ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау



1
1.1
1.2

1.3
1.4
1.5
2
2.1

2.2
2.3
2.4
2.5
2.6
2.7
2.8
2.9
3 Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Сұлының ботаникалық сипаттамас және өсіру ерекшелігі ... ... ... ... ... .
Сұлы биологиялық ерекшеліктері және аудандастырылған
сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Нақты топырақ .климаттық жағдайдағы егіншілік жүйесі ... ... ... ... ... .
Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері ... .
Ауа райы ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тәлімі жердегі сұлының ылғалмен қамтамасыз етілуіне
байланысты өнімділігін бағдарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Нақты топырақ.климат жағдайында өнімді бағдарлау ... ... ... ... ... ... ...
Сұлыдан жоспарланған өнім алу үшін тыңайтқыш мөлшерін анықтау ... ... ..
Сұлының ауыспалы егістегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Топырақ өңдеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тұқымды себуге әзірлеу, себу мерзімі, мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Өнімді жинау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі дақылды өсірудің технологиялық кескіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ...
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы.
Елімізді азық түлік және мал азығындық жем-шөпен қамтамасыз ету мақсатында және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту бүгінгі таңда өзекті мәлеле.Егіншілікте маңызды мәселелердің бірі ауыл шаруашылығы міндеттерінің өндірісін арттыруда минералды және органикалық тыңайтқыштардың тиімді пайдалану, жаңа тиімді технологияны енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыру жолдарын қарастыру мақсат, міндеті алдымызда тұр.
Ел басы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру сапасын жақсылау жөніндегі мәселелерді көтерді.
Ауыл шаруашылығы өнімін артыруда өнімнің өзіндік құнын төмендетуде, сондай-ақ топырақтың құнарлығын арттыруда маңызды факторлардың бірі тыңайтқыштарды тиімді пайдалану болып есептеледі.
Көптеген тәжірибелер мәліметтеріне сүйенсек ауыл шаруашылығы егіндерінің өнімдері артуының 50% минералды тыңайтқыштар есебінен екенін көрсетті.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы егістікке, су жеткізуге, элита тұқым шаруашылығына, минералды тыңайтқыштар алуға, өсімдік қорғау шараларына, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінеді. Ауылдық жерлерде инженерлік инфроқұрылымдарды дамыту жөнінде де айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
Төлеби ауданындағы ауыл шаруашылығын реформалау кезенінде нарықтық экономиканы енгізу бағытында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде егіншілік жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 762,7 мың гектар. Дәнді және бұршақты дәнді дақылдар 226,5 мың гектар егілді. Оның ішінде май сығатын дақылдар 82.1, мақта – 222,9 картоп – 10.2, көкөніс – 24,2,бақша – 16.9 мың га егіледі.
Сұлының сабағы берік, негізгі өсіп-өну кезеңдерінің ұзақтығы бұршақ тұқымдас дақылдарының өсіп-даму кезеңдеріне сәйкес келетіндіктен, ол аралас егістіктің маңызды астық тұқымдас түрі. 100 кг көк балауса массасында орта есеппен 17 азықтық өлшем және 2,2 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенде 48 азықтық өлшем мен 6,2 кг қорытылатын протеин және 100 кг сүрлемде 17 азықтық өлшем мен 1,9 кг қорытылатын протеин бар. Орта сападағы 1 кг сұлы бір кг азықтық өлшемге тең, сабанда 0,2-0,3 пішіндемеде 0,45-0,50 азықтық өлшем бар. Сабаны жақсы ірі сабақты мал азығы.
Соңғы жылдары сұлының өнімділігі 5-18 ц-ге дейін өзгере отырып, орташа өнімі Қазақстанда 12,0 ц/га болды.
1. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жүйесі. Алматы 2006. 431 бет.
2. Ауылшаруашылығын өркендету жүйесі жөніндігі ұсыныстар. Шымкент облысы. Алматы: Қайнар, 1987.-414 бет.
3. Б.Д. Крючев Практикум по растениеводству.- М.: Агропромиздат, 1988.-287с.: ил.- ( Учебники и учеб. пособие для учащихся техникумов).
4. Н.А Майсурян., В.Н. Степанов и др. Растениеводство. . Изд.3-е, перераб. и доп. М., Колос, 1986г.- 135с.
5. Т.Әубәкіров, Ж.Жұмағұлов Өсімдік шаруашылығы және селекция.-Алматы, 1988г.- 95-99с.
6. К.Ш.Жанабаев, Т.Саудабаев т.б. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.-Алматы, 1994ж..-134-136бет.
7. Ю.Б. Коновалов и др. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур/ Ю.Б.Коновалов, А.Н.Березкин, Л.И. Долгодворова и др.; Под ред. Ю.Б.Коновалова.- М.: Агропромиздат, 1987.-367с.
8. Е.Елинкова, Й.Бернат, В.Чех и др.; Семеноводство и семенной контроль/Пер с чеш.Г.Н.Мирошниченко;Предисл. Г.П.Жинова, К.А.Морозовой.- М.: Колос, 1981.-335 с.
9. Р.Елешев, А. Бекмағанбетов Агрохимия .-Алматы, 1989г.230-235с.
10. Қ.Ш. Жаңабаев және т.б. Агрономия негіздері. Астана, 2003ж. -170-175бет.
11. Н.И Живников., А.Т.Моргунов Технология возделывания полевых культур. Учеб. Пособие для сельских проф.-техн. училищ. М., Высш. школа, 1991. 304 с.
12. Т.Саудабаев, А.Кадырғалиев Жармалық дақылдар.- Алматы. 1985ж.- 204-210бет.
13. И.Д.Семенихин, Н.И.Коломиец, С.И.Бойченко, П.А.Перебойнос, М.И.Мирошниченко Возделывание полевых культур.// Сборник трудов ВИЛР под ред. Кондратенко П.Г. –Москва, ВИЛР. 1987. –Т. 1, 149-152с.
14. К. Иманғазиев Егіншілікке тыңайтқыш қолдану жүйесі.- Алматы, 1996ж.- 56-60бет.
15. А.Х.Қалиев, Е.Жұмабеков Өсімдіктер генетикасы. Алматы, 1994ж.- 25-31бет.
16. Н.Можаев, Қ.К.Әрінов, Н.А.Шестокова, Өсімдік шаруашылығы практикумы.- Акмола, 1996ж.- 36-39бет.
17.К.А.Тулемисова и другие. Технология возделывания сельскохозяйственных культур // Тез.докл.науч.практ.конф. (Шымкент, 7-9 октября, 1997г.) –Алматы, РНИ Бастау НАЦАИ РК. 1997г. - 39-43с.
18. Б.А. Доспехов Методика полевого опыта (с основами статистической обработки результатов исслеований) 5-е изд.доп. и перераб. -М.: Агропромиздат, 1985. –351 с.
19. М.К. Каюмов Программирование урожаев сельскохозяйственных культур. – М.: Агропромиздат, 1989. – 320 с.
20. П.И. Подгорный Растениевоство 2-е изд.перераб.- М. изд.-во с.-х. литературы, журналов и плакатов. 1963, -268 с.
21. Н.Г.Николаев, М.В.Разумов, В.Н.Гладков Пути повышения всхожести семян.-М.; Сельхозиздат, 1985. – 225 с.
22. М.Ерлепесов, А.Амантаева Суармалы егіншілік. Алматы, 1998ж.- 33-35бет.
23. Қ.К.Әрінов, А.К.Апушев, және тб. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау. - Астана, 2001ж.- 135-146бет.
24. В.С.Косинский, В.С. Никляев, В.В. Ткачева, А.А.Сугилина Основы земледелия и растениеводства. /Под ред. В.С.Никляева. –3-е изд.перераб. и доп.- М.: Агропромизат, 1990. – 479с. – ил.
25. И.И.Синягин Площади питания растений.-М.: Ролссельхозиздат. 1975,-382с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім
алудың технологиясын жасау тақырыбы бойынша АП 10-1к2 тобының студенті
А.Ә. Әлізахованың курстық жұмыста сұлыға жалпы сипаттама, сұлының
морфологиясы және химиялық құрамы, сұлының биологиялық ерекшелігі, сұлының
сорттары, сұлыдан жоғары өнім сапасын арттырудың технологиясын жасау
курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Курстық жұмыста ___беттен, 13 кесте, пайдаланған әдебиеттер тізімі 25.
Түйін сөздер: Сұлы, сорт, технология, егістік танаптар, өнімді
бағдарлау, тыңайтқыш қолдану жүйесі, морфологиясы және химиялық құрамы,
биологиялық ерекшелігі, өнім сапасын, тұқымның өнгіштігі.

Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.1 Белгілеулер мен
1.2 қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
1.3 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.5 Негізгі
2 бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Сұлының ботаникалық сипаттамас және өсіру
2.2 ерекшелігі ... ... ... ... ... .
2.3 Сұлы биологиялық ерекшеліктері және аудандастырылған
2.4 сорттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2.6 Нақты топырақ –климаттық жағдайдағы егіншілік
2.7 жүйесі ... ... ... ... ... .
2.8 Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық
2.9 көрсеткіштері ... .
3 Ауа райы
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
Технологиялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
Тәлімі жердегі сұлының ылғалмен қамтамасыз етілуіне
байланысты өнімділігін
бағдарлау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
Нақты топырақ-климат жағдайында өнімді
бағдарлау ... ... ... ... ... ... . ...
Сұлыдан жоспарланған өнім алу үшін тыңайтқыш мөлшерін
анықтау ... ... ..
Сұлының ауыспалы егістегі
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
Топырақ өңдеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Тұқымды себуге әзірлеу, себу мерзімі,
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Өнімді
жинау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Негізгі дақылды өсірудің технологиялық
кескіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қоршаған ортаны қорғау және техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Қортынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

Нормативтік сілтемелер

МҮТ 7.32-2001. Мемлекетаралық үлгі–талап. Ғылыми–зерттеу жұмысы
жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
МҮТ 7.1-84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар
жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы
талаптары мен ережелері.
МЕСТ 2.-102-68 ЕСКД. Құрастырушы құраттардың түрлері жиынтығы.
МЕСТ 2.-104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.
МЕСТ 2.-201-80 ЕСКД. Құрастырушы құраттардың белгілері.
МЕСТ 12046-85 Мемлекет аралық стандарт. Ауыл шаруашылық дақылдарының
тұқымдары. Сапа туралы құжат.
МЕСТ 20081-74 Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары. Терминдер.
Анықтамалар.

Анықтамалар

Агроөнеркәсіптік кешен – азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл
шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға
бағытталған сала.
Аңызақ – далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және өсімдік
тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.
Ауыспалы егіс – екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс
танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Егістіктің ылғалмен қамтылуы – танаптағы екпе дақылдардың топырақ
ылғалына талабын қамтамасыз ету.
Жалпы өнім – белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік – құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы
қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық – ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің
салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры – өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер
пайдаланатын ылғал мөлшері.
Өскін – себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан
өсімдік көгі.
Өсу кезеңі – өсімдік өскіндері жер бетіне шыққаннан бастап толық
піскенге дейінгі аралық.
Сүрі жер – ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес
жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту – топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта – тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының
жиынтығы.
Тәлімі егіншілік – ауа райының қолайсыз жағдайында өсірілетін дақылдар
өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік саласы.
Топырақ бұрғысы – жер қыртысының әр түрлі тереңдігінен топырақ үлгілерін
алуға арналған құрал.
Тұқымның өнгіштігі – белгілі бір жағдайда тұқымның өніп шығу қасиеті.
Тыңайтқыштың әсерлі заты – тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын
элемент мөлшері.
Фенология – табиғаттағы маусымдық құбылысты және оның ауа райы
ерекшелігімен байланысын зерттейтін ғылым саласы.
Физиология – тірі ағзада жүретін алуан түрлі құбылыстар мен зат алмасуы
жайлы ғылым.
Эфемероид – өсу кезеңі өте қысқа көп жылдық шөптесін өсімдіктер тобы.
Олардың өсуі күзде басталып, көктемге дейін созылады.
Эфемер – өсу кезеңі өте қысқа бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобының
жалпы атауы.
Белгі – өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.
Дақыл – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін
өсімдік түрі.
Сорт – белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен
сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және
морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас
өсімдіктерінің тобы.
Технология – нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы
өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі
бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы
ж.ж. – жылдар
NРК – азот, фосфор, калий
ЕКЕА – ең кіші елеулі айырмашылық
ж.б. – және басқалар
т.б. – тағы басқалар
цга – 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
см – сантиметр
% – пайыз
м – метр
ц – центнер
гсм3 – 1 куб сантиметрдегі грамм есебі
– кіші
– үлкен
млрд. – миллиард
А – өсіру технологиясы бойынша
В – гербицидтер
кгга – 1 гектарда килограмм есебі
с.к. – сулы концентрат
э.к. – эмульсиялы концентрат
с.д.т. – суға дайындалған түйіршік
Х – орташа жиынтық
т.с.с. – тағы сол сияқты
э.з. – әсерлі зат
0С – температура

Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының
қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы.
Елімізді азық түлік және мал азығындық жем-шөпен қамтамасыз ету
мақсатында және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді
дамыту бүгінгі таңда өзекті мәлеле.Егіншілікте маңызды мәселелердің бірі
ауыл шаруашылығы міндеттерінің өндірісін арттыруда минералды және
органикалық тыңайтқыштардың тиімді пайдалану, жаңа тиімді технологияны
енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыру жолдарын қарастыру мақсат, міндеті
алдымызда тұр.
Ел басы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін
арттыру сапасын жақсылау жөніндегі мәселелерді көтерді.
Ауыл шаруашылығы өнімін артыруда өнімнің өзіндік құнын төмендетуде,
сондай-ақ топырақтың құнарлығын арттыруда маңызды факторлардың бірі
тыңайтқыштарды тиімді пайдалану болып есептеледі.
Көптеген тәжірибелер мәліметтеріне сүйенсек ауыл шаруашылығы егіндерінің
өнімдері артуының 50% минералды тыңайтқыштар есебінен екенін көрсетті.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы егістікке, су жеткізуге, элита
тұқым шаруашылығына, минералды тыңайтқыштар алуға, өсімдік қорғау
шараларына, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде
бөлінеді. Ауылдық жерлерде инженерлік инфроқұрылымдарды дамыту жөнінде де
айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
Төлеби ауданындағы ауыл шаруашылығын реформалау кезенінде нарықтық
экономиканы енгізу бағытында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде
егіншілік жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Облыста ауыл шаруашылығы
дақылдарының егіс көлемі 762,7 мың гектар. Дәнді және бұршақты дәнді
дақылдар 226,5 мың гектар егілді. Оның ішінде май сығатын дақылдар 82.1,
мақта – 222,9 картоп – 10.2, көкөніс – 24,2,бақша – 16.9 мың га егіледі.
Сұлының сабағы берік, негізгі өсіп-өну кезеңдерінің ұзақтығы бұршақ
тұқымдас дақылдарының өсіп-даму кезеңдеріне сәйкес келетіндіктен, ол аралас
егістіктің маңызды астық тұқымдас түрі. 100 кг көк балауса массасында орта
есеппен 17 азықтық өлшем және 2,2 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенде 48
азықтық өлшем мен 6,2 кг қорытылатын протеин және 100 кг сүрлемде 17
азықтық өлшем мен 1,9 кг қорытылатын протеин бар. Орта сападағы 1 кг сұлы
бір кг азықтық өлшемге тең, сабанда 0,2-0,3 пішіндемеде 0,45-0,50 азықтық
өлшем бар. Сабаны жақсы ірі сабақты мал азығы.
Соңғы жылдары сұлының өнімділігі 5-18 ц-ге дейін өзгере отырып, орташа
өнімі Қазақстанда 12,0 цга болды.
Масақты дақылдардың тек өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, оның
өнімділігін арттыру және сапасын жаңарту сияқты ізденіс шаралардың дүние
жүзілік маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың мақсаты – ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында
сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау.
Бұл мақсатты шешуге алдымызға мынандай мақсаттар мен міндеттер қойылды:
- Төлеби ауданында өсірілетін сұлы дақылдың – ботаникалық ерекшелігін
анықтау;
- сұлы дақылдың биологиялық ерекшелігі мен нақты топырақ-климаттық
жағдайда өнім бағдарлау;
- сұлы дақылдың сорт ерекшелелігін анықтау;
- нақты топырақ-климаттық жағдайда сұлы дақылын өсірудің технологиясын
жасау.
Сұлы дақылдың өнімділігін арттыру және сапасын жаңарту ізденіс
шараларды зерттеу. Фотосинтетикалық белсенді радиация кірісі бойынша өнім
мөлшері.
Сорттардың бір-бірінен айырмашылығы, олар біркелкі жағдайда өсірілгеніне
қарамастан мөлшері, сапасы әртүрлі өнім береді. Осыған байланысты күн
тәртібіне қойылатың өзекті мәселе сұлы сорттары вегетативтік массаны
мейлінше мол жинақтауды қамтамасыз ететін қуатты гетерозистік қабылетке ие
болуы кажет және бүкіл вегетация кезінде күннің фотосинтездік белсенді
радиация энергиясын бірқалыпты әрі толық пайдалануы қажет.

1 Негізгі бөлім

1.1 Сұлының ботаникалық сипаттамасы және өсіру ерекшелігі

Белгілі бір топырақ және ауа-райы жағдайына ұсынылған астық дақылдарын,
оның ішінде бидайды, арпаны өсірудің технологаялық шараларын, атап айтқанда
алғы дақылды таңдап алу, топырақты негізгі өңдеу, тыңайтқыш енгізу, егіс
себер алдындағы топырақты өндеу, егіс себу, арамшөптермен, аурулармен,
зиянкестермен күресу, суару, дер кезінде ысырапсыз өнім жинау, алынған
өнімді тазалау және сақтау жұмыстары сортты өсіруге және оның потенциалдық
өнімділігін көтеруге бағытталған болуы тиіс.
Топырақ өңдеуге жұмсалған еңбек пен қаржыны мүмкіндігінше толық
ақтап, ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты мол өнім алу үшін бұл
жұмыстарды аз уақыт ішінде сапалы жүргізу қажет. Сонымен қатар топырақ
өңдеу жұмыстарын жүргізгенде аймақтың топырақ климат жагдайларын,
шаруашылықтағы ауыспалы егіс жүйесін, өсірілетін дақылдардың
ерекшелігін, олардың алғы дақылдарын, танаптарда кездесетін арамшөптер
түрлерін ескере отырып, қазіргі кезде елімізде көп қолданылатын жаңа
өзгертілген ауылшаруашылық машиналарды кеңінен қолдану қажет [1].
Егістік сұлы (Avena sativa) қабықты және қабықсыз деген түрлерге
бөлінеді. Қабықты түрі негізгі егістік алқаптарды алып жатыр, ал қабықсыз
сұлы егістіктің аз ғана бөлігін алады, өйткені оның өнімі жоғары емес.
Сұлының тұқымы әдетте үш ұрықтық тамырмен өнеді. әуелі ортаңғы бір
тамыр, соңынан екі шеткі тамыр шығады. Кейде алты тамырға дейін пайда
болады (түзіледі). Егістік сұлының тамыр жүйесі жақсы дамыған және жоғары
сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. Тамырлары 2-3 жапырақ кезеңінен өзінде-ақ
70-80 см тереңдікке кіреді ( дән түзілу кезеңінде – 120 см-ге дейін) және
жайылады да топырақтан қиын сіңірілетін қоректік заттарды жақсы
пайдаланады. Сұлы көктегеннен кейін 10-15 күннен кейін түптенеді, тағы 10-
15 күннен соң түтіктену басталады және осы уақыттан бастап өсімдіктер
қарқынды дамиды.
Өнімді түптенуі топырақтың құнарлылығына, ылғалдылығына, қоректену
алаңына қарай өзгереді: 1-ден 6,5-ке дейін болуы мүмкін, бірақ мүмкін,
бірақ шаруашылық жағдайында 1,1-1,3-тен аспайды. Сұлы - өздігінен
тозаңданатын өсімдік. Шашағы жоғары жапырақ қынабынан көтеріледі де оның
басы сыртқа шығады, гүлдену жоғары бөлігінен басталады. Шашақтану 5-6 күнге
созылады, сонан соң ортаңғы жапырақтан жоғары болып шығады. Бүкіл гүлдену
кезеңі 6-8, кейде 9-10 күнге созылады. Масақша гүлдену төменнен жоғары
қарай жүреді. Ең күшті дамыған дән жоғары бөлігінде болады. 1000 дәннің
массасы – 22-36 г.
Қазақстанда аудандастыруға жіберілген астыққа өсірілетін сорттары:
Битик, Иртыш -15, Казахстанский-70, Льговский-82, Мирный, Синельниковский-
14, Скакун, Черниговский-28.
Биологиялық ерекшеліктері. Сұлы – жылуға талғамыз аз дақыл, тұқымы +2-30
–та өне бастайды, вегетативті органдарының қалыптасу кезеңіндегі төменгі
температура +4-50, ал ең қолайлы температура +12-160 , генеративті
органдарының қалыптасу кезінде сәйкес +10-120 және +16-220 .
Егін көгі көктемгі -8-90 бозқырауды, гүлдену кезінде -1-20, дәннің
сүтене пісуі кезінде -4-50 бозқырауды көтереді. Себуден пісуге дейінгі
кезеңде орта есеппен орташа пісетін сорттарға барлығы 16500 температура
қажет.
Сорттардың пісу жылдамдығы мен жаздық метеорологиялық жағдайларына
байланысты өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы -70 -100 күн, шабылмалы пісуі кезеңі
(шашақтану кезеңі) – 55-60 күн.
Вегетативті массасы шапшаң өсу қабілеті, төменгі температурада өсу
мүмкіндігі, бозқырауға төзімділігі сұлыны мал азығын өндірудің қарқынды
жүйесінде теңдесі жоқ бағалы дақыл ретінде танытады.
Сұлы – (арпамен салыстырғанда) ылғал сүйгіш өсімдік, оның
транспирациялық коэффициенті 400-520 тең. Су пайдалану коэффициенті 50-70
м3, суармалы жағдайда 1 ц құрғақ затқа есептегенде 30-40м3 –ге дейін
төмендейді. Қарқынды өскенде түтікке шығудан шашақтануға дейін барлық
қажетті ылғалдың 60%-ға дейінгі мөлшерін сіңіреді.
Топырақтан қиын еритін заттарды сіңіре алатын қабілетіне байланысты
сұлының қоректенуге талғамы арпаға қарағанда жоғары емес. Ол әр түрлі
топырақта өсе алады, алайда құмдақ және сазды топырақта өсе алмайды, сортаң
жерлерге нашар өседі.
Сұлының 3-4 дақыл ретінде 2-3 танапты дәнді отамалы дақыл-дәнді, отамалы
дақыл-шөптер ауыспалы егісінде жүгеріден немесе біржылдық шөптен кейін
орналастырылады. Топырақты өңдеу жаздық бидай, арпаға ұқсас. Алқапта сұлыны
айтарлықтай кеш себеді, мұның өзі аңызды арамшөптен, ең әуелі қара сұлыдан
тазартуға мүмкіндік береді. Тыңайтқышты жоспарланған өнімін парға, немесе
отамалы дақылдарының астына енгізіледі [2].
Солтүстік Қазақстанда ең қолайлы себу мерзімі – мамырдың аяғы мен
маусымның басы, мал азығына өсіргенде ең жоғары өнім – маусымның алғашқы
онкүндігінде сұлыны мамырдың бірінші онкүндігінен бастап әрбір 8-10 күн
сайын маусымның ортасына дейін себеді, мұндай жағдайда шашақтану кезеңінде
қолайлы мерзімде шабылып жемшөптің үздіксіз түсіп отыруы қамтамасыз
етіледі. Астыққа өсіргенде ылғалдану ерекшеліктеріне қарай себу нормасы –
2,5-4,0 млн. өнгіш тұқым (90-120 кгга), жемшөпке өсіргенде -3,0-4,5,
суармалы жерлерде -4,0-5,0 млнга өнгіш тұқым. Тұқымды топыраққа сіңіру
тереңдігін 4-5 см-ге, бірақ топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде сіңіру
тереңдігі 6-7см жеткізуге болады. Жемшөп жинаудың қолайлы мерзімі –
шашақтану кезеңі.

1.2 Сұлы биологиялық ерекшеліктері және аудандастырылған сорттары

Сұлы өсірудің қарқынды технологиясын игеру кезінде, өсімдіктің өсу
жағдайына деген талаптарын, өсу және даму ерекшеліктерін есепке алған жөн.
Сұлы өсуі және жетілуі келесі кезендерден тұрады: дәннің ісінуі, өнуі,
өсуі, үш жапырақтың қалыптасуы, түптенуі, түтікке өтуі, сабақтануы,
масақтануы, түлденуі, сұт еніп, қамырланып және толық пісуі.
Қазақстанның Оңтүстігіндегі тәлімі жерлер жағдайында сұлының өсуі мен
жетілуінің алғашқы кезендері салыстырмалы түрде төменгі оң температура мен
қысқа күн кезеңінде өтеді. Жазғы егіске арналған сұлы сорттарына күн
ұзақтығының әсері төмен болып, көктемде қарқынды түрде өседі.
Әмбебап және күздік сорттар қыстауға біршама бейім келеді. Қыстан дұрыс
шығу үшін сұлының күздік егісінің шынығуы қажет. Шынығу ауа
температурасының 5 градусқа дейін төмендеуінін басталып, 0 градусқа
өтуімен аяқталады. Жалпы ұзақтығы – 15-20 күн. өсімдіктің әлсіз жетілуі,
шынықпауы және фосфорлы тыңайтқыштардың жетіспеуі күздік, сұлының аязға
тұрақтылығын төмендетеді.
Температура диапазоны +6 градус пен 22 градус, жыртылған жер
қыртысындағы ылғал мөлшері жалпы ылғал сыйымдылығынын, 60-70 пайызынан
төмен болмаған жағдайда біртегі өскін алуға болады. Сұлы өскіні ауа
температурасы – 7-8 градусқа төмендесе, шыдай алады. Алайда дәннің толығуы
кезіндегі – 3 градусқа дейінгі суық қауіпті. Оның үсіп кетуі мүмкін. Сұлы
дақылының толық пісіп-жетілуі үшін тез пісетін сорттарға 1000-1500 градус,
кеш пісетін сорттарға 1500-2000 градус тиімді температура жиынтығы қажет
[3].
Сұлы дәннің 1ц өнімін өндіруге топырақтың 6-12 мм су қоры жұмсалады,
ылғалды ең көп қажет ететін кезі масақтану және дәннің толығу кезеңі.
Қолайлы температура мен топырақ ылғалдылығы жеткілікті болғанда сұлы
түптенуінің коэффициенті 2,5-3,0-ке дейін жетеді. Бірақ ылғал жетіспесе, ал
температура жоғары болса және тұқым терең егілсе түптену коэффициенті
төмендейді, түптенумен бір мезгілде екінші реттік тамырлану үрдісі жүреді.
Егер өсімдік екінші реттік тамыр түзбесе, онда өнім қолайлы мамадан 30 %-ға
дейін төмендейді. Осы кезенде өсімдік топырвқтан қоректік заттарды
қарқынды түрде сіңіреді. өсімдік конусының жоғары бөлігі тартылып, оның
сегментациясы жүреді және әрі қарай масақты төмпешіктер түзілсе бастайды.
Шашыраңқы жарық, 10 градусқа дейінгі температура, мол керектік заттар
сегменттің көп мөлшерінің түзілуіне әсер етіп, біршама ірімасақ қалыптасуға
мүмкіндік жасайды.
Тамыр жүйесінің тез жетіліп түптенуіне, масақтың түзілуіне, өсімдіктің
өсіп, түтікке енуіне қоректік заттардың мол қоры, жеткілікті ылғалдылық 12
– 20 градус температура қажет. Мол өнім алу үшін өсімдікті минералды
тыңайтқыштармен, әсіресе жетілудің алғашқы кезеңіде Р.К, қалған
кезендерінде азотпен қамтамасыз ету керек.
Сұлыдың 10 ц өнім алу үшін 26 кг азот, 11 кг фосфор, 26 кг калий
жұмсалынады.
Сортқа және өсіру аймағына байланысты бұл талаптар өзгеріп отырады.
Сондықтан енгізілетін тыңайтқыш мөлшерін есептеу үшін сол аймақтарда
орналасқан ғылыми – зерттеу мекемелерінің кеңестерін, агрохимиялық
картограммаларда негізгі алу қажет.
Дән өндіруге арналған Оңтүстік сорты 26-44 ц\га өнім береді.
Мемлекеттік сорт сынау комиссиясының мәліметі бойынша дәннің сапасы өте
жоғары, одан түрлі тағам дайындалады, өсімдік ауруларына аз шалдығыды.
Суармалы жүрде күзде егілген жағдайда 300-700 ц\га көк балауса өнімін
береді. Бұл сортты жылдың кез келген мерзімінде себуге болады, бірақ күзгі
егістің өнімі мол болатыны белгілі.
Сұлының Сарыағаш сорты. Сарыағаш сортының көк балауса өнімдерділігі
500-700 ц\га күзде тұқым толық өніп шығу үшін бір рет көктемде екі рет орып
алу үшін екі рет суарылады. Көк балаусаға бірінші орым масақтану кезеңінен
ерте орылса, онда егінді екі рет оруға (екінші орымнан дән алуға болады)
болады. Бұл сорттың мал шаруашылығы үшін пайдалы жағы дәні қамыр болып
піскенге дейін сабағы, жапырағы сарғаймай, көк балауса күйінде тұра береді.
Дән өнімділігі 26-34 ц\га. Мемлекеттік сорт сынау комиссиясының мәліметі
бойынша дәннің сапалы жоғары деп бағаланған.
Қысқы аязға, қара суыққа шыдамды. Бұл сорттың бір ерекшелігі көктемде
кеш егіліп, өркендері алғашқы суықтарға шалынбаса, онда өсімдік сабақтамай
қояды, демек күздік сортқа жатады. Сұлының Сарыағаш сорты күзде ерте
көктемде себіледі [4].
Сонымен қатар топырақ құрамындағы химиялық қоректік заттар мөлшерінің
азаюы топырақтын физикалық қасиеттерінің нашарлауы, гидромелиоративтің
жағдайдың төмендеуі, құрылымының бұзылуы егіншілік жүйесін ғылыми негізде
жүргізуді талап етіп отыр.
Егін шаруашылығын тиімді түрде жүзеге асырудың негізгі элементтерінің
бірі ретінде әрбір топырақ – климат аймағының өз ерекшеліктеріне қарай
ауыспалы егіс жүйелі оңтайлы жүргізу болып табылатыннан атай көрсетеді. Бұл
ретте қоза – жоңышқа ауыспалы егіс жүйесінің бұдан біраз уақыт бұрын
белгіленген жүйелері бүгінгі таңда егін шаруашылығын интенсивтендіру мен
нарық экономикасының қазіргі талаптарына оншалықты сәйкес келе бермейтінін
де айтады.
Жаңадан ұсынылатын ауыспалы егіс жүйесін белгілеу мен оның аумағын
анықтау агроэкономикалық негізделуі және ландшафтық жер жағдайларына
негізделуі тиіс деп санайды. өйткені, мұның өзі ауылшаруашылық дақылдары
егіс көлемінің неғұрлым қолайлы құрылымын, жаңадан ұсынылатын ауыспалы егіс
жүйесін және оларды топырақ алқаптарының өзіндік экономикалық
мүмкіндіктерін мұқият ескере отырып, негіздей түсуді қажет етеді.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыра тұсу проблемасы
Азық-түлік бағдарламасының мәселелерін дұрыс шешу қажеттілігіне байланысты
бұрынғы қай кездегімен салыстырғанда да мейілінше өткір қойылып отырғанына
айрықша назар аударады.
Жоңышқа егілген танаптын 0-60 см тереңдікте айдалған қыртысындағы
нитраттың мөлшері топырақтың әр килограммына шаққандағы мөлшері – 8.6 мг,
ал 4-ші жылы айдалған қыртысындағы мөлшері - 7.6 мг болады.
Топырақтағы нитраттың мөлшері бұрыннан үздіксіз айдалып келе жатқан
жерге тыңайтқыш берілген кезде топырақтың әр килограмына шоққанда 6,7 мг,
ал тыңайтқыш берілмеген кезде небары 6,3 мг болды.
Мұның бұрыннан үздіксіз айдалып келе жатқан жерге тыңайтқыш берген
кездегі фосфат нитратынан айырмашылығы-ауыспалы егіс талабындағыдан тіпті
кем болмайды. Шамасы, ауыспалы егіс талабындағы жоңышқаның өзгеріссіз
ұдайы өсірілетін қозаға қарағанда өзіннің фосфаты арқылы топырақты
неғұрлым молырақ, мөлшерде аздырып- тоздыратындығынан болуы керек [5].
Топырақтың сортандануы дақылды күтіп-баптаудың және тыңайтқыш беруден
гөрі тәжірибе учаскесінің шағын жер бедері мен сор шан жұмысының саласына
көбірек байланысты.
Егер ауыспалы егіс талабының бірінші жылы жыртылған 1 га жерінен алынған
өнімді 100% (47,09) деп алатын болсақ, онда ол егіс талабындағы 1 га жерден
алынған өнім екінші жылы 83,8 %, үшінші жылы - 57,2% төртінші жылы -
43,6% болғанын көреміз. Ал, бұған қоса тыңайтқыш берілген жағдайда да өнім
мөлшері жоңышқа егіліп, қайта жыртылған жылдан ұзаған сайын бірте-бірте
кеми бастайды. Бірақ бұл кемудің барысы баяулау болады. Мысалы, 100; 74, 8;
65, 7 және 50,9%. Олай болса, жоңышқа егіліп, қайта жыртылған және ауыспалы
егіс талабына тыңайтқыш енгізілген кезде ол алқаптарда\ғы тиімділік артып,
қозадан мол өнім алуға болады деп қорытынды жасау керек.
Қоршаған ортаны қамқорлықпен қорғау және табиғат байлығын сақтықпен
тиімді пайдалана білу бүкіл адамзаттың бүгінгісі мен ертеңгісін айқындайтын
аса маңызды проблемалар қатарына жататынын және мұның өзі мәселені барынша
жедел түрде шешуді талап ететіндігін атап көрсетеді.
Шын мәнінде алғанда аса зор ауқымды міндеттің толып жатқан объектілері
қатарында топырақтың құнарлығын сақтау аса маңызды мәселелердің тиімділігі
топырақтың мелиорациялық жағдайының нашарлай түсүі салдарынан барған сайын
кеміп бара жатқаны жасырын емес. Ал топырақтың мелиорациялық жағдайы
шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық коллекторды дренаж жүйесі тазартып,
жолға қойып отыру мерзімнің төзуге болмайтындай дәрежеде ұдайы бұзылып келе
жатқанының салдарынан барған сайын мүмкін душар бола түседі.
Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нәтижесінде агроқұрылымдар
пайда болды. Меншік иелері нарықтық сұранысқа байланысты ауыл шаруашылығы
дақылдарын жылма-жыл ауыстырмай егіп, ауыспалы егіс жүйесін толығымен
бұзды. Жер көлемінің аз болуына байланысты ұзын ротациялы ауыспалы егіс
еңгізудің мүмкіндігі болмағандықтан шаруа қожалықтары егіншіліктін
интенсивтік жүйесін ғылыми негізде жүргізуге, ауыспалы егіс енгізіп,
игеруге дәрменсіз. Осыны ескере отырып ауыл шаруашылығы ғылыми - өндірістік
орталығының ғылымдары соңғы жылдары өз зерттеулері нәтижесінде суармалы
және тәлімі жерлерге арналған қысқа ротациялы ауыспалы егіс жүйесінің
жобаларын ұсынады.

1.3 Нақты топырақ –климаттық жағдайдағы егіншілік жүйесі

Облыста суармалы егіншілік жүйесі өркен жайған аймақ. Суармалы егіншілік
жүйесін қалыптастыру, топырақ және ауа райы ерекшеліктеріне байланысты егін
шаруашылығын, мақта шаруашылығын дамытуға, көкөшіл өсіруге, бау-бақша
дақылдарын, жүзім, дәрілік өсімдіктер егісін дамытуға және сапалы жем-шөп
қорын молайтуға мүмкіндік туғызады.
Суармалы егшшілік, негізінен Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және
Қызылорда облыстарында шоғырланған. Аталған облыстардағы суармалы егіншілік
көлемі 1,2 млн. гектардан асады. Суармалы егіншілікте жаппай егілетін бір
жылдық дақылдардан жоғары өнімді күздік бидай, күріш, арпа, ішінара сұлы
себіледі. Бұл аймақта сүдігер жыртудың өз ерекшеліктері бар.
Аталған аймақтарда жаппай себілетін дәнді масақты дақылдарды жинап
алғаннан соң осы жылы күздік бидайды немесе келесі жылы көктемде жаздық
дақылдарды сепкенге дейін бірталай уақыт бар. Сондықтан танапты дер
кезінде, әрі сапалы өндеуге толық мүмкіншілік бар.
Топырақтың қүнарлы қабаты онша қалың болмаған жағдайда жерді сол
гумустық қабаттың тереңдігіне толық жыртады, ал қалған 10-15 см терендікті
қопсыту үшін қосымша топырақ терендеткішті қолданады, сонда жердің астыңғы
қүнарсыз қабаты танап бетіне аударылып шығарылмайды. Танапты сүдігерге
өндеу көктемде жер жыртумен салыстырғанда отамалы дақылдардың түсімін
жоғарылататындығын ғылыми-зерттеу жүмыстары айқын көрсетті. Мысалы,
академик В.Р.Вильямс атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік
институтының, бүгінде Өсімдік және егіншілік шаруашылығы ғылыми-зерттеу
орталығының көп жылдық зерттеулері бойынша қант қызылшасын күзде сүдігерге
терең өнделген танапқа сепкенде көктемде жыртылған жермен салыстырғанда
оның әр гектардан түсімі 75-150 центнерге жоғарылаған [6].
Соңғы жылғы жоңышқаны үшінші рет шауып алғаннан кейін оның қыртысын
түренді сыдыражыртқышпен 8-10 см терендікке өндеу жоңышқаның тамыр мойнын
қырқып жердің бетіне шығарып тастайды, сондықтан ол қурап өзінің тіршілік
қабілетін жоғалтып, қайтадан көктеп шықпайды. Осыдан екі апта өткен соң жер
жырту алдында танапты суарады, ал топырақ дегдігеннен кейін оны шолақ
түренді соқамен 30-32 см-ге дейінгі терендікке жыртады. Айта кеткен жөн,
шолақ түрен негізгі корпустың алдында 8-10 см тереңдікке кіретіндей етіп
орналастырылуы керек. Осылай еткенде ол жоңышқаның қыртысын 10 см-ге дейін
тіліп алып қарықтың түбіне түсіреді, ал артындағы негізгі корпус оны
ылғалды топырақпен жабады. Бүл қарықтың түбіне түскен қыртыстың уақытылы
ыдырап, жақсы минерализациялануына мүмкіндік туғызады. Жоңышқа қыртысын осы
тәсілмен өндегенде оның қайтадан көктеп шықпайтынын Қазақ ғылыми-зерттеу
егіншілік институтының зерттеулері дәлелдеді.
Аталған институттың деректері бойынша жоңышқа қыртысын өңдеу алдында
суарып, бірақ сыдыражыртқышпен өндемей, бірден кайырмалы соқамен жыртқанда
бір шаршы метр жерде 5,2 жоңышқа түбі болған, ал танапты алдын ала
сыдыражыртқышпен өндеп, содан кейін жыртқанда жоңышқа көктеп шықпаған [7].
Негізгі дақыл жоңышқа болғанда, оны бір-екі рет шауып алғаннан кейін
топырақты дымқылдау үшін танапты суарады, содан 3-4 күннен кейін жоңышқа
қыртысын өндеу қабаты тереңдігіне шолақ түренді соқамен жыртады және іле-
шала бір-екі ізбен дискілейді, тырмалайды және тығыздайды. Содан кейін
аралық дақылды, көбінесе жүгеріні сүрлем үшін себеді.
Мысалы, көп жылдық зерттеулері 1978-1990 жылдар бойынша күздік сұлыны
орып алғаннан кейін 13 жылдың 10 жылында тәлімі егіншіліктегі топырақтың 0-
100 см тереңдігінде пайдалы ылғал коры қалмаған, ал үш жыл ішінде осы
терендікте небәрі 3—10 мм пайдалы ылғал қоры қалса, тек бір жылда 1988
ғана 25-39 мм шамасында ылғал болған. Іс жүзінде топырақтың 0-30 см қабаты
мүлдем қүрғап қалған.
Осыған орай тәлімі жерлерде, әсіресе ылғалмен қамтамасыз етілмеген және
жартылай қамтамасыз етілген егіншіліктегі топырақ өңдеудің алдында тұрған
негізгі мақсат танапта мүмкіндігінше көп мөлшерде ылғал жинау, оны сақтау
және тиімді пайдалану.
Мәліметтері бойынша ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген жерде сүдігерді
15 тамызда жыртқанда қүрғақшылық жылдары топырақтың 0-100 см тереңдігіндегі
ылғалдың пайдалы қоры құрғақшылық жылдары 100 мм, жауын-шашынды жылдары -
108 мм, ал сүдігерді екі айдан кейін, яғни 15 қазанда жыртқанда осыған
сәйкес пайдалы ылғал қоры 79 мм жоие 103 мм болған. Сондықтан, 15 тамызда
жыртылған жерлеріне себілген арпаның әр гектарынан 7,7 центнер,
(құрғақшылық жылдары) және 20,2 центнер (жауын-шашынды жылдары), ал 15
қазанда жыртылған танаптардан осыған сәйкес 7,3 және 18,1 центнерден өнім
алынған.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында орналасқан ғылыми-зерттеу мекемелері
мен шаруашылықтардың көп жылдық тәжірибелері сүдігерді жердің қыртысын
аудармай өңдеу дұрыс екендігін дәлелдеді. Бұлай еткенде құба топырақтардың
агрофизикалық қасиеттері (тығыздығы, агрегаттық құрамы) жақсарады, танап
бетінде аңыз және басқа өсімдік қалдықтары сақталады. Қазақ өсімдік және
егіншілік шаруашылығы орталығының көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі
сүдігерді жазықтабан сыдыратілгіштермен өңдегенде топырақтың тығыздығы
аздап артатындығын көрсетті. Мысалы, сүдігерді қайырмалы соқамен 20—22 см
терендікке жыртқанда егін себер алдындағы топырақтың 0-30 см қабатындағы
көлемдік массасы 1,26 гсм3 , ал арпаның масақтану фазасында 1,27 гсм 3
болса, жерді жазықтабан сыдыратілгіштермен 20-22 см және 10-12 см
терендіктерге өңдегенде әлгі көрсеткіштер осыған сәйкес 1,28-1,29 гсм3
аралығында қалыптасты, яғни өңдеу терендігін азайтқанда, топырақтың 0-10 см
қабатының көлемдік массасы 0,02-0,03 гсм3 көбейді.
Зерттеулеріне қарағанда сүдігерді қайырмалы соқамен 20-22 см тереңдікке
жыртқаида танаптың 0-20 см қабатындағы топырактың 0,25 мм-ден ірі
түйіршіктерінің жиынтығы 14,4 %, танапты осы терендікке жазықтабан
сыдыратілгішпен өндегенде 18,4%, ал құрылымдық коэффиценттері осыған сәйкес
1,1 және 1,3 болған.
Сүдігерді жазықтабан сыдыратілгіштермен әр түрлі тереңдікке өндегенде
дәнді масақты дақылдардың түсімі артатынын Алматы облысының Іле ауданында
орналасқан шаруашылықтардың (Іле, Қаскелең және басқа кеңшарлар) тәжірибесі
толық дәлелдеп берді. Дәлірек айтқанда, аталған аймақта сүдігерді соқамен
жыртқанда орта есептен 5 жыл ішінде дәнді масақты дақылдардың әр гектарының
түсімі 5,4 центнер, ал жерді жазықтабан сыдыратілгішпен өндегенде 9,4
центнерге жетті [8].
Кейінгі кездерде осындай деректер Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік
институтында да алынды. Мысалы, жауын-шашынмен орташа және жақсы қамтамасыз
етілген 12 жыл ішінде жерді сүдігерге 20—22 см терендікке қайырмалы соқамен
жыртқанда арпаның орташа түсімі әр гектардан 10,6 центнер, ал топырақты
негізгі өндеуді жазықтабан сыдыратілгіштермен 20-22 см және 10—12 см
тереңдікке қопсытқанда арпа өнімі 11,2 центнер болған, яғни жерді аудармай
қопсыту аталған дақылдың түсімін орта есеппен әр гектардан 0,6 центнерге
жоғарылатқан.
Қүрғақшылық жылдары бұл айырмашылық екі есеге дейін жеткен. Аталған
ғылыми-зерттеу мекемесінің мәліметі бойынша құрғақшылық жылдары арпаның
түсімі 2,3 цга-дан (сүдігерді 20-22 см тереңдікке жыртқанда) 4,2—4,3 цга
(жерді жазықтабан сыдыратілгішпен 20-22 см және 10-12 см қопсытқанда)
ауытқыған. Ал жауын-шашын орташа жауған жылдары сүдігер өндеу тәсілдерінің
арасында онша айырмашылық жоқ болған. Атап айтқанда, сүдігерді қайырмалы
соқамен 20—22 см тереңдікке жыртқанда арпа әр гектардан 9,2 центнер, ал
жерді жазықтабан сыдыратілгіштермен 20—22 см және 10—12 см тереңдікке
қопсытқанда 10,0 центнерден өнім берген [9].
Оңтүстік Қазақстан облысының ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі
егіншілігінде А. Галиакбаровтың(1986) жүргізген тәжірибелері пардан кейін
екінші дақыл ретінде себілген күздік бидай үшін сүдігерді жазықтабан
сыдыратілгіш культиваторлармен 20—22 см тереңдікке өндеген тиімді екенін
көрсетті 33. Сүдігерді осы терендікке көтергенде күздік сұлының әр
гектарынан алынған түсімі 16,5 центнер, ал жерді қайырмалы соқамен осы
тереңдікке жыртқанда 15,2 центнер болған. Сүдігерді көрсетілген терендіктен
таяз (14 см) және терең (30 см) өңдегенде күздік бидай өнімі әр гектардан
0,8—1,3 центнерге кеміген.
Органикалық заттардың минерализациялануы қыртысты аудару мезгіліне
тікелей байланысты. Көптеген зерттеулердің нәтижесі қыртысты ерте жыртқан
дұрыс деген тұжырымға сай келеді.
Қазақ өсімдік және егіншілік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының
зерттеулеріне қарағанда екпелі көп жылдық шөптің қыртысын сәуір айында
көтергенде органикалық заттардың 33 пайызы, маусымда жыртқанда 29 пайызы,
ал қыркүйекте 17 пайызы минералданған [10].
Осы орталықтың деректері бойынша көп жылдық шөптердің қыртысын көктемде
көтергенде топырақ өндеу қабатының құрылысы мен ылғал режимі жақсарған.
Екпелі көп жылдық шөптің қыртысын сәуір айында көтергенде одан кейін
себілген күздік бидай егісіндегі топырақтың 0-100 см тереңдігіндегі ылғал
қоры 217 мм, тамыз айында жыртқанда - 187 мм, ал қыркүйекте - 173 мм
болған. Екпелі көп жылдық шөптің қыртысын жырту кешіккен сайын топырақтағы
ылғал қоры азая түскен. Қыртысты кеш жыртқанда тек ылғал ғана жоғалып
қоймаған, сондай-ақ нитраттың жиналуы төмендеген. Оның топырақтың 0-40 см
қабатындағы мөлшері қыртысты сәуірде көтергенде 58 мгкг, маусымда - 44,2
мгкг, ал қыркүйекте - 40,7 мгкг болған. Екпелі көп жылдық шөптің қыртысын
кеш көтерудің арқасында одан кейін себілген күздік бидайдың өнімі 15,0 цга-
дан (сәуірде жыртылған) 11,3 цга (қыркүйекте жыртылған) дейін төмендеген.

1. 4 Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының ауа-райы мен климаты ерекше
мінезімен тез құбылмалығымен, күн сәулесі радиациямен және жылылығымен
ерекшеленеді. Соңғы жылдары қысы қаталдау болып, қар қалыңдығы таулы
аудандарда 70-80см қалыңдыққа дейін жетеді. Аудан облыстың оңтүстік-шығыс
жағында, яғни Қазығұрт тауының солтүстігінде теңіз деңгейіне 1000-1200м
биіктікте орналасқан. 2008 жылы көктем өте құрғақ болып келіп күздік бидай
өнімділігіне ерекше әсер еткендігі баршамызға аян. Астық тұқымдас дақылдары
негізінен тәлімі жерде өсіріліп-өндірілетін болғандықтан көктемгі жауын-
шашын мөлшері жеткілікті түсуімен қатар, оны тиімді пайдалану өнімділіктің
негізгі кепілі.
Төлеби ауданы тау бөктері мен тау етегінде орналасқандықтан топырағы
қара сұр болып қарашірік мөлшері 2,2-4,3пвйызды құрайды. Оңтүстік Қазақстан
облысы бойынша бау-бақша және астық тұқымдас дақылдарын өсіріп-өндіруге өте
қолайлы болып, өнімділігі де жоғары болатындығы белгілі [11].
Тау етегінен төмендеген сайын топырақ түзуші жыныстар жеңіл құмдақ пен
саздаққа айналады. Сөйтіп, шөл дала бағытына қарай төмендеуіне байланысты
топырақ құрамында құм көбейеді де керісінше лай құрамы кеми түседі. Тау
бөктерінде қар қалың түсетіндіктен топырақтағы ылғал қоры мол болады, соның
салдарынан көктем созылып кештеу шығады. Күзгі алғашқы үсік қазан айының І
онкүндігінде түседі, ал кей жылдары қараша айында болады. Ал көктемгі соңғы
үсік сәуір айының І онкүндігінде, кей жылдары мамыр айының І онкүндігінде
де кездесуі мүмкін. Жаз айлары құрғақ және ыстық болып келеді. Демек,
аязсыз кезеңнің ұзақтығы 165-170 күнге созылады.
Шаруашылық танаптарының топырағы - кәдімгі оңтүстік сұр топырақ. Топырақ
түзуші жыныстары көбіне лес тәрізді саздақ болып келеді. Топырақ қабаттары
әлсіз көрінеді.
Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа
қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см). Қара шірік
қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.
Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Қарашірік қабаты төмендеген
сайын дәнді немесе кесекті дәнді және тесік (жауын құрттар мен жәндіктер
жүргендіктен) құрылысты болады.
Карбонатты- иллювиальді қабатының құрылымы бойынша жаңғақты. НСl - да
қайнауы жоғары. Өнделетін топырақ қабаты кесекті немесе сазды кесекті
құрылымымен, ал жыртылмайтын қабат тығыз құрылымымен ерекшеленеді.
Топырақтың беткі қабаты ( А1=5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік
қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне
кесекті қабатты.
Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі
оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2-1,3% және жалпы
азот 0,07-0,08%, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын
көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі.
Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мгэкв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру
жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады.
Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай: азотпен-орташа,
фосформен- әлсіз, калиймен - жақсы.
Топырақтың механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі
тозанды және сазды фракциядан тұрады.

Кесте 1
Шаруашылық танап топырағының химиялық-физикалық құрамы

Топырақ Жалпы құрамы Сулы Жылжымалы
қабаты суспен форма мөлшері, мгЮОг
зиялық,
рН

Қара шірік, % Азот,СО2, %
%
I II III
I II
1. Топыраққа қоятын талаптары Жоғары
2. Топырақ ертіндісінің көрсеткіші (РН) ең қолайлысы (ең РН -6,5-7,5
жоғарғы және төменгі көрсеткіштер
3. Жарыққа талабы Жоғары
4. Күннің ұзақтығына талабы (фотоперидизм) Ұзақ
5. Жылулық режиміне қойылатын талабы, 0С Орташа
5.1 Тұқымның өнуі
ең төменгі жылулық 1-2
Ең қолайлы жылулық 2-3
5.2 Сұлының көктеу кезеңінде қауіпті ең төменгі суық -7-8
5.3 Дақылдың даму сатыларындағы қауіпті ең төменгі суық -10
1. түптену кезеңі -4-5
2. гүлдеу кезеңі -4
5.4 Дақылдың дамы сатысындағы ең қолайлы жылулық
жапырақтану кезеңі 14-16
гүлдеу және пісіп жетілу кезеңі 18-22
5.5 Дақылдың вегетация кезеңіндегі қажетті әсерлі жылулық
қортындысы, 0С
Гүлдеуге дейін 1000-1500
Тұқымның пісіп жетілу кезеңі 1350-1650
6. Ылғалдылыққа қойылатын талабы Жоғары
6.1 Топырақтың ең қолайлы ылғалдылығы (толық су 70-75
сыймдылығынан %есебімен)
6.2 Ылғалдылықты қажетсінетін ең маңызды даму сатысы бас тарту,
масақтану
6.3 Су пайдалану коэффиценті 320-400
7. Қоректік заттарға қойылатын талаптары Жоғары
7.1 1т. Негізгі өнім қалыптастыру үшін қажетті
Азот 120-150
Фосфор 70-90
Калий 60-70

2 Технологиялық бөлім

2.1 Тәлімі жердегі сұлының ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты
өнімділігін бағдарлау

Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілік аймағындағы негізгі
бағытты – тауарлы бидай, сұлы, арпа жоңышқа өндіру. Сондықтан да бұл
аймақтық ауыспалы егісінде ең құнды дақыл – күздік бидайға, көпжылдық
жоңышқалықа ерекше мән берілуі тиіс.
Облыста 700-1000 мың гектар алқапты қамтитын тәлімі егіншілік алқабы
шартты түрде үш аймаққа бөлінген: ылғалы жеткіліксіз (шөлейт), ылғалы
орташа және ылғалы тұрақты тәлімі аймақтар.
Өсімдіктердің үсіп кетуіне қарсы барынша тиімді шараларга аязға төзімді
сорттарды пайдалану, фосфор, калий тыңайтқышын енгізу, мерзімінде себу,
тұқымды тереңірек сіңіру, ықтырма көмегімен қар тоқтату т.б. жатады. Күздік
сұлының солып қалудан сақтандыру үшін қар қабатын тығыздаған дұрыс, бұл
жағдайда топырақ тезірек қатады да өсімдіктің пластикалық заттары тыныс
алуға аз шығындалады: тым ерте жиі себу мен үстеп қоректендіру азоттың
артық мөлшерін қолдану т. б. сақтану қажет Түптену түйіндері мен
тамырлардың топырақ бетіне шығып қалмауына тұқымды ТУР препаратымен өңдеп
тереңірек сіңіру және себу мен себуден кейін топырақты ЗККШ-6А катогымен
тығыздау жақсы көмектеседі. А. В. Артюшенко мен О.Г.Артюшенконың пікірінше,
Қостанай облысы жағдайында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау
Облыста дәнді дақылдардан негізінен көп егілетіні күздік бидай
Жүгеріні өсіру технологиясы
Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы климаттық жағдайы және жер бедері
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
Ноқат дақылының биологиясы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті – мақта өндіру технологиясын жетілдіру
Пәндер