Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

І бөлім. Отбасындағы қарым-қатынас психологиясының ғылыми-теориялық негіздері

1. 1. Отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде

1. 2. Отбасы қарым-қатынасының мәні, ерекшеліктері

1. 3 Отбасы қарым-қатынасындағы кикілжіңдердің туу себептері__

ІІ бөлім. Отбасындағы қарым-қатынас психологиясын зерттеуіндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

2. 1. Отбасы құрылымы тәрбиесінің тәуелділік түрін экспериментальды зерттеу

2. 2. Отбасындағы қарым-қатынас психологиясының зерттеуін ұйымдастырудың диагностикасы

2. 3. Отбасындағы қарым-қатынасты түзету

Тұжырым.

Қолданылған әдебиеттер мен деректер тізімі.

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан - ақ отбасылылық мәселелерге жеке тұлғаны жан-жақты ерекше назар аударылуда[1] Отбасы мәселесі туралы алғашқы психо-педагогикалық түсініктер мен ойлар халық ортасында болған. Біртіндеп психология, педагогика, философия, мәдениеттану ғылымдарының дамуы ірге тасын қалауы барысында отбасына қатысты мәселелер нақты ғылыми - теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады.

Оның ішінде осы күнге дейін ғылыми мәнін жоймай келе жатқан көне қауымдағы отбасы мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан қарастыратын зеттеулермен бірге ( Л. Морган, М. Ковалевский, Г. Кунов, Г. Шнерберг) жекелеген халықтардың отбасы және неке тарихын этнографиялық тұрғыда сипаттайтын монографияларда аз емес. [2] Олардың әрқайсысы өз кезегінде заманның сан алуан құпия сырларын ашып, адам қоғамының көне тарихын ғылыми тұрғыдан жазуға септігін тигізді.

К. Д Ушинский, Л. Н Толстой, П. Ф Лесгафт және тағы басқалары балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене -күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне ерекше мән берген. [3; 4] Н. К Крупская, А. С Макаренко, В. А Сухомлинский бала тәрбиесінің териясын атап көрсеткен. [5; 6; 7]

Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасындағы қарым-қатынасындағы қызмет - әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы мәселелерін қамтыған.

Отбасының қоғамдық құндылығы меншікке, мұрагерлікке байланысты емес, жеке адамдардың дамуына, қалыптасуына байланысты. Сондықтан да қоғам некелік отбасылардың өзара қатынастарының нығаюына тікелей ынталы, оған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата- аналардың жауапкершілігінің нәтижесінде дамып, нығая түсуі тиіс. Отбасы негізінен өмір бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп өмір сүретін мекені. Сондықтанда отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасында ұзаққа қалыптасқан жағымды өнегелердің, мұралардың жиынтығы баланың моральдық негіздерді игеруіне көмектеседі. Адам отбасында азамат ретінде қалыптасады. Отбасылық өмірдің тәрбиедегі үлгі, өнегесінің, баланың өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына көп әсері бар. Ана мен әкенің дүниеге, болмысқа қатынасы, өзара қарым- қатынас мүдделері, қоғамға әділдігі мен шыншылдығы, жеке басының қамы, өзімшілдігі, т. б. бала тәрбиесіне әсері ұшан теңіз.

Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін бір топ. Ондағы әрбір мүшелердің өмірі отбасымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір адамның дамуына шешуші әсер етеді. [2]

Философия мен социология отбасының қоғамдағы алатын орнын, оның әлеуметтік міндеттерінің мәні мен маңызы тұрғысынан қарастырады. Белгілі совет социологы А. Г. Горчев: «Отбасы дегеніміз неке не туыстыққа негізделіп, мүшелері бірге тұруға және өзара көмекке мүдделі болатын шағын әлеуметтік топ» деп анықтама берген.

Сонымен отбасы дегеніміз шағын әлеуметтік топ, қоғамның қарапайым ұясы екен. Ф. Энгельстің айтуы бойынша, «Қоғам оның молекуласы тәрізденген жеке дара отбасылар жиынтығынан құрылады. Ол қоғамның дамуымен бірге оның ең маңызды ұясы ретінде отбасының да әлеуметтік- экономикалық жағдайлардың әсерімен төменгі дәрежеден жоғары дәрежеге ауысып отыратындығын айтқан». [3]

Отбасылар әртүрлі болады, соған сәйкес балалар да әртүрлі болады.

Отбасылық өмір жеке адамның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар бір ауыздан «отбасылық өмір атмосферасы» ұғымына отбасы мүшелерінің қаым- қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау және меңгеру, ата- аналар мен балалардың бірлескен еңбек және эстетикалық іс- әрекеттің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізеді. «Отбасы қарым - қатынасы» сөзінің терең мәні бар. Олардың жеке адамның қалыптасуы туралы жылылық пен мейірімділік, рухани жақындалық, ақкөңілділік пен қайырымдылықты көруге болады. Дұрыс қарыми - қатынас жасау жақсы көңіл- күйдің, психологиялық денсаулықтың, шығармашылық іс әрекеттің негізі болып табылады.

Отбасы адам баласы дүниеге келгеніне есігін айқар ашып енетін үйі, өсіп ер жеткен, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті ордасы. Жеке тұлғаның қалыптасып, жетілуіне отбасының құдіретті күшін басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды, отбасы болашақ азаматтың әлеметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. [3, 4]

Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсніктерді береді, оны еңбекке баулып, өз - өзіне қызмет ету дағдыларын қалаптастырады.

Отбасы тәрбиесінің, ата- ананың әлеуметтік жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылданған «бала құқығы » туралы конвенцияда «балаға дене жағынан және ақыл - ойының жетілмегенімен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазған.

Баланың өмір сүру тіршілік ету және салауытты даму құқығын жариялай отырып, конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі . Сондай - ақ баланың ата - анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата- ана «баланың мақсат мүддесі үшін қажетін » орындамаған жағдайда ғана өз құқықтананан айырылады.

ҚР Конституциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық, принциптері «Неке және жанұя түрлері» туралы заңда (17. 12. 1998 ж) нақтыланған. [3, 4, 6]

ҚР «Білім беру туралы» заңда (07. 06. 1999) елдегі білім беру -тәрбиелік процесті мемлекеттік құқықтық зерттеудің мәселелеріне айырықша көңіл бөлінген. Жалпы алғанда, ҚР елдегі білім беру мен тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негізі бар жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияны қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.

Сонымен, ғылыми психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге жасалған талдаулар зерттеу мәселесінің осы ғылымдарда күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғандығын айғақтайды.

Демек, қазіргі заман талабына сәйкес жеке тұлғаға деген қоғамның сұранысы мен оның қазіргі жағдайы арасында; қазіргі отбасындағы балалармен қарым- қатынас пен қарым- қатынасты шиеленстіретін жағдайлар арасында; қарым- қатынасты жақсартудың қажеттілігі мен бұл үрдіске ата- аналар мен балалардың даярлық деңгейінің төменгі арасында қайшылықтардың бар екендігі анық байқалады. [3, 5]

Сондықтан, бүгінгі Отбасындағы қарым - қатынас психологиясында біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Отбасы әлеуметтік психологиялық әдістердің негізі » деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі. Отбасы әлеуметтік психологиялық әдістердің негізі ретінде

Зерттеу пәні. Отбасы баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде.

Зерттеу мақсаты. Отбасы жүйесі баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізінің психологиялық себептерін анықтау, және жою жолдарын қарастыру.

Зерттеу болжамы. Егер, жеке тұлғаны әлеуметтендіруде отбасының ролі анықталса, онда отбасындағы үйлесімді қарым - қатынас та жақсарады, өйткені ол қазіргі заман талаптарына байланысты.

Зерттеу міндеттері:

  1. Отбасын жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде анықтау;
  2. Отбасы жүйесі баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретіндегі қарым - қатынастың психологиялық ерекшеліктерін ашу;
  3. Отбасы жүйесі баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретіндегі қарым - қатынас кикілжіңінің туындау себептерін анықтау және түзету бағдарламасын ұсыну. [5, 7]

Зерттеу көздері. Философиялық, әлеуметтік, психолгиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыда талдау, осы мәселені зерттеп жүрген ғалымдардың іс тәжірибелерін жинақтап қорыту, бақылау.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы.

  1. Отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде ролі анықталды;
  2. Отбасы жүйесі баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретіндегі қарым - қатынастың психологиялық ерекшеліктері ашылды;
  3. Отбасы жүйесі баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретіндегі қарым - қатынас кикілжіңдерінің туындау себептері анықталып, түзету мүмкіндіктері айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәні.

  • Отбасы жүйесі баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретіндегі қарым - қатынас кикілжіңдерінің диагностикалық деңгейінің әдістемесі;
  • Отбасындағы қарым - қатынасты түзетуге арналған бағдарламалар жасалды.

Зерттеу кезеңдері. Алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, тәжірибелік - эксперимент жұмысына даярлық жүргізілді.

Екінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша отбасы құрылымы тәрбиесінің тәуелділік түрін экспериментальді зерттеу және тәжірибелік - эксперимент жұмыстары жүргізілді. Үшінші кезеңде зерттеу нәтижелері жүйеге келтіріліп, талдау жасалды, әдебиеттер жүйеге келтірілді. [3, 5, 8]

Зерттеу нәтижелілігінің дәлділігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен зерттеу пәніне сәйкес әдіс - тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының зерттеу мақсатына сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, оның тиімділігін тексерумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы. Семей қаласындағы № 12 орта мектептің орта буын оқушылары мен олардың ата - аналары. Экспериментке 67 оқушы қатысты (5, 6, 7 - сынып оқушылары) 33 -і эксперименттік топта, 34 - і бақылау тобында.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні зерттеу міндеттері, ғылыми болжамы, әдістері, негізгі кезеңдері, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы баяндалады. «Отбасындағы қарым-қатынас психологиясының ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде қарастырылады, отбасы қарым-қатынасының мәні, ерекшеліктері жан - жақты ашылады, отбасы қарым- қатынасындағы кикілжіңдердің туындау себептері айқындалады. «Отбасындағы қарым-қатынас психологиясын зерттеуіндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс» атты екінші бөлімінде отбасы құрылымы тәрбиесінің тәуелділік түрін экспериментальды зерттеу және отбасындағы қарым-қатынас психологиясының зерттеуін ұйымдастырудың диагностикалау әдістемелері, оны түзетугае арналған бағдарлама беріледі. [7, 10]

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми әдістемелік ұсыныстар беріледі.

I бөлім. Отбасындағы қарым - қатынас психологиясының ғылыми теориялық негіздері.

1. 1 Отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәіресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Баланың дамуының қандай қырын алмай ық, қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының ролі ерекше.

Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық:

  • Тәрбиелік;
  • Сауықытыру;
  • Рухани-адамгершілік;
  • Танымдық-білімдік;
  • Тұрмыстық;
  • Еңбек;
  • Мәдени-ағаратушылық;
  • Демалыс-шығармашылық;
  • Тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы;

Басты міндеттері:

  • Баланы үйлесімді дамыту;
  • Бала денсаулығына қамқорлық жасау;
  • Оқуына көмек көрсету;
  • Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық та4дауға көмектесу;
  • Тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;
  • Ізгі, эмоцианалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;
  • Жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
  • Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзін дамытуға дайындау;
  • Жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.

Сонымен қатар отбасының тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар.

Олар:

  • Отбасы тәрбиесінің ахуалы(дәстүрі, қатынасы, жайлылығы) ;
  • Отбасы өмірінің күн тәртібі;
  • Әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың) .

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М. Смайылова, М. Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Р. М. Қоянбаев, Ж. Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің және ағарту ісінің даму тарихын отандық ғалымдар Қ. Бержанов, Г. Уманов, Қ. Сейталиев, И. Мадин, Қ. Жарықбаев, Ш. Жұматаева, А. Ильясова, Г. Храпченков, В. Храпченков, Е. Омар, А. Тұрсынова, Э. Урунбасарова, Ж. Ибраимова, Ш. Беркімбаева, Б. Альмухамбетов, А. Игибаева, Қ. Ыбыраимжанов, Ж. Баймағамбетова және т. б. зерттеген; оның ішінде қазақ қыздарының тәрбиесi мен оларға бiлiм беру мәселелерiн тарихи-педагогикалық тұрғыдан қарастырып зерттеген ғалымдар К. Құнантаева, Ш. Жалғасова, А. Дайрабаева, Ж. Сарыбекова, Г. Алдамбергенова және т. б. болды. Қазақстанда халықтық педагогика материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мәселелерін қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, А. Бейсенбаева, Б. Айтмамбетова, К. Қожахметова, А. Қалыбекова, Р. Дүйсембінова, Ұ. Әбдіғаппарова және т. б. зерделесе; халықтық педагогика материалдарын отбасындағы тәрбиенi ұйымдастыруда пайдалану мәселелерiн ғалымдар С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Р. Төлеубекова, С. Ғаббасов, Қ. Бөлеев, Л. Ибраимова және т. б. зерттеген; отбасы тәрбиесiн жетiлдiрудегi мектеппен байланыс жасау жұмыстары М. Ғабдуллин, Г. Байдельдинова, Н. Тригубова, И. Лысенко, Б. Мұқанова, А. Капенова, А. Шумебаева, Г. Сейдалиева, К. Құмаржанова, Ж. Торыбаеваның және т. б. зерттеулерінде; отбасы тәрбиесі жағдайында балаларды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселелерін А. Жұмадiллаева, А. Шарафадин, Д. Сакенов және т. б. қарастырған. Отбасы тәрбиесi мәселелерiнiң бүгiнгі қоғамдық талаптарына сай даму ерекшелiктерiнің педагогикалық және психологиялық тұстарын Ресей ғалымдары Ю. Азаров, И. Гребенников, В. В. Ивляева, Н. Ф. Девыцина және т. б. жастарды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселелерін Т. Троцюк, Е. Сычева, М. Певзнер, И. Петренко және т. б. ; мектеп жасына дейiнгi балаларды отбасында тәрбиелеудiң ерекшелiктерiн А. Пинт, А. Белова және т. б. зерттеген. Ж. Б. Қоянбаев «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын, қажеттік- шаруашылық функциясын, отбасының тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді. Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бір қалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі- ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді.

  1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы:бір балалы, көпбалалы отбасы бірұлттық, көпұлттық отбасы;
  2. тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы матириалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;
  3. Отбасының мәдени потенциалы:күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.
  4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
  5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие инстуттатарына қатыса;
  6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және басқа мүшелердін педагогикалық мәдени дәрежесі.

Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де өзгешеліктер болады.

Белгілі ғалым Я. И. Ханбиков: «Халықтық эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданылатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары, іскерліктері мен дағдылары көрініс табады», - деп бекер айтпаса керек.

Ал, Г. Н. Филоновтың: «Белгілі бір халық белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болады. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік процесіне ие болған белгілі бір дағды мен білім ретінде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінен өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген”, - деген пікірі де әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Мәдени құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстырдаңы бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілдердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсету, түсіндіру үшін қолданылады. Сондай-ақ, мәдени құндылықты қоғамдық сана түрінде сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді, немесе кемшілікті жоюдың есебі деп санайды. Мәдени құндылықтардың арасында философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығы және оған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез-келген халықтың өмірінде мәдени құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа мәдени құндылықтар сияқты мыңдаған жылдар бойы жинақталады және жаңа үлгінің негізі адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді. Мамандар дәлелдегендей, оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игеруге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте жазылып қойған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.

Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс - әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Отбасы психологиясының міндеттері
Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Қарым-қатынас мәдениеті
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Қиын бала деген кім
Отбасы тәлім-тәрбиесі
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz