Құқық бұзушылықты тіркеудің ақпараттық жүйесін құру


Кіріспе

Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін артыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады - ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер қорысыз қазіргі күні қаржы, өнеркәсіп, сауда тағы басқа мекемелердің жұмысын елестету мүмкін емес. Егер мәліметтер қоры болмаса, онда ол мекемелерді ақпарат ағыны басып кетер еді.

Қазіргі күні ақпараттық технологияларды бағдарламалаушылар алдында көп көлемді және әр түрлі ақпарат ағындарымен жұмысты ұйымдастыра алатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ететін бағдарлама құру мақсатында көптеген жаңа мәселелер туындайды.

Осындай сұраныс бойынша ұйымдастырылған жүйелер кең қолданыста. Өз іс-әрекетінде жетістіктерге қол жеткізген кез келген мекеме қызмет ету үшін ақпаратты уақытында өңдеуі қажет.

Мәліметтер қоры әр түрлі мекемелер үшін құрастырылады. Бұл жерде басты мәселе мәліметтер тиімді қолдану үшін олар жүйеленіп, ұйымдастырылып және топталған болуы қажет. Бұнда мәліметтер қорына жету күрделі бағдарламалауды қажет етпейтін қарапайым сұраныстар арқылы жүзеге асады. Сол сияқты есеп алуда қиындық туғызбайды.

Бағдарламалаушының алдында келесі мәселелер тұрады: мәліметтер қорын басқаратын жан-жақты жүйені құру және жүйенің мүмкіндіктерін көрсету, олардың өңделуін ұйымдастыру болып табылады.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.

Осыдан келіп - құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс.

Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.

Құқық бұзушылық - қоғамның, мемлекетпен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субьектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға кауіпті әрекеті. Құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

- іс-әрекет немесе әрекетсіздік;

- қоғамға зиян әкелуі (моральдық және материалдық, өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін) ;

- құқыққа қарсы;

- кінә дегеніміз субьектінің қоғам, мемлекет, жеке адам мүдделеріне іштей теріс көзқарасының құқыққа қарсы әрекет жасаумен білдірілген көрінісі. Кінә негізгі екі нысанға: қасақана және абайсыздықпен жасалған болып бөлінеді;

- құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің қолданылуы.

Құқық бұзышылық құрамын құрайтын белгілердің тіпті біреуінің болмауы заң жүзінде жауапкершілікті болғызбайды.

Құқық бүзушылық құрамына мыналар кіреді:

1 Құқық бұзушылық субъектісі - заңмен құқық бұзушылыққа қабілетті деп танылатын жеке адамдар немесе сондай әрекет жасаған әлеуметтік ұйымдар;

2 Құқық бұзушылық объектісі - құқықпен реттеліп, қорғалатын және құқық бұзушылық араласатын нәрсе. Тектік обьект -қоғамдық қатынастар, олардың саласы және түр объектісі - өмір, денсаулық, ождан, мүлік және т. б. ;

3 Құқық бұзушылықтың субъективті жағы - субъектінің өз әрекеті мен оның зардаптарына ішкі, психикалық көзқарасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы.

4 Құқық бұзушылықтың объективтік жағы- әрекеттің өзі немесе әрекетсіздік, құқыққа қарсылық (әрекетті заңда көрсету), зиянды нәтиже (мағыналы аспект), әрекет (себеп) пен одан туындайтын зиянды нәтиже (салдар) арасындағы тікелей (кездейсоқ емес) себеп - салдарлы байланыс сияқты, құқық бұзушылықты сипаттайтын сыртықы белгілердің жиынтығы

Қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша құқық бұзушылық қылмыс және теріс қылық деп бөлінеді. Қылмыс - қоғам үшін мейлінше қауіпті және қылмыстық заңмен тыйым салынған құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабында қылмыс ұғымына мынадай анықтама беріледі: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».

Дипломдық жұмыстың тақырыбы болып «Құқық бұзушылықты тіркеудің ақпараттық жүйесін құру» табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - ҚР ІІМ органдарының қызметінің жұмыстарын аутоматтандыру.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі есептер шешілді:

  • ҚР ІІМ органдарының қызметінің теориялық негіздері қарастырылған;
  • Құқық бұзушылықты талдауы көрсетілген;
  • ҚР ІІМ органдарының қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйенің ресурстарын сипатталған;
  • ҚР ІІМ органдарының қызметін ұйымдастыру жолдары талданған.

Зерттеу пәні болып ақпараттық жүйені құрған кезде материалды ресурстарды пайдаланудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілердің жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі ретінде ҚР ІІМ органдары болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - ҚР ІІМ органдарында құқық бұзушылықты тіркеу процесін автоматтандыру арқылы жақсарту.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі құралған ақпараттық жүйе ҚР ІІМ органдарында қолдануға болады.

Дипломдық жұмыс практикалық тұрғыдан алып қарағанда өз құндылығын жоймайды. Себебі:

  • ҚР ІІМ органдарының қызметкердің қорының негізгі жүйесі Delphi бағдарламалау тілінің барлық компоненттері тиімді қолданыспен жасалған;
  • ҚР ІІМ органдарында бұзушылықты тіркейтін дерекетер қорын толықтыруда Delphi бағдарламалау тілінде бірнеше версиясы қарастырылып, тиімдісі ортақтандырылған;

Дипломдық жұмыс төрт тараудан тұрады. Алғашқы тарауда ҚР ІІМ органдар қызметкерінің жұмысын, құрылымдық сұраулар тілінің қолданбалы бағдарламаларда қолданылу концепциясы қарастырылды. Delphi тілінің ерекшеліктері, артықшылықтары және компоненттері тұрғысынан сипаттамалар берілді және оның қолданбалы бағдарламаларда қолданылу технологияларының тәсілдері көрсетілді.

Екінші бөлімінде АЖ жобалау бөлімі сипатталған. Мұнда жобалынатын ақпараттық жүйенің есептің қойылымы, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыздандыруын сипаттаймыз. Осы тарауда дипломдық жобаның құрылуына арқау болған, оның қайнар көзі болып табылатын Delphi бағдарламалау тілі жайлы, онда деректер қорының жасалу жолдары жайлы толық сипатталады. Сонымен қатар, еңбек қорғау және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін қолданылатын шаралар туралы сипаттамасы берілген.

Үшінші бөлімінде нақты өз бағдарламамның орындалуы, оның міндеттері мен талаптары туралы сипатталған.

Төртінші бөлімінде жобаның экономикалық тиімділігін есептеу болып табылады. Мұнда экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесін негіздеу және оның көрсеткішін есептеу жолдары көрсетілген.

Қорытындысында жұмыстың негізгі нәтижесі сипатталған.

Дипломдық жұмыста нақты берілген барлық тапсырмалары орындалды. Әрине, ҚР ІІМ органдардағы құқық бұзушылықты жасаған азаматтар базасына ұқсас бірнеше технологияларды қолдана отырып, бағдарламалық тілдердің көмегімен, қолданбалы пакеттердің көмегімен басқа да базалар жетістігін көрсету мүмкіншілігін көрсететін бағдарлама жасауға болады. Дипломдық жұмыста жасалған құқық бұзушылықта жасаған азаматтар базасы негізінде ҚР ІІМ органдарында қолдануға болады.

1 Талдау бөлімі

1. 1 Пәндік аймақтың сипаттамасы

«Құқық», «құқық бұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлап тапты. Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі». Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т. б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл - терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, «құқық», немесе «норма» деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз «құқық бұзушылық», немесе «қылмыс» деп те, атаймыз [1] .

Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.

Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және тағы басқа құқық. бұзушылықтар), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл - белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.

Мемлекет және құқық теориясы, құқық бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретеді.

Құқық бұзушылықтың себептері, түрлері.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған [2] .

Осыдан келіп - құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс.

Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.

Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері.

Заңды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады [3] .

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері.

ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза - бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.

Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай - ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары көбінесе әкімшілік жаза шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады.

ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза әкімшішілік құқық бұзушылық істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және әккімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықты істегені үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

1 Ескерту;

2 Әкімшілік айыппұл;

3 Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;

4 Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

5 Арнайы құқықтан айыру;

6 Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің қандайда бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;

7 Жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;

8 Өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу;

9 Әкімшілік қамау;

10 Шшетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару.

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған заңды тұлғаларға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

1 Ескерту;

2 Әкімшілік айыппұл;

3 Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;

4 Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

5 Арнайы құқықтан айыру;

6 Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің қандай - да бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;

7 Жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;

8 Өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу.

Әкімшілік жазаны салу ережелері ҚР ӘҚБтК 60-66 баптарымен реттеледі.

Әкімшілік жазаны салу ережелері.

Әкімшілік жазаларды салу ережелері ҚР ӘҚБтК 5 бөлімінде бекітілген. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын нормативті актілерде белгіленген шекетерде салынады [4] .

Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:

1 Тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы шегінде;

2 Егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;

3 Егерде осы құрам ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативті актілердің тиісті нормаларында бекітілген болса;

4 Егерде осы баптың санкциясы жасалған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастыратын болса;

5 Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, кінәлілік деңгейін, мүліктік жағдайын, сонымен қатар жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып салынады.

Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану (63 бап) . Бір 2 немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға лудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда - 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде - 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бөлек өндіріліп алынады [5] .

Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өтеу. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келе, дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу, залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - оны жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін, осы Кодексте көзделген жағдйларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Жеке тұлға салық салу саласында әкімшілік сыбайлас жепқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде адам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

1. 2 Қазақстанның ішкі істер министрлігінің органдарының қызметін автоманттандырылуы және оның кемшіліктеріне сипаттама

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің органдарының қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етуі - кодтау және жүйенің классификациясына сәйкестік, көрсеткіштер жүйесі, кеден ісінің құжаттама жүйесі және деректер базасының файлдары.

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің органдарының қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ақпараттық сәйкестігінің мазмұны бойынша жүйе компоненттерінің иетеграциясын қамтамасыз етеді (кодтау және жүйе классификациясының анықтамасы, терминдер, түсініктің бірігуі) .

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің органдарының қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық базасы басқару объектісінің динамикалық ақпараттық моделін көрсетеді.

Машинадан тыс ақпараттық базаға сәйкес:

  • құжаттар жүйесін біріктіру және бақылау;
  • классификациялық жүйенің бірігейлендіруі және кодтау;
  • технологиялық процестің сипаттамасы және ақпаратты өңдеу;

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің органдарының қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің машина аралық ақпараттық базасы бір-бірімен байланысқан деректер базасынан тұрады.

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің органдарының қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасы бөлінеді:

  • нормативтік - анықтамалық деректер базасының ақпараты: жүйенің сыныпталуы, тарифтер, шектеулер, нормалық және құқықтық актілер, жүйенің тіркелуі және есеп.
  • жедел жадының деректер базасы: құжаттардың электрондық даналары, халыққа қызмет көрсету ісіндегі рәсімдеу және бақылау.

Сонымен қатар, мекемеде Windows XP ОЖ орнатылған.

Windows ОЖ-ның жаңа - 2002 жылғы нұсқасы - Windows XP жасалды. Windows XP Windows 2000-да пайдаланылған технологиялардың негізінде әзірленді. Ол үйдегі және кеңседегі компьютерде жұмыс істеуге қолайлы әрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows XP жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан және қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
Салық әкімшілігінің теориялық аспектілері
Көкшетау қаласының прокуратурасы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Стандарттау туралы заңдар және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Кеден ісі аясындағы құқық бұзушылықтар
Кәсіпкерлік құқық субьелтілері
Прокурорлық қадағалау жайлы
Сөз бостандығы және оның келешегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz