Менеджменттің ұғымы мен мәні


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Менеджменттің ұғымы мен мәні

Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа экономикалық қатынастарды және әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.

Қазіргі кезде кәсіпорындар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не өндіру, қалай және кім үшін - бұл сұрақтарды олардың өздері дербес шешуді қажет етеді. Сондықтан да, менеджмеиттің отандық әдістерін проб-лемаларын жақсы білген жөн.

Менеджментті нарықтың жағдайдағы экономикалық ынталандырудың бернелерін және әдістерін, әр түрлілік припциптерін қолдану, материалды, қаржыны, ақпаратты және ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде шаруа-шылық өміріндегі қол жеткізуге бағытталған басқарудың ерекше түрі ретіндегі экономикалық дербес субъектісі деп түсіндіруге болады.

Ағылшын тілінің Оксфордтың сөздігі менеджменттің төрт аталымын береді (43) :

1. Адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, -тәсілі

2. Басқарудың өнері және билік.

3. Әкімшілдік дағдылары және білудің ерекше түрі.

4. Басқару органы, әкімшілік бірлігі.

Шет тілдер сөздігінде «Менеджментті» өндірісті басқару және оның тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті басқарудың принциптерінің, әдістерінің және нысандарының жиынтығы деп қарайды.

Отандық теория мен практикада менеджментті жеке қызметкерді, жұмысшы тобы және жалпы мокемені басшылық жасау (басқару) деп түсіндіреді.

Арнайы басқарушылық әдебиеттерде менеджмент ұғымына әр түрлі түсініктер беріледі. Олардың ішінде қазіргі кезде кең түрде қолданылып жүргендерін мына төмендегі сызбадан көруге болады (43) .

Мұнда бірінші, менеджмент адам қызметінің түрі есебінде қалады. «Атап айтқанда, барлығында біз тек өндірістің экономикалық факторьша салсақ, әсіресе, капиталды, онда біз дамуға қол жеткізбес едік. Азғантай жағдайда, қашан біз менеджменттің қуатын тудыратын болса, онда біз дамуды шапшаңдатқан болар едік. Даму, басқа сөзбен айтқанда, - экономикалық байлыққа қарағанда адам қуатының іс-қимылы жақын».

Екінші, менеджмент процесс ретінде анықталады. Осының көмегімен дайындалған кәсіптік мамандар өздерінің алға қойған мақсаттары мен әзірлеме тәсілдеріне сүйене отырып, кәсіпорындарды қалыптастыруға ықпал етеді. Басқару процесі - бұл ақпараттың процесс, яғни қалыптастыру, қабылдау, алып беру, өңдеу және ақпаратты сақтау. Басқару ақпаратқа алып бармайды, бірақта ақпараттан тыс мүмкін емес екендігін ерекше атап өткен жөн.

Менеджменттік қызмет - бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің еңбегіне, ақыл-парасаттарына, адамдардың мінез-құлықтары уәждеріне сүйене отырып, алдына қойған мақсаттарын іс жүзіне асыруды ұйымдастырады.

Үшінші, менежметпен сатылы ұйымдастырушылық құрылымы ретінде басқару бернесін іске асырады. Өз кезегінде, сатылы басқару аппараты сол немесе басқа да кәсіпорының басқару құрылымында нақтылы көрінеді. Сонымен, басқару аппараты кез келген кәсіпорынның құ-рамды бөлігі болып табылады және менеджмент ұғымымен қауымдастырылады. Мұнсыз кәсіпорын құрылым максатқа сай және тиімді жұмыс істей алмайды.

Төртінші, менеджмент басқарумен айналысқан адамдардың санаты ретінде қаралады. Мақсатты алға қою және оны іске асырудағы менеджмент ғылым мезетінің негізін қалаушы Ф. У. Тейлор алда не істеу керек және қалай оны ең жақты және арзан тәсілмен жасау қажеттігін онөр ретінде нақты білуді анықтайды. Бұл өнерді нақтылы адамдар санды-менеджерлер игеруі қажет.

Басқарушылық қызметкерлердің басты міндеті - кәсіпорыннъщ барлық ресурстарын (капиталды, ғимаратты, жабдықтарды, материалдарды, еңбекті, ақиаратты) тиімді найдалаиу және үлестіру болып табылады.

Бесінші, менеджмент ғылым ретінде барлық күшін басқарушылық еңбек тегін, тебеп иен нәтижесі арасындағы байланысты белгілеу, факторлар мен жағдайларды анықтау, сөйтіп, адамдардың біріккен еңбегінің әрі пайдалы, әрі тиімді екендігіне бағыттайды. Менеджментті ғылым ретінде анықтағанда басқару жөніндегі білімді тәртіпке келтірудің маныздылығын әскере білікті жөн. Олар ағымдағы істерді өз мерзімінде және саналы басқару ғана емес, сонымен қатар жағ-дайдың дамуын болжайды, сөйтіп, осыған сәйкес кәсіпорынның опорациясы мен тактикасын әзірлейді.

Сонымен, «Менеджмент» ұғымы көптеген мағынада долданылады: басқару, басқарушылық қызметін жүзеге асыратын әлеуметтік топтар. Менеджмент - бұл өзіне ұштастырылатын экономикалық, социологиялық, психологиялық, құқықтық, техникалық және басқа да пәндердің табысқа жетуіндегі, басқару өнерін пайдаланудағы білімнің пәнаралық саласы болып табылады. Ол сонымен қатар, басқарудың теориясы мен практикасын қосады, икемді және активті қолданудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуді қамтамасыз етеді.

Отандық менеджменттің басты негізі - адам ресурстары және кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Сондықтан да, оның басты міндеті - ақпараттың, білімнің, тәжірибе мен өндіргіш күштердің жаңа ережелерін жасау.

Менеджмент жүйесінде көптеген түрдерді бөлуге болады

  • өндірістік менеджмент;
  • кадрлық менеджмент;
  • инновациялық менеджмент;
  • ақпарат менеджменті;
  • қаржы менеджменті;
  • сауда менеджменті;
  • маркетинг менеджменті; • салық менеджменті;
  • халықаралық менеджмент.

Менеджменттің бернелері

Менеджменттің бернесі - бұл басқарушылың қызметтің нақтылы түрі, арнайы қабыл алу және тәсілі, сол сияқты тиісті жұмысты ұйымдастыру, қызметті бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Міне, осыдан, басқару мазмұнының негізі құрамдас компонентінің бірі - берне болып табылады, яғни сол немесе басқа да жай жұмысты біршама орындау үшін не керек, қорытындысында істі қалай ұйымдастыру, уәждемелеу және оның орындалуын бақылау керектігін күні бұрын анықтауды қажет етеді. Мұны басқару бернесі деп атауға болады.

Менеджменттік берне - өндіріс факторларын пайдалану, жаңа өнімдер мен технологияны енгізу жөніндегі шешімдерді ұйымдастыру және орындауды қабылдаудан тұрады.

Берне - бұл басқарудың объективті құрылуы, ұғымды қалыптастыру және басқарудың берне құрылымының жүйелі тәсілінен тұрады.

Басқарудың әрбір бернесі одан әрі саралауга тап болуы мүмкін. Мына кестеде бірден-бір мүмкін болатын нұсқалар шамаланады.

Басқару бернелерін сыныптау

Баұқару сатысы:

Баұқару сатысы

Басқару бернесі:

Басқару бернесі

Баұқару сатысы:

Басқарушылық шешімді қабылдау

Басқару бернесі: Болжау
Баұқару сатысы: Қабылданған шешімді ікскеасыру
Басқару бернесі: Жоспарлау
Баұқару сатысы:

Ұйымдастыру

Баұқару сатысы:

Бақылау

Басқару бернесі:

Үйлестіру және реттеу

Баұқару сатысы: Жандандыру және ынталандыру
Баұқару сатысы:

Есеп

Баұқару сатысы: Талдау

Нақтылы экономикалық объектіде басқару бернесінің практикада алға қойған міндетінің іс жүзіне асуына байланысты, тиісті басқару аппараты оны шешуге қабілетті болуы тиіс. Қызмет міндеті ретінде немесе басқару аппаратының бернесі ретінде оларды дәлірек аннықтауды қажет етеді.

Берненің құрамы-міндеті, аппараттың өзінің құрылымы басқару объектісінің ерекшеліктерімен анықталады. Объектінің ерекшелігіне байланысты, сол сияқты жалпы басқару объектісінің бернелерімен аппараттың кейбір буындарының берне міндеттерімен бөлінеді:

• өндірістің техникалық дайындығы;

• қызмет көрсетудің бірнеше түрлері;

• өнім сапасын бақылау.

Процестің бір тұтастығы және басқару құрылымы басқарушылық аппаратта шешілерін басқару бернесіне сіңісетін және бернелер-міндетін тұлғалайды: әрбір берне міндеттің орындалуы бақкарудың барлық бернелерін іске асыруды ұйғарады.

Менеджерлік қызметтің міндеті

«Менеджер» дегеніміз - ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжейлі білетін мамандандырылған басшы. Менеджерлік әрекетінің мәні өзгерусіз, тек іменеджердің бернесі және оның жұмыс әдісі ғана қалады. Еңбектің басқа түрлерімен салыстырғанда басқару еңбегін ұйымдастырудың бірнеше ерекшеліктері болады. Сөйтіп, озінің еңбегі, оның нәтижесіне және қабылдайтын шешімін білдіреді.

Шешетін міндеттің артықшылығы көбінесе басқару еңбегінің творчестволық ой-мінезін алдын ала анықтау болып табылады. Менеджер адам, финанс және басқа да ресурстарын көп өнімділікке жеткізеді. Менеджерлік әрекеттің қорытындысы алға қойылған мақсатқа жетумен бағаланады. Қандай да салада жұмыс істемесін әрбір менеджердің жұмысында бес базалық операция болады. Олардың нәтижелілігін, тіршілікке қабілеттілігін және ұйымдастырушылығын қолдауда интеграциялық ресурстар басты рөл атқарады.

Менеджер, біріншіден, мақсатты белгілейді. Ол міндеттің әрбір тобын анықтайды және осы мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін шешеді.

Екіншіден, менеджер жұмысты ұйымдастырады. Ол әрекет түрлерін, шешімді, қатынасты, қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау жасайды. Ол сонымен қатар, оларды басқарылатын жиынтықтарға, ал бұл жиынтық басқаратын еңбек міндеттеріне бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің методологиялық негіздері
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Менеджмент – қызмет түрі ретінде. SWOT талдауы
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Менеджменттің мәні және қызметтері
Қазақстан Республикасындағы менеджменттің ролі
Кәсіпорындардағы менеджмент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz