Бақша дақылдарын ашық танапта өсіріп өңдіруде қолданылатын машиналар


Аннотация
«Бақша дақылдарын ашық танапта өсіріп өңдіруде қолданылатын машиналар» тақырыбы бойынша АП-11-1к3 тобының студенті А. Рәптің жұмысында бақша дақылдарының өсіру технологиясында қолданатын техника түрлері қарастырылған. Қауын, қарбыз, асқабақ дақылдарын тұқымдыеккеннен бастап, өсіріп жетілу кезеңіндегі күтіп-баптау, өсірілген өнімді жинап алу үшін қажет техника түрлерін дұрыс ұйымдастыру мәлімделген. Бақша дақылдарын ашық танапта өсіріп өңдіруде қолданылатын машиналар түрлері қарастырылған.
Курстық жұмыста бет, кесте, сурет бар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20.
Түйін сөздер: Қауын. Қарбыз, Асқабақ. Техника. Машина
Мазмұны
1. 1
1. 2
1. 3
2. 1
2. 2
2. 3
Негізгі бөлім . . .
Бақша дақылдарының өсіру технологиясы . . .
Бақша дақылдарын күту . . .
Бақша өсірілетін аймақтардың климаттық жағдайы . . .
Технологиялық бөлім . . .
Бақша шаруашылығында қолданылатын машиналар . . .
Ашық танапта дақылдарды өсіріп өндіруде қолданылатын машиналар . . .
Ашық танаптағы бақша дақылдарының агротехникалық жоспарын құру
Нормативтік сілтемелер
1. Мемлекетаралық стандарт МЕСТ 7. 32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп;
2. Мемлекеттік стандарт МЕСТ 7. 1-2003. Рәсімдеу құрамлымы және ережелері. Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық талдау. Құжат дайындаудың жалпы талаптары және ережелері;
3. Мемлекеттік ресми стандарт 16265-70-1978 " Ауыл шаруашылығы саласындағы терминдер және анықтамалар".
Анықтамалар
Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.
Аңызақ - далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.
Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Егістіктің ылғалмен қамтылуы - танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.
Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.
Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан өсімдік көгі.
Сүрі жер - ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту - топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.
Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері
Белгі - өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.
Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.
Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.
Технология - нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.
Белгілеулер мен қысқартулар
га гектар
кг/га 1 гектардағы келі
м 3 /га 1 гектарда текше метр
мг/кг 1 келідегі миллиграмм
м метр
м 2 шаршы метр
мм миллиметр
ҒЗИ ғылыми-зерттеу институты
ФАО Ғооd and Agriculture Organization of the United Nations (ООН-дағы өндірістік ауылшаруашылық ұйымы)
а/ш ауыл шаруашылығы
см сантиметр
т тонна
мың. га мың гектар
ц/га 1 гектардағы центнер
°С ауа температурасы
N азот
Р фосфор
К калий
Са кальций
% пайыз
г грамм
л литр
Кіріспе
Бақша дақылдарынан жоғары өнім алуда негізгі әсер ететін жағдай - техниканы дұрыс таңдап жэне қажетті мерзімде топырақ өңдеу жұмысын жүргізу. Топырақ өңдеудің негізгі мақсаты - өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау. Өңделетін топырақ кабатының қүрылысын дұрыстайды, арам-шөптерді зиянкес пен аурулардың қоздырғыштарын өлтіреді, өсімдік қалдықтарын тыңайтқыштарды енгізе отырыл, егілген тұқымға қолайлы жағдай туғызады, тамыр жүйесі дұрыс өсіп, дамып, толық жэне біріңғай өскін береді. Топырақ өңдеу негізгі, түқым себер алдында жэне қатар аралық өңдеу жұмыстарынан тұрады. Осы агротехнологиялық іс-шараларды орындау үшін өңдеу жүмыстарына техникалар түрлерін дұрыс пайдалану білу керек.
Бақша дақылдарына қарбыз, қауын жэне асқабақ жатады. Оларды жоғары дэмділік сапасымен ерекшеленетін нәрлі жемістерін алу үшін өсіреді. ТМД елдерінде өндірістік бақша шаруашылығы 19-ғасырдың ортасында пайда болуына байланысты, бақша дақылдары Ресейде, Украинада жэне Орталық Азияда өсіріле бастады. Қарбыз Ресейдің Астрахань губерниясы арқылы Батыс Қазақстанға тарады. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінде бақша дақылдары 1 млн гектарға жуық жерлерде өсіріледі.
Бақша дақылдарын отырғызу үшін күнмен жақсы жылынатын жерлерді таңдайды, оларға ең қолайлысы жеңіл құмды жэне құмайт жерлер. Топырақтың оңтайлы қышқылдығы 6, 5-7, 0 шамасынды. Қарбыз, қауын ауалық құрылысы мен топырақ құрамы жетерлІктей жақсы тың жэне тыңайған жерлерде жақсы нэтиже береді. Жемістер ескі егістік жерлерге қарағанда 10-15 тэулікке ерте піседі.
Топырақты дайындау іс - шараларынан, жердегі топырақты сыдыра жыртудан бастайды. Фосфор және калий жемістердің пісуіне жэне олардың сапасына әсер ететінін атап өту керек. 27-30 см-ге терең жырту тамырдың дамуына жақсы жағдай туғызады. Көктемде егіске шығудың бірінші мүмкіндігінде жерді брондау, топырақты 10-12 см-ге қобысыту жүргізіледі, екінші рет қобысытуды егіс алдында жүргізеді. Азоттық тыңайтқыштарды көктемде, көшетті отырғызар алдында, эрекеттегі заттың 40-70 кг/га қалыбында енгізген жақсырақ. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін оларға сэйкес топырақтағы қоректік элементінің болуына қарай үйлестіріледі. Әсіресе бүл азотқа байланысты, оның көптігінен жемістің сақталғыштығы мен дэмдік сапасы бүлінеді.
Жұмысымның мақсаты бақша дақылдарын ашық танапта өсіріп өндіруде қолданылатын жалпы машиналарды меңгеру.
Жұмыстың міндеттері
- Бақша шаруашылығында қолданылатын машиналар
- Ашық танапта дақылдарды өсіріп өндіруде қолданылатын машиналар
- Ашық танаптағы бақша дақылдарының агротехникалық жоспарын құру
1 Негізгі бөлім
1. 1
Бақша дақылдарының өсіру технологиясы
Бақша өсімдіктері - бағалы азықтық жэне диеталық өнім, оларға қарбыз, қауын және асқабақ жатады.
Қарбыз - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қарбыз жемісі құрамында көмірсутегі көп мөлшерде болады, басымырағы - қант (8-14%) . Бұдан басқа жемісте 1, 5 %-ға дейін ұлпа өзектері мен гемицеллюлозалар, А, В, С, РР дәрумендері болады. Қарбыз жемісін негізінен жаңа піскен күйінде және көп жағдайда қарбыз балын, повидло, кондитерлік өнімдер, цукаттар, кэмпиттер және т. б. дайындау үшін, сондай-ақ түздау үшін қолданады. Қүрамында 50 %-ға дейін май болатын дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май дайьшдайды,
Қауын - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Қауынды да жаңа піскен күйінде жеңсік ас ретінде қолданады. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукатгар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді жэне қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дэндерінен жогары сапалы тагамдық май өндіреді. Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие. Оның қүрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады. Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады жэне жүрек-қантамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану үсынылады. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек қүрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады.
Асқабақ - бір жэне көпжылдық шырмауық түқымдастардың асқабақтар отбасына жатады. Олардың 20-ға жуық түрі бар, соның ішінде 3-еуі бақша өсімдіктеріне жатады: іріжемісті асқабақ, тығызқабықты асқабақ (қарапайым асқабақ) жэне бұлардың бір түріне кэді мен патиссондар жататын жұпар иісті асқабақ болып табылады. Асқабақ сабағының ұзьшдығы 5 метрге дейін жетеді, жапырақтары - ірі, жалпақтау болып келеді, гүлдері - сарғылт-қызыл түсті, бөлек жынысты болып келеді. Асқабақ жемісі өзінің тіл үйірер дэмімен, құрамында көмірсутегінің көп болуымен жэне емдік-диеталық қасиеттерімен бағаланады. Оның қүрамында ақуыздар, каротин, С, В1, В2 ? РР дәрумендері, пектиндер өте көп. Пайдалы қасиеттері мен дәмін жоғалтпай, бір жылға дейін сақталады.
Өсіру технологиясы. Қарбызға арналған жер суық желден қорғалған болуы керек. Өсімдік органикалық заттарға бай қүмды және қүмайт топырақты жерлерде жақсы өседі. Жерді егін егуден 7-10 күн бүрын дайындайды. Егілетін аймақ 10 гектардан кем болмауы керек.
Қарбыз бен қауын өсіруге арналған жерлерді асқабақтық өсімдіктерді өсіруге арналған жер секілді дайындайды. Жоғары көлемде өнім жинаудың міндетті шарттарының бірі - жерді терең жырту (немесе қазу) . Жерді тереңірек
өңдеу өсімдіктің жақсы өсуі мен олардың жемісті мол салуына мүмкшдік береді.
Қарбыз бен қауынды Қазақстанның оңтүстік аймағының қолайлы климаттық жағдайында өсіреді. Түқым отырғызуды 8-10 см тереңдіктегі топырақ 15 - 17° С-ге дейін қызған кезде сэуір айының соңына қарай бастайды (кеш түсуі мүмкін көктемгі үсік есепке алынады) . Жекелеген кішігірім, желден жақсы қорғалған, күн түсетін учаскелерде жэне аулаларда түқым отырғызуды 5 - 6 күн ерте бастауға болады.
Ашық учаскелерде тұқым егуді кулиспен отырғызған дүрыс. Қарбыз бен қауынды бұлай отырғызу барлық аймақтарда мол өнім алуға мүмкіндік береді. Кулистік өсімдіктердің жұптасқан қатарын (жүгері, қонақ жүгері) эрбір 10-15 мсайын басым болатын желдің бағытына көлденең отырғызады.
Қарбыз бен қауын өсіру үшін 2-3 жыл сақталған түқымды пайдаланған дұрыс. Былтырғы егіннен қалған үрықты 2 сағат бойы 40 - 50° С. қыздырып барып отырғызады. Егінді кеш еккен кезде оны көктетіп барып отырғызған жөн. Үрықты термикалық өңдеуден өткізеді. Ол үшін ұрықтарды ыстық суға (60-65°С) 3-4 минутқа салады, одан кейін 3-4 күн бойы 25°С температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында үстайды. Қарбызды дэннің үрығы пленкалы қабығынан оңай бөлінетін болғанда, ал тұқым жарнағы оны жеңіл үйкеген кезде түсіп қалатындай болған кезде отырғыза бастайды.
Тұқым отырғызуды ұялық тэсілмен, бір ұяшыққа 5-6 үрықтан сала отырып егеді. Үяшықты сортына қарай қарбыз үшін 2 хО, 3 м. қауын үшін 1, 5 хО, 3 м. болатындай етіп отырғызады. Егу нормасы тиісінше гектарына 4-5 жэне 3-4 кг. Тұқым жерді жарып шыққаннан кейін эр ұяда тек бір ғана мықты эрі жақсы дамыған өсІмдікті қалдырады.
Нағыз егіндік жапырақтары шыққаннан кейін көшеттер көтеріледІ. Қатараралық өңдеуді кетпенмен немесе көпсіткішпен іске асырады. Өсімдікті көпсіте отырып, оны көпсіген ылғал топырақпен жабады.
Кеберсіген топырақты 2-3 рет суғарады. Алғашқы суғаруды тұқымның өсуі алдында не тұқым шыға салысымен жүзеге асырады, екіншісін -сабақтары шыққан кезде, үшіншісін - жеміс пісуінің алдында. Суғару жыртылған жер жанында өсіп жатқан өсімдіктер бойынша жасалады, алайда судың көп мөлшерде болмауын қадағалау керек.
Қарбыз бен қауынды ыстық күндері піскендерін іріктеп жинайды. Дақылдарды жинауды ауа-райы суымай тздэғанға дейін аяқтайды.
Қарбыздар мен қауындарды қолайлы жағдай жасай отырып, қоймаларда, қораларда, гараждарда сақтауға болады.
Асқабаққа тоқталатын болсақ, ол кез-келген қүнарлы заттары жеткілікті топырақта өсе береді. Учаскенің көлеңкелі не жарық түскіш болғанына мэн берілмейді. Олар барлық жерде бірдей өседі.
Асқабақтарды сэуір айының ортасында отырғызады. Тұқымды 10 см тереңдіктегі қуысқа 3-5 данадан салады. Әр қуысқа суперфосфат тыңайтқышын топырақпен араластырып 7-9 грамнан салады. Алғашқы жапырақтар шыққан кезде, эр қуыста бір-бір өсімдіктен қалдырып, сирету жасайды. Ал дақылды жинауға дейінгі қалған уақытта отау мен топырақты қопсытумен айналысады.
Жеміс піскен кезде жинауды бастайды. Ауа-райы суымай тұрғанда, асқабақтарды жинап алу шарт, өйткені аз да болса үсіген асқабақтар сақтауға жарамсыз болып қалады.
1. 2 Бақша дақылдарын күту
Алғашқы қобысытуды көшетті ауыстырып отырғызған соң бір аптадан кейін, немесе алғашқы көгеруден соң жүргізеді. Вегетациялық мерзім бойына жердің 2-3 қопсылуын жүргізеді. 8-10 см тереңдікке өсіреді.
Топырақ қүрамындағы ылғалға қатысты қиын уақыт болып гүлденуден жаппай жемісқұруға дейінгі уақыт саналады. Алғашқы рет өсімдікті 5-7 жапырақ қүрған соң суарады, екінші рет - гүлдеуін бастағанда, үшінші рет, қажет болса төртінші рет - жемістің құрылуы кезінде. Суару мөлшері 250-300 м 3 /га. Суаруды, ол жемістің сапасын бұзатындықтан, өнімді жинар алдында тоқтатады.
Егер жер күзден жетерліктей қоректік заттармен құнарланбаса, онда жемістердің жаппай құрылуы кезінде қосымша қоректендіруді жүргізеді. Бүл үшін 300 кг/га натриялық селитра(3 кг 100 м 2 -ке) жәнеЮО кг/га (Ікг 100 м 2 ке) калий сульфатын пайдаланады. Қоректендіруді суарумен бірге жүргізеді. Бірінші фолифлек-стартпен 1 л/га-ға жапырақтық қоректендіру жасайды. Бірінші байлам пайда болған кезде фолифлекпен - 2 л/га-ға өңдейді.
Қарбыздарды тамшылық суармалауда өсіруде суару мен қоректі енгізуде айырмашылығы бар. Суару күніне екі рет жүргізіледі (1 сағат таңертең жэнеі сағат қоректендірумен қатар кешке) . Ерігіш қорек пайдаланылады (терафлекс, монокалийфосфат, калимагнезий) . Қоректендіру мөлшері топырақта қоректік элементтердің болуына байланысты.
Пісу көрсеткіштери Ал дақылды жинауға дейінгі қалған уақытта отау мен топырақты қопсытумен айналысады. Жеміс піскен кезде жинауды бастайды. Ауа-райы суымай түрғанда, асқабақтарды жинап алу шарт, өйткені аз да болса үсіген асқабақтар сақтауға жарамсыз болып қалады.
Жинау кезінде пісу көрсеткіштерін анықтау өте маңызды:
- піскен қарбыз өзіндік жылтырлығын, түсі мен суретінің анықтығыналады;
- қабығының жерде жатқан бөлігінде сары дақ пайда болады;
- жемістің жанындағы жеміссабақ пен қылқан кеуіп қалады;
піскен қарбызды соққанда қатаң дыбыс шығады, ал басқанда (жасауға ұсынылмайды) балдырының жарылуы естіледі.
1. 3 Бақша өсірілетін аймақтардың климаттық жағдайы
Мырзашөл өңірінің климаттық жағдайы құбылмалы шөлейтті аймаққа жатады. Мырзашөл өңірінің климаты тәуліктік және жылдык айналымдағы ауаның үлкеи ауытқуларында жылу қорларының молдығымен сипатталады. Жауын-шашынның мол түсуі қыс-көктем мезгіліне тура келеді.
Ауаның орташа жылдық температурасы солтүстік-батыс аймақтарда +12, 5°С-тан оңтүстігінде +15°С-қа дейін көтеріледі. Жылы мерзімнің ұзақтығы солтүстікте 170-190 күн, оңтүстікте 230-250 күнге дейін созылады. Аудандар бойынша жылы мерзімдегі оң температуралардың қосындысы төмендегіше: солтүстікте және солтүстік-батыста - 4000-4100°С, орталықта -4300-4400°С жэне оңтүстікте - 4600-5000 °С-ты құрайды.
Бакша дақылдары оның, ішінде кауын мен қарбыздың өсіп-дамуы үшін жоғарыда аталған температура мөлшерлері толығымен жеткілікті саналады.
Температуралардың жалпы саны артқан сайын өсімдіктің суға деген сұранысы артады және бұл жағдайды суғарғанда есепке алу қажет. Жауын-шашын көлемінің жылдық молшері 210 мм-ден 400 мм-ге дейінгі аралықты күрайды.
Топырақтағы тұздардың жэне ылғалдың орын ауыстыру процесіне ауаның ылғалдылығы әсер етеді. Оңтүстік аудандар үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы бір жылда орташа 51-56%-ды құрайды. Солтүстік-шығысқа қарай орын ауыстыру мөлшеріне карай ол 61-64%-ға артады.
Жылдық булану солтүстік-шығыс жэне орталық аудандарда 1120-1280 мм болса, оңтүстік аудандарда. 1590-1690 мм-ге дейін жетеді.
Өсіп-даму мерзімінде ол 910-1330 мм, яғни жылдық мөл-шердің 79-82%-ын кұрайды.
Жылы мерзімнің ұзақтығы орташа 194 күнді құрайды (15 сәуірден 25 қазанға дейін) .
Көпжылдық көктемгі суық түсудің орташа мерзімі сәуірдің екінші онкүндігіне және күзгі суық түсу қазанның үшінші онкүндігіне тура келеді.
Жауын-шашын мөлшерінің орташа көпжылдық косьндысы 262 мм-ге тең болып келеді. Ол жыл маусымдарында әртүрлі түсуімен сипатталады.
Жауын-шашынның жалпы жылдық мөлшерінен жаз мезгілінде 3, 8%, күзде - 17, 6%, қыста - 37, 2%, көктемде -4] , 4%-ы түседі. Атмосфералык жауын-шашынның басым бөлігі жаңбыр түрінде түседі. Жауын-шашынның басым бөлігі негізінен көктем-қыс айларында түседі. Ол жылдық жауын-шашының мөлшерінің 73-85%-ын құрайды. Кейбір жылы жазда мүлдем жауын-шашын болмайды.
Қысы қысқа, ұзаққа созылмайтын болып және салыс-тырмалы түрде суық болып келеді. «Мақтарал» метеостанция-сының мәліметі бойынша қаңтар айының орташа ауа температурасы минус 3, 4°С-қа тең болады. Қардың қалыңдығы Ю-35 см болып, ұзақ жатпайтындығымен сипатталады. Қар жатқан күндердің саны жылына 43 күнге жетеді. Орташа тәуліктік ауа температурасы 0°С-тан төмен болған мерзімдер 45-65 күнді құрайды.
Топырақтың тоңазуының жоғарғы терендігі 20-60 см-ге, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 81%-ға тең, болады.
Көктемі температураның қарқынды көтерілуімен және жауын-шашынның көп түсуімен сипатталады, әдетте жылы болады, ұзаққа созылмайды және салыстырмалы түрде ылғалды болып келеді.
Тұрақты нөлден жоғары орташа тәуліктІк температура ақпан айының ортасына келіп қалыптасады. Бірақ ауытқулар 15-25 күнді құрайды. Кейбір жылдары көктемнің келуі наурыз айының аяғына тура келеді немесе сәуірдің аяғына дейін де созылуы мүмкін. Көктемгі мерзімнің орташа ауа температурасы +] 4°С-қа тең немесе +12°С-тан +20°С аралығында болады. Сәуір айында ауаның орташа температурасы +15, 1°С-қа тең. Көктемде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%-ды құрап, көктемнің аяғына келіп 50%-ға төмендейді.
Жазы кұрғақ және орташа тәуліктік тұрақты ауа қызуы +25, 1°С болады. Ең жоғарғы ауа қызуы +45°С-қа дейін жетуі мүмкін. Атмосфералық жауын-шашындар дерлік болмайды. Шілде айының орташа ауа кызуы +26°С-ка тең болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 46-47%-ға дейін, кейбір жылдары 26%-ға дейін де төмендеп кетеді. Бүл мерзімде солтүстік және солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым келеді. Шаруашы-лықтың аумағында орташа жылдамдығы 1, 9 м/сек. болған солтүстік-батыс бағыттағы жел басым болады.
Күзі жылы, орташа ауа қызуы + 11, 7°С-қа тең болады. Қыркүйек айында температура төмендейді. Мақта қозасының өсіп-дамуын тоқтататын алғашқы күзгі суықт үсуі қазан айының басы мен ортасына тура келеді. Күзде 117-114 мм мөлшерде атмосфералық жауын-шашын түседі. Орташа айлық ауа температурасы +18, 5"С болып, қараша айында ол +4, 6-5, 1°С-қа күрт төмендейді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 56%-дан (кыркүйек) 74%-га (қараша) көтеріледі.
Келтірілген мәліметтер мақта қозасын және баска да ауылшаруашылық дакылдарын өсіріп баптауға қолайлы жағдай-лардың бар екендігін айқындайды.
Түсетін атмосфералық жауын-шашындарды жыл маусымдарына бөлгенде мыналарды айтуға болады.
Қысқы-көктемгі мерзім топырақтың жыртылатын қабатындағы өсімдікке зиянды тұздарды шайып кетеді, бүл өз кезегінде топырақта ылғал қорын түзеді, ал тұщы немесе аз минералды жер асты сулары жақын жайласқан жерлерде ол күзгі- қысқы сор шаюдан пайда болған жоғарғы тұщы қабатының ұлғаюына жағдай жасайды.
Кейбір жылдары жауын-шашынның басым бөлігі сәуір-мамыр айларына ауысып кетеді де, бұл өз кезегінде уақтылы топырақты өндеуді және қауын егуді қиындатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz