Жүгеріні өсіру технологиясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Бекенова Зубаира Рахымқызы

«ОҚО, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау»

Аннотация

Ұсынылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Көмешбұлақ ауылы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау. Аймақтың табиғи-климаттық жағдайларын негізге ала отырып, жүгеріні өсіріп-баптауда, өндіруде экономикалық жағынан тиімді жақтарды ұсыну.

Курстық жұмыс аналитикалық бөлім, шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларын сипаттау бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылды өсіру технологиясы, қоршаған ортаны қорғау немесе техника қауіпсіздігі бөлімі және қорытындыдан тұрады.

Бірінші бөлімде жүгерінің морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері, сорттары, климат жағдайы, агротехникасы келтірілген.

Аймақтың ауа-райы жағдайларын сипаттау бөлімінде ауа-райы жағдайлары мен топырақтың сипаттамасы келтірілген.

Нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылдың ерекшеліктерін ескере отырып өнімді бағдарлау барысында дақылдан алынатын өнім денгейі мен оған қажетті тыңайтқыш мөлшері есептелді.

Төртінші бөлімде шаруашылықта жүгері дақылын өсіру технологиясы, топырақты өңдеу тәсілдері жайлы мәліметтер берілген.

Жүгері дақылын өсіретін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайларын ескере отырып өсіру технологиясын жасалды, мұнда ауыспалы егістік жүйесі, алғы дақыл түрі, ауыспалы егістіктегі топырақ өңдеу жүйесі, дақылдардың аймақтық жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау жүйесі, дақыл тұқымдарын себу жұмыстары, топырақтың ылғал режимін реттеу жұмыстары және тағы басқалар ескерілді.

Жұмыста ___ кесте, ___ сурет бар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі ___ .

Түйін сөздер: Астық дақылдары, дәндік жүгері, өсіру технологиясы, шаруашылық, топырақ-климаттық жағдайы, өсімдіктің биологиясы, ауыспалы егістік, топырақ өңдеу жүйесі.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста қазіргі ауыл шаруашылығы ғылымында қолданылатын мынадай мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға сілтеме жасалған:

1. Мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7. 32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп;

2. Мемлекеттік стандарт ГОСТ 7. 1-2003. Рәсімдеу құрамлымы және ережелері. Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық талдау. Құжат дайындаудың жалпы талаптары және ережелері;

3. Мемлекеттік ресми стандарт 16265-70-1978 "Ауыл шаруашылығы саласындағы терминдер және анықтамалар".

Анықтамалар

Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.

Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.

Егістіктің ылғалмен қамтылуы - танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.

Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.

Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.

Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.

Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.

Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан өсімдік көгі.

Сыдыра жырту - топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.

Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.

Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері

Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.

Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.

Технология - нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

АШҒЗИ - Ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты

ҒЗИ -ғылыми-зерттеу институты

NРК -азот, фосфор, калий

ӨК - өндірістік кооператив

ТЫС - төменгі ылғал сиымдылық

ж. б -және басқалар

т. б - тағы басқалар

ц/га -1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

см - сантиметр

% - пайыз

м -метр

ц -центнер

г/см3 -1куб сантиметрдегі грамм есебі

кг/га -1 гектарда килограмм есебі

т. с. с. -тағы сол сияқты

°С - температура

л/га - литр/гектарына

Мазмұны

бет
: Кіріспе
бет:
: Әдебиетке шолу
бет:
: 1. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
бет:
: 1. 1 Дақылдың ботаникалық сипаттамасы
бет:
: 1. 2. Жүгерінің биологиясы
бет:
: 2. Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары
бет:
: 3. Нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау
бет:
: 3. 1. ФБР кірісі бойынша бағдарламаланған өнімді анықтау
бет:
: 3. 2. Жүгерінің жоспарланған өнімін алу үшін тыңайтқыш мөлшерін анықтау
бет:
: 4. Нақты топырақ-климаттық жағдайында жүгері өсіру технологиясы
бет:
: 4. 1. Жүгерінің ауыспалы егістегі орны
бет:
: 4. 2. Тыңайтқыштар қолдану жүйелері
бет:
: 4. 3. Топырақ өңдеу жүйесі
бет:
: 4. 4. Тұқымды себуге әзірлеу
бет:
: 4. 5. Тұқымды себу мерзімі, мөлшері және әдістері
бет:
: 4. 6. Егістікті күту және баптау
бет:
: 4. 7. Өнімді жинау
бет:
: 4. 8. Дақылды өсірудің технологиялық кескіні
бет:
:
  1. Қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
бет:
: Қорытынды
бет:
: Пайдаланған әдебиет тізімі
бет:

Кіріспе

Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.

Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады.

Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол - сүрлем үшін 2, 8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында - дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді.

Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95-100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі.

Ол гектарына 150-300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды.

Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты - әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Өнімділігі жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін дақылдардан дәнге өсірген жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында да ең жоғары сапалы мал азықтық өлшем бірлігінің жиынтығын алуға болады. Ғылыми негізделген өсіру технологиясын өз дәрежесінде уақытылы, сапалы жүргізген жағдайда дәндік жүгеріден 100-120 ц/га, ал сүрлемдік жүгеріден 800-1000 ц/га көк балауса жинауға болатынын тәжірибе арқауы және озық өндірістік технологияның үлгісі дәлелдеп отыр.

Кез келген дақылдан мол өнім қалыптастыру үшін міндетті түрде нақты топырақ климаттық жағдайларға бейімделген ауыспалы егістік ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған өсіру технологиясын жасап оны міндетті түрде уақтылы қолдану барысында ғана жоғары сапалы мол өнім алуға септігін тигізеді. Мұндағы басты назарда үстайтын негізгі жағдайлар өсіру технологиясының элементтерін толық негізде ұстап отыру болып табылады. Яғни, дақылдың ауыспалы егістегі орны, тыңайтқыштар қолдану жүйелері, топырақ өңдеу жүйесі, тұқымды себуге әзірлеу, тұқымды себу мерзімі, мөлшері және әдістері, егістікті күту және баптау және өнімді жинау ерекшеліктері нақты топырақ - климаттық жағдайларға бейім болуы шарт.

Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау.

Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді;

  • Жүгері өсімдігінің биологиялық қасиеттерін анықтау;
  • Дақыл өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
  • Нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылдың ерекшеліктерін ескере отырып өнімді бағдарлау;
  • Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша дәндік жүгері өсіру технологиясын жасау

Практикалық бағалылығы. Жүгері дақылын өсіретін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайларын ескере отырып өсіру технологиясын жасалды, мұнда ауыспалы егістік жүйесі, алғы дақыл түрі, ауыспалы егістіктегі топырақ өңдеу жүйесі, дақылдардың аймақтық жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау жүйесі, дақыл тұқымдарын себу жұмыстары, топырақтың ылғал режимін реттеу жұмыстары және тағы басқалар ескерілді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс төрт бөлімнен тұрады: әдебиетке шолу бөлімі, тәжірибелік бөлім, негізгі бөлім және тіршілік кауіпсіздігі бөлімі. Жұмыста ___ кесте, ___ сурет бар.

Жұмысқа қолданылған әдебиеттер тізімі ___ .

  1. Аналитикалық шолуЖүгерінің шығу тегі, халық шаруашылығындағы маңызы

Жүгерінің Отаны - Америка. Оның Мексика және Гватемала тропикалық-субтропикалық аймақтары. Жүгері дәнінің алғашқы үлгілері ХV-ғасырдың аяғында Европаға әкелінді. Алғашында сирек кездесетін сәнді өсімдік ретінде, содан соң астық және мал азығы ретінде бағаланды. Жоғары өнімділігі, өсіру технологиясының қарапайымдылығы, оның бағасын арттырады. Лезде жер шарының барлық түпкірлеріне, оның ішінде мал шаруашылығы дамыған елдерге тарады. Жүгері бұл күндері алпыстан астам мемлекетте өсіріледі.

Америка ғалымы Мак-Милен жүгеріні кез-келген қазба байлықтан алынатын шикізаттардан артық деп бағалаған. Қазба байлықтар үнемі пайдаланғанда қорын сарқады, өсімдіктер, оның ішінде жүгері өзінің қорын кемітпейді. Қазіргі кезде жүгері егістігінің көлемін ұлғайту - оны әртүрлі мақсаттарға пайдалануға мүмкіншілік туғызды.

Дүние жүзі бойынша шетелге шығарылатын жалпы дәнді дақылдардың ішінде дәндік жүгерінің үлес салмағы 26 процентке жетті (бидай 52, күріш - 7, арпа - 7 процент) . Жүгері дәнін шетелге шығарушы негізгі ел - Америка, бұл жерде оның үлес салмағы - 52 процент. 1965-1967 жылдары Америкада жүгері дәнінің шығымдылығы гектарына 45 центнерден келсе, басқа дәнді да-қылдардың шығымдылығы гектарына 20, 8 центнер болды. Яғни, жүгерінің әр гектардан алынатын өнімділік мөлшеріне ешқандай дәнді дақыл теңдесе алмайды.

Америкада мал азығына берілетің жемнің 73 проценті - жүгері дәні. Қазіргі кезде Америка Құрама Штаттары жер жүзіндегі өндірілетін жүгерінің 44 процентін береді.

Сүрлем үшін өсірілетін жүгерінің аумағы барлық егіс көлемінің 8 процентіне тең, оның әр гектарынан 200-230 центнерден өнім алынады.

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында егілетін дәндік, сүрлемдік жүгері егістігінің басым көпшілігі жылдық жауын-шашын жиынтығы 200- 250 мм болатын аймақтарда орналасқан. Әрі мұндай топырақ қоректік органикалық заттарға кедей. Сондықтан, біздің республикамыз жер жүзі мен Одақ көлемінде климат - топырақ аймағы анағұрлым өзгеше және қатаң болуымен ерекшеленеді.

Жер жүзінде дәндік жүгері азық-түлік ретінде (20- 25%), мал азығына (55-60%) және түрлі техникалық мақсаттарда (15-20%) өнеркәсіпте шикізат есебінде пайдаланылады. Жүгеріден өнеркәсіпте 150-ге жуық әр түрлі азық-түлік, техникалық заттар, майлар, сыра, крахмалдар, т. б. алынады. Бұл заттарға қосымша кондитер, консерві өнеркәсібіне бояулар, әртүрлі ерітінділер, ацетон, фурфурол, желім, спирт, қағаз, жасанды тығын, пластмассалар, дәрі-дәрмектер алынады.

Басқа дақылдарға қарағанда жүгері құрамында белок аз. Қазір оны белогі көп дақылдармен (соя) араластырып егіп, аса құнарлы сүрлем дайындау жүзеге асырылып жүр.

Қоректілігі жағынан алғанда жүгері дәні басқа дәнді дақылдардан артық. Мысалы, 1 кг жүгері дәнінде 1, 34 мал азықтық өлшем болса, ал сұлыда - 1, арпада - 2, 26, қара бидайда - 1, 18-азықтық өлшем бар. Жүгері басқа дақылдарға қарағанда құрамындағы құрғақ заттың бір өлшемін құруға суды аз жұмсайды. Сонымен қатар жаздың екінші жартысындағы жауынды, топырақ-тың төменгі қабатындағы ылғалды, қоректі заттарды жақсы пайдаланады.

Жүгері - өте жақсы алғы дақыл. Аңыздық егістіктерде желден қорғау және қар тоқтатуда ықтырмалы өсімдіктер ретіндегі жүгерінің маңызы ерекше. Жүгері егістігі басқа дәнді дақылдар секілді оттегі қорын молайтып, қоршаған ортаның ауасын жақсартады.

Жүгері егістігі алғы дақылдарды онша көп таңдамайды. Басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол, ол отамалы дақыл ретінде топырақтардың бірнеше рет өңделуіне байланысты, әртүрлі тыңайтқыштар, гербицид жеткілікті беріліп, агротехникалық шаралар мен суару дер кезінде жүргізілген жағдайда ауыспалы егісте және бір орынға қатарынан бірнеше жыл егілген жүгері егістігінің өнімдері жоғары және бірдей болады.

Жүгері егістігін молайту басқа дақылдарға қарағанда зкономикалық жағынан тиімді. Жүгерінің әр гектарынаң 30-35 центнер құрғақ дән және 210 центнер қосымша сабан алынады. Мұны мал азықтық өлшемге шаққанда 6750 болады екен.

Жүгері дәнінде 60-70% углевод, 9-12% белок, 4- 7% май, минералды тұздар мен витаминдер бар. Сондықтан жүгері дәні барлық мал түлігі және құстар үшін өте бағалы жем болып табылады.

Жүгерінің көк балаусасы да қоректік заттарға өте бай, одан малға жұғымды, жоғары сапалы сүрлем дайындалады. Бұл үшін ең тиімді кезең - жүгері дәні сүттеніп, қамырланған кез. Осы кезде дайындалған жүгері сүрлемінде құрғақ заттар - қорытылатын протеин көп болады. Ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша 5 кг жүгері сүрлемінен 1 килограмм сүт алынады.

Гүлдену кезінде де жүгері көк шөп ретінде малға беріледі. Бұл уақытта жүгері балаусасы жақсы жапырақтанып өседі оның құрамындағы протеин мөлшері артады. Дәнге орып жинағаннан кейін де жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары мен сабақтары, басқа дақылдар сабағына қарағанда қоректік заттарға бай, жемшөптік сапасы жоғары болады.

Жүгері сабағы салмағының бестен бір бөлігі собық өзегіне тиеді, онда қоректік заттар көп. Сондықтан собық өзегін майдалап турап, ұнтақтап, дәнмен араластырып малға жем ретінде береді.

Жүгерінің агротехникалық маңызы да үлкен. Оның қатараралығын культивациялау кезінде арамшөптер жойылып, жүгерінің және одан кейін егілетін басқа дақылдардың өсуіне жағдай жасалады. Жүгері биік өсіп, қалың жапырағымен жер бетін көлеңкелеп, микробиологиялық процестерді жақсартады. Жүгерінің басқа дақылдармен салыстырғанда жақсы алғы дақыл болып саналуының себебі де осында. Республиканың оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақта, жүгеріні аңыздық дақылдардан кейін себе беруге болады.

Жүгері егістігінен жылына екі рет өнім алуға болады. Республикамызда мал азығын дайындау мен егіншіліктегі маңызды агротехникалық шаралардың негізі ретінде де жүгерінің пайдасы орасан зор. Қайталап егу кезінде жер органикалық заттарға байып, осының нәтижесінде топырақтың физикалық қасиеттері жақсарып, зиянды арамшөптерге қарсы күресуде басты роль атқа-рады.

Бұл міндетті орындауда оңтүстіктегі суармалы егіншілігі бар аудандардың маңызы өте зор. Себебі, бұл аудандарда көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі ерте жиналады. Және дәл сол жерде екінші өнім алуға керекті жағдайлар толығымен пайда болады. Суармалы жерлерде егілген жүгері егістігі суарылмайтын жерлердегі егілген жүгері егістігіне қарағанда қоршал-ған ортаныц микроклиматына игі әсер етеді. Басқаша айтсақ, 30 градустан асқан күндер санын - 2 есе, құрғақшылықты- 10 есе азайтып, ауаның абсолюттік температурасын - 15 градусқа дейін төмендетеді.

Аңыздық дақылдарға егілген жүгері егістігі ауыл шаруашылығының жалпы өнімін көбейтетіні мәлім. Ол сонымен қатар, суармалы жерді, ылғалды, күн қуатын, жылылықты, жұмыс күшін, техниканы және қаржыны мейлінше тиімді де толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Мұндай ауқымды міндеттерді орындау үшін осы уақытқа дейін пайдаланылмай келе жатқан табиғи резервтерді іске қосудың маңызы зор. Республикамызда, әсіресе, оның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақтарда, осы уақытқа дейін жөнді пайдаланылмай
келе жатқан табиғи резервтердің бірі - аңыздық егіс. Осы аймақтарда кептеген дақылдар - жаздық және күздік бидай, күздік қара бидай, арпа, сұлы, бір жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері - жаз ортасында-ақ пісіп үлгереді. Оларды жинап алғаннан кейін 70-100 күндей
ауа райы егін үшін қолайлы болып тұрады. Осындай жағдайда, дайын егістік жерлердегі күннің жылуы да, жауын-шашын да пайдаланылмай босқа кетеді. Кезінде К. А. Тимирязев: жылына бір рет өнім алуға негізделген егіншілікке жаздың бірінші жартысы ғана пайдаланылады, ал оның егіс үшін өте қолайлы да, жеткілікті екінші жартысы мүлде пайдаға аспайды, бұл үшін болашақ ұрпақтар алдында ұяттымыз деген пікір айтқан болатын. Ұлы ғалымның осы ойы өз мәнін жойған жоқ.

1. 2. Жүгерінің ботаникалық сипаттамасы

Өсіп-өну және даму. Жүгері дәнді дақылдар тобына жатады. Тамыр жүйесі шашақты, ұзын, торкөзді, 3 метр терендікке дейін, ал жан-жағына 1 метрге дейін жайылып өседі. Тамыр системасының 60 проценті топырақтың айдалатын қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар мен ылғал әкеліп жатады. Нәтижеде жүгері топырақтағы қоректік элементтерді басқа дәнді дақылдардан гөрі жақсырақ пайдаланады. Басқа дақылдардан айырмашылығы жүгері өсімдігінің төрт түрлі тамыры болады. Олар: ұрық тамыры, алғашқы буын тамыр, негізгі тамыр және тіреуіш тамыр. Кейінгі қосымша тіреуіш топырақтан жер бетіне шығып тұрады. Жүгерінің алғашқы даму кезінде тамыр жүйесі өте тез өседі. Е. Амантаев., Н. Нечипоренко мәліметтері бойынша көгеріп шыққаннан кейін 7-8 күнде жүгері тамыры 25 сантиметр тереңдікке дейін барады.

Әйтсе де алғашқы егілген күндері жүгерінің өніп, өсуі өте баяу болады. Бірақ, өсуіне қолайлы жағдайларда әсіресе, шашақтану кезінде бір тәулікте 10-12 сантиметрге дейін өседі. Ал гүлденгеннен кейін есуі тоқтайды. ІІІашақтану кезінде, он күннен кейінгі гүлдену дәуірінде жүгері өзінің жалпы органикалық массасының 75 процентін жинақтайды.

Жүгерінің тамыр жүйесі көлемінің тәуліктік ұлғаюы 7, 12, 13 жапырақтарды шығару сатыларына жеткенде ерекше байқалады. Өсіп-өну сатыларындағы жүгерінің ең қажетті кезеңдері сабағының қалыптасуына әсер ететін 2-3 жапырақты шығару сатысы, сондай-ақ собығының қалыптасуына әсер ететін 6-7 жапырақтар шығарған кезі болып саналады (Н. М. Третьяков, 1979) .

Сурет 1. Жүгері дақылының сыртқы құрылысы

Жүгері 5 жапырақты болғанда оның тамыры жан-жаққа 11-13 -сантиметрге дейін тарамданып өседі. Жүгерінің басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол сабағы біреу болады да, сорт өзгешеліктеріне қарай биіктігі 0, 6-6 метрге жетеді.

Жүгері - бір ұялы және қос жынысты өсімдік. Аталығы түбірінің жоғары жағында шашағында орналасқан, аналық жынысы собығында, жапырақтар қабығымен қоршалған. Шыққан сабағы жуан, цилиндр тәрізді, қалыңдығы 2-7 см, жақсы жапырақтанады, жапырақтарының саны 13 пен 28 арасында болады. Жүгері жер шарының солтүстік ендігінің 58 градусынан оңтүстік ендіктің 40 градусына дейінгі аралықта - ойпаттарда, қыратта да, тіпті тау бөктерлерінде де өсіріледі. Мұның өзі жүгерінің топырақ - климат жағдайлары әр түрлі жерге өсуге бейімділігін, өміршеңдігін көрсетеді. Әйтсе де, бұл дақылдың бейімділігіне қарамастан, әр түрлі өсіп-өну, даму сатыларында оған қоршаған ортаның әсерін білу жүгерінің биологиясын жетік меңгеруімізге, тиімді агротехникалық шараларды жүзеге асыруымызға мүмкіндік береді.

1. 3. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері

Ылғалға талабы. Топырақ құрамында ылғал неғұрлым көп болса, июнь-август айларыңда жаңбыр неғұрлым көп жауса, өсімдік солғұрлым ылғалды тиімді пайдаланады және жедел өседі. Қуаңшылық жылдары, жаңбыр аз жауғанда жүгері өсімдігі бір өлшемдік құрғақ затын құрау үшін көп су жұмсайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүгері дәндері мен жүгері сабақтары өте қоректік
Жүгері - дақылдарын өндіру
Жүгеріні өсіру технологиясы жайлы
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зерттеу
Жүгері
Жүгерінің отандық және шетелдік сорттары мен будандарын Солтүстік Қазақстан жағдайында экологиялық сортсынау
Жүгерінің тауар айналымы
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл
Сүрлемдік дақылдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz