
8. Күлжанова Б. ХІ-ХІІ ғасырдағы түркі әдеби ескерткіштері тіліндегі зат есімдер («Құтадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайық» лексикасы материалдары). – Алматы, 2007. – 133 б.
9. Әмір Р.С., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.
10. Әбілқасымов Б. Әбілғазы ханның Түркі Шежіресі және оның тілі. – Алматы, 2001. – 164 б.
11. Өмірбаев Е. Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер (ХV-ХVІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер материалдары бойынша). – Алматы, 2007. – 122 б.
12. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану үрдісі. – Алматы, 1997. – 320 б.
13. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – Алматы, 1969. –230 б.
14. Балакаев М. Основные типы словосочетании в казахском языке. – Алма-Ата: Изд. Акд. Наука Каз ССР. 1957. – 245 с.
15. Казем-Бек М.А. Общая грамматика турецко-татарского языка. – Казань, 1846. – 435 с.
16. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы: Мектеп, 1981. – 200 б.

Қысқартылған шартты белгілер

МӘ - Поппе Н.Н. Монгольский словарь Мукаддимат ал-адаб. 1-2 ч., - М.-Л., 1938.
МҚ – Қашқари М. Девону луғат-ат турк. І-ІІІ т. – Ташкент. 1961-1963.
Ж – Қадырғали Жалайыр Шежірелер жинағы, Алматы, 1997.
ТШ - Әбілғазы Бахадүр хан. Түркі шежіресі (көне түркі тілінен аударған Б.Әбілқасымов). – Алматы, 1992.
ДТС - Древнетюркский словарь. – Ленинград. 1968.
Мн – Мұхаббат-наме.
ҚБ – Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. – Алматы. 1986.
ҺХ – Һибат-ул хақайық.
ТАС – Курышжанов А. Исследование по лексике старокипчакского письменного памятника ХІІІ в. «Тюркско-арабского словаря». – А. 1970. –233 с.
ХШ – Ибатов Ә. Құтбтың «Хұсрау уа Шірін» поэмасының сөздігі. – Алматы, 1974. – 278 б.
Ә - Исин А.И. Әділ сұлтан эпикалық жыры. – Алматы. 2001.
Ш - Утемиш-хаджи Чингизнаме. – Алматы, 1992.
Ен – Енисейская письменность тюрков
КТ – Күлтегін ескерткіші
Аттуһфа – Китаб ат туһфа аз закина... ХІV ғ. Қолжазба // Изысканный дар тюркскому языку. Ташкент. 1978. -349 с.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі

1. ХІІІ-ХІV ғасырдағы кейбір жазба ескерткіштердің зерттелуі // М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің аспиранттары, магистранттары мен дәрістеуші-ізденушілердің ғылыми еңбектерінің жинағы. – Шымкент, 2005. № 6. – 61-64 бб.
2. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі зат есімді тіркестер // М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғылыми еңбектері. – Шымкент, 2006. № 11-12. – 349-351 бб.
3. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі меңгеріле байланысқан есімді тіркестердің жасалу жолдары // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2007. № 1-2. – 152-155 бб.
4. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі сын есімді тіркестердің жасалуы // Ұлт тағылымы. – 2007. № 2. – 290-293 бб.
5. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі матаса байланысқан есімді тіркестер // Тілтаным. – 2007. № 2. – 133-137 бб.
6. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі қабыса байланысқан сөз тіркестері // ҚРҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 2007. № 4. – 192-195 бб.
7. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі сан есімнің нумеративті сөздермен тіркесі // Жас ғалым – 2007: Республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Тараз, 2007. – 121-123 бб.
8. «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігіндегі есімшелі сөз тіркестер // М.Әуезов – жаңа дәуір данышпаны: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Шымкент, 2007 ж. – 142-145 бб.
9. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестер // Қазақ тілі біліі мен түркітану мәселелері: Халықаралық ғылыми теориялық конференция. – Алматы, 2007 ж. – 183-186 бб.
10. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі сан есімді тіркестер // Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері. Қалыптасуы, дамуы мен болашағы: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2007 ж. – 256-259 бб.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811.512.1:003
Қолжазба құқығында

ӨТЕГЕНОВА ГҮЛЗИРА ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы
(Мұқаддимат әл-Әдаб, ХІV ғасыр)

10.02.06 – түркі тілдері

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институтында орындалды.

Ғылыми жетекшілер: филология ғылымдарының докторы,
профессор

филология
ғылымдарының докторы
М.Малбақов

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор Б.Сағындықұлы

филология ғылымдарының кандидаты
Г.Әбенова

Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық

қатынастар және әлем
тілдері университеті

Диссертация 2007 жылы 25 желтоқсанда сағат 14.00-де ҚР БжҒМ
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06-түркі
тілдері және 10.02.02-қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д
53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).

Автореферат 2007 жылы 24 қарашада таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Ж.А.Манкеева

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кез келген тілдің сөздік құрамы мен
грамматикалық құрылымындағы көптеген құбылыстардың тарихи қалыптасуын ең
алдымен көне дәуірден бері сақталып келе жатқан жазба әдеби ескерткіштердің
тілдік деректерін жан-жақты зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Әдеби
тілдің қалыптасу, даму тарихын жалпы халықтық тілмен, диалектілермен және
көне жазба жадыхаттар тілімен байланыстыра зерттеудің маңызды екені тіл
ғылымында белгілі ақиқат. Осылардың ішінде әдеби тіл тарихының тереңдігін
көрсететін бірден-бір айғақ көне жазба ескерткіштердің мұқият зерттелуі –
тіл тарихындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Осымен байланысты орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліне қазіргі
тіліміздің қаншалықты қатысы бар екенін анықтау қазақ тілі тарихын зерттеу
жолындағы негізгі міндеттердің қатарына жатады. Екінші жағынан, бұл жағдай
белгілі бір тілдің өзгеру, даму, қалыптасу жолдарын айқындауға да қолғабыс
жасайды. Сол себепті көне түркі тілдері мен қазіргі түркі тілдерінің, соның
ішінде қазақ тілінің де қалыптасып, даму заңдылықтарын ашу барысында тарихи
жәдігерліктердің тілін зерделеу – ерекше маңызы бар өзекті мәселе.
Қазіргі тіл білімінің жетістіктері мен жаңа бағыттары әрбір халықтың
өзіндік рухани тәжірибесіне сәйкес маңызды міндеттер мен қызмет атқаратын
жазба әдеби ескерткіштер тілін зерттеуге жаңа талаптар қойып отыр. Атап
айтқанда, мәдениет, тіпті шығыс мәдениеті мен Ресей, Еуропа елдерінің
түркітанушылық ой-түйініне үңіліп, қол жеткен асыл қазынаны мақтан етіп
қана қоймай, өз халқымыздың ұлттық дәстүріне негіздей отырып, тиісті
өзіндік үлестерімізді қосып, жетілдіріп, әлемге әйгілі ХІІІ-ХІV
ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен
салыстырып зерттеу және оны әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі.
Зерттеудің өзектілігі. Өте ертеден қалыптасқан қазіргі қазақ тілінің
грамматикалық құрылысының тарихи даму жолдары, жетілу әдістері сияқты толып
жатқан проблемалық мәселелерін анықтаудың басты бір танымал жолы – ХІІІ-ХІV
ғасырлардағы жазба ескерткіштердің материалдарын талғап, таңдап, сұрыптап
тани білу, ескіні білу арқылы жаңаны тану, түркітану ғылымын одан әрі
дамыту үшін арғы-бергі замандарда жазылып қалған мұраларды игеру, зерттеу,
олардың қыр-сырын ашу, оларды қазақ халқының тарихи игілігіне пайдалану.
Осыған орай, біздің зерттеуімізге нысан ретінде алып отырған
тақырыбымыз – Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің
жасалуы (Мұқаддимат әл-Әдаб, ХІV ғасыр). Нақты айтқанда, күні бүгінге
дейін арнайы қарастырылмаған орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі (соның
бірі - Муқаддимат әл-Әдаб) есімді тіркестердің түркі тілдеріндегі
қолданысының синтаксистік деңгейін зерттеу. Осыған орай, сөздердің өзара
тіркесу қабілеті әдеби тілдің дамуынан, тілдік фактордың әсерінен өзгеріп,
жаңа мәнге ие болып отыратындықтан, Муқаддимат әл-Әдаб жазба ескерткіші
тіліндегі есімді сөз тіркестерінің құрылымын, өзіндік ерекшеліктері мен
айырмашылықтарын танып білудің маңыздылығы жұмыстың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің нысаны – орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі есімді
тіркестердің жасалым заңдылықтары мен сөз тіркестерінің өзіндік
ерекшеліктерін сараптап, жазба жадыхат тіліндегі есімді тіркестердің
грамматикалық және мағыналық байланысу жолдарын айқындау.
Зерттеу пәні. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты -
Муқаддимат әл-Әдаб жазба ескерткішіндегі есімді тіркестердің синтаксистік
табиғатын тану, олардың құрылымдық тобын анықтау, соның негізінде
қалыптасуы мен дамуы туралы тиянақты ғылыми тұжырымдар жасау. Аталмыш
мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
- ескерткіштер тіліндегі есімді тіркестердің байланысу жолдарын
салыстыра отырып, тіркесу ерекшелігін анықтау;
- есімді тіркестердің өзіне тән белгілерін анықтау;
- есімді тіркестердің өзіне ұқсас тұлғалардан ерекшелігін айыру;
- жазба ескерткіш тіліндегі есімді тіркестерді сөздік қордан алатын
орны жағынан талдау;
- осы міндеттерді айқындау барысында есімді тіркестердің сөздікте
алатын орны мен ережеге сай емлесін белгілеу;
- есімді тіркестердің байланысу тәсілдері мен жасалу жолдарын көрсету;
- есімді тіркестердің құрылымдық түрлері мен мағынасын айқындау.
Зерттеудің дереккөздері. Нақты тілдік мәліметтер әл-Замахшаридің
Муқаддимат әл-Әдаб сөздігінен алынса, оларға түсінік беруде салыстыру
түрінде орта ғасырлық қыпшақ тілі ескерткіштерінің материалдары, сонымен
бірге қазіргі түркі тілдері мен қазақ тілі бойынша жазылған грамматикалық
еңбектер түркітану, қазақ тілі тарихы бойынша зерттеулер мен тақырыпқа
қатысты зерттеу еңбектердің деректері мен ғылыми тұжырымдары пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Орта ғасырлық түркі жазба
ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалымы қазақ тіл білімінде тұңғыш
рет зерттеліп отыр. Осымен байланысты, жұмыстың ғылыми жаңалықтары ретінде
мыналарды айтуға болады:
- нақты жазба ескерткіш тіліндегі есімді тіркестердің құрылымдық
модельдері айқындалып, олардың қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы
салыстырылды;
- зерттелуші жазба ескерткіш тіліндегі есімді тіркестердің өзге де орта
ғасырлық жазба ескерткіштердегі типтік ерекшеліктер және синтаксистік
бірліктерінің өзгешеліктері анықталды;
- ескерткіш тіліндегі есімді тіркестердің байланысу тәсілдері
анықталып, құрамындағы компоненттерінің байланысуының қазіргі түркі
тілдеріндегі тарихи синтаксистік тұрғыдан даму барысы нақтыланды;
- жазба ескерткіш тілі мен қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисі
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар айқындалды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс түркі тілдеріндегі есімді
сөз тіркестердің қалыптасу және тарихи даму заңдылықтарын айқындауға
қатысты зерттеу болып табылады. Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен
нәтижелері қазақ тілінің тарихи синтаксисін өз деңгейінде теориялық жағынан
толықтырады. Сондай-ақ, жазба жадыхат тіліндегі есімді тіркестердің
табиғаты мен мәнін, байланысу формалары мен тәсілдерін, синтаксистік
қатынастары мен түрлерін жете түсінуге, толықтыруға септігін тигізеді.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар мен
нәтижелер түркі тілінің тарихи грамматикасы, қазақ тілінің тарихи
синтаксисі пәндерін жаңа деректермен толықтырып, жоғары оқу орындарында
жүргізілетін сөз тіркесі синтаксисі курсында, арнайы курстар мен
семинарларда, тарихи грамматиканы оқытуда, тіл тарихы мен түркітанымдық
оқулықтар жазуда, қазақ тілінің тарихи-этимологиялық сөздіктерін жасауда,
қазақ тілінің тарихына қатысты қыпшақ және басқа да әртүрлі жазба
жадыхаттарды зерттеу ісінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- қазіргі түркі тілдерінде (соның бірі – қазақ тілінде) қолданылатын сөз
тіркестерінің негізгі үлгілері орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде
түгел кездеседі;
- жадыхат тілінде түркі тілдеріндегі изафеттердің үш түрі де тұлғаланған
және олардың ішінде ең жиі кездесетіні изафеттің үшінші түрі;
- жазба жадыхаттың сөздік түрінде түзілуіне байланысты онда атаулы
тіркес қызметін атқаратын байланыс тәсілдері (меңгеру, матасу, қабысу)
қолданылған;
- жазба жадыхат тіліндегі есімді тіркестердің жасалуын сөз табына
байланысты қарастырған кезде ең көп ұшырасатыны зат есім + сын есімді
тіркестер, екінші кезекте зат есім + есімшелі тіркестер екендігі
байқалады;
- жазба ескерткіш тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің
жасалу тәсілдері толық сәйкес келеді. Мұның өзі түркі тілдерінің
тарихи синтаксистік даму жолындағы дәстүрлі сабақтастығын айғақтайды;
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттау, синтаксистік
талдау және салыстырмалы-тарихи әдіс-тәсілдер кешені қолданылды. Ғылыми
тұжырымдар мен пікірлерді талдау барысында жинақтау, баяндау, қорыту
әдістері де басшылыққа алынды. Көне түркі, орта түркі және қазіргі қазақ
тілі материалдарымен салыстыруда тарихи-семантикалық әдіс-тәсілдер
пайдаланылды.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының бағыт-бағдары,
мазмұны, негізгі тұжырымдары мен басты нәтижелері Қазақ тіл білімі мен
түркітану мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда
(Алматы, 2007), Әуезов – жаңа дәуір данышпаны атты халықаралық
тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2007), Жас ғалым - 2007 атты
республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2007), Қазақ
тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма
мәселелері. Қалыптасуы, дамуы мен болашағы атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Алматы, 2007), сондай-ақ А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты жанындағы Лингвистикалық жұма атты семинарда
баяндалды. Ғылыми басылымдар мен жинақтарда диссертация тақырыбына
байланысты 10 мақала жарияланды.
Диссертация А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тіл тарихы
және диалектология бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға
ұсынылған.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден және негізгі екі тараудан тұрады.
Диссертацияның соңында жалпы қорытынды және сілтеме жасалған әдебиеттер
тізімі келтірілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертациялық жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі негізделеді,
мақсаты мен міндеттері айқындалады, теориялық және практикалық маңызы,
зерттеудің нысаны, пәні, материалдары мен дереккөздері, ғылыми жаңалығы,
зерттеу әдіс-тәсілдері, қорғауға ұсынылған тұжырымдар, жұмыстың талқылануы
мен жариялануы баяндалған.
Жұмыстың бірінші тарауы Мұқаддимат әл-Әдаб жазба ескерткішіндегі сөз
тіркестері деп аталады. Онда жазба ескерткіштің зерттелу тарихы, сөз
тіркестерінің зерттелуі және оларды жүйелілік тұрғысынан жіктеу мәселелері
сипатталады.
1.1 Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің зерттелуі. Махмуд Замахшари –
араб тілі, әдебиеті, философиясы, ислам дінінің тарихына байланысты елуден
астам ғылыми еңбектер жазған ғалым. Бірақ бізге ол еңбектер толық жетпеген.
Автордың түркітануға қатысты еңбегі – Мұқаддимат әл-Әдаб. Мұқаддимат әл-
Әдаб бес тараудан тұрады. Бірінші тарауда есімдер, екінші тарауда
етістіктер, үшінші тарауда көмекші сөздер, төртінші тарауда етістіктің
жіктелуі туралы сөз болады. Кітаптың сөздік бөлімінде кей араб сөздерінің
түркіше, монғолша баламасы берілген. Академик В.В.Бартольд М.Замахшаридің
еңбегіндегі түркі бөлігін ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Орта Азия түркі
халықтарының тарихи лексикасынан хабар беретін маңызды еңбектер ретінде
көрсеткен [1,465].
Мұқаддимат әл-Әдаб - төрт тілдік сөздік болып келеді – арабша –
парсыша – түркіше – монғолша. Біз өз зерттеуімізде сөздіктегі түркі
материалдарын қарастырумен шектелеміз. Сонымен қатар, бұл жұмыста өзге
тілдерге арналған бөліктердегі түркі тілді материалдарды нысанға аламыз,
себебі сөздіктің монғол бөлігінде сөздердің түркіше баламалары қатар
беріліп отырады. Отандық тіл білімінде орта ғасырдағы түркі жазба
ескерткіштерінің тілін зерттеуде, әсіресе Ә.Құрышжанұлының еңбегі зор.
Ә.Құрышжанұлы өзінің зерттеу еңбектерінде Мұқаддимат әл-Әдаб
ескерткішінің фонетикалық және кейбір лексикалық ерекшеліктерінің зерттеу
обьектісі болып жүргендігін атап өтеді [2, 11].
Әл-Замахшаридің Мұқаддимат әл-Әдаб атты қолжазбасы тұңғыш рет 1926
жылы жарияланған болатын. Автордың бұл еңбегі араб тілінің сөздігін
ұсынады.
Бұқарадағы Авиценна атындағы кітапханада әл-Замахшари еңбегінің екі
нұсқасы сақталған. Шығармаларының бірінші данасы 705 хиджра жылында (біздің
жыл санауымыз бойынша 1305 жыл) Хамид Хафиз катип тарапынан қайтадан
жазылған болатын. Әл-Замахшари еңбегінің бұл нұсқасында бес бөлімінің
барлығы (есімдер, етістіктер, кішкентай бөлшектер, септеу және жіктеу)
толық сақталған, бірақ еңбекте түркі тілінің де, монғол тілінің де тілдік
материалдары қамтылған.
Әл-Замахшари еңбегінің екінші қолжазба данасы 898 хиджра жылында
(біздің дәуіріміздің 1492 жылы) дәруіш Мұхаммед катип тарапынан қайта
жазылған. Еңбектің бұл данасында тек алғашқы екі бөлім ғана бар, соңғы үш
бөлім мүлдем кездеспейді. Бұл нұсқада араб сөздері парсы, түркі және монғол
тілдеріндегі аудармалары берілген. Еңбектердің қай нұсқасы бірінші
екендігін Авиценна атындағы кітапхана қызметкерлері де, басқа зерттеушілер
де айта алмай келеді. Біздің жұмысымызда қолжазбаның 898 хиджра жылында
жазылған нұсқасы пайдаланылды [3]. Бұл нұсқа 977 хиджра жылы өзбек халқының
Абдулла хан тұсындағы ең ірі бектерінің бірі Кул-Баба Көкелташ тарапынан
қайсыбір кітапханаға сыйлығы ретінде берілгендігі жайлы ғана білеміз.
Сайып келгенде, бұл еңбектің түркі бөлімін 1492 жылы бөгде тұлға
құрастырғаны белгілі. Ең негізгі бастапқы материал 1492 жылғы нұсқасынан да
көне еңбек болуы мүмкін. Біз қарастырып отырған нұсқаның тілдік
ерекшеліктері XIV ғасырдың басы мен орта тұсындағы мұралармен тұстас
келетіндігін дәлелдейді. Атап айтқанда, Орта Азия түркілерінің XV ғасырдың
соңына қарайғы тіліндегі кейбір өзгешеліктердің сақталғандығы аян.
Сөздіктің XV ғасыр мұраларымен тілдік ұқсастықтарының бар екендігін
аңғаруға болады.
Біз жұмысымызда материалдарды түпнұсқадағы тұлғасы бойынша беруді
негізгі нысан етіп алдық. Орта ғасырлық араб, парсы лексикографиясындағы
көптеген сөздіктер сияқты, бұл сөздік те әліпбилік жүйеде емес, тақырыптық
жүйеде түзілген. Онда сөздер тақырыптық топтарға бөлініп берілген.
Аталмыш еңбек қазақ тіл білімінде бұрын соңды тілдік тұрғыдан
зерттелінбеген болатын. Жалпы осы жазба ескерткіш тілін зерттеуде Н.Поппе
мен В.Бартольд зерттеу еңбектерінің орны ерекше.
1.2 Мұқаддимат әл-Әдаб жазба ескерткішіндегі сөз тіркестерінің жалпы
сипаты. Грамматика – тілдегі өте баяу өзгеретін сала. Жалпы түркітанымдық
зерттеу еңбектерінде сөз тіркесі дегенді бөліп қарамай-ақ, анықтауыштық
есімдер тобы (именные определительные группы) дегенге ерекше көңіл
бөлініп келген еді. Себебі, түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің
синтаксистік құрылысында кездесетін ерекше құбылыстарды айқындауды басты
міндет етіп қойған болатын. Мәселен, изафеттің бірінші түріне байланысты
Н.К.Дмитриев зат есім мен зат есімнің жалғаусыз қатар тұру арқылы
байланысқа еніп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі
өзгешелігі ретінде саналады [4,179]. Аталмыш ғалым есімдер тобын сөз
тіркесі тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін айқындау
тұрғысынан қарастырды.
Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігіндегі сөз тіркестерінің байланысу
тәсілдеріне қарай зерттеу барысында меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің
жиі кездесетіндігін анықтадық. Мәселен, сөзләмишда асығ (168) – сөйлегеннен
олжа, сизден айрук – сізден бөтен (132 – бұдан әрі алынған мысалдардың
қолжазбадағы беті көрсетіліп отырады - Г.Ө.). Орта ғасырлық өзге жазба
ескерткіштерде өлүмдин қатығ (ҚБ) - өлімнен қатал, өлүгтин қумару (ҚБ) -
өліден өсиет (жекеленген жазба ескерткіштердің атауы бұдан әрі осылай
қысқартылып беріледі. Қысқартпалар тізбесі еңбектің соңында келтіріледі –
Г.Ө.). Жоғарыда аталған сөз тіркестерінің жасалуына шығыс септіктегі сөз
бен есім сөз негіз болып тұр. Біздің қарастырып отырған еңбегіміздегі сөзгә
тануқы (149) – сөзге айғақ секілді тіркес пен орта ғасырлық жазба
ескерткіштердегі ерка авучға (ҚБ) – жігітке шал, бекларка йаңлуқ (ҚБ) –
бектерге ыңғайсыз, тузаққа мең (ҚБ) – тұзаққа жем, ериг езгү (ДТС) –
кісілерге құрмет, йоқамаққа йұмшақ (ҺХ) – сипағанға жұмсақ, табуғуңа ішім
(ХШ) – қызметіңе ісім, хабарқа қазы (ХШ) – хабарға қазы, ханқа оғул (Ж) –
ханға ұл, қаумға күйеу (Ж) – елге күйеу тәрізді сөз тіркестерінің жасалуына
барыс септіктегі сөз бен есім сөз негіз болып тұр. Біз зерттеп отырған
жазба ескерткіш тілі орта ғасыр жазба жадыхаттары тілімен ұқсас болып
келеді. Н.З.Гаджиева түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің осы сипатта
жасалуының негізгі бір заңдылық ретінде қалыптасқан құбылыс екендігін
зерттеу еңбегінде атап өтеді [5, 3].
Мұқаддимат әл-Әдаб жазба ескерткішіндегі сөйлем құрылысының жетілуі
оның құрамындағы сөздердің, сөз тіркестерінің өзара байланысу тәсіліне
қатысты. Қазіргі күнде түркі тілдерінде кездесетін сөз тіркестерінің барлық
түрлері орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінде ұшырасады, айырмашылықтары
олардың қолданылу жиілігінде ғана. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде изафеттің
барлық түрі де қолданылады. Нақ осы түрлер Мұқаддимат әл-Әдаб жазба
жадыхаты тілінде де кездеседі. Мысалы: келенин учаси (767) – жануардың
белі, шатранжниң бисати (1048) – шахматтың тақтасы. Түркітану ғылымында
жақсы зерттелген ескерткіштердің бірі – Қадырғали Жалаиридің Жамиғат-
тауарих атты еңбегі. Осы еңбек бойынша Р.Сыздық тарапынан жүргізілген
зерттеулерден изафеттің үшінші түріне жататын есімді тіркестерді жиі
кездестіруге болады [6]. Мәселен, осы еңбекте хатунның беклігі - әйелдің
бектігі, атасының йурту – атасының жұрты, атасының орны, үй тірлігі,
атындын егәрі – аттың егері, қоңратнын падишаһы – қоңыраттың падишаһы,
ханның оғлы – ханның ұлы тәрізді мысалдар молынан кездеседі. Изафеттің бұл
түріне байланысты Абу Хайан сөздігінде алма ағачы – алма ағашы тіркесін
келтіруге болады. Бұл тәрізді тіркестердің бір сыңары ілік жалғау
тұлғасында, екінші сыңары тәуелдік жалғау тұлғасында келеді.
Изафеттің екінші түрі орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштері тілінде
жиі кездесіп отырады. Мысалы, орта ғасыр жазба ескерткіштерін зерттеуші
Б.Сағындықұлы еңбектерінде [7] және Г.Әбенованың зерттеу еңбектерінде, осы
кезеңдегі жазба ескерткіштер тілі бойынша соңғы кезде қорғалған
Б.Күлжанованың еңбегінде [8], сөз болады. Құтадғу билиг және Һибат-ул
хақайық жазба ескерткіштерінен мысал келтіруде осы аталған зерттеу
еңбектерді пайдаланып отырамыз. Мысалы: ажун мазаси (ҺХ) – дүниенің рақаты,
авызча сөзи (ҚБ) – қарттың сөзі, йек тұзақы (ҚБ) – шайтанның тұзағы, беглар
чавы (ҚБ) – бектердің даңқы, иг еми (ҚБ) – аурудың дәрісі. Көне түркі
сөздігіндегі еркач ету – серкенің еті тіркесі мен Құтбтың Хұсрау уа Шірін
ескерткішіндегі қадғу қудуғу – қайғы құдығы тіркесінің бірінші сыңарындағы
тәуелдік жалғау жасырын болып келеді, ал екінші сыңары ілік жалғау
тұлғасында берілген. Ескертетін жағдай Хұсрау уа Шірін дастанындағы
мысалдарды келтіруде біз Ә.Ибатовтың Хұсрау уа Шірін поэмасының сөздігі
(Алматы, 1974) атты еңбегін пайдаланып отырамыз. Егер Мұқаддимат әл-Әдаб
сөздігінен осы үш форманың арақатынасын қарайтын болсақ, бірінші форма
бәрінен жиі қолданылатындығын байқауға болады [5].
Сөз тіркесі болу үшін сөздер міндетті түрде синтаксистік қатынасты
білдіріп тұруы қажет. Р.Әмірдің пікірі бойынша: Сөз тіркесі синтаксистік
қызметі жағынан да, лексикалық мағынасы жағынан да даралығын жоғалтпаған
сөздерден құралады. Ғалым мысал ретінде, өршіген жел, биік мая, тоты құс
тәрізді тіркестерді келтіреді [9,11]. Осы айтылған пікірге орай Мұқаддимат
әл-Әдаб тіліндегі сөз тіркестердің қай сыңарын алсақ та даралығын
жоғалтпағанын байқаймыз: барһүрдар ер (470) – бақытты еркек, севинген хатун
(791) – білімді әйел, пишкен ет (220) – піскен ет, үнлүн булут (705) –
найзағайлы бұлт, ачыклаган хатун (754) – ашуланған әйел. Өзге орта ғасырлық
жазба ескерткіштер тілінде де солай: билиглик қары (ҚБ) – білікті қария,
жаһил ер (ҺХ) - надан еркек, укум макан (ҺХ) – ақылдың қоймасы, зулум
қамчысы (ХШ) – зұлымдық қамшысы, қарындашларнин хикайаты (Ж) –
туысқандардың хикаясы, Фужиннін қарындашы (Ж) – Фужиннің қарындасы. Бұл
мысалдар сөз тіркестерінің синтаксистік қарым-қатынасқа түсуі ертеректен
басталғандығын көрсетеді.
Түркі тілдері тарихи синтаксисінің даму заңдылықтары бойынша сөз
тіркестері бірте-бірте атау мәнді сөздерге айналады. Мәселен, Мұқаддимат
әл-Әдаб сөздігіндегі тази ит (292) – тазы ит, теве табан (277) – түйе
табан, сүт тиш (133) – сүт тіс сынды тіркестер мен қазіргі қазақ тіліндегі
боз торғай, қара торғай, ащы ішек, тоқ ішек сөз тіркестердегі боз, қара,
ащы, тоқ, тазы, түйе, сүт сөздері соңғы сыңарлардың анықтауышы емес,
олардың сынын да, сапасын да білдірмейді. Бұлардың тұтас атау ретінде
жұмсалатындығы нақты тілдік дәлелдер арқылы айқындалып тұр.
Түркітануда синтаксистік бірлік ретінде жұмсалатын сөз тіркесінің
табиғаты сан қилы. Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі олардың мағыналық
және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Сөз тіркесі кем дегенде
толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысуы арқылы жасалғанымен, кейде
олар сөйлем құрамында жеке сөздің баламасы сияқты бір ғана сұраққа жауап
беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқара алады. Сөз тіркесі сөйлеу
кезінде жасалып, сөйлем құраудың материалы болады. Мәселен, Мұқаддимат әл-
Әдаб сөздігіндегі едина месжиди (78) - жұмалық мешіт, тинйан хатун (683) –
тыныққан әйел, сарай ешиги (87) – сарай есігі, бал ариси (298) – бал арасы,
йағашниң бутаклары (599) – ағаштың бұтақтары сынды болып келсе, өзге орта
ғасырлық жазба ескерткіштерде қары өкүз (ДТС) – кәрі өгіз, дүнийа нәңи (ҺХ)
– дүниенің заты, қызыл байрақ (ДТС) – қызыл жалау, ажун өңдиси (ҚБ) –
дүниенің заңы, көзүм бабакларі (ХШ) – көзімнің бектері, Кермен шаһары (Ж) –
Ермен қаласы, моғол қаумы (Ж) – монғол тайпасы секілді сөз тіркестері
осыған дәлел бола алады. Мұнда сөз тіркестер құрамындағы сөздердің
байланысу амалы таза грамматикалық қатынаста жұмсалғандығы байқалып тұр.
Осы байланыс түркі тілдеріндегі сөз тіркесі синтаксисін зерттеген
Н.К.Дмитриев, А.К.Боровков, Н.А.Баскаков, В.М.Насилов, А.Г.Гулямов,
А.А.Коклянов, Е.И.Убрятов, М.З.Закиев, М.Балақаев, А.Аблақов, С.Исаев,
Т.Қордабаев, Е.Ағманов, К.Аханов, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев сынды
ғалымдардың еңбектерінде кеңінен орын алған.
Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігі тіліндегі сөз тіркестерінің тарихи даму
кезеңдерін айқындау үшін обьективтік заңдылықтарды үнемі есте сақтау қажет.
Мысалы, таразу пеллеси (247) – таразы шынысы, ипин таразуси (247) – жіптің
таразысы тектес тіркестердің құрылымдық үлгісі орта ғасыр жазба
ескерткіштерінде бұрын да болғанымен, олар жаңа мәнде қолданылып, осы
үлгідегі сөз тіркестерінің жаңа мағыналық тобын құрағандығы көзге түседі.
Сөз тіркестері тарихында олардың құрылымдық, тұлғалық және мағыналық
жағынан ажырамаған, диффуздық күйінен дифференциялану, дараланушылық
бағытына қарай өзгеріп отырғандығы байқалады. Мысалы, көне түркі тілдерінде
меншіктілік, арнау, бір заттың бойында екінші бір заттық қасиеттің бар
екендігі сықылды қасиеттерді -лы -лі -лық -лік тұлғалы сын есімді есім
сөз тіркестері білдірген болса, кейін осы мағыналар айқындала түсіп, -лық
тұлғалы сөз тіркестері арнау мәнін, ал -лы тұлғалы сөз тіркестері заттық
қасиеттің басыңқы мүше арқылы айтылатын заттың бойында бар екенін
білдіретін болып қалыптасты. Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігінде -лық тұлғалы
мираслық мал (88) – мұралық мүлік, оғланлық хатун (354) – балалы әйел,
сүтлик қой (890) – сүтті қой, йазлық от (54) – жаздық шөп, калканлық ер
(262) – қарулы еркек, қара башлық қой (285) – қара басты қой сынды сөз
тіркестері жиі кездеседі. Құтадғу білік жазба ескерткіштері бойынша
жасалған зерттеулерде де дәл осындай құбылыс байқалады. Мысалы, биликлик
киши (ҚБ) – білімді кісі, чығайлық йолы (ҚБ) - кедейлік жолы. Жалпы
алғанда, ескерткіштер тілін зерттеуде -лы тұлғасынан гөрі -лық тұлғасының
өте жиі қолданылатындығы анықталды. ХVІІ ғасырдың басында жазылған
Қадырғали Жалаиридің Жамиғат-тауарих атты шежіресінің тілін сөз еткен
Р.Ғ.Сыздықова зерттеу еңбектерінде -лы тұлғалы мынадай тіркестерді
келтірілген: ғақыллы зағифа - ақылды әйел, еслі зағифа - есті әйел (6, 27(.
Дәл осы тәрізді Шыңғыснама мәтінінде -лы, -лі тұлғасы қатыстылықты,
тәндік ұғымды білдіреді. Мысалы, йосақлы аға - жасақты аға. Сонымен,
Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігі тілінде -лы, -лі тұлғалы есім сөз
тіркестерінің кездеспейтіндігі анықталды. Бұдан кейінгі кездегі жазба
мұралары Қадырғали Жалаиридің Жамиғат-Тауарих [6], Әбілғазы бахадүр
ханның Түркі Шежіресі [10], Өтеміс қажының Шыңғыснама [11] атты
еңбектер тілдерінде -лы, -лі тұлғалы есімді сөз тіркестер жиі
қолданылатындығы мәлім болды.
Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігіндегі атаулық тіркестердің жоғарыда сөз
болғандай, әуел баста еркін тіркестер болғандығын айту қажет. Осы
тіркестердің жасалуының екі жолы бар: бірі - ана тілі материалдары
негізінде туған тіркестер, екіншісі - жаңа ұғымдарды атауға байланысты
калька немесе жартылай калька жасау жолымен өзге тілдерден аударылу арқылы
алынған сөз орамдары. Сөз тіркестерді жасалу орнына қарай бірнеше топқа
бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа жататын тіркестер ретінде Мұқаддимат әл-Әдаб
сөздігіндегі: қуруқ йағач (69) – құрғақ ағаш, каһил хатун (795) – еріншек
әйел, исик от (837) – ыстық жалын, кари ат (250) – кәрі жылқы, қысқа көһе
(271) - қысқа сауыт, йаман ат (1008) - жаман ат, йұпқа тери (666) – жұқа
тері, йаш от (59) – жасыл шөп сынды тіркестерді келтіруге болады. Осы
тәрізді, орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде едгү йүң (ДТС) – жақсы
мақта, қара тағ (ДТС) – қара тау, аның меңзи (ҚБ) – жарық дүние, билиглик
тиши (ҺХ) – білімді кісі, йаруқ кун (ХШ) – жарық күн, азығлық бөрі (ХШ) –
азулы бөрі сөз тіркестері бар. Сонымен, бірінші топқа жататын сөздер ежелгі
дәуірде бастау алғандығын, қазіргі кезде де өз жалғасын тауып келе
жатқандығын байқаймыз.
Екінші топқа қатысты мағынадағы тіркестер көбіне екінші изафет арқылы
жасалады. Олардың бірінші сыңары да, екінші сыңары да байырғы сөз болуы
мүмкін: мүкл йағач (69) – резеңке ағаш, тенгиз орласи (46) – теңіз ортасы,
мүшүк көз (786) – мысық көз, йағач чомак (270) – ағаш күрзі.
Үшінші топқа жататын тіркестерде, байырғы сөздер мен кірме сөздер ілік
септігі мен тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Атаулық тіркестердің бұл
түрінде тіркес құрамындағы сөздер сөйлемнің жеке-жеке мүшесі болса, ондай
сөз тіркестері еркін тіркес болады да, егер бөліп жаруға келмей сөйлемнің
бір мүшесі қызметін атқарса, атаулық тіркес болады [12, 67-72].
Мұқаддимат әл-Әдаб жазба ескерткішіндегі синтаксистiк сөз тiркесiнің
даяр тұрған тiркес еместігі, оның сөйлеу кезiнде дербес сөздердiң
грамматикалық заңдар бойынша еркiн тiркесуiнен жасалатындығы зерттеу
барысында анықталды. Сөз сыңарларының ыңғайына қарай ауыстырылуға
көнетiндiгi ескерiлiп, қарастырылды. Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігінде
сөздердің анықтауыштық қызмет атқарып, тілдің номинативті құралдарының
қатарына жататыны секілді сөз тіркестерінің де заттардың, сапа-белгілердің,
қимыл – іс-әрекеттердің атауы ретінде қолданылатындығы, тілдің номинативті
құралдарының қатарына енетіндігі анықталды.
1.3 Жазба ескерткіш тіліндегі сөз тіркестерінің топтастырылуы.
Түркітанудағы зерттеуші ғалымдардың сөз тіркесінің құрамы жайлы
көзқарастары кейде бір-бірінен алшақ түсіп жатқандығы байқалады. Отандық
түркітанушылар сөз тіркесіндегі басыңқы сыңар ретінде тек толық мағыналы
сөздерді атайды. Сөз тіркесіне синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін
кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобы - деген
анықтама береді [13,32].
Ілік жалғауы арқылы байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы бөлігі
тәуелдік жалғауын қабылдай отырып, меншіктілік мәнге ие болады. Осы тектес
сөз тіркестерінің өзара арақатынасына орай тілде бұлардың бағыныңқы бөлігін
меншіктелуші, ал басыңқы бөлігін меншіктеуші деп атаушылық қалыптасқан. Біз
зерттеп отырған жазба ескерткіш тіліндегі чини козгу (111) – қытайдың
айнасы, кулак гирийі (286) – құлақтың шеті, чайан айусы (294) – шаянның уы,
ернин кули (315) – еркектің құлы, хатуннин кули (315) - әйелдің құлы, айнин
баши (1034) – айдың басы, үзүмнин йүкачи (72) – жүзімнің ағашы, өзге орта
ғасыр жазба ескерткіштеріндегі ажун ләззаты (ҺХ) – дүниенің ләззаты, қудрат
идиси (ҺХ) – құдіреттің иесі, халайық башы (ҚБ) – халықтың басшысы, таму
қапуқы (ДТС) – тозақтың қақпасы, чығайлар хақы (ҚБ) – кедейлердің ақысы
тәрізді тіркестерде ілік жалғауы арқылы байланысқан сөз тіркестерінің
басыңқы бөлігінің тәуелдік жалғау тұлғасында жасалуы жазба ескерткіштер
тілінде бірізді болып келетіндігі анықталып отыр.
Ілік септігінің табиғатын аша түсу үшін бұл жалғауды түрлі сөз
таптарына жалғануы тұрғысынан қарастырып көрейік. Ілік жалғауы зат
есімдерге, есімдіктерге жалғана отырып, сөз тіркесінің құрамында болады.
Бұл едәуір жиі ұшырасатын құбылыс. Мысалы: алтанчы түтүк (199) – зергердің
терісі, алтун ушайы (246) – алтынның ұсағы, тамниң гирийі (87) – қабырғаның
бұрышы, бойниң келбери (123) – тәннің келбеті, буйыниң бұзауы (289) –
бұғының баласы, кайадниң йүзі (183) - қағаздың беті, ониң кабуйы (307) –
оның қауызы, ониң ічи (230) – оның астары. Бұл мысалдардың алғашқыларының
компоненттері зат есімдер болса, соңғы екеуінде есімдіктер. Сөз
тіркестерінің бағыныңқысы ілік тұлғасындағы есімдік, ал басыңқысы
тәуелдеулі зат есім болып жұмсалуы мүмкін немесе керісінше. Мысалы:
дестүрин сачайы (237) – сәлденің білезігі, аниң палани (281) – оның егері,
аниң көке (256) – оның көкірегі, аниң дости (702) – оның досы, мениң кулум
(315) – менің құлым.
Сөз тіркестеріндегі ілік септіктің қолданылу, қолданылмау ерекшелігін
жан-жақты саралау үшін олардың контексте қаралғаны дұрыс. Бұл сияқты сөз
тіркестері жазба жадыхат тілінде де кездеседі. Мысалы: ішниң айақы (373) –
істің соңы, тиши конкүз (298) – қоңыздың ұрғашысы – қоңыз ұрғашысы, куш еви
(82) – құстың ұясы; йер йүзи (30) – жер жүзі, от күрейі (101) – от күрегі,
тенгри дини (407) – құдай діні, қудық суйы (442) – құдық суы, елик буйуни
(138) – қол буыны болып келсе, орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде көк
төри (ҚБ) – көк тіреуі, еш түш (ҚБ) – дос келбеті, ажун бодны (ҚБ) - әлем
халқы, тарығчы қаны (ХШ) – егінші қаны, валілар зары (ХШ) – қамқоршылар
зары, ер сөзи (ҺХ) – кісі сөзі түрінде кездеседі. Мұқаддимат әл-Әдаб
сөздігі тіліндегі сөз тіркестерінің қаншалықты дәрежеде өзгеріске
ұшырағанын, кеңейіп-тарылғанын өзге орта ғасыр жазба ескерткіштері
тілдерімен салыстырғанда ғана байқауға болады.
Мұқаддимат әл-Әдаб ескерткішінде бірқатар сөз тіркестерінің екі
сыңары да белгілі морфологиялық тұлғаларда айтылғанда ғана бірімен-бірі
байланысты болады. Мысалы: севүглүг нышаны (3472) – сүюшінің нышаны, севүг
айбы (3472) – сүйіктінің айыбы дегенде сөз тіркестерінің алдыңғы
сыңарларының (сүюшінің, сүйіктінің) ілік септікте айтылуы басыңқы сөздердің
тәуелдік жалғауда (нышаны, айыбы) айтылуымен байланысты және керісінше де
болып келеді.
Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есімдер мен
етістік жұмсалатыны қалыптасқан заңдылық. Ал, үстеулер негізінде бағыныңқы
сыңар қызметінде жұмсалатын сөздер тобына жатады. Алайда, қазіргі әдеби
тілімізде үстеулердің басыңқы сыңар қызметінде жұмсалу үрдісі пайда бола
бастағанын көруге болады.
Ғалым Н.З.Гаджиева түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің зерттелуіне
назар аудара отырып, атрибутивті қатынастағы сөз тіркестерінің құрамы
мәселесіне тоқталады. Олардың түркі тілдерінде қалыптасқан өзіндік үлгілері
(модельдері) болатындығы туралы жазады. Ғалым сөз тіркестерін мынадай
модельдерге жіктеп, олардың жасалуына жеке-жеке тоқталып өткен:
1. Зат есім + сан есімді тіркестер;
2. Зат есім + есімдікті тіркестер;
3. Зат есім + сын есімді тіркестер;
4. Зат есім + есімшелі тіркестер;
5. Зат есім + -ырға, - арға инфинитивтері;
6. Екі есім сөзден құралған анықтауыштық тіркестер;
7. Зат есім + қос сөздер;
8. Анықтауыштық қатынастағы жайылма сөз тіркестері [5, 3].
Есімді тіркестердің үлгілері Т.Р.Қордабаевтың Тарихи синтаксис
мәселелері атты еңбегінде де беріледі.
1. Зат есімнің зат есімнің тіркесі;
2. Сын есімді тіркестер;
3. Сан есімді тіркестер;
4. Есімдікті тіркестер;
5. Үстеулі тіркестер [13, 63].
Біз ескерткіштер тіліндегі есімді тіркестерді осындай үлгілер
(модельдер) негізінде зерттеп қарастырдық.
Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігінде кездесетін сан есімді сөз тіркестерінің
негізгі түрлері – есептік, реттік және болжалдық сан есімдер. Бұл сандардың
жазба ескерткіш тілінде не зат, бұйым есебін білдіру үшін немесе мезгілдік
есепті білдіру үшін ғана қолданылғандығы зерттеу барысында анықталды.
Мысалы: төрт кой (288) – төрт қой, кырк дөнен (282) – қырық дөнен түрінде
келсе, өзге ескерткіштерде: алты хан (ТШ), екі мың атлығ білән қарауыл
қойды (Ж) - екі мың атты әскермен қорғаушы қойды, қырық құлач (Ш) – қырық
құлаш, бір шағал (Ш) – бір шибөрі, тоғуз оғұл (Ж) – тоғыз ұл сынды болып
келсе, қазіргі түркі тілдерінде әзерб. беш китаб - бес кітап, уч дәфтәр -
үш дәптер, алт. эки түн – екі түн, башқ. өс өй - үш үй, қаз. үш-төрт жігіт,
бес қайың; тат. бер кеше – бір адам, алиг кашиг – елу қасық, түрк. ики
бармак – екі саусақ, қырғ. бир графин – бір тостақ, түр. ікі ада – екі арал
секілді болып келеді. Бұдан шығатын қорытынды, барлық түркі тілдерінде де
осы үлгідегі (модельдегі) сан есімді тіркестер бар. Сан есім + зат есім
қалпы негізгі талапқа сай, түркі тілдерінің барлығында бірдей үлгіде
келетіндігі анықталды. Демек, сан есімнен кейін зат есім келетін құрылым
барлық түркі тілдерінде сақталған қалыпты жағдай.
Сан есім + нумератив + зат есім қалпында келетін сөз тіркестері
сөздіктің тілінде көп кездеседі. Мысалы: төрт йашар кой - төрт жасар қой,
кирг. төрт жылдык согуш – төрт жылдық соғыс, тат. өч яшлык қыз – үш жасар
қыз, түрк. бир гунлук ел – бір күндік жол, өзб. етти йиллык мактаб - жеті
жылдық мектеп. Мұндағы сөз тіркестердің жоғарыдағы мысалдардан
айырмашылығы, бұл мысалдар -лық аффиксі арқылы жасалып тұр. Бұл тіркес те
барлық түркі тілдерінде осы модельде кездеседі.
Сөздік тілінде сілтеу, белгісіздік, жалпылау есімдіктері біз қарастырып
отырған еңбекте, орта ғасыр жазба ескерткіштерінде зат есім + есімдікті
тіркестер үлгісі ретінде беріледі. Мысалы, ескерткіш тілінде сизин оғұл
(МӘ) – сіздің ұл, ол ұлұғ (Ж) – ол ұлы, бұ іш (Ж) – бұл іс, барша ұғланлары
(Ж) – барша ұландары сөз тіркесі көп кездеседі. Осы үлгінің қазіргі түркі
тілдеріндегі көрінісіне келер болсақ, әзерб. мәним адым – менің атым, башқ.
минең китабым – менің кітабым тұлғасында келеді, сонымен қатар, әзерб.
бизим нәсл – біздің ұрпақ, башқ. беззең команда – біздің команда, тат.
безнең ел – біздің ел, чув. пирен анне – біздің ана.
Зат есім + сын есім қалыпты сөз тіркестері Мұқаддимат әл-Әдаб
сөздігінде өте көп кездеседі. Мұндай қалыпты сөз тіркестерінің қазіргі
тіліміздегі сөз тіркестерінен ешқандай айырмашылықтары жоқ. Мұнда сын есім
зат есімнің анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: ачык йүкрат (МӘ) – ашық
сүзбе, ачык соян (МӘ) – ащы пияз, ак ат (МӘ) – ақ ат, ұлұғ той (Ж) – ұлы
той, яш ұғлан (Ж) – жас ұлан, темүр даруаза (ТШ) – темір дарбаза, ба‘зи
дост (ТШ) – ескі дос тәрізді болып келсе, қазіргі түркі тілдерінде әзерб.
мави көй – көк аспан, сарымтыл сач - сарылау шаш, тат. ак төннәр - ақ
таңдар, кызылрак чечек - қызылырақ гүл, қаз. ыстық жас, хак. көк адайлар –
көк иттер, хызыл арахінек – қызыл сиыр, түр. гузел киз - әдемі қыз сынды
болып келеді. Келтірілген мысалдардан сын есімді тіркестердің әрдайым зат
есімге тіркесетіндігін байқаймыз. Сын есімді тіркестердің жасалу қалпы
түркі тілдерінің барлығында дерлік біркелкі болып келеді.
Есімшелі сөз тіркестері түркі тілдерінде көне дәуірден бері белгілі.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде зат есім + есімшелі сөз тіркестері
өте жиі ұшырасады және түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі.
Мысалы: биткен битик (МӘ) – жазылған хат, безенген хатун (158) – сәнделген
әйел, өнген қаум (Ж) - өркендеген халық, әзерб. чалышган тәләбә - оқыған
студент, түрк. үйреген ит – үйренген ит, гелген адам – келген адам, тат.
туган жир – туған жер, ушкан ыяш – құлаған ағаш, өзб. уткан йил - өткен
жыл, қайтмайдиган одам – қайтпайтын адам, тув. тоткан киши – тойған адам,
түр. чалышкан чожук – талпынған бала, қаз. келетін кісі, қ.-қалп.
қатнасатуғын одам – қатысатын адам, ұйғ. көридиған кино – көретін кино. Екі
есім сөзден тұратын сөз тіркестерінің компонеттері изафеттік негізде
байланысады. Мұндай тіркестер орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде былай
көрініс тапқан: бұдұн мүлкінің падшаһы (Ж) - халық мүлкінің патшасы, Хорезм
шаһының анасы Тұрқан хатұнның қарындашы (Т) - Хорезм шахының анасы Тұрқан
хатынның ағайыны, қаз. құрғақшылыққа қарсы күрес, күндерде бір күн, қырғ.
ар кишиде бир акыл - әр кісіде бір ақыл, адам адамга жолдош – адам адамға
жолдас, түр. Таранта Бабуйа мектуплар - Таранта бабуға хаттар, түрк.
гөвнүнде бир үнжүси – жүрегінде бір қорқыныш, тат. бәхет өчен юл – бақыт
үшін жол, шәһәр буенча конкурс – қала бойынша конкурс. Мұндай сөз
тіркестерінің алуан түрлі және өзгешеліктері мол болып келетіндігіне
жоғарыдағы мысалдар дәлел.
2 Мұқаддимат әл-әдаб жазба ескерткішіндегі есімді тіркестер деген
екінші тарауда сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен қолданылу жиілігі
қарастырылады.
2.1 Жазба жәдігерлік тіліндегі меңгеріле байланысқан есімді тіркестер.
Қазақ тілі материалдарының негізінде жарық көрген М.Б.Балақаев еңбектерінде
сөз тіркесі мәселесі кеңінен зерттеліп, сөз тіркестерінің құрылысы, өзіне
тән ерекшеліктері, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары және олардың
тіркесу қабілеттері жан-жақты ашылып көрсетіледі [14]. Бұл тұста кейінгі
кездері жарық көрген А.Н.Баскаковтың, Р.С.Әміровтің, С.Исаевтың еңбектерін
де атап өткен орынды.
Мұқаддимат әл-Әдаб сөздігінде меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
сөзүң аз – сөзімнен артығырақ (149), өзүңгә иш - өзіңе үлгі (161) секілді
болып келсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштар
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ
Сөздіктің түрлері
Ресей ғалымдарының шығыс ойшылдарын зерттеуі
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Пәндер