ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау


Альджанова Салтанат Еркинбековна
ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау»
Аннотация
«ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау» тақырыбы бойынша АП-10-1к2 тобының студенті А. Е. Альджанованың жұмысы.
Курстық жұмыс негізінен бес бөлімнен тұрады: негізгі бөлім, шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары, нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгері өсіру технологиясы және қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімдері.
Жүгері дақылын өсіретін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайларын ескере отырып өсіру технологиясын жасалды, мұнда ауыспалы егістік жүйесі, алғы дақыл түрі, ауыспалы егістіктегі топырақ өңдеу жүйесі, дақылдардың аймақтық жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау жүйесі, дақыл тұқымдарын себу жұмыстары, топырақтың ылғал режимін реттеу жұмыстары және тағы басқалар ескерілді.
Курстық жұмыс 35 бетте орындалған. Жұмыста 13 кесте, 1 сурет бар.
Жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімі 25.
Түйін сөздер: Сүрлемдік жүгері, қоректік заттар, ылғал, топырақ, өсіп-даму кезеңі, сорт, өнім, тыңайтқыш.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
МЕСТ 2-102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.
МЕСТ2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.
МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың белгілері.
МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.
МЕСТ2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.
МЕСТ 2 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифты
МЕСТ 12046-85. Мемлекет аралық стандарт. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сапа туралы құжат.
МЕСТ 20081-74 Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Терминдер. Анықтаулар.
МЕСТ 52325-2005. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сорттық және егістік сапа
МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.
ӘН ОҚМУ 7. 03-2012 «Дипломдық жобалауды ұйымдастыру. Дипломдық жұмыс».
МЕСТ 2. 105-79 Конструкторлық Құжаттарды Бірдей Жүйелеу
Анықтамалар
Егіншілік жүйесі - агротехникалық және ұйымдастыру шараларының бірегей комплексі, жергілікті табиғи-экономикалық өзгешеліктерге орай жаңа жасақталған агроқұрылымдарда жерді тиімді пайдалануды, топырақ құнарлығын бір дәрежеде және жүйелі түрде арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайтуды, нарықтық бәсекелестік заманда сапасын көтеруді және мал шаруашылығы үшін берік жемшөп қорын жасауды қамтамасыз ету
Фотосинтез - күн энергиясының қатысуымен, хлоропластарда болатын ауадағы көмірқышқыл газын пайдалана отырып органикалық заттар түзетін табиғи құбылыс.
Тұқым тыныштығы - тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі
Далалық өнгіштік - далалық жағдайда пайда болған егін көгінің себілген өнгіш тұқым санының қатынасымен көрсетілген процент мөлшері
Тұқым тазалығы - егістік материалдың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Егістік материалдың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың процентпен көрсетілген массасын атайды
Өнімді бағдарлау - бұл сапалы және дер кезінде іске асырғанда күні бұрын есептелген ауылшаруашылық дақылдарының сапалы да мол өнімін қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты шаралар комплексін зерттеу болып табылады.
Технология - топырақ құнарлылығының тұрақты өсуіне интенсивті сорттар мен дақылдардың потенциалды мүмкіндіктері мен биологиялық ерекшеліктеріне, өнімді басқарудың биологиялық, агротехникалық және агрохимиялық құралдары мен өсімдікті аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден интегралды қорғауды жүйелі колдануға, машина-трактор паркін оптималды қалыптастыруға және егін себу, оны баптап-күту және жинауды жоғары өнімді машиналармен қамтамасыз ету.
Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.
Белгілеулер мен қысқартулар
АӨК - Агроөнеркәсіптік кешен;
АШТӨ - Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер;
ФБР - фотосинтетикалық белсенді радиация;
НМӨ - нақты мүмкін өнім;
МемСТЖ - мемлекеттік стандарттар жүйесі;
Ккал - килокалория;
г - грамм, масса өлшемі;
кг - килограмм, салмақ өлшемі;
мин - минуттар;
% - пайыз;
ºC - температура;
млрд - миллиард;
мг - миллиграмм;
тәу - тәулік;
л - литрлер;
рН - қышқылдылық;
ºT - қышқылдылық.
Кіріспе
Мал шаруашылығын өркендетудің табысты болуы бірінші кезекте азық қорының жағдайына тікелей байланысты. Мал азық қорын жасақтауда екі түрлі жағдай қалыптасқан: біріншісі малды қолда ұстап баққан кезде азықтандыру үшін керек жемшөпті табиғи шабындықтар мен жайылымдардан дайындау; екіншісі екпе дақылдарды пайдалану.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдардан мал азық қорын дайындау кейбір жылдары ауа райының аса құбылмалылығына байланысты мүмкін болмай қалады. Сол себепті әрбір шаруашылықта екпе дақыл болуы керек.
Екпе дақыл - мол өнім мен сапалы жем-шөп кепілі.
Жем-шөптік дақылдар, оның ішінде шөптесіндері (пішен, пішендеме, көк балауса, сүрлеме, т. б. өнім беретіндер) екіге бір жылдық және көпжылдық болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ерекше орын алатындардың бірі - сүрлемдік жүгері.
Екпе танаптарда мал азығын өндіру қазіргі уақытта мал шаруашылығына төмендегідей азық түрлерін береді: құнарлы, шырынды (сүрлем, тамыржемістер), сабақты (пішен, сабан) ; мал азықтық дақылдардың мынадай бөлінуі де қолданылады: көк балауса ( жоғары 60-80 сулы азықтар), сабақты азықтар (пішен, сәбіз, турнепс, картоп), сүрленген азықтар, құнарлы азықтар және техникалық өндірістің қалдықтары. Пайдалану және бөліну мақсаттарына қарамастан жүгері ең бағалы әрі құнды мал азықтық дақыл болып есептеледі.
Жүгері негізгі сүрлемдік дақыл болып табылады. 100 кг жүгері дәнінде 120-130 азықтық өлшем, 100 кг көк балаусасында өсіп-өну кезеңіне байланысты 12-ден 26 азықтық өлшем, 100 кг сүрлемде 16-22 азықтық өлшем және 1, 2-1, 4 сіңімді протеин бар. Жүгерінің көк балаусасы ман сүрлемінің бір азықтық өлшемінің сіңімді протеинмен қамтамасыз етілуі 60-70 г аспайды, ал зоотехникалық мөлшер 105-110г екені белгілі, ақуыз сапасыда төмен.
Мал азығына жүгері Қазақстан Республикасында 2, 2 млн. га шамасында өсіріледі, немесе мал азықтық дақылдар егістігі көлемінің 19 пайызын құрайды.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Өнімділігі жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін дақылдардан дәнге өсірген жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында да ең жоғары сапалы мал азықтық өлшем бірлігінің жиынтығын алуға болады. Ғылыми негізделген өсіру технологиясын өз дәрежесінде уақытылы, сапалы жүргізген жағдайда дәндік жүгеріден 100-120 ц/га, ал сүрлемдік жүгеріден 800-1000 ц/га көк балауса жинауға болатынын тәжірибе арқауы және озық өндірістік технологияның үлгісі дәлелдеп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстүк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау.
Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді:
- Сүрлемдік жүгері өсімдігінің биологиялық қасиеттерін анықтау;
- Дақыл өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
- Нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылдың ерекшеліктерін ескере отырып өнімді бағдарлау;
- Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша сүрлемдік жүгері өсірудің технологиясын жасау.
Практикалық бағалылығы. Жүгері дақылын өсіретін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайларын ескере отырып өсіру технологиясын жасалды, мұнда ауыспалы егістік жүйесі, алғы дақыл түрі, ауыспалы егістіктегі топырақ өңдеу жүйесі, дақылдардың аймақтық жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау жүйесі, дақыл тұқымдарын себу жұмыстары, топырақтың ылғал режимін реттеу жұмыстары және тағы басқалар ескерілді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс негізінен бес бөлімнен тұрады: негізгі бөлім, шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары, нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгері өсіру технологиясы және қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімдері.
Курстық жұмыс 35 бетте орындалған. Жұмыста 13 кесте, 1 сурет бар.
Жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімі 25.
- Негізгі бөлім
1. 1 Дақылдың ботаникалық сипаттамасы
Жүгерінің тамыр жүйесі - шашақты, топыраққа 2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Жүгеріде бес тамыр жүйесі ажыратылады; ұрықтық, гипокотильді немесе бүйір, ұрықтық эпикотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар.
Сабағы - тік, биіктігі 0, 5-3, 5 м жетеді. Сабақтың өзегі борпылдақ, кеуекті, жас кезінде 5 пайызға дейін қант болады. Сабақ түйіндерден тұрады, олардың саны 8-ден 30-ға дейін өзгереді. Сабақта, орта қабаттағы жапырақтардың қолтығынан собықтар түзіледі.
Жапырағы - кең сызықты. Өніп-өсу жағдайларры мен сорттарына байланысты 8-ден 26-ға дейін болады.
Жүгері - бір үйлі өсімдік, бірақ гүлшоғырлары бөлек. Аталық гүлдері шашаққа жиналған және олар сабақтың басында орналасқан, ал аналық гүлдері собықта.
Жемісі - дән. Түсі пигментке байланысты әр түрлі. 1000 дәннің массасы будандар мен сорттарына қарай әр түрлі: ұсақ тұқымда 100-150г, ірі тұқымдылырда- 300-400г [1] .
Сурет 1. Жүгері дақылының сыртқы көрінісі
1. 2. Жүгерінің биологиясы
Жүгерідегі себуден піскенге дейін сорттар мен будандардың пісу мерзіміне байланысты белсенді температура жиынтығы 2100-3000 0 С құрайды. Ал сүрлемдік мақсаттар үшін қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-1800 0 С.
Температураға талабы. Тұқымы 8-10 0 С жылылықта өне бастайды. Ерте пісетін сорттары 6 0 С өнеді. Тұқымның өнуіне қолайлы температура 18-25 0 С. Жүгерінің егін көгі - 2-3 0 Сбозқыраудан жарақаттанады. Генеративтік мүшелерінің түзілуі 12 0 С жоғары температурада жүреді. Өсіп дамуына қолайлы температура 20-25 0 С. Ауа температурасы 40 0 С асқанда өсіп-дамуы тоқтап өсімдікке кері әсер етеді.
Ылғалға талабы. Жүгері қуаңшылыққа төзімді өсімдік. Су пайдаланк коэффициенті 60-140 м 3 /ц, ал транспирациялық коэффициенті 230-370 тең. Алғашқы 30-40 күн бойы жүгері баяу өседі және қажетті су пайдалану жиынтығының 30 пайызын жұмсайды [2] .
Кесте 1
Жүгерінің өсетін орта жағдайларыны қоятын талалтары (Жанабаев К. Ш., Саудабаев Т., 1994ж. )
Топырақ ерітіндісінің көрсеткіші (РН) ең қолайлысы
(ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер)
- ең төменгі жылулық
- ең қолайлы жылулық
- егін көгінің пайда болуы
- Генеративтік мүшелердің қалыптастыруы
1-кестенің жалғасы
Суды барынша көп қажет ететін кезеңі оның 12-16 жапырақтану және сүттене пісу мерзіміне сәйкес келеді(шашақтанудан 10 күн бұрын және шашақтанудан 20 күн кейін) . Осы 30-40 күн ішінде барлық өсіп дамуына жұмсалатын судың 60 пайызын пайдаланады. Қолайлы топырақ ылғалдылығы- 65-75%.
Жарыққа талабы бойынша жүгері қысқа күн өсімдігіне жатады. Өсіп-дамуына қолайлы күн ұзақтығы 12-14 сағат құрайды. Жас кезеңдерінде жарыққа көп талап қояды.
Қалыпты, немесе әлсіз сілтілі реакциялы (рН 6, 0- 7, 5) топырақтарда жақсы өседі. Негізгі және қосалқы 1 ц құрғақ зат негізінде жүгері өніммен бірге шығарылатын қоректік затар мөлшері; N - 2, 65, Р 2 О 5 - 0, 60 және К 2 О - 2, 2 кг құрайды [3] .
Дән өндіру мақсатында егуге ұсыналатын будандар Қазақстан 43ТВ, Қазақстан 700СВ, Қазақстан 705СВ, Призма, Сервия, КазЗП 678, ЗПСК-704, Сайрам сорты және Өзбектің сүйір ақ жүгерісі.
2. Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары
Оңтүстүк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемероидты, қысқа шөпті, жартылай саваналы тау маңында, теңіз деңгейінен 450-500 м биіктікте жатыр.
Аймақтың жер бедері Батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы бұйратты жазық болып келеді. Еңкіс жазыққа ұласатын жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды.
Жалпы климат өте көп өзгергіштігімен, көп мөлшердегі жылуымен, мол жарығымен, ұзаққа созылатын суықсыз кезеңімен, ерте көкиемдегі көп түсетін жауын-шашынымен ерекшеленеді. Жылдық жауын шашын мөлшері 450-500мм. Климатқа тән ерекшелік - бұл жылдық жауын- шашын мөлшерінің 80-90 пайызы күзгі - қысқы көктемгі мезгілдерде (қыркүйек-мамыр) түсуі.
Жылы кезеңдерде жауын-шашын біркелкі түспейді, жаз топырақты тез құрғататын шығыс және солтүстік бағыттағы жылдамдығы 4-5 м/с болатын ыстық желмен, аз мөлшердегіжауын-шашынмен ерекшеленеді.
Аймақта жаз ыстық және ұзақ, ауаның орташа температурасы 26 0 С. Ауаның ең жоғары температурасы шілде айында 42 0 С-қа жетеді. Қыс - қысқа, аз қарлы, қаңтар айының орташа температурасы -2, 6 0 С, ал ең төменгісі - 30 0 С. Ең жоғары температурадан төменгі температураға дейін 72 0 С [4] .
Тұрақты қар жамылғысының ерте түсетін мерзімі қараша айының соңғы онкүндігі, ал еруінің соңғы күндері 30 наурыз. Қар қалыңдығының ең жоғары биіктігі 28см. Қыс мерзіміндегі тұрақсыз қар жамылғысы 56 пайызды құрайды.
Көпжылдық мәләметтер бойынша орташа есеппен қарағанда жыл бойына шамамен тәуліктік температура 11, 9 0 С құрайды. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орташа 205 тәулік. Соңғы суықтар сәуір айының басында тоқтайды және қазан айының соңында қайта басталады. 10 0 С- ден жоғары температура 4100-4400 0 С-ді құрайды. Орташа жылдық салыстырмалы ауа ылғалдылығы 57%.
Қыс кезеңінде түсетін (жаңбыр, қар түрінде) ылғал жылдық жауын-шашынның 30-40, көктемгі- 28-36, жазғы - 6-10, күзгі - 20-25 пайызын құрайды.
Шілде, тамыз, қыркүйек айларында түсетін жауын- шашынның аз болуы топырақ ылғалына айтарлықтай әсер етпейді [5] .
Жаз кезеңіндегі ауаның шамадан тыс құрғақшылығы мен жауын- шашынның өте аз болуы топырақтың көп құрғауына және оның ылғалының ең төменгі шегіне жетуіне себепші болады. Сондықтан да ылғалды көп талап ететін ауылшаруашылық дақылдарын суармалы танаптарда орналастырған дұрыс.
Шаруашылық танаптарының топырағы - кәдімгі оңтүстік сұр топырақ. Топырақ түзуші жыныстары көбіне леес тәрізді саздақ болып келеді. Топырақ қабаттары әлсіз көрінеді.
Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см) . Қара шірік қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.
В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25-65 см қабаттан кейін білінеді, ал 65 см-ден төмен қабатта гипс таралған.
Топырақтың беткі қабаты ( А 1 =5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты [6] .
Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1, 2-1, 3% және жалпы азот 0, 07-0, 08 %, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады [7] .
Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықтан топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан (рН-8, 2-8, 5) топырақ тұзданбаған.
Кесте 2
Шаруашылық танап топырағының химиялық-физикалық құрамы (Елешев Р. Е., Смағұлов Т. С., Бәсібеков Б. С., 1997ж. )
Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады.
Кесте 3
Орташа айлық және орташа жылдық жауын-шашын мөлшері мен ауа температурасы (Шымкентагро метеостанциясының мәліметтері бойынша, 2013ж. )
- Нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау
3. 1. Фотосинтетикалық белсенді радиация кірісі бойынша бағдарламаланған өнімді анықтау
Өнімділікті арттырудың негізгі жолы - тығыз байланысты агротехникалық тәсілдер комплексін зерттеп дайындау және факторларды оптимизациялау деп есептеу керек. Мұндай жол - өнімді бағдарлау болып табылады.
Өсімдіктің өсуі мен дамуына әсер ететін көптеген факторлардың ішінде күн радиациясы ең қиын реттелетін фактор.
Биологиялық массаның потенциалды өнімін фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшеріне байланысты мына анықтамамен есептелінеді:
Нақты мүмкін өнім (НМӨ) (ФБР) = R Х K
100 х Қ ө
Мұндағы: R- өсіп-даму кезеңінде түскен ФБР жиынтығы, млрд ккал/га;
К- Егістіктің ФБР пайдалану коэффиценті;
Қ ө - 1кг өнімнің құндылығы, ккал/ кг.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz