Ауыл шаруашылық машиналары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Ауыл шаруашылық машиналардың сенімділігі және сапасы» пәні бойынша жазылған курстық жұмыс кіріспе 7 суреттен, 2 кестеден, 9 формуладан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Курстық жұмыста РОУ-6 дән дәрілегіштің сенімділігін және сапасын сақтау мен ауыл шаруашылығында қолданылатын техника мен машиналар түрлерін қолдануды, ауыл шаруашылық машиналарының басты ауқымы мен жұмыс режимдерін анықтап негіздеуді, есептеуді және дән дәрілегіштің сенімділігін мен сапсын сақтауды үйрену болып табылады.

Ауыл шаруашылық машиналардың сенімділігі және сапасы пәні ауыл шаруашылық инженер-механиктерін кәсіптік дайындауда, курстық жұмысты орындау маңызды кезең болып саналады. Осы курстық жұмысты орындауға қойылатын жалпы талаптар, тапсырмалар, есептердің кейбір түрлері, түрлі көрсетпелер және басқа материалдар берілген.

Осы курстық жұмыста РОУ-6 дән дәрілегіштің жұмыс принципін толық игерген студент басқа да дән дәрілегіш техникаларды өз бетінше игере алады деп сенеміз.

Мазмұны

бет

Нормотивтік сілтемелер . . . 5

Анықтамалар . . . 7

Қысқартулар мен шартты белгілеулер . . . 9

Кіріспе . . . 10

1 Органикалық тыңайтқыштарды себуге арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын талаптар . . . 11

1. 1 Профилактикалық өңдеуші машиналар . . . 11

1. 2 Органикалық тыңайтқыштар себуге арналған машиналарды, жіктемесі және сипаттамасы . . . ……. 12

2 РЖТ-4 сұйық тыңайтқыш себелеуіш . . . 16

2. 1 Машиналардың конструкциясы, жұмыс органдары мен көмекші бөліктері . . . 16

2 Машинаның жөндеуді көп талап ететін жерлері, олардың пайда болу себептері . . . 19

3 Тұқымға жұмсалатын улы зат мөлшерін анықтау . . . 21

4 Сенімділіктің кешенді көрсеткіштері. Сапаны бағалау . . . 23

4. 1 Дайындық еселігі. Шұғыл дайындық еселігі . . . 23

4. 2 Техникалық пайдалану еселігі. Тиімділікті сақтау еселігі . . . 24

4. 3 Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы . . . 24

4. 4 Сапаны бағалау . . . 25

4. 5 Сенімділікті қамтамасыз ету . . . 26

5 Пайдалану материалдары және олардың қасиеттері . . . 29

5. 1 Жанылғыларды пайдалану және энергетикалық қасиеттері . . . 29

5. 2 Үйкеліс, тозу және жағар материалдар . . . 29

6 Машинада қолданылатын конструкциялық материалдар . . . 31

6. 1 Шойын және оларды топтастыру . . . 31

6. 2 Болат және оларды топтастыру . . . 31

6. 3 Мыс және оның қорытпалары . . . 32

6. 4 Алюминий және оның қорытпалары . . . 33

6. 5 Титан және оның қорытпалары . . . 34

7 Техника қауіпсіздік ережелері және өртке қарсы шаралар . . . 36

Қорытынды . . . 38

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 39

Нормативтік сілтемелер

Курстық жұмыста төмендегі құжаттардың нормативтік сілтемелері қолданылған:

ҚДБЖ жүйесі келесі принциптермен сипатталынады: негізгі жүйелер, негізгі тетіктің дәлдік өрісінің орналасуы, дәлдік шегі бірлігі, квалитеттер мен негізгі ауытқулар катары, мөлшер аралықтары және температуралық ереже (қалыпты өлшеу температурасы) .

ГОСТ 24055-88. Ауылшаруашылық техникасы. Технологиялық пайдалануды бағалау әдістері.

ГОСТ 12. 2. 002-91. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Ауылшаруашылық техникасы. Қауіпсіздікті бағалау әдістері.

ГОСТ 17. 2. 2. 01-84. Табиғатты қорғау. Атмосфера. Автомобиль дизелдері. Пайдаланған газдардың түтінденуі.

ГОСТ 23728-79…ГОСТ 23730-79. Ауылшаруашылық техникасы. Экономикалық бағалау әдістері .

Техникалық регламент.

Техникалық регламент iшiнде стандарт немесе ережелердiң мазмұны қосылған мiндеттi талаптарды белгiлейдi.

Техникалық регламентке жататын нормативтi-құқықтық актiлер және нормативтi кужаттар келесi мақсаттар үшiн кабылданады:

• азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, жеке заңды тұлғалар мен мемлекет мүлкiн қорғау;

• қоршаған ортаны қорғау;

• қауiпсiздiк техникасын сақтау;

• қолданушыларды шатастыру iс-әрекеттерiнiң алдын алу.

Конструкторлық құжаттардың бiрыңғай жуйесi (КҚБЖ) .

Бұл жүйеде барлық конструкторлық құжаттарды жасау және безендiру ережелерi қарастырылған. Жүйе мақсаты - қолданылатын құжаттар санын азайту, оларды жасау мен көбейту тәсілдерін жеделдету, оларды тіркеу мен сақтау ұтымды жүйесін енгізу. КҚБЖ 150 стандарттан көбірек кіреді. ҚКБЖ барлығына 2 саны меншікке берілген, одан кейін стандарттау реттік нөмері. Тоғыз топтың ішіндегі әрқайсысының стандарттарының мазмұны келесіде:

Жүйенің негізгі ережелері (бұйым түрлері, конструкторлық құжаттар кешені мен түрлерін зерттеп дайындау сатысы, сызбаға қойылатын талаптар, тексті құжаттар және т. б. ) МемСТ2. 101-68, . . . , МемСТ2. 114-70, МемСТ-13-85;

Конструкторлық құжаттарды белгілеу мен сұрыпталуы. МемСТ 2. 201-80;

Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. МемСТ2. 301-68 . . . 2. 317-69;

Әртүрлі типті тетіктердің сызбаларын жасау ережелері: тісті дөңгелектер, шлицалы қосылыстар, құбырлы өткізгіштер, онымен қатар электр құрастыру сызбалары және т. б. МемСТ2. 401-68 . . . 2. 418-77

Пайдалану және жөндеу құжаттары: МемСТ 2. 601-68 . . . 2. 605-68;

Бұйым құжаттарын тіркеу, есепке алу және сақтау. МемСТ 2. 501-68 . . . 2. 503-74;

Сұлбаларды орындау ережесі: электрлік, және пневматикалық; сұлбалардағы шартты графикалық белгілеулер. МемСТ2. 701-80 . . . 2. 787-71;

Құрылыс құжаттарын орындау ережесi;

Арнайы талаптар мен басқа стандарттар, экспортқа шығарылатын бұйымдарға арналған стандарттар және т. б.

КҚБЖ стандарттарын енгiзу, жобалау, конструкторлау, дайындау жұмыстарын жеңiлдетедi; сызбаны оқуды оңайлатады; жобалау мен техниқалык кужаттарды өңдеуде ЭЕМ колдануға мумкiндiк жасайды.

Технологиялық қужаттардың бiрыңғай жүйесi (ТҚБЖ) машинамен приборларды жасау мен жондеуге қолданылатын технологиялық құжаттардың барлық түрлерiн қамтиды. Технологиялық құжаттарды зерттеп дайындау, безендiру және қолдануды, озара байланысты ережелерi (шарттары) бекiтедi.

Анықтамалар

Курстық жұмыста кездесетін терминдерге сәйкесінше төмендегі анықтамалар пайдаланылады:

Сапа - белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы.

Сенімділік (техникада) - объектің берілген уақыт кезеңі ішінде талап етілген функцияларды орындауға қабілетілік қасиеті .

Шекті жағдай - объект қызметіне қарай пайдалануы мүмкін емес немесе тиімсіз.

Зақымдалу - жұмысқа қабілетті жағдайдың сақталып, түзу (ақаусыз) жағдайдың бұзылуы.

Шекті жағдай - объект қызметіне қарай пайдалануы мүмкін емес немесе тиімсіз.

Зақымдалу - жұмысқа қабілетті жағдайдың сақталып, түзу (ақаусыз) жағдайдың бұзылуы.

Түзу (ақаусыз) жағдай - объект барлақ нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай.

Ақаулы жағдай - объект нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттар талаптарының ең болмаса бірін қанағаттандыр-маса.

Жұмысқа қабілетті жағдай - берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, барлық параметрлердің мәндері нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай келеді.

Жұмысқа қабілетсіз жағдай - берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, ең болмаса бір параметрдің мәні нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай келмейді.

Параметрлер - кинематикалық және динамикалық сипаттамалар, өнімділік, жылдамдық, жүк көтергіштік, экономикалық, дәлдік және т. б. көрсеткіштер.

Сенімділік көз қарасы бойынша объект төмендегі жағдайлардың біреуінде болуы мүмкін: түзу (ақаусыз), ақаулы, жұмысқа қабілетті, жұмысқа қабілетсіз және шекті.

Тоқтау (отказ) - объектің жұмысқа қабілетті жағдайының бұзылуы.

Жөндеу - бұйымдардың жұмыс істеу қабілетін және түзулігін және бұйымдар мен олардың құрама бөліктерінің техникалық ресурсын жаңартуға арналған, операциялар кешені.

Техникалық ресурс (ресурс) - объекті пайдаланудың басынан немесе капиталды жөндеуден кейін қайта пайдаланудан бастап шекті жағдайға өткенге дейінгі оның қосынды жүктемесі.

Техникалық қызмет көрсету - машиналарды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде олардың жұмыс қабілетін ұстап тұруға арналған жұмыстар кешені. Техникалық қызмет көрсетуде жұмыстар диагностикалық және орындаушы түрлерге бөлінеді.

Технологиялық процесс - объектің жұмыс істеу қабілетін орнына келтіруге арналған өндірістік процестің бір бөлігі.

Технологиялық операция - бір жұмыс орнында орындалатын технолгиялық процестің аяқталған бөлігі .

Қысқартулар мен шартты белгілеулер

ҚДБЖ - Қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесі;

ИСО - Стандарттаудың халықаралық ұжымы ;

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы;

МемСТ - Мемлекетаралық стандарттау;

ЗИЛ-130- Өздігінен сырғитын автомобиль;

РОУ-6 -Дән дәрілегіш

РОУ-6-АМ - Дән дәрілегіш

РОУ-6-АМ - Дән дәрілегішпен

ПСШ-3- Шнекті тұқым дәрілегіш

РОУ-6-- Дән дәрілегіш

ОН-400- Бүріккіш

СҚБ-Сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы

АЭР-алғашқы энергетикалық ресурстар

ОС-октан саны

Кіріспе

«Ауыл шаруашылық машиналардың сенімділігі және сапасы» пәні ауыл шаруашылық инженер-механиктерін кәсіптік дайындауда, курстық жұмысты орындау маңызды кезең болып саналады. Осы жұмыста курстық жұмысты орындауға қойылатын жалпы талаптар, тапсырмалар, есептердің кейбір түрлері, түрлі көрсетпелер және басқа материалдар берілген.

Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, солғұрлым мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл ауқаты шапшаң көтеріледі. Астық шаруашылығындағы жауапты науқанның бірі тұқымдық астықты ПС-10А дән дәрілегішпен сапалы өңдеу. Сайып келгенде өнім тағыдырын осы шешеді.

Агротехникалық тәсілде өсімдіктерді өсірудің агротехникалық шараларын толық іске асыру керек, яғни топырақты уақытылы да сапалы өңдеу, тұқымның сол жер үшін ең тиімді сортын пайдалану, қатар аралықты өндеу, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, егістікте өсімдік қалдықтарын құрту, т. с. с. шараларды орындау қажет. Бұл тәсілдердің әрқайсысы үшін арнаулы машиналар шығарылмайды. Олар жалпы жұмысқа арналған машиналармен орындалады.

Химиялық тәсілде аурулар, зиянкестер пайда болған жерлерді және арамшөптерді химиялық улы заттармен өңдейді. Бұл қазір ең көп таралған тәсіл.

Химиялық улы заттарды сұйық күйінде және ұнтақ түрінде пайдаланады. Сондықтан оларды өсімдікке шашу үшін неше түрлі машиналар қолданылады. Негізінен оларды тозаңдатқыш, бүріккіш және комбинациялы машиналарға бөледі. Бұған қосымша аэрозольдық әдіс те қолданылады.

Улы заттар бір келкі жұқа қабат жасап өсімдікті жауып тұруы қажет. Олай болмаса, өсімдікті күйдіріп кетеді. Өсімдікті біркелкі жұқа қабатпен жабу үшін, оларды өте ұсақ тамшыларға немесе түйірлі тозаңға айналдыру керек.

Ауыл шаруашылығының негізгі мәселелерінің біріне жауапты еңбекті қажет ететін тұқымдық астықты дәрілеу процесі жатады.

Дән дәрілегішпен сапалы өңдеу, сондай-ақ ПС-10А дән дәрілегіштің құрылымы мен пайдаланылуы жан-жақты талданған. Әсіресе ПС-10А дән дәрілегішті реттеуге, оларды пайдалануды ұйымдастыруға, астық тұқымын дәрілеу процесі мен қауіпсіздік іс шаралары жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударылды.

Агротехнология мен машиналар кешенінің одан әрі жетілуі аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегіне байланысты.

1 Органикалық тыңайтқыштар себуте арналған машиналар

1. 1 Профилактикалық өңдеуші машиналар

1-РОУ-6 (1-сурет) жартылай тіркемелі себелеуіш органикалық тыңайтқьгшты топырақ бетіне себуге арналған. Егер себелеуіш құрылғыны алып тастап, кузовқа артқы жақтау салса, әр түрлі ауыл шаруашылығы жүгін таситын, өздігінен түсіретін тіркеме ретінде пайдалануға болады. Ол тіркеменің гидроілмегімен және тежеу жүйесінің жетегімен жабдықталған МТЗ тракторына агрегатталады.

Жартылай тіркемелі-себелеуіш рамадан (2), кузовтан (1), шынжырлы-планкалы конвейерден (7), себелеуіш құрылғыдан, жетек механизмінен, жүріс доңғалақтарынан, тежеу жүйесінен, тірек-аялдау құрылғысынан (3) және электр жабдықтарынан түрады.

Жұмыс органдары қозғалысқа трактордың қуат алу білігінен келтіріледі. Жұмыс кезінде кузовтағы (1) тыңайтқыш шынжырлы-планкалы конвейермен себелеуіш құрылғыға жеткізіледі. Себелеуіштің төменгі барабаны массаны ұнтақтап, жоғарғы барабанға (9) береді. Тыңайтқышты сол жоғарғы барабан себелейді. Себелеу ені 6 метрге дейін жетеді.

Агрегат рамасы пісіріліп жасалған, кузов жақтаулары металдан құрастырылған. Жеңіл жүк тасу үшін оған жалғама жақтаулар орнатылады. Кузовтың негізгі жақтауларын қосып есептегендегі көлемі - 3, 1 м, жалғама жақтауларымен - 5, 1 м .

Төрт шынжырлы конвейер параллель орналасқан екі тармақтан тұрады. Әрбір тармақтың жетектегі роликтері - еркін айналатын білік пен арнайы гайкалары бар қатайту болттарынан тұратын өздігінен қатаятын құрылғы. Пісірілген шынжырға тең ара қашықтықты сақтай отырып, штампталған металл планкалар бекітіледі.

Жұлдызшалары бар жетекші білік барлық шынжырға ортақ. Себелеуіш құрылғының тікбұрышты штампталған рамасы бар. Оның шарикті подшипнигінде екі барабан айналып тұрады. Төменгі ұсақтаушы барабан (8) кузовтың артыңда, ал жоғары ұсақтауыш барабан (9) кузовтың сыртында орналасқан. Бұлай орналасқан барабандар көңнің ұзын сабанды фракцияларын жақсы ұсақтап, жақсы себелейді.

Конвейер мен себелеуіш құрылғы қозғалысқа редуктор (6) арқылы трактордың қуат алу білігінен келтіріледі. Екі сатылы, конусты-цилиндрлі редуктордан бір білік шынжырлы беріліс арқылы әуелі төменгі барабанды, ал одан тағы да шынжырлы беріліс арқылы жоғарғы барабанды қозғалтады. Редуктордың екінші жеткізуші білігі конвейерді қозғалысқа келтіретін храповикті механизмді (5) іске қоса

1. 2 Органикалық енгізуге арналған машиналардың қызметі, жіктемесі және сипаттамасы

Храповикті механизм кривошип корпусынан (14), кривошип дискісінен (12), шатуннан (15), жақтаулардан. (17), храповикті доңғалақтан (18), сондай-ақ екі - жетекші (16) жөне сақтандырғыш (19) шаппадан түрады.

Егер дискі саусағы (12) конвейерді (20) қозғалысқа келтіру білігіне (11) эксцентрлі жағдайда қондырылса, онда шатун (15) жақтауларды (17) тербелмелі қозғалысқа түсіреді. Осындай әрбір жүрісте жақтаулардың аралығына қондырылып, серіппемен храповикті доңғалақтың тістеріне қысылған шап-палар (16) храповикті доңғалақты (18) бұрады.

а - жалпы көрінісі, б - қүрылысы; 1- қузов, 2- рама, 3- тіреуішті тоқтау құрылғысы, 4- жүріс доңғалағы, 5- храповикті механизм, 6- редуктор, 7- шынжырлы-планкалы конвейер, 8- төменгі барабан, 9- жоғарғы барабан, 10- қорғаныш торы, 11 - конвейер жетегінің білігі, 12- кривошип дискісі, 13- болт, 14- кривошип корпусы, 15- шатун, 16- жетекші шаппа, 17- жақтаулар, 18- храповик доңғалағы, 19- сақтандырғыш шаппа, 20- конвейер, 21- конвейердің жетекші білігі, 22- тірек подшипнигі.

Сурет 1. 1-ПТУ-4, 0 жартылай тіркемелі себелеуіш:

Кривошипке эксцентриситетпен бекітілген конвейердің жетекші білігі (21) де белгілі бір бүрышқа бүрылады. Рамаға пісірілген саусаққа отьфғызыльш, серігшемен қысылған шагша (19) жетекші біліктің кері қарай айналуына мүмкіндік бермейді. Редуктордың іске қосу білігі бір айналғандағы храповикті доңғалақтың бүрылу бүрышын кривошип корпусының қатынасы бойынша саусақты дискіні бүру жолымен өзгертуге болады. Кривошип корпусында цифрлі бөлік, ал дискіде сызат болады. Заводтық нүсқауларда және себел, іш кузовтың бүйіріңде тыңайтқыш себу нормасының теориялық кестесі бар. Онда дискі сызаты кривошип шкаласын-дағы бөліктермен біріктіру кезінде тыңайтқыш шығынының қанша болатыны және соған қарай трактордың қандай берілісте жұмыс істейтіні көрсетілген.

Жартылай тіркемелі себелеуіштің жүріс бөлігі цапфалы түтікше осьтен және пневматикалық екі доңғалақтан (4) тұрады. Доңғалақтар трактор кабинасына орнатылған рычагпен басқарылатын тежеуішпен жабдықталған. Себелеуіш трактормен агрегатталғанда басты тежеу цилиңдрі трактордың арнайы ұясына отырғызылады.

Жартылай тіркемелі себелеуіштің электрмен жабдықтау жүйесіне екі фонарь, тоқтау сигналы, үлкен шам, бұруды біддіретін екі көрсеткіш, бір ток өткізгіш сым және трактормен агрегатталғаңда трактордың артқы қабырғасыңдағы розеткаға созылатын штепсель айыры енеді.

Жартылай тіркемелі себелеуіштің жүк көтергіштігі - 4 т. Жұмыс жыддамдығы 10 км/сағ-қа дейін. Өнімділігі 100 т/сағ. Органикалық тыңайтқыш енгізу нормасы 10-60 т/га.

РОУ-5органикалық тыңайтқыш себелеуіш гидроілмекпен, электр жабдықтарын қосуға арналған розеткалармен, тежеу жүйесінің жетегімен және пневматикалық гидроөткізгішпен жабдықталған МТЗ-80 тракторымен агрегатталады. Істейтін жұмысы мен жалпы құрылысы жөнінен І-ПТУ-4 жартылай тіркемелі себелеуішпен үқсас. Жүк көтергіштігі -5 т. 12 м/сағ-қа дейінгі жылдамдықпен жұмыс істей береді.

Себелеу ені -6-8 м, себу нормасы 6-60 т/га. Бір сағат таза жұмыс істегеңцегі өнімділігі 100 т/сағ (40 т/га себу нормасы кезінде) .

1- кузов, 2- тиеу жақтауы, 3- тиеу жақтауының гидроцилиндрі, 4- кузовты көтеру және түсіру гидроцилиндрі, 5, 3- жүріс доңғалақтары, 6- шынжырлы-планкалы конвейер, 7- себелеуіш барабан.

Сурет 2. РПН-4 органикалық тыңайтқыш себелеуіш:

Себелеуіштің жүріс бөлігі бөлек-бөлек теңгергіш аспалы екі доңғалақтар жұбынан тұрады.

Төмен рамалы РПН-4 органикалық тыңайтқыш себелеуіш (65-сурет) органикалық және қордалы тыңайтқышты топырақ бетіне себуге арналған. Ол 1, 4 кН класты тракторымен, ал ылғал топырақта -30 кН класты тракторлармен агрегатталады. Сыйымдылығы - 6 м 3 , тиейтін жақтауы (2) бар кузовтан (1), шынжырлы-планкалы конвейерден (6), себе-леу барабанынан (7), екі осьті жүріс бөлігінен, кузовты көтеру және жүк тиелетін жақтауды басқару гидрожүйесінен, жұмыс оргаңдарды іске қосу механизмінен тұрады.

Егістікте себелеуіш автосамосвалмен (өздігінен түсіретін автомашиналармен) тиеледі. Тиеу кезінде кузов гидроцилиндрлермен төмен түсіріледі, сонымен бірге гидроцилиндрдің (3) көмегімен тиейтін жақтауды (2) ашып, жерге түсіруге болады.

Автосамосвал себелеуіштің рамасына пісірілген доңғалақтарға тірелгенше шегініп келіп тоқтайды да, себелеуіштің кузовына жүгін түсіріп, келесі тиелетін жүкке жүріп кетеді. Автомобиль себелеуіштен үзаған бойда себелеуішті жүргізуші тракторшы трактордың гидрожүйесін іске қосып, жүк түсіру жақтауы мен кузовты көтереді.

1- жал салқыш, 2- жапқыш, 3- түрткіш, 4- тіреуіш каток, 5- жал салғышты көтеру гидрожетегі, 6- роторлы себелеуіш, 7- түрткіштің гидрожетегі.

Трактордың қуат алу білігін жұмыс істеу жылдамдығын іске қосып, тыңайтқышты себе бастайды. Алымының ені-10 м. 1 сағат таза жұмыс істеген кездегі өнімділігі (9 км/сағ жылдамдықпен жүргенде) - 220 т. Тыңайтқыш себу нормасы конвейердің жылжу жылдамдығымен реттеледі

Сурет 3. РУН-15А тыңайтқышты себелеуіш-жал салқыш:

Роторлы типті РУН-15А (66-сурет) органикалық тыңайтқыш себелеуіш, жал салғыш үйілген топырақтан жал жасап, органикалык, тыңайтқыш пен органикалық-минералды қоспалар себуге арналған. ДТ-75 тракторымен агрегатталады. Себу ені -20 м. 1 сағат таза жұмыс үстіндегі өнімділігі 5 га. Ол жал салғыштан (1), түрткіштен (3), роторлы себелеуіштен (6), жал салғышты көтеру гидрожетегінен (5), түрткіш гидрожетегінен (7) түрады.

Жал салғыш - жүру бағытына бүрыш жасай қойылған екі металл қалқан. Ол трактордың алдына бульдозер тәрізді асылады. Жұмыс қалпында жал салғыш екі катокқа (4) тая-нады. Жал салғыш қалқандарының аралығыңдағы қуыс ар-тқы жағынан жапқыштармен (2) реттеледі. Жал салғыш алымының ені -2, 9 м. Түрткіштің бір үшы тікелей түрткіш қызметін атқаратын, ал екінші үшы гидроцилиндрге золотникті жетекпен қосылған қос иінді рычагтан тұрады. Түрткіш тербелмелі түрде қозғала отырып, ірі кесектерді уатады, сөйтіп түтас жал салуға мүмкіндік береді. Себелеуіш құрылғыға екі ротор, аспалы корггус, екі тіреуіш каток қозғалыс берілісі енеді. Ротор дегеніміз иілгіш төрт қалақша қосылған дискі. Роторлар қозғалысқа трактордың қуат алу білігінен кардан-дық беріліс, бір сатылы редуктор мен екі шынжыр арқылы келтіріледі. Олар-дың айналу жиілігі -267 айн/мин. Себелеуіштің жұмыс жылдамдығы - 2 м/с.

Себелеуіш-жал салғыш дүрыс жұмыс істеу үшін топы-рақ үйінділері қатарларының ара қашықтығы 15-20 м болуы қажет. Қатарлардағы үйінділердің ара қашықтығы үйінділердің мөлшеріне және тыңайтқыш себу нормасына байланысты 30-50 м болады.

2 РЖТ-4 сұйық тыңайтқыш себелеуіш

2. 1 Машиналардың конструкциясы, жұмыс органдары мен көмекші бөліктері

РЖТ-4 (67-сурет) сұйық тыңайтқыш себелеуіш сұйық тыңайтқышты өздігінен құюға, тасымалдауға, араластыруға және топырақ бетіне түтас бөлуге, сондай-ақ техникалық су тасуға, машина жууға және ауылдық жерлерде өрт сөндіруге арналған. Ол МТЗ-80, МТЗ-82 тракторына агрегатталады. Жұмыс органдары қозғалысқа трактордың қуат алу білігі мен гидрожүйесінен келтіріледі. Жүк көтергіштігі -4 т, қүю ені - 8-10 м, енгізу нормасы-10-40 га.

1 сағатта жұмыс істегендегі өнімділігі -25 т. Себелеуіш - жартылай тіркемелі цистерна. Оның үстіңгі болігінде люк бар. Цистернаға сұйық сол люктен құйылады. Цистернаға сұйық құю іс жүзінде оның алдыңғы жағына - рамаға қатайтылған ротация типті вакуум-насоспен цистернада сирету туғызу жолымен асырылады. Жинау ыдысынан сұйық цистернаға (оның артқы жағына ысырмалы келте түтікке бекітілген) иілгіш құю буын қабымен құйылады. Цистернаға сұйықты терендігі нөлдік деңгейден 2, 5 метрден аспайтын ыдыстан құюға болады. Сұйық вакуум насосқа кетіп қалмауы үшін цистернаның аузына екі алюминий шары бар келте түтік түріңде жасалған сақтандырғыш құрылғы орналастырылады.

Цистернада шарикті сақтандырғыш клапан орнатылған. Ол цистернадағы сиретуді 0, 06 МПа-дан асырмайды. Толтыру мерзімі 5-8 минут. Сұйықты шашу кезіңде қысым ауыстырғыш-қосқыш құрылғы пайдаланылады.

Сурет 4. РЖГ-4 органикалық сұйық тыңайтқышты себелеуіш

Ол ортадан тепкіш насостан және ауыстырғыш-қосқыш құрылғыдан тұрады. Цистернаның төменгі бөлігіне орналасқан насос себілетін сұйықты цистернадан себілуге тиісті сұйықтың бағытьш өзгертуге арналған ауыстырғыш-қосқышқа жеткізіп тұрады. Насос жеткізген сұйық екі жапқыш арқылы цистернаның ішіне немесе бөлу келте түтігіне орналастырылған араластырғыш келте түтігіне бағытталады. Егер бір жапқыш ашылса, екіншісі трактордың гидрожүйесіне қосылған гидроцилиндрдің көмегімен жабылады. Бөлу келте түтігіне ауыстыру пластинасының бірі, насос жеткізген сұйықтық бөліну енін үлғайтуға арналған шағылыстырғыш қалқаншасына бекітілген. Тыңайтқыштың топырақ бетіне бөліну енін азайту үшін қалқаншаны топырақ қабатына 17° бұрыш жасай отырып қондыру керек.

Гектарына 10 тоннадан 40 тоннаға дейін тыңайтқыш енгізу ауыстыру пластинасын, қүю енін, шағылыстырғыш қалқаншасының еңістік бүрышын ауыстыру және агрегаттыңжұмыс істеу жылдамдығын 8, 5-11, 5 км/сағ шамасында өзгерту жолымен реттеледі. Себелеуіш диаметрі 70, 80 және 100 мм ауыстыру пластиналарымен комплектіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік мектептің оқу өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Топырақ өңдеу технологиясы
Топырақтың гранулометриялық құрамының топырақ қасиеттеріне, құнарлығына және жер өңдеуге әсері
Топырақты тығыздауға арналған құрылыс машиналары
Интерактивті оқыту технологиясының артықшылықтары
М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу – өндірістік сипаттамасы
Ақпараттық оқыту технологиялары
Машина жасау өнеркәсібі
Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz