Сепсисті емдеу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

«Акушерлік, хирургия және жануарлардың өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасы

Тақырыбы: Сепсисті емдеу

Орындаған: Досмағанбетова Ақмоншақ

Тобы: ВМ-403

Тексерген: Махмудов А. К.

Алматы 2015

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

A) Сепсисті анықтау

Б) Сепсистің этиологиясы және клиникасы

В) Сепсистің дамуы

С) Сепсистің емі

III Қорытынды

IV Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.

Негізгі бөлім

Сепсисті анықтау

Жануардың қанының жалпы улануын сепсис деп атайды. Сепсис ( Sepsis ) - қиын жазылатын инфекциялы- токсикалық процесс, нервнодистрофиялық ауытқулармен және организмнің қызметунің күрт нашарлауымен байқалады. Организм қызметі қоздырғыштың алғашқы инфекция ошағында интоксикациясы және генерализацияға байланысты. Сепсисті өнімді жануарларда толық зерттелген ауру деп есептеуге болмайды. Соган байланысты сепсистің пайда болуының біржақты этиологиясы, патогенезі және емі туралы көзқарастар жоқ.

Клиникалық белгілері: басып көргенде қуыста шайқалған сұйықтық байқалады, қызару, қызуы болмайды, домбығу, ауырсыну, функцияның бұзылуы болады.

Хирургиялық іріңді аурудың пайда болған жеріне, іріңнің шығу көзіне байланысты хирургиялық инфекция бірнеше түрге бөлінеді(аэробты, анаэробты, шіріктік) . Жараның іріңдеуі немесе іріңді аурулардың пайда болуы көптеген микробтардың әсерінен, әсіресе, стафилакокк, стрептококк, таяқша тәрізді бактерия, яғни ішек таяқшасы, пневмококк т. б әсерінен. Іріңдеген жарада кейде бірлесіп өмір сүріп жатқан аэроб микробтармен бірге анаэроб микробтарын да кездестіруге болады. Жараны қабындырып, оны іріңдетіп жіберетін микробтардың арасында жиі кездесетін бір түрі стафилокок.

Іріңнің ішінде жүзіп жүрген стафилококк микробтары өте қауіпті, сондықтан іріңнен сақтану жануар денсаулығын аурудан сақтандырудың бірден бір жолы.

Сепсистің этиологиясы және клиникасы

Жалпы хирургиялық инфекцияның өкілі сепсис. Сепсис дегеніміз- қанның шіріп улануын айтамыз. Тәбеті болмайды, функциясының қызметі төмендейді, ақырында өледі.

Іріңдеген жарада кейде бірлесіп өмір сүріп жатқан аэроб микробтары мен бірге анаэроб микробтарын да кездестіруге болады.

Жараны қабындырып, оны іріңдетіп жіберетін микробтарының арасында жиі кездесетін микробтың бір түрі-стафилакокк. Стафилакокк алтыңға ұқсас жылтыр түрі, сары түрі, ақ түрі болады. Стафилакокк-ауада, жерде, ауа жоқ жерде де өсіп-өне береді. Анаэробтық инфекциялар улы заттар шығарып, солар аяқ қанның қызыл түйіршіктерін зақымдап, ферменттерді бұзады немесе денедегі белоктарды ұйытып, зиянын тигізеді.

Стрептакокк қабыну професінің іріңдетумен тынады. Ол өз тіршілігі үшін ауаны, оттегіні пайдаланады.

Ішек таяқшасының микробтары ішектің өзегінде, жануардың денесінде, төлінде және дертханада кездеседі.

Пневмококк жануардың барлық мүшесіне ауру туғызатын қатерлі микроб. Қабынудың асептикалық және инфекциялық түрлерін айырады. Асептикалық қабыну механикалық, физикалық, және химиялық әсерлерден пайда болып, ағымына қарай жіті және созылмалы, бөліну эксудатына байланысты сарысулы - фибринозды, фибринозды болып бөлінеді. Қабынудың 2-кезеңі -дегидратация-регенеративтік қалпына келу процесстерімен сипатталады.

Сепсистің дамуы

Макроорганизмге қоздырғыштардың енуі сатылы кезеңдерде өтеді. Терінің бүлінген жеріне қоздырғыштар келіп түскенде - ластану кезеңі болса, олар сол жерде бейімделе бастаса оны инфект кезеңі деп атайды. Олар сол жерде өлі торшалармен қоректеніп өсіп-өне бастағанда микрофлора кезеңі басталады.

Макроорганизм қоздырғыштарға тосқауыл қойғанда - инфекция аталады. Қабыну процесін іріндетумен тынатын микробтар денеге енгенде жергілікті реакциямен бірге, осы микробтарға қарсы тосқауыл қоятын бүкіл ағза түгел қатысып, жалпы реакциямен жауап береді. Ағзаның жалпы реакциясының мелшері оның қарсыласу күшіне байланысты және денеге енген микробтардьщ түріне, уыттылық күшіне байланысты.

Уыттылық қабілеті күшті микробтар денеге көптеп енсе, ағзаның қарсыласу белгілері тез арада білінеді. Осындай жағдайға үшыраған жануар күнделікті қызуы көтеріліп, қалтырап, ми қызметі бүзылып тіпті есінен де танып қалады.

Ондай жануарды мұқият зерттеген кезде, қан тамырларының жиі соғуын, торшаларда және қан құрамында айтарлықтай биохимиялық өзгерістер барын, бүйрек, бауыр қызметтері өзгеріп, нашарлап кеткенін байқауға болады. Микробтардың улы заттарды көптен шығарып, ағзаны уландырып жібергенін қан құрамындағы белоктық фракциялардың өзгеруінен білуте болады. Ағза іріңмен, улы заттармен қатты уланғанда қан құрамындағы жалпы белоктың мөлшері кетеді. Улану неғүрлым күшейген сайын қан құрамындағы альбумин белогының саны азайып, глобулин белоктарының көрсеткіштері көбейе түседі.

Альбумин - глобулиндік коэффициенттің өзгеруі іріңмен, улы заттармен уланған организмнің бауыр қызметінің нашарлығанының көрсеткіші. Себебі, альбумин белоктарының бауыр торшаларында пайда болатыны белгілі жайт. Ал альбумин белогы азайып кеткенде, бауыр торшалары мұндай белокты ұйымдастыру, шығару, жасау қабілетінен айрылып қалады. Осындай жағдайда бауыр, ағза улануға ұшырағанда душар болатынын білуіміз керек. Глобулин атты белоктардың саны, сапасы мен көлемі ұлғайғандығы да ағзаның улану белгісі. Себебі, глобулин белоктары ретикулоэндотелиалдық ұлпаларда пайда болатыны айытпаса да түсінікті. Осы ұлпа қатты қабынып, ірің немесе улы заттармен зақымданғанда, қозып, қан құрамындағы глобулин көрсеткіштерін көбейтіп жібереді. Жануардың жағдайы нашарлап, темендей бастайды, әуелі ол қозады, содан соң тынышталып, әлсізденіп қалады. Нақ осы кезде қан қысымын өлшейтін болса, оның көрсеткіштері төмендеп, өкпе, жүрек төңірегінде қан айналымы құлдырап кетеді.

Жануардың дене қызуы 41С градусқа дейін көтеріледі. Стафилококк микробы кесірінен оның таңертеңгі дене қызуы қалыпты мелшерде болады да, ал кешке қарай қайтадан 41 градусқа жетеді. Сонда дене қызуының таңертеңгі және кешкі көрсеткіштерінің айырмашылығы 3-4 градус арасында ауытқып отырмақ. Бұл ауытқудың ертелі-кешкі айырмашылығы кейде тіпті жарты немесе 1 градустан (39-40°) аспайды. Егер осындай жануардың қанын зерттер болсақ, онда қанның қызыл түйіршіктерінің (эритроцит) мөлшері азайып, гемоглобин көрсеткіштері төмендеп ал ақ түйіршіктері (лейкоциттер) айтарлықтай көбейеді. Ондай жануардың төбеті азыққа тартпайды. Тексеріп қарағанда белоктың қалыптан ауытқығанын, цилиндрлер пайда болғаны байқалады. Ағзадағы ірің, микдобтардьщ уыты қан жасау қызметін атқарып мүшелерге зиянды әсер етіп, анемияға душар етеді, қан құрамында әлі кемеліне келмеген жас эритроциттердің неше түрлісі кездеседі. Ал лейкоцитарлық формуланың көрсеткіштері солға қарай жылжып, қанның құрамында сегмент ядролық торшалар азаяды, оның орнына таяқша ядролық нейтрофильдер көбейіп кетеді. Іріңді ауру байқалған кезден бастап, жануардың қанындағы эритроциттердің түну жылдамдығының (ЭТЖ) көрсеткіші жоғары деңгейге жетіп, ауру бәсеңсіп, беті қайтып, жануар ауруынан айыққан күннің өзінде көрсеткіш деңгейі бәрібір жоғары болып қала береді.

Сепсистің емі.

Қан уланғаннан кейін ең бірінші сепсисті емдеу үшін этиологиясын білу қажет. Антисептикалық ертінділермен жуып шаямыз, хирургиялық өңдеу жасау керек. Жараланған ұлпаны бактерицидтік байламдармен таңады.

  • жергілікті хирургиялық инфекцияны емдеу қажет.
  • Қанын тазалау керек.
  • Қанға жануарлардың қан тобына сәйкес қанды құямыз.
  • Физиологиялық ерітінді глюкоза венаға
  • В витаминімен инъекция жасау керек.
  • Организмде белок көбейту керек, азықтарды беру керек.

Белгілі бір емі табылмаған. Бірақ терапия ерте, микробтық факторды жоюға, дер кезінде организмнен токсиндерді нейтрализациялау және шығару, организмдегі функциялық бұзылыстарды қалпына келтіруге бағытталған болуы керек. Ауру жануар изоляторға жіберіледі, ашық, желдетілуі жақсы жылы жерде ұстау керек.

Септикаға қарсы кешенді терапияға келесілер кіреді:

1 Организмнің күш қуатын мобилдеу, яғни жануардың азықтануын жақсарту және организмдегі ацидозды төмендету. Ол үшін жануарға тез қорытылатын, витаминге бай азықтармен( сәбіз, витаминге бай көкөністер) .

Витаминді терапия регенеративті қалпына келу процессін, мүшелер мен жүйелердің функциясын дұрыстайды. Сондықтан азықпен келетін витаминдерден басқа, парентеральды түрде : ретинол, аскорбин қышқылын, тиамин, рибофлавин, пиридоксин, фолий қышқылы, цианкаболамин енгізуге болады. Іріңді-резорбтивті қызба кезінде жасушалық гипокалиемияны басу үшін сепсис кезінде венаға 1-5% калий хлориді ерітіндісін енгізеді. Натрий жетіспеушілігін 10% натрий хлоридін 1 кг салмаққа 1-2мэкв/л енгізеді.

2 Организмнің реактивтілігін көтеру, қорғаныс реакциясын белсендендіру, иммунологиялық процесстерді, қансүзуші мүшелердің, паренхиматозды мүшелердің функциясын қалпына келтіру қажет. Ол үшін септикалық процестің басында сәйкес келетін 10% кальций хлоридімен консервіленген қанды вена арқылы енгізуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сепсистің патофизиологиясы
Қанға жануарлардың қан тобына сәйкес қанды құямыз
Клиникалық көрінісі
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары
Сепсистің этиологиясы
Жаңа туған нәрестелердегі сепсис
Нәрестелердің сепсисі
Сепсис туралы жалпы мәлімет
Иттің периоститі, оститі, остеомиелиті және оның емдері
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz