Бидай дақылы


Ф. 7. 14-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Агротехнология» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған:
(Студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекші:
(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
(бағасы)
бағасына қорғалды
«»20__ ж
Комиссия:
(қолы, аты-жөні)
(қолы, аты-жөні)
Норма бақылау:
(қолы, аты-жөні)
Шымкент 20__ж.
Ф. 7. 14-03
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Агротехнология» кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі
(қолы)
«» 20__ ж.
№ ТАПСЫРМАСЫ
пәні бойынша курстық жұмыс:
Студент топ
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы:
Берілген мәліметтер
Түсіндірме жазбасының мазмұны
(курстық жұмыс)
Көлемі
(парақ саны)
Әдебиет:
1
2
3
Тапсырманың берілген күні
Жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(оқытушының аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(студенттің аты-жөні, қолы)
Ф. 7. 14-04
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Агроөнеркәсіп факультеті
«Агротехнология» кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі
(қолы)
«» 20__ ж.
Курстық жоба (жұмыс) қорғау
ХАТТАМАСЫ №
пәні
студент тобы
Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жобаны (жұмыс) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл
Сомалық баллы .
Жобаның (жұмыстың) бағасы
Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі:
Комиссия мүшелері:
Комиссия мүшелері:
Қорғау күні «» 20__ж.
Аннотация
«Дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу» пәнінен «Бидай сортының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы» тақырыбында жазылған курстық жұмыс 27-беттен тұрады. Оның ішінде бидай дақылдарының түрлері мен сорттары және шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны және өнімдерін өндіру технологиясы қарастырылды.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
ҚР СТ 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 102-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплекстері.
МЖМБС 2. 104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 201-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеулер.
МЖМБС 2. 601-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойлатын жалпы талаптар.
МЖМБС 7. 1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4. 02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7. 11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4. 03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7. 14-2008 «Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс»
Анықтама терминдер
Гербицид - латынның «герба»көп және «цидо» өлтіремін деген сөз.
Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.
Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.
Ген- тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі.
Мутагенез- фихикалық және химиялық факторлармен әсер ету арқылы мутациялардың пайда болу процесі.
Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми- зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.
Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің жиынтығы.
Сұрыптау- тіршілік үшін күресте көбірек бейімделген организмдердің ұрпақтар бойы сақталуына тірелетін эволюцияның үш негізгі факторлардың біреуі.
Белгілеулер мен қысқартулар
ц/га - центнер гектар
т/га-тонна гектар
Фотосинтез - СО 2 есебіне топталған өнім.
Қосымша өнім - жалпы өнімнен аралығы.
Алқапты тәжірибе - далалық тәжірибе.
г/л-грамм литр
дана/м 3 - дана метр куб
Рн - қышқылдық көрсеткіш
ГДР - Германия Демократиялық Республикасы
ФДР- Франция Демократиялық Республикасы
АҚШ- Америка Құрама штаттары
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Өсімдік шаруашылығы- ауылшаруашылығының негізгі саласы. Ол астық, мал азығы және басқа ауылшаруашылық өнімдерінің түрлерімен қажетті мөлшерде қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл саланы тиімді жүргізу үшін ауыл шаруашылық өндірісінің технологы ретінде агрономнан шаруашылық меншігінің түрлеріне, фермер екендігіне қарамай екпе дақылдар өсімдіктерінің морфологиясы, жүйеленуі, биологиясы мен агротехникасынан берік білімдері болуы талап етіледі, осының негізінде сауатты түрде аймақтық топырақ- климат жағдайлары мен қалыптасқан нақты өтпелі маусымның ерекшеліктерін ескере отырып дақылдардың өсіру технологиясын жасап және оны іске асыра білгені жөн. Ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң iшiнде бидай аса маңызды дәндi дақыл ретiнде бiрiншi орында тұрады. Оны 40- тан астам елде себедi. Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты мiндет, тез арада астық өнiмдерiн молайту болып табылады. Бидай өнiмдерi республикада өндiрiлетiн астықтың жартысынан көбiн құрайды. Себебi бидайдан сапалы нан пiсiрiледi, макарондар, жармалар, т. б. алынады. Соған байланысты бидайдың құнды сорттарын өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға көп көңiл бөлiнiп отыр. Сонымен бiрге, дәндi бастыру, қамбада сақтау кездерiнде, ысырапқа жол бермеу мәселесi де қолға алынуда. Нан - бiздiң баға жетпес байлығымыз. Нан - диқандар қауымының, механизаторлардың, ауыл шаруашылық мамандарының, ғалымдардың ересен еңбегiнiң жемiсi.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады. Бидай өнімдері өнеркәсіпте де кең көлемде пайдаланылады. Мысалы, бидай дәнінен крахмал, спирт, май, клейковина алынады. Бидай сабанынан қағаз картон, өнер бұйымдарын және басқа да заттар жасалынады. Барлық ауыспалы егіс жүйесінде бидай санитарлық дақыл болып табылады. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. Сортына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т. б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы - өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» - будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі халық аралық ұжымның (ФАО) мәліметі бойынша сақтау кезінде жыл сайын болатын шығынның көлемі астық дақылдарында 15 пайызға жетсе, ал картоп, көкөніс және жеміс-жидек өнімдерінде 30 пайызды құрайды екен. Бұл көрсеткіш дамыған, технологиясы озық, маман кадрлары толық қамтамасыз етілген елдерде бірнеше есе төмен. Демек, аграрлық саланың дамуына, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, эканомиканың ілгерілеуіне үлес қосатын мамандардың бірі- сақтау саласының мамандары екендігінде дау жоқ.
Өнімді сақтау саласының алдында келесідей міндеттер тұрғаны белгілі: белгілі бір шаруашық жағдайында өнімді сақтаудың экономикалық тиімді тәсілдерін қолдану; сақтау кезінде болатын шығындарды ( сандық және сапалық) барынша азайту; сақтау барысында өнім сапасын арттыру; барынша заз шығын жұмсай отырып, өнімді сақтауға қолайлы жағдай жасау;
Ауыл шаруашылығының өркендеуі ең алдымен астық шаруашылығына байланысты.
Негізгі астық тұқымдас дақылдар бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері және т. б. Дәнді дақыл адам үшін негізінен нан, өнерксәсіптің көптеген саласына шикізат, мал үшін жем. Адам тағамы үшін кең тарағаны бидай мен күріш. Жер шарындағы халықтың 70-ке жуығы бидайды, ал қалғаны күрішті азық- түлік ретінде пайдаланады. Бұл дақылдарда ақуыз бен көмірсу көп. Сондай-ақ онда ферменттер, А провитанмині бар. Астықтан нан пісіреді, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық құнарлы азықтар, консервілер әзірлейді, сыра дайындауға, спирт, крахмал алуға т. б. пайдаланады. Біздің Республикамызда астық мемлекеттің негізгі азық-түлік қоры және шетке шығарылатын өнім. Оның мал азығы үшінде маңызы зор. Біздің елімізде бидайға және басқа да дәнді дақылдарға кең көлемде жер бөлінген.
- Аналитикалық шолу
1. 1 Бидай дақылының түрлері мен сорттары
Бидайдың ботаникалық 22 түрі белгілі, соның ішінде біздің елімізде кең тараған түрлері - жұмсақ және қатты бидай. Жұмсақ немесе қарапайым бидай біздің елімізде кең тараған. Бұлардың ішінде күздік, жартылай күздік және жаздық түрі кездеседі. Жұмсақ бидайдан тартылған ұнды негізінен нан пісіруге қолданады. Нан пісіруге қажетті жақсы ұнның мынадай қасиеттері болуы тиіс: суды жақсы сіңіруі, біршама тез иленуі, орташа тотықтануы, қамыры өңдеуге қолайлы және ұсақ кебекті, біркелкі құрылымды, жұмсағы көп жақсы көтерілген нан піседі және реңді, татымды, хош иісті болуы тиіс. Нан пісіру күші жоғары сорттарды күшті бидай деп атайды. Бұл бидайларда белок 14 пайыздан жоғары болады. Қамырдың жақсы созылуы жоғары серіппелі клейковинаға байланысты.
Қатты бидай дәнінің ерекшелігі құрамында ақуыз 28-ке дейін болғанымен, жұмсақ бидайға қарағанда көтерілуі төмендеу, өте серіпппелі, бірақ үзілгіш. Сондықтан қатты бидайдың дәнін макарон, жарма дайындауға пайдаланады. Қатты бидайдың өндірісте ең көп тарған түрі жаздық түрі.
Өсіп жетілуі мынадай кезеңдерден тұрады: көктеу, түптену, масақтану, гүлдену және дәннің сүттеніп, балауызданып, толық пісіп жетілуі.
Өнімді жинау ауа райына, дақылдардың қаншалықты піскеніне байланысты. Жаздық бидай (жұмсақ) шашылуға піскен кезде басқа бидайларға қарағанда тез шашылады, сондықтан оны балауызданып пісу кезінде екі фазалы және толық піскен кезде тез арада бір фазалық жинау әдісі қолданылады[1] .
Ал қатты бидай (жаздық) шашылуға өте төзімді, бірақ орылмай тамырында ұзақ тұрып қалса масақ сынып кетуі мүмкін. Сондықтан егінді ору ең жауапты кезең. Қазақстанның солтүстік облыстарында негізінен егінді бөлептеп оруәдісін қолдануға байланысты, оның пісіп жетілуі сатысын дұрыс анықтауға үлкен мән береді. Егін жинауға дән балауызданып піскенде кіріскен жөн. Егін тым аласа, нашар шыққан жағдайда оны бөлептеп ормай, тікелей орған дұрыс.
Жауын-шашын дұрыс болған жылы күздік бидай жаздыққа қарағанда ерте піседі, ал күздік қара бидай болса бәрінен ерте піседі. Жауынды салқын күндері далалық дақылдардың пісуі созылып кетеді де егісті жинауға көп кедергі жасайды. Құрғақ, ыстық күнде де егін тез піседі. Әсіресе оңтүстік және батыс беткейге қарағанда егін тез піседі.
Құмды және құмдақ топырақта, сазды ауыр топыраққа қарағанда егін тез піседі. Фосфор тыңайтқышы егіннің тез пісуіне жағдай жасайды, ал азот тыңайтқышы егіннің пісуін созады. Күздік қара бидай дестеде жатып нашар піседі, сондықтан оны оруды балауызданып пісу кезеңінің ортасынан бастап тез арада жинауды бітіреді. Жинаудың кезеңі созылып кетсе дәннің шашылып қалуынан ысырап көп болады.
Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 - 2 0 С жылылықта, 7 - 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 - 14 0 С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін “Қазақстан-15”, “Қазақстан-19”, “Қазақстан-25”, “Қарабалықтық-90”, “Лютесценс-32”, “Саратовтық - 29” жатады. (Сурет - 1)
Негізінен көп таралған сорттары: күздік бидай сорттары - “Жетісу”, “Қарлығаш”, “Комсомолдық - 1”, “Мироновтық - 808”, “Прогресс”, “Шыны тәріздес-24” , Одесская 66, Прогресс, Саратовская 4, Богарная 56, Безостая 1, Красноводопадская 210, Қарлыға, Алматинская полукарликовая, қара бидайдан- Саратовская4, Саратовская 5, Омка жатады.
Сурет 1. Жаздық бидай сорты (Қазақстан-25)
1. 2 Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Бидай астық тұқымдастарға жатады. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жүйесі топырақтың өңделген қабатында таралған шашақ тамыр. Тамыр жүйесінің құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты өзгереді. Тамыр жүйесінің дамуы ұрықтық тамыршаларының пайда болуынан басталады. Кәдімгі астықтың ұрықтық тамырлары бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Түйін тамырлардан бұрын түзіліп, оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіп-жетілу кезеңінің соңына қарай 150 см және одан да ұзын шамаға жетеді. Алайда жоғары өнімді түйін тамырлары жақсы дамығанда ғана алуға болады. Қуаңшылықты жылдары, әдетте, түйін тамырлар түзілмейді, ал бидай мен арпаның астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады және 5-8ц/га мөлшермен шектеледі[2] .
Топырақ бетіндегі сабағы -сабан деп аталады. Сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырақтар санына сәйкес келеді. Сабаны жұмыр, іші қуыс, буындармен бөлінген болып келеді. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғары бөлігі жіңішке келеді.
Жапырақтары дәнді дақылдардың көпшілігінде 2 түрде-ұрықтық (3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан және жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орнын да тілше деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішіне судың өтуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде ұзынша құлақшалар немесе мүйізшелер түзіледі, олар сабақты орай өседі. Жапырағы сабаққа кезектесіп орналасқан жіңішке таспа тәрізді, оның өзі жапырақты берік ететін қынаптан және жапырақ тақтасынан тұрады.
Гүл шоғыры- күрделі масақ (бидай, қара бидай) сіпсебас немесе шашақ. Жемісі әдетте дән деп аталатын, біртұқымды ұрықтас дәншік. Бидай және қара бидай дәні жалаңаш тұқымды топқа жатады, себебі астық бастырғанда гүл қабықшасы дәннен жеңіл бөлініп топанға кетеді.
Масақ мүшелі біліктен және масақшалардан тұрады. Білік өзара әртүрлі күйде орналасқан мүшеліктерден тұрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті (қара бидайда) болуы мүмкін. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жақтарын жеңіл ажыратады. Масақша қабықшасы біркелкі дамымаған, бидайда қайықша құрылысын еске түсіреді, кең және көпжүйкелі, әрі ұзынша, қара бидайда бір жүйкелі өте жіңішке және линиялы.
Жемісі - дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшаларымен қапталған. Жалаңаш дәнді бидайлар мен қара бидай дәндері қабықшадан жеңіл ажырайды, тары мен күріште гүл қабықшалары дәнді тығыз орналасқан.
Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық жұмсақ бидай салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1-2°С жылылықта өне бастайды. Алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +4-5°С пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура +5°С болғанда егін көгі 30 күнде, 8°С - 13 күнде, + 10°С - 9 күнде, 15°С, - 7 күнде пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгі қысқа мерзімді - 10°С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің нандану кезеңдерінде - 1-2°С бозқыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 түп тамырлармен өнеді. Себу - көктеу кезеңінің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Мәселен, Целиноград АШИ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов Қ. К. ж. б. ) Целиноград ауданы жағдайында аталған кезен 10 күннен 16 күнге дейін өзгерумен орта есеппен 13 күнге созылады[3] .
Жаздық бидайдың түптенуі +10-12°С температурада жақсы өтеді. Қалыпты жағдайда жаздық бидай нашар түптенеді. Көктеу-түптену кезеңіндегі температураның төмендеуі түйін (қосалқы) тамырлардың түзілуі мен дамуына он, әсерін тигізеді, соның нәтижесінде жаздық бидайдың өнімі артады. Өсімдіктің жеке дамуына бұл кезең жастық шақ дәуреніне сәйкес келетін органогенездің алғашқы төрт кезеңін қамтиды: сабақтың өсу конусы дифференциацияланады, жапырақ пен екінші дәрежедегі білік, гүл шоғырынық білігі қалыптаса бастайды, гүл шоғырының қалақшалары дифференциацияланады. Целиноград облысы жағдайында кезең 12-17 күнге созылады. Жоғары температура мен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді. Жаздық бидайдың өсіп-даму кезеңінде, әсіресе түптену-түтікке шығу және түтіктену - масақтану кезеңдеріндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуші фактор болып табылады. Бұл кезеңдерде жаздық бидай өсімдігі екінші жастық дәуренін - органогенездің 5-8 кезеңдерін (гүл дифференциациясы, жатын мен аталықтардын, қалыптасуы, түйін аралықтарынық ұзара өсуі, масақтану кезеңінің аяқталуы) етеді. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16-29 күн шеңберінде өзгереді және масақтану кезеңі көбінесе шілденің алғашқы онкүндігінде, ал күшті қуаңшылықта (1990 ж. сияқты) - маусымньщ соңында өтеді. Жоғары температурада гүлдену кезеңі де тездетіледі - жаздық бидай тіршілік шағының үшінші дәуренінің басы немесе органогемездің 9-кезеңі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану-пісіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 42-51 күнге (балауызданып пісуіне дейін) созылады да органогенездің 10-12 кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдегі қолайлы температура +16-23°С. Жалпы алғанда орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-1900°С, ал оң температура жиынтығы 2200-2500°С дейін жетеді, бірақ аязсыз кезең қысқа-орта есеппен 110-115 күннен аспайды[4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz