Арпа дақылын өсіру



Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1 Аналитикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.1 Арпа дақылының түрлері мен сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Морфологиялық және биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.1 Арпа дақылын өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Арпа дақылының өнімдерін өндіру технологиясы ... ... ... ... ... ... . 18
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Тақырыптың өзектілігі: Арпа- маңызды азықтық дәнді дақылға жатады. Оның дәнінің едәуір бөлігі жарма өндіруге, сыраға жұмсалады. Арпа егісі әлемде өзінің көлемі жөнінен төртінші орынды алады (90 млн.га шамасында). Арпа егісі Европа елдерінде (Чехословакия, ГДР, Польшада, ФРГ, Австрияда, Швецияда, Данияда, Белгия, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Францияда өсіріледі) Солтүстік Америкада, Азияда өседі. Арпа әртүрлі климаттық аймақтарға таралған 70°С Солтүстік ендікке дейін барады. Тауға, басқа дәнді дақылдардан да биікке өседі. Біздің елімізде негізінен жаздық арпа өсіріледі. Оның қыста егілетін түрлері Украинаның оңтүстігінде, Молдавияда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде және Орта Азияда өседі.
Мақсаты: Осы арпа дақылының суыққа төзімді сорттарын шығару болып табылады. Осы орайда алғы дақылдың да алатын орны ерекше болып табылады. Жоғары түсімділікке селекция жасағанда отандық және шет елдік сорттардың ең жақсысын таңдап алып есептеулер жүргізу. Отандық сорттардың түсімі жоғары және топырақтық-климаттық қолайсыз жағдайларға төзімді бсорттарды талқылау. Жылдам пісу, жоғары түсіммен үлесе бермейді. Дегенмен, жекелеген жылдам пісетінің және өнімділігі де жоғары сорттар бар: Тоомас, Краснодарский 35, Отандық сорттардан жапырылып қалуға төзімді: Нарымчапин, Зазерский 85 т.б.сорттары бар. Жапырылып қалуы әдетте аласа бойлы арпаларға тән болады.
Міндетіміз осы дақылдың жаңа сорттарын шығарып әлемдік деңгейге жету және де осы дақыл астық тұқымдас дақылдардың ішінде энергетикалық құндылығы жөнінен екінші орынды алады яғни азықтық маңызыц жоғары деген сөз. Сондықтан экспортқа көптеп шығару болып табылады. Гүлдену биологиясы және ұрықтануы және өздігінен тозаңданатын дақылдарды селекциялау.
Арпаға тән бағалау жұмыстары даладағы егісте жүргізіледі, ол жерде масақтардың сынғыштығы және олардың иіліп тұру дәрежесі қарастырылады. Дәнді анализдегенде, азықтық жармалық және сыра қайнататын арпалардың қабықтарын, ақуыз мөлшерін және әрқайсысына тән тексеру бағыттарын анықтайды. Азот мөлшерін Кьельдал әдісі бойынша немесе қосымша әдіспен анықтайды, лизиннің мөлшерін автоматты аминқышқылдық анализатормен анықтайды және колорометрикалық жолмен нингидрин қосып түсті реакция арқылы анықтайды
1. Нұрғасенов Т.Н., Қойшыбаев Қ. Егіс дақылдарының селекциясы. Алматы, 1994.
2. Нұрғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Х., Сулейменова С.Е. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері. Астана, «Фалиат», 2003.
3. Ю.Б.Коновалова. Частная селекция польевых культур. М.Изд. ВО Агропромиздат. 1990
4. Абрамова. З.В., Карминский ОА Руководство к практическим занятиям по генетике. Изд Колос -Л 1968. -192 с.
5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений -М.: Колос, 1984 -344с.
6. Гужов Ю, Фукс А. Валичек П. Селекция и семеноводство культурных растений. - М.: "Агропромиздат" 1991 -464 с.
7. Калинин Ф.Л., Сарнацкая В.В., Полищук BE. Методы культуры
тканей в физиологии и биохимии растений. М.: Киев: Наукова думка,
1980. -488 с.
8. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур. М.
Агропромиздат. 1987.-368 с.
9. И.В.Мичурин. Сочинения. Т.І.М.Сельхозгиз, 1948.
10. И.В.Вавилов. Теоретические основы селекции. М., Наука, 1987.
11. ГВ.Гуляев, Ю.Л.Гужов. Селекция и семеноводство полевых культур. 3-тье изд. Перераб. И дополн. М.,Агропромиздат, 1987.
12. Коновалов, Н.А.Березкин, У.И.Долгодворова и др. Практикум
по селекции и семеноводству полевых культур. М., Агропром-
издат, 1987.
13. Бадина, А.Н.Яблоков, С.М.Синицина. Семеноводство полевых кулыур. Л.Долос, 1983.
14. Инструкция по проведению апробации сортовых посевов.
М.Долос, 1979.
15. Международные правила анализа семян. М.,Колос, 1985.
16. Методические указания по производству семян элиты
зерновых, зернобобовых и крупяных культур/под ред. Академика
ВАСХНИЛ А.В.Пухальского. М. Колос, 1982.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.14-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Агротехнология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: ___________________________________ __________________________
Жұмыс тақырыбы: ___________________________________ ______________
Мамандығы: ___________________________________ ___________________

Орындаған: ________________________________
(Студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекші: _________________________________
(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс _______________
(бағасы)
бағасына қорғалды
________________20__ ж

Комиссия:_______________________
(қолы, аты-жөні)
________________________________
(қолы, аты-жөні)

Норма бақылау:
________________________________
(қолы, аты-жөні)
Шымкент 20__ж.
Ф.7.14-03
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Агротехнология кафедрасы
Бекітемін
Каф. меңгерушісі
_______________ ______
(қолы)
______________ 20__ ж.

№ _____ТАПСЫРМАСЫ

___________________________________ ________пәні бойынша курстық жұмыс:

Студент ___________________________________ ____ топ _____________________
(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы: ___________________________________ _________________

Берілген мәліметтер ___________________________________ _________________


Түсіндірме жазбасының мазмұны
(курстық жұмыс)
Орындалу мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4


Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мерзімі
Парақ саны

Формат

Әдебиет:
1___________________________________ ___________________________________
2___________________________________ ___________________________________
3___________________________________ ___________________________________

Тапсырманың берілген күні ____________

Жұмысты қорғау күні ________________

Жұмыс жетекшісі___________________________________ _____________________
(оқытушының аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған___________________________________ ______
(студенттің аты-жөні, қолы)
Ф.7.14-04
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агроөнеркәсіп факультеті
Агротехнология кафедрасы

Бекітемін
Каф. меңгерушісі
______________ _________
(қолы)
______________ 20__ ж.

Курстық жоба (жұмыс) қорғау
ХАТТАМАСЫ № ______
___________________________________ ____________________________________ ________пәні
студент ___________________________________ ________ тобы __________________________
Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы___________________________________ ___________________________________ ____
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды: 1.___________________________________ ___________________________________ _______
2.___________________________________ ___________________________________ _______
3.___________________________________ ___________________________________ _______
Курстық жобаны (жұмыс) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) ______ , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) ________балл
Сомалық баллы ________.
Жобаның (жұмыстың) бағасы ______________________________
Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі: ___________________________________ _____________________
Комиссия мүшелері: ___________________________________ ___
Комиссия мүшелері: ___________________________________ ___
Қорғау күні ____ _____ 20__ж.
Аннотация

Дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу пәнінен Арпа дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы тақырыбында жазылған курстық жұмыс 25-беттен тұрады. Оның ішінде арпа дақылының түрлері мен сорттары және шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны қарастырылды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер

Белгілеулер мен қысқартулар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
1 Аналитикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
1.1 Арпа дақылының түрлері мен сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
1.2 Морфологиялық және биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... .
12
2 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
2.1 Арпа дақылын өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
2.2 Арпа дақылының өнімдерін өндіру технологиясы ... ... ... ... ... ... .
18
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
ҚР СТ 1.5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.102-68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплекстері.
МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.201-80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеулер.
МЖМБС 2.601-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойлатын жалпы талаптар.
МЖМБС 7.1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4.02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4.03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7.14-2008 Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс

Анықтама терминдер

Гербицид - латынның гербакөп және цидо өлтіремін деген сөз.
Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.
Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.
Ген- тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі.
Мутагенез- фихикалық және химиялық факторлармен әсер ету арқылы мутациялардың пайда болу процесі.
Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми- зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.
Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің жиынтығы.
Сұрыптау- тіршілік үшін күресте көбірек бейімделген организмдердің ұрпақтар бойы сақталуына тірелетін эволюцияның үш негізгі факторлардың біреуі.

Белгілеулер мен қысқартулар

цга - центнер гектар
тга-тонна гектар
Фотосинтез - СО2 есебіне топталған өнім.
Қосымша өнім - жалпы өнімнен аралығы.
Алқапты тәжірибе - далалық тәжірибе.
гл-грамм литр
данам3- дана метр куб
Рн - қышқылдық көрсеткіш
ГДР - Германия Демократиялық Республикасы
ФДР- Франция Демократиялық Республикасы
АҚШ- Америка Құрама штаттары

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Арпа- маңызды азықтық дәнді дақылға жатады. Оның дәнінің едәуір бөлігі жарма өндіруге, сыраға жұмсалады. Арпа егісі әлемде өзінің көлемі жөнінен төртінші орынды алады (90 млн.га шамасында). Арпа егісі Европа елдерінде (Чехословакия, ГДР, Польшада, ФРГ, Австрияда, Швецияда, Данияда, Белгия, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Францияда өсіріледі) Солтүстік Америкада, Азияда өседі. Арпа әртүрлі климаттық аймақтарға таралған 70°С Солтүстік ендікке дейін барады. Тауға, басқа дәнді дақылдардан да биікке өседі. Біздің елімізде негізінен жаздық арпа өсіріледі. Оның қыста егілетін түрлері Украинаның оңтүстігінде, Молдавияда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде және Орта Азияда өседі.
Мақсаты: Осы арпа дақылының суыққа төзімді сорттарын шығару болып табылады. Осы орайда алғы дақылдың да алатын орны ерекше болып табылады. Жоғары түсімділікке селекция жасағанда отандық және шет елдік сорттардың ең жақсысын таңдап алып есептеулер жүргізу. Отандық сорттардың түсімі жоғары және топырақтық-климаттық қолайсыз жағдайларға төзімді бсорттарды талқылау. Жылдам пісу, жоғары түсіммен үлесе бермейді. Дегенмен, жекелеген жылдам пісетінің және өнімділігі де жоғары сорттар бар: Тоомас, Краснодарский 35, Отандық сорттардан жапырылып қалуға төзімді: Нарымчапин, Зазерский 85 т.б.сорттары бар. Жапырылып қалуы әдетте аласа бойлы арпаларға тән болады.
Міндетіміз осы дақылдың жаңа сорттарын шығарып әлемдік деңгейге жету және де осы дақыл астық тұқымдас дақылдардың ішінде энергетикалық құндылығы жөнінен екінші орынды алады яғни азықтық маңызыц жоғары деген сөз. Сондықтан экспортқа көптеп шығару болып табылады. Гүлдену биологиясы және ұрықтануы және өздігінен тозаңданатын дақылдарды селекциялау.
Арпаға тән бағалау жұмыстары даладағы егісте жүргізіледі, ол жерде масақтардың сынғыштығы және олардың иіліп тұру дәрежесі қарастырылады. Дәнді анализдегенде, азықтық жармалық және сыра қайнататын арпалардың қабықтарын, ақуыз мөлшерін және әрқайсысына тән тексеру бағыттарын анықтайды. Азот мөлшерін Кьельдал әдісі бойынша немесе қосымша әдіспен анықтайды, лизиннің мөлшерін автоматты аминқышқылдық анализатормен анықтайды және колорометрикалық жолмен нингидрин қосып түсті реакция арқылы анықтайды

1 Аналитикалық шолу

1.1 Арпа дақылының түрлері мен сорттары

Егілетін арпа егістік арпа түріне жатады-Hordeun sativum Jessen. Арпа тұқымдас- Hordeum L. Poaceae туыстығына жатады. Мәдени арпадан басқа 26-34 жабайы арпа түрлері бар, олардың арасында бір жылдық және көп жылдық түрлері, өздігінен тозаңданатын және айқас тозаңданатын түрлері кездеседі. Арпа - ежелден келе жатқан дақыл, ол бастапқы дақылдарға жатады. Мәдени арпаның шығуы туралы екі болжам бар: монофилетикалық және дифилетикалық түрі. Алғашқы мәдени арпа түрі жабайы, өте полиморфтық түрден шыққан H. spontaneum C.Koch., ол кіші және Оңтүстік-Батыс Азияда, Солтүстік Африкада кездеседі. Екінші болжам бойынша көпқатарлы және екі қатарлы арпаның ата-тектері әртүрлі деп айтылады. Бірінші түрі арпаның мәдени түрімен жақсы будандасады, одан айырмашылығы масақтары сынғыш болады[2]. Монофилетикалық түрге сәйкес, екі қатарлы және көп қатарлы арпалардың бір-бірімен генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді: жақсы будандасуы, жеке және белгілі бір этапқа дейінгі ортогенезі, екі қатарлы арпаның көп қатарлы арпаға өзгеріп айналуы. Мәдени арпа алдыңғы Азиядан шыққан. Бұдан басқа да генетикалық орталықтарды атауға болады: Эфиопияда әртүрлі бірнеше түрі бар, Қытай-Жапондық, бұларға бойы аласа, масағы тығыз қысқа, домалақ майда дәнді, өстері қысқа және қылқансыз арпа түрі жатады. Орта Азиялық ригидтік, ал суармалы түрінің дәндері жалаңаш формалы ірі болады. Бұл орталықтардың барлығы екінші болып саналады, бұл жердегі формалардың көпшілігі рецессивтік белгілерді көрсетеді (жалаңаш дәнді, ірі дәнді т.б.). Мәдени арпада бірқатар экологиялық-географиялық топтар бөлінеді: біздің елімізде арпаның 12-жаздық және 4-күздік сорты өсіріледі.
Жаздық арпаның тобының арасында маңызды сорттары: Северорусская, Степная, Лесостепная, Батыс Европалық, батыс-сібірлік және шығыс сібірлік болып табылады. Солтүстік орыстық сорт қара топырақты емес Европалық бөлікке бейімделген. Ол өзінің ылғал сүйгіштігімен, қышқыл топыраққа төзімділігімен ерекшеленеді: өсімдік биік болып өседі масағы ұзын болады. Батыс Европалық топ солтүстік орыс тобына ұқсас болады, бірақ өсімдік биік және орташа биік болуы мүмкін. Жапырақтануы жоғары болады. Степная тобы құрғақшылыққа төзімді, дәнінде ақуыз мол болады, лесостепная түрі - орташа құрғақшылыққа төзімді болады. Батыс Сібірлік арпаның тобы вегетатцияның бірінші кезеңінде бояу дамиды, көктемгі құрғақшылыққа тұрақты, тамыр шірікке, шведтік және гессен шыбындарына толерантты болып келеді. Шығыс Сібірлік топ ерте піседі, суыққа төзімді болады.
масағы көп қатарлы, майда қабығы жұқа дәнді болады. Топырақ қышқылдығын көтере алмайды.

Сурет 1. Күздік арпа сорты (Донецкий 8)

Күздік арпа топтарының арасында ең маңыздысы Солтүстік Кавказдық арпа түрі болып табылады, ол суыққа төзімді, орташа жапырақты, дәні майда болады. будандастырудың арқасында көптеген аралық сорттары пайда болады, оларды қайсы топқа жатқызуға болаты қиындық тудырып отыр.
Донецкий 8 - Донецк МАТС-да шығарылған, түршесі- медикум, орташа мерзімде пісетін сорт, жапырылып қалмауға орташа төзімді. Қара күйемен ортадан жоғары және жоғары дәрежеде залалданады. 1000 тұқымның массасы 41-50г. 1979ж. Солтүстік Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.
Целинный 5 - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, будандық популяция. Сорт орташа мерзімде пәседі, өсіп-жетілудің бастапқы кезеңінде қуаңшылықққа төзімділігі жоғары. Жапырылуға төзімді, ірі дәнді, 1000 тұқымының массасы 55-60 г. 1975 ж. Ақмола, Көкшетау, Торғай облыстарында аудандастырылған.
Целинный 30- Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, медикум түршесіне жатады. Орташа мерзімде пісетін сорт, қуаңшылыққа төзімді, қара күйемен қатты залалданады. 1000 дәннің массасы 45-50г. 1991 ж. Ақмола, Торғай облыстарында аудандастырылған.
Кедр- Краснояр АҒЗИ-да шығарылған, түршесі-нутанс Орташа мерзімде пісетән пәрменді сорт, жоғары агрофонды қажетсінеді. Шашылуға және жапырылуға төзімді, қара күйемен орташа залалданады. 1000 дәннің массасы 46-54 г. 1988 ж. Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Медикум 85- Қостанай АҒЗИ-да шығарылған, түршесі-медикум. Сорт орташа мерзімде пәседі, жапырылуға және шашылуға төзімді. Қара күйемен орташа залалданады, 1000 дәннің массасы 48-53 г. 1989 ж. Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Гранал- Қостанай АҒЗИ-да шығарылған, субинерме түршесіне жатады. Сорт ортадан кештеу піседі, қуаңшылыққа және жапырылуға төзімді. Сабақ татымен, тамыр шіріндісімен, ақ ұнтақ (мучнистая роса) ауруымен залалданады ортадан жоғары дәрежеде. 1000 тұқымның массасы 43-49 г. 1991 ж. Қостанай, Торғай облыстарында аудандастырылған.

1.2 Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Арпаның морфологиялық белгілері. Арпа морфологиясы гүлінің құрылымынан бастап, масақты астық тұқымдастарға жатады. Арпаның бойы бидайдан төмен болады, бірақ сабақтары берік емес, жатуға бейім тұрады, бұл жағдай бұл дақылдың кемшілігі болып табылады. Арпаның жалпы морфологиялық белгілері басқа дәнді дақылдарға ұқсас, бірақ айырмашылықтары да бар.
Гүл шоғыры- масақ, оның білігі мүшелерден тұрады, ал олардың кемерінде дара гүлді үш масақша орналасқан. Гүл екі түрлі гүл қабықшаларынан- сыртқы және ішкі- тұрады, қылтық сыртқы гүл қабықшасының (қауызының) төбесіне қарай бекіген. Масақ білігінің кемеріндегі масақшалардың жеміс санын қалыптастыруына қарай егістік арпа үш түр тармақтарына бөлінеді.
1. Көпқатарлы арпа- білік кемерінде үш жемісті масақша орналасқан.
2. Қос қатарлы арпа- білік кемерінде жемісті масақша біреу.
3. Аралық арпа- білік кемерінде 1-3 жемісті масақша болады.
Көпқатарлы арпада дұрыс алты қатарлы, немесе алты қырлы және бұрыс алты қатарлы, немесе төрт қырлы топтар ажыратылады.
Масақтың көлденең қимасында дұрыс алты қатарлы арпалар дұрыс алты сәулелі жұлдыз, ал бұрыс алты қатарлы- төрт бұрышты кескін (фигура) береді.
Қосқатарлы арпа жеміссіз бүйір масақшаларының даму дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді.
nutantia- тобына жеміссіз бүйір масақшаларында масақ қабықшаларымен қатар гүл қабықшалары да сақталған арпа жатады.
deficientia- тобына жеміссіз бүйір масақшаларда тек қана масақ қабықшалары бар арпа кіреді.
Қосқатарлы арпаның дәндері масақ білігінің кемерінде еркін дами отырып симметриялы құрылыс қалыптастырады және бүкіл масақ бойында біркелкі болады. Көпқатарлы арпада дәндер біркелкі емес; масақ білігінің кемерінде орналасқан үш масақшаның ортасындағы дән ірі келеді, ал бүйір дәндері біршама қисайып бітеді де ұсақтау келеді. Сондықтан симметриялы тұқым тобын қосқатарлы арпаға, ал симметриялы дәндер 40%- тен төмен болғанда- көпқатарлы арпаға жатқызады.
Аталған түр тармақтарын қабықты дәндерінің ойығындағы негізгі қылы бойынша да ажыратады. Қысқы талды қыл көпқатарлы арпаға, ал ұзынталды қыл- қосқатарлы арпаға тән.
Арпаның түршелерін мына белгілері бойынша анықтайды: дәннің қабықтылығы (қабықты немесе жалаңаш), масақтың тығыздығы (борпылдақ немесе тығыз), қылтықтылығы (қылтықты немесе қылтықсыз- үш қалақты өскіндермен), қылтықтардың аратістілігі (тегіс немесе ара тісті), масақтың түсі (сары немесе қара).
Арпа масағының тығыздылығын масақ 4 см. ұзындығына келетін білік мүшелерінің санымен анықтайды. Егер 4 см білік ұзындығына 14-ке дейін мүшелер болса масақ борпылдақ, ал 15-тен артық мүшелер болса масақ тығыз деп есептеледі.
Жоғары жапырағының беті масақты пластикалық материалмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқармайды, бірақ жапырақ қынабы өте жақсы дамыған болады. Арпа жақсы бұтақтанады, бірақ шоғырланып өспейді. Қылтықтары ірі және кетікті болуы арпаның кемшілігі болып табылады. Көптеген сорттарында оларды дәнінен айыру қиындық тудырады.

Сурет 2. Арпаның жаздық және күздік формасы.

Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның жаздық және күздік формасы болады, және күзде егілетін, суыққа төзімді формасы болады, олар көктемде жаздық сорттармен бірдей масақтанады. Әдетте, күздік арпа көктемдік егісте масақтанады, бірақ өте кеш піседі. Оның гүлдеуі 0-12°С температурада өтеді. Күздік арпа суыққа төзімсіз болады, бидаймен, қара бидаймен салыстырғандағы жағдай. Суыққа ең төзімді түрі-14°С-ге шыдайды. Арпа тұқымы 1-2°С-де өсе береді. Көктеп шыққан егіс-8°С-ге қысқа мерзімге төзеді. Арпа, дәнді дақылдардың ең ерте пісетін түріне жатады, бұл құрғақшылыққа төзімді, тұзды топыраққа шыдамды дақыл. Ылғалдың мол болуын және топырақ сипаты, оның соттық айырмашылықтарының диапазоны өте кең. Арпаның вегетатциялық кезеңі 55-тен 90 күнге деін созылады. Ең құрғаөшылыққа төзімді сорттары Оітүстік-Шығыста, украинаның оңтүстігінде, Қазақстанда кездеседі. Қара топырақты емес аймақтың сорттары құрғақшылыққа төзімді болмайды. Арпаның көктемгі және жазғы құрғақшылыққа төзімді түрлері бар. [5]Жаздық құрғақшылыққа төзетін сорттары жылдам өседі, вегетациясы ерте басталады, ерте піседі. Бұл, олардың шілденің ыстығына ұрынбауына жағдай жасайды. Арпаның ыстыққа төзімді соттары белгілі және суғаруға да бейім түрлері бар. Қышқыл топыраққа төзімді соттары қара топырақты емес аумақтарда және Скандинавия елдерінде өседі. Арпа көптеген ауруларды жұқтырады, оның ішіндегі ең қауіптісі қара күйе болып табылады, мучинстаяя роса, гельминтоспориоздар және тамыр шірігі. Сонымен қатар саңырауқұлақтармен, септериозбен, бактериалдық және вирустық аурулармен аудырады. Бұл зиянкестерге қарсы агротехникалық және химиялық күресу шаралары қолданылады. Әсіресе, швед шыбынымен күшті залалданады. Арпа - өте өнімді дақыл. Оның түсімін масақтың өнімділігімен анықтайды, және сабақтардың қалың өсуіне қарап бағалайды, олардың шоқталып өсуінің маңызы зор болады.
Гүлдену биологиясы және ұрықтануы. Арпа- өздігінен тозаңданатын дақыл. Оның гүлдеуі масақтанумен бірдей басталады, ауа райы салқын болса 1-2 күн айырмашылық болады. Ыстық күндерде масақ жапырақ қынабынан шығады. Арпада да бидайдағы секілді хазмогамдық (ашық) және клеиетогамдық (жабық) гүлдеу болады. Гүлдеу жағдайына қарай сорттарында айырмашылық болады. көп қатарлы арпа ашық гүлдейді, албүйірлік масақтары ортасына қарағанда жиі болады. Салқын, ылғалды ауада ашық гүлдейді, ыстық құрғақ ауада жабық гүлдейді. Гүлдеу таңғы сағат 6- да басталады. Содан түстен кейін басылады, кейде тәулік бойы гүлдейді. Гүлдеу масақтың ортасынан басталады және ұшар басына дейін барады. Ең алдымен орталықтағы масақ гүлдейді. Екі қатарлы арпада нутанция тобының бүйірлік масақтары фертильдік аталық беруі мүмкін ,бірақ, гүлдну кешігеді. Масақ 2-4 күн гүлдейді. Аналық аузы 4-6 күнге дейін өзінің тіршілік әрекетін сақтайды. Бірақ ұрықтану 2-3-ші күні байқалады. Арпаның аталығы бидайдікі секілді өзінің ұрықтандыру қабілетін тез жоғалтады. 10 минут ашық ауада болса ол жарамсыз болып саналады.

2. Технологиялық бөлім

2.1 Арпа дақылын өсіру технологиясы

Сабақтардың қалың өсуі селекциясы. Арпада да бидайдікі тәрізді, селекция бағыты төмен аутокопкуренциялық сорттарды ендіруге бұрылды, бұлар өсімдіктің қалың болып тұруына қабілетті болады. 1 м2 - та 700-800 масақты сабақтардың түзілуі де кездесті. Олардың саны 1000-ға да жетуі мүмкін деседі.
Лизин мөлшерінің жоғары болуы селекциясы. Арпа селекциясындағы негізгі бағыт lys генін пайдалана отырып құрамында лизині мол сорттарды ендіру болып табылады. Бұндай сорттардың азықтық бағалылығы жоғары болады (Одессалық сорты-84Л). Дегенмен, құрамында лизин мөлшері көп гендер егістің өнімділігін 10-15%-ға төмендетіп жібердеді. Бұл жағдай лизині жоғары сорттардың селекциясы тоқтатып тастайды.
Ауруларға төзімділік селекциясы. Ауруларға төзімді сорттардың түрін шығару күрделі мәселе болып табылады. Қара күйеге тұрақты гендерді патогендер басып кетеді. Басқа аурудың қоздырғыштарына олигогендік тұрақтылық баяу жойылады.(сарызеңге). Бұл жердегі донорлар саны шектеулі болады, сондықтан селекцияны көлденең ұзақ уақытқа тұрақты етуді талап етеді.
Арпаның селекциялық процессі басқа да өздігінен тозаңданатын ашық тұқымдардан өзгеше болмайды. Будандастыру техникасы- бұл бидайға ұқсас болады. бұл жерде мәжбурлік тозаңдандыру жүреді (атап айтқанда және қайталап) және твел әдісі қолданылады. Арпамен жұмыс істеу үшін кесілген бұтақтарға будандастыру әдісін қолданады. Сабақтарды қылтық пайда болған кезде кеседі және оны қоректік ерітіндіге салады, оның құрамында сахароза және қоректік минералды элементтер бар. Консервант ретінде хлоралин қосады. Кесілген бұтақпен будандастыруды ыңғайлы жағдайда жасайды және түйнек байлаудың жоғарғы пайызын қамтамасыз етеді. Тозаңдандырып болған соң қоректік ортада сабақтарды әрі қарай өсіреді. Бұл әдістің кемшілігі - дәндері жұқа болады, ол топырақтың жөнді өңделмеуінен және ұқыпты түрде егу жұмысын жүргізбегеннен болады. Аталық және аналық сорттардың гүлдеу уақыты сәйкес келмесе тозаңдатқыш масақты кесіп алып және оны мұздатқышта ұшын суға батырып қойып сақтайды. 2,2°С-де оны 26 күн сақтауға болады, 10°С-де 14 күнге дейін сақтайды. Арпаның күрделі будандық популяциясын алу үшін аталық тазалық генін пайдалануға болады. Ғ2-ні өсірген соң тұқымды көптеген елдерге бұдан кейінгі селекциялық жұмыстарға пайдалану үшін жіберілді. [19]
Сұрыптау әдістері. Арпамен жұмыс істегенде сұрыптарды барлық өздігінен тозаңданатын өсімдіктерге тән әдіспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноқат дақылының сорттары
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Ноқат дақылын өсіру
Машина – трактор паркінің құрамын негіздеу және пайдалануды жоспарлау
Күріш ауыспалы егістері
Жүгері дақылы
Ноқат дақылының биологиясы
Күріш жармасының сапасын бағалау
Сүрлемдік жүгері дақылын суғару ерекшелігі
Жүгеріні өсіру технологиясы
Пәндер