Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері


Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері .
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
а) адамдармен қарым - қатынас жасау әдісі, үлгісі;
б) билік және басқару өнері;
в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
г) басқару органы, әкімшілік бөлігі.
«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген :
«Менеджмент - бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалану процесі»
Профессор И. И. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.
Белорусь ғалымы И. И. Кабушкиннің ойынша менеджмент - бұл адамның еңбегін, мінез - құлық мотивін және ой - өрісін қолдана отырып жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.
Ф. М. Русинов пен М. Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі деп түсіндіреді.
Э. А. Уткин «Курс менеджмента» еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұғымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік - экономикалық механизмінің түрлі принциптері мен қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.
А. А. Радугин менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша анықтамасын қолданады. Ол пікірінше, менеджмент - бұл әрі өнер, әрі ғылым.
Менеджмент - бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д. Д. жетекшілік еткен ғалымдар тобы «Основы менеджмента» деген кітапта береді.
Менеджмент саласындағы маман Веснин В. Р. басқару және менеджмент деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент(мекеме, комерциялық немесе комерциялық емес фирмалар мен олардың жеклеген бөлімшелеріне) жетекшілік жасамау.
Біздің ойымызша, бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәріне тән ортақ нәрсе менеджмент - бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандарының жүйесі. Терминологиялық пікір талаптар мен 50-ден астам менеджмент анықтамасының интернетациясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипаты мен мазмұнын зерттейтін ғылым екендігін атап өту керек. Менеджментке анықтама бермеген О. С. Виханский мен А. И. Наумов дұрыс жасаған.
Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.
Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше, менеджмент - ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі.
П. Друкердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазды: Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметтегі алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттерібелгіленеді және айқындалады.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қрлданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі әлеуметтіктоптарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады :
- Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
- Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және қызметкерлерге билік жүргіуді жүзеге асыру.
- Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштердің ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
- Құрама одақтық немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастрып, оларға басшылық ету қажет.
- Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
- Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес - менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Көрнекті америка экономисі В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша «Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласындажаңарту, иновациялау, жаңалық енгізу мақсатындафирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы ».
Вольфганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» деген кітабында былай деп жазды: «Менеджмент-бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы ». Егер Батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім - бұл экономикалық шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және мнеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттегі басты нәрсе-кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою. Ескі стилдегі кәсіпорын басшылығы менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджментің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны-қолда бар адам мен материялдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Кәсіпорын ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұлтерминнің анықтамасы шығады: менеджмент- бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу күрделі іс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегенміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызматкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады, олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Сонымен менеджменттің екі ұғымы бар:
біріншіден, менеджмент бұл басқару, басшылық ету органы.
екіншіден, менеджмент - бұл адамдарды басқару.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz