Жеке меншік құқығы



Кіріспе
1. ЖЕКЕ МЕНШІК ҰҒЫМЫ
1.1 АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
1.2 ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.3 ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2 МЕНШІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
2.1 ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.2 ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
2.3 ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жеке меншік құқығы – заңнамалық актілермен мойындалатын және қорғалатын өзінің қалауы бойынша оған тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және басқара алатын субъектіге құқығы бар. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды. Меншік иесінде бар жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алу-сату, айырбастау, сыйлау немесе осы мүліктен айыру туралы басқа келісім шартының негізінде басқадай тұлғамен алынуы мүмкін. Азамат қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетпен немесе заңмен сәйкес басқадай тұлғаға мұрагерлік бойынша ауысады. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы заңды тұлағаларға – қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагерлеріне ауысады. Қайтадан құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды. Меншік иесінен мүлікті иесінің еркінсіз басқа тұлғаға тағайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен ескерілген жағдайларды қоспағанда босатылмайды. Тұтынушылық кооперативінің мүшелері (тұрғын-үй, тұрғынүй-құрылыс, саяжай, гараж және басқа да), пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа дай үй-жайға өзінің үлеспұлдық жарнасын толығымен енгізген, жарналық қорлануға құқығы бар тұлғалар, осы тұлғалармен пайдалануға кооперативтерге ұсынылғандар, аталған мүлікке меншік құқығын алады. Жылжымайтын мүлікке меншіктілік құқығы төмендегі құжаттардың негізінде туындайды:
1. ҚР Азаматтық құқығы. С. Ынтымақов. – Алматы. 2004 – 128 б.
2. ҚР Конституциясы 1бөлім, 6 бап
3. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана. 2002
4. Қалмырзаев С /Жекешелендіру.Қазақстанға жекешелендіруге қажетті құжаттар мен материалдар» 5т./Алматы «Атамұра»-1995ж.
5. Б. Мәдешев «Нарықтық экономикасына кіріспе». Алматы. 1995ж
6. Экономика: Учебник по курсу «Экономическая теория» под редакцией А.С. Булатова, – М.: Бек, 1997.
7. Ә Әубәкіров, Б. Б. Байжұмаев, Ф. Н. Жақыпова. «Экономикалық теория». Алматы. 1999ж
8. Доғалова «Жекешелендіру». Алматы. 1998ж
9. Экономическая теория (политэкономия) / под редакцией Видяпина В.И. и академика Журавлевой Г.П. - М. 1999.
10. www.afn.kz
11. www.minfin.kz
12. Лившиц А.Я., Введение в рыночную экономику / М. - 1991.
13. Мәуленова С «Экономикалық теория»/Алматы «Экономика»/2004ж

КІРІСПЕ

Жеке меншік құқығы - заңнамалық актілермен мойындалатын және қорғалатын өзінің қалауы бойынша оған тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және басқара алатын субъектіге құқығы бар. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды. Меншік иесінде бар жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алу-сату, айырбастау, сыйлау немесе осы мүліктен айыру туралы басқа келісім шартының негізінде басқадай тұлғамен алынуы мүмкін. Азамат қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетпен немесе заңмен сәйкес басқадай тұлғаға мұрагерлік бойынша ауысады. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы заңды тұлағаларға - қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагерлеріне ауысады. Қайтадан құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды. Меншік иесінен мүлікті иесінің еркінсіз басқа тұлғаға тағайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен ескерілген жағдайларды қоспағанда босатылмайды. Тұтынушылық кооперативінің мүшелері (тұрғын-үй, тұрғынүй-құрылыс, саяжай, гараж және басқа да), пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа дай үй-жайға өзінің үлеспұлдық жарнасын толығымен енгізген, жарналық қорлануға құқығы бар тұлғалар, осы тұлғалармен пайдалануға кооперативтерге ұсынылғандар, аталған мүлікке меншік құқығын алады. Жылжымайтын мүлікке меншіктілік құқығы төмендегі құжаттардың негізінде туындайды:
жеке тұлағада:
:: сатып алу-сату шарты
:: айырбас шарты
:: сыйлық шарты
:: өмір бойы қамту талабымен басыбайлы беру шарты
:: өтеусіз беру шарты
:: неке шарты
:: өсиет бойынша (заң бойынша) мұрагерлікке құқық туралы куәлік
:: жекешелендіру шарты
:: заңдық күшіне енген сот актілері
:: үлеспұлдық жарнаның барлық сомасын кооперативтің мүшесімен енгізу туралы құрылыс-тұрғын-үй кооперативінің анықтамалары
:: өтеусіз беру шарты
:: бұзудың немесе реквизицияның салдарынан өтемақы ретінде мүлікті беру шарты
:: мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі немесе пайдалануға салынған объектіні қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісі
:: тіркеу куәлігі
:: жарғылық капиталдан үлесті бөлудің есебінен мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі
:: атқарушы органдардың құқықтық актілері
заңды тұлғада:
:: сатып алу-сату шарты
:: айырбас шарты
:: өтеусіз беру шарты
:: шарттың міндеттеменің күшінде жылжымайтын мүлікті беру
:: бұзудың немесе реквизицияның салдарынан өтемақы ретінде мүлікті беру шарты немесе шешімі
:: тапсыру актісі немесе бөліс теңгерімі
:: заңды тұлғаның теңгеріміне мүлікті беру туралы шешімі
:: мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі немесе пайдалануға салынған объектіні қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісі
:: жарғылық капиталға жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшылық шарт, жиналыс хаттамасы)
:: атқарушы органдардың құқықтық актілері
Құқық белгілеуші құжаттар екі данада тіркелуге ұсынылады, олардың бірі телнұсқа болып табылады және көшірмемен нотариалды куәландырылады. Осы құжаттардың телнұсқа даналары (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) тіркелгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады. Жер теліміне меншіктілік құқығын тіркеген кезде құқық белгілеуші құжаттан басқа жер теліміне жеке меншік құқығына актіні ұсыну қажет.

1. ЖЕКЕ МЕНШІК ҰҒЫМЫ

Жеке меншік - мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.
Мақсаты - мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.
Жекешелендіру сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекеттік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен Қазақстан Республикасыңда мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру. Президенттің Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың кемінде 51 пайызы купондар аукционында халықтың ЖИК-і үшін инвестициялық жекешелендіру қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың 39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылуға тиіс болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 наурыздағы Акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін мемлекеттік акционерлік қоғам басшыларына бөлу туралы №1589 Жарлығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары бес пайызға дейін акцияларды атаулы құн бойынша иемденуге мүмкіндік алды.
Қазақстандағы 1996 жылдан бергі жекешелендіруді реттейтін негізгі нормативтік құжат - Қазақстан Республикасы Президентінің; 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Жекешелендіру туралы заң күші бар №2721 Жарлығы. Бұл Жарлықты іске асыру мақсатында 1996 жылғы 7 ақпанда Үкімет қаулы қабылдады, онымен Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасы (3-кезең) бекітілді. Жекешелеңдіру жүргізудегі негізгі принциптер, ол - жариялылық, бәсекелестік, құқықмирасқорлық, лауазымды адамдардың жекешелендіру жүргізудің заңдылығы үшін жауаптылғы және сатуға қойылған объектілер туралы берілген мәліметтердің растылығы (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 4-бабы).
Жекешелеңдіру мақсатында мемлекет қандай мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға сатуға болатындығын анықтайды. Әдетте бұл мүліктік кешендер ретіндегі кәсіпорындар және акциялардың мемлекеттік пакеттері. Сонымен қатар Үкімет жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің тізбесін жасады. Қозғалмайтын мүлікті жекешелендіргенде жер учаскесіне меншік құқығы жер заңнамасына сәйкес сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің құны жекешеленген объектінің құнына қосылады.
Жекешелендіру саудаластықта (аукцион, тендер) сату немесе тікелей атаулы сату жолымен жүзеге асырылады. Саудаластық немесе атаулы сату жүргізу үшін объект тиісті даярлықтан өтеді. Оның балансы нақтыланады, борыштар анықталады, әлеуметтік инфрақұрылым бөлінуі мүмкін, т.б. Көсіпорын акциялануы немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мемлекеттік мүлікті сатуға әкеп тікелей тіремейтін, бірақ оның келешекте сатылуын көздейтін әрекеттер (мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта құру, жалдаушының не сенімгерлік басқарушының кейін сатып алуға құқығымен мемлекеттік мүлікті жалға өткізу не оны сенімгерлік басқаруға беру) жекешелендірудің бір түрі емес, оның алғашқы сатысы деп қарастырылады (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 12-бабы). Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті мемлекет органдар жүзеге асырады.

1.1 АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ

Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл- объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінше, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Кеңестік кезеңде азаматтар меншігіндегі тек ғана тұтынушылық сипат болды, ол мемлекеттің қоғамдық өнімінің бір бөлігін таратып бөлу нәтижесінде құрылды. Ал, иелік сипаты, көбіне, өндіру құралдарының мемлекетке тиесілігімен анықталған 90-шы жылдардың басында Қазақстанда өндіру құралдарының басым көпшілігі жекешелендірілді. Соның нәтижесінде иелік сипаты елеулі өзгерістерге ұшырады, ол өз кезегінде азаматтар меншігінің түрлеріне, оның мазмұнына өзгерістер енгізді. Өзгерістердің негізі Конституциясының 26-бабының 4-тармағында келтірілген, оған сәйкес әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Яғни акцент меншіктің тұтынушылық сипатынан оның ұлғаюға ұмтылатын капитал ретінде жұмыс істеуін жандандыруға ауысты.
Азаматтардың меншік құқығының негізінде әр сипаттағы қатынастар болуы мүмкін. Олар иемдену тәсіліне, азаматтар меншігі пайда болғанда туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігіне байланысты. Азамат материалдық игілікті өндіру процесінде де, бар материалдық игілікті бөлу және қайта бөлу процесінде де иемденеді. Өндіру процесінде иемдену өндіру құралдарын иелену нәтижесінде де, және онсыз да жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар меншік жеке даралай немесе қоғамдық иемдену нәтижесінде де туындауы мүмкін. Азаматтардың жалданбалы жұмысшы ретіндегі еңбегі және олардың өздерінің жеке экономикалық қызметі меншіктің құрылуының негізгі көздері болып табылады. Экономикалық қызметтен барып кәсіпкерлік қызмет туындайды, ол дегеніміз- меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет (АК-ның 10-бабының 1-тармағы). Кәсіпкерлік қызмет жалданбалы еңбекті қолданып та, қолданбай да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер азаматтардың меншік иемденуінің әрқилы сипатын және түрлерін анықтайды.
Егер азамат өндіруді өзінің немесе қандай да бір негіздерде басқадан алған өндіру құралдарымен жүзеге асырса, онда иемдену нәтижесінде, жалпы ереже бойынша, дара еңбек меншігі (кіріс алуға бағытталмаған) немесе шағын жеке меншік (кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде) туындайды. Егер өндіру құралдарының меншік иесі өндіруге өзі тікелей қатыспай басқаның еңбегін пайдаланатын болса, ірі жеке меншік пайда болуы мүмкін. Азамат өзінің жалданбалы еңбегін өзі пайдаланса меншіктің дербес түрі құрылады. Өндіру құралдарының меншік иесі тек жекелеген адамдар ғана емес, жалпы қоғам да (мысалы, мемлекет) болуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылатын мемлекеттік меншік жалақы, сыйақы, жәрдемақы, стипендия, медициналық қызмет көрсету, зейнетақы және т.б. арқылы біртіндеп азаматтың меншігіне ауысады. Азаматтардың мұндай меншігі өзіндік деп аталады, онда тұтынушылық сипат басым. Егер меншік өндіру нәтижесінде емес, материалдық игіліктерді бөлу немесе қайта бөлу (мысалы, мәміле жасағанда) нәтижесінде туындаса, ол кезде де дара меншік қатынасы туындайды. Бірақ бұл дара меншіктің негізіне меншік иесінің өндіргіш еңбегі алынбайды.

1.2 ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

ҚР Конституциясына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады". Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды -- мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты мен әлеуметтiк бағыттылығына қарай оның салалық ерекшелiгін бейнелейдi, ал түр -- меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол -- оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда -- мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.
Конститутцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншiк формасы ретiнде жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлiкке қарағанда, топтастыру кезiнде "форма" терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебi "форма" жене "түр" ұғымдары өз мәндерi жағынан көп мағыналы және меншiк құқығына қатысты қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк меншiк құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн тектiк ұғым.
Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк құқығы -- түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк меншiк үшiн заңнамада белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша сипатынан туындайды және субъектісінің ерекшелiгiне байланысты.
Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардығы сияқты мемлекет өкiлдерi қатысатын қатынастарда абстрактілі субъектiлердiң -- Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөлiністердiң бар екендiгі ескерiледi. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берiлген тұлғалар- заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесi берiлген мемлекеттiк органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттiк мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлекет немесе әкiмшiлiк -- аумақтық бөлiнiс атынан мүдде қорғайтыннын бiлген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық белiнiстiң мемлекеттiк заңды тұлға балансында бекітiлмеген мемлекеттiк мүлiкке тiкелей билiк жасайтынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттiк меншiкке құқықтың мемлекеттiк заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен мекемелер) өздерiнің шаруашылық жүргiзуiндегi немесе оралымды басқаруындағы мүлiкке қатысты жүзеге асырады.
АК-ның 191-бабында жеке меншiктiң екi түрi белгiленген, олар -- азаматтар меншiгi және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi. Өз кезегiнде АК-ның 192-бабы мемлекеттiк меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар -- республикалық және коммуналдық меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федератицясында муниципалдық (коммунналдық) меншiк мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кiрмейдi.
Мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке деген меншiк құқығы осы мүлiк турған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы туралы заңнама қолданылады.

1.3 ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Меншік иесіне өз мүлкін иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада рим жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Ресей заңнамасында ол алғаш 1832 жылы пайда болды.
Иемдену құқығы мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заңмен қамтамасыз ету мүмкіндігін білдіреді. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 2-бөлігі). Дағдылы түсінікте бұл өкілетгікке ұстау ұғымы басқалардан гөрі сәйкестеу келеді. Бұған қарағанда, дау туған жағдайда мүлік үстаушы басқадай белгіленгенге дейін титулдық (занды) меншіккер болып табылады. Бірақ, мынаны білу керек: меншік құқығы иемденумен (үстаумен) де, тіптен сол кездегі иелікпен де қатты байланысты емес. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін заң шығарушы иемдену құқығының құқықтық мәндік нышандарын таба алмады. Сондықтан, іс жүзінде алып тастау принципіне сүйенуге тура келеді -- пайдалану және билік ету құқықтары қамтымайтындар иемдену құқығы болып табылады. Сонымен қатар иемденуде едәуір маңыздылық бар, сондықтан да ол қалған басқа құқықтардан (әсіресе міңдеттемелік құқықтан) өзгеше. Басқа заттық құқықтарда иемдену өкілетгін жалпы ереже бойынша болмауы да мүмкін, ал меншік құқығында бұл, әдетте, міңдетті элемент.
ҚР АК-сына қарағанда Ресей АК-сында иемденуге анықтама берілмеген. Сондықтан да Ресей Федерациясында иемдену құқығын түсінуде бірпікірлік жоқ. Мысалы, Ю.К.Толстой былай дейді: иемденуге құқық беру -- меншік иесінің мүлікке шаруашылық үстемдігін заңмен қамтамасыз ету. Әңгіме бұл жерде затқа шаруашылық үстемдік ету жайында, ол меншік иесінің затпен тікелей жанасуын қажет етпейді. Мысалы, ұзақ іссапарға кетсе де меншік иесі өзінің пәтеріндегі заттардың иесі болып қалады. Бұл Герман Азаматтық зандар жинағының үстанымына сәйкес келеді. 854-баптың 1-тармағына сәйкес затқа үстемдіктің арқасында затты иемдену шындыққа айналады. Бірақ бұл ұстаным үстемдік терминін ашып бермейді.
Құқықтың континентальдық жүйесінің басқа елдерінің заңнамасы арқылы бұл проблемаға көз жүгіртсек, мүмкін қазақстандық заңнамада иелік етудің меншіктік өкілеттігі түсініктілеу болар. Мысалы, құқықтың роман-герман жүйесінің әртүрлі елдеріңде иемденуді, шартты түрде өзінікі және өзінікі емес деп бөледі. Францияда, мысалы, иемдену (розкекіоп) және уақытша үстау (сіеіепііоп ргесаге) болып бөлінеді. Иемденуді өзі үшін және меншік иесі ретінде иемдену.
Сонымен қатар зандық құқық элементтерінің біреуін -- иемденуді нақты үстау немесе иелену ретінде ұғыну сервитут сияқты заттық құқықты қисынды түсіндіруге мүмкіндік бермейді. Жер учаскесін ұстауды (иеленуді) меншік иесі де, сервитут ұстаушы да бірдей жүзеге асыра алады, яғни екі субъектінің де құқықтық титулы бар. Бірақ бұл титулды ол екеуі де сол жер учаскесінде өздері немесе олар уәкілеттік берген адамдар болған кезде ғана іске асыра алады.
Сонымен қатар, құқықтың ағылшын-американ жүйесіңде иемденуге құқық институты бар Иемденуге құқық меншік иесіне (иемденуге құқығы бар адамға) тиесілі заттың қандай да бір негіздер бойынша басқа адамның иелігіңце болу жағдайын білдіреді. Иемденудің бұл формасы тәуелді ұстау институтымен байланысты, ол құқықтық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жылжитын мүліктің меншік иесі бір адам болады (затты басқаға берген), ал мүлікті иемдену құқығын басқа адам иеленеді (тәуедді ұстаушы), оған бұл мүлікті меншік иесі белгілі бір мақсат үшін береді.

1 МЕНШІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

Меншік -- экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл -- зат та емес, мүлікте емес. "Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас".
Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды.
Меншiк қатынастарның өзгеруi -- қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi.
Меншік термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда мынау менің (оның) меншігім (меншігі) деуге болады. Екінші жағдайда -- меншік иемдендім (бердім) дейді. Құқық түрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік қүқығынан айыру қажет. Меншік -- экономикалық, ал меншік құқығы -- заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншікгің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. Мына зат маған меншік қүқығы бойынша тиесілі немесе Ол сатып алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді. Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатьшастары меншікің экономикалық қатынастарнның мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзішне дербес болады.
Меншік иесінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін бұзбауы тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу басқа формалармен қатар меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 1-бөлігі). Монополиялық жағдаймен қиянат жасау фактысын анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер монополияға қарсы заңнамада анықталған. Монополияға қарсы заңнама рыноктағы басымдық жағдайға бақылау жүргізетін органдарды және монополияға қарсы заңнаманы бұзушыларға қолданылатын санкцияларды анықтайды.
Жоғарыда айтылған басқа меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 2-бөлігі). Меншік иесінің қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін қолданатын шаралары табиғат қорғау заңнамасында анықталған. Онда, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының бұзылғандық критерийлері, оның сақталуына бақылау жүргізетін органдар, табиғат қорғау қамтамасыз ететін басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Заңды тұлғалардың заттық құқығы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Меншік құқығын тану
Заттық құқық
Меншік құқығының түсінігі
Заттық құқық жәнеменшік құқығы туралы жалпы ережелер
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Пәндер