Астық өңдеу жұмыстары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Агротехнология» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған:

(Студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші:

(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

(бағасы)

бағасына қорғалды

«»20__ ж

Комиссия:

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

Норма бақылау:

(қолы, аты-жөні)

Шымкент 20__ж.

Ф. 7. 14-03

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Агротехнология» кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі

(қолы)

«» 20__ ж.

№ ТАПСЫРМАСЫ

пәні бойынша курстық жұмыс:

Студент топ

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы:

Берілген мәліметтер

Түсіндірме жазбасының мазмұны

(курстық жұмыс)

Орындалу мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Түсіндірме жазбасының мазмұны(курстық жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Түсіндірме жазбасының мазмұны(курстық жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Түсіндірме жазбасының мазмұны(курстық жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Түсіндірме жазбасының мазмұны(курстық жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мерзімі
Парақ саны
Формат
№:
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:
№:
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:
№:
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:

Әдебиет:

1

2

3

Тапсырманың берілген күні

Жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(оқытушының аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

(студенттің аты-жөні, қолы)

Ф. 7. 14-04

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агроөнеркәсіп факультеті

«Агротехнология» кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі

(қолы)

«» 20__ ж.

Курстық жоба (жұмыс) қорғау

ХАТТАМАСЫ №

пәні

студент тобы

Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды: 1.

2.

3.

Курстық жобаны (жұмыс) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл

Сомалық баллы .

Жобаның (жұмыстың) бағасы

Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі:

Комиссия мүшелері:

Комиссия мүшелері:

Қорғау күні «» 20__ж.

Аннотация

«Дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу» пәнінен «Астық дақылдарын сақтаудың негізгі тәсілдері» тақырыбында жазылған курстық жұмыс 30-беттен тұрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамы, бидай дақылдарының түрлері, астық қоймасына қойылатын талаптары, астықты жинау мен астықтың сапасын тексеру, астықты өңдеу жұмыстары және дәннің химиялық құрамы және ұн жасау технологиясы қарастырылды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .

Анықтамалар . . .
Анықтамалар . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
:
Анықтамалар . . .: Кіріспе . . .
: 9
Анықтамалар . . .: 1 Аналитикалық шолу . . .
: 10
Анықтамалар . . .: 1. 1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамы . . .
: 10
Анықтамалар . . .: 1. 2 Астық қоймасына қойылатын талаптар және сақтау . . .
: 11
Анықтамалар . . .: 2 Технологиялық бөлім . . .
: 20
Анықтамалар . . .: 2. 1 Астықты жинау жұмыстары мен астықтың сапасын тексеру . . .
:
Анықтамалар . . .: 2. 2 Астықты өңдеу жұмыстары. Дәннің химиялық құрамы. Ұн жасау технологиясы және нан өнеркәсібі . . .
: 28
Анықтамалар . . .: 3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау . . .
: 28
Анықтамалар . . .: Қорытынды . . .
: 29
Анықтамалар . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
: 30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

ҚР СТ 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 102-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплекстері.

МЖМБС 2. 104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 201-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеулер.

МЖМБС 2. 601-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойлатын жалпы талаптар.

МЖМБС 7. 1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.

СТ ОҚМУ 4. 02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7. 11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.

ҚҮ ОҚМУ 4. 03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.

ӘН ОҚМУ 7. 14-2008 «Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс»

Анықтамалар

Гербицид - латынның «герба»көп және «цидо» өлтіремін деген сөз.

Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.

Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.

Ген- тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі.

Мутагенез- фихикалық және химиялық факторлармен әсер ету арқылы мутациялардың пайда болу процесі.

Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми- зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.

Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің жиынтығы.

Сұрыптау- тіршілік үшін күресте көбірек бейімделген организмдердің ұрпақтар бойы сақталуына тірелетін эволюцияның үш негізгі факторлардың біреуі.

Белгілеулер мен қысқартулар

ц/га - центнер гектар

т/га-тонна гектар

Фотосинтез - СО 2 есебіне топталған өнім.

Қосымша өнім - жалпы өнімнен аралығы.

Алқапты тәжірибе - далалық тәжірибе.

г/л-грамм литр

дана/м 3 - дана метр куб

Рн - қышқылдық көрсеткіш

ГДР - Германия Демократиялық Республикасы

ФДР- Франция Демократиялық Республикасы

АҚШ- Америка Құрама штаттары

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Азық-түлік өнімдерін өндіретін негізгі сала - ауыл шаруашылығы. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласы тағамдық және мал азықтық өнімдер өндіруде жетекші орында. Сонымен қатар бұл сала өндірістің басқа да салаларының қалыпты жұмыс істеуіне, оның дамуына негіз болып табылады. Сол себепті, елімізде ауыл шаруашылығы, оның ішінде, өсімдік шаруашылығы саласына көп көңіл бөлініп, өнім өндірушілерге үнемі қолдау көрсетіліп отырылады. Егіншілік саласында еңбек ететін әрбір маман үшін алқаптың әр гектарынан мол өнім алу басты мақсат болатын болса, ал сол өнімді жинап алғаннан кейін сақтау және сапасын түсірмей тұтынушыға жеткізу жауапты жұмыс. Қоймаға салынған өнім туралы, оның физикалық қасиеттерімен сақтау кезінде жүретін физиологиялық- биохимиялық процестер жөнінде білу, зиянкестер мен микроорганизмдер, олардың көбею жолдары мен өніміне әсер етуші факторларды ескере отырып, күрес шараларын ұйымдастыруды дер кезінде жүргізу әрбір жауапты маманның міндеті. Ғылым мен техниканың дамыған дәуірінде сақтау кезінде өнімде болатын шығын көлемін азайту мүмкін болмай отыр. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі халық аралық ұжымның (ФАО) мәліметі бойынша сақтау кезінде жыл сайын болатын шығынның көлемі астық дақылдарында 15 пайызға жетсе, ал картоп, көкөніс және жеміс-жидек өнімдерінде 30 пайызды құрайды екен. Бұл көрсеткіш дамыған, технологиясы озық, маман кадрлары толық қамтамасыз етілген елдерде бірнеше есе төмен. Демек, аграрлық саланың дамуына, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, эканомиканың ілгерілеуіне үлес қосатын мамандардың бірі- сақтау саласының мамандары екендігінде дау жоқ. Өнімді сақтау саласының алдында келесідей міндеттер тұрғаны белгілі:

- белгілі бір шаруашық жағдайында өнімді сақтаудың экономикалық тиімді тәсілдерін қолдану;

- сақтау кезінде болатын шығындарды ( сандық және сапалық) барынша азайту;

- сақтау барысында өнім сапасын арттыру;

- барынша заз шығын жұмсай отырып, өнімді сақтауға қолайлы жағдай жасау;

Негізгі астық тұқымдас дақылдар бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері және т. б. Дәнді дақыл адам үшін негізінен нан, өнерксәсіптің көптеген саласына шикізат, мал үшін жем. Адам тағамы үшін кең тарағаны бидай мен күріш. Жер шарындағы халықтың 70-ке жуығы бидайды, ал қалғаны күрішті азық- түлік ретінде пайдаланады. Бұл дақылдарда ақуыз бен көмірсу көп. Сондай-ақ онда ферменттер, А провитанмині бар. Астықтан нан пісіреді, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық құнарлы азықтар, консервілер әзірлейді, сыра дайындауға, спирт, крахмал алуға т. б. пайдаланады.

1 Аналитикалық бөлім

  1. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамы

Бидайдың ботаникалық 22 түрі белгілі, соның ішінде біздің елімізде кең тараған түрлері-жұмсақ және қатты бидай. Жұмсақ немесе қарапайым бидай біздің елімізде кең тараған. Бұлардың ішінде күздік, жартылай күздік және жаздық түрі кездеседі. Жұмсақ бидайдан тартылған ұнды негізінен нан пісіруге қолданады. Нан пісіруге қажетті жақсы ұнның мынадай қасиеттері болуы тиіс: суды жақсы сіңіруі, біршама тез иленуі, отраша тотықтануы, қамыры өңдеуге қолайлы және ұсақ кебекті, біркелкі құрылымды, жұмсағы көп жақсы көтерілген нан піседі және реңді, татымды, хош иісті болуы тиіс. Нан пісіру күші жоғары сорттарды күшті бидай деп атайды. Бұл бидайларда белок 14 пайыздан жоғары болады. Қамырдың жақсы созылуы жоғары серіппелі клейковинаға байланысты. Қатты бидай дәнінің ерекшелігі құрамында ақуыз 28-ке дейін болғанымен, жұмсақ бидайға қарағанда көтерілуі төмендеу, өте серіпппелі, бірақ үзілгіш. Сондықтан қатты бидайдың дәнін макарон, жарма дайындауға пайдаланады. Қатты бидайдың өндірісте ең көп тарған түрі жаздық түрі. Негізіне көп таралған сорттары: күздіктерден- Одесская 66, Прогресс, Саратовская 4, Богарная 56, Безостая 1, Красноводопадская 210, Қарлығаш, Алматинская полукрликовая, жаздықтардан- Безенчукская 98, Интенсивная, Қазақстан, Целинная, Юбилейная, Қызыл бас, Дархан, және т. б., қара бидайдан- Саратовская4, Саратовская 5, Омка және т. б.

Бидай - астық тұқымдастарға жатады. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жүйесі топырақтың өңделген қабатында таралған шашақ тамыр, топырақ бетіндегі сабағы -сабан деп аталады. Сабан жұмыр, іші қуыс, буындармен бөлінген болып келеді. Буын аралықтары 5-6. Жапырағы сабаққа кезектесіп орналасқан жіңішке таспатәрізді, оның өзі жапырақты берік ететін қынаптан және жапырақ тақтасынан тұрады. Гүл шоғыры- күрделі масақ. Жемісі әдетте дән деп аталатын, біртұқымды ұрықтас дәншік. Бидай және қара бидай дәні жалаңаш тұқымды топқа жатады, себебі астық бастырғанда гүл қабықшасы дәннен жеңіл бөлініп топанға кетеді. Өсіп жетілуі мынадай кезеңдерден тұрады: көктеу, түптену, масақтану, гүлдену және дәннің сүттеніп, балауызданып, толық пісіп жетілуі [1] .

Өнімді жинау ауа райына, дақылдардың қаншалықты піскеніне байланысты. Жаздық бидай (жұмсақ) шашылуға піскен кезде басқа бидайларға қарағанда тез шашылады, сондықтан оны балауызданып пісу кезінде екі фазалы және толық піскен кезде тез арада бір фазалық жинау әдісі қолданылады. Ал қатты бидай (жаздық) шашылуға өте төзімді, бірақ орылмай тамырында ұзақ тұрып қалса масақ сынып кетуі мүмкін. Сондықтан егінді ору ең жауапты кезең. Қазақстанның солтүстік облыстарында негізінен егінді бөлептеп оруәдісін қолдануға байланысты, оның пісіп жетілуі сатысын дұрыс анықтауға үлкен мән береді. Егін жинауға дән балауызданып піскенде кіріскен жөн. Егін тым аласа, нашар шыққан жағдайда оны бөлептеп ормай, тікелей орған дұрыс. Жауын-шашын дұрыс болған жылы күздік бидай жаздыққа қарағанда ерте піседі, ал күздік қара бидай болса бәрінен ерте піседі. Жауынды салқын күндері далалық дақылдардың пісуі созылып кетеді де егісті жинауға көп кедергі жасайды. Құрғақ, ыстық күнде де егін тез піседі. Әсіресе оңтүстік және батыс беткейге қарағанда егін тез піседі. Құмды және құмдақ топырақта, сазды ауыр топыраққа қарағанда егін тез піседі. Фосфор тыңайтқышы егіннің тез пісуіне жағдай жасайды, ал азот тыңайтқышы егіннің пісуін созады. Күздік қара бидай дестеде жатып нашар піседі, сондықтан оны оруды балауызданып пісу кезеңінің ортасынан бастап тез арада жинауды бітіреді. Жинаудың кезеңі созылып кетсе дәннің шашылып қалуынан ысырап көп болады [2] .

  1. Астық қоймаларына қойылатын талаптар және сақтау

Ауыл шаруашылығы саласында астық сақтау үшін қабырғалары кірпіштен, тастан қаланған, темірбетоннан немесе ағаштан тұрғызылған едені түзу болмаса көлбеу орнатылған бip қабатты қоймалар пайдаланылады (1-сурет) . Мұндай қоймалардың төбесі жұмсақ материалдармен (руберойд) шифермен болмаса металл қаңылтырмен жабылады. Астықты негізінен еденде үйіп сақтайды. Шаруашылықтарда екі түрлі - еденді және бункерлі астық немее тұқым сақтайтын қоймалар пайдаланылады. Олардың ішіннде, көлденең еденді қоймалар кең тараған. Механикаландырылған, арнайы құрал жабдықтармен жеткілікті түрде жабдықталған ондай қоймалардың тиімділігі жоғары. Бункерлі қоймалар - астық сақтауға бейімделген, тиеп-түсіру процестерін толық механикаландыруға, азғантай алаңда тұқымды жоғары биіктікке дейін үйіп сақтауға, әр түрлі астық топтарының араласып кетпеуіне мүмкіндік беретін осы заманғы құрылыстарды бipi. Қоймаларды салғанда өнеркәсіптік тәсілдер, зауыттарда жасалған тетіктep мен құрылыс материалдары кеңінен қолданылады, жұмыс көлемінің көпшілігі дайын құрылыс бөліктері мен конструкцияларды пайдалану арқылы іске асырылады. Бірқатар қойма жобаларында металл конструкцияларлар қарастырылған. Бұл түрдегі қоймалар, әдетте, астық тазалағыш - кептіргіш кешенмен технологиялық байланыста қолданылады немесе өздері солардың құрамдас бөліктері болып табылады. Қоймалар жабдықталуына байланысты механикаландырылған және механнкаландырылмаған болып екіге бөлінеді. Қазіргі acтық өндіруші шаруашылықтарда сиымдылығы 3200 т болатын, ұзындығы 60 м, ені 20 м-лік типтік қоймалар көптеп кездеседі. Механикаландырылмаған кқймалардың едені тек қана тeгic eтіп жасалады. Бұл қоймаларда астықты қабылдауда, өндіруде тиеу-түcipy процеci жылжымалы қондырғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Механикаландырылған қоймалардың едені бірінде тегіс, бірі көлбеу болуы мүмкін. Сонымен қатар, қойма ортасында ұзына бойы, жоғарғы жағында тиеуге, ал төменгі жағында түcipyгe арналған құр жүpгiзiлiп, шет жағынан қабылданған астықты көтеру үшін көтергіш құлақтар орнатылады. Кей жағдайда, тек бip ғана тасымалдағыш құр (жогарғы не теменгі) орнатылған кқймалар салынады. Бұндай қоймаларды жартылай механикаландырылған қойма деп атайды. Астықты қоймаға үйіп сақтауда үйіндінің биіктігін қабырғаға жақын етіп 2-2, 5 м, ортасында 4-5 м-ге дейін жеткізуге болады. Едені тегіс толық механикаландырылған қоймаларда астықтың шамамен 45-50 т-дайы өзінің сусымалылық қасиетімен тасымалдағышқұрға берілсе, ал қалған бөлігін қолмен немесе жылжымалы астық тиегіштің көмегімен беруге тура келеді. Ол, өз кезегінде жұмыс тиімділіген төмендетеді. Астық қоймаларын тиімді әрі толық пайдалану үшін бірнеше партия өнім араларын арнайы қалқаншалармен белгілеп орналастырады. Кей жағдайда, бip қойманың ішінде астық пен ұнды орталарын қалқаншалап бөлу арқылы сақтайды. Тәжірибеде бұлай сақтауға рұқсат етілмейді. Барлық қоймаларды пайдалану мақсатына байланысты тұқымды азық-түліктік және мал азықтық деп бөледі. Олар аз шығын жұмсап әрі сақталатын өнімнің өміршеңдігін ескере отырып, белгіленген талалтарды қамтамасыз ететін сенімді және ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылыс кешендері [3] .

Сиымдылығы әр түрлі типтік тұқым қоймаларының сипаттамасы.

Сыйымдылығы 2300 және 1300 тонналық астықты улы заттармен өңдеуге арналған бөлмелеpi бар еденді тұқым қоймасы арнайы жобамен салынады. Мұндай тұқым қоймасының негізгі бөлігі ceкция түріндеп бip қабатты құрылыс болып табылады. Тұқым сыйымдылығы 500 тонна болатын қамбаларға биіктігі 2, 5 м үйіндімен орналастырылады. Тұқымдық қамбадан тұратын әpбip секция 500 т тұқымға есептелген. Тұқым қоймасының басқа жағы дәріленген және дәріленбеген тұқымды қаппен бөлек-бөлек орнықшаға қатарлап (300 т-ға дейін) қалау үшін пайдаланылады.

Тұқымды қабылдау, дәрілеу бөлімі қоймаға жалғасқан екі қабат құрылыста орналасады. Тұқым қоймасының құрамына дән тазалағыш кептіргіш құрылым мен тұқым өңдейтін кешен кіреді. Оның негізгі міндеттері:

• алдын-ала тазаланған құрғақ тұқымды уақытша сақтау;

• белсенді желдету арқылы ылғалдылығы 22%-ға дейінгі тұқымды сақтау;

• астық дақылдары дәндерін, бұршақ, жарма және майлы дақылдардың құрғақ әpi тазаланған тұқымын ұзақ уақыт сақтау;

• тұқымды дәрілеу және қаптау.

Қойма кешенінде тұқымды тиеу, тycipy және тасымалдау толық механикаландырылған. Тұқым қоймасындағы әpбip қамба аэронауа түрінде белсенді желдететін жүйемен жабдықталған. Аэронауалар, сонымен бipre, тұқым қоймасын өткен жылғы астықтан, қоспадан тазартып, оларды басқа ортаға тасымалдайтын құрал болып табылады. Тұқым қоймасында ылғалдылығы жоғары тұқымдық материалды тиімді сақтау үшін салқындатылған ауаны пайдаланады. Оның әрбір құрылымы (бөлімі) , ауа алмастыру жүйесімен жабдықталған [4] . Бұл қоймалардың конструкциясы (құрылымы) негізінен цемент іргетастан, темір-бетон тіpey - колонналардан, төбені жабуға арналған панелдерден, кірпіш қабырғалардан, асфальт еденнен және үш түрлі рубероидты шатырдан тұрады. Астықты сақтау тәсілдері мен ережелері оның физикалық және физиологиялық қасиеттеріне негізделдген. Алайда, сақтауды ойдағыдай ұйымдастыруда астық массасының әрбір қасиеттерінің маңызы мен мәнін білу жеткіліксіз. Астық массасы мен қоршаған ортаның байланыстарын дұрыс пайдаланғанда ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады. Астықтың сапасы мен сақгалу мерзіміне әсер ететін маңызды факторлар: астық массасы мен қоршаған ортаның ылғалдылығы; астық массасы мен қоршаған орта температурасы, астық массасында ауа алмасу (аэрация) процесі. Аталған факторлар сақтау ережелерінің негіздерін құрайды. Кез келген шаруашылықта сақтау тәсілін таңдау барысында төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс:

- шаруашылықтың климаттық жағдайы;

- пайдаланылатын қойманың типі, оның сыйымдылығы;

- шаруашылықтың техникалық мүмкіндігі;

- партия астықты пайдалану мақсаты;

- қоймаға салған астықтың сапасы;

- қолданылатын сақтау тәсілінің экономикалық тиімділігі.

Ең тиімді әрі өнім сапасын қалыпты деңгейде ұстап тұратын сақтау тәсілі болып - бірнеше тәсілді кешенді түрде қолдану табылады. Мысалы, кептірілген астықты салқындатып сақтау.

Ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың тәсілдері өте көп. Олардың ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қолданылады. Олар:

• астықты құрғатып (кeптіріп) сақтау;

• астықты салқындатып сақтау;

• астықты ауасыз (оттегінсіз) ортада сақтау.

Астықты құрғатып сақтау . Бұл тәсіл Я. Я. Никитинскийдің қағидасы бойынша ксероанабиозға негізделген. Өнім құрамындағы ылғылдың мөлшерін төмендете отырып құрамындағы ipi компоненттердің тіршілігін тежеуге болады. Зиянкестер мен микроорганизмдерде кебею npoцeci тоқтап, көпшілігі мұндай ортаға төзімсіздік танытады. Астықты кептіріп сақтау тәсілі ежелден қолданылып келе жатқан өнім сапасын түсірмейтін, тұқымның егіншілік қасиеттерін сақтап қалатын, ұзақ уакыт сақтауда тиімділігі жоғары тәсіл болып табылады. Қоспадан тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған құрғақ астықты 6ip орыннан қозғамастан астық қоймаларында 4-5 жылға дейін, элеватор силостарында 2-3 жылға дейін сақтайды. Жақсы кептірілген астықты сапасын түсірместен алыс жерлерге тасымалдауға болады. Дегенмен, ылғалдылығы қауіпті деңгейден төмен астықтар дұрыс қарамау салдарынан бұзылуы мүмкін. Оған себеп - ылғал аз ортада тіршілік ете алатын жәндіктер мен кенелердің көбеюі. Бұндай астықты зиянкестер тіршілігін тоқтататын температуралық деңгейге дейін белсенді желдету арқылы міндетті түрде салқындату қажет. Құрғақ астықтың бұзылуының тағы 6ip ce6e6i - құбылмалы aya paйы кезінде астық массасының жекелеген бөліктерінде ылғалдылықтың артуы. Астықты кептіру тәсілі олардың сорбциялық, қасиеттріне негізделген дәннің ылғал бөлу мүмкіндігі оның анатомиялық ерекшелігі мен ірілігі байланысты болады. Кептірудің барлық тәсілдерін келесідей екі топқа бөледі.

• арнайы жылуды қолданбай кептіру;

• арнайы жылуды қолданып кептіру.

Кептірудің алғашқы тәсілі бойына ылғалды сіңіpy қасиеті жоғары заттарды пайдалану арқылы негізгі өнімнің ылғалдылығын төмендетуге бағытталған. Шаруашылық жағдайында осы мақсатта құрғатылтан жаңқа, активтендірілген көмір, натрий сульфаты, хлорлы кальций, т. б. қолданылады. Шаруашылық жағдайында дәнге келесі салмақта натрий сульфатын қосу-ұсынылған:

- дәннің ылғалдылығы 20% болғанда, тоннасына 60 кг натрий сульфаты;

- дәннің ылғалдылығы 25% болғанда, тоннасына 120 кг натрий сульфаты;

- дәннің ылғалдылығы 30% болғанда, тоннасына 180 кг натрий сульфаты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарының халық шаруашылығындағы маңызы
Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау,сұрыптау, жинау және есептеу туралы ақпарат
Астық қабылдау кәсіпорындары, астық өнімдері комбинаттары, элваторлар
Астық кептіру
Астықты кептіру
Агроөнеркәсіп кешені
Ноқат - маңызды дәнді бұршақ дақылы
Аралас шөп тұқымын сақтауда жүретін физиологиялық, биологиялық және микробиологиялық үрдістер
«Атамекен ЖШС» ЗАВ – 20 механикаландырылған астық токтағы технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету түрі және жөндеуді ұйымдастыра отырып машиналардың заңдық талапарына сәйкес жобалау
Ақмола облысының егін шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz