Қазақстан республикасындағы суицид мәселесі


Жоспар:
1. Қазақстан Республикасындағы суицид мәселесі
2. Адамдардың суицид жасау себептері
3. Суицидтің алдын-алу жолдары
Қазақстан Республикасының суицид мәселесі
Менің таңдаған әлеуметтанулық зерттеу тақырыбым - Қазақстан Республикасындағы суицид мәселесі. Бұл мәселені талдау үшін алдымен суицид деген терминге қысқаша шолу жасап өтелік.
Суицид (лат. : sui caedere - өзін өлтіру) - адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Суицид деген термин XVII ғасырда пайда болған, бірақ XVIII ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек XX ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.
Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар:
1. Шынайы суицид . Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.
2 . Жариялық суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді (мысалы, біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі) .
3. Жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді (мысалы, нашақорлық, алкоголизм т. б) .
Енді Қазақстандағы суицидке тоқталайық, Қазақстандағы суицид саны жалпыәлемдік стандартпен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде. Қазір әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да суицид пен нашақорлық проблемасы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі бұлар адам санын азайтатындықтан, мемлекетті моральдық және экономикалық жағынан шығынға ұшыратып отыр.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақсатан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрынғы деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Ол кезде орта есеппен 100 000 адамға шаққандағы суицид жасаушылардың саны 30 адамды құраған.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы - қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша «тұрақты лидерлер» саналатын - Венгрия (88) мен Литвадан (96-99) сәл төмен тұр. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде.
Ал енді Қазақстанның ішіндегі жағдайға назар аударсақ: соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға), Ақтау (64-67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз-өзіне қол жұмсаған) . Бір атап өтерлігі - елде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен.
Қазақстанда суицид жасайтындардың көбі ер азаматтар деген пікір бар. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 2007 жылы 342 суицид фактісі тіркелген. Оның 2/3-і ер азаматтар.
Психологтардың сөзіне қарағанда, өз-өзін өлтіру оқиғалары әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жиі келеді. Ер адам өз-өзіне қол саламын деп шешсе, онда олар өз ісін аяғына дейін жеткізуге тырысады. Ал әйелдер әдетте өлуді емес, өзіне назар аудартуды көздейді. Сол себепті, статистикада өз-өзіне қол жұмсап өмірін қиған ер адамның 1 оқиғасына әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауға талпынған 5 фактісі сәйкес келеді екен.
Ал әйелдер суициді жөнінде мынандай мәлімет бар: дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандық әйелдер арасындағы суицидтің көрсеткіші - 15 пен 24 жас аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда 11, 1 оқиғаны құрайды. Салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл көрсеткіш - 2, 9-ға тең.
Қазақстанда жылдан-жылға жасөспірімдер арасында суицид көбейіп отыр. Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады.
Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның - 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы - 261, 2006 - 274, ал 2007 - 352 суицид тіркелген.
2008 жылы Павлодар қаласында алғашқы бес айдың ішінде 18 жасөспірімнің түрлі жағдайлардағы суцид жасауларытіркелсе, оның оны қайғылы жағдаймен аяқталған. 2008 жылғы деректің өзі алдыңғы жылдарға қарағанда жастар арасындағы суицидтің белең алғандығын көрсетеді.
«Ресми дереккөздерге сенсек, 2009 жылы 26 жасөспірім өздеріне қол салған. Жағдай былтыр да жақсарған жоқ. Осылайша, елімізде 237 суицид оқиғасы тіркелген. Алаңдататыны - мұндай оқиғалар еліміздің барлық облыстарында орын алған. ШҚО-да 30 жасөспірім, Қарағанды, ОҚО, Ақмола, Ақтөбе облыстарында 20-дан аса жасөсіпірім өмірмен қоштасу туралы шешім қабылдаған. Соңғы үш жылда СҚО-да бұл көрсеткіш екі есеге артқан», - деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүлейменов айтып кеткен. Сонымен қатар, депутат жасөспірімдер арасында соңғы жылда болған суицидтердің кейбіреулерін келтірді: «Өткен жылы 13 қазанда Қарағанды қаласында он төрт жасар жасөспірім асылып қалды. Арада бес күн өткеннен кейін жұртшылық Алматы облысының Тұздыбастау кентінде он бес жасар екі жасөспірімнің өздеріне өздері қол жұмсап, өмірмен қош айтысқандарын естіп, жағаларын ұстасты.
23 қарашада бұқаралық ақпарат құралдары Ақтөбе қаласында он жетідегі қыз бала мен он бес жасар жасөспірімнің асылып қалғаны туралы ақпарат таратты. 26 қарашада осындай оқиға Алматыда қайталанды. Бұл жолы айтып келмеген ажалдың құрығына он алты жасар жасөспірім ілікті.
Желтоқсанның 6-13 аралығында Теміртауда, Семейде, Астанада, Ақмола облысының Щучинск қаласында тағы үш қыз, екі ер бала өз еріктерімен өмірден озды.
23 желтоқсанда Ақмола облысының Егіндікөл ауылында жергілікті мектептің 10 сыныбында оқитын қыз бала асылып өлді. Өкінішке орай жаңа жылдың алғашқы күндері де ата-аналарға қайғы арқалата келді. Бұрынғы күні ғана бұқаралық ақпарат құралдары жұртшылыққа Ішкі істер министрлігі академиясының бірінші курс студентінің көп қабатты үйдің төбесінен құлап өлгенін естіртті».
Сөйтіп, бүгінде ата-анасы баласы мектепке кетсе, үйге аман-есен орала ма деп, өздері жұмыста жүрсе, кешке балам алдымнан шығар ма екен деп алаңдайтын, мазасыз күй кешетін болды. Ертең мезгілсіз ажал кімнің есігін қағады, кімді зар жылатады?! Бұл пәле бізге қайдан жабысты? Сырты бүтін, іші түтін балалар қайдан шығып жатыр? Балалар бесіктен белі шықпай жатып неге өмірден түңілетін болды? «Сенің табаныңа қадалған шөгір менің маңдайыма қадалсын», - деп бауыр еті баласы үшін отқа да, суға да түсуге даяр ата-ананың көз жасы неге құрғамайды, деген сұрақтарға кім жауап береді?
Енді жоғарыда көрсетілген суицидтардың себебін анықтайық. Неліктен бұл адамдар бір рет қана берілетін өмірден оңай кете салады? Психолог мамандардың бұл мәселенің себебін қалай анықтағандарына назар аударайық.
«Өзін-өзі өлтіру ешқашан кездейсоқ әрекет болған емес. Адамның, жалпы, күйзелісі оқшауланған психологиялық қажеттіліктерден туындайды. Өз-өзіне қол жұмсау қадамына барудың себептері өте көп. Оның бастылары - махаббаттағы бақытсыздық, жақын адамының өлімі, жалғыздық, жұмыс барысында туындаған проблемалар. Кейде жазылмайтын ауруға душар болғандар мен материалдық-тұрмыстық қиындыққа ұшырағандар да өз өміріне балта шауып жатады. Тіпті кей жандарға қызмет лауазымының өзгеруі де ықпал етеді. Бірақ жоғарыда айтылған проблемалардың бірі кездескен адамның барлығы бірдей өз өзіне қол жұмсамайды ғой. Неге? Себебі оның өмір сүруіне оң ықпал ететін бірнеше факторлар болады. Ол - тату-тәтті отбасы, махаббат, ата-ана қамқорлығы, дұрыс тәрбие. Жауапкершілікті сезінген адамға осындай құндылық қасиеттер кез келген проблемаларға қарсы тұруға көмектеседі», - дейді Айгүл Нәшкенова, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығы суицидология және эпидемиология ғылыми бөлімінің меңгерушісі
Психолог мамандар, әдетте жалғыздық - суицидке итермелейтін бірден-бір себеп екендігін айтады.
«Өз-өзіне қол салу - түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Әрдайым адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алып жатса, ата-ана баласын түсіне алмаса, күйеуі әйелін түсінбесе немесе керісінше дегендей, жақын жандардың бір-бірін түсінбеуі осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді», - деп Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова айтып кеткен.
Қазіргі кезде суицидтің төмендегідей себептері жайлы айтылып жатыр.
Әр суицидтің шығу себебі бар. Бірақ көп жағдайлардағы себеп ондай адамдардың иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеулерінде болады. Бұлар басты себептері. Ал басқа себептердің барлығы осы басты себептерге тікелей тәуелді. Мысалы, сүйген қызымен ұрысып, немесе аралары ажыраған жігіттің өзін-өзі өлтіруіне санасы ояу адам баласы үшін ешқандай ақылға қонымды себеп жоқ. Ақымақтықпен өз өмірін қияды.
Қаржылық жағдайлардың әсері де кей адамдар үшін суицидтің тудырушы күші болып табылады. Алайда, қаржылық қиындықтар басты себеп емес. Егер ондай қиындықтарға шыдамай өз-өзін өлтіру белең алса, онда әлемнің тең жартысы қырылып қалады емес пе?! Қиындық кімде жоқ дейсіз?! Демек, иманы мен өмірге деген көзқарасы дұрыс емес болған адам ғана мұндай уақытша қиындықтарға төзе алмай, ең дұрыс жол ретінде суицидті таңдайды.
Ренжу. Кейде жасөспірімдердің арасындағы суицид ата-анасына ренжудің салдарынан болады. Бірақ сондай ардақты жандарға ренжіп өзін-өзі өлтіру де жан дүниесінде кемістігі бар адамның істейтіні болса керек.
Қателік. Өмір болғаннан соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателіктерге ұрыну барлығымыздың табиғатымызда бар нәрсе. Қандай қателік жасасақ та суицидпен шешімін табуымыз дұрыс емес. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Ата-анасынан қорқып қателігін жылы жауып қою мақсатында өлімге бару көзі ашық, көкірегі ояу жандардың істейтін әрекеті емес.
Міне Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының тағы бір дерегі:
Суцидпен көз жұмғандардың 44% өзіннің өліміне мына адам кіналі деп хат жазып қалдырады. Олардың кіналі деп тапқаны мыналар:
- «Барлығы» - 20%
- Жақын адамым - 12%
- Бастық - 8%
- Ешкім емес - 4%
Яғни бұл - эгоизм. Артында қалғанды ойламайды, «сол керек!», - деп кек қайтарған болады.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары адамдардың өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын мынадай факторларды көрсетеді:
- 1, 2 % - Денсаулығының нашарлығынан;
- 3 % - Қаражат қиындығынан;
- 1, 4 % - Өмір сүрудің ауырлығынан;
- 6 % - Құмарлықтан;
- 18 % - Отбасы келіспеушілігінен;
- 18 % - Рухани дерттен;
- 19 % - Жазасын өтеуден жалтару мақсатында осындай қатерлі қадамға барады екен. Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 %-ы неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр. Бұл мәселедегі ең күйзелтетіні, суицидтің жасөспірімдер мен жастар арасында көптеп кездесуі.
Жасөспірімдердің неліктен өз-өзіне қол жұмсайтындығы жөнінде көптеген пікірлер бар. Солардың кейбіреулері төменде:
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2008 жылы «Балалар суициді» тақырыбында жүргізген арнайы зерттеуінде балаларды суицидке итермелейтін негізгі себептер ретінде баланың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, одан кейін - ұлтаралық қатынас, отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты факторлар аталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz