Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Агротехнология» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыс тақырыбы :

Пәні

Мамандығы

(мамандықтың аталуы мен шифрі)

Орындаған

(қолы, студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші

(қолы, оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«» 2014 ж.

Норма бақылау

қолы, аты-жөні

Комиссия:

қолы, аты-жөні

қолы, аты-жөні

Шымкент-2014 ж

Ф. 7. 14-03

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Агротехнология» кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі:Елибаева Г. И

«» 2014 ж

№ ТАПСЫРМАСЫ

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент топ

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Берілген мәліметтер:

№:
Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалу мерзімі: Орындалу мерзімі
Көлемі (парақ саны): Көлемі (парақ саны)
№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны: Аннотация, мазмұны, нормативтік сілтемелер
Орындалу мерзімі:
Көлемі (парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны: Кіріспе
Орындалу мерзімі:
Көлемі (парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны: Негізгі бөлім
Орындалу мерзімі:
Көлемі (парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны: Технологиялық бөлім
Орындалу мерзімі:
Көлемі (парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны: Қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
Орындалу мерзімі:
Көлемі (парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны: Қорытынды
Орындалу мерзімі:
Көлемі (парақ саны):
№: 7
Курстық жұмыстың мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер
Орындалу мерзімі:
Көлемі (парақ саны):
Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мерзімі
Парақ саны
Формат
№: 1
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:

Әдебиеттер: 1. 2. 3.

Тапсырма берілген күні, жұмыстың қорғау күні

Жұмыстың жетекшісі (қызметі, аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған (күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 14-04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Агроөнеркәсіп» факультеті

«Агротехнология» кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі: Елибаева Г. И

«___» 2014 ж.

Курстық жұмыс қорғау

Хаттамасы №

пәні

Студент тобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) ,

қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні 2014ж.

Аннотация

Бұл «Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы» тақырыбы бойынша АП-11-1к3 тобының студенті А. Байшуақтың жұмысында республикада кең тараған шаруашылықтағы қауынның маңызы, құрылысы және биологиялық ерекшеліктері, шаруашылықтағы табиғи - климаттық жағдайлары, өсіп жетілу кезеңіндегі күтіп - баптау, өсірілген өнімді оңтайлы да, қысқа мерзімде жинап алу үшін алқаптарды даярлау жөніндегі еңбекті дұрыс ұйымдастыру әдісі қарастырылған және Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы қарастырылған.

Курстық жұмыста 35 бет, 3 кесте, 1 сурет бар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 20.

Түйін сөздер: Қауын. Тыңайтқыштар. Егісті күтіп-баптау. Суару.

Мазмұны

Нормативтік сілтеме . . .
:
Нормативтік сілтеме . . .: Анықтамалар . . .
:
:
Нормативтік сілтеме . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
:
:
Нормативтік сілтеме . . .: Кіріспе . . .
:
:
Нормативтік сілтеме . . .: Негізгі бөлім . . .
:
: 1. 1
Нормативтік сілтеме . . .: Қауынның ботаникалық сипаттамасы . . .
:
: 1. 2
Нормативтік сілтеме . . .: Қауынның құрылысы . . .
:
: 1. 3
Нормативтік сілтеме . . .: Биологиялық ерекшеліктері . . .
:
: 1. 4
Нормативтік сілтеме . . .: Қауынның халық шаруашылығындағы маңызы . . .
:
:
Нормативтік сілтеме . . .: Технологиялық бөлім . . .
:
: 2. 1
Нормативтік сілтеме . . .: Топырақты өңдеу . . .
:
: 2. 2
Нормативтік сілтеме . . .: Егісті күтіп-баптау . . .
:
: 2. 3
Нормативтік сілтеме . . .: Тыңайтқыштар енгізу жүйесі . . .
:
: 2. 4
Нормативтік сілтеме . . .: Суару . . .
:
:
Нормативтік сілтеме . . .: Қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі . . .
:
:
Нормативтік сілтеме . . .: Қорытынды . . .
:
:
Нормативтік сілтеме . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
:

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста қазіргі ауыл шаруашылығы ғылымында қолданылатын мынадай мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға сілтеме жасалған:

1. Мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7. 32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп;

2. Мемлекеттік стандарт ГОСТ 7. 1-2003. Рәсімдеу құрамлымы және ережелері. Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық талдау. Құжат дайындаудың жалпы талаптары және ережелері;

3. Мемлекеттік ресми стандарт 16265-70-1978 " Ауыл шаруашылығы саласындағы терминдер және анықтамалар".

Анықтамалар

Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.

Аңызақ - далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.

Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.

Егістіктің ылғалмен қамтылуы - танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.

Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.

Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.

Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.

Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.

Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан өсімдік көгі.

Сүрі жер - ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес жүргізілетін танап.

Сыдыра жырту - топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.

Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.

Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері

Белгі - өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.

Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.

Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.

Технология - нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.


Белгілеулер мен қысқартулар

га гектар

кг/га 1 гектардағы келі

м 3 /га 1 гектарда текше метр

мг/кг 1 келідегі миллиграмм

м метр

м 2 шаршы метр

мм миллиметр

ҒЗИ ғылыми-зерттеу институты

ФАО Ғооd and Agriculture Organization of the United Nations (ООН-дағы өндірістік ауылшаруашылық ұйымы)

а/ш ауыл шаруашылығы

см сантиметр

т тонна

мың. га мың гектар

ц/га 1 гектардағы центнер

°С ауа температурасы

N азот

Р фосфор

К калий

Са кальций

% пайыз

г грамм

л литр

Кіріспе

Қауынның негізгі өсірілетін аймағы Қазақстанның оңтүстігі болып табылады.

Жұмыс барысында біздің тарапымыздан Қазақстанның Оңтүстігінің суармалы аймақтарындағы бақша өсірушілер үшін қауынды өсіріп-баптаудың агротехнологиялық картасы дайындалды, қауынның жаңа «Береке» сортына қолданылатын минералды тыңайтқыштардың оңтайлы және тиімді мөлшері анықталды.

Республикада бақша дақылдарының ішінде үлес салмағының басым бөлігін қауын иелейді - 60-80%. Қауынның негізгі өндірушілері және Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығына жеткізушілері - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары. Өкінішке орай соңғы жылдары қауын егісінің аумағы күрт қысқарып кетті. Мұның себебі мақта қозасының, дәнді дақылдардың, мал азықтық шөптердің егістіктер аумағының кеңейтілуі болып табылады. Қауын дақылын бағаламау нәтижесінде және шаруашылықтарда тұқымшылықтың жоқтығынан Қазақстан республикасында соңғы онжылдықта қауың ассортименттері біршама қысқарды. Бүгінгі таңда жергілікті пайдалануға және сыртқа шығару үшін өсірілген қауынның қазақстанның оңтүстігі жағдайына бейімделген көптеген сорттары селекциялық тұқымшылық жұмыстары және бұл дакылдың ең жақсы түрлеріне іріктеу жүргізілмегендіктен өндірістен шығып қалған. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысында өзекті мәселелерінің бірі қауынның жоғалған құндылығын іріктеу және одан әрі жетілдіру болып табылады.

Қауынның ең жаксы сорттарында қанттың мөлшері 12-14 %-ды, ал жеке жагдайларда- 18%-ды құрайды. Қанттардың ішінде ең көп мөлшерін сахароза, содан соң глюкоза және фруктоза иелейді. Қауындарда көп болмаған мөлшерде В ( В 2 , В 6 , P3 J , Н (биотин) дәрумендеріне ие және едәуір көп мөлшерде С дәрумені кездеседі - еуропалық және АҚШ қауындарында оның мөлшері 3, 4-9, 8 мг% болса, біздің қауындарда ол - 10, 0-26, 0 мг% мөлшерінде кездеседі.

Қауын жемісін жаңа үзілген күйінде пайдаланады, қүрғатады, тосап, цукаттар, мармелад, повидло, бекмес, қауын балы дайындалады. Қазіргі кезде қауын ассортименті көп емес, жергілікті және еуропалық түрлері қолданылады.

Бұрынғы Кеңес Үкіметі ыдырағаннан кейін қауьш өсіретін шаруашылықтарда сату мәселесі тұрды, кедендік тосықтар, тасымалдағанда ірі көлемді салық төлеу, осының бәрі кауын өндірісіне кедергі болды. Көптеген шаруашылықтар зиянына жұмыс істеді, яғни бұл іспен айналысу тиімсіз болды.

2010жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь мемле-кеттері біртұтас кедеңдік келісімге отырды. Күн сәулесі мол болған Оңтүстік Қазақстанда өсірілген кауындар дәмдік сапасы жоға-ры және экологиялық таза өнім болғандықтан сыртқы сұраныска ие. Қауынның егістік алқаптарын кеңейту, жоғары өнімділік және қауынның жаңа сорттарын шығару бұл бағалы өніммен тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттен тыс сыртқы нарыққа экспорттауға да мүмкіндік береді.

2005-ші жылдан бастап Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бюджеттен тыс қаржы есебінен орташа сорланған, жер асты сулары 1, 5-2, 0метр деңгейінде жайласқан суармалы диқаншылықтың топырақ-климаттық жағдайларына төзімді қауынның жаңа сорттарын шығару бойынша жұмыстар алып барылды. Нәтижесінде қауынның «Береке» сорты шығарылды. Бұл сорт 2010 жылдан бастап мемлекеттік сорттық сынақ алқаптарында сынақтан өтуде. Жер асты суы 1, 5-2, 0 м деңгейде жайласқан, топырақтың орташа сортаңданған жағдайында қауынды өсіріп-баптау бойынша алқаптық және вегетациялық тәжірибе жүргізу үшін суармалы аймақтың топырак-климаттық жағдайына бейімделген қауынның «Береке» сорты 2011 жылы 3 гектар алқапқа егілді.

Курстық жұмыстың мақсаты- Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы

Курстық жұмыстың міндеттері- топырақты өңдеу;

- егісті күтіп баптау;

- тыңайтқыштар енгізу жүйесі;

- суару жүйесі.

Негізгі бөлім

1. 1 Қауынның ботаникалық сипаттамасы

Қауын асқабақ тұкымдастығының Cucumis melo түрінің бір жылдық шөптесін өсімдігі болып табылады. Сабағы домалақ қырлы. Жапырақтары ірі, сағақтары ұзын, түкті. Гүлдері біржынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Жәндіктер арқылы тозанданады. Жемісі - көп түқымды әр түрлі пішіндегі асқабақ тұқымдас (200 г-нан 16 келіге дейін) . Қауын Орта және Кіші Азиядан келіп шықкан. 1-ден 15-ке дейінгі әртүрлі топтастыру бойынша бірнеше түрлері белгілі. Дақылдың едәуір кең тарағаны кәдуілгі немесе асханалық ( Cucumis melo) қауын. Жылусүйгіш өсімдік. Өсуі мен дамуы ауа температурасы 25-30°С-та қалыпты жүреді. 15°С-қа төмендеп кеткен жағдайда дамуы тежеледі, ал 3-5 °С-та өсімдік өледі. Қауын құрғақшылыкқа төзімді өсімдік. АҚШ-та, Үндістанда, Иранда, Ауғанстанда, Кіші Азияда, Жапонияда, Балқан елдерінде, Испанияда, Италияда, Францияда және басқа елдерде өсіріледі. Қауынның кең тараған жерлері Орта Азия, Волга жағалауындағы елдер, Молдавия, Украина және Кавказ елдері. Асханалық қауынның жемісі - құнды тағамдык және диеталық өнім болып, құрамында қант (16-18%), С дәрумені (60 мг%), каротин, пектин заттары, минералды тұздар бар. Жемісін жаңа үзілген түрінде, кептірілген түрінде пайдала-нылады, сондай-ақ тосап, цукат, мармелад, бекмес (қауын балы) ж. т. б. тәттілер дайындалады. Суармалы жерлерде өнімділігі (Орта Азия) 300-400 ц/га, тәлімі жерлерде (Волга жағалауы, Украина ж. т. б. елдерде) 1 гектардан 200 центнерге дейін өнім алынады [1] .

Асханалық қауын сортын мына топтарға бөледі: адан, хандаляк, амир, кандалуп, кассаб, зард топтары. Орта Азия республикаларында және Қазақстанда мына сорттар өсіріліп бапталады: ертепісер сорттар - Хандаляк желтая местная, Босвалды, Бухарка 944, Заами 672 ж. т. б; жаздык сорттар -Арбакешка 1219, Амери 696, Кочка 588, күздік -Гуляби оранжевая, Кара-пучак 3744, Кой-Баш 476, қысқы - Гуляби зеленая, Гуляби кара 694, Гуляби-сары 497 ж. т. б. Еуропада едәуір кең тараған сорттар: ерте пісер - Лимонно-желтая, Новинка Кубани; орташа және орташа-кешпісер - Колхозница 749/753, Колхозница 593, Быковская 735, Украинка, кеш және орта-кеш пісетін сорттар - Зимовка с яблочными семенами және т. б

Кавказ елдерінде негізінен жергілікті сорттар өсіріледі: ерте пісетін - Салвар местная, Мегрули местная ж. б., орта пісетін -Снейваз местная, Масис 2 және т. б.

1. 2 Қауынның құрылысы

Қауынның басқа ауылшаруашылық дақылдары сияқты өсуі мен дамуы процесінде тамыры, сабағы, жапырақтары, гүлдері және жемісі пайда болады.

Тамыр. Ол негізгі өзек және жанама тарамдарынан тұрады. Негізгі өзек тамыры сортқа және өсу жағдайына қарай 1, 0-1, 5 см, кейде 2, 0-3, 0 см диаметрге ие болады. 20-25 см топырақ қабатында өзек тамыры 2-3 мм-ге дейін жіңішкереді. Жер бетінен 4-6 см тереңдікте негізгі тамырдан бірінші реттегі жанама тамырлары пайда болады. Бірінші реттегі жанама тамырлардан біршама жіңішке екінші реттегі жанама тамырлары, ал олардан одан да жіңішке үшінші реттегі тамырлар өсіп шығады ж. т. б.

Солайша тамыр жүйесі тарамдалуынан тығыз желі пайда болады. Тамырдың жас тарамдары өте нәзік, ақ түсті болып, ондағы майда түптері топырақтағы суда еріген минералды қоректік заттарды сіңіруде қызмет етеді, сондықтан да оларды іскер тамырлар деп атайды [2] .

Қауынның тамыр жүйесі қарбыздыңкіне қарағанда біршама әлсіз болып, 3-4 м тереңдікке тарамдалған негізгі және жер бетіне жақын жайласқан көп санды жанама тарамдарынан тұрады.

Сабағы. Сабағы жайылып өседі, түкті, салыстырмалы түрде жіңішке. Өзек сабақтан көп санды бірінші, екінші, кейде үшінші реттегі сабақтары өсіп шыгады. Негізгі жанама сабақтары өзек сабақтан ұзындау болып келеді. Қауында олардың ұзындығы 2-3 метрге жетеді. Қазіргі кезде қауынның бұтақты сорттары, яғни өзек сабағы қысқа және жанама сабақтарына ие болмаған сорттар шығарылған. Ұзын пәлектілерден басқа қысқа пәлекті және пәлегінің ұзындығы 40-60 см жемістері өсімдіктің түбіне жақын жайласқан бұтақты түрлері де бар.

Жапырағы . Бүйрек тәрізді, жүрек пішіндес, тұтас иемесе оймалы ұзын сағақты. Сағақтары мен жапырақтарының беті түкті; олардың қуысында мұртшалары және гүлдері болады. Жапырақтары жасылдан қою-жасыл түске дейін, ұзын сағақты бөбежапырақсыз (прилистник), түкті, түрлі пішінді. Жапырақтары кезекпен жайласқан. Қауын өсімдігінің жапырақ бетінің дамуы қарбыздарға, әсіресе асқабаққа салыстырғанда біршама әлсіз. Алайда кешпісер, әсіресе орта азиялық қауын сорттарының өсімдіктері мықты дамыған жапырак бетіне ие.

Гүлі. Қауынның гүлі даражынысты. Қауын түрлерінің гүлдер құрылысында үлкен айырмашылық байкалады. Көптеген сорттарында аналык гүлдері қосжъшысты (түйіні, аналығы және тозаны) . Алайда даражынысты (аталық жэне аналық) гүлдеріне ие және аталық гермафродитизмге (жетілмеген түйінді аталық гүлдер) ие сорттар да кездеседі. 1 -суретте кауынның «Береке» сортының аталық және аналық гүлдері көрсетілген.

Сурет 1. Қауынның аталық (1) және аналық (2) гүлдері

Аналық гүлдері көбінше бірінші-екінші реттегі жанама сабактарында, соның ішінде ертепісер сорттарда жақын, ал кешпісер сорттарда өсімдік түбіне ұзақ жайласады. Қауын - қиылыса тозаңданатын өсімдік, кейде өздігінен тозандануы да мүмкін.

Аталық және аналық гүлдері негізгі сабағында, сондай-ақ екінші және үшінші реттегі сабақтарында да пайда болады.

Ұзақ уақытқа созылған жаңбырлар немесе құрғақ және ыстық ауа-райы жақсы тозандануына және толық жеміс пайда болуына кедергі келтіреді, ал нашар тозаңданудан пайда болган түйіндер ұсқынсыз жемістер береді [3] .

Қауынның гүлдері аралардың, трипс және құмырсқалардың жәрдемінде тозаңдануы мүмкін. Ашық ауа-райында шанақтар таңғы сағат 6-да, ал тозандықтан тозаңдар одан да ерте ашылады. Түске жақын көптеген тозаңдықтар тозаңнан босайды жане аталық гүлдер кұрап қалады. Тозаңданбаған аналык гүлдер 1-2 күн бойы сақталып тұрады, содан соң құрайды. Суық ауа-райында ауаның төмен температурасының әсерінен гүлдердегі тозаңдықтар жарылмайды және тозаңдану жүзеге аспайды. Тозандардың жетіспеушілігі тозаңдануда сапасыз жемістер мен аз мөлшерде түйінделген тұқымдар түзілуіне алып келеді.

Қауынның шар тәрізді жемісті сорттарының көбісі аталық гүлдеріндегі аталықтары біршама жетілген, яғни гермафродиттік болып келеді. Қауынның аталық гүлдерін 5-15 данадап гүл шоғырын жасағанда аталық гүлдері аналық гүлдерге қарағанда едәуір көп болған. Аналық гүлдері көбінесе екінші реттегі жанама сабактарында жайласады. Қауынның түйіндері төмен жайласқан, тығыз түкті, гүлдері сарғыш-сары түсті [4] .

Жемісі. Қауынның жемісі - түрліше үлкендіктегі, пішіндегі және түрлі түстегі асқабаққа ұқсас болады. Қауынның тұкым ұяшығы айқын көрінген, тұқым қуысы тұқымдары бар ылғал плацентамен жартылай немесе толық толтырылған болады. Тұқым ұяшығы және жемісіндеғі тұқым саны сортына байланысты түрліше болады. Қауынның балдырының реңі ак немесе ашык-қоңыр түстен қызыл-сары немесе сарғыш түске дейін өзгеріп отырады. Балдыры бос немесе тығыз, құрамында 12-18% кант бар.

Тұқымы . Тұқымы жұмыртқа пішіндес, жалпақ, ақ, ақ-сары, ашық-қоңыр, сары түсті. Ұзындығы 0, 5 см-ден 15 см-ге дейін жетеді, құрамында 25-30% май бар. 1000 дана тұқымының салмағы 35-50 г. Тұқымының пішіні кең сопақша, ұзынша, үшкір-сопақша, ісінген (алма тәрізді) . Тұқымының көлемі: ірі (ұзындары -1, 2 см), орташа (0, 9-1, 2 см), майда (қысқа- 0, 9см) .

1. 3 Биологиялық ерекшеліктері

Қауындар қарбызға ұқсас, бірақ ол жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, сазды топырақ жағдайына да шыдамды болып келеді. Бақша дақылдары көлемді аумақтағы топырақтан ылғалды сіңіріп алу қабілетіне ие мықты тамыр жүйесіне ие. Өзек тамыры топырақтың 80-100 см қабатына дейін жетеді, алайда өсімдікті сумен қамтамасыз етуде ол шешуші роль атқармайды. Бұл қызметті жер бетіне жақын жайласқан жанама тамырлар атқарады. Мұндай жайласу бақша өсімдіктеріне бақша өсіретін негізгі аудандарда сирек түсетін аз мөлшердегі жауын-шашынды да пайдалануға жағдай жасайды. Тамырлардың жайласуының бұл ерекшелігі тамыр жүйесіне құрғақ климат жағдайында жер бетіне жақын қабаттарда пайда болатын конденсацияланған ылғалды пайдалану мүмкіндігін береді. Алайда бұл ылғал құрғақшылық жағдайында көп мөлшердеғі ылғалды тиімді пайдаланатын бақша өсімдіктерінің суға деген талабын толық қанағаттандыра алмайды. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген жағдайларда ылғалды тек жоғарғы кабаттардан емес, сондай-ақ терең қабаттардан да сіңіре алатын одан да мықты тамыр жүйесі пайда болады, өнімді жұмыс істейтін үлкен көлемдегі жапырақ беті қалыптасады, нәтижеде жоғары өнім алынады

Қауын сорттары төмендегі морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілерімен ажыралып тұрады.

Жемісінің пішіні - жалпақ, шар тәрізді, сопақша, жұмыртқа пішіндес ж. т. б.

Жемісінің көлемі - ірі (домалақ жемісті сорттарда 22 см және ұзын жемісті сорттарда 30 см) ; орташа - (домалақ жемісті сорттарда 15-22 см және ұзын жемістілерде 25-30 см) және майда (15 және 25 см-ден кіші) .

Жемісінің сырты - тегіс, сегментті, дөңесті, бетінде торлары бар барлық жері біртегіс немесе нәзік.

Жемісінің түсі (негізгі астары) және дақтары, яғни негізгі астардан қоюлау түсті болған жерлері.

Дақтары - жолақ (біртегіс, екеулік ж. т. б. ) және түрлі пішіндегі дақтар түрінде болуы мүмкін [5] .

  1. Қауынның халық шаруашылығындағы маңызы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы және арамшөптермен күресу шаралары
Оңтүстік Қазақстанның тау маңы аймағындағы картопты үздіксіз өсірілетін танабының фитосанитарлық жағдайын зерттеу
Майбұршақтың арамшөптерден тазалау
Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу
Шет елдерде және Қазақстанда қарбыз өсірудің қазіргі жағдайы
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл
Күздік бидай және қара бидай
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Ауыспалы егістегі қауынның орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz