ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау» тақырыбы бойынша АП 10-1к2 тобының студенті Б. Т. Абдимовлановтың курстық жұмысында нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылды өсіру технологиясы бөлімде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғары өнім алу үшін жер қорлары мен табиғи климаттық қорларды тиімді пайдалану принцптері келтірілген. Тәжірибе нәтижелері кестелер түрінде көрсетілген.

Курстық жұмыста бет, 6 кесте бар. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25.

Түйін сөздер: Астық дақылдары, күздік бидай, сорт, өсіру технологиясы, шаруашылық, топырақ-климаттық жағдайы, өсімдіктің биологиясы, ауыспалы егістік, топырақ өңдеу жүйесі, егін себу, егістікті күтіп-баптау, өнімді жинау.

Мазмұны

1

1. 1

1. 2

1. 3

1. 4

2

2. 1

2. 2

2. 3

2. 4

2. 5

2. 6

2. 7

2. 8

2. 9

2. 10

3

Нормативтік сілтемелер . . .

Анықтамалар . . .

Белгілеулер мен қысқартулар . . .

Кіріспе . . .

Негізгі бөлім . . .

Күздік дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы . . .

Дақылдың таралуы, ботаникалық әр түрлілігі және сипаты . . .

Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері . . .

Күздік бидайдың аймақта аудандастырылған сорттары . . .

Технологиялық бөлім . . .

Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары . . .

Күздік бидайдың жоспарланған өнімін алу үшін тыңайтқыш мөлшерін анықтау . . .

Нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылды өсіру

технологиясы . . .

Дақылдың ауыспалы егістегі орны . . .

Тыңайтқыштар жүйесі . . .

Топырақ өңдеу жүйесі . . .

Тұқымды себуге әзірлеу . . .

Тұқым себу мерзімі, мөлшері және әдістері . . .

Егістікті күтіп-баптау . . .

Өнімді жинау . . .

Қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Нормативтік сілтемелер

МЕСТ 2. 102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

МЕСТ 2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар.

МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың және бұйымдардың белгілері.

МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.

МЕСТ 2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

МЕСТ 2. 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифттары.

МЕСТ 2. 701-84 ЕСКД. Сызбалар және типтер. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЕСТ 12046-85. Мемлекет аралық стандарт. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сапа туралы құжат.

МЕСТ 20081-74 Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Терминдер. Анықтаулар.

МЕСТ 52325-2005. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сорттық және егістік сапа

МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.

ӘН ОҚМУ 7. 03-2012 «Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс».

Анықтамалар

Егіншілік жүйесі - агротехникалық және ұйымдастыру шараларының бірегей комплексі, жергілікті табиғи-экономикалық өзгешеліктерге орай жаңа жасақталған агроқұрылымдарда жерді тиімді пайдалануды, топырақ құнарлығын бір дәрежеде және жүйелі түрде арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайтуды, нарықтық бәсекелестік заманда сапасын көтеруді және мал шаруашылығы үшін берік жемшөп қорын жасауды қамтамасыз ету

Фотосинте з- күн энергиясының қатысуымен, хлоропластарда болатын ауадағы көмірқышқыл газын пайдалана отырып органикалық заттар түзетін табиғи құбылыс.

Тұқым тыныштығы - тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі

Далалық өнгіштік - далалық жағдайда пайда болған егін көгінің себілген өнгіш тұқым санының қатынасымен көрсетілген процент мөлшері

Тұқым тазалығы - егістік материалдың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Егістік материалдың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың процентпен көрсетілген массасын атайды

Өнімді бағдарлау - бұл сапалы және дер кезінде іске асырғанда күні бұрын есептелген ауылшаруашылық дақылдарының сапалы да мол өнімін қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты шаралар комплексін зерттеу болып табылады.

Технология - топырақ құнарлылығының тұрақты өсуіне интенсивті сорттар мен дақылдардың потенциалды мүмкіндіктері мен биологиялық ерекшеліктеріне, өнімді басқарудың биологиялық, агротехникалық және агрохимиялық құралдары мен өсімдікті аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден интегралды қорғауды жүйелі колдануға, машина-трактор паркін оптималды қалыптастыруға және егін себу, оны баптап-күту және жинауды жоғары өнімді машиналармен қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.

Белгілеулер мен қысқартулар

г - грамм, масса өлшемі;

кг - килограмм, салмақ өлшемі;

мин-минуттар;

%-пайыз;

ºC-температура;

млрд-миллиард;

мг-миллиграмм;

тәу-тәулік;

ГОСТ-мемлекеттік стандарттар жүйесі;

л-литрлер;

рН-қышқылдылық;

ºT-қышқылдылық;

Ккал-килокалория;

АӨК-Агроөнеркәсіптік кешен;

Кіріспе

Қазақстан үшінші мыңжылдықта алға қойған орасан зор міндеттері бар және жағанданып өркендеуге бейім, ұдайы дамитын елге айналады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003жылғы 17 мамырдағы №1096 «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарында индустриальды-инновациялық даму стратегиясы» бұйрығы еліміздің экономикасын жандандыруға себепші болатын және отанымыздың дамуының басты бағыттарын айқындайтын басты құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясаты Концепциясында баяндалғандай, еліміздегі басым бағыттардың бірі биотехнология саласы болып табылады. Қазіргі кездегі биотехнологияны денсаулық сақтауда, ауылшаруашылығында, өңдеу және азық-түлік өндірісінде тиімді қолдану, салалардың қарқынды дамуына және өркендеуіне себепші болады.

Дүние жүзілік сауда ұйымына ену алдында тұрған Қазақстан үшін ауылшаруашылығы күрделі мәселе болып отыр, өйткені отандық ауылшаруашылық өнімдері бәсекеге шыдамайды. Дүние жүзілік даму банкінің мәліметтері бойынша республикамыздың ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігі Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда 5 есе төмен болуда [1] .

БҰҰ мәліметтері бойынша республикамыздағы 272, 5 млн. га жердің 179, 9 млн. га жері немесе 66 пайызы шөл және шөлейт жерлерге айналған. Жайлымдық жерлердің деградациясынан 963 млн АҚШ доллары, топырақ эрозиясының салдарынан 779 млн. доллар, екінші реттік тұздану салдарынан 375 млн. доллар, сондай ақ гумустың жоғалуы салдарынан 375 млн. доллар шығын келтірді [2] .

Астық дақылдарының қазіргі кездегі орташа өнімділігі 10 центнерде болуда, ал Ресейде бұл көрсеткіш 2 есе артық. Әдеттегі технология бойынша ауылшаруашылық өнімділігін арттыру мүмкін еместігін қазіргі кезде жай шаруаның өзі біліп отыр. Өсімдіктерге берілетін минералды тыңайтқыштарды тиімді қолдану арқылы өнімділікті 40-50 пайызға арттыруға болады. Минералды тыңайтқыштарды қолдану еліміздің барлық аймақтарында қажетті нәтиже бермейді. Республикадағы астық дақылдарын өсіретін солтүстік аймақтарда көбіне минералды тыңайтқыштардың көмегімен 1, 5-2 центнер қосымша өнім алынады, ал минералды тыңайтқыштың толық шығынын қайтару үшін 4-6 ц/га қосымша өнім алынуы тиіс. Минералды тыңайтқыштардың көмегімен алынатын 10 пайыздық қосымша өнім ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қанағаттандырмайды .

Сіңімді азотты пайдалану коэффициенті минералды тыңайтқыштарда 30-32 пайыздан аспайды, ал фосфор тыңайтқыштарында бұл көрсеткіш небары 17-20 пайыз ғана. Сонымен қатар минералды тыңайтқыштардың негізгі кемшілігі, олардың құрамында небары 3 элемент бар. Ал өсімдіктер өсіп-дамуына 16 макро және 50 аса микроэлементтер қажет [3] . Еуропалық одақ елдерінде және Америка құрама штаттарында минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану тенденциясы жыл өткен сайын азайып келеді, есесіне экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін өндіру артып келеді. Бұл тұрғыда биопрепараттар және биотыңайтқыштар қолдану барған сайын жандана түсуде. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде 2008 жылы әлемдік биотехнология нарығы 41 миллиард долларға өнім өндірді. Бұл алдыңғы 5 жылға қарағанда 2 есеге артық [4] .

Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау.

Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді;

  • Күздік бидайдың биологиялық қасиеттерін анықтау;
  • Технологиялық элементтерді дұрыс құру үшін өсімдік өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
  • Дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен нақты топырақ-климаттық ерекшеліктері бойынша өнімді бағдарлау;
  • Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша күздәк бидай өсіру технологиясын жасау.
  1. Негізгі бөлім

1. 1 Күздік дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы

Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық - жер шарындағы халықтың негізгі азық-түлігі, сонымен қатар, дәнді дақылдар - өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, спирт өндіру, крахмал т. б. ) болып табылады.

Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Оның егіс көлемі 220 млн. га, немесе жер шарындағы барлық дәнді дақылдардың 28, 9%. Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа т. б. да маңызы зор. Астық өндірісін арттыру - біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің агроөнеркәсіптік кешенінің ең басты өзекті мәселесі болып отыр. Бұған халық қажетін азық-түлікпен қамтамасыз ету мен мал шаруашылығын дамыту тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасында дәнді дақылдардың 65% алты солтүстік облыстарында - Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарында шоғырланған: орта есеппен 2003-2005 жылдарда ол 11 млн. га болды [1] .

Қазақстанның солтүстік облыстарында 2005-2008 жылдары орта есеппен астықтың жалпы түсімі 15, 3 млн. т, ал өнімі әр гектардан 9, 9 ц болды [2] .

Оңтүстік Қазақстан облысында масақты дәнді дақылдардан, тәлімі жердерде күздік бидай мен арпа, таулы аймақтарда жаздық масақты дақылдар егіледі.

Красноводопад селекциялық тәжірибе бекетінде жүргізілген көпжылдық тәжірибелерге сүйенсек, облыстың барлық аймақтарында өсіру технологиясын дұрыс сақтағанда ғана масақты дәнді дақылдардан тұрақты мол өнім алуға болады.

Облыста дәнді дақылдардан негізінен көп егілетіні күздік бидай.

Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен - нан, макарон, кондитер өнімдері т. б. қоректенеді. Аталған өнімдердің қоректілігі жоғары болып халық мұқтажын қанағаттандыру үшін, оларда бағалы сапа көрсеткіштері мен қасиеттер болған абзал.

Бидай дәнінің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткішке ақуыз мөлшері мен дән уызы (клейковина) жатады. Бұл көрсеткіштер бидайдың пайдалану сипатын анықтайды [3] .

Өңдеу (өндіру) өнеркәсібі мен экспорт үшін күшті және қатты бидай сорттары жоғары бағаланады. Күшті бидайға ақуызы мен дән уызы мол жұмсақ бидай жатады.

Жұмсақ бидай сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын жинақты көрсеткіш - ұнның «күшіне» қарай күшті, орташа және осал (әлсіз) болып үш топқа бөлінеді.

Күшті бидай ақуызының көптігі, уызының жиырымдылығы және созылымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан көмпиіп тұрады, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор көзді, жұмсақ, созылмалы келеді, сондай-ақ өте дәмді, сүйкімді иісі болады. Сонымен қатар күшті бидайдың байытушылық қасиеті бар: осал бидайдың ұнына аздап күшті бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын нанның сапасы анағұрлым жақсарады. Күшті бидай ең таңдаулы бидай болып саналады, сондықтан ішкі және халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары.

Орташа нандық күші (қуаты), бар бидай, басқаша айтқанда филлер, ешқандай қоспасыз-ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар ақуызының мөлшері орташа, уызының жиырымдылығы біршама төмен, сондай-ақ қамырының ашытылған кездегі ферменттік тұрақтылығы да төмендеу болады. Мұндай сорттар осал бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес.

Осал (әлсіз) бидайдың ақуызы шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан сапасының көрсеткіштері төмен болады. Осал бидай нанының сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күшті бидай ұнын қосады [4] .

Жақсы қатты бидай астығы жоғары сапалы макарон өндіруге таптырмайтын шикізат болып табылады. Жұмсақ бидай ұнынан макарон өнімдерін жасауға болады, бірақ олар өзінің пішінін сақтай алмайды, омырылғыш, піскен кезде жабысқақ келеді де тиімсіз түске өнеді. Сары-янтарлы немесе лимон тәрізді сарғыш түсті макарон өте жоғары сапалы деп есептеледі. Мұндай түс каротиноид пигментіне байланысты, ал оның мөлшері жұмсақ бидайға қарағанда қатты бидайда орта есеппен екі есе көп.

Жақсы макарон өнімдері мынадай талаптарға сай болуы қажет: қамыры тығыз жабыспалы, қалыпқа салғанда жеткілікті дәрежеде механакалық берік және пішінді. Бұл қасиеттердің барлығы жоғары сапалы қатты бидай өнімдерінен дайындалған қамырға тән. Қатты бидай жоғары сапалы ұнтақ жармасын өндіретін шикізат болып табылады. Қатты бидай дәнін диірменге тартқанда қырлы ұн бөліктері бірыңғай масса болып түзіледі; ұн жасушалары қатты, бірақ нәзік келеді, ал жұмсақ бидайда олар борпылдақ әрі ұсақ саңылаулары болады. Дән уызының мөлшері мен оның сапасы да үлкен рөл атқарады. Қатты бидайдың дән уызы «қысқа» серпімді болып келеді, сондықтан оның ұнынан пісірілген нанның көлемі аз, тор көзділігі нашар болады. Газ ұстау қабілетінің төмендігінен қатты бидайдың нандық сапасы жұмсақ бидайға қарағанда төмен.

Класты астықта кем дегенде 22-28% дән уызы болуға тиіс және екінші топтан төмен болмау керек, көлемдік масса 770 г/л және одан да жоғары болады, бидай дәнінің басқа типтері 10-15% аспайды және астық қоспасы 15% аспауға тиіс класты бидайдың барлығында дәннің түсі тиісті тип пен подтиптің түсіне сәйкес келуі керек: астық аурудан, қызып кетуден аман болуға, нақты сортқа тән түсі мен қалыпты иісі сақталуға тиіс [5] .

Күздік дақылдар өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдердегі ылғал қорын тиімді пайдаланса, жаздық дақылдарға қарағанда өнімді көп береді. Топырағы құнарлы, ылғал мөлшері көп түсетін таулы аймақтарда күздік дәнді дақылдардан жыл сайын тұрақты мол өнім алып отыруға болады.

1. 2 Дақылдың таралуы, ботаникалық әр түрлілігі және сипаты

Бидай қоңырбастар ( Роасеае ) тұқымдасына және Тrіtісum туыстығына жатады. Осы заманғы жіктеу бойынша бұл туыстық 22 түрді біріктіреді. Ол 4 генетикалық топқа бөлінеді [6] .

Күздік бидай соматикалық жасушасында 42 хромосомы бар гексаплоидты түріне (2п-42) жатады. Гексаплоидты түрлер көптеген бидай өкілдерін біріктіреді (жұмсақ бидай, спельта, т. б. бидайлары) . Олардың ішінде ең кең тарағаны жұмсақ бидай ( Т. аеstіvum) . Бұл бүкіл дүние жүзінде барынша көп тараған астық дақылы. Ол жер шарының барлық континенттерін қамтиды - полярлық шеңберден оңтүстік Африка мен Америкаға дейін: теңіз деңгейінен төмен жерлерде, сонымен қатар 4000 м биіктікке дейінгі белдеулерде өсіріледі [7] . Осының бәрі бұл дақылдың үлкен бейімділігін көрсетеді. Тіршілікке бейімділігі бойынша да, морфобиологиялық ерекшеліктері бойынша да (күздік, жаздық, жартылай күздік және жаздық) жұмсақ бидай айтарлықтай полиморфты болып келеді.

Бидай түрлерінің ішінде барынша маңыздыларына жұмсақ және қатты бидайлар жатады.

Жұмсақ бидай ( Т. аеstivum ) жоғарыда көрсеткеніміздей, егіншілікте көп тараған, масағы борпылдақ, қылтықты және қылтықсыз, қылтықты формаларында қылтықтары жанжағына шашыраңқы орналасқан және масақ ұзындығынан қысқа. Масақ қабықшасы ұзынша әжімді, оның қыры (киль) жіңішке, негізіне қарай жойылып кетеді. Масақтың «бет» жағы бүйірінен жалпақ. Масақ асты сабанының бөлігі қалыпты жағдайда кеуек. Дәндері жеңіл үгітіледі, ұсақ, орташа және ірі болып келеді, ұнды, немесе жылтыр (шынылы) . Айдары айқын ажыратылады, қылдары ұзын [8] .

Жұмсақ және қатты бидайлар кең тараған, сондықтан сыртқы орта мен адамзат әсеріне көп ұшыраған. Осының нәтижесінде көптеген түршелерге тармақталған. Бидайды түршелерге ажырату үшін тұрақты морфологиялық бес белгісі - масақтың қылтықтылығы, масақша түктілігі, масақтың, дәннің және қылтықтың түстері алынған.

Бидайдың әрбір түршесі биологиялық және өндірістік ерекшеліктерімен бір-бірінен ажыратылатын бірқатар түрлерін біріктіреді. Бір түршеде жаздық та күздік те, ерте пісетін және кеш пісетін т. б. түрлері болуы мүмкін.

Күздік бидайдың тамыр жүйесі - шашақты. Тамыр жүйесінің құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты өзгереді. Тамыр жүйесінің дамуы ұрықтық (алғашқы - 3-5) тамырлалардың пайда болуынан басталады. Соңынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлары 12-14 тәуліктен кейін (3-4 жапырақ кезеңі) түзіледі, олар топыраққа тез бойлайды.

Ұрықтық тамырлары бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Түйін тамырлардан бұрын түзіліп, оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіп-жетілу кезеңінің соңына қарай 150 см және одан да ұзын шамаға жетеді. Алайда жоғары өнімді түйін тамырлары жақсы дамығанда ғана алуға болады. Қуаңшылықты жылдары, әдетте, түйін (екінші, қосалқы) тамырлар түзілмейді, ал бидай мен арпаның астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады және 5-8 ц/га мөлшермен шектеледі [9] .

Сабағы - сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырақтар санына сәйкес келеді. Сабаны қуыс, жүгері мен шай жүгеріде ғана паренхимамен толтырылған. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғары бөлігі жіңішке келеді.

Жапырақтары 2 түрде - ұрықтық (3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан және жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орнында тілше деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішіне судың өтуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде (басында) ұзынша кұлақшалар немесе мүйізшелер түзіледі, олар сабақты орай өседі.

Гүл шоғыры - масақ . Масақ мүшелі біліктен және масақшалардан тұрады. Білік өзара әртүрлі күйде орналасқан мүшеліктерден тұрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті (қара бидайда) болуы мүмкін. Әдетте, мүшеліктер қысыңқы келеді де екі кең жақтары мен екі қабырғасы болады. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жағы деп атайды. Білік бойынша масақтың бет және бүйір жақтарын жеңіл ажыратады.

Әрбір мүшеліктің төбесі жуанданып бітеді де тұғыр (кемер) деп аталады, онда масақшалар орналасады. Әдетте бидай мен қара бидайда біліктің әрбір мүшелігінде бір-бір масақша бекиді, ал арпада үш масақша орналасқан. Әрбір масақша екі жағынан қапталдасып орналасқан екі масақша қауызынан (қабығынан) тұрады. Масақша қабықшалары әртүрлі деңгейде дамыған, кейбіреулерінде (арпада) масақ сыртында орналаскан екі жіңішке қабықшаға айналады.

Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады да ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік келеді және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық орналасқан.

Жемісі - дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшаларымен қапталған. 1000 дәннің массасы сорттарына байланысты 36-45г [10] .

1. 3 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Қазақстанның оңтүстігі күздік бидай өсіруге өте қолайлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыста дәнді дақылдардан негізінен көп егілетіні күздік бидай
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
Ноқат дақылының биологиясы
ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау
Жүгеріні өсіру технологиясы
ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Ноқат топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл
Қазақстанның оңтүстік – шығысында тәлімі арпа өсірудің ғылыми негіздері
Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz