Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың жалпы мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.7
1.1Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.11
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МАТЕМАТИКА ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.13
2.1 Бастауыш сыныптағы математиканың мазмұны мен құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.28
Білім берудің қазіргі талабы- оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетінің дамуы.Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше.Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ..
Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады.Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.Көпшілік оқушылардың, үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты.Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарында жандандырады.Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс.
Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне-үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.
Негізінен барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі денгейде болуы мүмкін: біреуі — үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін.
Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтар төмендегі жоспар негізінде жүргізіледі:
1)Математика тарихына байланысты үйірме мүшесінін 5-10 минутқа шақталған баяндамасы, үйірме жетекшісінің немесе үйірме мүшелерінің тақырыпқа сәйкес хабарламалары;
2) Ecenmер шығару, оның ішінде жоғарғы қиындықтағы есептер;
1. Әбілқасымова А.Е. және басқалар. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Білім, А. 1998ж. 202 бет
2. Әбілқасымова А.Е Математикадан дидактикалық тапсырмалар жинағы Қазақ университеті баспасы,А. 1991ж. 71 бет
3. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Методика преподавания математики в начальных классах. Просвещение,М.1984ж. 335 стр.
4. Оспанов Т.Қ. Бастауышкластардаматематиканыоқытуметодикасы. Мектеп, А.1997ж. 160 бет.
5. Оспанов Т.Қ., Қурмалина Ш.Х. Математиканыңбастауышкурсыноқытуәдістемесі ІІ бөлім. Республикалықбаспакабинеті, А. 1996 ж 121-159 бет
6. Рахымбеков Д. Кенешев Ә. Математикалық ұғымдарды оқыту. ЖУ. Жезқазған.1997 -61 бет
6. 1,2,3,4 кластарға арналған Математика оқулықтары

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-7
1.1Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-11
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МАТЕМАТИКА ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-13
2.1 Бастауыш сыныптағы математиканың мазмұны мен құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-28

КІРІСПЕ

Білім берудің қазіргі талабы- оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетінің дамуы.Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше.Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ..
Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады.Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.Көпшілік оқушылардың, үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты.Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарында жандандырады.Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс.
Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне-үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.
Негізінен барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі денгейде болуы мүмкін: біреуі -- үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін.
Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтар төмендегі жоспар негізінде жүргізіледі:
1)Математика тарихына байланысты үйірме мүшесінін 5-10 минутқа шақталған баяндамасы, үйірме жетекшісінің немесе үйірме мүшелерінің тақырыпқа сәйкес хабарламалары;
2) Ecenmер шығару, оның ішінде жоғарғы қиындықтағы есептер;
3) Жаттықтыру есептерін және жаңылтпаш есептерін шығару;
4) Оқушыларының әр түрлі сұрақтарына жауап беруі.
Үйірме мүшелерін конкурстық есептермен таныстыру, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының есептерінің ҰБТ тапсырмаларының деңгейі жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұндай есептердің шартымен үйірме мүшелерін әр сабақтың сонында таныстырған тиімді тапсырмаларды оқушылар, қалауы бойынша өз бетінше үйде орындалуына болады, үй тапсырымасын орындау оқушыларға міндеттелмейді.
Оқу материалдары қиындығының өсу тәртібіне сәйкес орналастырылады. Есептердің қысқа және тиімді жолмен шығарылуына назар ауарылады, шығарылған есептердің рәсімделуіне шек қойылмайды, бірақ математикалық тұрғыдан дұрыс болуы талап етіледі.
Шығармашылық бастаманың басымдылығы геометриялық салу есептерін шығаруда ерекше байқалады. Есептің шартын өзгерткен жағдайдақанша шешімі болатынын анықтап, нақты шешімдерін көрсету қажет.
Оқу материалының мазмұнын мектепте оқытылатын математика пәнінің оқу материалдарының логикалық жалғасы ретінде қарастыруға болады.
Үйірме жұмысының мақсатымен міндеті төменгідей болуы мүмкін:
Окушылардың білімділік дағдысын арттыру мен математикалық білімін тереңдету оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуда оқу материалын, әсіресе, ондағы есептерді таңдап алудың маңызы зор.
Үйірмеде қарастырылатын теориялық материалдар, анықтамалар және қолданбалы есептер жүйесі, оқушылардың зерттеушілік жұмыстары олардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ақыл-ой әрекетінің дамуына игі ықпал жасайды.
Оқу материалдары түрлі есептер жинақтарынан, журналдар мен белгілі математиктердің кітаптарынан, үйірме, олимпиадаға арналған есептер жинақтарынан алынады.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың интеллектілік, шығармашылық ойлауын, өздігінен білім алу және еңбек ету дағдыларын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзкарасы мен белсенділігін қалыптастыру, кәсіпкерлікке баулу.
Зерттеу міндеті:оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуы барысына көмек көрсету.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бастауыш сыныпта жұмыс істеуде орта мектепте математиканы оқытуда жоспарланған жалпы мәселелерді есепке алу және бұл мәселелерді шешудегі бастауыш білімнің рөлін дұрыс бағалай білу.
Орта мектеп математика жоспарына қатысты көптеген мәселелер бастауыштың өзінде тиісті дәрежеде берік үйретілуі керек, яғни олар оқушылар санасында өмір бойы сақталып қалатын болсын, ал кейбір мәселелер жоғары сыныпта толық түрде өтілуіне қарай, бастапқы ұғымдар, дайындық есебінде қараладынемесе біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру процесінде пікірлеу қабілетін арттыру мақсатында қаралады.
Міндеттері
1. Оқушыларда саналы және берік (автомат түрде) есептеу біліктілігін қалыптастыру
2.Оқушыларға үйренген білім, дағды және біліктіліктерін әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету.
3. Оқушыларда қисынды (логикалық) пікірлеу қабілетін қалыптастыру.
4. Оқушыларға толық, нақты, қысқа да нұсқа математикалық сөйлеуді үйрету
5.Оқушыларды еңбекке баулу, сана тәртіптілігі, еңбекті нақтылай ұйымдастыру, пікірді бір орынға топтау және нақтылауға үйрету.
Мақсаттары
1. Білім беру
2. Тәрбиелеу
3. Өмірлік -практикалық білім - дағды дарыту
1. Математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады.Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды.
2. Тәрбиелік мақсат - математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы сәттерді пайдалану болып табылады. Тәрбиенің кейбір негізгі түрлері:
а) оқушыларда ғылыми дүние танымын қалыптастыру (тарихи - математикалық мағлұматтар көмегімен)
б) шәкірттерде озық моралдық қасиеттерді қалыптастыру (саналы тәртіп, белсенділік, қиындықты жеңе білу, бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, табандылық, адалдық, жауапкершілік т.б.)
в) математикасабағында - патриотизм және интернационализм рухындатәрбилеу (Ал-Фараби, әл-Хорезми т.б.)
г) эстетикалық тәрбие (әдемілік) фигуралардың қасиеттері, симметрия. Еңәсемшешуін табу.
3. өмірлік-практикалықмақсат
а) өмірлік-практиканыңқарапайымесептер іншешуге физика, химия, сызу, ақпараттанут.б. пәндердіоқыпүйренугепайдаланабілу
б) математикалыққұралдарменаспаптардып айдаланаалу
в) шәкірттердіңөзбетіншебілімалуынқамт амасызету
г) политехникалық оқуды жүзегеасыруғақолтабыстигізу.

1.1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде.

Қазіргі, ғылыми-техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың рөлі артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік қауырт прогресс жағдайында мектептің рөлі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, мектептің - басты міндеті оқушыларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары санасезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді жетілдіре түсу мақсатымен мектепте берілетін білім мазмұнын қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес ғылыми негізделген оқу жоспарын және программасын енгізу керек.
Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен соңғы жылдары мектепте білім беруді қайта құру жөнінде үлкен
жұмыс істелді, соның нәтижесінде барлық пәндерден дерлік, оның ішінде математикадан да жаңа программа енгізіліп, оқыту әдістері жетілдіре түсті. 1995 жылдан бастап мектептін бастауыш сыныптарында оқыту ісі жаңа программалар бойынша жүргізіле бастады.
Бастауыш сыныптардың математика жөнінен жаңа программаларға көшуіне байланысты жаңа әдістемелік жүйе жасалды, ол жүйе жаңа программаны іске асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұндай жүйені жасау үстінде математиканы оқыту ісінде бұрыннан жинақталған құнды делінгендердің бәрі пайдаланылды.
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесін игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен творчестволық жұмыс істейтін болуы керек.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі сынып оқушыларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу
және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан бастауыш сыныптарда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш сыныптарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағұрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені, мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ әдістемеде математиканы оқытуда зор нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін қалай ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие беру сипаты екендігі белгілі, олай болса, әдістеменің міндеті - жаңа адамды тәрбиелеуге оқушылардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін, оларды математикаға қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып қалыптасуына көмектесетін оқыту әдістерімен мұғалімді қаруландыру.
Математиканы оқыту әдістемесі жоғары оқу орнында өтілетін басқа пәндермен тығыз байланысты.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен өзінің негізі математика ғылымымен табиғи байланысты. Математиканың мектепте өтілетін курсы мазмұнын таңдап алуда математика ғылымының өз деңгейі әрқашан әсерін тигізіп отырады: белгілі бір уақыт кезеңінде математиканың қандай идеялары жетекші болатынына қарай материалдың мазмұны іріктеп алынады да, енгізіліп отырған ұғымның қайсыбір түсініктемелері (трактовкасы) беріледі. Математиканы оқыту әдістері математиканың бастауыш курсында айқындалатын идеяларына байланысты болады. Әдістемені терең ұғынып, оны мектеп практикасында творчестволықпен қолдануда мұғалімнің математика курсын жақсы білуі және ең негізгі математикалық ұғымдардың қазіргі кездегі түсініктемелерімен таныс болуы талап етіледі.
Математиканы оқыту әдістемесі педагогикамен және педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Математика курсын құруда, математиканы оқыту әдістемесін таңдап алуда, математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттерін белгілеуде математика әдістемесі педагогика мен педагогикалық психологияда айқындалған жалпы оқыту заңдылықтарына сүйенеді. Педагогика немесе психология ашып берген оқытуға қатысты жаңа заңдылыктар әдістемеде де әрқашан әнгіме болады. Әдістеменің дербес қағидалары педагогикалық және психологиялық тұжырымдар үшін материал болып табылады. Мұғалім әрбір методикалық әдістен, жаттығулар жүйесінен педагогикалық және психологиялық зандылықтардың, көрінісін байқап отырса, әрбір сабақты талдау кезінде соларға сүйеніп отырса, әрбір оқушы терең білім алатындай дәрежеге жетуге ат салысып, сол зандылықтарды пайдаланып отырса, сонда ғана әдістемені саналы түрде игеріп, дұрыс қолдану мүмкін болады. Математиканы оқыту әдістемесінің төменгі сынып оқушыларына білім және тәрбие беру міндеттерін шешуде, басқа әдістемелермен (қазақ тілін оқыту, еңбекке тәрбиелеу, сурет салу әдістемесі т. с. с.) көптеген ортақ мәселелері бар. Пән аралық байланыстарды дұрыс іске асыру үшін, мұғалімнің мұны ескеруі өте қажет.
Математика әдістемесі мұғалімдердің озат тәжірибесінің қорытындысы ретінде тарихпен қатарласа қалыптасып келеді. Казіргі кезде сол тәжірибе қорытындысы да пайдаланылып отыр, бірақ негізге алынып отырғаны басқа материал.

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ МАТЕМАТИКА ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ

Мектепте математиканы оқыту, кез келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс.Математиканы оқып үйрену процесінде оқушылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ программада көрсетілген бірқатар біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі оқушылардын саналы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта білуін қамтамасыз ететін болуы керек. Егер оқыту ісі жетілдіріліп отырса, яғни оқушылардың интеллектуалдық даму дәрежесі, олардың танымдылық қабілеті және ынтасының дамуы жеткілікті қамтамасыз етілсе, жоғарыда айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік болады.
Математиканы оқыту кезінде оқушыларда материалистік көзқарастың бастамасы қалыптаса бастайды. Сан арифметикалық амалдар, санау системасы, геометриялық фигура т.с.с. математикалық алғашқы ұғымдар берілетін бастауыш сыныптардың өзінде-ақ оқушы математиканың объектісі - шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары екенін, демек, мұның өзі реалдық материал екенін сол сияқты сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағанын нақты дүниеден алынғанын оқушы түсініп білуге тиіс. Сондықтан математиканы оқытудың өмірмен байланысын жүзеге дұрыс асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан, мектеп оқушыларын бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалық фактілерді (абстракцияларды) тани білуге үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдермен оқушыларды қаруландыру, мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп-қисапты шығару т. с. с.
Математиканы оқыту ісі өз Отанын (елін) сүйетін біздін қоғамымыздың игі мақсаттарын сезіне білетін өз білімін коғамдық мұраттарды жүзеге асыру үшін сарып етуге дайын қоғам адамдарын тәрбиелеу міндетін жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.
Математиканы оқыту жеке адамның енбек сүйгіштігі, ұқыптылығы сияқты ерекшеліктерін қалыптастару міндетін шешіп, оқушылардың еркін, зейінін, қиялын қамтуға барынша мүмкіндік жасауы тиіс, математикаға деген ынтасын арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды оқи білуге төселдіру, оларды белгілі бір материалмен жұмыс істей білуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
Математиканы бастауыш сыныптарда оқыту оны әрі қарай IX-XІ кластарда оқып білу үшін оқушылардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой-өрісінің дамуына сенімді негіз болуы тиіс.
І-ІV сыныптарға арналған математика программасының Түсінік хатында былай делінген: Оқыту мен тәрбиелеуді оқушылардың білімді игеруі мен танымдылық қабілеттерін дамытуды табиғи үйлестіру; білімнің теориялық денгейін арттыру және алған білімді практикада қолдана білуге дағдыландыру; ол үшін қажетті дағдылар қалыптастыру-міне, математиканы мектептің төменгі сыныптарында оқытуда жетекші принцип болып табылатындар осылар. I- ІV сыныптарда математиканы оқыту мазмұнын іріктеп алу, сол материалды белгілі бір жүйемен орналастыру, математиканы оқыту әдістерін таңдау математиканы оқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағындырылуы тиіс.

2.1. Бастауыш сыныптағы математиканың мазмұны мен құрылысы

I-ІV сыныптарда оқылатын математиканың бастауыш курсы математиканың мектептік курсының табиғи бөлігі болып табылады. Демек, V-XІ сыныптарда өтілетін математика курсы бастауыш курстың жалғасы, ал бастауыш курс оның бастапқы негізі болып табылады. Осыған сәйкес математиканың бастауыш курсына теріс емес бүтін сандардың және негізгі шамалардың арифметикасы, алгебра мен геометрия элементтері енеді. Математиканың бастауыш курсы құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар.
1) Курстың негізгі мазмұны арифметикалық материал болып табылады. Натурал сандар мен негізгі шамалар арифметикасы бастауыш курстың негізі болады. Сонымен бірге оған геометрия мен алгебралық пропедевтика элементтері енеді, бұлар мүмкіндігінше сан арифметикалық амалдар мен математикалық қатынастар жөніндегі ұғымдардың барынша жоғарғы дәрежеде игерілуіне көмектесе отырып, мүмкіндігінше арифметикалык білімдер жүйесіне енеді, яғни алгебра мен геометрия элементтері математика курсының ерекше жеке тарауы бола алмайды, арифметикалық материал мен табиғи байланыста болады. Осындай байланыс, бір жағынан, балаларды алгебра және геометрия идеялары мен ертерек таныстыруға, екінші жағынан, төменгі сынып оқушыларының арифметикалық білімді неғұрлым жоғары дәрежеде игеруіне мүмкіндік береді.
2)Бастауыш курс материалы шоғырланған түрде беріледі. Ең алдымен ондық бөлшектеуге келмейтін алғашкы он санның нумерациясы оқылады, осы сандарды жазу үшін цифрлар енгізіледі, қосу және азайту амалдары үйреніледі. Сонан сон екінші ондық және 100 көлеміндегі сандардың нумерациясы қарастырылады, разряд ұғымы, ондық бөлшектеуге келетін сандарды жазудың позициялық принципі айқындалады, екі таңбалы сандарды қосу және азайту оқылады, жаңадан арифметикалық екі амал; бөлу және көбейту енгізіледі. Бұдан кейін 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы үйретіледі. Мұнда көп таңбалы сандар нумерациясының негізін құрайтын үш разряд (бірліктер, ондықтар, жүздіктер) қарастырылады, арифметикалы қамалдар жөніндегі білім жинақталып қорытылады, жазбаша қосу мен азайту әдістері енгізіледі. Ақырында, көп таңбалы сандар нумерациясы үйреніледі, класс ұғымы қарастырылады, цифрлардың 1-сурет орындық мәнінін принципі жөніндегі білетіндері жинақталып қорытылады, жазбаша есептеулер алгоритмі енгізіледі. Сонымен, курста бес концентр бөлініп алынған: ондық, екінші ондық, жүздік, мың, көп таңбалы сандар. Нумерацияны және арифметикалық амалдарды қарастырумен бір мезгілде және тығыз байланыста басқа да мынадай мәселелер қарастырылады: шамалар, бөлшектер, алгебралық және геометриялық материал. Материалдың концентрлі орналасуы 1-суретте схема түрінде берілген.
Осындай концентрді айырып бөлудің өзі санаудың ондық системасының және есептеу әдістерінің мынадай ерекшеліктерімен түсіндіріледі: әрбір концентрде есептеу системасымен және арифметикалық амалдармен байланысты жаңа мәселелер айқындалады. Тәжірибе көрсеткендей, материалдың концентрлі орналасуы, сызықтық орналасуына қарағанда төменгі сынып оқушыларына көбірек лайықтырақ: математиканы оқыту балалардың шама-шарқына лайықты және оларға мектепке дейін белгілі сандардың шағын көлемінен басталады, сандардың бұл аймағы бірте-бірте кеңейтіле беріледі, біртіндеп жаңа ұғымда енгізіледі.
Курстың мұндай құрылысы жүйелі қайталап отыруды және сонымен бірге оқып білгенді тереңдете түсуді қамтамасыз етеді, өйткені бұрын үйренген білім мен білік, дағды сандардың жаңа көлемінде қолданылады. Осының бәрі курсты жақсырақ игеруге көмектеседі.
3) Теория мәселелері мен практикалық сипатты мәселелер бірімен-бірі табиғи байланыста болады. Теорияның көптеген мәселелері индуктивті түрде енгізіледі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктері туралы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
Толық жүздіктерді қосу және азайту
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Сандар мен өрнектер
СЫНЫПТАРДА АЛГЕБРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Пәндер