Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы



Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Аналитикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Жарма дақылдарына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Жарма дақылдарының сорттары және агротехникасы ... ... ... ... ... ... ...
2 Тәжірибиелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Өңдеу процесінде жарма сапасының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Жарма ассортименті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жарма сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі: «Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы» тақырыбында жазылған курстық жұмысымда жарма дақылдарының түрлері мен сорттарының шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны қарастырылды.
Мақсаты мен міндеті: жарма өндірісі үшін жаңа сорттар шығару олардың түсімін -4-4,5 т/га-ға жеткізу, 1000 дәннің массасын 8-9 г жеткізу, дәнің ірі әрі бір тегіс болуы қамтамасыз ету. Сорттардың құнарлығы оның түсіміне байланысты анықталады, бұл жердегі негізгі элементі болып бір өсімдіктің түсімділігінің жоғарғы болуы саналады. Сорттың түсімді болуымен қатар оның иілгіштігі, дәндерінің барлығының бір мезгілде пісуі және дәндерәнің толық болуы, олардың құрамындағы ақуыз мөлшерінің мол болуы және құнды амин қышқылдарының болуы, қуаңшылыққа төзімділігі, агротехникаға бейімділігі қарастырылады.
1 кг жарманың азық-түлік құндылығы 15 КгДж (3590 кал.), құрғақ затында 88% крахмал, 6-8% ақуыз, 0,5 % май, 0,5% қант бар. Күріш жармасы сіңімділігі (96%) және қорытылуы (98%) бойынша алғашқы орындардың бірін алады. Сондықтан диеталық өнім ретінде кеңінен қолданылады. Күріш сабаны - жоғары сортты қағаз, картон, қапшық, аяқ киім және көптеген тоқыма заттарын өндіру үшін қүнды шикізат болып табылады.
Ол мал азығы ретінде де өте пайдалы: 1 кг күріш сабанында 22 г сіңімді протеин және 0,24 азық өлшемі болады. Жармасы және дән сағы спирт, арақ, сыра, ацетон және көптеген қүнды заттар өндірісінде қолданылады.
Осындай азық-түліктік, малазығындық және өндірістік маңыздылықтары күріш дақылында өте көп. Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші рет күріш 1960-шы жылдардың басында алғашқы мамавдандырылған "Восход" кеңшарында өсіріле бастады. Қызылқұм даласындағы "Шардара" су қоймасын іске қосқан соң күріш өнімділігі гектарына 40 ц болды. Ал егіс көлемі 20 мың гектарға дейін жеткізілді.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Өнімділігі жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін дақыддардан дәнге өсірген жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында да ең жоғары сапалы азық өлшемін алуға болады.
Жарманың тағамдық құндылығы жарма дақылдарының химиялық сапасы, табиғи қасиеті және өңдеу технологиясына байланысты. Ол жарманың химиялық құрамы мен сіңімділігіне негізделген.
1. Саудабаев Т, Қадыралиев А, Шалдыбаев К «Жармалық дақылдар»
Алматы, Қайнар 1985ж
2. Елешев Р.Е, Смағұлов Т.С, Балғабаев А.М «Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі» Алматы, 2000ж
3. Жаңабаев Қ.Ш, Саудабаев Т, Сейітов И « Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы, 2000ж
4. Жанұзақов М.М «Өсімдік шаруашылығы» Тұмар, Қызылорда 2007
5. Сейітов И, Саудабаев Т, Әбдірашов Ш «Агрономия негіздері» Алматы 1991ж
6. Байқарықұмов С «Жем – шөп өндіру» Алматы, Қайнар 1992ж
7. Можаев Н.И, Әрінов Қ.К, Нұрғалиев А.К «Өсімдік шаруашылығы » Ақмола, 1993ж
8. Жанұзақов М.М, Мырзабек Қ.А, Кенебаев Б.Қ «Жалпы егіншілік» Тұмар, Қызылорда 2007
9. Құспанов М «Топырақ. Өсімдік . Тыңайтқыш» Алматы, Қайнар, 1976ж
10.В.Н.Гончарова ,Е.Я.Голощапова «Товароведение» М – 1990
11.Е.П. Ширков «Технология хранения и переработки плодов и овощей» Колос – 2000
12.К.К.Арынов және т.б. «Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы» Ақмола
13.Т.А.Атақұлов, С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік шаркашылығы практикумы» Алматы – 2007

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу пәнінен Жарма дақылдарын қайта
өңдеу технологиясы тақырыбында жазылған курстық жұмыс 34 -беттен
тұрады. Оның ішінде жарма дақылдарының түрлері мен сорттарының шығу тегі,
агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, қайта өңдеу
технологиясы қарастырылды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Аналитикалық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
1. Жарма дақылдарына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Морфологиялық және биологиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Жарма дақылдарының сорттары және
агротехникасы ... ... ... ... ... .. ... ..
2 Тәжірибиелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... Жарма дақылдарын қайта өңдеу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Өңдеу процесінде жарма сапасының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.2 Жарма
ассортименті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
2.3 Жарма сапасына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер
жасалған:
ҚР СТ 1.5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын
жалпы талаптар.
МЖМБС 2.102-68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплекстері.
МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.201-80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеулер.
МЖМБС 2.601-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға
қойлатын жалпы талаптар.
МЖМБС 7.1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы
талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4.02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі
құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді
басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4.03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7.14-2008 Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс

Анықтама терминдер

Гербицид - латынның герба шөп және цидо өлтіремін деген сөз.
Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.
Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.
Ген- тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі.
Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми-
зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.
Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым
қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің
жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

цга - центнер гектар
тга-тонна гектар
Фотосинтез – СО2 есебіне топталған өнім.
Қосымша өнім – жалпы өнімнен аралығы.
Алқапты тәжірибе – далалық тәжірибе.
гл-грамм литр
данам3- дана метр куб
Рн – қышқылдық көрсеткіш
ҒЗИ – ғылыми зерттеу институты

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы
тақырыбында жазылған курстық жұмысымда жарма дақылдарының түрлері мен
сорттарының шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны қарастырылды.
Мақсаты мен міндеті: жарма өндірісі үшін жаңа сорттар шығару олардың
түсімін -4-4,5 тга-ға жеткізу, 1000 дәннің массасын 8-9 г жеткізу, дәнің
ірі әрі бір тегіс болуы қамтамасыз ету. Сорттардың құнарлығы оның түсіміне
байланысты анықталады, бұл жердегі негізгі элементі болып бір өсімдіктің
түсімділігінің жоғарғы болуы саналады. Сорттың түсімді болуымен қатар оның
иілгіштігі, дәндерінің барлығының бір мезгілде пісуі және дәндерәнің толық
болуы, олардың құрамындағы ақуыз мөлшерінің мол болуы және құнды амин
қышқылдарының болуы, қуаңшылыққа төзімділігі, агротехникаға бейімділігі
қарастырылады.
1 кг жарманың азық-түлік құндылығы 15 КгДж (3590 кал.), құрғақ затында
88% крахмал, 6-8% ақуыз, 0,5 % май, 0,5% қант бар. Күріш жармасы
сіңімділігі (96%) және қорытылуы (98%) бойынша алғашқы орындардың бірін
алады. Сондықтан диеталық өнім ретінде кеңінен қолданылады. Күріш сабаны -
жоғары сортты қағаз, картон, қапшық, аяқ киім және көптеген тоқыма заттарын
өндіру үшін қүнды шикізат болып табылады.
Ол мал азығы ретінде де өте пайдалы: 1 кг күріш сабанында 22 г сіңімді
протеин және 0,24 азық өлшемі болады. Жармасы және дән сағы спирт, арақ,
сыра, ацетон және көптеген қүнды заттар өндірісінде қолданылады.
Осындай азық-түліктік, малазығындық және өндірістік маңыздылықтары күріш
дақылында өте көп. Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші рет күріш 1960-шы
жылдардың басында алғашқы мамавдандырылған "Восход" кеңшарында өсіріле
бастады. Қызылқұм даласындағы "Шардара" су қоймасын іске қосқан соң күріш
өнімділігі гектарына 40 ц болды. Ал егіс көлемі 20 мың гектарға дейін
жеткізілді.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде
өсіріледі. Өнімділігі жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін
дақыддардан дәнге өсірген жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында да ең
жоғары сапалы азық өлшемін алуға болады.
Жарманың тағамдық құндылығы жарма дақылдарының химиялық сапасы, табиғи
қасиеті және өңдеу технологиясына байланысты. Ол жарманың химиялық құрамы
мен сіңімділігіне негізделген.

1 Аналитикалық шолу

1.1 Жарма дақылдарына жалпы сипаттама

Жарма дақылдарға немесе астықтың екінші тобына жүгері, тары, күріш,
қарақұмық және т.б. жатады. Ең көп тараған жүгері, одан кейін тары, күріш
және қарақұмық.
Жүгері – азық-түліктік және жемшөптік бағалы дақыл. Оны дән, көк
балауса, сүрлем алу үшін өсіреді. Жүгерінің дәнінен ұн, жарма жасайды және
крахмал, глюкоза, сірне, сусын, сироп өндіреді. Жүгері ұнын бидай ұнымен
араластырып нан пісіреді және әр түрлі кондитерлік заттар шығарады.
Жүгерінің пісіп жетілу кезеңіне байланысты оның 100 кг собықсыз
сүрлемінде 16 . . . 19 азық өлшемі, собығымен жиналған сүрлемінде 17-23
азық өлшемі болады. Жүгеріні бұршақ дақылдарымен (соя, атбас бұршақ,
асбұршақ) араластырып еккенде ондағы қорытылатын протеиннің мөлшері артып,
қоректілігі жоғарылайды. Қазақстанда жүгері егісі Алматы, Талдықорған,
Жамбыл және Шымкент облыстарында азық-түлік және жемшөп үшін өндіріледі, ал
солтүстік облыстарда тек жемшөп, сүрлем үшін себеді. Бұл орайда алдыңғы
қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштері айтарлықтай. Мысалы, Шымкент
облысының Қызылқұм және Түркістан аудандарында, әр гектар жерден 57-ден 67
центнерге дейін жүгері дәнін алған озат механизаторлар көп.
Күріш — маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі. Eгiс ауданы бойынша
дүние жүзінде бидайдан кейін екінші орын алады. Оны 108 ел 145 млн. га
жерде өсіреді. Орташа өнімділігі 3,2 тга құрайды. Күріштен құнды азық
түлік - күріш жармасы алынады.

1. Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы

Жүгері – жылылықты ұнататын дақыл және астық тұқымдастарына жататын
біржылдық өсімдік, сабағының биіктігі 0,5...6м, жуандығы 2 см-ден 7см-ге
дейін жетеді. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді. Дара жынысты, айқас
тозаңданады. Аталық гүлі сабақтың ұшындағы шашаққа (сұлтан), ал аналық гүлі
собыққа (қабық ішінде) орналасқан. Жемісі – дән. оның тамыры шашақты әрі
мықты, 150см-ден әрі тереңдікке бойлап кетеді. Тамырының көпшілігі (65%
дейін) 30см тереңдікте орналасады. Сабағының топырақ бетіндегі түйіндерінен
жуан тірек тамыр пайда болады, ол әсіресе кеш пісетін сорттарда жақсы
жетіледі. Жүгері тұқымдары 8...100-қа жуық температурада өніп-өседі, ал
жылылық 120С-қа жеткенде және одан да жоғарылай түскенде жаппай көктейді.
Жүгерінің көктері көктемдегі – 2-30 суыққа төзе алмайды. Көктемгі суық
жүгерінің жапырақтарына қатты зақым тигізеді де, алынатын сүрлемнің сапасын
төмендетеді. Ал сабақтары мен собықтары қамырланып піскенде – 3-40 суыққа
төзімді келеді. жүгерінің жапырақтары сабақтың әрбір буынынан бір-бірден
екі жағына жайыла өседі.
Сорттарының ерекшелігіне байланысты өсімдікте буын санына қарай 8-ден 30-
ға дейін жапырақ өсіп шығады. Тез пісетін сорттардың жапырақтары шамалы, ал
кеш пісетін сорттарда көп болады. Жүгері жылылықты және күн көзін, жарықты
жақсы көретін өсімдік болғандықтан арамшөптерден түскен көлеңке мен егістің
қалыңдығынан болатын жарықтың жеткіліксіздігі жапырақтың жөнді жетілмеуіне,
собықтардың баяу дамуына, сөйтіп, алынатын өнімнің төмендеуіне әкеліп
соғады. Өсімдіктің өсіп жетілу кезеңінің алғашқы жартысында, тұқым
себілетін кезден шашақтағанға дейінгі уақытта, жылылықтың маңызы өте зор.
Жүгерінің басқа дақылдардан ерекшелігінің бірі – ол өсіп-даму кезеңінің
бірінші жартысына дейін баяу өседі де, ал оның екінші жартысынан толық
пісуіне дейін құрғақ заттарды жинайды. Жүгері өсімдігі құрғақ заттың 16
бөлігін өсіп-даму кезеңінің алғашқы екі айында, келесі айдың жартысына
дейін 56 бөлігін жинайды.

Сурет 1 Жүгерінің сыртқы көрінісі

Басқа дақылдарға қарағанда (тары мен сорга) жүгері ылғалды онша көп
қажет етпейді, бірақ өнім жоғары болған жағдайда топырақтың тамыр тарайтын
қабатынан суды аса көп қажет етеді. Ол әсіресе шашақтанып, торлау, гүлдену
және дәннің пісіп жетілуі кезеңінде ылғалды өте көп қажет етеді.
Тары. Аса бағалы азықтық дақылдың бірі тарыны өндіруді арттыра түсу
елімізде астық молшылығын жасаудың жолы.
Тары жарма, сөк үшін өсіріледі. Сөктің түсімі сортына, жыл жағдайына
және өсірілетін облысына байланысты дән салмағының 70—87% шамасында ауытқып
отырады. Сөкте орта есеппен: крахмал—81, белок—12, май—3,5, күл—1,45,
клетчатка—1,04 және қант—0,15% болады. Кеш егілуіне байланысты тарыны
қыстан нашар шыққан күздік бидайға немесе ерте егілген жаздық астықтардың
ауа райына байланысты қайта себу үшін сақтық коры ретінде пайдаланады.
Тарының өнделгеннен кейінгі қалған қалдығы мал үшін таптырмайтын азық.
Тарының сабаны және топаны өзінің сапасы жағынан шалғындық пішенмен
қарайлас.
Тары дақылының ерекшелігін ескеріп, тиісті агротехникалық шараларды
уақтылы орындағанда жаксы өнім алуға болады. Мысалы, бүкіл елімізге белгілі
болған данқты тарышы Шығанақ Берсиев (Ақтебе облысы, Ойыл ауданы, Құрман
колхозы) бірнеше жыл бойы тарыдан мол өнім алып, дүние жүзілік рекордка ие
болды, ол әр гектардан 1940 жылы—125 ц, 1941 жылы—165 ц, 1942 жылы—175 ц,
ал 1943 жылы—4 гектар участоктың әр гектарынан 201 ц-ден, 36 гектар
участоктің әр гектарынан 80 ц-ден өнім алды.
Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданындағы Шевченко атындағы совхоздың
бригадирі Т. В. Алексеевич 1100 га тарынын, әр гектарынан 18,3 ц астық, ал
Ленин ауданының XVIII партсъезд совхозының бригадирі Ширяев И. П. 560
гектар тарының әр гектарынан 24,8 ц өнім алды.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Тарының көптеген түр тармағы
болады, олар бір тектес бес түрдің ішіне кіреді: щашыранды, сопақ,
тармақты, тығыз, жұмбазды. Тарының дүние жүзінде 71 туыстасы, 1400 түрі
бар. Бізде оның 31 түрі тараған.
Тарының сабағы тік, қалың болып өседі, гүлденген кезде шашақ тастайды,
ал тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді де өсіп шығатын түбірі тек
біреу ғана болады. Тары тамыры жан-жағына 1 м-ден астам, ал терендігі 1,5 м-
ге дейін тарайды, бірінші жылы өте баяу өседі, сондыктан арамшөппен жақсы
күресе алмайды.
Тарының тамыры түптенгенге дейін тәулігіне 2 см, ал түптеуден бас
жарғанға дейін 3 см өсіп отырады. Ал гүлдену кезеңінде тамыры өсуді
тоқтатады. Көп жағдайда кұрғақшылыққа байланысты өсімдіктін, негізгі
тамырының пайда болуы тоқтап калады да, соның салдарынан түптелу буындары
мен тамыр мойны тірек таба алмай, көбіне топырақ бетіне шығып, жалғыз
түбірге ілініп тұрып калады.
Тары көктеп шыққаннан кейін 15—20 күннен кейін түптену басталады.
Топырақтын, температурасы 15—20 градус болса, түптену қарқыны жақсарады.
Тары жапырағының ұзындығы 18—25 см, ені 1,2—4 см-ге дейін болады. Тарының
гүл шоқтарының ұзындығы 10—60 см болады. Шашақтану — өсімдіктің түптенуінен
20—28 күн еткеннен соң басталады.
Тары шашағынын түріне қарап, қандай түрге жататынын жіктеуге болады.
Сонымен, тарыны мынандай түр-тармақка жатқызуға болады: жайма бұтакты,
өсілмелі, жартылай түйіршікті. Тарының масағы жалаң, жұмыртқа тәрізді әрі
домалақ, арқасы қусырылған қылтанақсыз келеді. Ұзындығы 3—6 мм, ені 2—4 мм.
1000 дәнінің массасы 4—9 грамм.
Тары құрғақшылыққа төзімді келеді, өйткені ол өсіп-даму кезенінде суды
үнемдеп пайдаланады. Тарының тұқымы 8—10° жылылықта өте баяуда болса көктей
бастайды, тұқымның өсуі үшін ең қолайлы жылылық—20—30°. Тарының көктеп
шыққан көгі болар-болмас суықтықтың өзіне шыдамайды, 2—3° суықта көгінін,
ұш жағы ұсиді де қурап кетеді.
Тары ыстыкқа өте төзімді дақыл, ол 38—40° дейінгі температураға төтеп
береді және солмайды. Тарыны арамшөптен тазарған, топырақ құрылысы жақсы,
құнарлы егінжайға сепкенде жаксы өнім алады. Тары қысқа күндік өсімдік,
оның көпшілік сорттарынңы өсіп-даму кезені шамамен 90—120 күн болады. Өсіп
өну кезіндегі ортатәулік температураның қосындысы 2200°С болады.
Қарақұмық. Республикамызда негізгі жармалық дақыл есебінде өсірілетін
қарақмұық — халық шаруашылығындағы маңызды дақылдардың бірі. Қарақұмық
жармасы өзінін, қоректік және дәмділік қасиеттерімен құнды. Оньщ құрамында
едәуір мөлшерде сіңімді белок, углевод, май, тұз, фосфор, темір, жез,
кальций және органикалық қышкылдар мол. Қарақұмықтық сабаны, топаны және
жармалық өндірістің қалдықтары мал үшін таптырмайтын азық. Бұған қоса
қарақұмық құрамының құндылығы бал өндіруге де бағалылығымен ерекшеленеді.
Қазакстанда орта есеппен алғанда 214,2 мың гектар жерге қаракұмық егісі
себіліп, 90,4 мың тонна өнім өндірілді.
Биологиялық ерекшелігі. Қарақұмықтың (тұқымы +8...10°С жылылықта
көктейді. Жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Қарақұмык — айкас
тозаңданғыш. Қарақұмық жылуды бірқалыпты талап ететіндігімен, өте ылғал
суйгіштігімен, тез өсіп, тез жетілетіндігімен ерекшеленеді. 12—15° та
қаулап өседі. Суыққа төзімсіз, сондықтан —1—2° суықта үсіп кетеді. Орта
тәуліктік жылылық 13° темендеген кезде қарақұмықтың жетілуі темендей
береді, ал қатты ыстыққа және аңызаққа тезе алмайды. Ол гүлдену кезенінде
ылғалды көп керек етеді.
Тұқым топырақ бетіне көктеп шыкканнан 6—8 күннен кейін бірінші нағыз
жапырақ құралады. 4—6 күнде екінші жапырақ шығып, өсімдіктіқ даму
кезендерінің өн бойында жапырақ қойнауынан бүршіктер пайда болады. Бұлардан
сабақтар дамып, одан әрі өсе келе гүл шоқтары құралады. Алдымен негізгі
сабақтағы гүлдерге, сосын 2—3 күннен кейін бүр сабақтардағы гулдер
гүлдейді. Гүлдену шоқтары төменгі гүлдердің ашылуынан басталады.
Қарақұмықтың гүлдену мерзімінің ұзақтығы 40—45 күнге созылады. Ол гүлдену
кезеңінде қоректік заттарды өте-мөте көп керек етеді, сондықтан кең қатарлы
егістіктерде суперфосфатты 0,5—1 ц есебінен 8—10 см тереңдікке енгізеді.
Күріш. Күріш елімізде аса бағалы дәнді дақылдардын біріне жата-ды. Күріш
жармасында углеводтар көп (60—65%), ал белок, май және күл аз болады.
Медиқинада, парфюмерияда және токыма шаруашылықтарында оның мәні ете зор.
Жемшөп жағынан оның сабаны бидайдың сабанынан артық және оның 1 кг-да 22 г
протеин және 0,24 азық өлшемі болады.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мәденн күріш екі түр
тармағына бөлінеді. Кәдімгі күріш (дәншігінің ұзындығы 5—7 мм) және қысқа
күріш (дәншігінің ұзындығы қысқа 4 мм). Бізде негізгі егілетін кәдімгі
мәдени күріш.
Сабағының биіктігі 50—100 см. Тамыры — шашақты, онда ауа өткізетін тканы
бар (аэренхим), ол жапырағында және сабағында да болады, сондықтан жаллылай
сумен бастыру арқылы күрішті өсіруге болады. Гүл шоғыры — шашак басты,
ұзындығы 10—30 см, көптеген бұтақшалардан тұрады. Масағы — гүлді болады.
Басқа астық дақылдарынан айырмашылығы — алты аталығы болады. Өздігінен
тозаңдандыруы басым. Дәні қауызды. 1000 дәнінің массасы 27—40 г, кауызы
17—22%.
Күріш жылулықты сүйетін дақыл. Оның тұқымы 11—12°С көктейді. 0—1°
суықта үсіп кетеді. Түптену кезіндегі төменгі температура 15—18°, алғашқы
пісу кезеңінде 19—25°С болуы керек. Күріштің өсуі үшін керекті қолайлы
температура 25—30°, ал ең көбі —40°С аспауы керек. Күріш өсіп жетілу
кезеңінде тиімді температураның косындысы 3000...3500°С дейінгі жылулықты
кажет етеді.
Күріштің негізгі отаны онтүстік-шығыс Азияның тропикалық және
субтропикалық белдеулері. Қытайда, Индияда, Жапонияда және басқа елдерде
осыдан 4—5 мың жылдай бұрын белгілі бол-ран дақыл. Елімізде Азық-түлік
программасы бойынша жалпы күріштен алатын түсім 1990 жылы 3,3—3,5 млн, т-ға
жетуі керек. Оның кең тараған аймақтары РСФСР, Украина, Орта Азия және
Қазақстан, РСФСР-да, Солтүстік Кавказда, Приморск өлкесінде орналасқан.
Қазақстанда негізгі күріш егілетін облыстар — Қызылорда, Алматы, ІПымкент
және Талдықорған, ССРО бойынша күріштің егілетін егіс көлемі 585 мың га, ал
оньщ ішінде Қазақстанда 132,4 мьщ га. Алдыңғы қатарлы шаруашылықта елімізде
күріштің гектарынан 60—75 центнерден өнім алып келеді.
Бұл цифрлар мен мәліметтердің дұрыстығын жоғары өнім алып жүрген күріш
шеберлерінін, тәжірибелері дәлелдеуде. Мысалы, екі мәрте Социалистік Еңбек
Ері, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Қызыл Ту колхозының звено жетекшісі, даңқты күрішші Ыбырай Жақаев 1944
жылы гектарынан 172 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Соңғы жылдары
Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жақсыльщ Шайманов және Қазақ ССР
Жоғарғы Советінінің депутаты Үлмекен Төлегенова Қызылорда облысының Жалағаш
ауданына қарасты Мәдениет совхозында өздеріне бекітілген 25—30 гектар
күріштің әр гектарынан жыл сайын 100 центнерге дейін өнім алып келеді.
Құмай. Құмай құрғақшылық аудандарда егіліп, жан-жақты пайдаланатын
дақыл. Алынатын өнімі жаздық арпа мен жүгеріде жоғары. Құмайдың дәні
бағалы. Ол малға жем және құрама жем ретінде крахмал жасау өндірісінде
қолданылады. Негізгі астық дақылы ретінде құмай Африка, Индия және Шығыс
Азия елдерінде, ал ССРО-да Орта Азия республикаларында және Қазақстанда
өсіріледі. Тамақ ретінде пайдалануда қүмай бидай және күріштен кейін үшінші
орын алады,
Құмайдың 100 кг дәнінде 119 азық өлшемі, көк балаусасында 23,5, шөбінде
49,2 азық өлшемі болады. Дәнінде - 15% протеин, ал қантты сорттарының
сабағында 10—15% қант болады.
Ботаникалық сипаттамасы мен биологиялық ерекшелігі. Құмай- астық
тұқымдастарға жатады. Біздің елімізде төрт мәдени түрімен белгілі.
Оларды мал азығы, техникалық және азық түлік үшін өсіреді. Құмайдың
тамыр жүйесі шашақты, күшті, 2,5 м тереңдікке дейін барады
және жан-жағына 60—90 см тарайды. Сабағының биіктігі 2—3 метрге,
ал кейбіреулері 4 - 5 метрге дейін (суармалы егіншілікте) барады,
борпылдақ паренхиммен толтырылған, жақсы жапырақтанған. Гүл шоғы — шашақ
басты. Айқас тозаңданады.
Шашак басының кұрылымы жағынан екіге бөлінеді: тармақталған және
мал азықтық. Бірі — косжынысты, ал екіншісі — аталық, гүлденгеннен
кейін түсіп калады. Дәні — жалаңаш қауызды, домалақтанған немесе
сопақтау 1000 дәнінің массасы 25—45 г. Бір шашақта 1600-ден 3500-
ге дейін дән болады.
Биологиялық басты ерекшелігі - құрғакшылыкқа және тұзды жерлерге
төзімді.
Құмай — жылу сүйгіш, қыска күндік есімдік. Тұқымы
10—12°С өніп-өседі. Төменгі температураға көктеуі ете төзімсіз
—2—2,5°С салқында жаңа шықкан көктерін тез үсік шалады. 30—3S°C ыстықта
жақсы өсе береді. Ең төменгі температура гүлдеу кезінде 14—15°С, ал пісу
кезінде 10—12°С кем болмауы керек. Жалпы құмайдың өсіп-жетілу мерзімі
(пісуі үшін) ерте пісетін сорттар үшін 90—110, орта-ша пісетін сорттар
үшін 115—125 және кеш пісетін сорттары үшін 130—145 күн.

1.2 Жарма дақылдарының сорттары және агротехникасы

Жүгері дәннің сыртқы түрі мен ішкі құрылысына қарай жүгері сегіз түр
тармаққа (немесе топқа) бөлінеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
тіс тәрізді жүгері, кремнийлі, крахмалды, крахмалды-қантты, бадырауық,
балауыз тәрізді, үлпілдек дүгері.
Кремнийлі жүгері – дәні домалақ, бірақ басыңқы келеді. онда тығыз, мүйіз
түстес эндесперма басымырақ. Сырт жағы тегіс және жылтыр болады. Дәнінде
60% крахмал, 12,3% белок және 5% май бар. Ол қуаңшылыққа төзімді келеді,
бірақ өнімділігі жағынан тіс тәрізді жүгеріден төмен болады. Өсіп-даму
кезеңінің ұзақтығы жөнінен көптеген будандар және сорттармен қамтамасыз
етілген (ең ерте және өте кеш).
Тіс тәрізді жүгері. Ат тісіне ұқсаған призма тәрізді, дәні ірі. Мүйіз
қабықты эндосперма дәннің бүйірлерінде ғана, ал ұнтақты эндосперма дәннің
ортасында және жоғарғы жағында болады. Дәннің реңі бойынша сары дәнді және
ақ дәнді сорттар басым, ал өсіп жетілу кезеңінің ұзақтығына қарай орташа
мерзімде және кеш пісетін түрлерге бөлінеді. Дәнінде крахмал – 61,5, белок
– 12,2 және май 5 процент болады.
Жарылғыш жүгері – мүйіз сияқты, ұсақ дәнді болады. Қуырғанда жарылып ақ
қауызға айналады, сондықтан оны тамақ үшін пайдаланады. Мұнда белок көп
болады. Сорттары ерте піседі. Өнімі тіс тәрізді сорттарға қарағанда төмен.
Дәнінде крахмал 62%-72%, белок 10%...14% болады.
Жүгерінің басқа түр тармағы көп тарамаған.
Жүгері дақылында егіске бір сорттың немесе бір ұрпақтың тұқымын басқа
сорттың немесе ұрпақтың тозаңдарымен тозаңдандырудан алынатын гибрид
тұқымдар кеңінен пайдаланылады. Мұны өсімдіктің өзінен-өзі тозаңдануынан
шыққан тұқымдар деп атайды. Будандастырудан алынған аталық және аналық
формаларына қарай ол гибридтерді сортты аталық, сортты линиялық және линия
аралық деп бөледі. Қосарлы ұрпақ аралық гибридтері ең жоғары өнімді болып
келеді, бұлардың өнімі аудандастырылған дақыл сорттарынан алынатын өнімнен
орта есеппен 30 проценттен артық болады, бұдан кейін сортты линиялардың
өнімі шамамен 20% асып түседі, ал ең соңғы сорт аралықтардан да 5%-10%
артық өнім алады. Гибридтің алғашқы ұрпағының тұқымы қосымша қнімді едәуір
көп береді, сондықтан ол жыл сайын тұқым үшін өсіріледі.
Сорттары мен гибридтері. Жүгерінің төмендегідей гибридтерін
индустриалды технология бойынша өңдеп, Қазақстанда сүрлем және тұқым алу
үшін аудандастырылған.
Гибрид Казакстанский 5ТВ (ҚазНИИЗ), гибрид Одесский 80 МВ, гибрид
Днепровский 247 МВ, гибрид Днепровский П25 ТВ, гибрид Казахстанский 5 ТВ,
Южный -3 ТВ, гибрид Казахстанский 43 ТВ, 587 ТВ КазНИИЗ 74; гибрид
Коллективный 210 АТВ, гибрид Молдавский 215 СВ 257 СВ, гибрид Краснодарский
613 АТВ, гибрид ЗПСК А т.б.
Тары сорттары. Ауа райы және топырақ жағдайына байланысты
аудандастырылған сортты себу — болашақ мол өнімнің кепілі.
Қазақстанда таралған сорттары Долинское 86, Саратовское 3, 6, Старт,
Уральское 109, Саратовское —6.
Күріш.Сорттары. Біздің елімізде күріштің 20-дан астам сорты
аудандастырылған, Қазақстанда кең тараған сорттар Авангард, Солнечный,
Краснодарский 424, Каракалпакстан, Кубань 3, УЗОРС 59, УЗОРС 7—13,
Золотистый, Лиман, Маржан және Уштобинский сияқты сорттары.
Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу
әдістерін оңтайландыру.Зерттеу нәтижелері бойынша орта бойлы, тік жапырақты
сорттардың (Кубань 3, Краснодарский 424) ең жоғары өнім беретін егісіндегі
масақты сабақтар саны – 550-650 данам² немесе гектарына 5,5-6,5 млн.
масақ. Сабақтардың мұндай үйлесімді тығыздылығы күріш көгі өніп шыққан
кезде 320-400 данам², ору алдында 250-350 данам² болғанда қалыптасады.
Өндірістік жағдайда Кубань 3 сорты егісі гектарына 250 кг (7,5 млн. дана)
тұқым себіліп, әсер етуші зат есебімен N180 P90-120 кгга ә.з тыңайтқыш
берілгенде ең жоғарғы өнім береді.
Маржан және Лиман сорттарының ең жоғары өнімді егісі көктеп шыққан кезде
280-300 данам², ору алдында 220-250 данам² түп өсімдік болғанда
қалыптасады. Лиман сортының масақты сабақтарының үйлесімді тығыздылығы 550-
600 данам², немесе гектарына 5,5-6,0 млн масақты сабақ, ал Маржан сорты
бойынша 520-580 данам², немесе гектарына 5,2-5,8 млн масақты сабақ.
Өндірістік жағдайда мұндай мол өнімді егіс Лиман сорты бойынша гектарына
250 кг (7,5 млн дана) тұқым себіліп, әсерлі зат есебімен N150 R90-120 , ал
Маржан -280 кгга (7,5 млн дана) дән себілгенде және N150-180 R90-120
кгга ә.з. тыңайтқыш берілгенде қалыптасады.
Орта бойлы үлкен жапырақты (Маржан) және аласа бойлы, жалпақ жапырақты
(Лиман) сорттары егісіне азот тыңайтқышының жылдық (N180 кгга ә.з.)
нормасының 60-70%-ын себу алдында, 30-40%-ын күріштің 5-6 Лиман және 6-7
жапырақты Маржан кезінде (органогенездің III-кезең басында) біп рет үстеп
қоректендіру арқылы ең жоғары дән өнімі алынады.
Азот тыңайтқышының барлық жылдық нормасы себу алдында берілгенде Маржан,
Лиман сорттары егісінен авиациямен үстеп қоректендіру бермей-ақ мол өнім
(45-50,5 цга) алуға болады.
Орта бойлы, жіңішке, тік жапырақты Кубань 3 сорты егісіне азот
тыңайтқышының жылдық (N180 кгга ә.з.) нормасының 25-33%-ын себу алдында,
67-75%-ын дақыл 5-6 және 8-9 жапырақты кезеңде екі рет үстеп қоректендіру
ретінде берілген жағдайда ең жоғары өнім береді.
Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың оңтайландырылған мөлшері,
мерзімі мен енгізу әдістемелері дәстүрлі агротехникада және көшеттеп егу
технологиясы бойынша өсірілген күріш егістерінде де қолдануға болады және
өндіріске енгізуге ұсынылған.
Суға бастырылған атыз топырағында жүретін тотықсыздану процесі
нәтижесінде ерімейтін әрі өсімдіктер қабылдай алмайтын фосфор қосындылары
жылжымалы түрге айналады. Топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшері күріштің
өсу дәуірі кезінде көбейе береді де, ең жоғары деңгейі, дақылдың үстену
кезінде байқалады, сосын біртіндеп төмендейді. Сондықтан, фосфор
тыңайтқышының бүкіл жылдық нормасы себу алдында беріледі.
Фосфор тыңайтқышы дозасын диференциялап беру топырақтағы жылжымалы
фосфор деңгейіне байланысты (Х.Джамантиков, 2002). Тұзданған топырақта
жылжымалы фосфор деңгейі орташа болған жағдайда күріш егісіне әсер етуші
зат есебімен R90 кгга ә.з., ал төмен болса R120 кгга ә.з. берілуі
керек.
Қазіргі кезде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің әртүрлі әдістемелері
бар, олар: фермерлер, жеке кіші кәсіпорын, ұжымдық шаруашылық, акционерлік
қоғамдар, бірлестіктер, ассоциациялар. Бұлардың әрқайсысының эконамикалық
деңгейі мен табыстары әртүрлі. Осыған сәйкес олардың техника, тыңайтқыш,
тұқым, жаңа технология т.б. сатып алу қабілеті әр деңгейде. Жаңа
технологияны өндіріске енгізгенде немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру
және тыңайтқыштар беру жүйесі жөніндегі қолданылып жүрген агротехникалық
шаралар жетілдірілгенде шаруашылықтардың, кіші кәсіпорындар мен
фермерлердің мүмкіншіліктерін ескерген жөн.
Ғылыми зерттеу жұмыстары мәліметтері мен озат тәжірибені тұжырымдау
нәтижесінде Арал өңірінің топырағы тұзданған күріш егісі танаптарында
минералды тыңайтқыштар қолданудың Маржан сорты үшін агроэкологиялық
негіздемесі тұжырымдалды.
Қазақстанда себілетін сорттары: Гибрид Степной 5, Ранний Янтарь
161, Донское 35, Гибрид Силосный 72, Гибрид Цунами, Кинельское 3,
Богатырь, СИР 3 Сумчанка.
Агротехникасының ерекшелігі. Топырақты өңдеудегі басты мақсат — оның
өңделетін қабатындағы судың, ауаның біркелкі таралуы мен қоректену тәртібін
жақсарту және өсімдік тамыр жүйелерінің дамуына колайлы жағдай туғызу,
егістегі арамшөпті жою. Курішті суға бастырып өсіруде топырақты өңдеу
әдістерініе ерекше талап қойылады. Мұнда күріш дақылы 100—120 күн суда
болады. Жыл сайын топыракты белгілі бір тереңдікте жырту оның астыңғы
жыртылған табанын нығыздап жібереді және арамшөптердің көбеюіне әсер етеді.
Топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезінде оның үстінгі бетін тегістеу
және топырақты мүқият майдалау, тұқымның біркелкі және белгілі бір
тереңдікте түсуік қамтамасыз ету тәсілдері жүргізіледі. Бірінші өңдеу
жұмыстары апрель айының алғашқы күндерінде басталады. Оны жүргізудегі
мақсат — топырақтық үстіңгі қабатынан ауа алмасуын жақсарту және арамшөптер
тұқымының жаппай өніп шығуына ықпал ету. Топырақты екінші өндеу бірінші
өңдеуден кейін 10—15 күн өткен соң арамшөптер көгін жою үшін жүргізіледі.
Топырақты үшінші өңдеу тұқымды себуге 2—3 күн қалғанда, минералдық
тыңайтқыштарды сіңіру үшін жүргізіледі. Бедеден кейін және оның аудармасына
себілетін күріш егістігіне жұмсалатын минералдық тыңайтқыштардың мөлшері
топырақтың құнарлығына байланысты анықталады. Бедеден кейін егілген күріш
дақылдарына азотты 30—60 кгга, фосфорды 60—90 кгга мөлшерінде жүмсау
жеткілікті. Ал Қызылорда облысының тақыр топырақты жерлерінде азотты
гектарына 60—90 кг, фосфорды 70—80 кг мөлшерінде жумсайды.
Күрішті аудандастырылған сортты тұқыммен, тұқымдық танаптардан жиналған
бірінші, екінші класты тұқыммен қосып себеді. Мүқият іріктеліп өңделген
тұқымды себер алдында ауада қыздыру және 30% аммоний сульфаты ерітіндісімен
өңдеу тиімді. Күріштің себу мерзімін дұрыс анықтау үшін топырақтың кызуы +
12°С жетуі қажет. Күріштің себу мерзімі әр ауданның топырақ-климат
жағдайына байланысты түрліше болады. Қазақстаниын, күріш егетін
аймақтарында егілетін күріштің сортына байланысты себу мерзімі 15 сәуірден,
ең кеш дегенде 10 мамыр аралығында себіліп бітуі қажет. Көп жылдық
деректерге қарағанда өсімдіктің әр гектардағы қажетті қалыңдығы 300—350
сабак. болады. Егер тұқымның егістік жағдайындағы көктегіштігі 100% болса,
онда гектарына 100—120 кг тұқым себу қажет. Өсімдіктің калың өсуіне себу
мәлшері, өніп шығу қарқындылығы, тұқымның сінірілу тереңдігі, суару
тәртібі, топырақтың қышқылдану дәрежесі және басқа жағдайлар әсер етеді.
Қазақстанда күрішті сеялкамен қатарлап, тар қатарлап және тоғыспалы
әдіспен себу кең етек жайған. Бұл әдістер бойынша тұқым топыраққа негізінде
1,5—2 см, кейде 4—5 см терендікке сіңіріледі. Тұқым себілгеннен кейін
танаптарға жіберілетін су күріштің толық кектеуіне дейін ұсталады. Күрішті
сеялкамен қатарлап себу әдісі толық механикаландырылған. Мұнда топыраққа
тұқым сіңірілгеннен кейін тырмаланады. Күріш баска ауыл шаруашылық
дақылдарына қарағанда өзінің өсіп-даму кезеңінің кебін суда өткізеді.
Күрішті белгілі уақытта суға бастыру және танаптардан суды ағызу мерзімін
анықтау әр ауданның топырақ-климат ерекшеліктеріне және күріштің
сортына байланысты.
Қазіргі кезде күрішті төрт түрлі жолмен суарады: сумен тұрақты бастыру;
сумен қысқа уақытқа бастыру; сумен оқтын-оқтын және үзбей суарып отыру.

Сурет 2 Күріштің тұтынуға дайыны

Күріш - егісін сумен тұрақты бастыру тұқымды сепкеннен кейін
жүргізіледі. Мұнда су қабатының алғашқы тереңдігі 10—12 см-ден аспауы қажет
және су деңгейін тұқым толық жарып шыққанға дейін осы мөлшерде ұстайды.
Содан соң су деңгейін біртіндеп 5—7 см-ге дейін төмендетеді. Су деңгейін
азайтқанда тұқымнық өсу қарқыны артады, өсімдіктің түптенуі күшейеді, тамыр
жүйелері жақсы жайылып өседі.
Түптену кезеңі басталысымен танаптағы су деңгейін қайтадан 12—15 см-ге
дейін өсіреді де, осы қалыпта күріштің пісуіне дейін устайды, одан кейін
суды ағызады. Бұл әдісте су деңгейін 3—5 см етіп тұрақты бастыру зиян,
себебі ондай жерлерде арамшөптер қаулап өсіп шығады да, күріш өнімін
кемітеді. Күріште оттегі жетіспейді. Бұл әдістін, осындай зияндығына
қарамастан өндірісте кеңінен қолдану себебі — ол арамшептермен күресу үшін
өте тиімді.
Күрішті сумен оқтын-оқтын бастыру негізінен күріштің белгілі бір
кезеңінде ғана жүргізіледі. Бірақ бұл әдісті қолданғанда күріштің өнімі
кемиді. Өнімнің кему себебі судьщ танаптарға жіберілмеу кездері күріштің
сабақтану, масақтану және гүлдену кезеңдерімен дәл келеді. Ал бұл кездерде
күріш суды ете қажет етеді. Бұл әдістің тек суды үнемдеуге ғана септігі
тиеді, ал өнімге пайдасы аз.
Сумен қысқа уақытқа бастырудан (тұқымды сепкеннен) кенін бірден
егінжайға су жіберіледі (10—12 см тереңдікте) және оны 2—3 күн ұстайды.
Бұдан кейін су тоқтатылып, қатарлардағы куріштің кегі біліне бастағанға
дейін суармайды. Бұл жағдайда күріштің көгіне оттегі еркін жетеді де, оның
тамыры күшті дамиды. Күріш көктеп шыққаннан кейін біртіндеп 10—12 см
терендікке су жіберіледі. Күріштің түптену кезеңінде жанама сабактардың
өсуіне, тамыр жүйелерінің қалыптасуына жағдай жасайды. Күріштің түптену
кезеңі аяқталғанда танапқа су жіберіп, оның деңгейін 10—13 см-ге көбейтеді
де, күріштің қамырланып пісу кезеңіне дейін ұстайды. Бірақ бұл әдісті
сортаң топырақты жерлерге қолдануға болмайды. Қызылорда облысының сортаң
топырақты аймақтарында танаптардағы күріштің суын ауыстырып отыру қажет.
Сортаң топырақты суландыру былай жүргізіледі. Тұқымды сепкеннен соң
егінжайларды 10—15 см тереңдікте сумен бастырады, содан кейін 3 күн өткен
соң суды ағызып жібереді де, қайтадан жаңа сумен толтырады. Мұны күріштің
түптену кезеңіне дейін 2—3 рет қайталайды. Мұнда суды ағызу мен жіберудің
арасында алшақтық болмау керек. Күріштің түптену кезеңі басталған кезде
танаптарға жіберілетін су азайтылады, су деңгейі 5 см түсіріледі. Күрішті
жинау негізгі жуан сабақтың, шашактың масақтары (80—90%) әбден піскенде
басталады.
Күрішті бірінші октябрьге дейін жинап алудың маңызы зор, өйткені суық
түскенде сабақтары сына бастайды да, дәннің ысырабы көбейеді. Күрішті
белектеп немесе арамшөптерден таза танаптарда тікелей комбайнмен (СКД—50)
жинайды. Бөлектеп жинау үшін аспалы ЖРН—4, ЖРН—44, ЖРУ—4 сияқты жаткалармен
дестелейді де, 3—4 күннен кейін жартылай шынжыр табанды СҚГ—3, СКГ—4,
СКГ—4М күріш комбайндарымен бастырады.
Қарақұмық. Агротехникасының ерекшелігі. Республика шаруашылығында
қарақұмық үшін ең жақсы алғы дақыл дәнді бұршақты, отамалы дакылдар, тамыр
түйнек жемістілер, күздіктер және таза пар. Оитүстік облыстарда тоішрақ —
климат жағдайы қарақұмықты суармалы жерлерде (шабындық пен
аңыздықтарда) екінші дақыл есебінде ерте орылатын жемшептік, дәндік,
көкөніс дақылдарынан кейін өсіруге мүмкіндік береді. Өте қуаңшылық
жағдайында қарақұмық егісі үшін топырақты қайырмалы және қайырмасыз
құралдармен өңдейді.
Топырақты өңдеу көп жағдайда алғы дақылға да байланысты. Егер
қарақұмықтың алғы дақылы отамалы және дәнді бұршактар болса, топырақты
негізгі өңдеу егін орылып алынысымен іле-шала жүргізіледі.

2 Технологиялық бөлім

Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы

2.1 Өңдеу процесінде жарма сапасының қалыптасуы

Жарма - дақыл тұқымдастарына жататын тары, күріш, жүгері және қарақұмық
дәндерін өңдеу арқылы алынатын өнім. Жарма ретінде бұршақ тұқымдастарының
дәндері де пайдаланылады. Жарма тағамы қасиеттері жоғары және жұғымды
болады.
Балалар және ауруға шалдыққан адамдар үшін ерекше қажет. Жарма крахмал
мен өсімдік белогының негізі болып табылады. Сонымен бірге жармада аз
мөлшерде витаминдер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарма дақылдарын ақтау
Жарма технологиясы
Күріш жармасы технологиясы
Бидай жармасының технологиялық сұлбасы
Бидай жармасын алудың технологиясы
Райымбек ауданының егіншілік саласы
Жарма сапасына қойылатын талаптар
Арпа жармасының функционалдық қасиеттері
Өнімдер өндірісі
Жаншылған сұлы жармасы
Пәндер