Жүгері генетикасы
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 Аналитикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Систематикасы мен шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Морфологиялық және биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2 Тәжірибиелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Генетикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Селекцияның бағыттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3Селекциялық процестің техникасы мен әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4 Селекциялық материалдарды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3 Экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Тақырыптың өзектілігі: «Жүгері генетикасы» тақырыбында жазылған курстық жұмысымда жүгері дақылының генетикасы, селекциялық жетістіктері, селекциялық әдістері және систематикасы мен шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:Жүгерінің селекциясы көптеген бағытта жүргізіледі, оны белгілі бір жағдайда өсіру және оларды пайдалану тәсілдері алынады. Сондықтан, міндетті түрде, пісіру мерзімі әртүрлі болатын және шаруашылыққа құнды белгілері бар будандарды шығару қажет. Негізгі міндет – өнімділігі жоғары, өсірудің технологияларына бейімделген будандарды шығару болып табылады.

1. Ю.Б.Коновалова. Частная селекция польевых культур. М.Изд. ВО Агропромиздат. 1990
2. Т.Н.Нұрғасенов., Ә.Х.Қалиев Генетика, селекция және тұқым шаруашылығы. Алматы.2007
3. Абрамова. З.В., Карминский ОА Руководство к практическимзанятиям по генетике. Изд Колос -Л 1968. -192 с.
4. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений -М.: Колос, 1984 -344с.
5. Бутенко Р. Г. Культура изолированных тканей и физиологияморфогенеза растений.М.: Наука, 1964. -272 с.
6. Гужов Ю, Фукс А. Валичек П. Селекция и семеноводствокультурных растений. - М.: "Агропромиздат" 1991 -464 с.
7. Калинин Ф.Л., Сарнацкая В.В., Полищук BE. Методы культуры
тканей в физиологии и биохимии растений. М.: Киев: Наукова думка,
1980. -488 с.
8. Нұрышев М. X., Нұрышева А.М. Цитология.Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақтың білімакадемиясыныңРеспубликалықбаспа кабинеті.Алматы. 1999. -181 б.
9. Практические задачи генетики в сельском хозяйстве. М. Изд.
Наука 1971. -384 с.
10. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур. М.
Агропромиздат. 1987.-368 с.
11. И.В.Мичурин. Сочинения. Т.І.М.Сельхозгиз, 1948.
12. И.В.Вавилов. Теоретическиеосновы селекции. М., Наука,1987.
13. ГВ.Гуляев, Ю.Л.Гужов. Селекция и семеноводство полевых культур. 3-тье изд. Перераб. И дополн. М.,Агропромиздат, 1987.
14. Коновалов, Н.А.Березкин, У.И.Долгодворова и др. Практикум
по селекции и семеноводству полевых культур. М., Агропром-
издат, 1987.
15. Бадина, А.Н.Яблоков, С.М.Синицина. Семеноводствополевых кулыур. Л.Долос, 1983.
16. Инструкция по проведению апробации сортовых посевов.
М.Долос, 1979.
17. Международные правила анализа семян. М.,Колос, 1985.
18. Методические указания по производству семян элиты
зерновых, зернобобовых и крупяных культур/под ред. Академика
ВАСХНИЛ А.В.Пухальского. М. Колос, 1982.
19. Нұрғасенов Т.Н., Қойшыбаев Қ. Егіс дақылдарының селекциясы. Алматы, 1994.
20. Нұрғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Х., Сулейменова С.Е. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері. Астана, «Фалиат», 2003.

Аннотация
Ауыл шаруашылық дақылдарының генетикасы пәнінен Жүгері генетикасы тақырыбында жазылған курстық жұмыс 30-беттен тұрады. Оның ішінде систематикасы мен шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, генетикасы, ауыспалы егістегі орны және 3-сурет, 1-кесте қарастырылды.
Мазмұны
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1 Аналитикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Систематикасы мен шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Морфологиялық және биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..9
2 Тәжірибиелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Генетикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Селекцияның бағыттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Селекциялық процестің техникасы мен әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...19
2.4 Селекциялық материалдарды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3 Экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Анықтама терминдер
Аллель - геннің күйлерінің бірі
Биологиялық түр - белгілері мен қасиеттерінің тегі және комплексі бойынша туыстас, морфологиялық жағынан ұқсас даралардың генетикалық оқшауланған жүйесі. Түр даралары өзара оңай будандасып, ұрпақ түзеді.
Будандастыру - бір немесе бірнеше белгілер мен қасиеттер бойынша бөлінетін бір немесе көптеген аналықтарды қосу.
Ген- тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі.
Генотип - ағазадағы гендердің жиынтығы.
Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми- зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.
Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің жиынтығы.
Сұрыптау- тіршілік үшін күресте көбірек бейімделген организмдердің ұрпақтар бойы сақталуына тірелетін эволюцияның үш негізгі факторлардың біреуі.
Ұрық - ұрықтанудан пайда болатын ағза.
Хромосомалар- клетка ядросының ДНҚ мен белоктардан тұратын, өзін-өзі қайта жасайтын, негізгі бояулармен боялатын элементтері.
Фенотип - ағзаның бақылауға болатын сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жүгері генетикасы тақырыбында жазылған курстық жұмысымда жүгері дақылының генетикасы, селекциялық жетістіктері, селекциялық әдістері және систематикасы мен шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жүгерінің селекциясы көптеген бағытта жүргізіледі, оны белгілі бір жағдайда өсіру және оларды пайдалану тәсілдері алынады. Сондықтан, міндетті түрде, пісіру мерзімі әртүрлі болатын және шаруашылыққа құнды белгілері бар будандарды шығару қажет. Негізгі міндет - өнімділігі жоғары, өсірудің технологияларына бейімделген будандарды шығару болып табылады.
1 Аналитикалық шолу
1.1 Систематикасы мен шығу тегі
Жүгері дақылы азықтық, тағамдық мақсатта және бірқатар өнеркәсіп салаларында шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Жүгерінің піскен дәнінің құрамында 65-70% көмірсулар, 9-12% ақуыз, 3-5% май, 2% шамасында күл және дәрумендер болады.
Жүгерінің 1 кг құрғақ дәні 1,34 азықтық бірлікке тең болады. Жүгеріні ұн, жарма, крахмал өндірісінде, әр түрлі тағамдық өнімдерді жасауға, кондитерлік тағамдарды жасауға пайдаланылады. Жүгері майы бағалы диеталық тағам болып табылады. Жүгеріден әр түрлі медициналық препараттар жасалады, ол жақсы шикізат болып табылады. Жүгеріден жасалған сүрлемнің азықтық құндылығы өте жоғары болады. Бағалы азық ретінде жүгерінің көк балауса түрі пайдаланылады, оның құрамында мол мөлшерде каротин болады және жапырағы бар сабағын, собығын жинап алады. Жүгерінің егістік алқабы әлемде бидайдан және күріштен кейінгі үшінші орынды алады. Бұл жер шарындағы ең маңызды экономикалық жөнінен тиімді дақыл түріне жатады. Континентке қарай егістік алқаптары келесі жағдайда орналасады. %-дық есеппен: Америка - 44, Азия - 24, Африка - 17, Европа - 10, Австралия -5. Жалпы дәнді дақыл ретінде жинаудан АҚШ бірінші орында келеді. Жүгері өндіретін ірі мемлекеттерге жататындар: Бразилия, Мексика, Индия, СССР, Қытай, Аргентина, Румыния т.б. Жүгері біздің елімізде ең негізгі азықтық дақыл болып саналады.
Жүгері - Zea mays L. Poaseae тұқымдастарына жатады, триба Tripsacine C.Prest тармағына жатады (бұрын триба Maydae) деп аталған. Триба тармағы Tripsacine сегіз түрден тұрады, оның ішіндегі бесеуі шығыстан шыққан, олардың белгілері жүгеріге онша ұқсамайды және үш түрі америкадан шыққан: Zea L. - жүгері. Euchlaena Schrad - теосикте әжәне TripSacum L., - трипсакум. Кейінгі екі түрінің бірқатар белгілері және қасиеттері жүгеріге туыстас болып келеді. Zea L., - түрі монотиптік өсімдіктерге жатады және оның бір-ақ түрі болады - Zea mays (2n=20) - жүгері, бір жылдық мәдени дақыл. Эволюция процесінде табиғи және жасанды сұрыптаудың әсерінен оның бірнеше формалары шығарылды. Жүгерінің систематикасымен көптеген зерттеушілер шұғылданды. Солардың ішіндегі ең әйгілісі Стартеванттың жасаған топтастыру кестесі болып табылады, оның негізіне жүгері дәніндегі эндосперманың морфологиялық ерекшеліктері және аналық масақтағы масақ қабығының даму дәрежелері ендірілген. Жүгерінің крахмалдық дәні домалақ формалы болады, олар ұн тәріздес ұнтақ эндосперма түзеді және бұрыш тәріздес түрі болады, олар шыны тәріздес немесе мүйіз тәріздес эндоспермалардың пайда болуына әкеледі.
Дәнінің көрінісі оның қандай эндосперма түзуіне байланысты болады және кейде оның химиялық құрамына да байланысты болады. БӨЙ (ВМР) Zea mays L., түрінің жетілдірілген топтамасын ұсынды, бұл жерде эндосперманың құрылымының ерекшеліктері және аналық мақсаттағы масақ қабыршағаның жетілу дәрежесі көрсетілген.
Сурет 1. Жүгері
Жарылғыш жүгерінің дәнінде ақуыз мөлшері жоғары болады және оның тағамдық бағалылығы жоғары болады. Бұл жүгері түрін қауыздарын жасауға пайдаланылады, оның сыртқы қабықтары құуырған кезде жылдам жарылып, сыртына қарай айналады, сөйтіп өзінің көлемін 20-25 есеге дейін ұлғайтады. Сонымен қатар, жарылғыш жүгерінің дәнінен жүгері ұнын және жармасын жасайды. Крахмалдың химиялық құрамына қарай кремнийлік, тіс тәріздес және крахмалды жүгерілер бір-бірінен ерекшеленбейді. Бұл түр тармағына жататын өсімдік, өзінің бұтақты болуымен, жапырағының қалың болуымен және собығының мол болуымен ерекшеленеді. Собықтарының размері кішілеу болады, дәні майда болады. Кремнийлі жүгерінің дәні қатты шыны тәріздес болады, эндосперманың мүйіз тәріздес қабаты оның жиегіне орналасады, ал ұнтақ эндосперманың аздаған бөлігі орталық бөлігіне орналасады. Дәннің төбесі домалақ формалы болады. Бұл жүгері түрі суыққа төзімді және өзінің өсетін жерінде онша күй талғамайды. СССР-ден жүгерінің жергілікті сорттарының көпшілігі осы түр тармақтарына жатады. Тіс тәріздес жүгері түрінің ерекшелігі бұл жердегі мүйіз тәріздес эндосперма дәнінің бүйірлік бетіне орналасады, оның орталық бөлігі ұрыққа жалғасып тұрады, ол жерде ұнтақ эндосперма болады, дәнді кептірген кезде оның көлемі кішірейіп, дәннің ұшында жаншылған масса түзеді. Бұл түр тармағында ақуыз мөлшері жоғары болады. Дегенмен, құрамындағы спиртте еритін зат дәндегі лизиннің және триптофанның мөлшерін төмен болуына байланысты оның биологиялық бағалылығы төмен болады.
Сурет 2. Мәдени өсіру үшін сұрыпталатын экзотикалық жүгері түрлері
Өсімдік бір сабақты, өнімді болады, вегетациялық мерзімінің және басқа да белгілеріне қарай формалары әр алуан болады. Тіс тәріздес жүгерінің сорттары және будандары жүгері егетін елдерге кеңінен таралып кеткен. Балауыз тәріздес жүгерінің эндоспермасы жиектерінде мүйіз тәріздес бөлігіне орналасады және қаттылығы жөнінен, шыны тәріздес фракциясымен кремнийлік және жарылғыш жүгері түріне ұқсас болады. Сонымен қатар дәні жарқырап тұрмайды, қатты балауызды еске түсіреді, себебі крахмал толғымен амилопектиннен тұрады. Бұл жүгерінің дәнінің құрамында басқа түрлермен салыстырғанда дестрин мол болады. Құрамындағы ақуыз мөлшері орташа есеппен алғанда 10-13% болады. Крахмалдың химиялық құрамының арқасында балауыз тәріздес жүгері тағамдық және азықтық мақсатта пайдаланылады, және өнеркәсіптік өңдеу үшін бағалы шикізат болады. Мутанттық өңдеу үшін бағалы шикізатты болады. Мутанттық тектен шыққан түр тармағы кешірек пайда болды және оның сорттары да көп емес. Қантты жүгерінің құрамында қант мол болады. Крахмал мөлшері басқа түр тармақтарымен салыстырғанда ең төменгі болып табылады - ол 30%-дан аспайды. Суда еритін ақуыздары 18-20%-ға дейін барады, май 8-9% болады. Жүгері піскен кезде дәндері кебеді, көмірсулы фракциялардың көлемі кішірейеді, мүйіз тәріздес қабаттан көмек болмаған төбе жағы жиырылып тұрады.
Мутанттық тектен шыққан түр тармағы жас болып табылады. Қазіргі кездегі егілетін сорттары көп сабақты, жапырылып қалуға бейім болады, ауруларға және зиянкестерге қарсы тұра алмайды. Крахмалды жүгерінің дәндері ұн тәріздес құрамдас болады. Бұл жүгерінің дәнінде крахмал мөлшері 80%-дан жоғары болады, ақуыз мөлшері 12% болады, жүгерінің дәндері азықтық бағалы және крахмал және спирт өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Крахмалды жүгерінің дәндері суды жақсы сіңіреді, сондықтан, ол зиянкестерге және саңырауқұлақ ауруларына төзімді болмайды. Жүгерінің бұл түрі құрғаз климатты аудандарда өсіріледі, ол жерде тағам ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар Оңтүстік Африка елдерінде де өсіріледі. Бұл аудандарда суғарудың арқасында крахмалдық жүгері түрінің дәндері ірі формалары пайда болды, олардың 1000 дәнінің массасы 800-1000 гр-ға дейін барады. Өсімдіктің бойы орташа, жапырағы мол, бұтақтары орташа және күшті, көптеген формаларының вегетациялық мерзімі ұзақ болады.
Жұқа қабықты жүгері - бұл мутанттық тектен шыққан түр тармағы. Бұл жүгері басқа түр тармақтарынан масақ қабықтарының күшті дамуымен ерекшеленеді, ол қабықтар дәнді жауып тұрады. Шаруашылықтың маңызы жоқ. Жүгеріні эндоспермалық ерекшеліктеріне қарай бөлу, ғалымдардың пікірнше, жасанды болып табылады, оған генетикалық және филогенетикалық жағдайлар есептелінбейді. Жүгерінің ішкі түрлік құрамдарын топтастыру тәсілдері қарастырылуда. Кейбір зерттеушілер Америка континенттеріндегі жүгерінің түрлерін олардың географиялық таралуына, өсімдік морфологиясына, сыпырғыларының және собықтарының ерекшелігіне, сонымен қатар, физиологиялық, генетикалық және цитологиялық белгілеріне қарай түрлерге бөледі. Жүгерінің түрлері СССР-дің жергілікті сорттарына сәйкес болады, дәндерінің түрлері, шығу тектері, гүл қабыршақтарының түсі, сыпырғыш түрі, бұтақтылығы, өсімдіктің жапырақты болуы, вегетациялық кезеңнің ұзақтылығы т.б [4].
1.2 Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Жүгері бір жылдық мал азықтық астық тұқымдасына жататын өсімдік. Тамыры шашақты, топырақта 2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Сабағы тік, биіктігі 0,5-2,5 м, жуандығы 2-2,5 см. Жапырағы кең сызықты, ерте пісетін сорттарында 8-10 жапырақ, ал кеш пісетін сорттарда 18-21 жапырақ болады. Жүгері - бір үйлі өсімдік, бірақ гүл шоғырлары бөлек. Аталық гүлдері шашаққа жиналған және олар сабақтың басында орналасқан, ал аналық гүлдері собықпен жапырақтар қолтығында орналасқан. Жемісі - дән, ірі, 1000 дәннің салмағы-200-300 г.
Биологиялық ерекшеліктері. Жүгері - жылуды сүйетін өсімдік. Тұқымы +8-10[0]С өсе бастайды, ал егін өскіні+10-12[0]С. Өсуге қолайлы температура +19-24[0]С. Жүгері көгі -1-3[0]С бозқырауға шыдамай өліп қаладыы. Егерде тұқымда өсу нүктесі сақталған болса, жүгері өсіп-өнуін жалағастыра алады.
Ылғалды қажетсінуі. Ол қуаңшылыққа төзімді топырақ қабатында ылғал сақталған жағдайда +30-35[0]С дейінгі ыстық пен ауаның құрғақтығына көтере алады. Вегетация кезеңінің басында 30-40 күн баяу өседі және су жиынтығының 30% дейін ғана жұмсайды. Тамырларының тереңге кетуіне байланысты, ылғалды топырақтың астыңғы қабаттарынан сорады. Жүгерінің қиын-қыстау кезеңі шашақтану фазасы, осы кезеңде ылғал тапшылығы жүгерінің өнімін төмендетеді.
Жүгері қара, күңгірт қара қоңыр топырақта және т.б. жақсы өседі және борпылдақ өңделген танаптарда және аэрация жасағанда тұрақты өнім береді. Қышқыл, сортаң топырақтарда өсіруге болмайды.
Қоректік заттарды қажетсінуі. Жүгері азот тыңайтқыштарын енгізгенді жақсы көреді, әсіресе өсу кезеңінің басында кажетсінеді. Азот жетіспеген жағдайда өсіп-өнуі созылып, өнімі кемиді. Фосфор тыңайтқышын гүл шоғыры пайда бола бастағанда қажетсінеді (5-6 жапырақ кезеңінде). Фосфордың жетіспеуі собықтардың піспеуіне және собықтағы дәні түзу түзелмейді. Жүгеріге минералдық тыңайтқыштарды енгізу, өсімдіктің жақсы өсуіне және жоғары өнім беруіне көмектеседі.
Жүгері ағзаны токсиндерден, радионуклидтерден, клеткаларда жиналып қалған шлактардан тазалайды. Ал собығы жүрек ауруларынан, рактан және қартаюдан сақтайды. Өсіп келе жатқан балаларға жүгеріні көп жегізу керек. Себебі ол салмақ қосуға және витаминдер мен микроэлементтермен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Жүгері В1, В2, PP витаминдеріне және мыс, никель сияқты микроэлементтерге бай. Аллергия, қант диабеті, семіздік және басқа да зат алмасу процестері бұзылған адамдарға, асқазан жолдары ауыратындарға жүгері жеген аса пайдалы. Жүгері дәнінде ғана кездесетін майлардың құрамында 80 пайыз қанықпаған қышқыл ерітінділері бар, ал олар ағзадағы холестеринді реттейді. Сондай-ақ жүгері құрамында көміртегі көп кезде - седі. Ал көміртегінің қан құрамындағы қантты реттейтіні ежелден белгілі.
Орталық жүйке жүйесі ауыратын адамдар мен полиомелит және эпилепсия мазалайтындарға жүгері жақсы көмектеседі. Жүгерінің бұлшықетке де тигізер пайдасы мол. Сондықтан бұлшықет дистрофиясы кезінде көбірек пайдалануға болады.
Бауыры ауырған адамдар жүгері шашағын қайнаған суға шай секілді демдеп ішсе, ауруынан айығады. Емдеу мерзімі жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал жасаған еміңіз нәтижелі болу үшін жүгерінің піскен болуы шарт. Піспеген жүгерінің шашағының емдік әсері болмайды.
Морфологиялық белгілері, жүгерінің тамыры шашақты тамырға жатады. Сорттарының түріне қарай айырмашылықтары да болады. Сабағы тіке өседі, оның ұзындығы сортына қарай 0,5-тен 5 метрге дейін жетеді. Биік болып өсетін сорттары кеш піседі, ал аласа бойлы жүгерілер ерте піседі. Негізгі сабақтарының диаметрі 2-7 см болады. Жер бетіндегі сабақ желілерінің саны 5-30, жер астындағылары 4-9 болады. Желі аралығының ұзындығы төменнен жоғары қарай ұлғаяды, сонымен, төменгі желі аралықтары ең қысқасы болады. Жапырақтары ланцет тәріздес болады, олар жапырақ пластинкасынан, қынаптан және тілшеден тұрады. Жапырақ пластинкасының жалпақтығы әртүрлі болады және ұзындығы 50-ден 100 см-ге дейін барады, жиектері толқын тәріздес ирек болып келеді.
Сурет 3. Жүгері жапырағы
Жапырақтың төменгі жағы тегіс жылтыр болады, жоғарғы беті сәл ғана иіліп тұрады. Жапырақ пластинкасында орталық тамыр жақсы дамыған болады. Жүгерінің жапырақтарының саны әр түрлі болады: ең азы 12-ге дейін, аралық және үлкені 25-тен астам болады. Жапырақтардың саны вегетациялық кезеңнің ұзақтылығын білдіретін ең тұрақты белгісі болып табылады. Жоғарғы желі арасының соңында аталық гүл шоғыры - сыпырғы орналасады, ол орталық өстен және бүйірлік сабақтардан тұрады. Жүгерінің әр түрлі үлгісіндегі сыпырғылардың көлемі және формасы да әр түрлі болады. Сыпырғыларды иіліп қалған, тіке тұратын және аралық түрдегі сыпырғыштар деп бөледі. Сыпырғының өсіне жұпталған масақтар бірнеше қатар болып орналасады, ал бүйірлік бұтақтарға әдетте екі қатар болып орналасады. Апталық масақтың екі сабағынан масақ қабыршағы болады, олар жоғары қарап үшкірленіп тұрады және екі гүлі болады. Әрбір гүлде сыртқы және ішкі қабыршақтар болады, үш апталық, рудиментарлық аналық және екі ладикулалы болады. Масақтағы гүлдер әр түрлі деңгейде орналасады: біреуі төменде, екіншісі қысқа аяқты болады. Жүгерінің аналық гүл шоғыры собық болады және ол бүйірлік бұтақтың соңында жапырақтың қойнауында орналасады, оны собықтың аяғы деп атайды. Егер олардың аралық желілері ұзын және жіңішке болса, онда собық тіке тұрады. Собық жуан өстен тұрады, оның тірегіне жұптасып аналық масақтар орналасады, олар көлденең қатар түзеді. Аналық масақта екі гүл болады, жоғары гүлден днін пайда болады. Екінші төменде тұратын гүл ұрықсыз болады. Кейбір жағдайларда бірқатар сорттарда масақтағы екі гүл де дамиды. Олар екі дән түзеді. Әдетте жұп масақтар екі дән пайда болады, сондықтан собықта дән қатарлары жұп сан болады. Дәндердің қатарларының саны және олардың орналасу тығыздығы, сонымен қатар қатардағы дәндердің саны жүгерінің сорттық белгілеріне жатады. Аналық гүл аналықтан тұрады, үш радиментарлық аталықтан және екі ірі жұмыс істемейтін ладикулдан тұрады.
Аналық отырықшы болады, домалақ түйінде жіпше тәріздес төмен иілген бағандары болады. Олар қосақталған аналық ауызына барып тіреледі. Бағандардың ұзындығы гүлдің собыққа орналасу жағдайына байланысты болады. Ең ұзын бағандар собықта орналасқан гүлдерде болады. Масақта гүлдерден басқа жасыл түсті үш қысқа масақтың қабыршақтары болады. Сыртықысы қысқа және ретсіз орналасқаны ішкі гүл қабыршағы болады. Масақтың және гүлдің қабыршақтардың көлемі кішілеу болады, олар дәннің негізінде орналасады. Собықтың сыртын жапырақтар орап тұрады, оларда жапырақ қынабы, жапырақ пластинкасымен бірге болады. Собықтың жабысып тұруы топырақ бетінен 200-см-де және одан да жоғары болады. Төменде орналасқан собықтар топырақ бетінен 50-см-ге дейін биіктікте орналасады.
Жүгерінің көбікті қаракүйесі (Ustilago maydis) өсімдіктің барлық мүшелерінде өсіп, дамитындықтан, басқа қаракүйелерден ерекше тұрады. Өсімдіктің күйе түскен бөлігінде, жұқа қабықпен қапталған спораға толы буылтық пайда болады. Зақымдалмаған жүгеріге ауру егістіктің өзінде жұғады;сондықтан жаз бойы буылтықтар пайда болған өсімдікті алып тастап отыру керек. Жүгері күйесінің хламидиоспоралары немесе телиоспоралары өнген кезде төрт клеткалы фрагмобазидий береді және оның үстінде базидиоспоралар дамиды, олар бүршіктенеді. Бүршіктенген споралар қосылып дикарион түзеді, ал оның мицелийі жүгерінің ішкі тінінде өтеді де, ол жер ісініп өседі, оған қоректік заттар мол ағып келеді. Саңырауқұлақтың мицелийі ісіктің бүлінген тіндерінің есебінен тез өсіп, гифалар қаракүйе спораларына ыдырайды, олар буылтықтың жұқа ақ қабығының аржағынан көрініп тұрады. Хламидиоспора жүгерінің көбікті қаракүйесінің диплоидты фазасы. Ол топырақта қыстап шығады. Хламидиоспораның гаплоидты фазасы өздігінен індет туғыза алмайды. Тек қарама-қарсы белгілері бар споридиялар қосылғанда, не бүршіктенуден түзілген дикарионды мицелийлер індет туғызады.
Жүгерінің көбікті қаракүйесімен күресудің басты шарты зақымдалған өсімдік сабақтарын жинап өртеп жіберу, агротехникалық шараларды дұрыс пайдалану арқылы аурудың болмайын және таралмауын қамтамасыз етуге болады. Егістікке себетін тұқымдық астықтық арнаулы дәрілердің ерітінділерімен уландырады. Сонымен қатар, егістік алқапта өскін пайда болғаннан кейін 2-3 тәуліктен соң гексахлорбензолдың 50%-дық ерітіндісімен не басқа арнаулы ерітінділерді шашу арқылы аурудан сақтануға болады.
Жүгері Қаракүйесі - базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгері ауруы. Жүгері Қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 - 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктің барлық мүшесін зақымдайды. Буын аралықтарында пішіні домалақтау, ірілігі жаңғақтай немесе одан үлкенірек, ал жапырақ тақталарында өн бойына созылған, жіңішке ақшыл сарғылт, бұйраланған немесе ірілігі асбұршақтай бөртпелер пайда болады. Жүгері шашақтана бастағанда бөртпенің сыртқы қабықшасы жарылып, ішінен күйе тәрізді споралар шығады. Олар гүлдену кезінде собық жіпшелері арқылы дәндерді зақымдайды. Собықтың жартысына дейін қамтитын пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болады да, дәннің орнына көптеген қаракүйе споралары түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, дәннің түсімділігі 20 - 30 пайызға дейін төмендейді.
Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, жүгеріні бір жерге қатарынан бірнеше рет еге берсе, аурудың дамуы жыл сайын өрши беруі мүмкін. Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады. Шашақшалардың жеке гүл шоқтарында да түйіршіктер пайда болады. Егін жинау кезінде қаракүйе споралары топыраққа көшіп, бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл ауру жүгері өсіруге маманданған Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жерінде кең таралған. Жүгері Қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды витавакс 200 ФФ (3 - 5 лт), дивиденд 030 (2 - 3 лт), фенорам немесе фенорам супер (2 кгт) препараттарының бірімен дәрілейді.
Жүгерінің түсімділігі ең алдымен өсу дәуірінде суару режимін дұрыс қолдануға байланысты. Жүгері өсіп келе жатқан алғашқы кезінде суды онша қажет етпейді. Жапырақ сабақтары күрт жетілген 9-10 жапырағы пайда болған кезеңде жүгері ылғалды мол жұмсайды да, суды көп қажет етеді. Әсіресе гүлдеуден бастап дәні қамырланып піскен кезде суды қажет етеді. Бұл кезеңде ол бүкіл өсу дәуірінде жұмсалған су шығынының 70 процентін пайдаланады. Сондықтан дәл осы кезеңдерде жүгеріні топырағын құрғатпай суару аса қажет. Жүгері егістігін 4000-5000 текше метр мөлшерінде 5-6 рет суарылады. Ең алғашқы суару өсімдік 9-11 жапырақ собық байланғанда беріледі. Одан кейінгі 2-4 суарым әрбір 10-12 күннен соң жүргізіледі.
Жүгері тұқымының өнуі үшін топырақ жылылығы 8-10 градус болса жеткілікті. Ауаның температурасы төмен болған сайын тұқым бояу әрі сирек өнеді. Соның салдарынан өсімдік ауруға шалдығады немесе топырақта шыға алмай өледі. Демек жүгерінің өніп шығуы үшін топырақтың температурасы тұқымның өнуіне қажетті жылылықтың 2-3 градус жоғары болуы тиіс. Жүгерінің өніп жетілуі үшін ең төменгі температура 10-20, ал репродуктивтік органдарының пайда болуы мен гүлденуі кезеңінде тиісінше 12-15 және 20-24 градус саналады. Негізгі органдар пайда болған кезеңде жүгері температурасы өте сезімтал келеді. Егер бұл кезде күн ыстық болып, ауаның ылғалдылығы қанағаттандырылмаса ұрпақтану процессі ойдағыдай өтпейді.
Жүгерінің гектарынан 500-600 центнер көк балауса, 60-80 центнер дән алу үшін ол топырақтан 150-180 килограмм азот, 50-60 килограмм фосфор және 170 килограмм калийді өз бойына сіңіреді.
Культивациялаумен ұштастыра отырып үстеме берілген қорек жеке өсімдікке жақсы әсер етеді. Үш - төрт нағыз жапырақтары пайда болған фазасында бірінші рет, 6-7 жапырақ пайда болған фазада екінші рет, үшіншісі 10-12 жапырақ шығарғанда жүргізіледі. әрбір үстеп қоректендіруде әр гектарға 15-20 центнер аммиак селитрасы беріледі. Бұдан кейін жүгерінің азоты көп қажет ететін кезеңі шашақ шығару алдында екі-үш апта бұрын келеді. Сол себепті соңғы үстеп қоректендіруді жүгері биіктігі 60-70 сантимерге жеткенде аяқтау қажет. Өсімдіктің алғашқы кезеңдерінде азоттың жетіспеуі жүгерінің өсуін баяулатады, жапырағы сарғаяды кейінгі өсу дәуірінде азоттың жетіспеуі әсерінен жапырақ алақандарының көлемі азаяды, биіктеп өсуі тежеледі, құрғақ заттың құрамы кемиді. Міне осы жәйіттерді диқандар мықты еске ұстауға тиіс [10].
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Жүгері генетикасы
Жүгері дақылы - генетикалық зерттеулер үшін өте қщолайлы нысан болып табылады, себебі оның хромосомы сандары аз мөлшерде болады. Кейде жүгерінің хромосомдарының жиынтығында қосымша майда, в-хромосомдары да кездесіп қалады.
Жүгері - мал азығына таптырмайтын дақыл. Сондықтан оны мал бордақылауға кеңес заманында көп пайдаланған. Жалпы жүгерінің 65-70 пайызы көмірсутектен, 7-12 пайызы ақуыздан тұрса, сондай-ақ бойында 3-6 пайыз май да бар. Сол себепті ауылшаруашылығы саласында жүгерінің мал азығын дайындауда басты концентрат ретінде қолданылғаны белгілі. Қазіргі таңда жүгері жер шарында ең көп егілетін дақыл ретінде тек бидайға ғана жол беріп тұр. Жүгеріні негізінен еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде өсіруге болады.
Түрлі дақылдардың тұқымын дайындайтын Бұдан шаруашылығы қазір елімізде егілетін жүгері тұқымының 50 пайызын әзірлеп отыр. Шаруашылық қорында белгілі селекционер Лазар Койич будандастырған жүгерінің 24 тұқымы бар. Осы ретте 12 тұқым түрі мемлекеттік реестрге тіркелгенін мақтанышпен айтуымызға болады. Бұл - еліміздің байлығы болып саналады. Шарушылықта дайындалатын Тұлпар-539, Алтын-739, Арман-689, ҚазЗП-200, Скиф-619, Сұңқар-779, Марко-419 деп аталатын тұқымдар еліміздің климаттық жағдайына бейімделген. Қазақстанда сапалы тұқым дайындау жоғары деңгейде дамыған. Сондықтан болса керек, біздің жүгері тұқымдарына Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Иран, Түркия сынды елдер қатты қызығушылық танытып отыр.
Жүгері құрамында көп мөлшерде болатын магний ағзаның қартаюымен байланысты ауруларға шалдыққанда осы элементтің тапшылығын тамаша толтырады. 150 г жүгері В1 дәруменінің үлкендер үшін қажетті мөлшерінің 25%-ға жуығымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ басты антиоксидант - атеросклерозды болдырмайтын Е дәрумені. Жүгеріні күнделікті ас мәзіріне енгізу жүрек ауруларының қаупін азайтады және қатерлі ісіктен қорғайды. Жүгерінің құрамындағы көмірсулар май жиналуына жол бермей, ағзаны күш-қуатпен қамтамасыз етеді.
Жүгері Орталық Америкадан келген және оны, тіпті, біздің эрамызға дейінгі 7000 жыл бұрын өсіре бастаған деп есептелінеді. Ол Майяның, Ацтектердің және Инктердің негізгі асы болған. Сонымен қатар ол олардың мәдениетінің бір бөлігі де болған. Ацтектер аңызында: "Күн құдайы адамдарды тамақтандыру үшін алтын бұршақты (жүгеріні) жаудырған" делінген.
Еуропаға Жаңа әлемнен әкелінген басқа да ерекше заттармен бірге жүгеріні Колумб алып келді. Бастапқыда оны "үнді бидайы" деп атаған. XVI ғасырда оны француздар мен итальяндықтар өсіре бастады. Испандар мен португалдардың арқасында жүгері Африкаға жетті.
Алғашқыда жүгері аса танымал болмады, тек одан өндірілетін ұн ғана бағаланған. XIX ғасырда ғана жүгері жаппай танымалдылыққа ие болды.
Қазіргі таңда жүгері аспаздықта кең қолданылады. Жүгері ұнынан нан және торты пісіреді, сонымен қатар итальян полентасын жасайды. Ол сонымен қатар тако және энчилада дайындалатын, мексикан тортильясінің негізі болып табылады. Жүгері салаттарға қосылады, жылы күйінде ол ет тағамдарымен үйлеседі. Оны попкорн және жүгері қауыздары ретінде де қолданады. Сонымен қатар жүгері бурбон өндірісінде де қолданылады.
Жүгері туысы (кукуруза). Бірүйлі өсімдік, гүлдері және гүлшоғыры өртүрлі жынысты. Агрегатгы сыпырғы төрізді жоғары орналасқан гүлшоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір гүліңде үш-үштен аталығы болады. Аналық гүлдері собық деп аталынатын күрделі гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығыңда орналасады, және ол түрі өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған (жабылған) болып келеді. Аналық, гүлдің гүлтүйіні дөңгелек, мойны жібек жіп төрізді сусылдаған ұзын болады, оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаң осы өсімдікте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып аналықтың аузы көрінгенше пісіп кетеді. Сондықтанда жүгеріде өздігінен тозандану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктердің бірінен келіп түседі. Шыққан жері Мексика.
Жүгері жылусүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Соңдықтаңда жүгеріні себуден бұрьш топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткізеді жөне жаз бойы оны қопсытьш отырады. Жүгері жарықты жақсы көреді, сондықтанда оны қатар-қатар бір-бірінен қашықтау себеді. Ол біршама құрғақшылыққа төзімді, дегенмен күніне әрбір өсімдік 1 литрдей су қажет етеді. Жүгеріні суық ұрғанға дейін жинап алады, өйткені пісіп жетілген өсімдік -- 1°С өзінде оңай зақымданады.
Кәдімгі жүгері (кукуруза обыкновенная -- ) (258, а-сурет). Жүгері биіктігі 2-3 м және оданда көбірек болатьш бір жылдық шөггтесін өсімдік. Ол тек мөдени жағдайда ғана белгілі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 ж. әкелінген, ал Россияға оны X ғасырда себе бастаған. Кәдімгі жүгері 8 түр тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға қоректік және техникалық өсімдік ретінде маңызы аса зор. АҚПІ-да, Аргентинада және Европада бұл негізінен мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдік; Мексикада, Қытайда, Индияда, Моддовада және Грузияның батыс аудаңдарында астық беретін дақыл. Жүгерінің ұнында ұлпа (клейковина) немесе белоктық заттар жоқ. Көпжылдық жүгері (2.) деген жабайы өсетін түрінің Мексиканың тауларьшан табылғанына көп болған жоқ, шамасы ол кәдімгі жүгерінің арғы тегі болса керек.
Қоңыржай климатты аудандарда жүгерінің көптеген сорттарының дәндері пісіп үлгермейді. Сондықтанда Россияның орталық аудандарында жүгеріні ауылшаруашылық жануарларьш қоректеңдіру мақсатында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz