Егістік тәжірибелер жүргізу


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Ауыл шаруашылығында ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты егіншіліктің жоғары мәдениетіне жеткізіп, механикаландыру, химияландыру, әрбір дақылдың өнімділігін арттырып, тиімді түрлерін көбейту, өсімдіктер дүниесін жақсарту болып саналады.

Республикамыздың ауыл шаруашылығында қызмет ететін ғылыми мекемелердің бірі - тәжірибе станциялары да маңызды орын алады. Ауылшаруашылық тәжірибе станциялары, әр аймақтың ерекшелігіне сай ауыспалы егіс жүйесін енгізудің негіздерін анықтап, топырақ эрозиясына қарсы күрес жүргізіп, тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдарды игеру арқылы басқа да салалардың интенсивті әдістерін қолдану шараларын анықтайды. Тәжірибе арқылы анықталатыны: бітік егін өсіріп, мол өнім алу болса, ол өнімнің сапасы төмен болуы, белогы аз дәндегі уызы нашар немесе көкөністар мен жидектерде құрғақ заттардың проценті өте төмен, қажетті витаминдердің және микроэлементтердің кем болуы мүмкін. Мысалы Алматы облысының «Луч Востока» колхозында суармалы танапта күздік бидайдың «Безострая 1» сортының әр гектарынан 82 центнерден өнім алынған. Бірақ дәннің аз және уызының сапасы төмен, себебі егіннің өсіп даму кезеңінде топырақ қабатында азот жетіспеген.

Құбылыстың даму заңдарын ашып, оны түсіндіруді ғылыми зерттеу дейміз. Ауыл шаруашылығында, оның ішінде агрономия ғылымы арқылы құбылыстың сан алуандарын зерттеу өте күрделі, оның теориялық шешімдерін беру қиын, кейде мүмкін де болмайды.

Жұмыстың мақсаты: Зерттеу теориясының негізінде ғылыми бақылау мен тәжірибені жатқызады. Сол тәжірибелер мәліметтерін талдап, тексеріп қорытқаннан кейін оның теориясын дамытуға болады. Ғылым үздіксіз дамиды және оның үдемелі қозғалыс процесінде әрқилы болжамдар туып отырады. Олардың кейбірі практикамен, тәжірибемен тексеріліп дәлелденгеннен кейін теорияға айналады, ғылым мен өндірістің жетістігі болады. Зерттеу теориясы мен тәжірибелердің қолданатын негізгі тәсілі ол диалектикалық материализм тәсілі. Диалектикалық материализм тәсілі ғылыми агрономияда да кеңінен қолданылады. Мәдени дақылдардың өнімділігін арттыру теориясын дамытуда, агротехникалық амал-тәсілдердің тиімділері өндіріске ұсыныларда ғылыми бақылау мен тәжірибені кеңінен пайдаланады.

1 Аналитикалық бөлім

Құбылыстың дамуы туралы зерттеуші оның саны немесе сапасын өлшеу арқылы, ал оның қасиетін, жағдайларының белгілерін зерттеу арқылы анықтау- ғылыми бақылау болып саналады. Күздік дақылдардың түптену кезеңінде анағұрлым тез, яғни егін көктегеннен 8-10 тәулік соң көшуі ылғалмен қамтамасыздығы, ауаның жылылығы 13 0 С-дан жоғары болғандығы тек бақылау арқылы ғана байқалады. Егер егінші күздік бидай танабына әр гектарына 10 тонна көң енгізе алса, онда дақылымыз 10 килограмм азот, 10 килограмм фосфор және 45 килограмм калий тыңайтқыштарын алатындығын тек бақылау арқылы байқаған, дегенмен оның мәнін толық аша алмады. Кейбір жағдайларда құбылыс белгілерінің аралығындағы байланыстарды анықтап, оны болжап, ретіне қарай оларға әсер етуге де болады. Бақылауды жеке бір зерттеу тәсілі деуге болмайды, ол тек зертттеу методикасын толықтырады. Құбылыстың, заттың мәндерін, себептіліктері мен өзара байланыстарын нақтылы анықтауда зерттеушінің құбылысты немесе жағдайды жасанды күйге келтіруі тәжірибе болып саналады. Ол ғылыми зерттеу методикасының негізі, сондықтан да оған бақылау өзара байланыстылық жағдайлардың өзгеруін оның нәтижелігін дәлме-дәл есепке алуы жатады. Ғылыми тәжірибенің ерекшелігі оны қайтадан қайталап сол түрде жүргізуге болатындығы[1] .

Тәжірибе мен бақылаудың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Егер бақылау арқылы табиғаттың сыртқы құбылысы сана-сезімге еніп ақиқатты тізетін болса, тәжірибе біздің санамыз, ой-пікіріміз арқылы болжау нақтылығын, дұрыстығын іс арқылы тексеруді талап етеді. Сондықтан да жаратылыс ғылымдарын зерттеуде тәжірибе методикасы ең басты құрал болып саналады. Мысалы, зерттеуші табиғаттан керекті құбылыстың тууын күтпей, керекті құбылысты өзі қайтадан жинақтайды. Зерттеуші құбылысты неғұрлым терең зерттегісі келсе соғұрлым жанама жағдайларын молырақ туғызуға тырысуы керек, сонда ғана олардың нәтижелілігін және себептерін толығынан түсінеді[2] .

Өзара байланыстылық пен бақылаудан тәжірибенің ерекшелігі оның алдын ала зерттеу туралы ой-пікірдің тууы, оған тиісті жағдай жасауға кірісуі болып саналады. Тәжірибе жұмысында ең қиыны, ол алдын-ала жоспар құруы болып табылады. Зерттеуші тәжірибе жұмысының басынан аяғына дейін ойға салып көзге елестетпейінше қандай амал-тәсілдер арқылы да мәселені анықтай алмайды. Зерттеушінің бар назары, сабырлылығы, табандылығы тәжірибе жұмысына кедергі болады-ау деген мәселелерді жекелеп жоюға болатын жолын іздейді.

Тәжірибе жұмысында ескішілікке негізделген көзқарас болуы мүмкін емес, себебі шешілген мәселе болашақта қолданылады және тәжірибеші салақтықтан, еріншектіктен аулақ болады. Тәжірибеші жұмысының қандай да болмасын мәселесіне орынды тапқырлық сұрақтар қою арқылы араласып, нәтижелерін анықтар жағдайлар сақтылық пен салмақтылық, әдептілік пен шындық қасиеттері басым болады[3] .

Тәжірибешіге керекті қасиеттердің бірі ол зерттейтін істі қандай болса да күрделі, маңызды деген ұғыммен араласады. Зерттеушіде ғылыми қазыналарын жасауда құлшыныс пен табанды белсенділік мол, бұл орайда енжарлық, сылбырлық, сүйкей салушылық болмайды.

Зерттеушінің қасиеттері: еңбекқор, қабілетті, ынталы, табанды болады. 237 тәуліктік экспедиция кезінде атқарылған геофизикалық, медициналық-биологиялық, астрофизикалық, биотехникалық және техникалық 500 тәжірибе орындалуы, яғни тәжірибешіге керекті қасиеттердің көрсеткіштерінің шоғырланған түрлерінің бар екендігін анықтайды.

Әрбір жүргізілген тәжірибелер варианттарға бөлінеді: сапалы вариантқа, мысалы сорттар, дақылдар, себу тәсілі, топырақ өңдеу,, алғы дақылдар т. б. жатады.

Санды варианттарда суару нормасы, тыңайтқыш нормасы, топырақ өңдеуде оның қабатының тереңдігі т. б. жатады.

Егіс тәжірибесінде бір немесе бірнеше варианттар өлшемдерін тәжірибе варианттарымен салыстыру жолын стандарт немесе бақылау варианты дейді. Стандарт варианты немесе бақылау варианты деп тәжірибе жүргізгенге дейін зерттелген немесе егіншілер жұмысында көп жылға арналған мәліметтерін пайдалануын айтады. Тәжірибе мен бақылау варианттарының жиынтығы эксперименттің схемасы болып саналады.

Агронмиялық зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын салыстырмалы эксперименттері мынадай:

Лабораториялық методы. Өсімдік- тірі организм, ол өсіп жетілуі жағдайларына икемделуі керек. Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың бірі жетпес өнімділігін кемітеді. Сондықтан арнайы дайындалған лабораторияда өсімдіктің өсуіне факторлардың әсерін талдауда лабораториялық тәжірибесі химиялық, физикалық, химиялы-физикалық, микробиологиялық, цитологиялық және басқа әдістерге бөлінеді. Өсімдіктер тіршілігінің факторлары ылғал, қоректік зат, жылу, жарық, ауаның әсерлерін анықтауды кәдімгі ыңғайлы дайындалған бөлмелерде, жасанды жағдайларда тәжірибе жүргізу арқылы орындалады. Мысалы, мәдени дақылдар тұқымдарын тексеретін лабораторияда тұқымның көктеуіне қолайлы жылу, жарық, ылғал, ауа беру жолдары кеңінен пайдаланады.

Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының лабораториясында жаздық бидай мен арпаның жаңа сорттары пісіп жетілу мерзімдерін реттеу жұмыстары жүргізілуде. Сол сияқты селекционер-ғалмдар да үй (теплица) жағдайында өсірілетін дәнді дақылдардың мол түсімін беретін сорттарын алу жолын тәжірибе арқылы іздеуде.

Лабораториялық методты қолдануда басты объектілердің (топырақ, өсімдік) болуы қажет емес, тәжірибешінің мақсатына қарай мысалылаборатория жағдайында топырақ қабаттарындағы құбылыстарды зерттеу үшін қосымша аппараттар, приборлар т. б. қолданылады. [2]

Зерттеу жұмысының мақсаты мен маңыздылығына қарай жалпы зерттеулер жұмысында лабораториялық методтың үлес салмағы әртүрлі болады.

Вегативтік методы- арнаулы вегативті үйде әр түрлі агрохимиялық немесе физиологиялық мәселелерді шешу үшін өсімдіктерді арнаулы ыдыстарда егіп өсіру, бірақта дайындалған жағдайында агрономиялық талаптарға сай жүргізіледі. Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру методын тұңғыш рет француз ғалымы Ж. Б. Буссенго (1802-1887) қолданды. [5]

Өткен ғасырдың 70-жылдарында өсімдіктерді жасанды ортада өсіру методын неміс физиологтары Кноп пен Ю. Сакс жасап шығарған. Бұл методтың мәні мынада: тәжірибе жүргізілетін өсімдіктер ыдыстарда өсіріледі, оның вегативті ыдыстар деп атайды. Ыдыстың ішіне топырақ немесе таза жуылып әрі қыздырылған құм салынады немесе су құйылады. Оған қажетті қоректік заттардың ерітінділерін құйып, өсімдікті отырғызады.

Вегативтік методы арқылы өсімдікке қажетті қоректі заттардың, сыртқы орта факторларының жылу, ылғал, ауа, жарық, химиялық заттардың әсері және өсімдікке қажетті судың мөлшері зерттеледі. Белгілі бір факторлардың өсімдік тіршілігіне тигізетін әсерін анықтау үшін ыдыстарға топырақ орнына таза құм немесе тазартылған су толтырып, оған қажетті химиялық заттар қосылады. Белгілі бір фактордың өсімдікке тигізетін әсерін өсімдіктің өнімін есептеу, анатомиялық өзгерісін, биохимиялық динамикасын зерттеу арқылы анықтайды.

Өсімдіктің табиғи жағдайындағы өсуіне қарағанда, вегативтік эксперименттің біраз ерекшелігі бар. Мұнда ыдыстардағы топырақ аз болғандықтан, өсімдіктің тамыры еркін жайылып өсе алмайды. Ыдыстағы өсімдіктер кейбір химиялық элементтердің жетіспеуінен суды бойына біркелкі таратпайды. Сонымен қабат вегативтік методтың тағы бір ерекшелігі ыдысқа топырақты салар кезде топырақтың құрылысы бұзылады. Сондықтан бұл метод арқылы алынған мәліметтерді пайдаланып, белгілі бір ғылыми тәжірибелік қорытындыға келу үшін тәжірибені табиғи жағдайда жүргізу арқылы сыннан өткізеді.

Өсімдікке қандай минералдық элементтердің қажеттілігін білу үшін дақылдарды суда өсіру методы қолданылады. Өсімдіктер минералды тұздың әлсіз ерітіндісінде өсіріледі. Ерітіндіде элементтердің бірде біреуін, екіншісінде басқа бір элементін болдырмау арқылы олардың өсімдікке қажеттілігі мен маңызын анықтайды. Суда дақылдарды өсіру методын тұңғыш рет өткен ғасырдың екінші жартысында Германияда Кноп зерттеген. Оны Россияда тұңғыш рет Нижний-Новгородтағы (қазіргі Горький қаласы) Бүкілросссиялық көрмеде 1896 жылы К. А. Тимирязев көрсетті. [6]

Дақылдарды суда өсіру арнаулы вегатациялық шағын үйлерде орындалды, онда өсімдіктер айналасы мен төбесі әйнектелген астындағы жылжымалы вагонеткаларда өсіріледі. Ауа райы жақсы болғанда оларды күндіз рельспен жылжытып, шағын үйден сыртқа шығарады. Вегативтік шағын үйлерде топырақта өсетін дақылдарды топырақ толтырылған ыдыстарға немесе құм толтырылған ыдыстарға да отырғызады. Бұдан басқа қиыршық құмға немесе гидрокультура (гидропоника-гректің хидор-су және ponos-жұмыс деген сөз) ретінде өсіруге де болады. Ыдыстың немесе жәшіктің үстіндегі қиыршықтармен, керамзитпен немесе верминулитпен толтырылып, ал астыңғы жағынан қоректік ерітінді жіберіледі. Керамзит- бұл құрылыс материалдары. Ол саздан күйдірілген ұсақ қуыстары бар түйіршіктерден тұрады.

Вегативтік экспериментті техникалық процестердің дамуының арқасында қазіргі уақытта күрделі инженерлік құрылыстары- фитотрондардың пайда болуына себепкер болды. Фитотронда лаборатория корпусы оранжереясы, климаты және мұздату камералары орналасқан. Осылардың барлығы жыл бойы өсімдікке керекті жағдай туғызады. Өте-мөте жаңа сорт шығару және басқа да маңызды проблемелер, мысалы физиологияда, селекцияда, генетикада, өсімдікті қоректендіру туралы проблемелердың маңызды теориясын анықтауға мүмкіндік береді. Дәнді дақылдардың жаңа сорттарын жеделдете шығаруда вегативтік методы республикамызда кеңінен пайдаланылуда.

Ауылшаруашылық лизиметрлік эксперименті деп табиғи жағдайда ылғал мен қоректік заттардың жылжуы мен балансын, тепе-теңдігін есептеуге мүмкіндік беретін өсімдіктің өмірі мен топырақ процесіндегі өзгеріс динамикасын арнайы лизиметрлік тәжірибенің айырмашылығы өсімдік, топырақ қасиеттері тікелей егіс танабында зерттеледі. Лизиметр танапта белгілі бір көлемі, ені, көлденеңі және тереңдігі, түбі арнайы қоршалады. Лизиметрдің құрылысын құрастырғандағы негізгі шарты арнайы шүмегінің болуы, шүмек арқала топырақтың жоғарға қабатынан төменгі қабатына судың сіңуі, ал ол суда қоректі тұздардың еріген мөлшерін зерттеуге мүмкіндік береді. Лизиметрдің ішіндегітопырақ қабатының қалыңдығы әртүрлі, топырақтың беткей қабатынан 1-2 метрден тереңдікке дейін болады.

Лизиметрлік тәжірибелері егіншілікте, мелиорацияда, топырақтану ғылымында, агрометеоролгияда, физиологияда, агрохимияда және селекцияда, дақылдардың су қорын, тепе-теңдікті, жауын суын немесе суармалы су арқылы қоректік заттардың жылжуын, шайылуын және табиғи жағдайда транспирация коэффициентін анықтауға кеңінен пайдаланады.

Лизиметрлерді дайындаудың екі тәсілі бар, бірі лизиметрді тікелей табиғи топыраққа орналастырса, екіншісі лизиметрге топырақ толтырады. Лизиметрдің қабырға құрылыстары бетоннан немесе кірпіштен жасалып, көлемі 1-2 шаршы метрге дейін болады. [7]

Топырақ қабатындағы және өсімдіктегі ылғал мен қоректі заттарды есептеуге лизиметр өте қолайлы. Дегенмен де лизиметрдегі топырақтың төменгі қабаты негізгі топырақ қабатынан бөлінгендіктен ылғал мен ауа және қоректену режимі кәдімгі егіс жағдайынан, әрине, басқаша болады.

Егіс жағдайында өсімдік зерттеуде лизиметрлік эксперименті егіс тәжірибесінен кейін, вегативтік тәжірибесінен жоғары бағаланады.

Егістікке тәжірибе жүргізудің вегативтік методы егістік танабында түбі жоқ жәшікте топырақты 20 немесе 50 сантиметрдей тереңдікке орналастырып, зерттеледі. Егіншіліктегі әртүрлі факторлардың- тыңайтқыштардың топырақ қабатында құнарлығының тиімділігін бағалауда егіс тәжірибе жүргізудің вегативтік әдістерін пайдаланады. Бұл тәжірибелердің маңыздысы тек арнаулы учаскеде ғана емес дақылдардың биологиялық ерекшелігіне байланысты өз аумақтарының егісінд де жүргізіледі. Вегативтік және лизиметрлік әдістерге қарағанда егістікте тәжірибе жүргізудің вегативтік эксперименттерінің өзгешелігі, арнайы қосымша жабдықтарды қажет етпейді.

Соңғы жылдары егісте тәжірибе жүргізудің вегативтің методы агрометиорологияда, егіншілікте, өсімдіктер селекциясында қолданылуда.

Бұл метод арқылы зерттеушіге қолайлы мүмкіндік туғызады, яғни егіншілік жағдайында мейлінше жақындатпау, мысалы өнімді арттыруда үлес қосатын факторларды анықтауда ең алдымен ауа райының элементтерін ажыратады да, соның ішінде қандай бөлігі бұл аймақта зерттеудегі өсімдікке жетіспейтіндігін анықтайды.

Егіс тәжірибесі-арнаулы учаскеде егіс жағдайында орындалатын зерттеу жұмысы. Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты зерттеудегі варианттардың айырмашылығын анықтау, өсімдіктің өніміне және оның сапасына немесе өсіп-өну тәсілдеріне факторлардың әсерін бағалауға көмектеседі.

Егіс тәжірибесі агрономиялық ғылыми-зерттеудегі ең бір басты эксперименті болып саналады. Ол ауылшаруашылық дақылдардың сорттарын және өнімділігін, жаңа агротехникалық тәсілдерді және олардың комплекстерін ғылыми зерттеп анықтауда кеңінен пайдаланылады. Егіс тәжірибесінің ерекшелігі ол мәдени өсімдіктерді топырағы мен ауа райы және агротехникалық жағдайлары мүмкіндігінше ауылшаруашылық өндірісіне жақын немесе шаруашылықтың өзінде тікелей зерттелетіндігі.

Егіншіліктің түрлі мәселелерін зерттеуде негізгі қолданылатыны егіс тәжірибесі. Осы эксперимент арқылы зерттеледі де, әлі де зерттелуде. Мәселен, ауыспалы егістер, топырақты өңдеу тәсілдері тыңайтқыштарды қолдану, басқа да агротехникалық тәсілдерді, сорттарды, ауылшаруашылық машиналарды сыннан өткізу де осы методқа жүктеледі. [9]

Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты экспериментті ұқыпты қойып, нәтижесінде дұрыс баға беру. Керекті құбылыс көбіне мыңдаған кездейсоққа араласып, байқалмай қалып, ал кейбір тиімсіз амал-тәсілдері жоғары бағалануы. Мысалы, таза пардың түрлеріне назар аударсақ, қар және ерте жыртылатын парлардың аймағының жағдайларын есепке алмайынша өзара теңестіруге болмайды. Ерте жыртылатын пар Қазақстанның оңтүстік аудандарында ерте көктемде өңделетін болса, қара пар танабын дайындауда негізгі дақыл орылғаннан кейін кіріседі. Әрине бұл екі түрлі парлардың бір жерде, бір тәжірибе схемасында зерттеуге, сонымен қатар тек қана таза парды бір жақты бағалауға болмайды. Мысалы пар топырақ құнарлығын арттырады ылғалды жинап және оны сақтайды, арамшөптер мен зиянкестерді құртады, ол таза пардың барлығына да қатысы бар, ал мәселе тек парды өңдеу, күту мерзімдерін анықтауда, баптау тәсілін, қолданатын топырақ өңдейтін құралдар түрлерін дұрыс пайдалануын бұлжытпай орындауын қажет етеді.

Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарындағы тәлімі жердегі егіншілік тау етегіндегі жазықтық және тау бөліктерінде жүргізіледі. Сол жерлердегі екпе парлар зерттелген. Жауын-шашын тапшы жерлерде екпе парлар өзін-өзі ақтамайды деген пікірлер болды. Бірақ ғылыми-зерттеу мекемелерінің көптеген ғалымдары, сол сияқты колхоздар мен совхоздардың озат тәжірибесі мынаны көрсетті: екпе пардың артықшылығы мол аймақтарда ғана емес, ылғалы тапшы аудандарда да байқалады. «Қаскелең» астық совхозында жүргізілген, мысалы, В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының тәжірибесінде, парға егілген күздік бидай егісінің арамшөптермен ластануы болғаны анықталған. Сол сияқты 1966-1981 жылдары жүргізілген тәжірибелерде институттың зерттеу жұмыстарымен қатар ғылыми мекемелердің облыстық ауылшаруашылық химияландыруды жобалап -іздестіру станциясының мәліметтері тұжырымдалды. Тәжірибе нәтижесі: республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының тәлімі жерлерінде жауын-шашын мен ауаның температурасы әр түрлі болады. Осыған орай азот тыңайтқыштарын тәлімі жерде егілген масақты дәнді дақылдарға алдын ала метериологиялық дұрыс болжам жасаудың (жауын-шашын болатынын немесе болмайтынын белгілеу) маңызы зор. 10. . 15 килограмм фосфорлы тыңайтқыштарды парда егілген күздік бидайға қатарлап бергенде тыңайтқыш тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда қара қоңыр топырақта -3, 2 центнер, ашық қара қоңыр топырақта - 1, 5 центнер, боз топырақта -1, 7 центнер қосымша өнім алынды. Сөйтіп, тыңайтқышқа жұмсалған бір тенге шығыннан 3 . . . 4, 8 тенгедей таза пайда алынды.

1. 1 Егіс тәжірибелеріне қойылатын методикалық талаптар

Егіншілікте көптеген шешілмеген түйінді мәселелерді тек егіс тәжірибесі арқылы анықтауға болады, мәселен ауыспалы егіс жүйесі, топырақ өңдеу жүйесі, мәдени дақылдарды күтіп-баптау, тыңайтқыштар мен гербициттерді ауыспалы егіс жүйесінде қолдануын механикаландыру, басқа да агротехникалық тәсілдерді пайдалануды қажет етеді. Егіс тәжірибенің басқа ауылшаруашылық зерттеулер әдістерінен ерекшелігі зерттелетін агротехникалық тәсілдерді ауылшаруашылық өндіріске жақын, немесе сол өндіріс жағдайында тікелей зерттейтіндігі. Көбіне егіс тәжірибесі арқылы эксперименттің тәсілдеріне экономикалық баға беруді талап етеді.

Егіс тәжірибесінің нәтижелігі белгілі әдістердің қойған талаптарының орындалуына байланысты. Ол талаптар:

  1. Тәжірибенің типтестігі;
  2. Тәжірибе негізінің жалғыз ғана өзгешелігін сақтау;
  3. Тәжірибені арнайы учаскеде жүргізу;
  4. Тәжірибе дақылының өнімін есепке алу және тәжірибе мәнінің дәлдігі.

Тәжірибенің типтестігі- егіс жүргізудегі жағдайы сол ауданның ауа-райы, топырақ-климаты мен агротехникалық жағдайлары сәйкес болуын білдіреді. Егіс тәжірибенің типтестігі маңызды сапалық көрсеткіш. Аймақтық топырақ-климаттарының типтес талабы орындалмайынша егіс тәжірибесін жүргізуге болмайды. Топырақтың құнарлығын арттыру тәсілін құмақты аймақта егіс тәжірибе арқылы зерттелсе, оның нәтижесін сазды-балшықты ауданға ұсынуға болмайды, себебі олар типтес емес. Агротехникасы мен аймағы, ауданы (типтес) бірыңғай ұқсас, сәйкес болу талабы ол егіс тәжірибесін жүргізгенде өзінше әр түрлі орындалады. Бұл талапты ескермейтін жағдайлар да болады, мысалы жаңа сорттардың тұқымдары, жаңа гербициттердің, тыңайтқыштардың аумағы тапшы болғанда аудан типтестігі сақталмайды. Типтес құсастық талабы сорттарды аудандастыруда, дақылдарды орналастыруда ұқыпты түрде орындалады. [8]

Егіс тәжірибесінде орындалатын агротехникалық тәсілдері жоғары дәрежеде немесе озат шаруашылықтармен қатар болуы типтес талабын орындады деп саналады. Егіс тәжірибесі арқылы тыңайтқыштарды қолдануы зерттелетін болса, ол танаптың топырағының өңделетін қабатында ең тиімді құрылыстан қамтамасыз ететіндей өңдеуді талап етеді. Топырақ құнарлығы төмендеген, дақылдар алмасуының негізгі іске асырылмаған егіс алқаптарында тыңайтқыш қолдану тәжірибесінің нәтижелігі төмен болады. Сондықтан да егістікте тәжірибе жүргізуден бұрын сол учаскенің топырағы, құнарлығы, агротехникалық тәсілдері жоғары дәрежеде жүргізілсе зерттелген тәсілдің әсері де анағұрлым жоғары болады, ондай қорытындыны егіншілікке енгізуге мүмкіндік береді.

Тәжірибе негізінің өзгешелігін сақтау методиканың негізгі талабы. Жалпы, егіс тәжірибелеріне қойылатын талабы ол тәжірибе негізінің жалғыз ғана өзгешелігін сақтау немесе зерттеуден басқа барлық жағдайлары тепе-тең болуы. Тәжірибе жұмысында аталған талапты бұлжытпай орындау керек. Бұл талап негізінен тәжірибе схемасында бекітілген варианттарға өз бетімен басқа тәсілдерді енгізуге болмайды. Тәжірибе варианттарын әр түрлі мөлшерде қолдану, немесе дақылдардың әр түрлі мерзімінде себілуі қойған талапты орындауға мүмкіншілік жасамайды да егіс тәжірибесінің сапасын кемітеді.

Пар түрлерін бағалағанда жағдайлары тепе-теңдігін сақтау талабын күздік бидай тұқымын себу мерзіміне де қолданған. Кеш өңделген екпе пар мен дайындалған қара, ерте парларға қолайлы мерзімнен көп кеш себілген. Ақырында, ерте пар мен қара пардың күздік бидай өнімін арттыру әсерлерін бағалауы бұрмаланған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Ауыл шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар
ХХі ғ. мектебінде оқу – тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері
Оқу тәжірибе участогіндегі өткізілетін сабақтар
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Биологиялық білім берудің зерттеулеріндегі педагогикалық эксперименттің маңызы
Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz