Орта ғасырдағы Сығанақ қаласының зерттелу тарихы



Кіріспе
Негізгі бөлім
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсатым: Қазақстан Республикасы Президентінің 2004-2006 жылға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, көне ескерткіштермен тарихи мәдени мұралардың мекенін зерттеп, өз үлесімді қоссам деймін.
Негізгі зерттеу объектім:
1. Қазіргі Сығанақ қаласының орнын көру.
2. Шырақшымен кездесу.
3. Ауыл ақсақалдарымен кездесіп, сұқбаттасу.
4. Суреттерге және бейне таспаға түсіру.
5. Мұражай қорларымен байланыс жасау.
6. «Жанға- шипа, емге- дәру» киелі жер екендігін айта отырып, нақты мысалдарымен дәлелдеу.
Сығанақ орны Жаңақорған ауданы Төменарық темір жол станциясынан 8 шақырым жерде, Қаратау қыратының оңтүстік батыс етегімен Сырдария өзенінің жағалаулары 15 шақырым қашықтықтағы Белқар үстіртінде жатыр. Ең алғаш көзге бірден көрінетін үлкен қырат, жал-жал болып үйіліп жатқан ежелгі қаланың қорғандарының орыны. Қорғанның солтүстік беті жермен жексен болып шөгіп кеткен.
Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени ошағымыздың бірі болды. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының ал ХІ ғасырдың екінші жартысында әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына ұйтқы болған қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы ХІІ ғасырдың монғол шапқыншылығы, қазақ даласының ойран- топыранын шығарды. Сол ойран топанға ұшырағандардың бірі- Сығанақ болды. 1219 ж Жошы хан әскері Сығанақты жаулап, оның қорғанын қиратады. 100 жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп гүлденеді. Онда талай ошақтарының бірі болған. Қала Х-ХІІ ғасырларда Сунақ деп аталса, кейін Сығанақ қаласы болып өзгерген. [2]
Қазақ жеріндегі моңғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда пайда болды. Солардың бірі ХІІІ ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті болды. Ақ Орда Қазақстан аумағында моңғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойынша орналасқан Сығанақ қаласы болды. 1- сызбада көрсетілгендей Ақ Орда аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандарының жерін қамтыды.
1219 ж Сығанақ қаласы моңғол шапқыншылығына ұшырайды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы қаланы шаппас бұрын ең алдымен жергілікті саудагер Хасан қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін, Сығанаққа жібереді. Бірақ Сығанақтар сатқын Хасан қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады. Жошының әскерлері қаланы қоршап алады.
[1] Ә.Қоңыратбаев Сыр бойындағы Оғыз –Қыпшақ далалары 16.09.2005ж
Сыр бойы.№187 – 188
[2]Сунақ Ата Сыр бойы 20.10.2004ж
[3]Сығанақ. Қазақ тарихы. №3 1995 ж.7 бет
[4] А. Сопыбеков. Сығанақ. Сыр өнері 23 маусым. 2006 ж №14
[5]А.Ж.Жонтаева. Сыр елінің мәдени мұралары. Қызылорда 2005 ж.265 бет
[6] Ғ. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан.Алматы.
1992 ж. 16 бет
[7]А.Ю.Якубовский. Развалин Сыганака. Гаймк Сообщение 1929 ж. 124 бет
[8] Т.Мәмбиев. Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат. Қызылорда 2000 жыл. 89 бет
[9] Ә. Бәкіров. Сығанақ. Сыр бойы. 1993 ж. 7 қазан. №120
[10] Ә. Әбіласанов. Сығанақ. Алматы. Өнер. 1991 ж
[11] Т. Мәмиев. Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштер. Алматы 2000 ж. 28 бет
[12]З. Жайлыбай. Сырлы Сығанақ.Ақиқат. №6, 2005ж
[13] Ә. Дибаев. Сығанақ. "Тарту" 260 бет
[14] Ж. Шайдар. Сыр ғұламалары. Шымкент, 2002 ж
[15 ]Рүстемұлы Төлеген. "Қылауыз – Ата шежіресі" 1998 ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Қ. Ахметова, Г. Қылышбаева

№46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы

Мақсатым: Қазақстан Республикасы Президентінің 2004-2006 жылға
арналған “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, көне ескерткіштермен тарихи
мәдени мұралардың мекенін зерттеп, өз үлесімді қоссам деймін.
Негізгі зерттеу объектім:
1. Қазіргі Сығанақ қаласының орнын көру.
2. Шырақшымен кездесу.
3. Ауыл ақсақалдарымен кездесіп, сұқбаттасу.
4. Суреттерге және бейне таспаға түсіру.
5. Мұражай қорларымен байланыс жасау.
6. Жанға- шипа, емге- дәру киелі жер екендігін айта отырып, нақты
мысалдарымен дәлелдеу.
Сығанақ орны Жаңақорған ауданы Төменарық темір жол станциясынан 8
шақырым жерде, Қаратау қыратының оңтүстік батыс етегімен Сырдария өзенінің
жағалаулары 15 шақырым қашықтықтағы Белқар үстіртінде жатыр. Ең алғаш көзге
бірден көрінетін үлкен қырат, жал-жал болып үйіліп жатқан ежелгі қаланың
қорғандарының орыны. Қорғанның солтүстік беті жермен жексен болып шөгіп
кеткен.
Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени ошағымыздың бірі
болды. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының ал ХІ ғасырдың
екінші жартысында әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына ұйтқы болған
қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы ХІІ ғасырдың монғол
шапқыншылығы, қазақ даласының ойран- топыранын шығарды. Сол ойран топанға
ұшырағандардың бірі- Сығанақ болды. 1219 ж Жошы хан әскері Сығанақты
жаулап, оның қорғанын қиратады. 100 жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп
гүлденеді. Онда талай ошақтарының бірі болған. Қала Х-ХІІ ғасырларда Сунақ
деп аталса, кейін Сығанақ қаласы болып өзгерген. [2]
Қазақ жеріндегі моңғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті
этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда пайда болды. Солардың бірі
ХІІІ ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда
мемлекеті болды. Ақ Орда Қазақстан аумағында моңғолдардан кейінгі құрылған
алғашқы мемлекет. Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойынша орналасқан
Сығанақ қаласы болды. 1- сызбада көрсетілгендей Ақ Орда аумағы Жошы ханның
екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандарының жерін қамтыды.
1219 ж Сығанақ қаласы моңғол шапқыншылығына ұшырайды. Шыңғысханның
үлкен ұлы Жошы қаланы шаппас бұрын ең алдымен жергілікті саудагер Хасан
қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін, Сығанаққа жібереді. Бірақ
Сығанақтар сатқын Хасан қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады.
Жошының әскерлері қаланы қоршап алады. Қала халқы жеті күн бойы берілмей,
қарсыласып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып, халқын қырып-
жойып, қаланың күл -талқанын шығарады Х ғасырдан бастап Сығанақ қаласы
қайта салынып, қалпына келтіріледі. (1- суретте көрсетілген). Қала жандана
түседі. Қала біртіндеп Сыр бойындағы саяси эканомикалық орталыққа айналады.
Монғол шапқыншылығынан кейін, XIV ғасырдың басында алғашқы феодалдық
Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап
Сырдарияның оң жағалауынын Сығанаққа дейінгі аралықтарды қамтиды. Астанасы
Сығанақ қаласы болды. [1]
Ақ Орданы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның үлкен ұлы Жошы ханнан
тараған ұрпақтары билей бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта көптеген
құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қала гүлденеді. Сыр бойындағы қалалармен
байланыс жасайды. Ерзен хан кейін Сығанақта қайтыс болып, осында жерленген.
Ерзеннен кейін хан тағына оның ұлы Мүбәрак хан (1327-1361) отырада. Мұның
тұсында Сығанақта теңге соғылады. Одан кейін хандық Орыс ханға (1361-1375)
тиеді.

1

Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне
қаратып, Мамай Ордасын басып алады. XIV ғасырдың аяғында Тоқтамысқа қарсы
әрекет жасай бастаған. Әмір Темір оның орнына 1395 жылы Ақ Орда тағына
Ұрыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ Оғыланды хан етіп қояды. Ақ Орданың
келесі ханы бірақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер
жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне
қаратады. Алайда 1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани
әулетінің ұрпағы Әбілхайырға тиеді. Ол Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып
өз хандығын құрады. Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады.
Ақ Орда өмір сүруін тоқтатады. Сөйтіп Ақсақ Темірдің қанды жортулары
Сығанақ қаласының шаңырағын шайқалтып, Ақ Орданы қиратып кетеді. Ақсақ
Темір 1405 жылы қайтыс болғаннан кейін, әлсіреп қалған Ақ Орда қайтадан
бой көтереді. Орыс ханның немересі Барақ хан 1423-1428 жылдары Ақ Орданы
қалпына келтіре бастайды. Біақ ол көп ұзамай қайтыс болады. Ақ Орданың
билігі енді Жошы ханның бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның
(1428-1468 ж. ж) қолына көшеді.
Әбілхайыр хан мемлекеттің құрамына өз кезінде бұрыңғы қағанаттар мен
хандықтардың құрамында болған, кейіннен қазақ және өзбек халықтарын құраған
көптеген тайпалар енді- деп жазды. [3]
Осылай Сығанақ бірде алтын Орда билеушілерінің, бірде ақсақ Темірдің,
бірде Ұлықбектің қол астына қараған. Әбілхайыр-өзбек ханы, оның хандығы
“Көшпелі өзбектер мемлекеті” деп аталған. Әбілхайыр хан Моғолстанды алам
деп аттанып кеткенде, Жәнібек хан Шиелі жақтан келіп Сығанақты басып алады.
Әбілхайыр хан ауырып қайтыс болады, сүйегін Созаққа қояды. Жәнібек хан
Ордасын Сығанаққа көшіріп, билікті Бұрындыққа береді. Сөйтіп, Қазақ
хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ қаласы (1468ж) болады. [4] Сығанақ халқы
отырықшы болған. Онда сауда, қолөнер жақсы дамыған. Қала мәдениеті Тараз,
Баласағұн, Шиғу, Сайрам, Отырар шахарларымен қатар қанат жайған. ХІІІ
ғасырға дейін Сырдың шығысында Отырар мен Сығанақта ірі қала болмаған. Олар
ислам дінін Х-ХІ ғасырларда қабылдаған болуы керек.
Шығыстан келген қара дүлей Моңғол шапқыншылығы 1219 жылы күзінен
бастап қала тұрғындарын өз қолына алған. Сонымен 1219 жылы Сығанақ қаласы
күйреу жылы болды. Осы бір қатты соғыстан соң XIV ғасырға дейін яғни 100
жылдай қалпына келе алмады. Қазір Қазақстанның бір заманғы мәдениет ошағы
мақтанышы болған Сығанақ қаласының қираған қаласы жатыр.
XIV ғасырда Сығанақ қаласында Дешті Қыпшақ ұлысының ақша монеттері
басылып тұрды. Сығанақ үлкен білім орталығы болған. Оның топырағында сан
қилы ғалымдар, ақындар қолбасшылар шыққан. Соның бірі әйгілі ақын жазушы
Хисамиддин Әл Сығанақи “Хихаиа” деген кітабы да, осы Сығанақ қаласында
жазылды.[5]
А. Якубовский зерттеуінде Сырдың төменінде қаланы мәдинетінің туғанын
айта келіп, “Билік түрлі тайпалардың қолыда болса да, оның бәрін мұсылман
көпестер салған”- деп, тағы бір ұшқары ойдың ұшын шығарыпты. Бір анығы, кез-
келген мәдениет сол жерді мекендеген тұрғылықты тайпалардың қолымен
жасалып, олардың қоғамдағы даму деңгейін анықтаса керек. [7]
1867 жылы П.И.Лерх 1906-1907 жылы И.А.Кастанев ертедегі қала
орнында болып, сол жылы Каллаур қала жәдігерлерінің жоспарын жасаған. 1927
жылы А.Ю.Якубовский қала мұрағаттары мен сунақ мавзолейінің қала орнын
сипаттап жазды. [8] Тарихи деректерде бірде сунақ, бірде Сығанақ деген
атпен түскен қала туралы мәліметтер шығыс, батыс жазбаларында ұшырасады.
Зерттеу жұмысы нәтижесінде қазіргі Сунақ ата (Сығанақ) жерінен көптеген
өрнекті керамикалық бұйымдардың, ыдыстардың қалдықтары табылды. 2-3 суретте
көрсетілгендей біз бұл жерде Сығанақ қаласында қыш құмыра үлгілері жақсы
дамығанын көре аламыз.

2
Сығанақты зерттеген археологтардың бірі В.Каллаур (1899) еңбектерінен
бірқатар тым әрі қызықты деректер табамыз. Өзінің “Пратаколы
Туркестанского кружка любителей археологии” жинағында жариялаған хабарында
ол: “Сунақ-атада ең алдымен күйдірілген қыштан соғылған екі құрылыс назар
аудартады. Олар осы жердегі қаламен тұспа-тұс болуға тиіс. Көлемді үлкен
құрылыс үш бірдей тіреу есігі бар екі бөлмеден тұрады. Бұл бөлменің
ұзындығы мен ені 9 кез”,-деп жазады. [15]
В.Каллаур екінші бөлменің астында табыт болғанын анықтаған. Бірақ оны
тас басып, бөлме үстіндегі күмбездер қираған екен. Шырақшы бұл бөлмелердің
төбесіне бөрене қойып, қамыспен жауыпты.В.Калаур Сығанақ шахарының
тұрғындары туралы да пікір қозғап, онда сунақтардың тұратынын айтқан.
Қаланың сунақтар арасында сунақ деген атпен мәлім екенін де айта келіп
Каллаур қала қираған кезде олардың Бұлған шахар, кейін Қараспан жағына
кетіп, қыпшақтарға бағынғанын жазады. [10]
Махмұт Қашқари “Сығанақ - оғыздар еліндегі қала” деп, ал Әбілғазының
жазбаларында: “Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда
үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері
орналсқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары
Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты”,-деп
жазған. [11]
ХІІ ғасырдан бастап Ислам дінін қабыл етті. Араб жазушыларының
айтуынша, Сығанақ қаласында тұрған - бір ғана қыпшақ пен қаңлылар, оларды
біріне-бірі айырып болмайды. Сығанақ солардың астанасы. [12] Сығанақ туралы
1867 жылы шахар орнын көрген Лерх 1899 жылы жол жөнекей соғып өткен
В.Ю.Якубовский арнайы зерттеу жазып қалдырды. Мұнда бірер тәуліктен ғана
аялдаған тарихшы-зерттеушілер қазба жұмыстарын жүргізбесе де, Сығанақ
қаласының жұртын, күмбезді құрылыстардың жұрнақтарын көреді.Оларды саралап,
өлшеп, суреттеп суретке түсіреді, өрнекті керамикалық бұйымдарын музейге
алып кетеді. Бұл кезде жекелеген күмбезді ғимараттардың сұлбасы аман,
қорған қабырғалары түгел төбе жиектері бойымен айқын көрініп жатқан уақыт
екен. Якубовский қорғанды айнала қадалап өлшеп, 630 сажын екен дейді.
Каллаур да солай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу
Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Қазақтардың шаруашылығы және патриархалдық - феодалдық қатынастары
Пәндер