Сібір жұртындағы қыпшақтар



Сібір жұртындағы қыпшақтар
Қыпшақ мәдениетінің қалыптасуы
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер:
Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді.

ІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен соң, орман даласы тайпаларының едәуір тобы өз мәдениетінің ерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетінің элементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді, әрі олардың Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Павлодардың Ертіс өңірінде, Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдің даласындағы угорлар ежелгі мадьярларға жатқан деген негіз бар [1. 304 б.].

"Сібір тарихы" атты 5 томдық еңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірінің орманды алқаптарының оңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. монғол – татар шапқыншылығы нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған [1.305 б.]. Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардың қалған бөлігі сырттан келген тайпалармен араласып кетіп, ХV - ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес "татарлар" этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс Сібірде түркі тілдес тайпалардың кейінгі орта ғасырда мекендеді деген жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселенің бір түйінін шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік.

Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда кездеседі [2. 40–41 бб.]. Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше), динлин және гэгуньдер болған [3. 160–161 бб.]. Осындағы "кюйше" этнонимін "кыйчак" немесе "кыпшақ" деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған болатын [4. 54 б.]. А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [5. 154 б.]. Батыс Түрік қағанатының жорығында
1. История Сибири. Л., 1968.
2. Таскин В.С. Материалы по истории сюнну. Вып. 1. М., 1968.
3. Кызласов Л.Р. Таштыкская эпоха в истории Хакасско – Минусинской котловины. М., 1960.
4. Савинов Д.Г. Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков на юге Западной Сибири // история, археология и этнография Сибири. Томск, 1979.
5. Бернштам А.Н. Заметки по этногенезу народов Северной Азии // СЭ. 1947. №2.
6. Грум – Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край Т. 2. Л., 1926.
7. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби // МИА. №48. 1956. С. 99 – 144.
8. Гаврилова А.А. Могильник Кудырге как источник по истории алтайских племен. – М. – Л., 1959.
9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизи. М. – Л., 1959.
10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967.
11. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…
12. Кляшторный С.Т., Султанов Т.И. Рецензия на книгу. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…// Советская тюркология. 1975. №4.
13. Mіnorsky V. Hudіd al – Alam. London, 1937. § 21.
14. Рашид – ад – дин. Сб. л. Т. 1. Вып. 1. М. – Л., 1952.
15. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. Алма-Ата, 1972.
16. Арсланова Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья (ІІІ – ХІ вв.) // Новое в археологии Казакстана. Алма – Ата, 1968.
17. Каменецский И.С. Археологическая культура и ее определение // СА №2. 1970.
18. Матющенко В.И., Старцева Л.М. Еловский курганный могильник І периода железа // Труды ТГУ, Т. 206. Томск, 1970.
19. Гаврилова А.А. Сверкающая чаша с Енисея (к вопросу о памятниках уйгуров в Саяно – Алтае) // Древняя Сибирь. Вып. 4. Новосибирск., 1974.
20. Бартольд В.В. Кимаки. Статья из энциклопедии ислама. М., 1968. Т.5.
21. Миллер Г. История Сибири. Т.1. М.-Л., 1937.
22. Батырлар жыры. Т.2. Алматы, 1961.
23. Народы Сибири. Этнографические очерки. М.-Л., 1956.
24. Сибирские летописи. Спб., 1904.
25. Долгих Б. О. Родовой и племенной состав народов Сибири в ХІІ веке. М., 1960

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сібір жұртындағы қыпшақтар
(Отан тарихы журналынан - 20051)

Шамшиденова Ф.М

Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және
Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-
батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э.
ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына
еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың
бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті
халықпен араласып кетеді.

ІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен соң, орман даласы тайпаларының едәуір тобы
өз мәдениетінің ерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік
аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетінің
элементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді,
әрі олардың Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Павлодардың Ертіс өңірінде,
Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдің даласындағы угорлар ежелгі
мадьярларға жатқан деген негіз бар [1. 304 б.].

"Сібір тарихы" атты 5 томдық еңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірінің орманды
алқаптарының оңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-
қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. монғол – татар шапқыншылығы
нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған [1.305 б.].
Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым
өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардың қалған бөлігі сырттан келген
тайпалармен араласып кетіп, ХV - ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес
"татарлар" этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс
Сібірде түркі тілдес тайпалардың кейінгі орта ғасырда мекендеді деген
жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселенің бір түйінін
шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік.

Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда
кездеседі [2. 40–41 бб.]. Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетінің негізін қалаушы
Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше),
динлин және гэгуньдер болған [3. 160–161 бб.]. Осындағы "кюйше" этнонимін
"кыйчак" немесе "кыпшақ" деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған
болатын [4. 54 б.]. А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік
жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей
аралығында қоныстанғанын көрсеткен [5. 154 б.]. Батыс Түрік қағанатының
жорығында цзюйше мен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады [6.
272 б.]. Мөденің Монғолиядан солтүстік-батысқа бағытталған жорығы, Дулу
ханның Жетісудан солтүстік-шығысқа қарай жорығына мән берсек, екеуінің
қиылысқан жерінде қыпшақтар мен Енисей қырғыздары мекендеген жер – Батыс
Сібірдің оңтүстігіндегі орман далалары екенін байқауға болады.

Қыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған. Мұны М.П.Грязновтың
жүргізген археологиялық қазба материалдары толық дәлелдейді. Ол Жоғары
Обьтағы Большая Речка селосында жүргізген жұмыстары бойынша жоғары Обь
мәдениетінің генетикалық жағы бір (б.э. ІІ – VІІІ ғғ.) одинцовский,
переходный, фоминский деген кезеңдерін көрсетеді [7. 120 б.]. Нақ осы
жоғары Обь мәдениетінде алғаш рет б.э. ІІ мың жылдығында шығыс Еуропа
далаларында кең тараған ауыздық пен "сұрақ белгісіне" ұқсас ұзын өзекті
сырғалар табылған. Әдебиетте бұларды "қыпшақтыкі" деп атаған.

Қыпшақ мәдениетінің қалыптасуына көршілес Минусинск котловинасының таштык
халқы да әсер еткен болу керек. І ғасырда олардың бір бөлігінің батысқа
жылжуы Шөміштегі және жоғары Обь мәдениетінің молаларынан табылған заттар
дәлелдейді. ("Скифтік" кішкене қазандар, тарақтар, т.б.) [7.]. Обьтың
жоғары жағында өлікті өртеу салты болған. Бұл жерге таштык мәдениетінің
сарыны қандай жолмен енгенін дөп басып айту қиын, солай бола тұрса да
ғалымдар солтүстік жолмен Енисей далалары арқылы Кузнецк Алатауын айнала
Обь маңына келген деп топшылайды [4. 56 б.].

ІХ ғасырдан бастап Солтүстік Алтай мен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандарында
сросткинск мәдениеті қалыптасады. Ол Бийск қаласы жанындағы Сросткинск
селосында табылған қазбаға байланысты осылай аталған. Оны М.П.Грязнов
тапқан болатын.

ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениетіне тән өрнекті стиль осы солтүстік ауданда
кең тараған, ал бұл жерде қыпшақтар қоныстанған.

Таштык мәдениетімен қыпшақтардың туыстық қатынастары олардың европеоидтығы
да көрсетеді, яғни оларды половцы, кұмандар, шары (сары) деп аталуы.
Азиядағы европеоидтық нәсілдің бірі солтүстік динлиндер Минусинск
котловинасында тұрған, мұнда тагар уақытының европеоидтық халқы
мекендегенін палеантропологтардың мәліметтері дәлелдеген. Осындай нәсілдік
белгімен қыпшақтар да ерекшеленген. Олар батыс динлин – тагарлықтардың
көршілері болған, тіпті шығу тегі бойынша да байланысы болған болу керек
[4.57 б.].

Таштык мәдениетінің дәстүрі ұзақ өмір сүрді. Монғол дәуірінің мәдениетінде
кейбір таштық формалары екінші рет көрінді. Оны өзегі майысқан сырғалар
және жібі мен белдіктің құрсаулары өрнектердің кейбір түрлері және тұғырығы
конусты кубиктің түрі, ал бұл кейінгі тагар мен таштык керамикасын
қайталағаны дәлелдейді. Далалы алқаптағы аудандарда, таштык мәдениетінде де
ежелден қалыптасқан мұндай дәстүр монғол дәуірінде бүкіл территорияда үстем
болды [8. 76 б.]. Қыпшақ этногенезінде таштык компонентінің болуы қыпшақ
тайпалары арасында бұл дәстүрдің ұзақ сақталғанын көрсетеді.

Селенгі жазбаларында (VІІІ ғ. ортасы) қыпшақтар жөнінде "түрік – қыпшақтар
бізді елу жыл бойы биледі", – деп жазылған [9. 38 б.]. Бұл жазба ұйғыр ханы
Боян – чордың атына жазылған. Селенгі жазбаларында қыпшақтар ежелгі
түріктер деп аталғандықтан, олар VІІІ ғ. бірінші жартысында ұйғырларға
үстемдік жасады деген сөз. Ертеде Алтайда тұрған қыпшақтар Алашаньға қоныс
аударып, болашақ Екінші қағанаттың "демографиялық негізін" қалады [10. 268
б.]. К.Ш. Шаниязов Екінші қағанаттың саяси өмірінде үлкен роль атқарған
қыпшақтардың орхон тобын бөліп қарайды, ал оларға Батыс Монғолия мен Тувада
тұрған ұйғырлар бағынған [11. 43–44 бб.]. Селенгі жазбаларын қайта
зерттеген С.Г.Кляшторный ондағы "қыпшақ" этнониміне күдікпен қарады [12.
108 б.]. Бұл VІІІ ғ. бірінші жартысында Орталық Азяда қалыптасқан тарихи
жағдайға сәйкес келетінін байқауға болады, яғни ұйғырлардың ежелгі
түріктерге бағынған уақыты (688–741 жж.) шамамен жүз жыл құрайды, бірақ
ешқандай жазба деректерде түріктер қыпшақтармен теңестірілмейді. Сонда
Селенгі жазбаларын Кляшторный мен Сұлтановтың пікіріне сай есептемегенде,
онда ең алғашқы түркі тіліндегі шығарма "Құтадғу білік" (1069 ж.) шығармасы
болып табылады.

ІХ – Х ғғ. қыпшақтардың қимақ мемлекетінің құрамына енгені жөнінде жазба
деректер көп. "Қыпшақ" этнонимі Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.), авторы белгісіз
"Худуд ал – Аламда" (Х ғ.), Гардизи (ХІ ғ.), ал – Идриси (ХІІ ғ.) т.б.
мұсылман деректерінде кездеседі. Көптеген авторлар қыпшақтар саяси жағынан
қимақтарға бағынған дербес халық деп қарастырады. Бұл кезде қыпшақтар 9
тайпадан тұрған күрделі этникалық қауымдастық еді. "Худуд – ал – алам"
бойынша қыпшақтар "қимақтарға қарағанда жабайы. Олардың патшаларын қимақтар
тағайындайды" [13.].

Б.э. І мың жылдығының басында қыпшақтардың мәдениеті Солтүстікке таман
қалыптасып, сонда қоныстанды, ІХ ғ. ортасында араб географтары мен
саяхатшылары олардың Батыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқанын жазды. Рашид-
ад-диннің айтуынша қыпшақтар Оғызханның итбарақтарға қарсы жорығынан кейін
пайда болды [14. 83 б.]. С.Ақынжановтың айтуынша, қыпшақтардың этногенезі
Батыс Сібірдің орманды далаларында болды. Бұл Обь – Ертіс қос өзенінің
орманды даласы деп пайымдаймыз.

Солтүстігін "теңіз қоршап", "солтүстіктің адам тұрғысыз кеңістігі" жайлап
жатты, ал оңтүстікте қимақтармен шекараласты. Батыс шекара өзгеріп отырды.
Б.Е. Көмековтың айтуынша, VІІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. басында
"қимақтардың оңтүстікке қозғалуымен қыпшақтардың Ертістен Батысқа жылжуы
байқалады" [15. 56 б.]. Бұл кезде қыпшақтар Орал мен Арал маңы далаларына
жетіп, ежелгі башқұрт тайпаларының құрамына кіріп, печенегтермен
қақтығысады.

Сросткинск мәдениетіндегі қимақтар мен қыпшақтар арасындағы шекараны нақты
анықтау қиын. Обьтың жоғары жағында сросткинск мәдениеті жоғары обьтық
мәдениеті алмастырып, М.П. Грязновтың пайымдауынша таулы Алтайдың көршілес
аудандарынан келген, соған ұқсас Қурай, Тұяқты, Шибэнің кіші ескерткіші
белгілі [7. 151 б.]. Сроткинск мәдениеті Алтайда емес, көрші жатқан Шығыс
Қазақстан территориясында қалыптасқанын VІІ – VІІІ ғасырларға жататын ерте
сросткинск кешенін бөліп қарағанда дәлелденеді [16. 101–102 бб.].
М.П.Грязнов атап кеткен сросткинск пен таулы Алтай ескерткіштерінің
жақындығы белгілі, екеуін де қалыптастыруға телес тайпалары мен Шығыс
Қазақстандағы яньмо тайпалары араласқан. Қимақ мемлекетінің құрылуымен
сросткинск мәдениеті қимақ – қыпшақ территориясына кең тараған. Осы
жерлердегі жергілікті мәдениетті, мысалы, Алтайдағы Жоғары Обь мәдениетін
ығыстырған. Қыпшақ тайпаларының ортасын сросткинск мәдениетінің енгенін
Бараба даласындағы Усть – Тартас және Челябинск облысындағы Синеглазова,
т.б. қорғаны дәлелдейді [4. 61 б.]. Бүкіл территорияда сросткинск
мәдениетінің таралғанын түрлі заттар дәлелдейді: сүйектен иілтіп жасалған
түрлі заттар, үшкір тұмсықты қола және сүйек тоғалар, оқтың ұштары, ұзын
белбеулер, әшекейлер, өрнекті стильдегі, т.б. Сросткинск мәдениеті
ескерткіштерінің кең таралуы бұл этникалық мазмұнын жоғалта бастағанын, ал
қимақ - қыпшақ бірлестігінде кең тарады деуге негіз бар. Ерте таптық
мемлекеттік құрылымдарда И.С. Каменецскийдің анықтауынша түрлі мәдениеттер
үстем еткен немесе мемлекеттік мәдениеттің ықпалымен тегістеліп жатады
деген тенденцияны айтады. Осындай "мемлекеттік мәдениет" Батыс Сібірдің
орманды далаларында ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениеті болды, ол қыпшақ елінің
этникасы мен шаруашылығын қамтыды [17. 19 б.].

Х ғасырдың ортасында қыпшақтар алғаш рет Ежелгі Русьтің шығыс шекарасына
шықты. Ертеден белгілі Дешті – Қыпшақ ұғымы оңтүстік орыс далаларына тарай
бастады. Бұл Дешті – Қыпшақтың шығыстағы шекарасының кішірейгені туралы
ұғым қалыптастырды. Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қара теңіз
өңірінен Солтүстік Алтайға дейін қоныстанған кезде болған күрделі
этномәдени процестер жөнінде мәлімет береді.

Х ғасырдың аяғында Сросткинск мәдениеті өмір сүруін тоқтатады, ал бұл кезде
Қимақ мемлекеті де құлап, қыпшақ тайпаларының жаңа этноәлеуметтік
қауымдастығы құрылады. Қимақ-қыпшақ федерациясындағы саяси биліктің ауысуы
сыртқы жағдайларға да (найман тайпаларының Ертістің жоғары жағын алуы),
ішкі жағдайда қыпшақтар әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейді.
В.Бартольдтың айтуынша, қимақтардың тарихи маңызы сонда, олардың арасынан
қыпшақтар шықты [20. 549 б.]. Қимақтар біраз уақыт Ертістің сол жағында
тұрады [15. 86-87 бб.].

ХІІ – ХІІІ ғғ. Оңтүстік орыс далаларына қоныстанған қыпшақтар сросткинск
формаларына ұқсас мәдениетті (ауыздықты, белдікті, айылбас, үщ айыр, т.б.)
әкеледі. Азиядағы қыпшақ кешенінің толық қалыптасуы сросткинск мәдениетінің
жоғары шекарасы (Х ғ. аяғы) шығыс Еуропа далаларында (ХІІ ғ. басы) кең
тараған кезеңімен анықтауға болады, яғни ХІ – ХІІ ғғ.

Батыс Сібірдің оңтүстігі бұл кезеңнің ескерткіштері аз болғандықтан олардың
тарихи жазбасын қиындатады. Олардың ішіндегі негізгісі Томск қаласының
жанындағы Басандайка грунтовый могильнигі. Бұл кешеннің құрылысы жөнінде
жазған авторлар (К.Э.Гриневич, А.П.Дульзон, З.Я.Бояршинова) оларды үш
кезеңді қарастырды: Х – ХІІ ғғ. (монғол дәуіріне дейін), ХІІІ – ХІV ғғ.
(Монғол дәуірі), ХVІ – ХVІІ ғғ. (Мұсылман молалары). Осының алғашқы
екеуінің хронологиялық топтары мен түрлі жерлеу дәстүрлері тығыз байланысты
екені айтылған (өлікті жерлеу, аттарды жатқызу, өртеу). "Түрік мәдениеті
мен Камалық Чуд мәдениеті" араласқан, яғни жергілікті мәдениетпен сырттан
келген оңтүстік мәдениетінің компоненттері болды. Табылған материалдарға
сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноғай ордасының құрылуы және ішкі саяси жағдайы
Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі
Орыс хан заманы. (Урус хан, Урус-хан узбеки, Ұрыс хан, Арыс хан, Өріс хан)
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Қимақтар Қазақстан аумағында
Қазақстан тарихы
Астанасы Алмалық қаласы
Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
«Түрік» этносы және этнонимі
Пәндер