Мәліметтер қоры
1 КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1.1 Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
2.1.2 Даму кезеңдерін белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1.3 Файлдар және файлдық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.1.4 Үлкен электронды есептеуіш машиналардағы мәліметтер қоры ... ... ... ...8
2.1.4.1 Алғашқы МҚБЖ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1.4.2 Персоналды компьютер кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1.5 Үлестірілген мәліметтер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1.6 Мәліметтер қорының басқару жүйесінің даму перспективалары ... ... ... 12
2.1.7 Мәліметтер қорын құру қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1.7.1 Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1.7.2 Мәліметтер қорлары мен қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1.8 Ақпаратты мәліметтер қорына енгізу мен өңдеуді қамтамасыз ету ... ... .17
2.1.9 Ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1.10 Мәліметтер базасы әкімшілігінің функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2.1 Техникалық тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2.1.1 Жұмыстың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2.2 Программалық жабдықталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
4 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Курстық жұмыс тақырыбын карастырсақ, аэропорт анықтама бюросымәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұл жердетікұшақтар моделі мен әр түрлі типті жолаушы орындары, билет классқа байланысты құны, рейс бағыттары мен ұшу уақыттары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Анықтама беруде рейс бастапқы және соңғы жету орындары бойынша тапсырыс беріп, рейске байланысты бос орындар санын және ұшу уақытын көрсету керек.

1. Аманбаев А.А. ДЕРЕКҚОРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ пәні бойынша Зертханалық жұмыс. Алматы, 2009
2. Базы данных в Delphi 7. Самоучитель/В. Понамарев – СПб: Питер,2003. – 224с.:ил.
3. Вигерс Карл. Разработка требований к программному обеспечению/Пер, с англ. — М.:Издательсш-торговый дом «Русская Редакция», 2004. —576с.: ил.
4. Дж. Грофф, П. Вайнберг. SQL: Пер. с англ. -2-е изд., перераб. и дап. – К.: Издательская группа BHV, 2001. – 816 с., ил.
5. Сатимова Е.Г. Проектирование баз данных. Методические указания к выполнению лабораторных работ для студентов специальностей 050704 – Вычислительная техника и программное обеспечение и 050703 – Информационные системы. – Алматы: АИЭС, 2009

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
1 КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..4
2.1.1 Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... 4
2.1.2 Даму кезеңдерін белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1.3 Файлдар және файлдық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.1.4 Үлкен электронды есептеуіш машиналардағы мәліметтер қоры ... ... ... ...8
2.1.4.1 Алғашқы МҚБЖ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.1.4.2 Персоналды компьютер кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1.5 Үлестірілген мәліметтер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1.6 Мәліметтер қорының басқару жүйесінің даму перспективалары ... ... ... 12
2.1.7 Мәліметтер қорын құру қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...14
2.1.7.1 Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1.7.2 Мәліметтер қорлары мен қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 15
2.1.8 Ақпаратты мәліметтер қорына енгізу мен өңдеуді қамтамасыз ету ... ... .17
2.1.9 Ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1.10 Мәліметтер базасы әкімшілігінің функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2.1 Техникалық тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2.1.1 Жұмыстың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
2.2.2 Программалық жабдықталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
4 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..35
1.
1 КІРІСПЕ
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Курстық жұмыс тақырыбын карастырсақ, аэропорт анықтама бюросымәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұл жердетікұшақтар моделі мен әр түрлі типті жолаушы орындары, билет классқа байланысты құны, рейс бағыттары мен ұшу уақыттары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Анықтама беруде рейс бастапқы және соңғы жету орындары бойынша тапсырыс беріп, рейске байланысты бос орындар санын және ұшу уақытын көрсету керек.
2.1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1.1 Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер
Мәлiметтер қоры - ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.
Кесте - мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект болып табылады. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады.
Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.
Сұрау - бiр немесе бiрнеше дайын кестелердiң негiзiнде құрылады. Форма мен Есеп беру бiр кесте (немесе сұрау)негiзiнде құрылады. Сұрау - қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiкбередi.
Форма - мәлiметтер енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.
Есеп беру - мәлiметтердi баспадан шығаруға арналған. Есеп беру - қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы. Мәлiметтер қорын баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетiнде қандай түрде бейнеленетiндiгiнжәне қандай жазбалар мен өрiстер енгiзiлетiндiгiн қарастыру керек. Есеп берудi кез-келген бiр кестеден, сұрауданқарауғаболады.
2.1.2 Даму кезеңдерін белгілеу
Алғашқы шыққан компьютерлерде 2 сыртқы құрылғы магнитті таспалар мен магнитті барабандар қолданылды.
Магнитті таспаның көлемі жеткілікті түрде үлкен болатын. Магнитті таспаны оқуға мүмкіндік беретін құрылғылар мәліметтерге кезекті түрде қол жеткізетін. Таспаның ортасында немесе соңында орналасқан ақпаратты оқу үшін бүкіл алдыңғы ақпаратты оқу керек болатын. Бұл өнімділікті арттыруға үлкен кедергі келтіретін.
Магнитті барабандар мәліметтерді кез келген жерінде оқи алатын, бірақ оның сақтау көлемі шектеулі болатын. Әрине, ол кезде мәліметтерді басқаратын қандай да бір жүйе айтылмаған еді.
Әрбір қолданбалы бағдарлама магнитті таспада қажетті ақпаратты сақтаудың ретін өзібелгілейтін. Сонымен қатар, қолданбалы бағдарламасы жедел жады мен сыртқы есте сақтау құрылғылармен ақпарат алмасуды төменгі дәрежелі программа ақпараттық құрылғылар арқылы жүргізетін. Мұндай режим ұзақ уақыт сақталатын ақпаратты бір құрылғыда сақтауға кепілдік бермейтін. Және де, әр қолданбалы бағдарлама сыртқы жадыда сақталатын мәліметтер аты мен құрылымына байланысты туындаған мәселелерді шешуге тура келетін. Мәліметтер қорының дамуы ақпаратты сақтай алатын және қажетті ақпаратқа жету жылдамдығы тез болатын.
Мәліметтер қорының тарихы 30 жылды құрайды.
1968 жылы қолданысқа алғашқы IBM фирмамының IMS жүйесі енді.
1975 жылы мәліметтер қорының басқару жүйесінің бірінші стандарты пайда болды. Ол CODASYL мәліметтерді өңдеу ассоциациясымен жасап шығарылды. Аталған стандарт мәліметтер қоры жүйесінің негізгі түсініктер теориясын анықтайды, олар қазіргі кезге дейін де желі моделінің негізі болып келеді.
1981 жылы Э.Ф.Кодд реляциялық модельді құрып, оған реляциялық алгебра операцияларын қолданды. Мәліметтер қорының келесі даму кезеңдері бар:
1. Файлдар және файлдық жүйелер.
2. Үлкен электронды есептеуіш машиналардағы мәліметтер қоры. Алғашқы МҚБЖ.
3. Персоналды компьютер кезеңі.
4. Үлестірілен мәліметтер қоры.
Жалпы мәліметтер қорының даму кезеңдерінің арасында белгіленген шекара жоқ. Олар бір біріне еніп отырады, тіпті параллельді түрде дамып келеді.
Берілген кезеңдердің әр даму сатысындағы технологиялардың өзгеруі мен олардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
2.1.3 Файлдар және файлдық жүйелер
Белгілі бір көлемдегі ақпаратты сақтайтын құрал бар делік, осы сақтау құралы қажетті ақпаратты оқуды қамтамасыз етеді де, қолданбалы бағдарлама арқылы белгілі бір мәліметті сыртқы жадыға енгізеді.
Бұл жағдайда қоданбалы бағдарламаға оның ақпараты қай сақтағышьа және қай жерінде сақталғандығын білу керек. Қолданбалы бағдарламалар сақтағыштарға қарағанда көп болғандықтан, олар бір сақтау құрылғысын пайдалана алады.
Егер бір бағдарламаға өзінің ақпараттарын сақтағышқа қосу керек болса, қарама-қайшылық тууы мүмкін. Яғни бір программаның мәліметері басқа программамен жазылады.
Ақпараттық жүелердің дамуында маңызды қадамдардың бірі файлдарды басқарудың орталықтандырылған жүйесіне көшу.
Файлдарды басқарудың орталықтандырылған жүйесі(ФБОЖ)- файлдарды құруға, өңдеуге, көшіруге арналған жүйе.
Қолданбалы программалар бойынша файл- сыртқы жадының аталған аймағы, оған мәліметтерді жазуға және одан мәліметтерді алуға болады. Мәліметтерді оқу(алу) үшін оның сыртқы жадының қай аймағында орналасқандығын(файл аты), көлемін, сыртқы жадының физикалық орнадасуын білу керек. Файлдарды басқару жүйесі төмендегі функцияларды орындайды:
* Сыртқы жадыны үлестіру;
* Файлдар белгіленген сыртқы жады адресінде көрсетіледі;
* Мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қолданбалы бағдарламалар файлдарды сызықтық түрде көреді де, оларға бірнеше операциялар жүргізе алады. Файлдарды басқару жүйесіндегі негізгі операциялар:
* Файл құру(белгілі бір типтегі және көлемдегі);
* Құрылған файлды ашу;
* Қандай да бір жазбаны файлдан оқу;
* Жазбаны өзгерту;
* Файлға жазбаны қосу.
Файлды басқару жүйесінің бірнеше ерекшеліктері бар:
1. Файлды басқару жүйесі. Файлдың нақты құрылымын білмейтін файлды жазу құрылымы тек программаға ғана белгілі болатын. Кез келген программада файл құрылымына сәйкес келетін құрылым болуы шарт болатын.
Файл құрылымы өзгергенде программа программа құылымына кіретін алгоритмдерді өзгерту керек еді. Өзгертулерден кейін программаны компиляциядан қайта өткізіп, жүктеу қажет болатын. Бұл әрекет- программалардың мәліметтерден тәуелділігі деп аталады. Бір мәліметтерді пайдаланатын қолданушылар санының көп болуы ақпараттық жүйеге тән қасиет. Ақпараттық жүйеде қолданушылардың есептерін шешу үшін арнайы қолданбалы бағдарламалар бар. Егер файл құрылымы өзгерсе, онда бүкіл программаларды өзгертуге тура келеді.
Файлдық жүйенің бірінші кемшілігі:файлды басқару жүйесі файлдың нақты құрылымын білмейтіндігі. Бір програмаға байланысты файл құрылымының өзгерісі басқа программалардың қайта өңделуін қажет ететін.
2. Файлға қол жеткізудің орталықтандырылған әкімшілік басқарылуы.Файлдық жүйе файлдарды сақтайтын қойма болғандықтан файлдарды басқару жүйесі авторизацияны қамтамасыз ету керек. Қазіргі заманғы файлды басқару жүйесінде ақпаратты қорғау қолданылады, алғашқыда Unix операциялық жүйесінде іске асты. Бұл опрациялық жүйеде әр қолданушыға бүтін сан жұбының идентификаторлары сәйкес келеді: қоданушылар тобаның идентификаторы және топтағы жеке идентификатор. Әр файлда қолданушының барлық идентификаторлары сақталады:
* Құрастырушының файлмен жасай алатын әрекетері;
* Қолданушы кіретін топтың басқа пайдаланушыларының жасай алатын әрекеттері;
* Басқа топ мүшелерінің жасай алатын әрекеттері.
Осындай әрекетер файлға қол жеткізудің орталықтандырылған принципі анық байқалады. Фқпараттық жүйеде файлдар көптігі ақпараттық модельді бейнелейтіндіктен, бұл принцип бойынша ақпаратық жүйені құру кезінде белгілі қиындықтарды туғызатын: бір қолданушымен құрылған файлмен басқалар жұмыс істей алмайтын.
Файлдық жүйенің екінші кемшілігі:файлға қол жеткізудің бір орталықтандырылған басқару принципі.
3. Файлды басқару жүйесін пайдаланудың көп қолданушы режимі.
Жалпы жағдайда ФБЖ көп қолданушылық режимін қамтамасыз етті. Егер операциялық жүйе осы режимді қолдаса, екі не одан да көп қолданушылардың бір файлмен жұмыс істеу мүмкіндігі туады. Егер барлық қолданушылар файлды тек оқитын десек, ешнәрсе болмайды. Қандайда бір қолданушы файлды өзгертетін болса, пайдаланушылардың жұмысы корректі болуы үшін файлдағы өзгертулер синхронды болуы керек. ФБЖ-да файл өңдеу режимінде пайдаланып отырса, басқалардың осы файлды ашу кезінде тиісті ақпарат беріледі, яғни файл басқа қолданушымен өңделіп отырғандығы.Файлдағы мәліметтерді бірнеше пайдаланушымен өзгерту әрекеті ешұашан жүзеге асырылмаған немесе өте баяу жүретін.
Файлдық жүйенің үшінші кемшілігі: бір уақыта ортақ файлды бірнеше қолданушымен өзгертуге болмайды.
Келтірілген ФБЖ-ның кемшіліктері ақпаратты басқару жүйелерінің пайда болуына түрткі болды. Ақпарты басқарудың жаңа прграммалық жүйелердің негізінде жасалған тағы бір МҚБЖ әдісі пайда болды.
2.1.4 Үлкен электронды есептеуіш машиналардағы мәліметтер қоры.
2.1.4.1 Алғашқы МҚБЖ
Бұл кезеңде мәліметтер қорының дамуы мәліметтерді басқару үлкен машиналарда, мысалы IBM 360370, EC-ЭВМ, Hewlett Packard фирмасының түрлі модельдерінде ұйымдастырылуымен байланысты. Мәліметтер қоры орталық ЭЕМ-нің сыртқы жадысында сақталтын. Мәліметер қорымен байланысты есептер пакеті режимде қосылатын. Консольды терминал арқылы жүретін интерактивті режимнің жеке есептеу ресурстары (процессор, оперативті жады, сыртқы жады) болмады да, олар тек орталық ЭЕМ-ға енгізу-шығару рөлін ғана атқарды. Мәліметер қорын ұйымдастыратын программалар түрлі тілдерде жазылған және кәдімгі сандық программалар сияқты бапталады.
Бұл кезеңнің ерекшеліктері:
1. Барлық МҚБЖ мықты мультипрограммалық операциялық жүйеге негізделген(Unix, т.б.);
2. Таратылған режимде орталықтандырылған мәліметтер қорымен жұмыс істеуге болады. Тарату функцияларын опрациялық арқылы басқарылады.
3. Мәліметтердің навигациялық әдістеріне бағытталған басқару тілдері қолданылады.
4. Мәліметтердің әкімшілік басқарылуына көп көңіл бөлінеді.
5. Мәліметтердің реляциялық моделін тұрғызуда кең жұмыс жүргізіп келеді. Реляциялық модельдің идеологиясын жүзеге асратын алғашқы Systems жүйесі құрылған.
6. Орталықтандырылған мәліметтер қорының басқару және сұраныс жасау әрекеттерінің теориялық базасы құрылды, танзакция ұғымы енгізілген болатын.
7. Мәліметер қорына байланысты теориялық материалдар баспаға шығарылды. Ғылыми зерттеулер коммерциялық МҚБЖ-не енгізіліп отыр.
8. Реляциялық модельмен жұмыс істейтін жоғарғы деңгейлі тілдер(SQL) шыға бастады.
2.1.4.2 Персоналды компьютер кезеңі
Персоналды компьютерлердің шығуымен көптеген көзқарастарды өзгертіп жіберді. Енді компьютерлер кез келген қолданушының ала алатын дәрежеге жетті. Түсініксіз және қиын оқылатын программалау тілдерінің алдында қорқыныш жойылды. Арнайы оқытылмаған пайдаланушылар жұмыс істей алатын программалар шыға бастады. Бұл үлкен ЭЕМ-ға (IBM 360370, EC ЭВМ) кіретін терминал, мультипрограммалы операциялық жүйе, процессор, оперативті жады, енгізу-шығару құралдары, сыртқы жады, қолданбалы бағдарламалар қолдануда ыңғайлы болатындай етіп жасалынды. Ең алдымен бұларға жататындар: мәтіндерді редакторлау, электронды кестелер және т.б. Файлдарды көшіру, ақпаратты бір компьютерден екіншіге тасу, мәтіндерді басып шығару операциялары түсінікті және қарапайым түрде жасалатын болды. Жүйелік программист тек екінші орында қалды. Әр бір қолданушы осы құралдың қожайыны болып сезіне алды. Әрине бұндай жағдай мәліметтер қорымен жұмыс істеуде өзінің септігін тигізбей қоймады. МҚБЖ деп аталатын программалар пайда болды. Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтай алатын, түрлі есеп берулерді жасау мен мәліметтерді енгізу интерфейсі қолайлы етіп жасалынған. Тұрақты түрде компьютер бағасының төмендеуі тек фирмалар мен ұйымдарға ғана емес, жеке тұлғалардың компьютерді сатып алуға мүмкіндік туғызды. Компьютерлер жеке есеп функциялары мен құжаттарды жүргізу құралына айналды. Осындай жағдай мәліметтер қорының дамуында оң және теріс әсерін тигізіп қоймады. Компьютерлердің көрінген қарапайымдылығы мен қол жетімдігі көптеген дилитанттарды тудырды. Бір күндік талаптарға сай келмейтін программалық жүйелер құрылған. Дегенмен, персоналды компьютерлерді сатып алу әркімнің шамасында болғандықтан, бұрын есептеуіш техника көмегін пайдаланбаған білім аймақтары қолдана бастады. Программаларға деген сұраныстың өсе бергеніне байланысты, өндірушілерді жаңа жүйелерді жасап шығаруға ынталандырды, осындай жүйелерді үстелді МҚБЖ деп атау әдетке айналды. Өндірушілердің арасында бақталастықтың арта түсүі, жүйелерді жетілдіруге, жаңа мүмкіндіктерді енгізуге, бағасын төмендетіп жүйе жылдамдығын арттыруға мәжбүрледі.Нарықта ұқсас функцияларды атқаратын МҚБЖ санының артуы мәліметерді экспорттау мен импорттаудың әдістерін құрастыруды талап етті. Осы кезде өзінің МҚБЖ-сін құрастыра бастаған кәсіпқой маман иесі емес адамдар пайда болды. Олар стандартты программалау тілдерін пайдаланған еді. Бұл шешімі жоқ жағдай болатын, себебі стандартты емес формат мәліметерін жетілдірілген жаңа МҚБЖ-не ауыстыру көптеген қиыншылықтар тудыратын, кейбір жағдайларда үлкен шығындарды талап ететін. Мұндай жағдайда жаңа жүйені қайта құрастыру арзанға соғатын, бірақ мәліметтерді бәрі бір перспективті МҚБЖ-не көшіру керек болатын. Мұның өзі МҚБЖ-ндегі функцияларын дұрыс бағаламаудың нәтижесі. Берілген кезеңнің ерекшелігі:
1. Мәліметтерді манипуляциялаудың жоғарғы деңгейлі тілдерінің стандартталуы(барлық МҚБЖ-не SQL92 стандартын ендіру);
2. Барлық МҚБЖ-де құрастыру монопольді басқару негізінде жүргізіледі. Бұл түсінікті жағдай, себебі комьютер жеке, ол желіге қосылмаған және жаңа құрастырылған мәліметер қоры тек бір қолданушыға арналған. Кейбір жағдайларда қолданушылардың кезекті жұмысын қажет ететін. Мысалы, алдымен оператор бухгалтерлік құжаттарды енгізетін, кейін бас бухгалтер алғашқы мәліметер негізінде тиісті проводкаларды анытайды.
3. Көптеген МҚБЖ-нде ыңғайлы және кеңейтілген қолданушы интерфейсі болды. Көбінде мәліметтер қорын құрастырумен мәліметтер қорын сипаттауда және сұраныстарды жобалағанда мәліметтер қорын интерактивті режимде жұмыс істейтін, сонымен қатар, дайын қосымшаларды ұсынатын МҚБЖ-нің жетілдірілген құралдары болатын. Олар ешқандай программалауды қажет етпейді.
4. Барлық МҚБЖ-нің реляциялық моделінің сыртқы деңгейі болатын, яғни мәліметтер құрылымының кестелік түрі.
5. МҚБЖ-да мәліметтерді басқарудың төменгі программалау тілдері орнатылған еді. Олар кестенің арнайы жолдарына жазылатындай етіп жасалынған.
6. Үстелдік МҚБЖ-нде бүтіндікті қамтамасыз ететін құрылымдық және сілтемелік құралдар болмады. Бұл функцияларды қосымшалар орындау керек болатын, бірақ қосымшаларды құрастыру құралдардың аздығы бұны істеуге мүмкіндік бермеді. Бұл жағдайда функцияларды қолданушының өзі орындап, мәліметтер қорында сақталатын ақпаратты өзгерту мен енгізуге қосымша контрольді талап етті.
7. Монопольді жұмыс істеу режимі мәліметтер қорын басқарудың әкімшілік функцияларын тудырды.
8. МҚБЖ-нің ақпараттық қамтылуына аз талаптар қойылатын. Мысалы, Clipper-ге құрастырылған қосымшалар PC 286-да жұмыс істей алатын. Оларды бүтін (толық) МҚБЖ деп айту қиын. МҚБЖ-ның кең өолданылатынына Dbase (DbaseIII+, DbaseIV), FoxPro, Clipper, Paradox жатады.
2.1.5 Үлестірілген мәліметтер қоры
Даму спираль бойынша жүретіні мәлім, сондықтан персонализация процесінен кейін кері процес басталды, яғни интеграция. Локальды желілер көбейді, компьютерлер арасында ақпарат алмасу арта түсті, мәліметтердің үйлесімдіе есебі алға қойыла бастады, мәліметтерді параллельді түрде өңдеу сұрағы туындай бастады. Осы қойылған мақсаттарды (жемісті) нәтижелі шешу үлестірілген мәліметтер қорының бүтіндігін қамтамасыз етіп отырды. Бұл кезеңнің ерекшеліктеріне:
1. Барлық дерлік МҚБЖ-сі реляциялық модельдің құрылымын қамтыды, олар:
o Құрылымның бүтіндігі- реляциялық модель түрінде келтірілген мәліметтер ғана бола алатын;
o Тілдің толықтығы, яғни мәліметтерді жоғары деңгейлі программалау тілдерімен басқару (көбіне SQL);
o Сілтеуіш бүтіндігі, жүйенің бүкіл функционалдау уақытында сілтеу функцияларының орындалуын қадағалайды және МҚБЖ-сі бұл шектерді бұза алматындығы.
2. Қазіргі заманғы МҚБЖ көп платформалы архитектураға арналған, яғни олар әртүрлі архитектуралы және әртүрлі операциялық жүйелі компьютерде жұмыс істей алады.
3. Көп қолданушылық жұмысты қамтамасыз ету және бір орталықта мәліметтерді сақтау үшін мәліметтер қорының әкімшілік басқаруының негізі құрылды. Ол мәліметердің сақталуына кепілдік беретін.
4. Жаңа жетістіктерге жету теориялық еңбектерді қажет етті. Ол үлестірілген мәліметтер қорын оптимизациялау, онымен жұмыс жасауды, транзакция мен сұраныстарды ұйымдастыруды үйрететін тарауларды қамту керек болатын.
5. Өздерің клиенттерін жоғалтпас үшін барлық қазіргі заманғы МҚБЖ-нда клиенттік қосымшаларды қосатын құралдары қарастырылған;
6. Бұл кезеңге мәліметтерді басқарудың тілдеріне SQL 89, SQL92, SQL99 және МҚБЖ-мен мәліметтерді алмастыра алатын технологиясы ODBC(Open DataBase Connectivity) протоколын жатқызуға болады.
7. Тек осы кезеңге объектіге бағытталған мәліметтер қорын жасап шығаруға байланысты жұмыстарды жатқызуға болады. Екінші этапқа тиісті МҚБЖ-ның өнімдеріне Microsoft Access2000-ды және қазіргі заманғы жаңа серверлерді Oracle7.3, Oracle8.4 MS SQL6.5, MS SQL7.1 System 10, System 11, Informix, DB2, SQL Base және т.б. жатқызуға болады.
2.1.6 Мәліметтер қорының басқару жүйесінің даму перспективалары
Бұл кезең мәліметтер қорының жаңа технологиясы интранетпен байланысты. Бұл кезеңнің клиент-сервер технологиясынан ерекшелігі арнайы клиенттік программалаудың қамтылуын қажет етпейді. Қашықтатылған мәліметтер қорыменжұмыс істеу үшін стандартты интернет браузері, мысалы, Microsoft Internet Explorer қолданылады. Соңғы пайдаланушының мәліметтерге жүгіну прпоцесі дүниежүзілік тордағыдай болып келеді. Мұнда пайдаланушымен жүктелген Java, Java-script, Perl және т.б. тілдерінде жазылған HTML беттері барлық істелген қадамдарды қадағалап төменгі деңгейлі SQL сұранысы ретінде трансляциялайды. Осылай клиент-сервер технологиясындағы клиенттік бағдарламаның жұмысын атқарып отырады. Осы әрекеттің ыңғайлығы тек қашықтықта мәліметтер қорын пайдалануда ғана емес, сонымен қатар, локальды желіге байланысқан кәсіпорын қызметкерлері пайдалана алды. Күрделі алгоритмдермен байланыспаған мәліметтерді өңдеудің қарапайым есептері аталған архитектура бойынша құрала алады. Осы жағдайда жаңа пайдаланушыны қосу кезінде қосымша клиенттік бағдарламаны орнатуды қажет етпейді. Дегенмен, күрделі алгоритмдік есептерді жүзеге асырғанда клиент-сервер архитектурасында клиенттік бағдарламамен орнату ұсынылды.
Технологиялардың енірілу периодтары:
Период
Технология
Түсініктеме
1968 ж дейін
Файлды өңдеу
Мәліметтерді өңдеудің алғы шарттары. Мәліметтер тізім ретінде сақталды. Мәліметтерді сақтау құралы ретінде магнитті таспа болды.
1968-1980жж
Иерархиялық және желілік модельдер
Реляциялық емес мәліметтер қорын өңдеу эрасы. Мәліметтердің иерархиялық моделіне IBM фирмасының DLI өнімі болды. Алғашқы МҚБЖ-сі IMS деп аталды. Желілік модельге CODASYL фирмасының DBTG өнімі жатады. Ең танымал желілік МҚБЖ- IDMS.
1980ж- қазіргі кезге дейін
Мәліметтердің реляциялық моделі
Мәліметтердің реляциялық моделі алғаш рет 1970ж шықты. Комерциялық қосымшаларда 1980ж-дан бастап қолднысқа енді. IBM фирмасы DB2-ні шығарды, ал басқа өнімдер ішінде Oracle айрықшаланды. SQL реляциялық тілі стандартқа айналды.
1982ж
Микрокомпьютерлерге арналған алғашқы МҚБЖ-сі.
Ashton-Tate фирмасы Dbase, Microrim-R:Base, ал Borland-Paradox-ты жасап шығарды.
1985ж
Объектіге бағытталған МҚБЖ-нің дамуына қызығушылық
Объектіге бағытталған бағдарламалаудың пайда болуымен ОБМҚБЖ-сі ұсынылды. Комерциялық жетістігі шамалы, өйткені млрд байтты мәліметтерді жаңа форматқа ауыстыруды ақтамайды. Қазір де жетілдірілу үстінде.
1991ж
Microsoft компаниясы Access-ті жасап шығарды
Windows элементі ретінде құрылған персональді МҚБЖ-СІ біртіндеп басқа МҚБЖ-сін нарықтан ығыстырды.
1995ж
Интернетке арналған алғашқы қосымшалар
Мәліметтер қоры интернет қосымшаларының кілттік компаненті болды. Интернеттің кең тарағандығына байланысты мәліметтер қорына деген сұраныстар мен тапсырыстар арта түсті.
1997ж
Мәліметтер қорын өңдеуде XML-ді қолдану.
XML-ді қолдану мәліметтер қорын алдында тұрған бірқатар мәселелерді шешті. Алдыңғы қатарлы өндірушілер өздерінің МҚБЖ-не XML-ді интегрирлей бастады.
2.1.7 Мәліметтер қорын құру қағидалары
Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.
Мәліметтер қоры - бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай - ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.
Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына - алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты - бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б.
Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама - қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.
Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т.б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады.
Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.
Dep бөлімшелері туралы мәліметтер кестесінің мысалы:
Бөлек және кестелер әрине пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс жасайтын, қызметкерлердің жалпы саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар жоқ. Осындай сұраныстарға жауап алу үшін байланысқан кестелердің жиынтығын қарастыру қажет.
Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер - көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір - бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада бухгалтерия деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.
2.1.7.1 Қарапайым мәліметтер қорының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz