Ақпараттық технологияларды ақпараттандыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Біздің заманымызда адам іс-әрекетінің барлық дерлік аумағы автоматтандырылған. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар саласы да бұдан тыс қалмады.
Қазіргі заманға сай бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары деректерді сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады. Сондықтан қазіргі кезде деректер базасы үлкен мәнге ие болып отыр. Ол көптеген мамандықтардың ажырамас компонентіне айналып келеді, мысалы, оқытушының педагогикалық жүктемесін есепке алу да ерекше емес.
Бағдарламаны жобалаудың негізгі міндеттері бұл ең алдымен қолданушыны автоматты түрде іске асыруға болатын қарапайым жұмыстан босату және уақыт үнемдеу. Екіншіден, ай, жарты жыл және жыл сайын жасалатын есеп берулерді автоматты түрде есептеп шығару. Үшіншіден, ақпаратты қорғау. Төртіншіден, бүкіл мәліметтерді бір орталыққа жинақтау да, бақылау жүргізу.
Бағдарламаны жобалаудың негізгі мақсаттары: жоғарыда келтірілген міндеттерді орындау үрдісінде бағдарламаны ендіру, бағдарламаның дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау, қолданушылармен кері байланыс орнату, жұмыс істеу үрдісінде кемшіліктерді анықтау және жою, бағдарламаны толықтыру, жаңа функцияларды енгізу және жалпы орындалуын бақылау болып табылады.
Қазақстан Республикасының қабылданған «Ақпараттандыру туралы» заңында ақпарат, ақпараттық ресурстарды, жүйелерді, процестер, жасырын мәлімет, құжатталған ақпарат ұғымдары беріледі. Енді сондағы ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау ұғымына тоқталсақ, ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөніндегі іс-әрекетті қоса алғанда, ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені деп анықтама берілдеді.
Ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделігін туғызатын электрондық жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базалары) .
Сонымен, бұл заңның жарыққа шығуы ақпаратты қорғауға, сақтауға, ақпараттық ресурстар мен жүйелерді дамыту мен қорғауды реттейді, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Мамандардың еңбек нарығында бәсекелестік қабилеті болу үшін, олар ақпараттық технологияны білуі, кәсіби қызметте олардың орның анықтай алуы, ақпараттық инфрақұрылғылармен өзара байланыс жасай алуы қажет.
Ақпараттық ортадағы маманның қолайлы үшін ғылыми-техникалық шығармашылық мәні мен табиғаттын терен білімінін негізінде ақпараттық жүйені құру; ал екінші жағынан маманның ақпараттық мәдениеті - өз қызметінің ауданындағы құжаттық ағымдағы білімнің ерекшелігі; әртүрлі жүйеде ақпаратты іздестіру мүмкіндіктері; әртүрлі мәліметтермен жұмыс істей алу мен ақпараттық қайтадан өңдеудің негіздерін игеру және т. б. болып табылады. Ақпараттық сервис - халық-шаруашылық мамандарының шығармашылық қызметінің тиімділігін көтеру кәсіби ақпараттағы қызметкерлермен орындалатын ақпаратты таныту мен іздестіруді қайта өңдеу немесе сол әрекеттерді дайындауға енетін кәсіби қызмет ауданы.
Мәліметтер қоры біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Жаңа есептеуіш жүйелерінің пайда болуы әрбір қосымшаға жеке өзіндік мәліметтер жиынтықтары анықталып, оларға қолдау жүргізілген мәліметтерді өңдеу тәсілдерінің орнына барлық мәліметтер орталықтан анықталып, қолдаудан өткен жаңа әдістердің пайда болуына әкелді. Ал соңғы кездері, Internet пен мобильді байланыс және сымсыз есептеуіш құралдары, сондай-ақ “интеллектуалды” құралдардың пайда болуынан желілік байланыс пен мәлімет алмасу технологияларының тез дамуы жүріп жатыр. Енді осы екі қарама-қайшы тенденциялардың әсерінен бөлшектелген мәліметтер қорының технологиясы қайтадан мәліметтерді орталықтан өңдеуден орталықтандырылмаған өңдеуге өтіп жатыр. МҚБЖ-ның пайда болуы мәліметтер қоры облысындағы ең маңызды жетістіктердің бірі болып табылады.
Қазіргі заманға сай бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады. Сондықтан қазіргі кезде мәліметтер қорлары үлкен мәнге ие болып отыр. Ол көптеген мамандықтардың ажырамас компонентіне айналып келеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - IT-құралдарды есепке алу ақпараттық жүйесімен танысу және соның негізінде техникалық бөлімнің қызметкерлерінің жұмыс уақытын аутоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз ету.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі есептер шешілді:
- Delphi бағдарламалау тілінің көмегімен кәсіпорының техникалық бөлімнің қызмет жүйесінің барлық мүмкін компоненттерді қарастыру;
- жүйені тиімді және дұрыс бағытта қолдану;
- қолданылған компоненттердің тиімді әдіс қолданысын талдау, олардың қолайлығын дұрыс бағытта қолдану.
Дипломдық жұмыстың объектісі болып АҚ «Әлем» табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыратын Delphi бағдарламалау ортасы болып табылады. Delphi бағдарламасы қазіргі кезде ең көп тараған бағдарлама құру жүйесіне жатады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі - ол арқылы құрылған бағдарламалар Windows басқаруында жұмыс істеп қана қоймай, оның өзі бағдарламаларды жылдам құратын аспаптық құрал (RAD - Rapid Application Development) тобына жататындығында.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
Дипломның бірінші тарауында басқару объекттің техникалық-экономикалық аспекттілері сипатталған, мұнда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметінің іс әрекеті, мақсаты мен пәндік аймағы, өндірістік бөлімінің қызметі, ақпаратты өңдеу мамандардың лауазымдық міндеттері қарастырылған. Мұнда объектін автоматтандырылыуның ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етудің сипаттамасы берілген.
Екінші бөлімінде АЖ жобалау бөлімі сипатталған. Мұнда жобалынатын ақпараттық жүйенің есептің қойылымы, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыздандыруын сипаттаймыз. Сонымен қатар, еңбек қорғау және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін қолданылатын шаралар туралы сипаттамасы берілген.
Үшінші бөлімінде нақты өз бағдарламамның орындалуы, оның міндеттері мен талаптары туралы сипатталған.
Төртінші бөлімінде жобаның экономикалық тиімділігін есептеу болып табылады. Мұнда экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесін негіздеу және оның көрсеткішін есептеу жолдары көрсетілген.
Қорытындысында жұмыстың негізгі нәтижесі сипатталған.
Жобаның өзектілігі, халыққа қызмет көрсету қызметінде мәліметтер қорымен жұмыс істеу кезінде - енгізу, түзетулер және жазбалардың жойылуы, ескішіл операциялардың автоматтандыруымен қортындыланады.
Дипломдық жұмыс практикалық тұрғыдан алып қарағанда өз құндылығын жоймайды. Себебі:
- техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің қорының негізгі жүйесі Delphi бағдарламалау тілінің барлық компоненттері тиімді қолданыспен жасалған;
- техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің қорын толықтыруда Delphi бағдарламалау тілінде бірнеше версиясы қарастырылып, тиімдісі ортақтандырылған;
- техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қолданылатын қорлардың байланыстыру шарттары бойынша қолайлы жағдай жасалған.
Дипломдық жұмыстың негізінде орындалған бағдарламаның апробациясы болып, дипломдық жұмыста нақты берілген барлық тапсырмалары орындалды. Әрине, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің қорына ұқсас бірнеше технологияларды қолдана отырып, бағдарламалық тілдерідің көмегімен, қолданбалы пакеттердің көмегімен басқа да базалар жетістігін көрсету мүмкіншілігін көрсететін бағдарлама жасауға болады.
1 Талдау бөлімі
1. 1 Ақпараттық ресурстарды анықтайтын негізгі ұғымдары
Қазақстан Республикасында әрекет ететін “Ақпараттандыру туралы” Заңына сәйкес ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделігін туғызатын электрондық жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базалары) [1, 28б. ] .
Ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөніндегі іс-әрекетті қоса алғанда, ақпараттық ресустарға, ақпараттық жүйелерді заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені;
Ақпараттық процестер - пайдалана отырып, ақпаратты жасау, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, беру, пайдалану және тарату процесстері;
Ақпараттық қызметтер көрсету - пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша ақпараттық ресустарды, ақпараттық жүйелерді беру жөніндегі қызмет;
Ақпараттық ресустарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық қызметтер көрсетуді пайдаланушы - ақпараттық ресустар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен немесе тараптардың келісімі бойынша пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
Ақпараттық жүйелерді иеленуші - ақпараттық жүйелерге меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
Ақпараттық ресустарды иеленуші - ақпараттық ресустарға меншік құқығын және өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
Жасырын мәліметтер - мемлекеттік құпияларды құрамайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе тараптардың келісіміне сәйкес қол жеткізу шектелген ақпарат:
Құжатталған ақпарат - материалдық жеткізушіде өзін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін реквизиттермен қоса тіркелген ақпарат;
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1 ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу;
2 ақпараттық қызметтер көрсету қорыны қалыптастыру үшін жағдайлар қамтамасыз етуге;
3 Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын әзірлеуге және жетілдіруге;
4 мемлекеттік ақпараттық ресустарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық желілерді қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінде олардың сыйысымдылығын және өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;
5 мемлекеттік ақпараттық ресустар мен ақпараттық жүйелерді тіркеуді жүзеге асыруға;
6 электрондық құжат айналымы жүйесін дамыту, электрнодық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға;
7 ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып қалыптастыруға және жүзеге асыруға ;
8 мемлекеттік ақпараттық ресустар мен ақпараттық жүйелерді қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.
Ақпараттық ресустар мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін.
Мемлекеттік ақпараттық ресустарға мемлекеттік органдардың және мемлекеттік бюджет қаражат есебінен құрылартын (қолдау көрсетілетін), Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен есепке алынуға және қорғалуға тиіс ақпараттық ресустары жатады.
Мемлекеттік емес ақпараттық ресустарға жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық ресустары жатады.
Ақпараттық ресустарға меншік құқығы мен өзге де құқықтар.
1 Ақпараттық ресустарға меншік құқығы мен өзге де құқықтардың туындауы және тоқтатылуы үшін негіздер Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі.
2 Жек және заңды тұлғалар мемлекеттік емес ақпараттық ресустарды иеленушілер болып табылады.
3 Ақпараттық ресустар бір мезгілде бірнеше иеленушіге тиісілі болуы мүмкін.
4 Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпараттық ресустар тауар болуы мүмкін.
5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар мемлекеттік емес ақпараттық ресустарды иеленушілердің оларға өз қалауы бойынша иелік етуге құқығы жоқ.
Қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстар, олардың көрсеткіштері, қасиеті мен жағдайы туралы мәліметтегі ақпарат өмір сүру мен жұмыс үрдісінде ақпараттық жүйелерде шығарылады.
Ұлттық қауіпсіздік пен мемлекет үшін құндылық дәрежесін қамтамасыз ету, құқықтық, экономикалық және сондай-ақ кәсіпкерлік құрылымдардың мүдделеріне сәйкес ақпараттық ресурстардың келесі түрлеріне болуы мүмкін: ашық, яғни жұмыста қандай да бір рұқсатсыз пайдаланылатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланылатын, конференцияларда хабарланатын, сөз сөйлеуде айтылатын жалпымен қол жеткізіле алынады; қол жеткізу мен пайдалну шектелген, яғни қандай да бір құпиясы бар және қорғау, байқау, бақылауды қажет ететін мәліметтерден тұрады.
Ақпараттық ресурстардың жинақтаушылары ақпарат дерегі (иеленушісі) деп аталады. Олар осы ақпараттың пассивті концентраторын ұсынады және құрамына төмендегілеренеді:
- ұжым және оның өңдеулері туралы жарияланымдар;
- жарнамалық басылымдар, көрмелік материалдар, құжаттамалар;
- ұжым персоналы мен ұжымны қоршаған адамдар;
- есептеу жұмысын және басқа офистік техниканың, байланыстың әр түрлі приборлары мен құралдары, сәулеленулер, толқындар, физикалық жолдар.
Ақпарат дерегі ашық және қол жеткізуі шектелген болады. Бір ақпараттық кеңістіктегі ақпаратты қандай да бір мазмұндық болу мүмкін емес. мысалы, ашық ақпараттық жүйеленген жиынтығы кешенде қол жеткізілуі шектелген мәліметтен тұруы мүмкін.
Қол жеткізілу шектелген ақпарат дерегі ретіндегі құжаттамады:
- құнды мәліметтері бар құжаттама, ноу-хау;
- ұйымдық-құқықтық және өнімді құжаттары, жалпыға танымал мәліметтерден тұратын, ісерлік және ғылыми-техникалық құжаттама кешені;
- қызметкерлердің жұмыс жазбалары, олардың қызметтік күнделіктері, жеке жұмыс жоспары, өндірістік сұрақтар бойынша хат алмасулар;
- ұжым қызметкерлерінің жеке мұрағаты болуы мүмкін.
Көрсетілген жұмыстың әр қайсысында:
- дәстүрлі қағаз тасымалдаушыдағы құжаттар (қағаз парақтары, ватмат, фотоқағаз т. б. ) ;
- техникалық тасымалдаушылардағы құжаттар (магнитті, фотогпленкалық және т. б. ) ;
- электрондық құжаттар, электрондық құжаттар банктері, дисплей экранындағы құжат бейнелері (бейнеграммалар) болуы мүмкін.
Кез келген ақпарат дерегі басқарулық және өндірістік іс әрекеттерді орындауда әрқашан сыртқа ортаға тарайды. Осымен қол жеткізуі шектелген, есепке алу мен бақылаудағы деректердің таралуы мен жарияланудағы қауіп саны өседі [2, 114б. ] .
Ақпараттық тарату каналдарының объективті сипаты бар, белсенділігімен ерекшеленеді және төмендегілер енеді:
- іскерлік, басқарулық, сауда, ғылыми және басқа да коммуникативті ұсынылған байланыстар;
- ақпараттық желілер;
- сәулелену, түс құру, сәулеленудің табиғи техникалық каналдары.
Ақпаратты тарату каналында бір деректен басқасына мәліметтерді ауыстырғанда санкцияланған режимде немесе объективті заңды күші бар жағдайда жүзеге асады. Мысалы: маңызды сұрақты жабық мәжілісте талдау, бұйым мазмұнын қағазға жазу, потенциалды әріптестермен келіссөздер, ЭЕМ-де жұмыс және т. б.
Бизнес пен ұжымны басқаруда пайдаланылатын ақпараттық ресурстарды құжаттау оған маңызды құндылықты ұсынатын оның толығымен немесе жеке ақпараты болып табылады. Бұл ақпарат кәсіпкердің жеке санаткерлігін құрайды.
Ақпарат құндылығы бағалық категорияда болуы мүмкін және оны қолданғандағы пайданың нақты өлшемін және оны жоғалтқандағы шығын өлшемін сипаттайды. Ақпарат көбінесе түрінен құнды болады, ұжым немесе бизнестің дамуы үшін оның құқықтың мәні, мысалы: құрылтай құжаттары, бағдарламалар мен жоспарлар, әріптестермен келісім-шарттар және т. б. Құныдылығы оның келешекте ғылыми, техникалық немесе технологиялық мәнімен көрініс табуы мүмкін.
Әдетте, кәсіпкерлер үшін санаткерлік құндылықты ақпараттық екі түрі болуы мүмкін:
- техникалық, технологиялық: өнімді өңдеу әдістері, бағдарламалық қамтамасыз ету, өндірістік көрсеткіштер, химиялық формулалар, рецептуралар, тәжірибе үлгілерін сынау нәтижелері, сапа бағалау мәліметтері және т. б. ;
- іскерлік: құндылық көрсеткіштертері, нарықты зерттеунәтижелері, клиентер тізімі, экономикалық болжаулар, нарыққа іс-әрекет ету стратегиясы және т. б.
Құнды ақпарат құқық нормаларымен (патенттік, авторлық, аралас құқық және т. б. ), тауарлық белгілермен немесе оның ұжым құпиясын құрайтын ақпарат категориясына енуімен қорғалады.
Ұжым құпиясын құрайтын ақпарат құндылығымының шынайы құрамын анықтау мен регламентациялау үрдісі ақпаратты сақтау жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мәліметтердің құрамы олардың қорғалатын ақпаратына жататын деректі бекітетін және құпиялылық (яғни, барлығының бірдей қол жеткізбеуін) кезеңін анықтау, осы мәліметтердің құпиялылық деңгейін (белгісін), жұмыста осы мәліметтерді пайдалану құқығы берілген, ұжым қызметкерлерінің тізімі бар арнайы тізбеде бекітіледі. Тізбе негізінде нақты профильдегі ұжымның қорғалатын мәліметтердің типті құрамы тұр. Тізбе құпия құжаттама және қауіпсіздік қызметінің, ұжым жетекшілерінің тұрақты жұмыс материалы болып табылады.
Технологиялық жаңалық, ғылыми және іскерлік идеялар, өндірістік өнім, жасалатын жұмыс туралы типті және нақты құнды ақпараттың жіктелген тізімін ұсынады. Тізбеге ұжымның әрбір жұмысы туралы шынайы құнды мәліттер енеді.
Қорғалатын ақпарат көрсетілетін (құжатталатын) құжат тізбесіне қосымша құрастырылады. Тізбеге көрсетілген ақпараттан тұрмайтын, бірақ ұжым үшін құндылығы бар, қорғалуға жататын құжаттар енеді. Тізбе бір ұжымға жеке-жеке арнайы комиссиямен ұсынылуына сәйкес қалыптастырылады және ұжымның бірінші жетекшісімен бекітіледі. Бұл комиссия ұжыммен орындалатын нақты жұмыстардың қарқынына сәйкес тізбеге ағымдық өзгерістерді үнемі енгізіп отырады.
Кез келген келісім-шартты құруда әрбір тарап келісімнің шарттарын орындауда, келіссөздерде алынған құжаттар мен екінші тарапқақұпия ақпаратты қорғау бойынша өзара жазбаша міндеттемелер лауы керек.
1. 2 Ақпараттық ресурстардың қызметі
Ақпараттық ресурстар ақпараттық өнімді құру үшін база болып табылады. Кез келген ақпаратық өнім оны өндірушінің ақпараттық моделін көрсетеді және ол құрылған нақты заттық облыс туралы өзіндік пікірді жүзеге асыру. Ақпараттық өнім адамның интеллектуалды іс-әрекетінің нәтижесі бола отырып, кез келген физикалық қасиеті құжат, мақала, шолу, бағдарлама, кітап және т. б. түрде материалдық тасымалдаушыға бекітуі қажет.
Ақпараттық өнім - заттық немесе заттық емес нысанда таратуға арналған өндірушімен қалыптастырылған мәліметтер жиынтығы.
Ақпараттық өнім кез келген басқа материалды өнім қызмет көмегімен сондай тәсілде таратылуы мүмкін.
Қызмет көрсету - адам қажеттілігін қанағаттандыру немесе әр түрлі өнімде пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған кәсіпорынның немесе тұлғаның өндірістік емес іс-әрекетін нәтижесі. Ақпараттық қызмет көрсету пайдаланушы өкілеттігінде ақпараттық өнімді алу үшін ұсыну.
Ақпараттық қызмет көрсету тар мағынада компьютер көмегімен алынған қызмет ретінде қабылданады, бірақ бұл ұғымның аясы біршама кең.
Қызмет көрсетудің алдында қызмет ұсынушы мен пайдаланушы екі тарап арасында келісім (шарт) жасалынады. Шартты оны пайдалану мерзімі және оған төлемақы көрсетіледі.
Қызмет көрсету тізбесі ақпараттық ресурстарды пайдалану саласы бойынша заттық бағдарлау, көлесі, сапасымен және осының негізінде құрылатын ақпараттық өніммен анықталады.
Кітапханалар елдің ақпараттық ресурсының біршама бөлігін біріктіретін орын болып табылады. Кітапханалық салаға берілетін, ақпараттық қызмет көрсетудің негізгі түрлерін көрсетейік:
- құжаттың толық мәтінін, сондай-ақ оларды сипаттау мен орналасқан орны бойынша анықтама ұсыну;
- ақпаратты (анықтамалар, көрсеткіштер, дайджестер, шолулар және т. б. ) библиографиялық іздеу талдаулық қайта өңдеу нәтижесін беру;
- ақпаратты (анықтамалар, кестелер, ұжымлық мәліметтер) фактографиялық іздеу мен талдаулық қайта өңдеу нәтижелерін алу;
- ғылыми-техникалық насихат пен жарнамалық іс-әрекетті (жаңа түскендердің көрмелері, ғылыми-техникалық семинарлар, конфренциялар және т. б. ) ұйымдастыру;
- ақпараттық зерттеу нәтижелерін беру (талдаулық анықтамалары мен шолулар, есеп берулер, келешектегі бағыттардың айдарлары, коньюктурлық анықтамалар және т. б. ) .
Ақпараттық қызмет көрсетулер компьютерлік және компьютерлік емес нұсқадағы мәліметтер базасы бар болғанда ғана пайда болады.
Мәліметтер базасы - байланысты мәліметтердің жиынтығы, олардың ұйымдастырылуы мәліметті жалпы сипаттау, сақтау мен манипуляциялауға негізделген.
Мәліметтер базасы сәйкес келетін қызметтерге ақпараттық қызмет көрсетуде жартылай фабрикат және дерегі болып табылады. Мәліметтер базасы компьютерлік кезеңге дейін мұрағат, қор, анықтамалық бюро мен басқа да ұйымдарда солай аталмаса да, әрекет еткен онда құбылыс, жағдай, объект, үрдіс, жарияланым және т. б. туралы барлық мүмкін болатын мәліметтер бар.
Компьютердің пайда болуымен сақталатын мәліметтер базасының көлемі өсті және оған сәйкес ақпараттық қызмет көрсету аясы да кеңеюде.
Ақпараттық қызмет көрсету мен өнімді жүйелеу үшін пайдалану позициясында мәліметтер базасының топтауын қарастырамыз.
Мәліметтер базасын библиографиялық және библиографиялық емес деп бөлінеді.
Библиографиялық мәліметтер базасында реферат пен аннотоциясы қосылып құжат туралы екінші ақпаратттан тұрады.
Библиографиялық емес мәліметтер базасының кқптеген түрлері бар:
- әр түрлі объектілер мен құбылыстар туралы ақпараттан тұратын анықтамалық, мысалы, мекнжай, қозғалыс кестесі, дүкендердің телефондары және т. б.
- алғашқы ақпараттан тұратын толық мәтін, мысалы, журналдар, кітапшалар, мақалалалр және т. б. ;
- құбылыстар мен объектілердің сандық сипаттамалары мен көрсеткіштерінен тұратын сандық, мысалы, химиялық және физикалық мәліметтер, статистикалық және демографиялық мәліметтер және т. б. ;
- объекті суреттеуден және сипаттамасынан тұратын мәтінді-сандық, мысалы өндірістік өнім, ұжым, ел және т. б. бойынша;
- банк, биржа, ұжым және т. б. ұсынатын қаржы ақпаратынан тұратын, қаржылық;
- сала, аймақ, ел бойынша құқықтық құжаттардан тұратын заңды.
Ақпараттық басымылымның шығарылуы баспалық өнімді дайындауды білдіреді: библиографиялық және басқа көрсеткіштер; реферативті жинақтар, шолулық басылымдар, анықтамалық басылымдар [3, 129б. ] .
Ақпараттық басылым барлық ақпараттық қызмет көрсету, органдар мен жүйелерге дайындалады. Бұл басылым мәліметтер базасымен жұмыс негізінде құрылатын екінші ақпараттан тұрады, жұмыс көрсетудің өзі қызмет болып табылады.
Ақпаратты ретроселективті іздеу - мәліметтер базасында ақпаратты іздеу пайдаланушының өнімін электрондық пошта бойынша файл түрінде немесе пошта бойынша басылып шығарылатын нәтиже болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz