Тарих сабақтарында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану


ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ТАРИХИ.МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Әдебиеттер
Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мэдениет . Ендеше сол ата-бабаларымыздың тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік»[1] деді еліміздің Президенті Нұрсүлтан Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысындағы сөзінде .
7 сыныпта «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы" пәні сабақтарында тарихи - мэдени ескерткіштерді оқытқанда мына жайларды басшылыққа алуға болады. Мәселен, оқулықта 10 тақырып «Қарахан мемлекеті (942 - 1212 ж.ж)" деп аталады. Осы мемлекеттің мэдениеті жайлы айтқанда атақты адамдардың басына күмбездеп кесені салынғаны қозғалады . Бұл ескерткіштер бүгінге дейін жетіп отырған Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелері. Тақырыпты өткенде алдымен оның шежірелік сипатына мән берген дұрыс. «Өйткені шежіре тарату дәстүрі, оның ішінде қазақтың далалық ауызша тарихнамасы тарихи танымның елеулі бір арнасы болып табылады» [2] Шежіренің куатты дерек көзі екендігін ғалымдар Ә.Марғұлан, Ж.Дәдебаев өз еңбектерінде айтқан. Әулие ата уезінің бастығы В.Каллаур да Қарахан мен Айша бибі арасындағы шынайы махаббат туралы ел аузынан аңыз жинаған .
Қарахан кесенесі туралы Түркістан әуесқой археология үйірмесінің мүшесі В.Панков «Бұл анау - мынау мазар емес, назар аударарлық ежелгі замандардың аса құнды ескерткіші ... Онда екі минареті ғана аяқталған. Уақыт көптеген ою -өрнектерін жойып жібергенімен алдыңғы жағынан қарағанда кесене әлі асқақ көрінеді. Мен сондай - ақ әсем Қытай кірпішінен тұрғызылған бұл құрылыстың түзу әрі үйлесімді салынғандығына назар аудардым. Ескерткіштің төменгі бөлігіндегі кірпіштерде крестер бейнеленген, биіктігі шамамен алты кадам»- деп жазып қалдырған. Әрі осы автор жергілікті Абдолла деген Қазыдан Қарахан кесенесінің шын атауы Шамахмұт екенін естіп, ол жайындағы шежірені жазып алған.[З]. Көптеген ғұламалар жазба шежірелерінің негізінде ауызша айтылатын шежірелерді арқау еткен. Сондықтан, аталған тақырыптарды өткенде оқушыларға Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. туралы
1. Нысанбаев Ә. Асанқайғының ақиқаты // №5, 2004 ж.24 б.
2. Тарақты А. Ауызша тарихнама. Қазақ. – Алматы: Білім, 1994.- 31 б.
3. Әулие ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас – Алматы. Білім, 2004.- 17 б.
4. Жәнібек Ө. Жолайрықта – Алматы: Рауан 1995.- 11 б.
5. Байпақов Қ. Қазақстанның ежелгі қалалары – Алматы: Аруна, 2005.- 114 б.
6. Жәнібек Ө. Уақыт керуені. – Алматы: Жазушы, 1992. – 112 б.
7. Сейдімбеков А. Күңгір – күңгір күмбездер. – Алматы: Жалын, 1981. – 194.
8. Бұл да сонда 201 б.
9. Бұл да сонда 201 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




ӘОЖ 316 (075,8)

ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

Н. Есенов
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
№12 Керімбай атындағы мектеп-ресурстық орталығы, Тараз қ.

Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық
екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы
пәнінің орны ерекше. Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық
ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді,
ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт
өткен сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі
өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мэдениет . Ендеше сол ата-
бабаларымыздың тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік[1] деді
еліміздің Президенті Нұрсүлтан Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысындағы
сөзінде .
7 сыныпта Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы" пәні сабақтарында тарихи
- мэдени ескерткіштерді оқытқанда мына жайларды басшылыққа алуға болады.
Мәселен, оқулықта 10 тақырып Қарахан мемлекеті (942 - 1212 ж.ж)" деп
аталады. Осы мемлекеттің мэдениеті жайлы айтқанда атақты адамдардың басына
күмбездеп кесені салынғаны қозғалады . Бұл ескерткіштер бүгінге дейін жетіп
отырған Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелері. Тақырыпты өткенде
алдымен оның шежірелік сипатына мән берген дұрыс. Өйткені шежіре тарату
дәстүрі, оның ішінде қазақтың далалық ауызша тарихнамасы тарихи танымның
елеулі бір арнасы болып табылады [2] Шежіренің куатты дерек көзі екендігін
ғалымдар Ә.Марғұлан, Ж.Дәдебаев өз еңбектерінде айтқан. Әулие ата уезінің
бастығы В.Каллаур да Қарахан мен Айша бибі арасындағы шынайы махаббат
туралы ел аузынан аңыз жинаған .
Қарахан кесенесі туралы Түркістан әуесқой археология үйірмесінің мүшесі
В.Панков Бұл анау - мынау мазар емес, назар аударарлық ежелгі замандардың
аса құнды ескерткіші ... Онда екі минареті ғана аяқталған. Уақыт көптеген
ою -өрнектерін жойып жібергенімен алдыңғы жағынан қарағанда кесене әлі
асқақ көрінеді. Мен сондай - ақ әсем Қытай кірпішінен тұрғызылған бұл
құрылыстың түзу әрі үйлесімді салынғандығына назар аудардым. Ескерткіштің
төменгі бөлігіндегі кірпіштерде крестер бейнеленген, биіктігі шамамен алты
кадам- деп жазып қалдырған. Әрі осы автор жергілікті Абдолла деген Қазыдан
Қарахан кесенесінің шын атауы Шамахмұт екенін естіп, ол жайындағы шежірені
жазып алған.[З]. Көптеген ғұламалар жазба шежірелерінің негізінде ауызша
айтылатын шежірелерді арқау еткен. Сондықтан, аталған тақырыптарды өткенде
оқушыларға Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б.
туралы шежірелерді жүйелеп, ғылыми негізде жеткізген дұрыс. Бұл жерде
тарихи тұлғалардың ата-тегі, ортасы, сол кезеңдегі коғамдағы орны деректер
негізінде айтылуы тиіс. Шежірені бала бойында рухани нәр қалыптастыратын
күш деп қараған дұрыс.
Осы оқулықтағы Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы атты тақырыпты
өткенде архитектуралық құрылыс жүйелерін, салыну әдістерін аша түсу керек.
Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен
көрінетіні мәлім [4 ]
Бұл ретте тарихи кесенелердің салыну әдістерін кеңейте
айтқан абзал. Мәселен, Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан - жуан
бағаналар және әр қасбетінің (фасад ) ортасында жоғары және сүйірлеу
аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғалармен бағаналардың беті
тұтастай терракоталық ( қыш ) тақталармен қапталып шыққан [5].
Мұғалім оқушыларға Айша бибі кесенесінің ішкі беті кірпіштен, сыртқы
беті жоғарыда айтылғандай күйдірілген қүйма балшықтан қаланғанын, ал кірпіш
пен күйдірілген құйма тастардың арасына әк косылған балшықпен жымдастырып,
арша ағашымен ұстатылғанын көрнекіліктер арқылы түсіндіреді.
Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай тыныш және бүгінге
дейін сақталуының бірден-бір айғағы осында екендігі айтылады. Кесененің
салыну әдісін оқушыларға осылай тәптіштеп, кеңінен
түсіндіру казақ топырағында да сәулет өнерінің жақсы
дамығандығын білуге үйретеді.
Қазақстанда 25 мыңға тарта тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Оның
10,5 мыңы Маңғыстау мен Үстіртте орналасқан. Мұнда сирек кездесетін тұрғын
үйлер мен, мешіттер мен қатар, ғимараттары бірін-бірі қайталай бермейтін
600 зират бар. Егер шындығына келсек, жоғары неолит дәуірінен күні бүгінге
дейінгі ғажайып ескерткіштері мол бұл өлке Қазақстанды былай қойғанда,
ЮНЕСКО-ның қарамағында болатын жөні бар [6] – деп жазады көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.
Оқушыларға тарихи-мәдени ескерткіштерді оқытқанда оларды зерттеушілердің
еңбектерінен мағлұмат беру өте маңызды. Өйткені оқушы ескерткіштің тарихи
тұлғаларға арналып тұрғызылғанын біліп қана қоймай, тұтас бір ғылыми
дәстүрлер мен мектептер бар екенімен біліп танысады. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тарих сабақтарында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану туралы
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Тарихи - мәдени мұраларды қорғау және пайдалану
Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру жолдары
Тарихи-мәдени мұра
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Тарих сабағында картографиялық көрнекілікті пайдалану
Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь