Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды технологиясы



Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Белгілер мен қысқартылған мәндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Халық шаруашылығындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қарбыздың өсіп дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Топырақты өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Егісті күтіп . баптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Тыңайтқыштар енгізу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Суару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.
Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.
Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.
Дегенмен, еліміздің Ресей және Белоруссия мемлекеттерімен бірге кедендік одақ құруы облысымыздағы бақша өнімдерін өндіретін шаруа диқандар үшін қолайлы жағдай туғызды. 2010 жылы Онтүстік Қазақстан облысынан Ресейге 70-80 мың тоннаға жуық қарбыз ешқандай кедендік кедергісіз өтіп, диқандар үшін жоғары бағаға сатылды.
Бірақ, өнімдерді нарық талабына сай, жоғарғы сапада өндіріп шығаруда шаруа диқандар бірқатар кедергілерге кез келді. Жергілікті жерге бейімделген, аудандастырылған, сұранысқа ие қарбыз сорттары және оның сапалы тұқымдары болмады. Тұқымдарды шаруа диқандар Өзбекстаннан қымбатқа сатып алды, оның кебісі ойдағыдай өнім бермеді. Қаншама тұқымға жұмсалған қаржы Өзбекстанда қалды.
Республикада жергілікті жердің топырағы мен ауа райына бейімделген қарбыз сорттарын шығаратын және олардың элиталық тұқымдарын дайындап, көбейтумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институты болмағандықтан аталған мәселелер кенже қалып келген. Осының салдарынан шаруалар табылған тұқымды егіп, өнімдерін өткізе алмай, тіпті жұмсалған шығынын қайтара алмай жүргендері де бар.
Осы орайда аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында облысымыздың ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысы бойынша Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 2008 жылдан бастап жоғары өнім беретін қарбыз сорттарын шығару бағытында Өзбекстан мемлекетімен ғылыми байланыс негізінде өз қаражаты есебінен ғылыми жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жоғары өнім беретін қарбыздың «Сапалы» сортын шығарды. Ол сорт 2011 жылдан бастап Мемлекеттік сорттық сынақтан тексерілуден өтуде.
Жұмыстың мақсаты- Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды технологиясын меңгеру
Жұмыстың міндеттері -топырақты өңдеу;
- егісті күтіп баптау;
- тыңайтқыштар енгізу жүйесі;
1. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ., Серекпаев Н.А., Шестакова Н.А. Арыстанқұлов С.С: «Өсімдік шаруашылығы» Алматы:2011ж 581-595 б.
2. Жанзақов М.М., «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда: 2007ж 246-258 б.
3. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә., «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» Алматы,2011ж 519-529бет.
4. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.Ә.,Серикбаев Н.А. «Өсімдік шаруашылығы практикумы (оқу құралы) Астана,2004ж., 280 бет.
5. Сейітов И., СаудабаевТ., Әбдірашев Ш. Агрономия негіздері.-А. Ана тілі,1991., 69-87бет.
6. Жаңабаев К.Ш., Саудабаев Т.С., Сейітов И.С. « Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Оқулық.*Алматы: Кайнар, 1994,-352б.
7. Жаңабаев К.Ш. және баскалар. Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер және олармен күрес.- Алматы,1994.. 92-106бет.
8.Тоқтамысов Ә.М.т.б. Ауылшаруашылық негіздері. –Қызыл-Орда , 2005.. 28-34б.
9. Үмбетаев И .Биғараев О., Қарбыздың «Сапалы» сортын өндіріске енгізу ұсыныстары.- Атакент, 2011ж., 65-73б.
10. Ахметова Ф. С. «Бақша шаруашылығы» Алматы 2001ж., 51-57б.
11. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М,Апушев А.Қ.,Серекпаев Н.А., Шестакова Н.А..- Алматы,1994.. 92-106бет.
12. Аяпов К.Ж., Кампитова К.А., Мажитова Р.С. Жеміс шаруашылығы.- Алматы, 2005., 83-94б.
13. Аяпов К.Ж., Жеміс жане жидек шаруашылығы.- Алматы: Қайнар, 1993ж., 42-53б.
14. Аяпов К.Ж., Үкібасов О.А., Мажитова Р.С.. Жеміс шаруашылығының әдістемелік нұсқауы,-Алматы, 2005., 63-71б.
15. Андреев.В.М, Марков В.М., Практикум по овощеводству.-М:Колос 1980ж., 83-91б.
16. Кампитова К.А.. Жеміс шаруашылығы: оку құралы. Алматы 2004ж., 69-86б.
17.Юсупов М.З, Петров Е.П, Ахметова Ф, Овощеводство Казахстана.- Алматы2001ж., 49-67б.
18.Каплина Г.Т. Рассадные овощные культуры.- Алма-Ата: Қайнар 1990ж.,
19.Якушев В.И,Шевшенко В.В, Плодоводство с основами декоративногосадоводство. – Колос 1980ж., 16-21б.
20. Есмахан Н.Ш. Абишова Г.С. «Бақша шаруашылығы» пәнінен курстық жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2012ж., 29-37б.
21. Бараев А.И ., Сүлейменов М.К. т.б. Топырақты қорғау егіншілік жүйесі. –Алматы, 1985., 67-73б.
22. Әубәкіров Т., Жұмағұлов Ж. Өсімдік шаруашылығы және селекция.- Алматы, 1988., 68-74б.
23. Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С., Бәсібеков Б.С. Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Алматы , 1997., 51-60б.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

пәні
___________________________________ ___________________
Жұмыс тақырыбы :__________________________________ ________________
___________________________________ __________________________________

Мамандығы ___________________________________ _______________________
(мамандықтың аталуы мен шифрі)

Орындаған ___________________________________ _______________________
(қолы, студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші ___________________________________ ________________________
(қолы, оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс _____________
бағасы

бағасына қорғалды

____ ____________2014 ж.

Комиссия:

_______________________

қолы, аты-жөні

_______________________
қолы, аты-жөні

Норма бақылау

_______________________

қолы, аты-жөні

Шымкент, 2014 ж.

Ф.7.14-03

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі_______

_____________ 2013 ж.

№ ____ ТАПСЫРМАСЫ

___________________________________ __ пәні бойынша курстық жұмыс

Студент____________________________ ________ топ __________________

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс
тақырыбы___________________________________ ______________________________

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
________________

Берілген
мәліметтер:___________________________________ ___________________________

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу мерзімі Көлемі (парақ
саны)
1 Аннотация, мазмұны, нормативтік
сілтемелер
2 Кіріспе
3 Негізгі бөлім
4 Технологиялық бөлім
5 Қоршаған ортаны қорғау және техника
қауіпсіздігі
6 Қорытынды
7 Пайдаланылған әдебиеттер

№ Графикалық бөлімнің мазмұны Орындалу Парақ саны Формат
мерзімі
1

Әдебиеттер:
1.___________________________________ ___________________________________ ____
_____
2.___________________________________ ___________________________________ ____
_____
3.___________________________________ ___________________________________ ____
_____

Тапсырма берілген күні__________, жұмыстың қорғау күні____________________

Жұмыстың жетекшісі
___________________________________ _____________________
__

(қызметі, аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған
___________________________________ _________
__

(күні,
студенттің қолы)

Ф.7.14-04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агроөнеркәсіп факультеті

Агротехнология кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі_________

__________ 2014 ж.

Курстық жұмыс қорғау

Хаттамасы № ______

___________________________________ _____ пәні

Студент ___________________________________ ________ тобы _______

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ _____________
___________________________________ ___________________________
___________________________________ ___________________________
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.___________________________________ ___________________________________ ____

2.___________________________________ ___________________________________ ____

3.___________________________________ ___________________________________ ____

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) ________,

қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) _________ балл.

Сомалық баллы ______________

Жұмыстың бағасы _____________

Курстық жұмыс жетекшісі ___________________________________ __________

Комиссия мүшелері ___________________________________ ________________

Комиссия мүшелері ___________________________________ ________________

Қорғау күні ________________ 2014 ж.

Аннотация

Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды технологиясы
тақырыбы бойынша АП-11-1к3 тобының студенті Б.Дәулетбаеваның жұмысы.
Бұл курстық жұмысымды республикада кең тараған шаруашылықтағы маңызды
қарбыздың – морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, шаруашылықтағы
табиғи – климаттық жағдайлары, өсіп жетілу кезеңіндегі күтіп – баптау,
өсірілген өнімді оңтайлы да қысқа мерзімде жинап алу үшін алқаптарды
даярлау жөніндегі еңбекті дұрыс ұйымдастыру әдісі қарастырылған және
Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды технологиясы
қарастырылған.
Курстық жұмыс 30 бетте орындалған. Жұмыста 6 кесте , 2 сурет бар.
Жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімі 23.
Түйін сөздер: Қарбыздың құрылымы, қарбыздың өсіп дамуы, топырақты
өңдеу, егісті күтіп баптау, тыңайтқыштар енгізу жүйесі,суару жүйесі.

Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
Белгілер мен қысқартылған
мәндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Қарбыздың ботаникалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Халық шаруашылығындағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қарбыздың өсіп
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
1.4 Сыртқы фокторларға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2 Технологиялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.1 Топырақты
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
2.2 Егісті күтіп -
баптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
2.3 Тыңайтқыштар енгізу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
2.4 Суару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3 Қоршаған ортаны қорғау және техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Пайдаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

Нормативтік сілтемелер

МЕСТ 2.102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.
МЕСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар.
МЕСТ 2.201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың және бұйымдардың белгілері.
МЕСТ 2.301-68 ЕСКД. Форматтар.
МЕСТ 2.601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.
МЕСТ 2. 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифттары.
МЕСТ 2. 701-84 ЕСКД. Сызбалар және типтер. Орындауға қойылатын жалпы
талаптар.
МЕСТ 12046-85. Мемлекет аралық стандарт. Ауылшаруашылық дақылдарының
тұқымдары.Сапа туралы құжат.
МЕСТ 20081-74 Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Терминдер.
Анықтаулар.
МЕСТ 52325-2005. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сорттық және
егістік сапа
МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.
ӘН ОҚМУ 7.03-2012 Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс.

Анықтамалар

Агроөнеркәсіптік кешен – азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл
шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға
бағытталған сала.
Аңызақ – далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және
өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.
Ауыспалы егіс – екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс
танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Егістіктің ылғалмен қамтылуы – танаптағы екпе дақылдардың топырақ
ылғалына талабын қамтамасыз ету.
Жалпы өнім – белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік – құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы
қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық – ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің
салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры – өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер
пайдаланатын ылғал мөлшері.
Өскін – себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан
өсімдік көгі.
Сүрі жер – ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес
жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту – топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта – тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының
жиынтығы.
Өсімдік аурулары – зиянды саңырауқұлақ қоздырғышының әсерінен дамитын
өсімдік кеселі.
Тәлімі егіншілік – ауа райының қолайсыз жағдайында өсірілетін
дақылдар өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік
саласы.
Тыңайтқыштың әсерлі заты – тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре
алатын элемент мөлшері.
Белгі – өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.
Дақыл – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін
өсімдік түрі.
Сорт – белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен
сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және
морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас
өсімдіктерінің тобы.
Технология – нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және
сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген
белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.

Белгілер мен қысқартылған мәндер

ҒЗИ – ғылыми - зерттеу институты
N - азот
Р - фосфор
К - калий
Са - кальций
г - грамм
га – гектар
кгга - 1 гектардағы келі
м3га - 1 гектарда текше метр
мгкг - 1 келідегі миллиграмм
кг - килограмм
л - литр
м - метр
м2 - шаршы метр
мм - миллиметр
см - сантиметр
ц - центнер
% - пайыз
млн - миллион
мың дана.га1 - гектарда мың дана
т - тонна
аш - ауыл шаруашылығы
цга - гектарына центнер
кв.км - шаршы километр
°С - градус Цельсий

Кіріспе

Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске
енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.
Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін
арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-
шаралардың бірі.
Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске
енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және
ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру
бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша
бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.
Дегенмен, еліміздің Ресей және Белоруссия мемлекеттерімен бірге
кедендік одақ құруы облысымыздағы бақша өнімдерін өндіретін шаруа диқандар
үшін қолайлы жағдай туғызды. 2010 жылы Онтүстік Қазақстан облысынан Ресейге
70-80 мың тоннаға жуық қарбыз ешқандай кедендік кедергісіз өтіп, диқандар
үшін жоғары бағаға сатылды.
Бірақ, өнімдерді нарық талабына сай, жоғарғы сапада өндіріп шығаруда
шаруа диқандар бірқатар кедергілерге кез келді. Жергілікті жерге
бейімделген, аудандастырылған, сұранысқа ие қарбыз сорттары және оның
сапалы тұқымдары болмады. Тұқымдарды шаруа диқандар Өзбекстаннан қымбатқа
сатып алды, оның кебісі ойдағыдай өнім бермеді. Қаншама тұқымға жұмсалған
қаржы Өзбекстанда қалды.
Республикада жергілікті жердің топырағы мен ауа райына бейімделген
қарбыз сорттарын шығаратын және олардың элиталық тұқымдарын дайындап,
көбейтумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институты болмағандықтан
аталған мәселелер кенже қалып келген. Осының салдарынан шаруалар табылған
тұқымды егіп, өнімдерін өткізе алмай, тіпті жұмсалған шығынын қайтара алмай
жүргендері де бар.
Осы орайда аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында облысымыздың
ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысы бойынша Қазақ мақта шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты 2008 жылдан бастап жоғары өнім беретін қарбыз
сорттарын шығару бағытында Өзбекстан мемлекетімен ғылыми байланыс негізінде
өз қаражаты есебінен ғылыми жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жоғары өнім
беретін қарбыздың Сапалы сортын шығарды. Ол сорт 2011 жылдан бастап
Мемлекеттік сорттық сынақтан тексерілуден өтуде.
Жұмыстың мақсаты- Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды
технологиясын меңгеру
Жұмыстың міндеттері -топырақты өңдеу;
- егісті күтіп баптау;
- тыңайтқыштар енгізу жүйесі;
- суару жүйесі.

1 Негізгі бөлім

1.1 Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы

Қарбыз басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары секілді өсіп-даму
барысында тамыр, сабақ, жапырақ және гүлден құралады. Гүлден жемісі пайда
болады. Қарбыздың әрбір ағзасының өздеріне тиісті атқаратын қызметі бар.
Қарбыздың сорттары мен будандары вегетациялық өсу кезеңінің
ұзақтығына байланысты (көгін шыққаннан бастап биологиялық піскенге дейін)
беске бөлінеді: өте ертелік - (70 күнге дейін), ертелік - (70-80 күн),
орташа - (81-90 күн), орташа кештік - (91-100 күн) және кештік - (100
күннен астам). Кейбір өсу кезеңі барысында қысқа мерзімді ылғал
жетіспеушіліктің өзі қарбыздың өсіп - дамуына кері әсерін тигізеді. Мұндай
кезендер өте қауіпті деп аталады. Осындай кезеңдерінің бірі тұқымның өну
кезеңі. Мұндай кезеңде ылғалдың жетіспеушілігі көгіннің шығуын кешіктіреді,
кей жағдайларда көгін шықпай да қалады. Қарбыздың көгіні шыққаннан соң
топырақ ылғалдылығы жеткілікті жағдайда олар жақсы өсіп дамиды және
вегетативтік және өнім беретін ағзалары суды көп талап етеді. Гүлдеу
кезеңінде ылғал жетіспеушіліктің арқасында гүлі мен түйнектерін тастап
жібереді, сондықтан да қарбыздың гүлдеу кезеңі қауіпті деп саналады.
Шағылысу процесі бал арасы, құмырсқа, трипс және де басқа жәндіктер арқылы
жүзеге асырылады. Екі жынысты гүлдерінің тозаңдары ұрықты болып келеді,
сондықтан шағылысу процесі олардың аналығына сол гүлден, сондай-ақ басқа
гүлдерден де тозаң келіп түсуі нәтижесінде жүзеге асады.
Тамыры. Қарбыздың тамыр жүйесі өте мықты, күшті дамыған, ол негізгі
және өте майда тарамдары көп жанама тамырлардың бірінші және екінші ретінен
тұрады. Кейбір жағдайларда жанама тамырлардың үшінші және төртінші реттері
де болады. Негізгі тамыр өз кезегінде төмен қарай 1 метр тереңдікке дейін
барады. Жанама тамырлар негізінен 20-30 см тереңдікке барады. Қарбыздың
жалпы тамыр жүйесінің жан-жаққа қарай таралғаны топырақтың кең көлемін
алады, ал олардың барлық қосындысы 60 м-ге дейін жетеді.
Сабағы. Қарбыздың сабағы жақсы дамыған, жайылатын, жан-жаққа таралған
домалақ бес қырлы пішінде, ұзындығы 2-4 м болады. Негізгі сабағынан бірінші
реттегі жанама, ал олардан өз кезегінде екінші реттегі сабақтар пайда
болады. Кей жағдайларда үшінші және төртінші реттегі сабақтар да болады.
Сабақтардың тармақталуы моноподиялдық.
Жапырағы. Қарбыздың жапырағы жасыл түсті, бөбе жапырақсыз, сағақтары
үзын, үш бөлікке бөлінген, әр қайсысы майда бөліктерге бөлінген. Жас
жапырақтары түкті, жұмсақ және нәзік. Жапырақтардың орналасуы кезектелген.
Жапырақтың бетінің көлемі (кей жагдайларда бір өсімдікте 300 жапырақтан
асады).Жапырақтың қуысында мұртшалары пайда болады.
Гүлі. Қарбыздың гүлі әдетте бөлек жынысты болады. Бір өсімдікте
аталық және аналық гүлдер кұралады. Бірақ көптеген сорттарында бір жынысты
(гермофродитные) және аталық гүлдер, кейбір сорттарында - аналық, бір
жынысты және аталық гүлдер болады. Әдетте аналық гүлдер аталық гүлдерден
үлкен болып келеді. Аталығы үлкен, бестемді. Қосжынысты гүлдер аналық
гүлдерге ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы аналығы да, аталығы да болады.
Көбінше қосжынысты гүлдерде аталығының саны едәуір көп болып келеді.
Гүлдер таңертең ашылады және 16 сағат уақыт көлемінде ашылып бітеді.
Аталық гүлдерге қарағанда аналық және қосжынысты гүлдер ертерек ашылады.
Ұрықтанбаған аналық және қосжынысты гүлдер келесі күні де ашық болып
тұрады. Қарбыздың гүлдеуі олардың ерте пісетін сорттарына байланысты көгін
шыққаннан соң 30-50 күннен кейін гүлдеп вегетация соңына дейін жалғасады.
Аналық және қосжынысты гүлдер сабақтың бірінші және екінші тәртібінде
орналасады. Қарбыздың Сапалы сортының аталық және аналық гүлдер
көрсетілген.

Сурет 1. Қарбыздың гүлі (сол жақта - аталык, он жақта -
аналық)

Жемісі. Көптұқымды жидек тәріздес асқабақ, сырт бітімі түрі, түсі
әртүрлі және қабыгының қалыңдығы мен құрылымы және түқымы да түрліше [1].
Көптеген қарбыздың жемісі домалақ, орташа диаметрі 20-25 см, ал орташа
салмағы 3-6 кг. Қабығының сырты тегіс, қалыңдығы әртүрлі, олар сорттың
ерекшеліктеріне, топыраққа және өсіру әдістеріне байланысты. Қабығы өте
жұқа және өте қалың сорттары да кездеседі. Әдетте көптеген сорттардың
қабығының қалындыгы 1-1,5 см болады. Жұқа қабықты қарбыздардың қабығы 0,5
см, ал қалың қабықты сорттары 2,5-4,0 см болады. Қалың қабықты қарбыздар
тасымалдауға төзімді болып келеді. Қарбыздың сыртқы реңі мен жолақтары
әртүрлі болады. Жемісінде жеңіл қорытылатын қант, жүйелі шағын элементтер,
ұлпа, дәрумендер және фолий қышқылдары бар.

Сурет 2. Қарбыз жемістері

Тұқымы жалпақ, жиекті әртүрлі түсті қара, қоңыр, қызыл, сары және ақ
болып келеді. Жасылдау түсті шопақтары сирек кездеседі. Көлемі жағынан олар
ірі, орташа және майда болады. Тұқымның абсолюттік салмағы 30-дан 50-
граммға дейін болып олардың өңгіштігі 4-5 жылға сақталады [2].

1.2 Халық шаруашылығындағы маңызы

Қарбыздың шөл қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті
бар. Оны эсіресе ыстық ауа райында егістік басында қара судың орнына шөл
басу үшін пайдаланған жақсы. Қарбыз салқын сусындарды алмастырады, оның
қүрамында көп мөлшерде (12% дейін) жеңіл сіңімді қант болады. Қарбыз қанты,
көбінесе қант диабетімен ауыратындарға қажетті жақсы сіңіретін фруктозадан
тұрады. Қант мөлшері бойынша карбыздар көптеген жемістер мен жи-дектерден
асып түседі, тіпті ананас, жүзім, алмүрттан кем емес.
Қарбыздарда адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістерді
реттестіруге ықпал ететін - глюкоза, сахароза, фруктоза, дәрумендер (А, В,
С), пектиндер, сіңімді ДК тұздары,сондай ақ фолий қышқылы мен темір сияқты
заттар болады. Сондықтан қарбыз өнімін цингаға қарсы, бүйрек, өт жолдары
ауруларын алдын алу мен емдеу, ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін
пайдаланады.
Қарбыз жұмсағын ұзақ пайдалану мақсатында, олардың жемістерін
консервілейді, тұздайды.
Қарбыздар - тағам өнеркәсібі үшін құнды шикізат. Олардан құрамында 65%
қант пен 0,3% дейін сіңімді темір болатын бал (нардек) дайындайды. Қарбызды
өңдегенде бал шығымы 5-7% (өз массасынан). Бал тағамға пайдаланылады, одан
кисель және повидло дайындайды.
Стандарт талаптарына сай емес өте пісіп кеткен, ұсақ және жарылған
қарбыздарды өте кұнды қантты концентратқа айналдыруға болады. Қарбыз
жемісінің қабығынан тосап, цукат, ал қара қабықтылардан тағамдық бояу
дайындайды.
Қарбызды өңдегенде, оның бөлініп алынған тұқымдарынан май өндіруге
болады. Қарбыз майы - сұйық, ашық,иісі мен дэмі жаксы. Ол қүрамында Д
дәрумені болғандықтан, рахитке қарсы емдік қасиетімен айшықталады. Ыстық
сығымдауда түқымнан алынатын май шығымы 17-20%. Сығымдаудан кейін қалатын
қалдық-күнжара кондитер өнеркэсібіне қүнды шикізат. Одан халуа мен басқа
тағамдар жасайды. Тіпті қарбыз тұқымының қабығын өңдеу арқылы лак, бояу
өндірісіне кажет өнім - фурфурол алуға болады. Фурфурол электротехникада да
пайдаланылады.
Қарбыздың кейбір сорттарында консерві зауыттары үшін өте қажет пектиндік
заттар көп. Пектиндік заттардың қантпен қосып қайнатқанда желе тэрізді
масса түзетін қасиеті болғандықтан, жидек пюресі мен повидло дайындағанда
оларды қоюлату үшін қарбыз шырынын пайдаланады.
Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс ая-сында қарбызды
суармай-ақ өсіруге болады.
Қарбыз күздік және жаздық астықтар үшін жақсы алғы да-қылдардың бірі.
Олардан кейін танаптар таза күйінде қалады. Қарбыз дақылы ірі
жапырақтарымен жерді көлеңкелеп топырақ-та ылғал сақтайды.
Қарбыз - мол кіріс әкелетін дақыл, әсіресе суарылмайтын аймақтарда оны
өсіріп өзіндік құны төмен жоғары өнім алынады [3].
Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі - малазықтық қарбыз. Оның
құрамында 1,2 % шикі протеин, 0,1- май, 7,2 -АЭЗ, 2,3 - жасұнық, 0,2 - күл
және 88,5 % су болады.
Малазықтық қарбызды сабан, топан (75% қарбыздар, 25% топандар) және басқа
да масақты дақылдармен аралыстырып сүрлем дайындауға болады. Оның сүрлемін
мал сүйсініп жейді де тез қоңданады, өнімділігі артады. Малазықтық
қарбыздың тұқым шығымы 2-2,5 % тұқымының майлылығы 50% дейін жетеді.

1.3 Қарбыздың өсіп дамуы

Қарбыз еккеннен бастап піскенге дейін төмендегі негізгі кезеңдерден
өтеді, олар:
Өніп шығу;
Шатрик кезеңі;
Пәлек жаю;
Аналық гүлдердің шанақтауы;
Аталық гүлдердің ашылуы;
Аналық гүлдердің ашылуы;
Түйнектердің пайда болуы;
Жемістердің өсуі;
Жемістердің пісуі.
Қарбыз асқабақ тұқымдас басқа да өсімдіктер секілді тұқымының тез өнуі
мен өсу процесстердің қарқындылығымен мәлім. Еккеннен соң тиімді
температурада (25-35°С) және топырақ ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда
тұқымы 3-4 күнде өніп, көгіндері 9-10 күнде жер бетіне шыға бастайды. Көгін
шыққаннан соң 5-6 күннен кейін бірінші нағыз жапырақтары, сонан соң
қысқартылған түйін ара қашықтығында әрбір 3-4 күн сайын екінші, үшінші,
төртінші және бесінші жапырақтары пайда болады. Соннан соң өсімдіктің өсуі
бәсеңдеп сырт қарағанда тіп-тіке тұратын, әлі пәлек жаймаған бұта секілді
көрініс береді (шатрик кезеңі).
Көгін шыққаннан соң 20-40 күннен кейін сорттардың өсу жағдайына
байланысты басты сабақ құралады, соннан соң жанама пәлектер шыға бастайды.
Өсу барысында гүлдің құралуы пайда бола бастайды, кейін гүлдейді, сонан соң
тозаңданады [4].
Негізінен Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерде өсірілетін қарбыз
сорттарының гүлдеуі көгін шыққаннан соң 40-50 күннен кейін гүлдей бастайды.
Бірінші аталық сонан соң аналық гүлдері ашылады. Қарбыздың гүлдері таңертең
ерте ашылып түске таман жабылады да, кешке қарай сола бастайды. Жәндіктер
арқылы тозанданады да, жемістің құралуы мен өсіп дамуы басталады.
Тозанданғаннан бастап жемістің піскеніне дейін 35-50 күн өтеді, ал көгін
шыққаннан қарбыздың піскеніне дейін 60-120 к

1.4 Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар

Жылуға қажеттілігі. Қарбыз жылу сүйгіш өсімдік, өсіп даму барысында
өте көп жылу мен күн сәулесін талап етеді. Ауа райының құрғақ және ыстық
жағдайында қарбыз жемісінде қант көп мөлшерде жинақталады. Сондықтан оның
өсіп дамуы сыртқы орта жағдайына тығыз байланысты.
Қарбыздың өсіп дамуына ең қолайлы жағдай (10°С жоғары), тиімді
температураның қосындысы 3200-3400°С-ты құрайды. Қарбыздың тұқымы
температура 16-18°С болған жағдайда өне бастайды, ал едәуір темендегенде
өте баяу өсіп, өнгіштігін жоғалтады, көгеріп кетеді де, өледі. Өсімдіктің
шығарған алғашқы жапырақтары әлсіз болады, олардың әрі қарай дамуы
баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.
Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында
болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім
сапасы да төмендейді.
Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында
болады, ал одан да жогары (35°С-тан жоғары) болған жағдайда бұл процесс
баяулайды. Өсімдіктің қалыпты өсіп дамуы үшін оңтайлы температура 25-30°С
құрайды. Одан жоғары болса, өсімдіктің өсіп дамуы баяулайды, ал 44°С-та
жасушалардағы ақуыздың коагуляциясы басталады. Өсімдіктің ыстыққа
төзімділігінде жапырақтарының сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқабақ тұқымдас өсімдіктердің агротехникасы
Бақша дақылдарын ашық танапта өсіріп өңдіруде қолданылатын машиналар
Асқабақ - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін өсімдіктер
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Жаздық бидай
Аналық гүлдердің шанақтауы
Ноқат дақылын өсіру
Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы
Жылыжайда қияр өсіру технологиясы
Пәндер