Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Ірі қара шаруашылығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2Ірі қараның сүтті.етті тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3Сүтті.етті ірі қараның сырт пішіні және оны бағалау тәсілдері ... ... ..11
1.4 Малды нормалап азықтандыру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4.1 Етті тұқымды ұрғашы сиырды азықтандыру және рационқұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5 Ірі қара бұзауларын азықтандыру нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.6 Алты айдан асқан сүтті.етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын күтіп.бағу және азықтандыру рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.7 Алты айдан асқан бұзауларды азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... 16
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Алты айдан асқан сүтті .етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын азықтандыруды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1.1 Алты айдан асқан бұзауларға берілетін азықтарды топтастыружолдарының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.1 Ірі қара төлін азықтандыру ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2 Қоректік заттарға мұқтаждығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.3 Ұрғашы бұзауды азықтандыру нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.4 Азықтандыру рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.4.1 Рацион құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.5 Қорытылу коэффициенті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.6Алты айдан асқан сүтті.етті бағытындағытұқымның ұрғашы бұзауларының (1 айлық) малазықтық қажеттілігін есептеу ... ... ... ... ... ...29
3.7 Алты айдан асқан ұрғашы бұзаулардың (1 жылдық) малазықтық қажеттілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
4ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
4.1 Ірі қара шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау ... ... ... ... ..31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға баса назар аударды. Стратегиялық құжатта: «Ауыл шаруашылығы тауарларына өсіп отырған жаһандық сүраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет: егістік алаңын ұлғайту, өнімділікті жаңа технологиялар еңгізу есебінен едәуір көтеру» делінген. Белгіленген мақсаттарды жүзеге асырудың бірінші қадамы - «Агробизнес-2020» бағдарламасы болды. Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге жетті.Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды, жақсы бағып - күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Осыған байланысты бүл бағытта жасалып жатқан игі істер де аз емес. Еліміздегі агроөнеркісіп кешенін дамыту мақсатында «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. Мұнда көптеген жобалар қарастырылған. Соның бірі «Сыбаға » жобасы. Жоба аясында 1400 фермерлік және шаруа қожалығына анализ ірі қара мал сатып алуға көмек көрсетілген. Етті бұкаларға сұраныс тұрақты түрде өсуде. Ет жобасын қолдаудың арқасында 2013 жылдың басына қарай етті асыл тұқымды малүлесі 3,9% , бұл көрсеткіш 2012 жылдың басында 2,8% құраған болатын. Бұндай жобалар малды төлден бастап жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілуіне дұрыс бағып - күтуіне дүрыс бағыт беріп отырады.
Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болу керек. Оның бастысы - малды жастайынан дұрыс азықтандыру және күтіп бағу. Малдың организімі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организм де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады. Әсіресе жас малдың өсіп дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді.
Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл. басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні үзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 кг-ға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген Шароле, Абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған.Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15-20%көп.

1 А.Ә. Төреханов (Ж.К. Каримов, Ш.Д. Даленов, Д.Қ. Найманов, Н.Ә. Жазылбеков) «Ірі қара шаруашылығы» /оқулық. - Алматы: Триумф «Т», 2006ж. – 11-13бет.
2Е.Шекенов ( Р. Қазыханов, А. Бекқожин, С. Әшімов, В. Егоров, А. Ғазизова, З. Танраева, А. Жұмақаева, Т. Боранова) Зоотехния негіздері/оқулық. – Астана: Фолиант, 2007ж. – 109-121бет.
3 Н. Омарқожаев, «Мал азықтандыру» /оқулық. – Алматы: Қайнар, 1998ж. – 121-125бет,
4 Қ. Бегімбеков ( А. Төреханов, Ә. Байжұмашов) «Мал өсіру және селекция», - Алматы: Бастау, 2006ж. 18-20бет.
5. А.Д. Дәрібаев, Ж.С. Әткешов, «Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру» практикумы(1бөлім), - Алматы: Талғар, 1994ж. - 171-185бет.
6 Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы» «Бастау» 2006,176-180 бет.
7Қ.Ш.Нұрғазы «Мал шаруашылығы» «Дәуір» 2012. 243-244 бет
8. А.Д.Дәрібаев, Ж.С.Әткешов «Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру практикумы» «Талғар» 1994.198-209 бет
9 А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы» «Бастау» 2006,176-180 бет.
10 А.Ә Төреханов, Н.Ә Жазылбеков, М.А. Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы». Алматы, 2006, 45-47 бет.
11 Н. Омарқожаұлы « Мал азығын бағалау және малды азықтандыру». Алматы, 2005, 28-29 бет.
12 А. Дәрібаев, Ж.С. Әткешов «Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру» практикумы. Талғар, 1994, 115-117 бет.
13 Бегімбеков Қ. «Мал өсіру және селекция»: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Қ.Бегімбеков, А. Төреханов, Ә. Байжұманов – Алматы, Нұр - Принт 2003, 201-203 бет.
14Төлеуіш Ж. «Малың аман болса, май ішесің» /Төлеуіш Ж. 2003, 32бет.
15 А.Ә. Төреханов, Ж.К. Каримов, Ш.Д. Даленов, Д.Қ. Найманов, Н.Ә.Жазылбеков « Ірі қара шаруашылығы». Алматы, 2006, 49-52 бет.
16 Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков «Мал шаруашылығы». Астана, 2008, 68-70 бет.
17 Е.Шекенов, Р.Қазыханов, А.Бекқожин, С.Әшімов, В.Егоров, А.Ғазизова, З. Танраева, А. Жұмақаева, Т.Боранова, Т.Джаманбаев «Зоотехния негіздері» оқулық - Астана Фолиант, 2007 - 456 бет.
18 Төреханов А.Г., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. «Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы». Оқулық. Алматы 2005, 88-90 бет.
19 Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. «Ірі қара шаруашылығы». Оқу құралы. Алматы 2006, 122-129бет.
20 Каримов Ж.К. «Қазақстанның сүтті сиыры» А.: Қайнар, 1979, 65-66 бет.
21 Журналдар «Жаршы», «Ізденіс», «Молочное и мясное скотоводство», «Животноводство», «Зоотехния»2006ж., 289-290 бет.
22 Искакбаев Б.Б. «Ірі қара шаруашылығы» А. Қайнар,1996, 278-279 бет.
23 Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы» «Бастау» 2006,176-180 бет.
24Е. Садықұлов, Ә. Байжұманов, Қ. Бегімбеков «Мал өсіру және селекция» 2003ж., 350 бет.
25Мал шаруашылығы комплексі операторының анықтама кітабы. Авторлар ұжымы. - А.: Қайнар, 1979ж., 301 бет.
26 А.В. Алексеев «Мал өсіру негіздері» Алматы, 1974ж., 128 бет.

АННОТАЦИЯ
Малды азықтандыру пәнінен курстық жобаның тақырыбы: Алты айдан асқан сүтті - етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру. Курстық жобада келесі міндеттемелер қаралады: ұрғашы бұзауды 6- айлығынан кейін бағып-күту жолдары және 6-айдан асқан сүтті - етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын азықтандыру үшін нормаға сәйкес рацион құру. Курстық жобада 6-айдан асқан сүтті - етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру мақсат ретінде қарастырылып отыр. Курстық жоба Кіріспе, Әдебиетке шолу, Өзіндік зерттеу, Техника қауіпсіздігі және Қорытынды бөлімдерінен тұрады. Барлығы 35 бет, 6 кесте, 1 формуладан тұрады.
МАЗМҰНЫ
бет
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Ірі қара шаруашылығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..10
1.2 Ірі қараның сүтті - етті тұқымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Сүтті - етті ірі қараның сырт пішіні және оны бағалау тәсілдері ... ... ..11
1.4 Малды нормалап азықтандыру негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..12
1.4.1 Етті тұқымды ұрғашы сиырды азықтандыру және рационқұру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5 Ірі қара бұзауларын азықтандыру нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.6 Алты айдан асқан сүтті - етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын күтіп - бағу және азықтандыру рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.7 Алты айдан асқан бұзауларды азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... 16
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Алты айдан асқан сүтті - етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын азықтандыруды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1.1 Алты айдан асқан бұзауларға берілетін азықтарды топтастыружолдарының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.1 Ірі қара төлін азықтандыру ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..23
3.2 Қоректік заттарға мұқтаждығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.3 Ұрғашы бұзауды азықтандыру нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.4 Азықтандыру рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.4.1 Рацион құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.5 Қорытылу коэффициенті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.6Алты айдан асқан сүтті-етті бағытындағытұқымның ұрғашы бұзауларының (1 айлық) малазықтық қажеттілігін есептеу ... ... ... ... ... ...29
3.7 Алты айдан асқан ұрғашы бұзаулардың (1 жылдық) малазықтық қажеттілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
4ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
4.1 Ірі қара шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау ... ... ... ... ..31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .34
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы курстық жобада келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЕМСТ 7.32-2001 Стандарт жүйесінің мәліметі, кітапханалық және баспалық ғылыми-зерттеу жұмыстың есебі, құрылымын және ережесін аудару.
МЕМСТ 16020-70 Сойыс мал. Атаулар мен анықтамалар.
МЕМСТ 5110-55 Союға арналған ірі қара мал.
МСТ 15467-79 Ұрпақ сапасын бағалау. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар.
МЕМСТ 9959-91. Ет өнімдері. Сезімдік бағалаудың жалпы шарттары - М., 1992. -14 б.
МЕМСТ 3100-1-91 Сүт және ет өнімдері. Сынақ сұрыптап алудың әдістері.
Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандырудың мөлшері және жем шөп тиімділігі. Анықтамалық құрал Калашников А.П., Клейменов Н.И., Баканов В.П. және басқалар - М., Агропромиздат, 1985.
АНЫҚТАМАЛАР
Азық өлшемі - организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.
Азықтандыру нормасы - малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы жүргізілген ғылыми - шаруашылық физиологиялық тәжірибелер.
Азықтандыру рационы - малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
Азықтандыру типі - рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген азық белгілейді.
Рацион-бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі
Рацион құрылымы - рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне ( а.ө. не а.э.з бойынша ) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті толықтыру.
Витаминдер - өте аз мөлшерде болғанымен де тіршілікті қамтамасыз етуге өте қажет аса маңызды органикалық қосындылар.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
АӨК- Агроөнеркәсіптік кешен
ҚҚЗ - қорытылған қоректік зат
АЕҚЗ - азықпен енген қоректік заттар
НШҚЗ-нәжіспен шыққан қоректік заттар
кг - килограмм
г - грамм
мг - миллиграм
л- литр
ц- центнер
а.ө - азықтық өлшем
а.э - алмасу энергиясы
КДж - килоджоуль
МДж - мегаджоуль
% - пайыз
млрд. - миллиард
КІРІСПЕ
Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға баса назар аударды. Стратегиялық құжатта: Ауыл шаруашылығы тауарларына өсіп отырған жаһандық сүраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет: егістік алаңын ұлғайту, өнімділікті жаңа технологиялар еңгізу есебінен едәуір көтеру делінген. Белгіленген мақсаттарды жүзеге асырудың бірінші қадамы - Агробизнес-2020 бағдарламасы болды. Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге жетті.Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды, жақсы бағып - күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Осыған байланысты бүл бағытта жасалып жатқан игі істер де аз емес. Еліміздегі агроөнеркісіп кешенін дамыту мақсатында Агробизнес-2020 бағдарламасы қабылданды. Мұнда көптеген жобалар қарастырылған. Соның бірі Сыбаға жобасы. Жоба аясында 1400 фермерлік және шаруа қожалығына анализ ірі қара мал сатып алуға көмек көрсетілген. Етті бұкаларға сұраныс тұрақты түрде өсуде. Ет жобасын қолдаудың арқасында 2013 жылдың басына қарай етті асыл тұқымды малүлесі 3,9 % , бұл көрсеткіш 2012 жылдың басында 2,8 % құраған болатын. Бұндай жобалар малды төлден бастап жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілуіне дұрыс бағып - күтуіне дүрыс бағыт беріп отырады.
Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болу керек. Оның бастысы - малды жастайынан дұрыс азықтандыру және күтіп бағу. Малдың организімі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организм де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады. Әсіресе жас малдың өсіп дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді.
Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл. басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні үзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 кг-ға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген Шароле, Абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған.Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15-20 % көп.
Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, жүзеге аспай калуы сөзсіз.Сондай - ақ төл өсіру ірі қара табанынан өнімді көп алудың негізігі бір жолы. Мал тұқымын асылдандыру олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық-экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе,аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға ата-тектерінің касиеттілігін дамыту үшін шаруашылықта өзінде бар азықты жегізіп үйрету керектігі, малды жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілуі олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындала алады.Мал төлден өседі, сондықтанда мал шаруашылығының тәжірибелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді,шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Сөйтіп мұның барлығы сүттің көп болуына әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: 6-айдан асқан сүтті - етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын күтіп - бағу және азықтандыруды қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ұрғашы бұзауды 6-айлығынан кейін бағып - күту жолдары.
2. 6-айдан асқан сүтті - етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын азықтандыру үшін нормаға сәйкес рацион құру.
ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1.1 Ірі қара шаруашылығының дамуы
Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті - етті және етті ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері жатады. Ал, оның қиы топырақтың құнарлығын арттыру үшін қолданылады. Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылығының алынатын өнім 60 %-дан асса, ал Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастықтарының аймақтарында бұл өнім 65-70 %-ға дейін жетеді.
Сүт өнімі жағынан ірі қара мал басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда алдыңғы орында. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда әр сиырдан жылына 7000 кг-нан астам сүт сауылса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда 27600 кг дейін сүт алынған.
Ірі қара малы өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Сонымен ТМД-ның 45-50°С ыстықты аймақтарында және -60°С қысы өте аязды аймақтарда да өсіріледі.Ірі қара малының қорыту органдарының ерекшеліктеріне байланысты клетчаткасы көп азықтарды жақсы қорытады,әрі қорытуы 55-60 %-ға дейін жетеді.Жаз айларында ірі қара жайылымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.
Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықта пайдалынылады. Ал сүтті сиырлар одан да көп пайдаланып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды [3].
1.2 Ірі қараның сүтті-етті тұқымдары
Симментал асыл тұқымды ірі қара малы - етті - сүтті тұқымға жатады. Швейцариядан Италияға, Францияға, Австралияға, Германияға, Ресейге, Оңтүстік Америкаға әкелінген. Еуропа мемлекеттерінде көп таралып, жергілікті ірі қара малын асылдандыру үшін қолданылады.Біздің мемлекетке симментал ірі қара малы өткен ғасырдың басында әкеліне бастады. Қазақстанда бұл ірі қара малының ең бағалы тұқымдары павлодар облысының Песчан және Павлодар асыл тұқымды совхоздарында, Шығыс Қазақстан облысының Северо-Убинск асыл тұқымды совхозында, Павлодар және Орал облысының бірқатар асыл тұқымды фермаларында шоғырланған.
Симментал ірі қара малы жақсы бордақыланады, етінің дәмі жақсы. Жас малының ет шығымдылығы 56-56 % болса, ересектерінікі 64 %-ға жетеді, ал сүттілігі әр жерде әр түрлі.
Швиц асыл тұқымды ірі қара малы - Швейцарияның таулы аймақтарында шыққан. Бұл тұқым сүтті - етті бағытқа жатады, сондықтан сүтті де, етті де жақсы беретін тұқым.
Алатау ірі қара тұқымы - Қазақстан мен Қырғызстанның оңтүстік-шығысында жергілікті қазақ және қырғыз ірі қара малын тұқымымен шағылыстыру арқылы өсіріліп шығарылған.
Ірі қараларының сүттілігі 2800-3500 кг, сүтінің майлылығы 3,8-4,0 %. Бұл тұқымның еттілік қасиеті жақсы. Пішпелері тәулігіне 800-900 г-ға дейін салмақ қосады, ал ірі қара малынанет шығымдылығы 53-55% болса, бордақыланған өгіздерінікі 60% ға жетеді [3].
1.3 Сүтті-етті ірі қараның сырт пішіні және оны бағалау тәсілдері
Ірі қараның конституциясын, экстерьерін және интерьерін білудің ірі қара шаруашылығын дамытудағы маңызы өте зор. Тек қана конституциясы мықты, ал экстерьері мен интерьері жақсы мал ғана өнімді мол береді. Ірі қараның конституциясы, экстерьері және интерьері олардың тұқымына, өскен ортасына, шаруашылық бағытына, дұрыс азықтандыруына байланысты. Ірі қараның сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Ірі қара малдың сыртқы пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын ббілуге болады. Малдың сыртқы пішінін бағалау үшін зоотехник-селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жаксы білуі қажет. Сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер болғанда ғана малдың сыртқы пішіні бағаланады. Малдың сырт пішінін бағалау тәсілдері:
1) Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудағы ең негізгісі болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін, денсаулығын, т.б. анықтайды, әр малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады.
2) Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшеу бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуіне 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін - 11, орташа дене өлшемі - 18.
3) Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдің негізгісі, мысалы бір дене өлшемін 100 % деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен ғана анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 % деп алған дене өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде 2-3 топтың дене пішінінің салыстырмалы бағалары анықталады.
4) Фотографиялық тәсіл. Асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор [4].
1.4 Малды нормалап азықтандыру негіздері
Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал басының қоректілік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жемшөп мөлшерін белгілеу. Организм қажеттілігі арнайы нормалық көрсеткіштер арқылы белгіленеді. Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы құрастырылады.Азықтандыру нормалары малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, өнімділігіне байланысты белгіленген организм мұқтаждықтарының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және де өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын энергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғаяды. Қазіргі кезде азықтандыру нормаларына малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп, жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі.Шаруашылықтағы малды азықтандыру тиімділігі - шығындалған азыққа алынған өнім мөлшерімен есептеледі. Неғұрлым аз азық жұмсалып, көп өнім алынса, қоректендіру дұрыс ұйымдастырылған болып саналады [5].
1.4.1 Етті тұқымды ұрғашы сиырды азықтандыру және рацион құру
Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығындағы барлық жемшөп шығынының 45-50 % аналық бастардың үлесінде. Сондықтан да, бұл саланың тұтастай алғанда пайдалы болуы көбінесе ірі қараның осы тобын азықтандыру мәселелерін дұрыс шешуге байланысты. Жергілікті жерлерде өндірілетін сабан, топан және егін шаруашылығының басқа да қалдықтары сияқты арзан жемшөпті көп көлемде пайдалана алатындығына қарамастан, олардың мерзімдік азық үлестері жұғымды және минералды заттардың, сондай-ақ витаминдердің қажетті мөлшерлерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сиырларды азықтандырудың жалпы деңгейі, қоректің негізгі элементтері мен қуатқа мұқтаждығы олардың тірілей салмақтарына, буаздық және сүттену кезеңдеріне, жыл мерзімдеріне, қондылығына, бағып-күту технология мен басқа да ықпалдарға байланысты болады.Сиырлар тұрқының өсуі үшін (бірінші және екінші бұзаулағанда ), өсіп келе жатқан ағзасының қажетін салыстырмалы түрде мүмкіндігінше қамтамасыз ету мақсатында, оларға тәулігіне 1 азық өлшемінде 113-115 г қорытылған протеин, 7-8 г кальций, 4-5 г фосфор және 39-42 мг каротин бар 1,3-1,8 азық өлшемі есебінен үстеме азық беру керек.
Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара шаруашылығын өркендетуге уақытша кедергі болып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі- жоғары сапалы мал азықтарының, әсіресе, ең алдымен олардағы ақықтық белоктың жетімсіздігі. Ет бағытындағы ірі қараларды азықтандыру негізінен табиғи жайылымдар мен шабындықтарды кеңінен пайдалануға негізделгенгдіктен, еліміздің әртүрлі аймақтарындағы мерзімдік азық үлесерінде қуаттың және белоктың жетіспеушілігі сезіледі. Мерзімдік азық үлестерінде әбден піскенастық тұқымдастар пішенінің, жүгері және күнбағыс сүрлемдерінің молдығына қарамастан, алмасатын қуат пен протеиннің жетімсіздігінің, малдар өздерін үнемі аш сезінеді.
Сиырларды азықтандырғанда мөлшерленетін негізгі көрсеткіштер - құрғақ заттың мөлшері мен сол құрғақ затта шоғырланған қуат пен протеин. Ет бағытындағы сиырлар үшін жасалатын мерзімдік азық үлесін мөлшерлеудің қалған көрсеткіші минералды заттармен толықтырылған қоспалар есепке алынады.
Сиырларды толыққұнды азықтандыру тіршілік етуге қабілетті бұзау алу үшін қажет.Суалған кезеңде сиырға, тірілей салмағының 100 кг-ына шаққанда, тәулігіне 1 кг-ның құрамында 0,65 азық өлшемі мен 11,2 % шикі протеин шоғырланған 2,25-2,3 кг құрғақ зат; сүттену кезеңінің бірінші жартысында, тірілей салмағының 100 кг-на шаққанда - 0,64-0,66 азық өлшемі мен 9,6-9,8 % шикі протеин шоғырланған 2,35 кг құрғақ зат тиісті болады.
Жаңа бұзаулаған сиырларды азықтандырғанда, оларға ерекше жағдай жасау керек. Сиыр етін өндіруді арттырудың қолда бар көздерінің бірі - ет бағытындағы ірі қараны жазда жайып бағу. Бұл кезеңде мал, әдетте қыс кезінде жоғалтатын тірілей салмағының орнын толтырады. Жайылым шөбінің қуат сиымдылығының төмен болуы, малды басқа жемшөп түрлерімен азықтандырғанда қарағанда, мал шаруашылығы өнімдерін қуатты мейлінше аз жұмсап өндіруге мүмкіндік береді.Ет бағытындағы ірі қараны бағуға жұмсалатын азық шығындарын азайтуға ерекше маңызды болып табылатынжайылым маусымын ұзарту үшін, жайылым шөптері күйіп кететін жазғы-күзгі айларда ірі қараны тәулігіне 0,8-1,2 кг есебімен құнарлы азықтармен қосымша азықтандырады.
Ірі қараны жайылымда бағуға шығармас бұрын жайылымды, су қоймаларын алдын-ала дайындап, жайылымдардың мал дәрігерлік тексеруден өткізу, олардың тұяқтарын жонып, ретке келтіру керек.Жайылымдық кезеңде ет бағытындағы ірі қараны азықтандыру мөлшерлері 100 кг тірілей салмаққа 1,8-2,2 азық өлшемінен келетіндей есеппен белгіленеді.
Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы ет бағытындағы сиырларға берілетін жемшөптің жұғымдылығына қарай, мынадай жалпы жылдық құырылым ұсынылады: ірі азық 18-20 %, шырынды азықтар 17-19 % (оның ішінде: сүрлем 8-9 %, пішендеме 9-10 %), құнарлы азықтар 16-17 %, көк азықтар 45-47 %. Оның ішінде екпе шөптер 4-6 %.Азықтандыру нормалары малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, өнімділігіне байланысты белгіленген организм мұқтаждықтарының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және де өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын энергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғаяды. Қазіргі кезде азықтандыру нормаларына малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп, жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі. Шаруашылықтағы малды азықтандыру тиімділігі - шығындалған азыққа алынған өнім мөлшерімен есептеледі. Неғұрлым аз азық жұмсалып, көп өнім алынса, қоректендіру дұрыс ұйымдастырылған болып саналады [6].
1.5 Ірі қара бұзауларын азықтандыру нормасы
Ірі қара төлін өсірудегі негізгі мақсат - тез өсіп, жақсы жетілетін дене тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін әр шаруашылықта табиғи және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескере отырып ғылыми негізделген төл өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді. Алғашқы 6 айда ол бұзауды азықтандыру жобасына негізделеді. Ірі қара төлінің өсуі 2-3, ал жетілуі 4-5 жасында аяқталады. Осы уақытта олардың жетілуінің биологтялық заңдылықтарын жете ескере отырып, жоғары өнімді сиыр өсіру керек. Оны іске асыру үшін азықтандыруды тұқымдық ерекшеліктері өсіру бағыты мен сақайғандағы тірідей салмағына жеткізетін өсіру жоспарына сәйкестендіреді. Сақайғандағы тірідей салмағы 500-550 кг тартатын сиырларды өсіру үшін төлдің алғашқы 6 айдағы орташа тәуліктік салмақ қосымы 650-700 г, 7-12 айлығында 550-600 г, 18 айлығындағысы 345 кг жетуін қадағалайды.Тұқымдық еркек бұзаулардың бұдан да жоғары (850-950 г) орташа тәуліктік салмақ қосуын жоспарлап, 16 айындағы тірідей салмағын 450-500 кг жеткізеді.Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп келе жатқан төлдің организмінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады.
Қабылданған төл өсіру жоспарына сәйкес шаруашылықта жаңа туылған бұзауларды өсіру тәсілі белгіленеді. Бір кезде туылған 2-4 бұзауды осы мақсатқа арнайы бөлінген сиырды емізіп өсіру. Ол сиырды саумайды, сүттілігіне қарай емізілетін бұзаулар санын белгілейді. Бұзаулар қай тәсілмен азықтандырылып өсірілетін болса да, оларды туылғаннан кейін міндетті түрде өз енесінің уызына қандыру шарт. Жаңа туылған бұзаулардың кіндігін кесіп, кесілген жерді өңдеп, танауын тазалап, денесін буланған сабанмен ысқылағаннан кейін енесіне жалатады. Бұзауын жалаған сиырдың ас қорытуы дұрысталып, шуы тез бөлініп, ийді.
Алғашқы екі тәулікте уызды бұзауға 1-2 л, 5-6 рет бөліп емізеді. Үшінші-төртінші күні уызды күніне 3 рет бөліп емізіп, бесінші-алтыншы кунінен оның құрамы біртіндеп сүтке айналғанда 6айға дейін азықтандыруға таңдалған тәсіл бойынша өсіре бастайды. Төл сүйегі тез жетілу үшін алғашқы кундерден бастап сүтке кальций-фосфорлық минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Басында ұнтақталып тазартылған сұлыға үйретіп, екінші айдан бастап оны арнайы шығарылған құрама жеммен ауыстырады. Өндірістік құрама жем болмаған жағдайда тазартылған сұлы, жүгері ұны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр кунжараларынан тұратын жем қосындысын пайдаланады.
Жазда бұзауларды бірінші айдан бастап көк балаусаға үйретеді. Көк азық жетілуін екінші айда 75-145 кг, үшінші айда 180-200 кг, төртінші айда 300-320 кг, бесінші айда 430-460 кг, алтыншы айда 530-560 кг-ға жетеді. Ас қорыту барысы бұзылмас үшін бұзауларға берілетін көк балаусаның бір бөлігін солдырып не кептіріп жегізеді.
Тұқымдық еркек бұзауларға берілетін азық көлемін ұрғашы бұзаулардікінен тәулігіне 740-1000 г қосымша салмақ қосатындай етіп жоспарлайды. Ол үшін 6 айдың ішінде әрбір басқа 320-450 кг сүт, 600-1000 кг көк шөп, 220-230 кг пішен, 200 кг сүрлем, 100-120 кг тамыржемістілер, 200-220 кг құнарлы жем жеткізеді. Жазда ірі және шырынды азықтар орнына 800-900 кг көк азық береді.Шаруашылықтағы тауарлы сүтті үнемдеу үшін бұзауларды сиыр сүтін алмастырушы жеммен азықтандыруға болады [5].
1.6 Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру рационы
Алты айдан асқан ұрғашы бұзаулар жасына қарай 3 топқа бөлінеді:
1) 6 айдан 12 айлығына дейін
2) 13 айдан 18 айлығына дейін
3) 19 айдан 24 айлығына дейінгі төлдер жатады.
6-7 айлығынан бастап 16-18 айлығына дейін ірі қара төлі жедел өседі, олардың жыныстық органының өсуі аяқталып, оянуы басталады. Ұрғашы бұзауларға көбінесе сұлы, ірі азықтар мен көк шөп беріп, құнды жем мөлшерін азайтқан жөн. Мұның өзі олардың сауын сиырларға тән қасиетін жетілдіре түсуге мүмкіндік береді. Әр жастағы бұзаулар тобына азық рационы айына кемінде бір рет жасалады. Азық мөлшерін есептегенде олардың тәулігіне қосатын салмағы есептеледі.
Ұрғашы бұзауларды азықтандыру түрі болашақ сиырдың қандай тірі салмағы болатындығына байланысты. Сақайғандағы тірідей салмағы 500-550 кг тартатын сиырларды өсіру үшін төлдің алғашқы 6 айдағы орташа тәуліктік салмақ қосымы 650-700 г, 7-12 айлығында 550-600 г, 18 айлығындағысы 345 кг-ға жетуін қадағалайды.
Асыл тұқымға бағытталмаған шаруашылықтарда ұрғашы бұзауларды алғашқы 6-8 айлығында бірқалыпты, ал жыныстық жетілу және сүт бездерінің интенсивті өсуі кезіде жоғары азықтандыру деңгейінде өсіреді.Асыл тұқымды емес шаруашылықтарда табынды толықтыруға негізделген ұрғашы бұзаулар өсімінің үлгі жоспары. Рацион құрамы жыл ішінде шаруашылықта бар азық түрлеріне қарай өзгертіліп отырады. Пішенді, пішендеме мен сүрлемнің елеулі бөлігін тамыр-түйнек жемістілермен ауыстыруға болады. Осыған байланысты ұрғашы бұзаулар мен қашарланған азық рационның құрамы қоректілігіне қарай шамамен былай болуы мүмкін: 40-45 % сүрлем, 28-30 % аралығында пішен немесе пішендеме, 25-30 % аралығында концентрат қоспасы және 10 % тамыртүйнек жемістілер. Ұрғашы бұзаулар үшін жаз айларында көк шөп негізгі азық болып табылады.
Қысқа рацион негізі жоғары сапалы, ірі шырынды азықтардан тұрады, ал дәнді азықтар мөлшері 0,5-1кг аспауы тиіс. Рациондағы азықтар мөлшері азыұтандыру типіне байланысты. Мысалы, пішендеме типі азыұтандыруды қолданғанда 6-12 айлық бұзауларға 9-14 кг пішендемені, 1 жастан асқандарға оны 15-20 кг дейін береді, дәнді азықтар рацион қоректілігінің 15-20 % құрайды. Қыс айларында ертеңгілікте құрама жем, пішендеме, қызылша, ал кешқұрым пішен және сүрлем береді [7].
1.7 Алты айдан асқан бұзауларды азықтандыру ерекшеліктері
Н.Жазылбековтың жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері бойынша, Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара төлдерін 8 айлығына дейін енесінен айырмай, орташа қарқынмен өсіргенде, оларға жұмсалатын құнарлы азықтар енесінен айырғандағы тірілей салмағының 100 кг-на шаққанда 0,8-0,85-тен 0,9-1,2 ц-ге дейінгі мөлшерде болған [8].
Л.Гофман мен Р.Шиманн деректері бойынша рацион құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы оның алмасуы мен тіршілікті қамтамасыз ету және өнім өндіруге жұмсалуына ықпал етеді.Бұлардың айтуынша мысалы, 1 кг құрғақ затында 2,0 ккал а.э шоғырланған рационда оның жалпы энергияға қатысы 45,5 % деңгейінде болып, 68 % тіршілікті қамтамасыз етуге,40 % қосымша салмақ қосуға, 66 % сүт түзілуіне жұмсалса, 3,0 ккал а.э шоғырланған рационда оның жалпы энергияға қатысы 68,2 % деңгейінде болып, 75 % тіршілікті қамтамасыз етуге,58 % қосымша салмақ қосуға, 68 % сүт түзілуіне жұмсалған. Яғни рацион құрғақ затындағы а.э шоғырлану дәрежесі өскен сайын оның организм қажеттілігіне игерілу тиімділігі де арта түскен [9].
Шикі протеин мерзімдік азық үлгісіндегі органикалық заттың 14-24 % көлемінде Н.И.Денисовтың мәліметтері бойынша, құрғақ заттың 9,6%-нан 18,8 %-на дейінгі көлемде мөлшерледі [10].
А.П.Дмитроченконың мәліметтері бойынша, шикі протеин құрамында су мен тұзға еритін 40-50 % протеин бөліктері болуы керек [11].
Қоректік заттардың едәуір бөлігі биологиялық тұрғыдан жоғары қасиеттерімен ерекшеленетін сүтпен бірге баратын болғандықтан, ет бағытындағы ірі қара бұзауларының мерзімдік азық үлестеріндегі (рациондарындағы) 1 азық өлшеміне: 1-2 айлығында қорытылатын протеиннен 110-112 г.;3,5- айлығында 113-115 г.; 6-8 айлығында 114-15 г.; кальцийден 5 айлығына дейін 5,5-7 г.; фосфордан 3,6-4,5 г.; каротиннен 10-20 мг.; 5 айдан асқан соң тиісінше:7,8-8,4; 5-6 және 24-25 мг енгізу ұсынылады [12].
Рациондағы азықтар мөлшері азықтандыру типіне байланысты болады. Осыған орай пішендеме типті азықтандыруды қолданғанда 6-12 айлық бұзауларға 9-14 кг пішендемені, бір жастан асқандарға оны 15-20 кг-ға дейін береді, дәнді азықтар рацион қоректілігінің 15-20 %-ын құрайды. Зоотехникалық әдебиетте және тәжірибеде дене бітімін жіктеудің көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінде іс жүзінде кең қолданылатын жіктеудің екі түрі бар. Бұл екі жіктеуде малдың дене бітімін жай көзбене қарағанда анық көрінетін оның түр-тұлғасы мен кейбір физиологиялық касиеттері, ерекшеліктері арқылы ажыратуға негізделген. Біріншісі - малдың дене бітімін анатомиялық, морфологиялық және гистологиялық көрсеткіштер негізінде жіктеу. Бұл П.Н.Кулешов жіктеуі деп есептелінеді. Себебі ол бұл жіктеуді Ч.Дарвиннің организмде, оның мөлшері бір - бірімен сәйкес дамиды деген қағидасын басшылыққа ала отырып, әр түрлі өнім бағытындағы қойлардың терісінің, етінің, сүйегінің, ас қорыту органдарының, сүт бездерінің жетілуін зерттеу негізінде, олардың дене құрылысында өнім бағытына сәйкес ерекшеліктерін анықтау арқылы жасады [13].
П.Н.Кулешов өзінің ғылыми деректеріне сүйене отырып дене бітімін төмендегі төрт түрге бөледі: сөлекет, нәзік, тығыз, борпас немесе болбыр.Сөлекет- дене бітімге жататын малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, қылшықтары (түгі) өте жуан, ет бұлшықтары толымды келеді. Етіндегі май және дәнекер ұлпалары (тканьдерінің) нашар дамыған. Мұндай малдың жалпы түр-тұлғасы сөлекеттеніп, көзге өрескелдеу көрінеді. Сөлекет дене бітімділерге жүк таситын көлік малы мен қылшық жүнді қойлар жатады. Мұндай дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді, ауруға көп шалдықпайды [14].
Нәзік (нежная) - дене бітімділердің терісі жұқа, етсіз, ашаң, сүйегі жіңішкелеу, көзге толымсыздау көрінгенмен, ас қорыту органдары біршама жақсы жетілген, зат алмасу процесі жедел жүреді, нерв жүйесі тез қозғыш келеді. Жақсы бағып-күтуді қалайды. Бұл түрге салт міністі жылқы тұқымдары, биязы жүнді қойлар мен сүтті бағыттағы сиырлар жатады.
Тығыз (плотная) - дене бітімді малдың сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың келеді. Қан айналу, тыныс алу, ас қорыту органдар жүйесі жақсы жетілген, жүйкелері мықты келеді. Бұл түрдің малы әрі өнімді, әрі төзімді келеді. Бұларға жылқының желісті, сиырдың сүтті - етті, қойдың етті-жүнді тұқымдары жатады.
Борпас немесе болбыр (рыхлая) - бітімді малдың денесі жалпақ, ас қорыту органдары біршама жақсы жетілген, зат алмасу процестері баяу жүреді. Мінезі жуас, тез семіреді. Дене бітімінің бұл түрі сиыр мен қойдың етті бағыттағы тұқымдарында, жалқының ауыр жүк таситын тұқымдарында, шошқаның майлы тұқымдарында жиі кездеседі.
Дене бітімінің жоғарыда сипатталған төрт түрі эрқайсысы жеке күйінде кездепейді. Сөлекет дене бітімі тығыз немесе болбырлау, нэзік дене бітімі де тығыз немесе болбырлау болуы мүмкін. Ұғымға жеңіл болу үшін ғана әрқайсысы жеке сипатталады. М.Ф.Иванов жоғарыдағы дене бітімінің төрт түріне бесінші түрді - мықты (крепкая) дене бітімін қосты [15].
Мықты дене бітімі бар малды нәзіктік немесе босандық белгілері болмайды, сөлекет белгілері де көзге түспейді. Сүйегі берік, барлық мүшелері бір-біріне сәйкес жақсы жетілген. Терісі, түгі дәнекер және май тканьдері жетілуі негізгі өнімдік бағытына лайықты келеді. Мұндай мал көзге келбетті, ширақ, жанарлы болып көрінеді. Ауруға да берік, қайратты, қажырлы болады. Өздері өсетін қалыпты сыртқы орта жағдайында тұрақты мол өнім береді. Е.А.Богданов анатомиялық және физиологиялық көрсеткіштерге сүйене отырып, дене бітімін үш түрге бөледі: нәзік те құрғақ, болбыр мықты. Бұлардың сипаттамасы жоғарыдағы сипаттамалармен ұқсас [16].
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Алты айдан асқан сүтті -етті тұқымды малдың ұрғашы бұзауларын азықтандыруды ұйымдастыру.
Бұзау жақсы өсіп - жетіліп, одан мол өнім алу үшін оның дұрыс азықтандырылуы басты шарт. Ол үшін сиыр ағзасына қандай қоректік заттар қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі бұл қажетті қоректік заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты. Әрбір бұзау оның өзіне өлшеніп жасалған мөлшердегі азықпен азықтандырылады. Ал етті-cүтті тұқымдық сиырларды нормамен азықтандыру дегеніміз-оның сүттілігіне, сүтінің майлылығына, қоңдылығына, жасына, қашан және қанша бұзаулағанына, тағы басқа жағдайларына жағдайларына байланысты азықтандыру болып табылады. Ірі қара төліне берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиеттеріне қарай ірі, шырынды, жем азықтар деп бірнеше топқа бөлінеді [17].
Алты айдан асқан етті бағыттағы ірі қара төлін азықтандыру үшін оны азықтандыру ерекшеліктерімен танысып, рацион құру керек. Төлді азықтандыру нормасы мен схемасы, мал өсіру бағытындағы шаруашылық жағдайына байланысты төлге қолдан сүт беріп немесе үш айлығына дейін теліген сиырдың бауырына салып өсіреді. Етті бағыттағы ірі қара малдарының төлі 6-8 айлығына дейін енесін еміп өседі. Сондықтанда алғашқы 3-4 айлығында олардың негізгі азығы сүт болады. Етке өткізілетін төлдерді тұқымдыққа қалдырылатын төлге қарағанда жедел өсіп-өнуіне әсерін тигізетін экономикалық аймақтарға байланысты дифференциалдық азықтандыру схемалары және типтік рациондары қолданылады. Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара төлін өсірумен айналысатын кейбір озат шаруашылықтар төлді өсіруді 4 кезіңге бөледі:
Бірінші кезең-бұзауларға қолдан жоспар бойынша схемаға қарап сүт беру;
Екінші кезең-3 айлығына дейін бір сиырға бірнеше бұзауды телу;
Үшінші кезең - 8 айлығына дейін енесінің бауырынан ажыратпай өсіру, сиырды саумау;
Төртінші кезең-10-30 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz