Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
1.1 Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы..6.14
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ...15.19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.22

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім -қоғам айнасы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.
Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
• үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
• қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

1. Абдрахманова К. «Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері» Бастауыш мектеп, А. 1989 - №9. - 10-12 бет.
2. Бантова М.А. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы». Мектеп, А. 1978 - 125 бет.
3. Бағдарлама. Математика жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған. – Білім, А. 2003-12-26 бет.
4. Бидосов Ә. «Математиканы оқыту методикасы». Мектеп,А. 1981-124-184 бет.
5. Ведилина Е.А «Обучение решению текстовыхзадач учащихся начальной школы»Учебно-методическое пособие. – ТОО «ПроксимаПВ»,Павлодар2006 – 88 с.
6. Делман И.Я. «Матаматиканың логикалық бет ашары» Мектеп, Алматы 1970-22-38 бет
7. Елубаев Е. «Есепті қалай шығару керек» Мектеп, Алматы 1984-56-88 бет.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
1.1 Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы..6-14
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ...15-19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-22
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: Білім беру формасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім -қоғам айнасы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталады.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.
Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
* үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық - зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
* оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
* қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор.
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану.
Математиканы оқытудағы білім берудің негізгі міндеті - жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеруін және сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ, оқушылардың қызығушылығын оятатын, арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ.
Жаңа технологияны сабақ үрдісінде қолдану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.
Математиканы оқытудағы оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында бірнеше жұмыс жасау керек, сонымен бірге қазіргі кезде жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер, жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Мұғалім өз шеберлігіне байланысты оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмаларды таңдап алады. Оқушының қабілетін байқау оны ары қарай дамытуға көмегін тиеді. Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру барысында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп, ізденеді, дамиды.
Заман талабы мұғалімнен де, оқушыдан да жаңаша көзқарасты, терең ойлауды талап етеді. Сондықтан өмір көшінен қалмай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, шығармашылықпен жұмыс істей алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.
Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.
Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді - деп неміс психологі Н.Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді. Осы мақсатта қолданған сабақ берудегі тиімді әдістер нәтижелі болуда көбіне оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын тапсырмалар орындалады. Мысалы, қызықты жағдайлар, оқушылардың өз ойларынан, қиялынан туындаған дүниелер, шығармашылық жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар, жарыстар, сайыстар және әр түрлі танымдық ойындар, оқушылардың ойлау қабілеті, шапшаңдығы, есте сақтауы, қабылдауы бірдей емес.
Математика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеу пәні: математиканы бастауыш сыныпта оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану барысы.
Зерттеу міндеттері:бастауыш сыныпта математиканы оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері:ақпараттану технологиясының даму тарихына шолу;

1.2 Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы
Жалпы білім беру саласының алдына қойылған мақсат ең алдымен, бірінші кезекте математикалык білім беру сапасын арттыру мәселелеріне келіп тірелетіні баршаға анық. Оны Еуропалык Кеңестің орта білім беру саласы бойынша берген нұсқауларынан, окушылардың тіл байлықтарының калыптасуына басты көңіл аудара отырып, олардың біліктіліктеріне мы-надай талаптар койғандығынан көруге болады: 1) Топпен бірге шешім қабылдай білу; 2) қақтығыстарды бейбіт жолмен шеше білу; 3) ерекшеліктерді (оқшаулықтарды) қабылдай білу; 4) өзге мәдениет, дін өкілдерімен өмір сүре білу; 5) тілдесе білу, қарым-қатынас жасай білу; 6) математикалық тілде тілдесе білу; 7) ақпараттарға сыни көзқарастарын қалыптастыру; 8) үнемі дайындықтың тұрақты базасы ретінде оқып үйрену бейімділігі болуы; 9) математикалық тілді меңгере білу қабілетінің болуы.
Олай болса, ежелгі замандардан-ақ, Евклидтің ... геометрияда патшалар жүретін жол жоқ! -- деген нақты сөздерінен бастау алатын, математикалық білім мен біліктілік сапасын арттыру мәселелері бүкіл әлем математиктерін толғандырып келетін өте күрделі және аумақты мәселе. Сондықтан, аталмыш мәселені мынадай жақтарынан қарастырып көрелік: математиканы оқыту қажеттілігі және оны оқыту мөлшері.
а) Математиканы оқыту не үшін қажет ?
Математика сөзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан-ақ математикалық біліктілікті ғалымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. Ертеректен-ақ балалар мен ересектердің кемшілігі математиканы өте қиын, қызықсыз және меңгерілмейтін ғылым ретінде карастырып, оны тек физикалық, астрономиялық, инженерлік және т.с.с. есептерді шешуге ғана қажет, ал көпшілік математикасыз да күн кеше алады деп есептеген. Осы күндері де жұртшылықтың көпшілігі, ашық айтпаса да тап осылай ойлайтыны анық. Оған жоғары оқу орындарына қабылдаудың кешенді тестілеуіне гуманитар-лық саладағы мамандықтарға математиканы енгізбеу жөніндегі қарсы пікірлер айғақ бола алады. Көпшіліктің бұл пікірі негізсіз емес. Мысалы, күнделікті өмірде бірде-бір бухгалтердің өз қызметін атқару барысында қайсыбір функцияның туындысын есептегенін, немесе түрлі математикалық теңдеулерді және өзге математикалык есептерді шешкенін көрмеппіз. Бір қарағанда оларға математикадан бар керегі -- ол рационал сандарға арифметикалык амалдар қолдана білу ғана (оның өзі осы таңда компьютер, немесе калькулятор көмегімен орындалады). Сондықтан да: Баланың басын қатыратын осы математиканың не кажеті бар екен? Бағдарламаны қиындата бергенше оқушыларға сандарды және оларға қолданылатын амалдарды, тапқан табысын есептеуге қажетті деңгейде үйретсе жеткілікті емес пе? -- деген пікірлер көп.
Ежелгі замандардан бері математиканың алар орны, оның ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі маңыздылығы аз айтылған жоқ. Дегенмен, әрбір адамның интелектуальдық мәдениет деңгейіне байланысты, жоғарыда келтірілгендей, математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрақтар да аз туындамайтынын жасыра алмаймыз. Олай болса, ең алдымен мектептегі математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:
:: Математика -- ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі -- күре тамыры ретінде қарастырылады;
::Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;
::Математикалық тілде тілдесу (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөз коммуникациясын, яғни сөйлеу мәдениетін дамытады;
::Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
::Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
Математикалық білім беруде оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырып, оны дамыту барысында атқаратын ең басты міндеті ретінде тәрбиеленушіге дәйекті аргументациясының толыққандылығын уағыздау, ұғындыру және оның бойына сіңіру болып табылады. 2 сыныптан бастап, яғни математикалық дәйектемелерге деген талаптары жүзеге аса бастағаннан бастап төменгі сыныптарда тек 5-ке окып келе жатқан оқушылардың көпшілігінің математикалық үлгерімі 4-ке, ал кейде қарсылық ретінде 3-2-ге құлдырап кетеді. Басқаша айтканда, төменгі сыныптардағы дарынды оқушылардың (олардың үлесі 20% болатыны дәлелденген) басым көпшілігін тап осы кезден бастап жоғалта бастаймыз. Олай болса, осындай ұғынбаушылық, жете түсінбеушілік туындаған сайын мұғалім шәкірттеріне математикалық теория, анықтама, теорема, дәлелдеу сиякты категориялардың мәнін ашып, оны ұғындырудан жалықпауы қажет. Барлық оқушылар бірдей дәрежеде, бір-екі рет түсіндіргеннен бұл күрделі, аса маңызды категориялардың мәнін, мағынасын бірден ұғына қоймайды. Мұны түсіндіруге арнайы сабақтар арнауға болмайды, өйткені ондай арнайы сабақтар өз максатына, көздеген нәтижесіне жете алмайды және жетуі мүмкін емес. Мұндай әңгіменің әсерлілігі, ұғынымдылығы кажетті ситуациялар туындағанда ғана болады және олар 2-3 минуттық, әрі кетсе 5 минуттық көлемде болса жеткілікті. Жақсы, біліктіұстаз көрсетілген процестің әрі тезірек, әрі нәтижелі аяқталуына кеп үлес коса алады. Өз оқушыларын пікірталасқа, бір-біріне сын айтуға баулиды. Мәселен, бір оқушы сынып алдында дәлелдеме жүргізіп, немесе қандай да бір есеп шығарып жатса, өзгелері оның дәйектемелерінен ақау іздестіріп, тапқан қателіктерін, күмәндерін жылдам айтуға тырысады. Математика сабағында өзге сабақтармен салыстырғанда окушылардың ойлау қабілеті мен мәдениетін тәрбиелеу үлесі анағұрлым жоғары денгейде болады және осылай болуы да қажет. Орыстың атақты математигі А. Я. Хин-чин (Математика в школе, №4, 1995, 3-8 бет) математика сабактарының оқушының ойлау мәдениетін қалыптастырудағы алар орнын айта отырып, дәйектеме толықтығы принциптерінің формаларын ашып көрсеткен:
:: Заңсыз жалпыламалар жасамау;
:: Негізделмеген ұқсастықтарға жол бермеу;
:: Сұрыптаудың толықтығы мен ұстанымдылығы. Ғалым бұл еңбегінде математиканың логикалық ой қорытындыларына, тұжырымдарына койылатын ерекше қатаң талаптармен бірге, оның мектепте оқылатын өзге ғылымдармен салыстырғанда өзіндік, ерекше ойлау стилі бар екенін атап өткен. Ол математикалық ойлау стилінің ерекшелігі -- ол қысқа-нұсқалық (локанизм), мақсатымызға тез жетудің ең кысқа логикалық жолын іздестіруге саналы түрде тырысу; дәйектеменің мүлтіксіз толыққанды болуына абсолютті кажет емес деректерді аяусыз алып тастау екенін айта келіп: Жаксы стильдегі математикалық шығармалар көп суды қаламайды, ешбір әсерлеуді, қисындылықты жеңілдету мақсатындағы көпсөзділікті, тақырыптан ауытқуды мүлде жоққа шығарады; ойдың және оны баяндаудың шектік сараңдығы, өте қатаңдығы математикалық ойлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Оның бұл жағы математикалық емес әрбір маңызды ой талдаулар үшін өте кұнды; қысқа-нұсқалық және ешбір артықтықты болдырмау ойлаушының өзіне де, оның оқушысы мен тындаушысына да берілген ой желісіне көңіл коюға жанама елестерге алаңдамай, негізгі ой өрісі бағытын ұстануға көмектеседі -- деп көрсеткен.
Осы таңда дүние танымдылықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын сезінуде, математикалық тілді жалпы әлемдік тіл ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сөйлеу мәдениетіне, қоршаған ортаны және олардың зандылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты кұралы ретінде ерекше көңіл бөлу кажет. Математикалық тілді оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет. Сонымен, математикалық біліктіктердің негізгі кұрамдас бөлігі, толыкқанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнайы, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек. Математикалық сөйлеу қабілетін дамыту математика сабақтарында оқушылардың келесі қабілеттері мен бейімділіктерін шыңдай түсуді меңзейді.
:: Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құра білу;
:: Материалдарды қисынды (мағыналылык) топтай, конспект жүргізе және рецензиялай білу;
:: Математикалық терминалогияларды түсіне, қолдана және негіздей білу;
:: Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және түсініктер иерархиясын тұргыза білу;
:: Ауызша және жазбаша математикалык тілде сөйлеуді меңгеру, математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білу;
:: Анықтама, теоремамен сөйлемдерді қайта түжырымдай білу, ойын көрнекілей білу және т.с.с.
Өзіндік ойлау және сыни ойлау қабілетін, сөздің кисындылығын дамытуда мұғалімдер сабақтардың мынадай түрлерін қолданғаны ұтымды: есепті шығару жоспарын жазу; шешудің ең тиімді жолдарын іздестіру; орындалған жұмысқа талдау жасау; жұмыстардың қателіктерін табу.
Математикалык тілдің дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның жас өспірімдердің бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар:
:: Адамгершілік пен шыншылдық;
:: Өжеттілік пен ермінезділік;
:: Шығармашылық пен еңбекқорлық.
Бұл қасиеттер, әсіресе педагог мамандарды қызықтырып, бір мезетке де оны назарларынан тыс қалдырмайтыны сөзсіз. Көп жылғы іс-тәжірибеден осы қасиеттердің оқушыларға математикалық сабақтар әсерінен даритынын байқап та жүрміз. Бұл сабақтар нәтижесінде оқушылар өз бойларынан біртіндеп, ойлау заңдылықтарын өзінің жеке басы пайдасына бағындырып, өзіне ғана пайдалының барлығын теориялық түрғысынан қорғаштау сияқты дағдыдан арылады. Дәйектеменің объективті ете жоғары рухани және мәдени құндылық ретінде сыйлау және ол үшін жеке басы пайдасын жиі, әрі барған сайын жеңіл құрбан ету сияқты моральдық тұрғыдан өрлеу процестері жүріп жатады. Шектік шыңына жеткен бұл қасиет тұлғаның адамгершілік кейпін безендіретін -- адамгершілік пен шыншылдық болып табылады. Әрине бұдан мектепте оқылатын әдебиет, тарих және өзге гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану пәндерінің осы қасиеттерді тәрбиелеудегі қосар үлестерін, алар орындары математикамен салыстырғанда кенжелеу деген түсінік туындамауы қажет. Сондықтан, осындай түсінбеушіліктерді болдырмас үшін мәселені жан-жақты ашыңқырап көрсету кажеттілігі туындап отыр.
Мәселен, тапсырма тарихи, немесе әдеби шығармашылық мазмұнда болса, онда оның түпкілікті аяқталуы моментін көрсету мүмкін емес. Мұнда оны жүйелі түрде жаңартып, жетілдіру мүмкіндіктері сан алуан. Екінші жағынан, мұнда өз еңбектерін бағалауда оқушылар жеткілікті дәрежеде сенімділік таныта алмайды. Өзінің тиімді жазылды деп ойлаған шығармасына мұғалім тарапынан мүлде өзгеше бағалануы мүмкін. Бұл берілген тапсырма орындалуы мен оның сапасының бағалануының анықталмағандығы, көмескілігі жете шыңдала қоймаған жастардың еріктік талпынысына бәсеңдік кейіп тәрбиелеуі мүмкін. Ал математикадағы жағдай мүлде өзгеше. Егер тапсырма ретінде есеп шығару, немесе теореманы дәлелдеу кажет болса, онда тапсырма орындалуы моментін айқын көрсетуге болады: есеп шығарылды немесе теорема дәлелденді. Мұнда жұмыс екі жақтан да бірдей бағаланады. Нәтиже көрсеткішінің айқын анықтығы оқушы бойынан өжеттік пен қайсарлық сияқты ерекшеліктер тәрбиелеуге ерекше оңтайлы жағдай туындайды.
Математикалық тапсырмалардың тағы бір тереңірек және маңыздырақ жағы -- оның барлығына дерлік тән шығармашылық сипатын атап өту қажет. Өзге салалардың басым көпшілігіндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушыдан белгілі дәрежеде білімі мен бейімділігі ғана қажет. Ал математика-лық есептерді шешу, әдетте, оқушыдан есептің шешуіне керекті арнайы тәсілдерді ойлап табуды, яғни оған шығармашылық, ізденушілік сипаты бар математикалық тапсырмаларға оқушының қарыштаушы және нығаюшы интелектісінің жас күштері талпынатыны анық. Ал қателіктер, сәтсіздіктер мен жеңілістері оны шынайы күрескер ретінде карсы алуға, берілмеуге үйретіп, олардан жаңа ойлар мен жігерлікке шабыт алып отырады. Сондықтан да математика сабақтары оқушыларды қажымай еңбек ете білу дағдысын, карастырылатын такырыптың басты, өзекті мәселелерін бөліп алып, оларға аса мұкияттылықпен зейін қоя білу бейімділіктерін калыптастырады. Жалпы, өз іс-әрекетін ұйымдастыра білген, еңбек ете білу дағдысы калыптасқан оқушылар, ең нашар дегенде математикалық үлгерімдері 3-тен төмен болмайды.
Мұнда 3-тік бағамен математиканы оқушылық және алгоритмдік деңгейде меңгерген оқушының білімін бағалап отырмыз. Іс жүзінде, журнал бетіне мұндай оқушыларға көтермелеп 4-5 деген бағалар қойылады. Керісінше, егер оқушы математиканы толық 3-ке (оқушылық және алгоритмдік деңгейде) оқи алатын болса, онда бұл оқушының өзге пәндерден жақсы және озық үлгідегі үлгерім көрсеткіштеріне ие болатыны көп жылғы іс-тәжірибелерден жаксы білеміз.
ә) Математиканы қандай мөлшерде оқыту қажет?
Жас шамасына байланысты, окушылардың осы кезеңдегі физиологиялык ерекшеліктері (ойын баласы да емес, бозбала да емес шақтары) салдарынан олардың ұзақ мерзімді зейін қойып тындай білу, оқи және жаза білу бейімділіктері тым төмен деңгейде болады. Сондықтан аптасына 2 рет алгебра және 2 рет геометрия пәндерінен сәйкес сабақтардың арасы кемінде 3-4 күн болғандықтан, оқушылар бір сабақта өтілген, түсіндірілген материалдарды келесі сабаққа дейін естеріне сақтай алмай, үй тапсырмаларын орындамауды (түсінбегендіктен) дағдыға айналдыра бастайды және оған көпшілігінің еттері де үйрене бастайды. Мұндай оқушылар өзге оқушылардың үлгерімдеріне де кері тартпа әсер етеді.
Көптеген, осы күндері уағыздалып жүрген, оқытудың озық технологиялары (оның ішінде компьютерді кеңінен қолданатын иновация-лық технологиялар да бар) оқушының әртүрлі дәрежеде өз бетінше білімін жетілдірулері меңзелген. Өзге көптеген пәндер бойынша бұл тәсілдерді қолдану нәтижелері жемісті боларына күмәніміз жок. Ал математикада жағдай мүлде өзгеше. Ешбір оқушы (қаншалықты дарын иесі болса да), жеткілікті дәрежеде тәжірибелі мұғалімнің, немесе өзге біліктілер көмегінсіз математиканы өз бетінше меңгере алмайтыны көп жылғы іс-тәжірибеден белгілі. Оқушы математиканы өз бетінше меңгеруі үшін ол алдымен өтілген тақырыптар бойынша мындаған есептер мен жаттығуларды өз бетінше шығарып, жеткілікті дәрежеде есептер шығару техникасын калыптастыруы кажет. Сонда ғана бұл оқушы келесі такырыпты өз бетінше меңгеруге дайын болады, пісіп жетіледі. Егер сыныпта мұндай оқушы бар болса, ол түрлі математикалық олимпиадалардың жеңімпазы болары айдан анық. Ал білікті ұстаздың рөлі -- осы көрсетілген біліктіліктің шындалуына қажетті ұзақ мерзімді анағұрлым қыскартуға септігін тигізеді. Дегенмен, ұстаз қаншалыкты жаңашыл-әдіскер болғанымен де оның оқушылары берілген тақырып бойынша белгілі көлемде типтік есептердің түр-түрінен шығарып, жеткілікті дәрежеде машықтанбайынша, олардың келесі тақырыпты толыққанды берік, ұзақ мерзімге меңгеруі мүмкін емес. Бұл жас өспірім-дердің ойлау мәдениеттерінің калыптасуының табиғи кұбылысы, заңдылығы. Асығыстық танытып, әйгілі Еуропаны шарлай, шапқылап өту сияқты кейіппен бұл табиғи процесті орынсыз тым жылдамдату іс-әрекеті күні бұрын түзетілмес сәтсіздікке соқтыратыны ақиқат.
Кейбір оқушылардың: Мен математиканы түсінбеймін, қанша оқысам да миыма қонбайды -- дейтінін біздер -- мұғалімдер жиі еститін сөздің шығу төркінінің кейбір жақтарына тоқталайық. Егер баланын акыл-есі, психикасы дұрыс болса, онда оның алгоритмдік деңгейде (бұл тестік бакылаудан 4 алуға жеткілікті) меңгермеуі мүмкін емес. Мұндай жағдайларда әлгі айтылған сөздің шығуына ең алдымен -- мүғалімдер кінәлі. Бір сәт көз алдарыңызға мынаны елестетіңіздер. Бөлмеге таза үстел қойып, бөлмені жауып кетті делік. Бірнеше күннен соң әлгі үстелдің бетін шаң басқанын көреміз. Оны сүртпей, экспериментті жалғастыра берсеңіз, үстел ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz