Радиожиілігінің ЭМӨ аумағы, олардың қоршаған ортаға әсері және қорғау әдістері



I. Кіріспе
II. Қарастылатын мәселелер
1. Оқушыға ұялы телефон ұстауға қатысты пікірлер
2. Табиғи электромагниттік өріс
3. Электормагнитті толқындардың жұмысшының ағзасына әсері, олардың еңбек жағдайы.
4. Электормагнитті толқындардың патогенетикалық әсері
5. Емдеуі Жалпы сауықтандыру терапиясы.
6. Профилактикасы Алдың.алудың негізгі әдісі
7. Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері
8. Клиникасы
9. Алдын алу
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан. Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құрсағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал. Біріншіден, аталған қондырғыларды тұйықтау жүйесіне міндетті түрде енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдалану уақыты сақталынуы тиіс. (Күндік тиісті уақыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір сағат сайын, балалар әр 30 минут сайын үзіліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнындағы электромагниттік өріс деңгейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұруы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні кішкентай балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электрэнергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Экология
№ 1 семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Радиожиілігінің ЭМӨ аумағы, олардың қоршаған ортаға әсері және қорғау әдістері.

Орындаған:Жалынұлы А.
Топ: ЭСХк-15-3
Тексерген: Райымбекова Б.

Алматы, 2015
Жоспар

I. Кіріспе
II. Қарастылатын мәселелер
1. Оқушыға ұялы телефон ұстауға қатысты пікірлер
2. Табиғи электромагниттік өріс
3. Электормагнитті толқындардың жұмысшының ағзасына әсері, олардың еңбек жағдайы.
4. Электормагнитті толқындардың патогенетикалық әсері
5. Емдеуі Жалпы сауықтандыру терапиясы.
6. Профилактикасы Алдың-алудың негізгі әдісі
7. Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері
8. Клиникасы
9. Алдын алу

Кіріспе

Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан. Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құрсағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал. Біріншіден, аталған қондырғыларды тұйықтау жүйесіне міндетті түрде енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдалану уақыты сақталынуы тиіс. (Күндік тиісті уақыты - 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір сағат сайын, балалар әр 30 минут сайын үзіліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнындағы электромагниттік өріс деңгейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұруы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні кішкентай балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың өзінде соткасыз үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы сотка дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. Сотка балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні соткаға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.

1. Оқушыға ұялы телефон ұстауға қатысты пікірлер
Осыдан он шақты жыл бұрын ұялы телефон біз үшін таңсық еді. Бүгінде ересектер былай тұрсын, мектеп жасындағы балалардың қолында қос-қос телефон - нан бар. Әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына тигізер кері әсері туралы жиі айтады. Алайда құлақ түріп, елеп жатқан ешкім жоқ. Қайта заман ағымына қарай ұялы телефонның түр-түрі шығарылуда. Әсіресе, түрлі ойындары мен ғаламторға ену мүмкіндігі бар телефондар жас ұрпақтың сүйікті ойыншығына айналды. Соңғы жылдары елімізде ғылыми техника қар - қынды дамығалы көп жетіс - тікке қол жеткіздік. Қоғамда өмірге қажетті әрі қолжетімді технологиялар көптеп еніп, теле - коммуникация жүйелері жаңарды. Адамзат игілігіне арналған бұл жаңалықтар, әрине, пайдалы. Әйткенмен, әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері де жоқ емес. Әсіресе, ұялы байланыстың зияны бөлек дейді мамандар. Мамандар алдағы 10-15 жылда сымсыз телефонның зардабынан ісік дертіне шалдығушылардың саны арта түсетінін айтып, дабыл қағуда. Биыл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефондар жас жеткіншектердің денсаулығына зиянды екенін мәлімдеді. Ғалымдардың пайым - дауынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайыз - ға дейін ұлғаяды. Ұялы телефондар электромагниттік сәулелердің негізгі тетігі екені айтпаса да түсінікті. Бұл - жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер ететін сәулелер. Тіпті, кей мемлекеттерде мектеп жасындағы балаға ұялы телефон ұстауға тыйым салынған. Себебі, 10-11 жастан бас - тап ұялы телефонды тұрақты пайдаланатын жандардың ми ісігіне тап болуы әбден мүмкін. Себебі электромагниттік сәулелер ойлау қабілетін реттейтін мидың жүйке орталығына енеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де сымсыз телефон екенін жасырмайды маман - дар. Әлем елдері ұялы телефонн - ың адам өміріне қауіп - ті - лі - гін жан-жақты зерде - леуде. Испаниял - ық ғалымдар 11-13 жас шамас - ындағы бала телефон арқылы екі минут сөйлескеннен соң, мидың биоэлектрлік белсенділігі 2 сағат бойы қалпына кел - тірілетіндігін дәлелдеген. Ұлыбритания - ның бірқатар қа - лаларында зерттеу жүргізген ғалымдар да мұны жоққа шығармайды. Ал Ресейдің гигиена институ - тының жүргізген зерт - теулері 5-10 жыл бойы сымсыз - телефонды пайдаланған 20-29 жас шамасындағы азаматтың ми ісігіне тап болу қаупі ұлғая түсетінін көрсетіпті. Бұл өскелең ұрпақтың ұялы телефонды неғұрлым ерте пайдаланса, соғұрлым дертке шалдығу қаупі де арта түсетінін меңзесе керек. Дегенмен, ғалымдардың мұндай пікірімен келіспейтіндер де бар. Ұялы телефонның адам ағзасына осыншалықты әсер ететіндігі әлі толықтай дәлелденген жоқ. Әлемнің әр түкпірінде сан қилы зерттеулер жүргізілсе де, бұл жанама пікір ғана дейтіндердің қатары да жеткілікті. Ал профессор, дәрігер Әскер Есенқұловтың айтуынша, мұндай зерттеулер әлі дәлелденбеген. Сол себепті де сымсыз телефонның қауіптілігін айтып, дабыл қағу орынсыз. Мұның бәрі кішігірім зерттеулер ғана, - дейді ол. Жалпы, ұялы телефонға қызығушы топ - балалар мен жастар. Тұтынушы назары үшін барын салатын ұялы байланыс операторлары балаларды баурау үшін түрлі ойындарды, жаңа қызметтерді ұсынады. 2001 жылы Еуропарламенттің ғылыми зерттеулер басқармасы кәмелеттік жасқа толмаған балаларға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салған. Содан бері Еуропа мемлекеттері мектеп қабырғасында оқушыларға телефон пайдалануға үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Мәселен, Ұлыбританияда сымсыз телефонды сату барысында оның қауіптілігі жөнінде ақпараттандыратын парақшалар қатар ұсынылуы керек десе, Францияда ата-аналарға балалары қанша уақыт телефонмен сөйлесетінін қадағалау міндеттелді. Адам ағзасына радиацияның әсер етуін зерттейтін бір топ ғалымдар ұялы телефон - дардың қорапшаларына Денсаулық сақтау ұйымы ескертеді деген ескертпе жазуларды енгізу керек деген ұсыныс білдірді. Еуропа елдерінен үлгі алса керек, Тәжікстанда мектептер мен жоғары оқу орындарында білім алушыларға ұялы телефон пайдалануға тыйым салған. Дегенмен қанша тыйым салынса да, сымсыз телефонның негізгі тұтынушысы балалар мен жастар болып қала бермек. Жасыратыны жоқ, қазір мектеп жасындағы балалар ұялы телефонсыз сабаққа деген ынтасын да әлсірететінін айтады. Еуропа мемлекеттерінде қолданылатын тәжірибені отандық мектеп қабырғаларына да енгізу керек деп ойлаймын. Бұл бір жағынан, ұрпақ денсаулығына алаңдаушылық болса, екіншіден, мектеп жасындағы балалардың арасындағы бәсекені де бәсеңдететіні анық. Телефон түрлі дерт - тің пайда болуына себепкер болуы - мен қатар, баланың санасына да кәдімгідей әсер етеді. Қазір балалар арасында телефонын көрсетіп мақтану, әдемі нұсқасын алудан жарысу дағдыға айналып отыр. Біздегі бір кемшілік, ата-аналар балаларына телефонның зияндылығын айтып, оның орнына сабағына мән беру керектігін ескертпейді. Ал ұстаздар тарапынан ескерту жасалса, білім ордасына келіп ұрыс-керіс шығарудан да тайынбайды. Ұстаз айтса, оқушыны жаман болсын, көштен қалсын демейді. Мұны түсінбейтін ата-аналар қоғамда жетіп артылады. Мектепке келген баланың ұялы телефон ұстауы біріншіден, оның оқып отырған сабағына тікелей теріс әсер етеді. Екіншіден, оқушының ойын шашы - ратып, алаңдатады. Үшіншіден, ұстазды сыйлау әдебін бұзады. Төртіншіден, жанындағы отыр - ға - н өзге оқушыларға психо - логиялық тұрғыдан кері ықпал етеді. Бұл мәселелерді күнде - лікті сабақ беру барысында аңғару қиын емес. Сол себепті мектеп қабырғасында оқу - шы - ларға ұялы телефон пайдалануға тыйым салу орынды деп есептеймін.
2. Табиғи электромагниттік өріс
Кез-келген организмнің қызметтік-динамикалық қасиеттері оның өмір сүру жағдайының шарттарына қабілеттілігіне тәуелді болады. Ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті факторлардың біріне табиғи электромагниттік өріс жатады. Табиғи электромагниттік сәуленің тапшы немесе жоқ болуы зиянды әсерлерге, тіпті тірі ағза үшін қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Қазіргі кезде жер бетінде жаңа экологиялық жағдайлардың қалыптасуына байланысты қоршаған ортаның электромагниттік тұрғыдан кірленіп, тірі ағзалардың зардап шегуі үлкен алаңдаушылық туғызатын мәселеге айналып отыр. Сондықтан да электромагниттік сәуленің биологиялық әсерін зерттеу жұмыстары өзінің алдына әлеуметтік мәні зор экологиялық міндеттер жүктейді және қазіргі уақыттағы физика, экология, биология ғылымдарының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің әсер ету механизмі бүгінгі күнге дейін түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Электромагниттік өрістің биологиялық әсерін түсіндіретін бірнеше болжамдар бар. Олар ұлпаларда тоқтың туындауына және өрістің тікелей жасушалық деңгейде әсер етуіне, бірінші кезекте мембраналық құрылымға әсерімен негізделеді. Электромагниттік өріс әсерімен биологиялық мембраналар арқылы диффузия жылдамдығы, биологиялық макромолекулалардың бағыты мен конформациясы, сондай-ақ еркін радикалдардың электрондық құрылымының күйі өзгеруі мүмкін. Негізінен электромагниттік өрістің биологиялық әсер ету механизмі арнайы емес сипатқа ие және ағзаның реттеуші жүйесінің белсенді өзгерісімен байланысты болады. Тірі ағзалар биоколлоидтық және физикалық-химиялық реакцияларда жетекші рөл атқаратын күрделі гетерогенді жүйелерден тұрады. Көптеген жылдар бойы ғалымдардың үздіксіз зерттеулерінің нәтижелері негізінде анықталғанындай, коллоидтық жүйелердегі реакциялардың жылдамдығы күн сәулесінің белсенділігіне байланысты және геомагнитті полюстердің орналасуына қатысты болады. Мұның негізгі себебі - электромагниттік өріс әсерімен су қасиеттерінің, ондағы физика-химиялық процестердің өзгеруі, жанды және жансыз обьектілерде жүретін реакциялардың жалпы құрылымының өзгерісі болып табылады. Бірінші кезекте кез-келген өзгеріске бейім келетін плазмалық және жасуша ішіндегі мембраналар, әр түрлі органелдер мен жасуша ішіндегі құрылымдарды шектейтін мембраналар екендігі анықталған. Жасушалық мембрананың түрлі физика-химиялық әсерлерге, оның ішінде сәулеленуге сезімталдығы жоғары болып келеді. Мембрананың морфологиялық және қызметтік өзгеріске ұшырауы практикалық тұрғыда өте аз сәулеленуден кейін және өте аз дозада жүретіндігі дәлелденген. Сонымен қатар электромагниттік сәуленің биологиялық мембрана өтімділігіне және натрий катиондарының тасымалдануының активті үдеуіне әсер етіп өзгеріс тудырғанда, бұл жағдайда қанықпаған май қышқылдарының қайта қышқылдануының белсенділігі және митохондрияда қышқылдану процестерінің бірігуі және фосфорлануы жүреді. Жасушалық деңгейдегі мұндай өзгерістер келесі себептерден туындауы мүмкін деп есептеледі: - Электромагниттік сәуле зарядталған бөлшектерге және тоқтарға әсер етеді, осының нәтижесінде өріс энергиясы жасушалық деңгейде энергияның басқа түрлеріне түрленеді. - Атомдар мен молекулалар электр өрісінде полярланады, полярланған молекулалар магнит өрісі таралуының бағытымен бағытталады. - Электролиттер болып табылатын ұлпаларды құрайтын сұйықтарда, сыртқы өрістің әсерінен кейін иондық тоқтар пайда болады. - Айнымалы электр өрісі диэлектриктің айнымалы поляризациясы есебінен жүретіндей, өткізгіштік тоғының пайда болуы есебінен тірі ағзалардың ұлпаларын қыздырады. Жылулық эффект электромагниттік өріс энергиясының жұтылуының салдары болып табылады. Өріс кернеулігі және әсер ету уақыты неғұрлым ұзақ болса, айтылған эффектілер соғұрлым күштірек байқалады. õ= 10 мВтм мәніне дейін шартты түрде жылулық баспалдақ ретінде алынады, артық жылу термореттеу механизмі есебінен шығарылып отырады. Бұдан басқа органдардың қатты қызуға сезімталдығы олардың құрылымымен анықталады. Қатты қызуға көру, ми, бүйрек, қуық және өт жолдары органдары өте сезімтал болып келеді. Электромагниттік өрістің нерв жүйесіне әсерін көптеген ғалымдар тәжірибе жүзінде зерттеді. Орталық нерв жүйесіне электромагниттік және магниттік өрістердің әсері жөніндегі көптеген жылдар бойғы зерттеулер нәтижелері профессор Ю.А.Холодовтың монографияларында жарияланған. Электромагниттік өрістің миға, нейрондар мембраналарына, есте сақтау, шартты-рефлекстік әрекеттеріне тигізетін тікелей әсерлері анықталды. Спектроскопиялық зерттеулер нәтижесінде әлсіз электромагниттік өрістің нерв жасушаларындағы жүретін синтездік процестерге әсер ету мүмкіндіктері көрсетілді. Зерттеулер осы әсерлердің нейрон қабықшаларына әсер етіп онда айқын өзгерістер тудыруы, мидың күрделі құрылымына берілетін ақпараттардың бұзылуына әкелетіндігі байқалды.
3. Электормагнитті толқындардың жұмысшының ағзасына әсері, олардың еңбек жағдайы.
Күн суыта келе жұртшылық түрлі жылыту құралдарын, қысқа толқынды пештерді көп қолдана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ультракүлгін сәуле
Көздері электромагниттік сәулелену
Электромагниттік сәулеленудің атмосферамен әрекеттесуі
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАРДЫ ТАЛДАУ
Ұялы байланыстың транспорттық желі технологиясын таңдау
Гигиеналық тәжірибеде қабылданған радиотолқындардың жіктелуі
Электромагниттік сәулелену туралы
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СӘУЛЕНІҢ АДАМҒА ӘСЕРІ
Ұялы телефонның кері әсері
Өндіріс орындарын желдету әдістері
Пәндер