Электрондық оқулық және оның құрылымы


Кіріспе

Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады. Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.

XXI ғасыр елімізде қоғамдық ақпараттануды - мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Қоғамды ақпараттануды деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми -техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кез-келген пәнді үйрететін программалар және т. б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын.

Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.

Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған тестік программаны пайдаланып дайындаған “Delphi-де программалау” пәні бойынша электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.

Осы программаны пайдалануда студенттердің білімін жан - жақты көтеріп, есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешек жұмысында ЭЕМ - мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет.

Сонымен қатар соңғы кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің білім деңгейін тест түрінде тексеру пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу кезінде компьютерде тестілеу мұғалімдердің уақытын тиімді пайдаланып, студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді.

Оқытуды ақпараттық-техникалық үлгілеу жеке оқыту материалдарын жаңартып, оқытушы мен студенттің байланысын және байланыс құралдарының жаңарып отыруына, сонымен қатар оқу жүйесін ұйымдастыруда жаңа бағыттарды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Осы орайда, дәстүрлі әдістерді толығымен жойып, жаңа әдістерді жасап, оны қолдану деген мағынаға қайшы, яғни дәстүрлі әдістерді пайдаланып, оны жаңғыртып жаңа телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып оны өмірге енгізу болып табылады.

Компьютерлік телекоммуникациялар қазіргі уақытта тек жаңашылдық белгі ғана емес, телекомуникацияның алдағы күнге тіке қарау. Компьютерлік телекоммуникациялар немесе "телекоммуникациялар" - қашықтан оқудағы бір компьютерден екіншіге беру құралы болып табылады.

Оқытуды ақпараттық-техникалық үлгілеу жеке оқыту материалдарын жаңартып, оқытушы мен студенттің байланысын және байланыс құралдарының жаңарып отыруына, сонымен қатар оқу жүйесін ұйымдастыруда жаңа бағыттарды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Осы орайда, дәстүрлі әдістерді толығымен жойып, жаңа әдістерді жасап, оны қолдану деген мағынаға қайшы, яғни дәстүрлі әдістерді пайдаланып, оны жаңғыртып жаңа телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып оны өмірге енгізу болып табылады.

Компьютерлік телекоммуникациялар қазіргі уақытта тек жаңашылдық белгі ғана емес, телекомуникацияның алдағы күнге тіке қарау. Компьютерлік телекоммуникациялар немесе "телекоммуникациялар" - қашықтан оқудағы бір компьютерден екіншіге беру құралы болып табылады.

Бүгінгі күні Интернеттің негізгі идеясы - гипермәтінді белгілеу тілін (НТМL) пайдалану. Оның интерпретаторы (машина тіліне тасымалдау) болып-browse(қалауынша кім қалай атайды - броузер немесе браузер) бағдарламасы болып табылады. Броузер Web парақтарды көру үшін арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаларды әйгілі Місrosoft Internet Ехрlorer және Netcape Navigator фирмалары дайындаған.

Ақпараттық технология қоғамның ақпараттық ресурстарды қолдану үрдісін құраушылардың маңыздырағы болып табылады. Қазіргі негізге дейін ол бірнеше эвалюциялық сатыдан өтті. Олардың ауысуы ең бастысы ғылыми- техналогиялық прогресстің дамуымен, ақпаратты қайта өңдеудің жаңа техналогиялық құралдарының пайда болуымен анықталады. Қазіргі қоғамда ақпаратты қайта өңдеу техналогиясының негізгі техналогиялық құралы- қызметін дербес компьютер атқарады. Ол техналогиялық үрдістерді құру мен қолдану концепциясынада, сонымен бірге нәтижелі ақпарат сапасынада мәнді түрде әсер етті. Ақпараттық техналогиялар терминіне “жаңа ”, “компьютерлік” және “қазіргі кездегі ”синонимдері қосылу есебінен жаңа терминдер пайда болда. Жаңа ақпараттық технология - дербес компьютерлермен телекоммуникациялық құралдарды қолданатын пайдалануының жұмыс істеуінің “достық” интерфейісі бар ақпараттық технология.

Дипломдық жұмысының мақсаты - ЖОО мекемелерінің студенттеріне арналған берілгендер қорын басқару жүйесінен ең жақсы электрондық оқулық жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру. Пайдаланушы электрондық оқулықты қолдана отырып, осы пән бойынша өзінің ой өрісін дамытады.

Зерттеу объектісі: Delphi ортасында «Delphi-де программалау» пәні бойынша электрондық оқулық құру.

Жұмыстың қолдану облысы: Бұл оқулық орта және жоғары оқу орындарында қолданылады.

Дипломдық жұмыста HTML гипермәтіндік тілінің технологиялар мүмкіндіктерін және принциптерін электрондық оқулық жасауда қарастырдым, сонымен қоса электрондық оқулықты, өзге бағдарламалармен (Borland Delphi) байланыстырып жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасадым.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.

Бірінші бөлімде, қашықтан оқу оқытушы мен арадағы қатынасты компьютерлік желі, аудио- және видео байланыс, баспа құралдары арқылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін арнайы технология қарастырылған.

Екінші бөлімде, клиенттік компьютерде HTML- файлын көрінерлік бейнеге ауыстыруды және WWW обьектісіне қатынауды жүзеге асыратын браузер-бағдарламасы болуы керек. Бұл файлдар қолданушының операциялық ортасына тәуелсіз қол жетерліктей болуы керек. Соның барсында, серверлік қосымшалар клиенттен инвариантты құрылуға міндетті және олардың өңделуі әмбебапталған клиенттің бар болуына және корпорацияның функционалды тапсырмаларын жүзеге асыруға толығымен бағытталған болуы керек.

Үшінші бөлімде, оқу құралының қалай құрылыалатындығы және оның түрлері қарастырылған. Электронды оқу құралының жасалуы, талабы, міндеті, кімдерге арналғандығы туралы мәліметтер қарастырылған. Сонымен қатар, жүйелік талап та бар.

Сонымен қатар, электронды оқулық, оның мақсаты мен міндеттері, талаптары және оқушы қауымға ыңғайлылы туралы сөз болады.


1 Теория бөлімі

1. 1 Электрондық оқулықты пайдалану саласы

Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады. . Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. .

Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске, яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.

Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен (гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.

Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде) қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек, онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т. б. оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады [1] .

Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері

Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:

  • бақылаусыз оқыту;
  • бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
  • қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.

Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады [2] .

Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытуда қажетті:

  • оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т. б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;
  • дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
  • көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
  • барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануыға мүмкіндік беру;
  • жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;
  • шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанатын басқа да сөздерді пайдалану.

Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет.

Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол:

  • лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
  • арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.

Қашықтан оқу оқытушы мен оқушының орналасқан аймақ арасы мен уақыт мүмкіндіктерін қолданып оқыту әдісі болып табылады. Сонымен қатар, қашықтан оқу оқытушы мен арадағы қатынасты компьютерлік желі, аудио- және видео байланыс, баспа құралдары арқылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін арнайы технология [3] .

Осы жағдайда қашықтан оқу алыс жерде тұратын немесе басқа әдістермен білім ала алмайтын студенттерге арналған тиіміді оқу түрі болып табылады.

Сонымен, қашықтан оқу келесі негізгі белгілермен сипатталады:

  • білім алу қажеттілігі және оны көрсету мүмкіндіктері;
  • студент пен оқытушының үнемі контактта болмау мүмкіншілігі;
  • студент пен оқытушының байланыс жүйелерінің көмегімен техникалық өзара байланысын іске асырады;
  • педагогикалық алмасу технологиясына сәйкес, қашықтан оқу үшін арнайы дайындалған дидактикалық материалдардың болуы.

Осы анықтама арқылы кең тараған оқу формасын дәстүрлі түрдегі баспа материалдарынан әртүрлі аудио- және видео- курстар, сонымен қатар оқу фильмдерін қоса өзіндік оқуды қамтитын оқудың әртүлі формалары болып келеді.

«Қашықтан оқу» термині барлық оқушылар мен оқытушылар үшін және алыс арақашықтықтан білім алатындар үшін, әртүрлі үлгілердің қолданылу түрін білдіретін атау.

Қашықтан оқу түрлерін қолданатын басқа да білім алу түрлері оқыту процессінің басты құрайтын негізіне негізделеді, яғни:

  • пән мазмұнын баяндау;
  • оқытушылармен өзара байланысу;
  • тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

Қашықтан оқудың берілген материалдарын қолдану, әртүрлі техникалық мүмкіндіктермен байланысты оқытудың дәстүрлі тәсілдерін кеңейтумен байланысты. Әртүрлі оқытудың қазіргі кездегі техникалық амалдары түбірімен дәстүрлі әдістерді кеңейтіп және жаңарту негізінде, сонымен қатар оқытушы ролін өзгерте отырып, оқу материалдарын өзіндік үйренуге мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың дәстүрлі оқыту формасынан айырмашылығы келесі түрде сипатталады:

  • тиілімділігі, бұл жерде пәнді оқып үйрену үшін уақыт шектелмеген және ыңғайлы орында отырып үйренуге болады;
  • модульділігі, жеке және топтық қажеттілікке жауап беретін тәуелсіз түрдегі оқу курстарының жиынынан тұратын оқу жоспарын қалыптастыру;
  • параллельділігі, яғни оқу өндірістен тыс емес түрде өзінің кәсіптік жұмысымен қатар түрде білім алу;
  • қамту, оқуға қажетті ақпараттарға (электронды кітапхана, мәліметтер қоры және тағы басқа оқу көздері), оқытушымен байланыс және студенттердің өзара ақпарат алмасуы желі арқылы бір мезгілде хабар алмаса алу мүмкіндігі;
  • электронды оқу құралдары және техникалық құралдарды тиімді түрде алудың үнемділігі;
  • технология, оқу процесінде қазіргі заманға ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану;
  • әлеуметтік теңділігі, барлық студенттердің материалдық жағдайына, денсаулығына, тұратын жеріне шек қойылмай, білім алу;
  • экспорт және импорт мүмкіншіліктерін оқу қызметі нарығында дүние жүзілік жеткен табыстарды пайдалану.

Оқытуды ақпараттық-техникалық үлгілеу жеке оқыту материалдарын жаңартып, оқытушы мен студенттің байланысын және байланыс құралдарының жаңарып отыруына, сонымен қатар оқу жүйесін ұйымдастыруда жаңа бағыттарды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Осы орайда, дәстүрлі әдістерді толығымен жойып, жаңа әдістерді жасап, оны қолдану деген мағынаға қайшы, яғни дәстүрлі әдістерді пайдаланып, оны жаңғыртып жаңа телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып оны өмірге енгізу болып табылады [4] .

Жаңа әдістер мен оқыту технологиялары қашықтан оқуда теория мен тәжірибеге жаңа ұйымдастырушылық формаларды әкелді, олар келесі түрде:

  • виртуалды оқу топтары, топтардың оқу әдістері мен пәндерінің бірдей болуын қамтамасыз етеді;
  • алға қойылған мақсаттарды шешуде, кейбір тәжірбелік есептерді шығаруда, олардың ортақ жұмысының болуы;
  • білім жүйесінің алыстатылған жүйесі, оқу процесінің үздіксіз қамтамасыз етілуі мақсатындағы оқытушы мен студенттердің арасында үнемі ақпараттық байланыстың болуы;
  • кері байланысы бар телекоммуникациялық құралдар, қандай да бір жағдайда студент жұмысының даралығын жүзеге асырудағы оқу процесінің жылдамдығы;
  • сұхбаттық оқу технологиялары, кәдімгі телефон байланысынан басқа да, телеконференция және электронды поштаны қолдану.

Қашықтан оқу оқытушы ролін кеңейту мақсатында, үнемі өзі оқитын пән курсын жаңартып отыруды талап етеді. Студентке де қойылатын талап өседі, оның компьютерлік техникамен жұмыс атқаруына да көп көңіл бөлінеді.

Информатизация жағдайында қащықтан оқу процесі қазіргі заман талабына сай көптеген өзгерістер әкеп қана қоймай, глобальді түрде оқу ортасын жаңадан қалыптастырды. Әртүрлі оқу процесі мен ортасын өзара байланыстыру, ақпарат алмасу мен беріліс технологияларының әртүрлілігін қосып қана қоймай, оның қажеттісін пайдалануға көмектесті.

Қашықтан оқуды дамытуда кілттік тенденциялар болып келесілер табылады:

  • ақпарат берілісінің диверсификация әдістері;
  • оқу мекемелерінің телекомуникациялық бірігуінің пайда болуы;
  • білім алу процесінде студенттің белсенділігі;
  • оқытудың бақылау нәтижесін тиімді жүйеде жасау.

Бұрынғы кезде білім алудың алыстатылған формадағы технологиясы баспа оқу материалдарына, аудио- және видео- жазбаларының таралуына негізделсе, ал қазір қазіргі заманғы телекоммуникациялар негізінде интерактивті қолдануға рұқсат береді.

Кең ауқымды ақпараттық ресурстардың жинақталуы студентке білім алу процесінде өзіндік бақылауға және ақпараттық білім алудағы мәліметтерді әртүрлі байланыс арналары арқылы меңгеруге рұқсат береді, осының барлығы қашықтан оқудың көп амалдылығына әкеліп соғады [5] .

Алдымен, қашықтан оқудың көпамалдылығы оқу мекемелеріндегі оқыту процесін басқару және ұйымдастыру принциптеріне әкеп соғады, оқытушылар құрамын дайындау, жаңа әдістер технологияларын меңгере алатын болуы керек.

Алғашқы кезде оқу мекемелері көмекші элемент ретінде оқытудың техникалық жағдайына бағытталса, ал қазіргі кезде оқытушы құрамының техгикалық, ақпараттық дайындығы бірінші жоспарға шықты.

Оқытудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру оқу формалары бойынша студенттердің қажеттілктерін қанағаттандыруы керек. өз кезегінде қазіргі заманғы технологиялар оқыту процесін өзгертеді.

Оқу аспектілері ақпараттық жағынан дамуда, ал білім алу технологиялары оқөу мекмесінің ақпараттық инфра құрылымының бірден бір элементі болып табылады, ол әкімшілікке де, оқытуға да қатысты.

Осы технологиялық инфрақұрылым оқу мекемелерінің мүмкіншіліктерін кеңейтеді, білім алудың дәстүрлік формасына қашықтық және уақыт бойынша да шек қоймайды.

Ақпараттық технологиялар қазіргі кездегі педагогикалық ғылымда оқыту ортасына жаңа статус берді, ол ақпарат алмасудың жаңа амалдарына байланысты.

Негізінен қашықтан оқу жүйесі былай сипатталады:

Мемлекеттік стандартқа сай оқу мақсаты қалыптастырылады.

Оқу құрамына әлеуметтік тапсырысқа педагогикалық модель кіреді, сонымен қатар оқыту процесі, жүзеге асыру үшін ұйымдастыру формалары мен әдістері оның мазмұнымен анықталады.

Оқыту объектілері болып білім алудың осы формасындағы қолданушылар болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және тағы басқалары) .

Қашықтан оқу субъектлері болып оқытушылар саналады. Олар оқу процесінің басты буыны ретінде үлкен ролге ие. Осындай қажеттіліктерге сай, қашықтан оқыту жүйесінде оқытушыларды тьютор деп жаңа термин қолданылады, яғни олар оқытушы-кеңесшілер деген мағынаны білдіреді, бұл мамандар информатиканы және телекоммуникацияны жаңа білулері қажет.

Қашықтан оқу формасы бес жалпы дидактикалық әдістерді қамтиды:

  • ақпаратты-рецептивті;
  • репродуктивті;
  • проблемалы;
  • эвристикалық;
  • зерттеушілік.

Олар оқытушы мен студенттердің өзара байланысуының педагогикалық әдістерінің жиынына ие.

Материалдық, техникалық құралдармен жабдықталған комплекстерге ие болуы керек.

Жекеленген-бақылаудың әкімшілік жүйесі кіріс бақылауының ерекшеліктерін анықтайды.

Қаржы-экономикалық ішкі жүйе - құқықтық нормативтермен қоса қаржылық мәселермен айналысады.

Заң актлерімен айналысуы керек, яғни тьютордың еңбегі, жекеменшікті қорғау, аттестациялау, көмектер, оқу мерзімі туралы мәселермен айналысады.

Маркетингтік ішкі жүйе - мұнда тек оқу орындары ғана емес, мемлекет те тапсырыс беруші және тұтынушы роліне ие болады.

Көрсетілген қашықтан оқу түрінің қалыптасуының ұйымдастырушылық негіздері келесі ерекшеліктерге ие:

  • оқудың үздіксіздігі;
  • оқу процесін жүргізудегі ашықтық және жеке бағыттарға сүйену;
  • басты оқу орнына негізделген орталықтандырылу;
  • оқытушы-кеңесшілердің болуы (тьюторов), олар әр пәнге сай орайластырылған болуы шарт.

Қашықтан оқу формасында дәстүрлі құралдардан басқа да мынадай қосымшалар болады:

  • электронды оқу баспалары;
  • компьютерлік оқу жүйелері;
  • аудио- видео оқу материалдары.

Электронды оқу құралдары қағаз құралдарды толықтыра отырып, мынадай ерекшеліктерге ие болады:

  • компьютер жадысында ыңғайлы түрде сақталған;
  • гипермәтіндік мүмкіндіктер;
  • тез түрде өзгерістер енгізуге болады;
  • электронды пошта арқылы жіберуге болады.

Қосымша материалдар магнитофон, видеомагнитофон немесе лазерлі компакт-дисктерді қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа формалар мен оқытудың әдісі
Электронды оқулықты пайдалану
Электрондық оқулықтар жасау
Электронды оқулық құрылымы
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Электронды оқулықтарды құру технологиясы
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары
Электрондық оқу басылымдарын ендіру және қолдану
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz