Бақытжан Қаратевтың қоғамдық-саяси қызметі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

ЭЛЕКТРЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақстан тарихы

№2 семестрлік жұмыс

Тақырып: «Бақытжан Қаратевтың қоғамдық-саяси қызметі»

Орындаған: Жалынұлы А.

Топ: ЭСХк-1503

Тексерген: Жұмағұлов М.

Алматы, 2015

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе.
  2. Бақытжан Қаратевтың өмірбаяны.
  3. Қоғамдығы қызметі.
  4. Қырғыз (қазақ) әскери-революциялық комитетіндегі қызметі.
  5. Бақытжан Қартаевтың ғылыми-зеріттеу жұмыстары
  6. Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Тарихқа тағзым. Қазақтың көрнекті тарихи тұлғасы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси сахнаға аззатық пен тәуеліздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Сол ірі тарихи тұлғалардың бірі - Бақытжан Бейсалыұлы Қаратаев. Ол - қазақтың алғашқы заңгері, қоғам қайраткері.

Оның есімі 20 жыл бой Ресей мен қазақ баспасөзі беттерінен түспей, қаламы «Айқап», «Қазақстан», «Орал», т. б. көптеген басылымдардың бағыт-бағдарына үлкен әсерін тигізген еді. Терең мағыналы публицистикалық мақалалары халықты азаттық мен бостандық идеяларына баулумен қатар, қазақ халқының рухани өсіп, шыңдалуына да өлшеусіз үлес қосты. Халқымыздың бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі, оның жарқын болашағы үшін аянбай күрескен ұлы даланың дарынды перзенті. Бар ғұмырын халқының мүддесі үшін сарп еткен ол өмірінің соңында болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып, артына мол мұра қалдырды.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\bakkar1.jpg

1905 жылы түсірілген мына суретте қазақтың сол тұстағы және болашақтағы қайраткерлері бейнеленген. Бірінші қатар, ортада Бақытжан Қаратаев

ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңында қазақ даласында қоныс аударушыларға жер бөлу саясатының салдарынан қазақтар адам төзгісіз қиындықтарды бастан кешірді. Міне, осындай шиеленісулер отаршылыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың туындауына әкеп соқтырды. Бұл қоғамдық қозғалыстардың басында сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ғұмар Қарашев сынды көптеген зиялының қатарында Бақытжан Қаратаев та бар еді.

Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданын­дағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған ма­мандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жым­питыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мем­лекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бо­йынша қазақ халқының мүддесін қор­ғап сөз сөй­леген. 1907-1916 жылдары ағарту­шылық жұмыстармен айналысып, «Қазақ­стан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмек­теседі. 1918 жылы облыстық атқару коми­те­тінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы нау­рызда әскери үкімет бүлік ұйым­дас­тырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жы­лы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ әскери ревко­мының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жы­лы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңес­тердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.

Патша өкіметінің жер саясатына қарсылық

Қазақ даласына келіп қоныстанушылар саны күрт артып, құнарлы, шұрайлы жерлерінен айырылып жатқан елдің жағдайы қыл ұшына келген еді. Осындай дүрбелеңде ел жер сақтап қалу үшін не істерін білмей сабыла бастады. Сөйтіп, ел тағдыры сынға түскен кезде ұлт зиялыларының көзқарас­тары қиыспай екіге бөлінді.

Біріншісі - «көшпенді өмір салтын доғарып, ел болып жиылып, қала салайық, егін егіп, бау-бақша отырғызып, отырықшы салтқа көшейік, сонда шұрайлы жерлерімізге өзіміз ие болып қаламыз, жақсы өмір сүріп кетеміз» дейді.

Екіншісі - «сан жылдар қалыптасқан ша­руа­шылық, өмір салты - аяқастынан өзгер­те салатын нәрсе емес, ол - өздігінен қа­лып­тасатын табиғи үрдіс, оны өзгерт­кенмен, бәрібір күйреп қалады, ұзаққа бармайды, ақыр аяғында башқұрттар құсап жерді мұжықтарға болмашы бағаға сатып, сып-сидан болып шыға келеміз. Одан да көш­пелісі көшпелі, отырықшысы отырықшы бо­лып қала берсін» дейді.

Орал қаласында кадеттерді жақтаушы­лар өмір тәжірибесі мол Бақытжан Қара­таевтың төңірегіне топтасты. Осы тарихи кезеңде қазақ саяси элитасының арасында кадеттер партиясына қарай ойысушылықтың байқалуы патша өкіметіне қарсы қуатты оппозициялық күшке айналған осы партия­ның қолдауына сүйеніп, қазақ халқы мүдде­сін қорғаудан туындаған еді. Қазақ кадет­терінің бағдарламасында қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау қажеттігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу тағы сол сияқты талап-тілектер айтылған.

Қазақ зиялылары патша өкіметінің қа­наушылық саясатына қарсы ашық және батыл түрде талаптарын қойып, қазақ елінің барлық мұң-мұқтажын баяндап газет беттерінде мақалалар жазып, патшаға петиция­лар жолдай бастады. Соның бірі - 1905 жылдың жазында Торғай және Орал облыстары қазақтарының орталық билік органдарына жолданған петиция. Қазақ жерін талан-таражға салуды тоқтату мәселесін назарынан ешқашан тыс қалдырмаған Бақытжан Бисәліұлы бұл петицияны да­йындауға тікелей атсалысты және онда жер мәселесіне байланысты мынандай талаптар қойылды:

- қазақ жерінде бұл күнге дейін қала салып алып, бейбіт өмір сүріп отырған орыстар отыра берсін және олар алған жерге талабымыз жоқ. Бірақ қалған жеріміз қырғыз-қазақ халқының өз пайдасына мәңгі ұрпақ мұрасы ретінде ешкімнің ортағынсыз берілсін;

- мұнан былай орыс шаруаларына қазақ жерінен жер берілмесін және қазақ жерінен қоныс аудару учаскелері мұнан былай ашылмасын;

- Далалық ереженің барлық 17 бабы негізсіз деп танылып, жойылсын;

- қырғыз-қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзіңдікі деген құжат берілсін (ҚР ОММ, 1202-қор, 1-тізбе, 37-іс, 123-бет) .

Петербургке Б. Қаратаев бастап барған делегация петицияны тиісті орындарға тап­сырғаннан кейін генерал Ғ. Жәңгіровтің ара­ласуымен ІІ Николай патшаның қабыл­дауына рұқсат алып, оған өз талап-тілектерін де білдіреді. Осы жылы Орал қала­сында Қазақстанның бес облысының өкіл­дері қатысқан съезд болып өтті. Оның деле­гат­тарының қатарында Ә. Бөкейханов, Ж. Сей­далин, М. Дулатов, Б. Сыртанов, Б. Қа­ратаев болды.

І Мемлекеттік Думаны шақыру туралы заң 1905 жылдың желтоқсан айында пат­шаның екі манифесінің негізінде шықты. Үлкен атыс-тартыстың нәтижесінде арнайы мәжілістің шешімі бойынша «бұра­тана елдерден» Думаға депутат сайлау турасын­да шешім қабылданады. Алғашқы Дума таратылғаннан кейін 1907 жылдың қаң­тар-ақпан айларында ІІ Мемлекеттік Дума­ға депутаттар сайлау жүргізілді. Қазақ хал­қынан депутаттыққа Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ақмола облысынан Шәймерден Қосшығұлов, Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан Темірғали Нұрекенов, Жетісу облысынан Мұхамеджан Тынышпаев, Сырдария облысынан Тілеулі Алдабергенов, Астрахань губерниясынан Бақтыгерей Құлманов сайланды. ІІ Мемлекеттік Думада өкіметтің жүр­гізіп отырған аграрлық және отаршыл саясаты сынға алынады.

http://www.alashainasy.kz/userdata/630/21.jpg

Бақытжан Қаратаевтың 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзі

Депутат мырзалар!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық - саяси қызметі
Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан Айқап журналы туралы Айқаптың 1911 санындағы Тұла бойым тұңғышым атты мақаласында
Бақытжан Қаратаев және Ресей мемлекеттік Думасы
Бақытжан Қаратаев және патша үкіметінің жер саясаты
1905-1917 жж. қазақ интеллегенциясының әлеуметтік қозғалысы
Қазақ жерінде полиция жүйесінің пайда болу тарихы
Барлыбек Сыртановтың саяси және құқықтық көзқарастары
Алғашқы қазақ заңгері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz