Дағдарыс және оған қарсы басқару


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

1 ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ БАСҚАРУ

1. Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні . . . 5

1. 2 Қазақстандағы экономикалық дағдарыс және одан шығу жолдары . . . 11

2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ КЕЗІНДЕГІ БАНК ЖҮЙЕСІН ТҰАРҚТАНДЫРУ МЕН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

2. 1 Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы экономиканың қаржы секторын және банк жүйесін тұрақтандыру шараларының маңыздылығы мен жүргізілу барысы . . . 15

2. 2 Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы және қазіргі дағдарыс кезіндегі жағдайы . . . 21

2. 3 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарыстан тұрақты әрі даму бағдарламасының іске асу барысы . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайындағы еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.

Қазіргі уақытта енлімізде банктердің дамуы соңғы 18 жыл шамасында көптеген реформалық процесстерді басынан кешірді. Осы уақыт кезеңінде Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп ілгерлеушіліктерге қол жеткізді, дегенмен еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің деңгейіне жету үшін көптеген күрделі мәселелерді шешуі қажет. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алып қарайтын болсақ олар бір жақты, яғни банк өзінің клиенттерінің алдында әрдайым үстемдікке шығып тек рейддерлік операцияларды мақсат тұтады. Мұның артында елдегі экономикалық жағдайлардың нашарлауына алып келуде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қыйн жағдайда болуына әкелді.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты еліміздегі банктік қызмет нарығы және олардың даму болашағына сипаттама бере отырып олардың қазіргі кезеңдердегі тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан қүрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономика-лық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам қүру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика қүру . . . ».

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару « дағдарысқа қарсы » атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы көрсетті. Және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігін керек

етпейді. Сонда бүндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек праг-мативті мәнде ма? Онда неге жоғары білім беру жүйесінде мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша?

Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өрпгуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бүл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.

Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тен-денцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен тереңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы басқару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей үйымда да пайда болып және ол әркашан жалпы экоеомикалық жағдайға тәуелді еместігін естен шығарып алғандай; немесе тек дағдарыстың экономикалық ас-пектілері ғана қарастырылып, оның әлеуметтік, саяси, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, табиғи және тағы басқа жақтары шетте қалып қойылған.

Бұл курстық жұмыста дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен, өндіріспен, ұйымдастырылумен, адамдармен байланыстырып жазуға тырыстық. Сонымен қатар бұл еңбекте тек дағдарыстың мүмкін болатын масштабын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмұны, себептері және оның салдары қарастырылған.

Курстық жұмыс үш тараудан түрады. Бірінші тарауда дағдарыстық жағдайдың теориялық сипаты мен бүгінгі әлемдік дағдарыстың орын алу себептері мен қазіргі жағдайы қарастырылды.

Екінші тарау әлемдік дағдарыс кезіндегі банк жүйесінің жағдайы мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қарастыру және мысал ретінде 2007-2008 жылдардағы «Темір Банк» АҚ мәліметтері мен қаржылық жағдайын талдау болып табылады.

Үшінші тарауда дағдарысқа қарсы басқару кезіндегі банк жүйесінің орын алған мәселелері мен жетілдіру шараларын іске асыру механизмін қарастыру болып табылады.

1 ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ БАСҚАРУ

1. Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социа-листік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1] .

Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын қүрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?

"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады [2] .

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе

тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті үйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі [5] .

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: үйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі бір саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты:

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ үзақ және жүйелі шығу. Және ұйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [6] .

Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бүл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды /8/.

1-сурет, - Дағдарыстың себептері

Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың оршуінен туьшдайды: жұмыскерлер мен жұмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жүмысшылар, персонал және менеджерлер және т. б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.

Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сұраныс пен ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-питалистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ:

Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі бол-мады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.

Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бүлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [9] . Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің құлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бүл мәселені К. Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан [5] . Белгілі экономист В. Леоңтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын қарыздар» [10] .

Дағдарыс және жұмыссыздық проблемаларын шешудің бірден-бір құралы ретінде Кейнс тиімді сүраныс жиынтығын ынталандыру мақсатында экономикаға мемлекеттің араласу идеясын ұсыныды. Циклдық факторын зерттеудегі еңбегінің бірі мултипликатор теориясының жасалуы және кейіннен бұл теорияны циклдық себептерін талдау кезінде кеңінен қолданыс тапты.

Классикалық қоғамдық ұдайы өндіріс циклы төрт фазадан тұрады [16] .

2-сурет, - Экономикалық цикл

2-суретте экономикалық цикл көрсетілген. а, в және с нүктелері орналасқан толқын тектес қисық өндіріс көлемінің өрлеу және құлдырау кезіндегі динамикасын сипаттайды.

Бірінші фаза - дағдарыс (құлдырау) . Бүл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы, жүмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бүл жағдайда экономи-каның дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айыр-машылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші са-лаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бүл уақытта тұтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал жабдықпен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтедІ. Сәйкесінше металлургия, ауыр машина жасау салаларында, тоңазытқыш, ав-томобиль және тағы басқа өндірістің төмендеуі, жеңіл және тамақ өндірісіне қарағанда көбірек болады. Экономиканың монополияланған және монополи-яланбаған секторындағы іс әрекеттің де айырмашылықтары бар. Егер де жоғары монополияланған салаларда дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің күрт қысқаруы кезінде баға төмендейді, ал капиталдың аз шоғырланған са-лаларында өнім көлемі аздап төмендегенде баға да түседі. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.

Екінші - депрессия (стагнация) . Бұл фаза (үзақтылығы - жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сүранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға түрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бүл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады [17] .

Үшінші - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капиталсалымдары баста-лып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшер өседі. Жандану ең алдымен өндіріс қүралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың жетістіктерінен жаңа өндірістер қүралады. Былайша айтқанда, жандану дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен аяқталады. Бүдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады [18] .

Төртінші - көтерілу (бум) . Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар курсы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды. Экономиканың ілгері дамуын жаңа деңгейге шығарған көтерілу кезекті жаңа дағдарысқа база дайындайды.

Жаңа кезекті дағдарыстың алғашқы «серпілісі» (себебі) жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс төмендейді, табы-стың азаюы, шығындар мен сүраныс қысқарады. Алғашқы жиынтық сұраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған құралдарды ауыстыру, жекелей өнімдерге сұраныс түседі, салық және не-сие пайыздары өседі, ақша айналым заңдарының бұзылуы, әртүрлі саяси жағдайлардың туындауы, көрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бұның бәрі қалыптасқан нарық теңдігін бұзып, кезекті экономикалық дағдарысқа серпін беруі мүмкін. Ұдайы өндіріс циклдылыгы мен дәстүрлі фазалардың жиі бұзылу себептерінің көптігін ескере отырып, әртүрлі бағыттағы ғалымдар циклдылықтың төмендегідей әртүрлігін үсынады:

Дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті концепциясын жасағанда тікелей дағдарыс қүбылыстарын аз болжануын ескеріліп, онымен күресте реактивті әдісті қолданған жөн. Жекелеген жағдайда стратегиялық сұрақтарды шешу кезінде мақсатты түрде дағдарыс жағдайының толысу тактикасын таңдау қажет. Мысалға, макродеңгейде басқаруда үкімет белгілі бір ұзілісте, ха-лыққа білгісіз шараларды жүргізер алдында ұстап тұра алады (салықтың көтерілуі, түтыну тауарларының импортына шектеу қойлғанда және т. б. ) .

Біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы проактивті басқаруды кешенді түрде, әртүрлі кең әдіс жиынтығын колданатын, бастысы, басқару моделі мәнінің қалуы, ал оның ішінде: дағдарыс қүбылыстарының қарама-қайшы күшті іс-әрекетінің максималды мүмкін болатын ескертулер мен алдын-алуларды пайдалану және болып жаткан дағдарыс қүбылыстарымен белсе-не күресу.

Көп жағдайда, әсіресе микроэкономикалық деңгейде, дағдарыс жағдайларын алдын-алудың қосымша шығындырын рационалды деп мойын-дауға болады. Әрине, дағдарыс құбылыстарын жоюда проактивті жүйені енгізуде шығындарды толық салыстыру қажет, мүмкін болатын табиғи апаттардан, әртүрлі технологиялық ақаулардан және авариялардан, бәсекелестік басымдылықтан айырылу және басқа да көптеген дағдарыстар. Жекелей компаниялар мен ұлттық экономиканың өдірістік-экономикалық қызметінің орнықтылығын жоғарлатуды дағдарысқа қарсы басқарудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Дағдарысқа қарсы басқарудың бүтіндігі барлық басқару бөлімшелерінің өзара іс-әрекетінің дәлдігімен, (немесе макродеңгейде мемлекеттік реттеу ор-гандары) дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасын жасаудан және іске асы-руда көрініс табады. Соңғы пункт болып дағдарысқа қарсы басқарудың ғылыми-әдістемелік базасын жасау болып табылады. Біздің қөзқарас бойын-ша, дағдарысқа қарсы басқару проактивті әдісінің стратегиялық мақсаты, орнықты даму теориясы болып табылады, оның мәні дағдарыс құбылыстарын көре білу мен мүмкіндіктерінде көрініс табады, дағдарыс жағдайларына белсенді қайшы тұру, бірінші кезекте, профилактикалық және ескертпелі формаларын және әдістерін қолдану, ал мүмкіндігінше -кейбір дағдарыстардың пайда болу себептерін түп орнымен жою.

Дағдарысқа қарсы проактивті әдісті қолдану жағдайды толықтай шеш-пейді, бірақ жоғары табысты өндірістік - коммерциялық қызметте ішкі себеп-терден туындайтын мүмкіндіктерді пайдалануға қатаң шектеулер орнатады, егер жоғары табыс табу коммерциялық және өзге тәуелділіктермен тура бай-ланыста болса. Әрине, басқа да әдістер болуы мұмкін (венчурлық опера-цияларды жүргізу), бірақ бүл мүқият дәлелденген бірыңғай шаралар болуы керек, әрине олар, үзақ мерзімді орнықты даму стратегиясының жалпы мәнін жоғалтпауы керек.

1. 2 Қазақстандағы экономикалық дағдарыс және одан шығу жолдары

Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды.

Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты крсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық циклдiң жандану және өсу сатысындамыз.

Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi. /8/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Экономикалық дағдарыс себептері
Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
Дағдарысқа қарсы басқару
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару
Нарықтық экономикадағы дағдарыс
Дағдарысты басқару
Персоналды басқару методологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz