Өртке қарсы жүргізілетін жарылыстар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ РЕГИОНАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖІ
Реферат
Өртке қарсы жүргізілетін жарылыстар
Орындаған: Мұратбеков С. Е.
Тексерген: Дәуренов Ә. Д.
ШҚО Өскемен қаласы
2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
1. ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
2. ҚОЛМЕН СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРГІШТЕР
3. ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
4. ӨРТТІ СУМЕН СӨНДІРУ
4. 1. Судың өртті сөндіру қасиеті
4. 2. Өртке қарсы су құралы
4. 3. Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары
5. ӨРТ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ДАБЫЛ БЕРУ
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т. б. ) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр. Айтылғандардың барлығы осы әдістемелік нұсқауда көрініс тапты.
ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО 2 , инертті газдар және т. б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар) болып бөлінеді.
Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.
Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек, талшықты жабдықтар және т. б. ) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды, алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.
Көбік - жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі төмен қасиеттерге ие.
Көбіктер - химиялық, ауа-механикалық және жоғары еселі болып бөлінеді.
Химиялық көбікті өрттің шығу көзіне жіберу алдында ерітінділерді (сілтілік және қышқылдық) араластыру немесе судың ағынымен көбіктенетін түйіршіктерді (көбік түзуші) араластыру арқылы алады. Көбікті түйіршік - күкірт қышқылдық аммоний мен натрий бикарбонатының, көбіктендіргіштер мен судың қоспалары. 1 кг түйіршік пен 10 литр судан 40-60 литрға дейін көбік алуға болады. ПО-1 ПГП түйіршіктерінен алған көбіктермен - мұнай өнімдерін; спирттер мен ацетондарды, ішіне 2% сабын қосылған ПГПС түйіршіктерімен өшіреді. Химиялық көбік жану аймағында оттегі мөлшерін 14% дейін азайтады, жабдықтардың беттерін жауып, оларды от жалынынан оқшаулайды, суытып, жануды тоқтатады.
Ауа-механикалық көбіктерді ауа-көбікті оқпанның көмегімен, суды қысылған ауамен және көбік түзгішпен араластыру арқылы алады. Ауа қысымына және көбік түзгіштердің қасиеттеріне байланысты орта және жоғары еселі көбіктерді алуға болады. Көбік еселігі - көбік көлемінің, өзі алынатын барлық сұйықтардың көлеміне қатынасы. 5-100 еселікті көбіктер аз және орта еселіліктілерге, ал 100-ден жоғарылары жоғары еселіліктілерге жатады.
Жоғары еселі көбіктерді, қысылған ауа мен су қоспасын және көбік түзгішті араластыру нәтижесінде, үздіксіз көбіктің пайда болуы әсерінен алады. Едәуір жоғары еселі (1000-ға дейін) көбікті алу үшін атмосферадан алынатын ауадан басқа, қосымша ауа (немесе инертті газ) пайдаланылады. Жоғары еселі көбіктің өртті сөндіру қабілеті басу әсеріне негізделген, себебі өрт ошағына көбіктің түсуі кезінде ол оның бүкіл ауданын жабады.
Инертті газдар (азот, аргон, гелий, түтіндік немесе өңделген газдар) газды-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде құралдар мен жабдықтарды толтыру үшін қолданылады.
Механикалық құралдар (брезент, киіз, құм, топырақ) жанатын заттар ысып үлгермеген жағдайда, яғни жанудың бас кезінде қолданылады.
Өртті химиялық құралдармен сөндіру үшін әртүрлі қол өрт сөндіргіштері, сонымен бірге жылжымалы және стационарлы өртті сөндіру қондырғылары пайдаланылады.
ҚОЛМЕН СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРГІШТЕР
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8, 7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.
ОХП-10 өртсөндіргіші ішінде стақан орнатылған, шойыннан пісірілген корпустан тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен толтырылған.
Корпус мия экстракты бар екікөміртекті натрий қышқылының (сілті) қоспасымен толтырылады. Тұтқаны 180°-қа бұрған кезде, соташық резенке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек қос тотығы көбік түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына бағытталады. Ағынның ұзындығы 8 м жетеді. Қышқылдық пен сілтілік бөліктерінің араласуы нәтижесінде келесі әрекеттесу жүреді:
Fe 2 (SO 4 ) 3 +6NaHCO 3 = 2Fe(OH) 3 +3Na 2 SO 4 +6CO 2
Өрт сөндіргіштің корпусы бір жылдан кейін 25 % мөлшерде, 2 жылдан кейін 50 %, 3 жылдан кейін 100 % 2 МПа қысымда зерттеуден өтеді. Жылына бір рет зарядталынып тұрады.
ОХП-10 өрт сөндіргіші оңай жанғыш, жанатын сұйықтарды және қатты заттырдың көбін сөндіруге арналған. ОХП-10 өрт сөндіргішін сумен араласатын сұйықтарды сөндіру үшін қолданғанда оның әсері болмайды, көбіктің қасиеттері өзгереді. Химиялық көбікті құнды заттарды сөндіру үшін пайдаланбаған абзал, оның әсерінен олар бүлінеді. Көбіктік өрт сөндіргіштердің көбіктерінің ток өткізу қабілеті болғандықтан, электр құрылғыларын сөндіру үшін де пайдаланылмайды.
ОВП-5 және ОВП-10 типті қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар.
Балонның (2) қысу тұтқасын (3) бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік cұптама (4) арқылы жоғары еселік қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.
Өрт сөндіргіштің заряды химиялық бейтарап. Соның негізінде алынған жоғарғы еселі көбік те өрт сөндірілгеннен кейін жоғалады. Сол себепті өрт сөндіргіштің айналадағы заттарға зиянды әсері жоқ. Мұндай өрт сөндіргіштерді электроқондырғыларды, сілтілік металдар мен заттарды сөндіру үшін қолданбайды.
Кішігірім өрттердің барлық түрін сөндіруде қолданылатын, сиымдылығы 2, 5 және 8 л тең ОУ-2, ОУ-5 және ОУ-8 қолмен сөндіруге арналған көмірқышқыл өрт сөндіргіштері. Бұл өрт сөндіргіштер қысым вентилінің маховикті айналдыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2 м қашықтыққа 30-40 секунд уақыт ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқышқыл сұйығы 6 мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым 0, 98*10 5 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның төменгі көрсеткішінде газ тәрізді күйге өтеді. Сондықтан өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істегенде сақ болу керек.
Көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді таразыға тарту арқылы тексеруден өткізеді. Егер салмағы 6, 25 (ОУ-2) ; 13, 35 (ОУ-5) және 19, 7 (ОУ-8) кг аз болса, оларды зарядтау қажет.
Көмірқышқыл материалдарды бүлдірмейтіндіктен, оларды құнды заттарды және кітап сақтау орындарын сөндіру үшін пайдаланады. Ал ток өткізбеуіне байланысты (380 В дейін) электр құрылғыларын сөндіруде қолданады.
ОУБ-3а, ОУБ-7а (4-сурет) көмірқышқыл-бромэтил өрт сөндіргіштері, 3, 2 және 7, 4 л сиымдылықты шойын баллонан тұрады, оның ішінде 97% бромды этил мен 3% сұйық көмірқышқылы болады. Ерітінді 0, 843 мПа қысымда болады. Вентильді ашу кезінде шығару түтігінен бұлт тәрізді өрт сөндіру заты шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 40 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді. Олар қатты, сұйық жанғыш және электр құрылғыларын сөндіру үшін қолданылады.
Түйіршікті ОПС-10 өрт сөндіргіші кальциланған құрғақ түйіршікпен толтырылған, сиымдылығы 10 л баллоннан (1) тұрады.
Корпусқа 15 МПа қысымдағы инертті газ (азот) толтырылған баллон бекітілген.
Вентилді ашу кезінде газ күшімен түйіршік шлангқа (3) итеріледі де, раструб (4) арқылы өртке шашыратылады. Іс-әрекет ұзақтығы шамамен 30 с.
Түйіршікті өрт сөндіргіштер кішігірім жану аймағына: автотранспорт, электр құрылғылар (100В дейін), сілтілік металдар (Na, К), ағаш, пластмасса және т. с. с. қолданылады.
Өндіріс ғимараттарының әртүрлі жүйелерінде қолданылатын өрт сөндіргіштердің қажетті саны келесі формуламен анықталады: N 0 = M 0 * S,
мұнда, S - ғимараттың ауданы, м 2 ; M 0 - 1-кестеде келтірілген нормаланған өрт сөндіргіштердің саны.
ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
Өрт сөндірудің қондырғылары өрттің алғашқы сатысында, өртті сөндіру бөлімшелері келгенше, өртті оқшаулау үшін қажет.
Өрт сөндірудің қондырғылары стационарлы, жартылай стационарлы және жылжымалы болып бөлінеді. Өрт сөндіру құралдарының түріне және құрамына қарай осы қондырғылар: газды (көмірқышқыл), аэрозольды, сұйық және түйіршікті болады.
Жоғары еселі ауа-механикалық көбік түзу үшін ПГП-50, ПГ-100, ГВП-20, ГВП-600 және ГВП-2000 көбік генераторлары қолданылады. Көбік генераторы - иілгіш құбыр соңына орнатылған су ағынды эжекторлы аппарат. Ол тор таспалары бар металл корпустан тұрады. Көбік түзуші ауаны сору арқылы сулы ерітіндінің ағынын үлестіргіштен шашыратады. Көбік тор арқылы өткен кезде ұсақ көпіршіктерге бөлінеді.
Жұмыс қысымы үлестірілу алдында 0, 5 МПа, ал көбік түзу шығыны - 6 л/с. Көбік генераторының оқпан соңында, көбікті өртке түзу бағыттайтын саптама болады.
Қазіргі кезде автоматты ауа-көбікті өрт сөндіргіштер қолданылады. Олар кішігірім ғимараттар мен тоннельдерде, май трансформаторлар мен реакторлардағы өрттерді сөндіруге арналған.
Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші оңай жанатын сұйықты сөндіру үшін қолданылады.
Ол көбік түзуші қоспамен толтырылған корпустан тұрады. Өрт сөндіргіш сиымдылығы 250 л, алынатын көбік көлемі 7500 м 3 , ағын ұзындығы 10 м дейін, жұмыс істеу уақыты 240 с, өрт сөндіргіштің зарядымен бірге салмағы 450 кг. Жұмыс жасауы үшін, қысылған ауа толтырылған баллон қолданылады. Қысылған ауа қысымы арқылы вентиль бұралады, көбік түзгіш көбік генераторына түседі, ол саптама арқылы өрт ошағына шашыратылады.
Газды өрт сөндіру құралдарына УП-2м типті өрт сөндіргіштері жатады, олар жанып жатқан қатты материалдарды, мұнай өнімдерін және электр құралдарын сөндіруге арналған. Ол арба үстіне орнатылған сиымдылығы 40л екі шойын баллоннан құралған. Баллондар комірқышқылымен (әр баллондағы көмірқышқылының қысымы 6мПа, салмағы 25 кг) толтырылған.
Жұмысты бастау үшін маховикпен алдымен бірінші баллон вентилін, сосын (көмірқышқылы таусылғаннан кейін) екіншісінікін бұрау керек. Көмірқышқылы балоннан шыққанда, қысымның төмендеуі салдарынан газ күйіне өтеді, қатты суыну нәтижесінде көмірқышқылдық қар түзіледі. Өртті сөндіру әсері жанып жатқан заттын суынуы есебінен және комірқышқыл газының ауамен қосылу есебінен болады.
Бір баллон 3-3, 5 м ағын ұзындығымен 120с жұмыс істейді. УП-2М жұмыс істегенде абай болу керек, себебі қолды үсітіп алу қаупі бар (бөлшектерінің температурасы -60 0 С дейін) .
ЛВЖ қабаттарында түйіршіктерден көбік түзетін ПГ-50 және ПГ-100 көбік генераторлары, ал СИ-2 жылжымалы түйіршікті өрт сөндіргіштер - мұнай өнімдері мен металлоорганикалық қосылыстарды сөндіру үшін қолданылады. Стационарлы жылжымалы СЖБ-50, СЖБ-150 өрт сөндіргіштері электр құрылғыларын сөндіру үшін, сонымен бірге аэродром қызметінің өрт машиналарын біріктіру үшін қызмет етеді.
ӨРТТІ СУМЕН СӨНДІРУ
Судың өртті сөндіру қасиеті
Су - өрт сөндірудің кең тараған, қолайлы құралы. Оның жылу сиымдылығы (бу түзілу жылуы 539 кал/сағ), термиялық тұрақтылығы өте жоғары (1700 °С), буланғанда көлемі мәнді үлкейеді (1 кг су буланғанда 1700 л бу түзеді) .
Өртті сөндіру кезінде су кешенді ағын немесе жіңішке шашыраңқы күйде қолданылады.
Кешенделген су ағыны жалынды азайтып, жанып жатқан заттарды суландырады, сонымен қатар өрттің таралуына шектеу қояды. Осындай ағындар жанып жатқан бөліктерді бұзып, ұсақтайды. Жіңішке шашыраңқы ағындарда су тамшылары әр-түрлі көлемде болады, сол арқылы олардың соққылық және алысқа шашырау әсері аз болады. Бірақ сулану аймағының ауданы үлкейеді және судың жұмсалуы азаяды. Ұсақ дисперсті судың шашырауы судың аз мөлшерін қолдану және оны буға айналдыру арқылы жанған беттің тез сулануына негізделген. Шашыраңқы ағындармен жану аймағына өту мүмкін болса, жанып жатқан заттардың көп бөлігін сөндіруге болады. Суды шашыраңқы ағын түрінде пайдалану, өрт кезінде түтінді сейілту, құрылыс құрылғыларын суыту, жарылыс температурасы 45°С жоғары жанатын сұйықтарды сөндіру үшін кең қолданылады.
Бірақ, судың электр өткізу қабілеті жоғары болғандықтан, оны кернеу жүріп тұрған электр құрылғыларын және өртті сөндіру кезінде сумен әрекеттесетін жанғыш заттарды (K, Na, кальций карбиді) сөндіру үшін қолданбайды.
Жабық бөлмелерде жануды тоқтату үшін, ауадағы өртті сөндіру концентрациясы көлемі жағынан 30% жақын қаныққан ысыған буды қолданады.
Сумен қатты суланбайтын заттарды сөндіру кезінде суға сульфанол, сульфанат, пакалий немесе көбік түзгіштер сияқты суландырғыштарды араластырады. Судың салмағы бойынша 0, 2-2% суландырғыштардың болуы, заттардың беттік керілуін 2 есе азайтып, оның өртті сөндіру қасиетін жоғарылатады. Осыдан, су шығыны 2-2, 5 есе өртті сөндіру уақытымен қоса азаяды.
Өртке қарсы су құралы
Өртке қарсы шаруашылық су жабдығы шаруашылық - ауыз су және өндірістік қажеттіліктен басқа, тәуліктің кез-келген уақытында өртті сөндіруге ғимараттың ішінен де сыртынан да сумен көп мөлшерде қамтамасыз етілуі қажет.
Өртке қарсы су жабдығының көзі жасанды және табиғи болып бөлінеді. Табиғи көздеріне өзен, көл, теңіз, көлшіктер жатады. Оның өрт шыққан жерге жақындығы 200 м болғаны жөн. Жасанды су жабдығы - су құбырлары, жасанды су қоймалары өртке қарсы су құбырларының мөлшері бойынша төмен әрі жоғары ағынды деп бөлінеді. Төмен қысымды су құбырында ағын өрт автосорғышпен немесе мотопомпамен жасалады. Ол гидраттан суды өрт болған жерге жібереді. Осыдан бос су ағыны су құбырында әсер деңгейімен салыстырғанда 10 м-ден аз болмауы керек.
Жоғары қысымды су құбырында ағын стационарлы өрт сорғыштың көмегімен құрылады. Ол тұрақты су құбыр құрылысына кіреді және сорғыш станциясының мекемесінде орналасады. Өрт болған соң сорғыш 5 мин ішінде іске қосылуы керек те, ең жоғарғы қабатқа 10 м ағынды қысыммен көтерілуі керек.
Өртке қарсы су құбырының жүйелері негізінде сақиналы жабдықталады және үздіксіз су беріп тұрады. Жеке тұрған құрылыстарға ұзындығы 200 м иілген су құбырлары қолданылады.
Өртке қарсы су құбыры өзара жалғасқан шойын және электрмен дәнекерленген түтіктер арқылы байланысады. Түтіктің ішкі диаметрі:
, м. мұнда, Q - бір өртті өшіруге кеткен су шығыны, м
3
/сағ; V - түтіктегі қозғалған су жылдамдығы, ол 4>V>2, м/с тең.
Түтік қабырғасы қалыңдығы мына өрнекпен анықталады:
, мм
мұнда, D - түтіктің сыртқы диаметрі, мм; P - құбырдағы қысым, Па; K - жүк тиеу коэффициенті, 1, 1-ге тең; R -үзілгендегі құбыр материалының қарсылығы.
Магистральды құбырларға қабырға қабаты өсуі, коррозияға 10 жылға дейін 2 мм, ал одан көп мерзімге 8 мм болып қабылданады.
Өрт сөндірудің өнеркәсіптік объектідегі есептелген ұзақтығы 3 сағатты құрайды, ал су шығыны өрт сөндіруге жұмсалған құрылыстың өртке қарсы бұру дәрежесіне тәуелді. Су шығыны 5-тен 40 л/с арасында болады (2-кесте) .
Гидранттар жолдарда бір-бірінен 100 м ара қашықтықта, ғимараттан 5 м, жолдан 2 м ары орналасу керек. Гидранттар мен өрттің арасы жоғары қысымды су құбыры үшін 150 м, ал төменгі су құбыры үшін 100 м-ден аспауы тиіс. Сыртқы су құбыры нүктелерін әр бөлікте 5 гидрант бөліп тұрады. Гидранттардың өздері өрт көтергіш ретінде келтіріледі. Олар су құбыры нүктесінде немесе жер астында және жер үстінде орналасады.
Өрт бағанашығы өрттің жолын және жер асты гидрантын жабуға арналған. Ол бас жағымен сыртқы қабықтан тұрады. Қабықтың төменгі бөлігінде өрт гидрантқа бағанашықты жалғау үшін өрнекті сақина болады. Өрт бағанашығының басында жалғасқан гайка, ашып жабуға арналған айналдырық және өрт гидрантын ашып, жабатын кілт болады.
Өртке қарсы сорғыш шлангтар су көздерінен суды қалқалауға және спиралі бар резеңкелі бірнеше қабатты шүберектен тұрады. Сорғыш шлангтардың диаметрі сорғыш өнімділігіне тәуелді 65-125 мм құрайды.
Қазіргі уақытта өнеркәсіпте капронды және резеңкелі шлангтар шығарылады. Олар 35 атмосфералы қысымға арналған.
Біріктіруші сомындар, өзгерткіштер, судың сорғыштарынан оқпанға дейінгі жолын жалғастыруға арналған.
Ең көп таралған тез жалғанатын өрт сомындары екі бірдей жартылай бұрағыштан тұрады. Ол (3) тығынмен жалғасқан бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқан. Ең көп Богдановтың жартылай гайкалары қолданылады. Оларды бір-бірімен жалғастыру қиын емес (№ 4-плакат) .
Біріктірілген немесе бөлшектенген су ағынын түзіп, бағыттау үшін күйіп жатқан затқа өрт оқпандары қолданылады.
СА-2, 5 қол өрт оқпаны жанып жатқан заттың бетіне біріккен су ағысын жібереді. Ал біріккен оқпан арқылы біріктірілген су жылудан сақтайтын су қалқандарына беріледі. КР-Б оқпанында тығынды көтергіш болады, ол су құбырының бұрағышын жаппай суды реттейді немесе мүлде тоқтатады.
Өртті сөндіруге арналған шашыратқыш - РС-2 типті оқпандар суды шашыратып береді. Ол үшін жоғарғы жағында шашыратқыш орналасқан. Яғни бұрылғыш муфта арқылы суды жауып реттеуге болады.
Дисперсті су газында өрт температурасын түсіріп, өртті тоқтату әртүрлі су шашқыштармен жүзеге асырылады. Ең көп тараған ВВР-1 екі винтті отырғышы бар су шашқыш.
Ішкі өртке қарсы су құбыры өрттің аймағын өшіруге арналған. Ол тірек жүйелердегі су құбырларында ішкі өрт көтергіштері орналасқан. Тіректер барлық жағынан қол жететіндей етіп орналасу керек. Олар көбінесе сатылы аймақтарда орналасады. Өнеркәсіп өндірісіндегі су құбыр торлары сақиналы және сыртқы су құбырлар торынан немесе өзіндік су көздерімен жабдықталады. Өндірістің ішіндегі өрт сөндіруге есептеу бойынша 2, 5-5 л өнімділікпен екі өрт сөндіру су ағысы қолданылды.
Өртке қарсы көтергіштер жылу берілетін бөлмелерде еденнен 1, 35 м биіктікте орналасады. Ұзындығы 10 - 20 м болған иілгіш өртке қарсы құбырлар арнайы сөрелерге салынады.
Өртке қарсы құбырлар болмаса, өртті үш сағат ішінде сөндіруге кететін су сиятындай бөшкелер орнатылады.
Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары
Қолданылатын өрт құралдары қолдық, автоматтық және механикалық деп бөлінеді. Механикалық құралдарға матопомпалар, автоцистерна, авто- сорғыш, ал автоматты құралдарға - спринклерлі, дренчерлі құрылғылар жатады.
Мотопомпаның негізгі құрам бөліктері - бір рамаға орнатылған іштен жану двигателі және редукторы бар ортаға тартқыш сорғыштан тұрады. Өрт мотопомпасы қозғалмалы және бір рамаға тіркеледі. Қозғалмалы мотопомпа өрт болған жерге автомобильмен, қолмен немесе тасығыштармен жеткізіледі, ал тіркелген мотопомпалар бір осьті тіркеуге бекітіледі, ол автомобиль немесе тракторға жалғанады.
Қазіргі кезде қозғалмалы мотопомпалар М-600, МП-800 және МП-1200 қолданылады. Тағы да МП-1400, МП-1600 түрлері бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz