Бастауыш сыныпта мәтінді есептерді шығаруға үйрету
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ
1.1Есеп шығаруға үйретудің жалпы мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. МӘТІНДІ ЕСЕПТІҢ ШЕШУІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Жай есептерді шығаруға үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Мәтінді есептерді шығаруға үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... 19
2.3.Мәтінді есептермен таныстыру және мәтінді есептерді шығару біліктілігін қалыптастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қазіргі заманның талаптарына сай еңбекке, қоршаған ортаға, қоғамға деген қарым - қатынастар мен көзқарастарды қалыптастыру мектеп курсының барлық пәндерін оқыту процесінде жүргізіледі, орындалады. Алайда, осы бағытта математика пәнін алып қарастыратын болсақ, оның оқытудағы әдіс – тәсілді ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеуде өте қуатты құрал болып табылатыны сөзсіз.
Математиканың әр қадамы өмірдің қажетінен туады, сабақта қарастыратын көп есептер адамның практикалық дүниесіне байланысты. Сондықтан математикалық ұғымдардың нақты және тиімді болуы оқушылардың жеке тәрбиесіне байланысты, оқу жүйесіне қойылатын бірінші шарт – ол оқушылардың оқу процесі өмірімен байланысты болуы. Математикадан алған білім, біліктерін оқушылар тек еңбек және оқу әрекеттерінде қолданып қоймай, сонымен қатар мәдениеттің басқа салаларын да меңгертуге де пайдалануға болады. Математиканың тәрбиелік әсер етуі – оқушылардың бойында ой - өрісті, саналы ойлай білу ерекшеліктерін, өмірге деген көзқарастарын, танымдық ерекшеліктерін, патриоттылық сезімдерін оята отырып дамыту, қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Ал, ондай жетістіктерге алгебралық материалдарды жетік меңгеру арқылы жеткізу мүмкін .
Бастауыш сыныптарда мәтінді есептерді үйретуге берілген есептермен жұмыс жасау әдістемесі ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланған бірнеше мақалаларда ашып көрсетілген. Бұл мақалаларда есептер мен өрнектер арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге тырысқан, сандық өрнектердің нақты мағынасын ұғындыруды көздейтін жаттығулар жүйесін белгілеуге (тағайындауға), есептерді өрнек құру арқылы шығарудың және берілген өрнектер бойынша есеп құрастырудың жолдары көрсетілген.
Дұрыс жолға қойылып шешілетін математикалық білім оқушының бойында өте бекем, орнықты ойлау қабілеттері мен дағдыларын қалыптастырады. Ешқандай, математикадан өзге пәндік сабақтар, оқушыға «дұрыстылық, дәлдік, әділеттілік» секілді бейтанысты тенденцияны ашып айқындап көрсете алмайды.
Нарықтық қатынастарға көшу кезінде іс - әрекетті тиімді ұйымдастыра білудің мәні өте жоғары. Оқушыларды осындай біліктілікке ие ету қажеттілігі оқытуды өмірмен байланыстыру және оқушыларды өндірістік еңбекке шығармашылықпен қатысуға даярлау талаптарынан келіп шығады.

1. Бағдарлама. Математика жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған. – Алматы, 2003.
2. Ведилина Е.А «Обучение решению текстовыхзадач учащихся начальной школы: Учебно-методическое пособие. –: ТОО «ПроксимаПВ», Павлодар.2006.
3. Математика: Жалпы білім беретін мектетің 3–сыныбына арналған оқулық/
Т.Қ. Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т. Кайыңбаев, Б.М. Қосанов, К.Ә.Ерешева.
2-ші басылым. –: Атамұра, Алматы 2003. 208 б.
4. Абдрахманова К. «Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері» // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9. - 10-12 бет.
5. Бантова М.А. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы». -: Мектеп, Алматы 1978. - 125 бет.
6. Бидосов Ә. «Математиканы оқыту методикасы». - Мектеп, Алматы:1981.
7. Делман И.Я. «Математиканың логикалық бет ашары». - Алматы, 1970.
8. Елубаев Е. «Есепті қалай шығару керек». - Мектеп, Алматы:1984.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ
1.1Есеп шығаруға үйретудің жалпы мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .8
2. МӘТІНДІ ЕСЕПТІҢ ШЕШУІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... 1 5
2.1. Жай есептерді шығаруға үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...17
2.2. Мәтінді есептерді шығаруға үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... 1 9
2.3. Мәтінді есептермен таныстыру және мәтінді есептерді шығару біліктілігін қалыптастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ
Қазіргі заманның талаптарына сай еңбекке, қоршаған ортаға, қоғамға деген қарым - қатынастар мен көзқарастарды қалыптастыру мектеп курсының барлық пәндерін оқыту процесінде жүргізіледі, орындалады. Алайда, осы бағытта математика пәнін алып қарастыратын болсақ, оның оқытудағы әдіс - тәсілді ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеуде өте қуатты құрал болып табылатыны сөзсіз.
Математиканың әр қадамы өмірдің қажетінен туады, сабақта қарастыратын көп есептер адамның практикалық дүниесіне байланысты. Сондықтан математикалық ұғымдардың нақты және тиімді болуы оқушылардың жеке тәрбиесіне байланысты, оқу жүйесіне қойылатын бірінші шарт - ол оқушылардың оқу процесі өмірімен байланысты болуы. Математикадан алған білім, біліктерін оқушылар тек еңбек және оқу әрекеттерінде қолданып қоймай, сонымен қатар мәдениеттің басқа салаларын да меңгертуге де пайдалануға болады. Математиканың тәрбиелік әсер етуі - оқушылардың бойында ой - өрісті, саналы ойлай білу ерекшеліктерін, өмірге деген көзқарастарын, танымдық ерекшеліктерін, патриоттылық сезімдерін оята отырып дамыту, қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Ал, ондай жетістіктерге алгебралық материалдарды жетік меңгеру арқылы жеткізу мүмкін .
Бастауыш сыныптарда мәтінді есептерді үйретуге берілген есептермен жұмыс жасау әдістемесі ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланған бірнеше мақалаларда ашып көрсетілген. Бұл мақалаларда есептер мен өрнектер арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге тырысқан, сандық өрнектердің нақты мағынасын ұғындыруды көздейтін жаттығулар жүйесін белгілеуге (тағайындауға), есептерді өрнек құру арқылы шығарудың және берілген өрнектер бойынша есеп құрастырудың жолдары көрсетілген.
Дұрыс жолға қойылып шешілетін математикалық білім оқушының бойында өте бекем, орнықты ойлау қабілеттері мен дағдыларын қалыптастырады. Ешқандай, математикадан өзге пәндік сабақтар, оқушыға дұрыстылық, дәлдік, әділеттілік секілді бейтанысты тенденцияны ашып айқындап көрсете алмайды.
Нарықтық қатынастарға көшу кезінде іс - әрекетті тиімді ұйымдастыра білудің мәні өте жоғары. Оқушыларды осындай біліктілікке ие ету қажеттілігі оқытуды өмірмен байланыстыру және оқушыларды өндірістік еңбекке шығармашылықпен қатысуға даярлау талаптарынан келіп шығады.
Зерттеу әдiсi: Оқушылардың ғылыми - дүниетанымдық қабілетiн қалыптастыру, логикалық ойлау қабiлетiн дамыту, практикалық дағдыларын дамыту және т.б өзектi мәселелердiң iшiнде оқушылардың мектептің жоғарғы сыныптарындағы алгебра курсына дайындығын жетілдіру
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныпта оқушыларға алгебралық материалдарды жетік меңгерте алсақ, онда олардың математикадан бiлiм деңгейi жоғарылайды және т.б пәндердi оқушылардың жетелей түсiнуiне, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасайды.
Зерттеу мақсаты: Ой өрiсi дамыған, сана сезiмi оянған, рухани ойлау дәрежесi биiк, математикадан бiлiм деңгейi жоғары, пәнге деген қызығушылығы мол, теориялық бiлiмдi терең түсiне алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Зерттеу мiндетi: 1) Бастауыш сынып математика сабағында алгебра элементтерін толық меңгерту арқылы оқушылардың ой - өрiсiн дамыту мүмкiндiктерiн анықтау;
2 Теңдеулерді теңсіздіктерді т.б. шешу тәсілдерін қарастыратын ретпен оқытып үйрету және олардың көмегімен есеп шығаруды қарастыру, бастауыш буын оқушыларын келесі сыныптардың талабына сай дайындауды қамтамасыз ету.

1.1. Есеп шығаруға үйретудің жалпы мәселелері
Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың бір түрі болып табылады. Есептер шығаруға үйрету оқушыларда негізгі математикалық ұғымдарды қалыптасып, олардың бағдарламада анықталған теориялық білімді меңгеруінде маңызды орын алады.
Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану жолында пысықтала түсетін нақты материал болып табылады. Есеп шығару балаларда, әрбір адамға оның күнделікті өмірінде қажетті іскерлікті, білікті қалыптастырады. Есеп шығару арқылы, балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғандағы маңызды ұғымдармен танысады.
Есеп шығару оқушылардың ақыл-ойының дамуына игі әсерін тигізеді, себебі ол анализ және синтез, нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін кезеңді талап етеді.
Есеп термині және оның элементтерімен оқушыларды айқын түрде алғаш таныстыруға дейінгі уақытты мазмұнды есептерді енгізудің дайындық кезеңі деп айтуға болады. Осы уақытта оқушылардың мектепке дейінгі игерген білім, білік және дағдылары толықтырыла түседі және бір жүйеге келтіріледі, сондай-ақ нөмірлеуді оқып үйренуге қажетті жағдайлар жасалады, әрі қарай 10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу қарастырылады. Бұл кезеңде мазмұнды арифметикалық есеп арнайы оқытылатын объекті болып табылмайды, яғни ол қандай да бір құрылысы әлі де анықталмаған (шарты, сұрағы берілген және ізделінді сандар, олардың арасындағы байланыс) күрделі ұғым болғандықтан, оқушылар санасынан орын алмайды. Мәтінді есептер сандармен және амалдармен оқушыларды таныстыруда, сәйкес ұғымының мән-мазмұнын нақты көрсетіп берудің құралы ретінде пайдаланылады.
Дегенмен осы кезде мазмұнды суреттер ретінде ұсынылатын жай есептер 10 көлеміндегі әрбір санмен оқушыларды таныстыруда және әрбір 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы шығарып алуда көрнекі құрал сипатында пайдаланылады. Демек, мәтінді жай есептер алдымен айқын емес түрде математикалық ұғымдардың мән-мазмұнын ашудың әдістемелік құралы ретінде енгізіледі. Сондай-ақ басқа да материалдарды қарастыру барысында есеп шығару білігінің құрамына енетін көптеген мәселелерді дайындық деңгейінде беруге болады. Соған бірнеше мысалдар келтірейік.
Заттарды санау және оларды салыстыру (түсі, өлшемі, формасы бойынша немесе бірнеше мәнді белгілеріне қарай) кезінде оқушылар сурет бойынша "қанша?" деген сұрақты қоюға жаттығады және "бірдей", "үлкен-кіші", "биік-аласа", "ұзын-қысқа", т.с.с. ұғымдар жайында түсінік алады, сондай-ақ әрбір заттың өзіне тән мәнді белгісін анықтауға үйренеді.
Әрі қарай заттар тобын салыстыру барысында "қанша болса сонша" сөз тіркесінің мән-мазмұнын игереді, "артық-кем" ұғымы жайындағы түсінікті қабылдайды. Әрине осы кезде-ақ көрнекіліктің нақты және біршама абстрактілі түрлері қолданыла бастайды. Мысалы:
а) тақта алдына үш оқушы шақырылады;
ә) әрбір оқушыға бір-бірден санау шыбықтары үлестіріліп беріледі;
б) оқушылар мен шыбықтар салыстырылады;
в) сәйкес қорытынды жасалады, яғни біз "оқушы - санау шыбығы" парларын құрдық, "оқушылар қанша болса, шыбықтар да сонша". Осы сияқты жұмыс дидактикалық кеспе материалдар бойынша жүргізіледі. Қалталы полотноның бір қатарына үш дөңгелек (шаршы) қойылады. Салыстыру нәтижесінде қорытынды жасалады.
Сонан кейін суреттерді пайдаланып, сәйкес парлар құру арқылы "қанша болса, сонша" ұғымының мән-мазмұнын игеруді тиянақтай түсетін жұмыс жалғастырылады.
Осындай көрнекіліктерге сүйене отырып, заттар тобын салыстыру кезінде "артық-кем" ұғымының мәнді ерекшелігі анықталады. Мысалы:
а) қалталы полотноның бір қатарына үш дөңгелек, ал екінші қатарына үш шаршы қойылады да, сәйкес қорытынды жасалады;
ә) тағы бір дөңгелек бірінші қатарға қойылады да, парлар құру арқылы дөңгелектердің артық екені, ал шаршылардың кем екені ажыратылады;
б) екінші қатарға тағы бір шаршы қойылады да, парлар құру арқылы әрбір топтағы заттар санының бірдей екендігі анықталады (дөңгелектер қанша болса, шаршылар сонша);
в) бірінші қатардан бір дөңгелек алынып тасталады да, парлар құруға негіздей отырып, әрбір топтың заттар саны салыстырылады да "дөңгелектердің шаршылардан кем, ал шаршылардың дөңгелектерден артық екені жайында" қорытынды жасалады.
Сонымен бірге прақтикалық жұмыстар орындау кезінде оқушылар парлар құрудың әр түрлі (айталық, әрбір топтағы заттарды бірінің астына бірін дәл келтіріп екі қатарға орналастыру, бір топтағы заттардың сәйкес парларын сызықтармен қосу, әрбір топтан бір-бірден зат алып кету сияқты) тәсілдерімен танысады.
Осы сияқты ұғымдар жайындағы оқушылардың түсінігі әрі қарай қарапайым кеңістік және уақыт ұғымдарымен, қозғалыспен байланысты мәселелерді, сондай-ақ 10 көлеміндегі сандардың аталуын, реттік қатарын және заттарды санауды, әрбір санды шығарып алуды оқып үйренуде тиянақтала түседі. Әсіресе, осы кезеңде жиі қарастырылатын қосарланған суреттердің мәтінді арифметикалық есептерді енгізуге дайындықты жүзеге асыруда барынша тиімді екендігіне ерекше назар аударған жөн. Мұндай суреттер "қанша болған еді?", "Не өзгерді?" сұрақтарының жауабын таба білуге оқушыларды үйретеді. Сондай- ақ сәйкес суреттер бойынша берілетін жазулар есепті шығару үшін сандарға арифметикалық амалдарды қолданудың қажеттігін оқушыларға аңғартады және есептің шешуін жазудың сәйкес формасын енгізуге дайындық болып табылады.
Мысалы, алдымен қосарланған үш сурет беріледі. Айталық, бірінші суретте бір ақ балапан, ал екінші суретте оған жақындап келе жатқан бір қоңыр балапан, үшіншісінде ақ және қоңыр балапан қосарланып, жем шоқып тұр. Суреттердің астында сәйкес жазулар "1,1 -- 1,2" беріледі. Осы сурет бойынша мүғалімнің басшылығымен жұмыс ұйымдастырылады.
М: Бірінші суретті мұқият қараңдар. Қанша балапан болған?
О: 1 балапан.
М: Сол суреттің астында қандай цифр жазылған?
О: 1 цифры.
Демек зат пен цифр сәйкестендіріледі, яғни балапандар қанша екені санмен өрнектеледі.
М: Екінші суретті қараңдар. Не өзгереді?
О: Бір ақ балапанның жанына тағы бір қоңыр балапан келді.
М: Балапандар - 1 және тағы 1 болғанын қалай жазып көрсетуге болады? Суреттің астындағы жазуды қараңдар.
О: 1+1.
М: Үшінші суретті қараңдар. Енді қанша балапан болады?
О: Екі балапан болды.
М: Суреттің астында қандай цифр жазылған? Неге?
О: Екі цифры жазылған, өйткені 1 және тағы 1, яғни барлығы екі балапан болды.
Осыған ұқсас 1 қоңыр балапанның кетіп бара жатқан суреті, қалған 1 ақ балапанның суреті берілсе және сәйкес жазулар келтірілсе, талқылаулар жүргізу барысында барлығы 2 балапанның болғанын, оның біреуінің бөлініп кеткенін, сонда 1-сіз 2-нің қалғанын (2 -- 1), яғни бір балапанның жем шоқып тұрғанын анықтауға болады.
Осындай суреттерді және әр алуан практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылар ненің болғанын, ненің өзгергенін сонда қанша шыққанын көрнекі түрде қабылдайды, сонымен бірге заттарға сандарды және өрнектерді (әрине ол термин айтылмайды) сәйкес қоюдың қажеттігін ұғынады. Бұл мәтінді арифметикалық есептерді шығарудағы басты мәселе.
Ілгеріде қосарланған үш суреттің соңғы суреті айқын берілмейді, яғни біздің мысалымыздағы жем шоқып тұрған ақ және қоңыр балапанның суреті басқа бір түспен жабылады, бірақ та суреттің астындағы 2 цифры жазылады. Сонда екінші суретті оқушылар пайдаланады, ненің өзгергенін анықтайды және сонда қанша шыққанын сол сурет бойынша санау арқылы табады да, үшінші суретте не болуы керектігін тағайындайды.
Міне, осы кезден бастап, ілгеріде қосу мен азайту амалдарының бірін талдап алу арқылы шығарылатын есептерге негізге алынатын тәсілдер ретінде түсті дөңгелектерді салу (қосу) және дөңгелектердің берілген тобынан оның біразын бастыра сызу (азайту) қолданыла бастайды. Оқушылар санау материалдарымен, дидактикалық кеспе, геометриялық фигуралармен және т. б. жұмыс жасайды.
Ендігі кезекте бір ғана сурет ұсынылады. Цифрлардың, амалдардың, теңдік таңбаларының көмегімен бір ғана суреттің мазмұнына сәйкес жазуды орындайды, сондай-ақ сол сурет бойынша әр түрлі пайымдауларға негіздей отырып әр түрлі екі жазуды (бірі-қосу, екіншісі-азайту) орындайды.
Бұл - есеп мәтінінің мазмұнын оқушылардың тұтас қабылдауы және оны шығаруда қандай да бір амалдың неліктен қолданылатын жетік түсінуінің қамтамасыз ететін мәселенің қатарына жатады.
Мәтінді есепті шығарғанда арифметикалық амалдар орындалады. Демек, нәтижені есептеп шығарудың тәсілдерімен оқушыларды күн ілгері таныстыру қажет. Осыған орай 1-ді және 2-ні қосумен, 1-ді және 2-ні азайту тәсілдерін оқып үйрену де мәтінді есептерді енгізудің дайындық кезеңінде қарастырылады.
Сонымен, қатар жоғарыда келтірілген шолудың өзі-ақ осы кезеңде оқытудың белгілі бір нәтижелеріне жетудің қажеттігін көрсетеді. Соған жеткенде ғана мәтінді есептерді енгізудің берік негізі қаланады.
Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты- математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу әдістемесін оқушыларға игерту. Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану процесінде пысықтала түсетін нақтылы материал болып табылады. Есептер шығару арқылы балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғанда маңызды фактілермен танысады. Сондықтан есепті шешу оқытудың мақсаты ғана емес, сондай-ақ құралы да.
"Есеп" деп - жауабы арифметикалық амалдардың көмегіментұжырымдалатын сұрағы бар мәтінді айтамыз.
Демек, есептің шарты мен сұрағы болады, сұрақсыз есеп болмайды. Есеп бір амалмен шығарылса, жай есеп деп, екі және одан да көп амалмен шығарылса, құрама есеп деп аталады.
Есеппен жұмыстың басты кезеңі -- есептерминін енгізу және есептің құрама бөліктерін (шарты, сүрағы) талдау және шешу кезеңдерімен таныстыру.
Балаларды есеп шығаруға үйрету- берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты айқындау және соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін оны орындау.
Оқушылардың бұл байланыстарды қаншалықты жақсы игергендігі олардың есеп шығара білу білігіне байланысты. Осыны ескере отырып, бастауыш сыныптарда шешуі берілген мәліметтер мен ізделінді шама,сан арасындағы байланыстарға негізделетін, тек олардың нақты мазмұны мен берілген сан мәліметтері жағынан ғана айырмашылығы болатын, бір топ есептермен жұмыс жүргізіледі. Мұндай есептер тобын бір түрдегі есептер деп атаймыз.
Есеппен жұмыстың 3 кезеңі бар.
Бірінші кезеңде мұғалім есептердің қарастырылып отырған түрін шығаруға дайындық жасайды. Оқушылар бұл кезеңде берілген есептерді шығарғанда, қажетті амалдарды таңдап алатындай байланыстарды игерулері тиіс.
Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарумен таныстырады. Мұнда балалар берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты айқындауға және осының негізінде арифметикалық амалдарды таңдап алуға үйренеді, яғни олар есепте көрсетілген нақтылы жағдайдан сәйкес арифметикалық амалды таңдап алуға үйренеді.
Үшінші кезеңде мұғалім қарастырылып отырған есептерді шығара білу білігін қалыптастырады. Оқушылар бұл кезеңде есептің нақты мазмұнына қарамастан, қарастырылып отырған түрдегі кез келген есепті шығара білуге үйренулері тиіс, яғни олар осы түрдегі есептерді шығару тәсілін қорыта білулері керек.
Есептермен жұмыс жасағанда мынадай кезеңдердің орындалу тәртібін сақтаған жөн.
кезең -- есептің мазмұнымен таныстыру;
кезең - есептің шешуін іздеу;
кезең -- есепті шешу;
кезең - есептің шешуін тексеру.
Бұл бөліп көрсетіп отырылған кезеңдер өзара тығыз байланысты, әр кезеңдегі жұмыс негізінен мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз- оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын жағдаяттарын (ситуацияларын) көз алдына келтіру.
Есепті дұрыс оқи білудің маңызы зор: сан мәндерін және амалды таңдап алуға қажетті сөздерді, мысалы, "бар еді", "кетіп қалды", "қалды", "бірдейболды", т.с.с. сөздердібасаайту, есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту. Егер есептің мәтінінде түсініксіз сөздер кездессе, онда оларды түсіндіру керек немесе есепте қойылатын нәрселердің, мысалы: бульдозер, шөп шапқыш машина, т.с.с. суреттерін көрсету керек. Есепті балалар бір-екі рет, кейде одан көп оқып шығады, бірақ біртіндеп оларды есепті бір оқығанда есте сақтап қалатындай етіп үйрету керек, өйткені бұлай еткенде олар бірден зейін қоя оқитын болады.
Есепті оқи отырып, балалар есепте айтылған мәселелердің өмірде қалай болатынын көз алдарына келтіре білулері тиіс. Осы мақсатпен оқып болған соң, есепте айтылғанды көз алдарына келтіріп, оны қалай көз алдарына келтіргендерін айтып берілуін ұсыну керек.
Есептің мазмұнымен танысқаннан кейін, оның шешуін табуға кірісуге болады: оқушылар есепте келтірілген шамаларды, берілген сандар мен ізделінді сандарды айқындай білуі тиіс, берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шамалардың арасындағы байланысты ажыратуы тиіс, сөйтіп осылардың негізінде сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап ала білулері тиіс.
Жаңа түрдегі есепті енгізгенде оның шешуін табу жұмысына мұғалім басшылықжасайды, сонан кейін мұны оқушылар өздігінен орындайды. Екі жағдайда да балалар шамаларды, беріліп және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды айқындайтын арнайы әдістерді пайдаланады. Мұндай әдістерге есептерді бейнелеп көрсету, яғни иллюстрациялау есептерді қайталау, есепті шығару жоспарын талдау және оны құру жатады.
Осы әдістердің әрқайсысын қарастырамыз.
Есепті иллюстрациялау- есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін, сондай-ақ олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін көрнекілік құралдарын пайдалану.
Иллюстрация нәрсе түрінде немесе сызба түрінде болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда есепте сөз болып отырған нәрселердің өзі немесе олардың суреттері пайдаланылуы мүмкін; солардың көмегімен заттардың тиісті қатынастары бейнеленеді.
Нәрсені иллюстрациялаумен қатар сызба түрінде түсіндіру де пайдаланылады, ол - есепті қысқаша жазу.
Қысқаша жазуда ыңғайлы түрде шамалар, берілген және ізделіп отырған сандар, сондай-ақ есепте не туралы айтылғанын көрсететін кейбір "бар еді", "тағы қосылды", "болды", т.с.с. және қатынастарды білдіретін артық, кем, бірдей, т.с.с сөздер жазылады.Есептің қысқаша жазуын кестеге сызба түрінде де жазуға болады.
Жаңа түрдегі есепке талдау жасағанда мұғалім әрбір дербес жағдайда балаларға арифметикалық амалдарды дұрыс және саналы түрде таңдап алатындай сұрақтар қоюы керек.
Сұрақтар балаларға белгісіз санды айтып беретіндей емес, есепті шығаруды өздігінен таба білуге жеткізетіндей болу керек, мұның маңызы зор.Мұғалім алдағы уақытта есептің шешуін толық өздігінен табатындай болу үшін оқушыларға олардың өздері осындай сұрақ қоюларын ұсынады.
Пайымдауды екі тәсілмен жүргізуге болады: есептің сұрақтарынан бастап санды мәндерге қарай немесе сан мәндерінен бастап сұраққа қарай жүру керек. Көбінесе пайымдаудың бірінші тәсілін пайдалану керек болады, өйткені ол есепті шығару жоспарын жасауға бағытталған: оқушы мұнда айрықша бір амалды ғана емес, есептің бүкіл шешуін түгелдей ескеруі тиіс. Екінші тәсілді пайдаланғанда мұғалім оқушыларды есепті қандай да бір шешу тәсіліне еріксіз бағыттайды, оларды әр амалды таңдап алуға әкеліп тірейді: сонымен қатар сан мәліметтерден есептің сұрағына қарай пайымдағанда "артық байқау" жасалады.
Есепті шығару- шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Мұнда әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсініп отыру міндет. Есепті шығару ауызша да, жазбаша да орындалуы мүмкін. Ауызша шығарғанда сәйкес арифметикалық амалдар және оны түсіндіру ауызша орындалады.
Бастауыш сыныптарда мәтіндң есептің шешуін жазудың мынадай түрлері бар:
есеп бойынша өрнек құру және оның мәндерін табу;
есеп бойынша теңдеу құру және оны шешу;
шешуді жеке амалдар түрінде жазу.
1. МӘТІНДІ ЕСЕПТІҢ ШЕШУІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныптарда мәтінді есептерді тексерудің мынадай төрт тәсілі пайдаланылады:
Кері есеп құрастыру және шығару.
Бұл жағдайда балаларға берілген есепке кері есеп құрастыру және оны шығару ұсынылады. Егер кері есепті шығарғанда нәтижеде берілген есептегі белгілі сан шығатын болса, онда есепті дұрыс шығарылған деп есептеуге болады.
Мысалы, оқушыларға мынадай есеп шығару ұсынылады: "Әрқайсысы 20 г болатын 5 шай қасық жасау үшін 2 ас қасық жасауға жұмсалғандай металл жұмсалды. Бір ас қасыққа қанша металл жұмсалған?" бұл есепті шығарып, балалар ас қасыққа 50 г металл жұсалғандығын білді. Бұдан кейін мұғалім кері есеп құрастыруды ұсынады, яғни берілген есептің ізделіп отырғаны (50) берілген сан болатындай, ол берілген сандардың біреуі (5 не- месе 20, не 2) ізделіп отырған сан болатындай етіп есепті түрлендіру керек. Оқушылар есепті былайша тұжырымдайды: "Әрқайсысының салмағы 20 г болатын 5 шай қасыққа жұмсалған металдан әрқайсысының салмағы 50 г болатын қанша ас қасық жасауға болады?" Егер осы кері есепті шығару нәтижесінде 2 саны шығатын болса, демек, берілген есеп дұрыс шығарылғаны.
Бұл тәсіл 1-сыныпта енгізіледі. Оны кез келген есепке қолдануға болады, тек кері есеп балалардың шама-шарқына сәйкес болатын болсын, сондықтан да мұғалім кері есепте қандай санды ізделінді деп алуғаболатынын көрсетуі тиіс. Барлық есептердің шешуін осы тәсілмен тексеру керек деп ойлаудың қажеті жоқ, өйткені ол мейлінше қиын және күрделі.
Алайда, көп жағдайда жаттығулардың өзі-ақ мәтінді есептерді құру және оны шығаруда өте пайдалы болады, өйткені есепке енген шамалардың арасындағы байланыстарын анықтауға көмектеседі. Сондықтан осы тәсілді барлық жай есептерді, төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерді, екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz