Сарыағаш ауданында мақтаны суару мерзімі мен мөлшері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Менің «Мақта өсіру технологиясы» пәнінен жазған курстық жұмысымның тақырыбы «Сарыағаш ауданында мақтаны суару мерзімі мен мөлшері» курстық жұмыста мақта өсімдігінің суару мерзімі мен мөлшері туралы кеңінен қамтылды. Негізгі объект ретінде мақта егістігінде жүргізілген зерттеу жұмыстары жазылған. Мақта өсімдігін өндіруде оны суарудың технологиясы қаралған.

Мақта алқабын күтіп-баптау, одан сапалы өнім алу туралы мәселелер қаралған. Басты мақсат мақта өсімдігін суарудың тиімді тәсілін анықтау . Курстық жұмыстың жалпы көлемі 4 кестеден, 5 суреттен, 1 графиктен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Мақтаның жалпы сипаттамасы . . .

2 Мақтадан алынатын өнімдердің сипаттамасы . . .

2. 1 Мақтаның сорттары . . .

2. 2 Мақтаның агротехникасы . . .

3. Суару жүйелері . . .

3. 1 Суару мөлшерлері . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Елімізде нарықтық экономика талабына сай жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың, қаржылай сауықтырудың нәтижесінде бүгінгі таңда барлық егістік жер шаруа қожалықтарына, жеке
азаматтарға бөлініп берілген, яғни жер өз иелерін тауып отыр. Бұл -
ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемін ұлғайтуда оң нәтижесін
беруде.

Облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі саласының бірі- шитті мақта өндірісі болып табылады. Мақта - республикада табысы ең жоғары техникалық дақылдардың бірі.

Соңғы жылдары орын алып отырған экономикалық, материалдық және қаржылық қиындықтарға қарамастан облыс диқандары ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде шитті мақта өндіруде біршама табыстарға қол жеткізе алды.

2000 жыл соңғы 7-8 жыл көлемінде облыс диқаңдары үшін ең нәтижелі жыл болды. Жыл басында барлығы 230 мың тонна шитті мақта дайындау белгіленген еді. Іс жүзінде одан 57 мың тонна артық, яғни 287, 1 мың тонна шитті мақта дайыңдалды [1] .

Өндірілген мақта өнімінің жалпы құны облыс бойынша 14, 7 млрд. теңгені немесе егін шаруашылығынан алынған барлық өнімнің 47 пайызын құрады.

Оңтүстік Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жөнінде республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып табылады. Бұл облыста мақта егісі түгелдей шоғырландырылған. Ол облыстың мақта егетін аудандарындағы табыстың басты көзі болып табылады.

Облыста суармалы жерлерді интенсивті түрде пайдалану көп жағдайда бұған дейін айналымға қосылған жер және су ресурстарын неғұрлым интенсивті түрде пайдалануға байланысты.

Бұл ресурстарды тиімді пайдалану үшін экономикалық факторлардан өзге де ерекшеліктерді - мақта өсіретін облыстың әртүрлі аймақтарының ерекшеліктерін, табиғи-климат жағдайларын, әсіресе қоза сортының ерекшеліктерін мұқият ескеру керек.

Қозаның және басқа да мақталық ауыспалы егіс жүйесі дақылдарының бітік шығуы егіншілік мәдениетін едәуір арттырудың, жердің мелиорациялық жағдайын жақсартудың, зиянкестермен күрес жүргізу, тұқым шаруашылығының, ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізудің мерзімін қысқартудың, химияландырудың және басқа да жағдайлардың есебінен едәуір арттыра алады.

Шитті мақтаның облыс экономикасында, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығынан алынатын табыстың 1/3 осы дақылдан түседі. Ауылда жұмыс істейтіндердің де 1/3 шитті мақта өсірумен айналысады.

Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері ауа райының қолайсыздығына қарамастан біршама жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық өндірілген өнім 2000 жылы 49, 1 млрд. теңгені, ал егіншіліктің өнімі 31, 5 млрд. теңгені құрады. Оның 46, 6 пайызы немесе 14, 7 млрд. теңгесі мақта өнімінің еншісіне тиеді.

Республикамыздың оңтүстігінде егіліп жүрген ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде ең негізгісі - мақта шаруашылығы. Қазіргі таңда мақта шаруашылығы облыс экономикасының ауыл шаруашылығы саласында үлкен орын алады.

Жұмыстың мақсаты. Мақтаның өнімділігін арттыру мен өнім сапасын көтеру көптеген факторларға, жағдайларға байланысты. Солардың ішінде жоғары сапалы өнім алуда суару мерзімі мен тиімді мөлшерін анықтап, бәсекеге қабілетті өнім шығару басты мәселелердің бірі болып табылады.

Белгілер мен қысқартулар

га - гектар

г - грамм

% - пайыз

мм - миллиметр

кг/га - килограмм гектарға

т/га - бір тонна гектардан

мг/кг - бір килограммдағы миллиграмм

м 2 /га - бір гектардағы шаршы алаң

г/см - бір сантиметрдегі грамм

ә. е. з. - әсер етуші зат

а. -ш. - ауыл шаруашылығы

о С - градус Цельсия

м 2 - шаршы алаң

млн - миллион

т - тонна

С 3 - 3, 6 - дәнсепкіш

NPK - азот, фосфор, калий

э. к. - эмульсиялы концентрат

  1. Әдебиетке шолу

Мақта дақылының өнімділігіне арамшөптер орасан зор ықпал етеді.

Арамшөптерге қарсы күрес дер кезінде жүргізілмей, тиісті шаралар қолданылмаса ол шаруашылыққа экономикалық орасан зор зиян келтіреді. Арамшөптің шитті мақтаның өніміне келтіретін зияны 25-30 пайызға жетіп, кейде одан да асатынын И. Үмбетаев., О. Бигараевтардың [1] зерттеу нәтижелері бойынша тұжырымдады.

Арамшөптердің жаппай көбеюі нәтижесінде мақта өнімділігі гектарына 9, 3-19, 7 ц/га көлемінде төмендейтінін В. А. Захаренконың [2] мәлімдеді.

Ал Г. С. Груздев [3] арамшөптердің мақта егітігіне тигізетін тікелей шығын, жалпы өнімінің 10, 3% құрайтындығын айтады.

Б. Г. Алеев және К. Халилов [4] арамшөптер мақта және басқа дақылдар өнімділігін 15-20% төмендетіндігін, ал арамшөптерді жоюда қол еңбегіне кеткен шығын, мақтаны өңдеуге кеткен жалпы шығынның 40 пайызынан асатындығына көз жеткізеді. Сонымен қатар құмай арамшөбінің 1г құрғақ зат түзу үшін 750г, ал алабота 1г құрғақ зат түзу үшін 800г су қажет етсе, мақтаның осы мақсатқа 500-600г су қажет ететіндігі анықталды. Демек егістіктерде арамшөптердің көбеюі, қазіргі кездегідей су тапшылығы жағдайында суға деген қажеттілікті жоғарлатады.

Арамшөптер өте көп тұқым өнімділігімен ерекшеленеді. Мысалы, ақ алабұтаның бір түбі - 100мың дән береді, қызылқұйрық - 500мың дән, сарбас қурай -790 мың дән береді (С. Мальцев 1939) . Сонымен бірге арамшөптердің тұқымдары топырақ құрамында ондаған жылдар бойы өнгіштігін сақтай алады. Ал олардың саны екпе мәдени өсімдіктердің дәнінен жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Топырақтың потенциалды ластану дәрежесіне қарап, шаруашылықтың егіншілік мәдениетінің жалпы деңгейіне сипаттама беріледі [5] .

Қазақстанда тың игеру барысында жаппай игерілетін жердің бәрін егістікке айналдырды. ХХ ғасырдың 90-шы жылдардың басынан бастап егістік жердің көпшілігінде, негізінен құнары шамалы сортаң жерлерге дәнді және мал азықтық дақылдар себілуі тоқтатылып, Н. И. Можаев [6] атап көрсеткендей арамшөптер қаулап өскен, қурайлы, тастанды жер болып қала берді.

К. А. Асанов, А. Ф. Кирдяйкин, Б. М. Кушенов [7] пікіріне қарасақ, бұндай қурайлы, тастанды жерлерді арамшөп басып, ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің мекеніне айналғанын байқаймыз. Күз аяғында тыңайған жерде ірі сояулы қурайлар жаппай өскендіктен, сол аймаққа өрт қаупін тудырады. Соның әсерінен екпе өсімдіктер егістігінде экологиялық жағдайлар едәуір нашарлады. Онда топырақтың табиғи құнарлығы жоғалып, оны қысқа мерзімде қайта қалпына келтіру өте күрделі болады деген.

Н. И. Можаевтың [8] деректері бойынша, тастанды жерді мол өнімді мал азығына арналған жерлер жасап, қалпына келтіру үшін 3-6 жыл керек. Осы жердегі арамшөптерді жою жолында алуан түрлі механикалық өңдеу қарастырылды.

В. Г. Безуглов деректері бойынша, Глифосат гербициді біршама жүйелі әсер етеді. «Монсанто» фирмасының ұсынысы бойынша тиімді нәтиже алу үшін топырақ ылғалы жеткілікті болуы және ал арамшөптер қарқынды өсу кезінде пайдаланған дұрыс. Кейбір арамшөптерге Глифосат гербицидінің әсер етуі шамалы төмен болғандықтан, мысалы, егістік шырмауық, қалуен, сүттегін секілді арамшөптерге «Монсанто» фирмасы оны 2, 4 Д препаратымен үйлестіріп қолдануды ұсынады [9] .

Укекіренің егісте жаппай таралу салдарынан Қазақстан жыл сайын 3 млрд. теңгеге зиян шегіп отыр. Сонымен қатар, егіс өнімінің төмендеуінен басқа, оның сапасы да төмендейді, ұнның дәмі ащы болады, ал малға арналған сүрлемді жануарлар жемейді, әсіресе жылқы малы тез уланады және жиі өлуі де кездеседі. Карантинді шөп укекірені шығынға қарамай құрту аграрлық ғылымның басты мақсатының бірі болып отыр. Укекіренің биологиясын зерттеу арқылы агротехникалық әдіспен тиімді гербицидтерді біріктіре қолдану, жатаған у кекіренің өсуін тоқтату арқылы мәдени дақылдың өнімін төмендетпей жоғарылатуға болады. Астық дақылдарын орып алғаннан кейін жерді сыдыра жырту, жатаған укекіренің көк шыбық - сабақтану кезеңінде Ураган препаратын 4, 5 л/га немесе Ураган мен Эстерон қоспасын (4+1 л/га), Ураган мен Диален супер 480с. е. (4+2 л/га) немесе Ураган мен Секатор (4л/га+200мл/га), Ураган мен Лонтрел (4+1 л/га) қоспасын бүрку керек, осы кезде фотосинтез арқылы азықтары гербицидтермен бірге сабақтан тамырға жиналады. Бүркуден кейін 10-15 күн өткен соң жерді 27-30 см және бір айдан кейін 60-65 см тереңдікте жыртылса укекіре 2-3 жылға дейін жер бетіне шықпай қалады. Ғалымдардың айтуы бойынша қолданылған гербицидтер қоспасы 30 күннен кейін гидролиз арқылы инулинді ыдыратады. Ш. У. Жарасов, Қ. Ішкібаев [10] зерттеулерінше Ураган гербицидін гектарына 4 литр қолданған кездегі тиімділігі егістікті өңдегеннен кейін 7-8 күнде белгілі болса, Стинг гербицидімен гектарына 6литр өңдеген кезде 10-12 күнде нәтижесін көруге болады. Әсіресе, бұл гербицидтер жалпақ жапырақты арамшөптерге қолданғанда жоғары нәтиже береді. Олар гербицидтерді арамшөптер қауыз жарған кезде қолдану өте тиімді екенін мәлімдейді.

Ю. Гештовт [11] деректеріне сүйенсек, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсіп -жетілу кезеңінде қолданылып жүрген селективті гербицидтер тек қана қосжарнақты арамшөптерді немесе тек астық тұқымдас арамшөптерге әсер етеді. Ал практикада қосжарнақты арамшөптерді жою кезінде астық тұқымдас арамшөптер көбейіп кетеді және керісінше болады. Сондықтан қазіргі кезде бүкіл әлемде арамшөптердің көп түріне тиімді және кең ауқымды әсер ететін композициялық гербицидтерді іздестіру және жасау әрекеттері жүріп жатыр. Қазақстанда тіркелген сондай гербицидтер қатарына Пума супер комби препараты кіреді. Қосжарнақты арамшөптерге қарсы Бюктрид-Д, Диален супер, 2М-4Х, Чистолан, Гранстар, Кавбой, Сатис, астық тұқымдас арамшөптерге қарсы Иллоксан, Топик, Пума супер гербицидтерді қолданылған.

1. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының топырақ-климат

ерекшелігі

1. 1 Топырақ ерекшеліктері мен жер бедері

Оңтүстік аймақта орташа жылдық ауа ылғалдылығы 51-56 пайызды құрап, солтүстікке қарай 60-65 пайызды дейін көтеріледі. Сонымен бірге жерлер үздіксіз суарудың және басқада гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жазғы кезеңдерде ауа ылғалдылығы төмендеп және көтеріліп отырады. Суарылмайтын аймақтарда жазғы кезеңдерде бұл көрсеткіш 20 пайызды құрап, ал суармалы жерлерде 30 пайызға дейін жетеді.

Жылдық булану дәрежесі солтүстікте 1150-1250 миллиметр, ал оңтүстік аймақтарда 1500-1600 миллиметрді құрайды.

Булану дәрежесі өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде жылдың булану мөлшерінің 75-80 пайызын құрап, 1000-1300 миллиметрге дейін жетеді.

Облыс көлемінде бірінші күздік суық кезеңі қазанның ортасында түседі, солтүстік-солтүстік шығыс бөлігінде - қыркүйектің соңында, ал соңғы суық мерзім болып сәуірдің ортасы болып саналады.

Бірінші кестеде көрсетілгендей жауын-шашын түсу деңгейі негізгі мақта егілетін аймақтарда орташа көпжылдық көрсеткіш бойынша 194 миллиметрден 364 миллиметрге дейін ауытқиды: Шардара және Түркістанда 194 миллиметрден 225 миллиметрге, ал Келес өңірінде 364 миллиметр, оңтүстік жақтарда 262 миллиметр.

Оңтүстік Қазақстандағы топырақтың ерекшеліктері қандай екенін мына №1 кестеден көруге болады:

1-кесте

Қазақстанның оңтүстігіндегі сұрғылт топырақ құрамындағы қара шірінді мен азоттың мөлшері

Топырақтың атаулары: Топырақтың атаулары
Пайызбен алғанда айдалған горизонттағытопырақ құрамындағы мөлшер:

Пайызбен алғанда айдалған горизонттағы

топырақ құрамындағы мөлшер

Топырақтың атаулары: қара шірінді
Пайызбен алғанда айдалған горизонттағытопырақ құрамындағы мөлшер: азот
Топырақтың атаулары: Қоңырқай сұрғылт топырақ
Пайызбен алғанда айдалған горизонттағытопырақ құрамындағы мөлшер: 2, 0-2, 5
0, 12-0, 15
Топырақтың атаулары: Кәдімгі сұрғылт топырақ
Пайызбен алғанда айдалған горизонттағытопырақ құрамындағы мөлшер: 1, 5-2, 0
0, 08-0, 12
Топырақтың атаулары: Ашық түсті сұрғылт топырақ
Пайызбен алғанда айдалған горизонттағытопырақ құрамындағы мөлшер: 1, 0-1, 5
0, 06-0, 08
Топырақтың атаулары: Тақыржердегі сұрғылт топырақ
Пайызбен алғанда айдалған горизонттағытопырақ құрамындағы мөлшер: 0, 8-1, 0
0, 05-0, 06

Суармалы егіншілік аймағында мақта егісі басым, бұл аймақ Сарыағаш, Ордабасы және Түркістан аудандарының көп жерін қамтиды.

Жазы ыстық және ұзаққа созылады, жауын-шашын аз болады, қысы біршама қысқа. Жылы кезеңнің ұзақтығы 175 күннен 215 күнге дейін ауытқиды. 10°С-ден жоғары жылы температуралардың жиынтығы 4300- 4500° болады. Жауын-шашынның жыл ішіндегі жиынтық мөлшері Арыс-Түркістан аймақшасында - 180-200 миллиметр және Келес аймақшасында 200 - 300 миллиметр шегінде ауытқиды. Өсімдіктің көктеп-өсу кезеңінде ол тиісінше 70 және 140 миллиметр мөлшерінде түседі.

Топырақтың беткі қабаты негізінен алғанда оңтүстіктегі ашық түсті және әдеттегі сұр топырақтан құралады.

Бұл аймақтың жерінен Сырдария өзенінің мейлінше ірі тармақтары -Келес, Арыс және Қаратаудың батыс беткейлеріндегі өзендер ағып өтеді. Олардың бәрінде де өтпелі судың едәуір қоры бар.

Аймақтың айрықша жағдайлары: судың көп қоры және жылу молшылығы, суаруға қолайлы ірі алқаптар (Келес, Төрткөл далалары), жылуды жақсы көретін дақылдарды, мақта егісін, жеміс ағаштарын, жүзім және басқаларын өсіруге өте қолайлы[2] .

Аймақ табиғат жағдайына карай үш аймақшаға бөлінеді. Олар: Келес-Сарыағаш, Арыс-Түркістан және Қызылқұм аймақшалары.

Келес-Сарыагаш аймақшасына Сарыағаш ауданы кіреді. Бүл - төбелі-жонды жазықтар. Топырақтың беткі қабаты әдеттегі карбонатты және ашық түсті сұр топырақ. Оңтүстік-шығыс бөлігінде аймақшаны Келес өзенінің аңғары және оған қатарласа Қүркелес өзені басып өтеді. Мүнда топырақтың беткі қабатында нашар түзданған ашық түсті сұр топырақ басым. Өзен аңғарларындағы сұр топырақ суармалы жерлердің негізгі қоры болып табылады. Аймақта болашағы зор суарылатын ірі алқаптар жеткілікті. Бұл - Келес өзенінің оң жағына орналасқан жерлер. Келес өзенінің табиғи жағдайдағы төменгі ағысында айына орта есеппен секундына 1, 5 текше метр су шығындайтын баяу ағын бар. Бірак Келес өзені және оған қатарлас Құркелес өзені Зах және Ханым каналдарынан, өтпелі сулардың қоры орасан зор Шыршық өзенінен қосымша су алады.

Болашақта суармалы жер көлемін үлғайту мақсатында Шыршық өзенінің суын пайдалану үшін су қоймасын салып, Зах және Ханым каналдарын қайта салу керек. Ауа-райы жағдайлары 2-кестеде көрсетілген.

1. 2 Ауа-райы жағдайлары

2-кесте

2010-2012 ж ауа-райы жағдайлары

Айы
Температура 0 С
№: 1
Айы:
Температура0С: 2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
№: 2
Айы: Қаңтар
Температура0С: -3, 9
0, 9
10, 6
№: 3
Айы: Ақпан
Температура0С: 5, 9
4, 9
№: 4
Айы: Наурыз
Температура0С: 11, 0
8, 5
13, 8
№: 5
Айы: Сәуір
Температура0С: 17, 2
18, 2
17, 2
№: 6
Айы: Мамыр
Температура0С: 23, 8
21, 6
23, 5
№: 7
Айы: Маусым
Температура0С: 26, 7
27, 1
28, 0
№: 8
Айы: Шілде
Температура0С: 26, 7
28, 4
28, 7
№: 9
Айы: Тамыз
Температура0С: 25, 4
25, 9
26, 7
№: 10
Айы: Қыркүйек
Температура0С: 19, 2
20, 1
№: 11
Айы: Қазан
Температура0С: 16, 2
11, 1
№: 12
Айы: Қараша
Температура0С: 8, 6
8, 0
№: 13
Айы: Желтоқсан
Температура0С: 3, 4
1, 9
№: 14
Айы: Жылдық
Температура0С: 15, 0
14, 7
(18, 74)
№:
Айы: Айы
Температура0С: Жауын-шашын мөлшері (мм 2 )
№:
Айы:
Температура0С: 2010ж.
2011 ж.
2012 ж.
№: 1
Айы: Қаңтар
Температура0С: 52, 7
16, 5
18, 5
№: 2
Айы: Ақпан
Температура0С: 33, 4
32, 8
34, 2
№: 3
Айы: Наурыз
Температура0С: 25, 7
67, 2
20, 9
№: 4
Айы: Сәуір
Температура0С: 20, 4
22, 7
26, 6
№: 5
Айы: Мамыр
Температура0С: 3, 9
42, 6
22, 0
№: 6
Айы: Маусым
Температура0С: 1, 4
2, 4
0, 0
№: 7
Айы: Шілде
Температура0С: 3, 3
0, 0
0, 0
№: 8
Айы: Тамыз
Температура0С: 0, 0
2, 8
0, 0
№: 9
Айы: Қыркүйек
Температура0С: 0, 6
0, 0
№: 10
Айы: Қазан
Температура0С: 14, 8
4, 3
№: 11
Айы: Қараша
Температура0С: 42, 1
20, 8
№: 12
Айы: Желтоқсан
Температура0С: 36, 9
77, 9
№: 13
Айы: Жылдық
Температура0С: 235, 2
290, 0
(122, 2)

2 Мақтадан алынатын өнімдердің сипаттамасы

Мақта - тоқыма өндірісі шикізаттарының ең бағалы түрінің бірі.

Бұл түрлі маталар тігін жіптер, таза мақта, жасанды жібек түрлі техникалық бұйымдар (жіп сүзгілер, белдіктер, жасанды тері) және де басқа заттар[3] .

Мақтадан 300 - ге жуық кең қолданылатын, техникалық және арнайы өнімдер алынады. Бір тонна шитті мақтадан 346 килограмм талшық, 70-60 килограмм түбіт (линт) пен 592 килограмм шит (тұқым) өндіріледі. Ал тұқымнан 113 килограмм май, 92 килограмм қауыз, 25-30 килограмм сабын және 25 литр спирт және басқа кептеген өнімдер алынады. Мақта талшығы жіп иіру, тоқымашылық және трикотаж және басқада өндірістерге негізгі шикізат болады. . Бұл талшықтан түрлі маталар, тігін жіптер, таза мақта, жасанды жібек, түрлі техникалық бұйымдар және де басқа заттар жасалады. Мақта өндірісінің дамуында тұқым шаруашылығының алатын орны ерекше.

Соңғы кезде шиттен алынатын линт және делинт жоғарғы бағаланады. Бұлар таза мақта, жасанды шыны, фото таспалары, лактар, қағаз, линолиум, жасанды жібек немесе тағы басқа заттарды жасауға болады. Мақта шикізатында 20-25 %т мақта майы бар. Май алғаннан соң қалған қабық және күнжара мал үшін өте қымбатты жем болады. Қабықтар тағы да картон, қағаздың төменгі сорттар алу үшін гидролиз өндірісінде қолданылады. Мақтаның бұтақтары мен көсектері, тамырлары да өндірістік маңызы зор [4] .

2. 1 Мақтаның сорттары

Мақта ең ескі техникалық дақылдардың бір түрі. Мақта бұдан 3000 жыл бұрын Қытай, Үндістан, Мысыр, Перу және Мексикада өндіре бастады. VI-VII ғ. ғ Орта Азияда және Қазақстан аймақтарында өсіре бастады. Мақта өте жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан ол 43-48% Оңтүстікте орналасқан аймақтарында егілді. Мақтаның барлық түрлерін ішінде тек 4 түрі таралған:

1. Госсипиум Херзитум

2. Госсипиум Борбодензе

3. Госсипиум Арбореум

4. Госсипиум Хербоцеум

Қазақстанда және Орта Азия мемлекеттерінде І, ІІ түрлері өсіріледі. Госсипиум Херзитум орта талшықты мақта. Мақта талшығының ұзындығы 36-28 мм, қалыңдығы 0, 17ден-0, 22 текс. Госсипиум Борбодензо жұқа талшық мақта қалыңдығы 0, 12-0, 17 текс, ұзындығы 36-50мм.

Орта Азияда және Қазақстанда ең көп таралған селекциялық сорттар: Орта талшықты - 108Ф, 152Ф, 138Ф, 139Ф, Ташкент -1, С-4227, 149Ф. Жіңішке талшықты - С-6037, С-6030, С-6029, 9153-И, 627-49-И.

  1. Мақтаның агротехникасы

Мақта енімін түсірмей бір жерде 3-4 жылға дейін егіле береді. Бірақ үзақ қайта егістер барлық ау-дандарда мүмкін бола бермейді. Мақтаны қайта-қайта егуден топырақ шаңданып, қүрылымын жоғалтады, өсімдіктер «сол-дырма» ауруынан зардап шегеді жөне зиянкестер таралуынан көп қауіп болады. Қүрылымсыз топырақтар суарғаннан кейін қатты нығыздалады да ылғалды тез жоғалтады. Сондықтан, осындай жағдайларды болдырмауға қажет ең алғы шаралар-дың бірі - мақтаны арнайы мақта-жоңышқа және аралас ауыс-палы егістерінде өсіру. Мақта-жоңышқа ауыспалы егісінде тек қана жоңышқа мен мақта егілетін болса, аралас ауыспалы егістерде олардан басқа жүгері жене басқа да дақылдар егіледі[5] .

Жоңышқаны ауыспалы егіске мақтамен бірге енгізудің шаруашылықжәне агротехникалық маңызы зор. Біріншіден, оны өсіруден жоғары сапалы ақуыздық жем алынады, екінші-ден жоңышқа түздануға шалдыққан суармалы жерлерде жақ-сы еседі де топырақтағы түз ерітіндісінің концентрациясын қалпына келтіруге септігін тигізеді. Одан басқа, жоңышқа бүршақ өсімдігі болғандықтан, топырақ қүрылымын сақтап қалады және оның азотын молайтады (1 гектарға 300 кг-нан көп азот жиналады) . Жоңышқаны мақта ауыспалы егісіне енгізуден мақта өнімі гектарына 6-8 ц өседі. Ал жоңышқаның әсері 4-5 жыл өткенше көрінетін болса, онда қосымша гектар жерден 30 ц шитті-мақта жиналады.

Аралас ауыспалы егістерге - жоңышқа мен мақтадан басқа, 1-2 танап жүгері, дәнді дақылдар және де аңыздық бүршақ дақылдары қосылады. Кейбір мақталы аудандардабір жылда малазықтық дақылдардан үш рет өнім алуға болады: мақтаны жинағаннан кейін кеш күзде асбүршақ егеді жөне оны ерте көктемде жинайды, одан кейін танапқа жүгеріні сүрлемге егеді, оны орғаннан соң қайтадан асбүршақ егіп күзде оны орады. Осыдан кейін екі-үш жыл қатарынан мақта егіледі. Бірінші және екінші ауыспалы егіс алты, сегіз немесе тоғыз танаптан түрады. Мақтаның ондағы үлестік салмағы 60-70 % дейін.

Ауыспалы егісте мақта жоңышқадан, мақтадан, отамалы немесе дәнді дақылдардан кейін орналасатын болғандықтан, әр алғы дақылдан кейін топырақ өндеу жүмыстары да әртүрлі болады.

Көпжылдық шөптерден кейін, сүдігер өңдеу 8-10 см терең-дікке көптүренді сыдыртқыштармен (жыртудан 2-Запта бүрын) танапты сыдырту мен 27-30 см тереңдікте сүдігер жыртудан түрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы
Мақта шаруашылығы және оның облыс экономикасындағы орны
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті – мақта өндіру технологиясын жетілдіру
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егілуінің, оны жетілдірудің қысқаша тарихы және мақта кластерінің болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының дамуын талдау
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Агротехника сапасыз болғанда топырақты суарудан соң күтіп-баптау
Мақта өнімдерін өндіру
Мақтада фотосинтез процесінің қарқындылығын зертттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz