Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы



Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Аналитикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Тары дақылының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Тары дақылының сорттарына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Морфологиялық және биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Тары дақылының өнімдерін өндіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі: «Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы» тақырыбында жазылған курстық жұмысымда тары дақылының түрлері мен сорттарының шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны қарастырылады.
Тары - астық тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Оның дүниежүзінде 500-ге тарта түрі өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. Екпе тарының биіктігі 70 – 100 см, сабаны сабақты, шашақтамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады.
Мақсаты мен міндеті: Тары селекциясындағы негізгі бағыт, жарма өндірісі үшін жаңа сорттар шығару олардың түсімін -4-4,5 т/га-ға жеткізу, 1000 дәннің массасын 8-9 г жеткізу, дәнің ірі әрі бір тегіс болуы қамтамасыз ету және қабықтылығын 12-14%-ға жеткізу, жарманың шығуын 82-85%-ға жеткізіп тары ботқасының жоғарғы құнарлық бағалылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сорттардың құнарлығы оның түсіміне байланысты анықталады, бұл жердегі негізгі элементі болып бір өсімдіктің түсімділігінің жоғарғы болуы саналады. Сорттың түсімді болуымен қатар оның иілгіштігі, дәндерінің барлығының бір мезгілде пісуі және дәндерәнің толық болуы, олардың құрамындағы ақуыз мөлшерінің мол болуы және құнды амин қышқылдарының болуы, қуаңшылыққа төзімділігі, агротехникаға бейімділігі қарастырылады.
Сорттарды шығарған кездегі ең негізгі бағыт- олардың ауруларға зиянкестерге төзімділігі болып табылады. Ең зиянды ауру болып тарының қара күйесі болып саналады. Бұл ауру тарының сыпырғыштарының жетіле бастағанда түседі, сыпырғыштар түгелімен жойылады, оның орнында ішіне қара күйе толған қауыздар ғана қалады. Бұл жағдайда, тарының түсімі төмендейді және дәннің сапасы да нашар болады, осыған байланысты тары ботқасының дәмі де нашарлайды. Иммундық сорттарды сұрыптағанда олардың қара күйенің популяциясына төзімділігі қарастырылады.
Тары атауына әртүрлі ботаникалық туыстыққа жататын көптеген дақылдар біріктіріледі. Қазақстанда кең тарағаны негізінен кәдімгі Тары- Panicum miliaceum L. ( Pоaceae тұқымдасына жатады, тарылық трибе (Paniceae R. Br.) бұлардың 80 тұқымдық түрлері бар. Ең кеңінен таралғаны Panicum L., бұның 500-ге тарта түрлері бар.
Қазақстанда тарының селекциясымен 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары айналысады, олардың арасында оңтүстік-Шығыс ауылшаруашылығының ҒЗИ-ы, бидайдың селекциясы және тұқым шаруашылығы, В.И.Ремесло атындағы, Мироновский ҒЗИ-ы, П.Н.Константинов атындағы Кинелдің мемлекеттік селекциялық станциясы, Украмнаның өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-ы, В.Я. Юрьев атындағы селекция және генетика институты, Украинаның егіншілік ҒЗИ-ы, Веселополодяндық тәжірбиелік-селекциялық станциясы т.б. бар тарының 50-ден астам сорты
1. Ю.Б.Коновалова. Частная селекция польевых культур. М.Изд. ВО Агропромиздат. 1990
2. Т.Н.Нұрғасенов., Ә.Х.Қалиев Генетика, селекция және тұқым шаруашылығы. Алматы.2007
3. Абрамова. З.В., Карминский ОА Руководство к практическим занятиям по генетике. Изд Колос -Л 1968. -192 с.
4. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений -М.: Колос, 1984 -344с.
5. Бутенко Р. Г. Культура изолированных тканей и физиология морфогенеза растений.М.: Наука, 1964. -272 с.
6. Гужов Ю, Фукс А. Валичек П. Селекция и семеноводство культурных растений. - М.: "Агропромиздат" 1991 -464 с.
7. Калинин Ф.Л., Сарнацкая В.В., Полищук BE. Методы культуры
тканей в физиологии и биохимии растений. М.: Киев: Наукова думка,
1980. -488 с.
8. Нұрышев М. X., Нұрышева А.М. Цитология. Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. Алматы. 1999. -181 б.
9. Практические задачи генетики в сельском хозяйстве. М. Изд.
Наука 1971. -384 с.
10. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур. М.
Агропромиздат. 1987.-368 с.
11. И.В.Мичурин. Сочинения. Т.І.М.Сельхозгиз, 1948.
12. И.В.Вавилов. Теоретические основы селекции. М., Наука, 1987.
13. ГВ.Гуляев, Ю.Л.Гужов. Селекция и семеноводство полевых культур. 3-тье изд. Перераб. И дополн. М.,Агропромиздат, 1987.
14. Коновалов, Н.А.Березкин, У.И.Долгодворова и др. Практикум
по селекции и семеноводству полевых культур. М., Агропром-
издат, 1987.
15. Бадина, А.Н.Яблоков, С.М.Синицина. Семеноводство полевых кулыур. Л.Долос, 1983.
16. Инструкция по проведению апробации сортовых посевов.
М.Долос, 1979.
17. Международные правила анализа семян. М.,Колос, 1985.
18. Методические указания по производству семян элиты
зерновых, зернобобовых и крупяных культур/под ред. Академика
ВАСХНИЛ А.В.Пухальского. М. Колос, 1982.
19. Нұрғасенов Т.Н., Қойшыбаев Қ. Егіс дақылдарының селекциясы. Алматы, 1994.
20. Нұрғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Х., Сулейменова С.Е. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері. Астана, «Фалиат», 2003.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: ___________________________________ __________________________

Жұмыс тақырыбы: ___________________________________ ______________

Мамандығы: ___________________________________ ___________________

Орындаған: ________________________________

(Студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші:
_________________________________

(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс _______________

(бағасы)

бағасына қорғалды

________________20__ ж

Комиссия:_______________________

(қолы, аты-жөні)

________________________________

(қолы, аты-жөні)

Норма бақылау:

________________________________

(қолы, аты-жөні)

Шымкент 20__ж.

Ф.7.14-03

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

Бекітемін

Каф. меңгерушісі

_______________ ______

(қолы)

______________ 20__ ж.

№ _____ТАПСЫРМАСЫ

___________________________________ ________пәні бойынша курстық жұмыс:

Студент ___________________________________ ____ топ _____________________
(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы: ___________________________________ _________________

Берілген мәліметтер ___________________________________ _________________

№ Түсіндірме жазбасының мазмұны Орындалу Көлемі
(курстық жұмыс) мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4

№ Графикалық бөлімнің мазмұны Орындалу Парақ саны Формат
мерзімі




Әдебиет:
1___________________________________ ___________________________________
2___________________________________ ___________________________________
3___________________________________ ___________________________________

Тапсырманың берілген күні ____________

Жұмысты қорғау күні ________________

Жұмыс жетекшісі___________________________________ _____________________
(оқытушының аты-
жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған___________________________________ ______
(студенттің аты-
жөні, қолы)
Ф.7.14-04

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агроөнеркәсіп факультеті

Агротехнология кафедрасы

Бекітемін

Каф. меңгерушісі

___________ _________

(қолы)

______________ 20__ ж.

Курстық жоба (жұмыс) қорғау

ХАТТАМАСЫ № ______

___________________________________ ___________________________________ _____
____пәні

студент ___________________________________ ________ тобы
__________________________

Курстық жоба (жұмыс)
тақырыбы___________________________________ _________________________________
______

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ ___________________________________ ____
_______

2.___________________________________ ___________________________________ ____
_______

3.___________________________________ ___________________________________ ____
_______

Курстық жобаны (жұмыс) орындау кезінде алынған балл (60
мүмкіндіктен) ______ , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) ________балл

Сомалық баллы ________.

Жобаның (жұмыстың) бағасы ______________________________

Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі:
___________________________________ _____________________

Комиссия мүшелері: ___________________________________ ___

Комиссия мүшелері: ___________________________________ ___

Қорғау күні ____ _____ 20__ж.

Аннотация

Дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу пәнінен Тары дақылдарының түрлері
және өнімдерін өндіру технологиясы тақырыбында жазылған курстық жұмыс 30-
беттен тұрады. Оның ішінде тарының түрлері мен сорттарының шығу тегі,
агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы
егістегі орны қарастырылды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Аналитикалық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
1. Тары дақылының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
2. Тары дақылының сорттарына
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Морфологиялық және биологиялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
2 Технологиялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
2.1 Өсіру
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
2.2 Тары дақылының өнімдерін өндіру
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер
жасалған:
ҚР СТ 1.5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын
жалпы талаптар.
МЖМБС 2.102-68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплекстері.
МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.201-80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеулер.
МЖМБС 2.601-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға
қойлатын жалпы талаптар.
МЖМБС 7.1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы
талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4.02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі
құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді
басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4.03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7.14-2008 Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс

Анықтама терминдер

Гербицид - латынның герба шөп және цидо өлтіремін деген сөз.
Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.
Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.
Ген- тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі.
Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми-
зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.
Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым
қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің
жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

цга - центнер гектар
тга-тонна гектар
Фотосинтез – СО2 есебіне топталған өнім.
Қосымша өнім – жалпы өнімнен аралығы.
Алқапты тәжірибе – далалық тәжірибе.
гл-грамм литр
данам3- дана метр куб
Рн – қышқылдық көрсеткіш
ҒЗИ – ғылыми зерттеу институты

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін
өндіру технологиясы тақырыбында жазылған курстық жұмысымда тары дақылының
түрлері мен сорттарының шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және
биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны қарастырылады.
Тары - астық тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Оның
дүниежүзінде 500-ге тарта түрі өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан
бастап егіле бастаған. Екпе тарының биіктігі 70 – 100 см, сабаны сабақты,
шашақтамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және
ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады.
Мақсаты мен міндеті: Тары селекциясындағы негізгі бағыт, жарма
өндірісі үшін жаңа сорттар шығару олардың түсімін -4-4,5 тга-ға жеткізу,
1000 дәннің массасын 8-9 г жеткізу, дәнің ірі әрі бір тегіс болуы
қамтамасыз ету және қабықтылығын 12-14%-ға жеткізу, жарманың шығуын 82-85%-
ға жеткізіп тары ботқасының жоғарғы құнарлық бағалылығын қамтамасыз ету
болып табылады. Сорттардың құнарлығы оның түсіміне байланысты анықталады,
бұл жердегі негізгі элементі болып бір өсімдіктің түсімділігінің жоғарғы
болуы саналады. Сорттың түсімді болуымен қатар оның иілгіштігі, дәндерінің
барлығының бір мезгілде пісуі және дәндерәнің толық болуы, олардың
құрамындағы ақуыз мөлшерінің мол болуы және құнды амин қышқылдарының болуы,
қуаңшылыққа төзімділігі, агротехникаға бейімділігі қарастырылады.
Сорттарды шығарған кездегі ең негізгі бағыт- олардың ауруларға
зиянкестерге төзімділігі болып табылады. Ең зиянды ауру болып тарының қара
күйесі болып саналады. Бұл ауру тарының сыпырғыштарының жетіле бастағанда
түседі, сыпырғыштар түгелімен жойылады, оның орнында ішіне қара күйе толған
қауыздар ғана қалады. Бұл жағдайда, тарының түсімі төмендейді және дәннің
сапасы да нашар болады, осыған байланысты тары ботқасының дәмі де
нашарлайды. Иммундық сорттарды сұрыптағанда олардың қара күйенің
популяциясына төзімділігі қарастырылады.
Тары атауына әртүрлі ботаникалық туыстыққа жататын көптеген дақылдар
біріктіріледі. Қазақстанда кең тарағаны негізінен кәдімгі Тары- Panicum
miliaceum L. ( Pоaceae тұқымдасына жатады, тарылық трибе (Paniceae R. Br.)
бұлардың 80 тұқымдық түрлері бар. Ең кеңінен таралғаны Panicum L., бұның
500-ге тарта түрлері бар.
Қазақстанда тарының селекциясымен 20-дан астам ғылыми-зерттеу
институттары айналысады, олардың арасында оңтүстік-Шығыс ауылшаруашылығының
ҒЗИ-ы, бидайдың селекциясы және тұқым шаруашылығы, В.И.Ремесло атындағы,
Мироновский ҒЗИ-ы, П.Н.Константинов атындағы Кинелдің мемлекеттік
селекциялық станциясы, Украмнаның өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-ы, В.Я. Юрьев
атындағы селекция және генетика институты, Украинаның егіншілік ҒЗИ-ы,
Веселополодяндық тәжірбиелік-селекциялық станциясы т.б. бар тарының 50-ден
астам сорты аудандастырылған, олардың ішінде 8 сорты азықтық тары түрі
болcа табылады. Кейінгі жылдары отандық селекцияда алғаш рет қара күйеге
төзімді тары сорттары шығарылды; Саратов-2, Саратов-3, Кинельское-92,
харьковское-86, Солнечное, Барнаульское-80 және Ораловский карлик, бұлар
өндірістегі егін аумағының біршама жеріне егіледі. Бұл сорттар өздерінің
жоғарғы технологиялық көрсеткіштерімен-дәндерінің ірі болуымен және
жармасының жоғары сапасымен және жоғары тұтынушыларға деген қасиетімен
ерекшеленеді. Жылдам пісетін сорттарға жататындары Саратовское-3, Кинельдік
жылдам пісетін сорты, Янтарное және Орловский карлик жатады, бұларды
суғармалы жерлерде де егуге болады. азықтық тары сорттарына Абакандық
Харьковтық сорттар жатады, олар көк балаусаны 30-35 тга береді және 7-9
тга пішіндеме береді.

1 Аналитикалық шолу

1.1 Тары дақылының түрлері

Тары – Panicum miliaceum L. ( Pоaceae тұқымдасына жатады, тарылық трибе
(Paniceae R. Br.) бұлардың 80 тұқымдық түрлері бар. Ең кеңінен таралғаны
Panicum L., бұның 500-ге тарта түрлері бар. Олардың көпшілігі азықтық
болып саналады, ал кейбіреуі мәдени дақыл болып егіледі.( P.virgatum,
P.Мaximum т.б.) P.Obtusum, P. repens түрлері құмды және тау баурайларын
бекітеді. Оңтүстік-Шығыс Азияда, Индияда жіне Закавказьеде дәндік дақыл
ретінде P. miliare Lam. Түрі өсіріледі. Дақыл ретінде кеңінен таралған
түрі P. miliaceum L.-кәдімгі тары, шашақты егістік дақыл. Бұл түрді
жіктеген кезде өсімдіктің морфологиялық белгілеріне қаралады (классифик).
Олардың шашақтарының формасының бірінші қатарындағы бұтақшаларының орталық
өсетін бұрышқа қарай еңкеюіне байланысты, олардың ұзындығына және түріне
қарап тарыны 5 түр тармағыена бөлеміз: шашақтары жайылған, қомақты түрі
Patentissimum ( I. Pop.) Lyss, тармақталған түрі – Miliaceum, қысыңқы түрі-
Contractum (Alef) Arn., түйдектелген түрі Compactum (Koern.) және
сопақша түрі - Ovatum (I.Pop.) Lyss. Оларды түрге екі ерекшелік
белгілеріне қарай бөледі: дәндердің қабығының түсіне, және масақтарының
қабықтарының түсіне қарап бөледі: ақ, сұрғылт, ашық-сары, қызыл, сұр,
каштан түстес, қоңыр т.б. Ботаникалық топтастыру морфологиялық белгілерінің
ерекшеліктерәне қарап жасалады, оны сорттарды сипатағанда және оларды
қабылдағанда кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, экологиялық-
географиялық принципке сәйкестендіріп жасалған топтастыру да ұсынылады. Бұл
жерде гүлдің және дәннің түсіне қарап м аңызды биологиялық және шаруашылық
ерекшеліктері ескеріледі. Осы топтастыруға сәйкес кәдімгі тарының түрлері
екі топқа бөлінеді.: салбырап өсетін түрі, бұған екі түр тармағы жатады.
Ssp.рatentissimum (L.Pop .) Lyss, sspovatum (L.Pop.)Lyss.және miliaceum,
және қысыңқы түрі, ол ssp.сontractum ( Alef) Arn. және ssp.сompactum (
Koern) Arn. түрлерін біріктіреді. Әрбір топтық жағдайына қарай, экологиялық-
географиялық топтарға бөледі, бұл жағдай комплекстің белгілеріне және
белгілі бір ареалына қарайды. Экотиптердің атауы олардың кеңінен таралған
жерлеріне қарай беріледі. Салбырап тұратын тары Шығыс және Батыс Сібірде,
Оңтүстік батыс және Алдыңғы Азияда және солтүстік аудандарда бұл дақылды
молынан өсіреді.
Қысыңқы тары түрі Европалық және Азиялық бөлігінде, біздің еліміздің
далалы аймақтарында өсіріледі. Әрбір экологиялық-географиялық топтар
әртүрлі түрлерге бөлінеді. Кәдімгі тары әлемдегі егіншіліктегі бұрыннан
егіліп келе жатқан дақыл. Бұл дақыл Қытайда негізгі мәдени дақыл ретінде
біздің эрамызға дейінгі мыңдаған жылдар бұрын белгілі болған. Сондықтан
тарының шыққан тегі болып Шығыс Азияның таулы аудандары және Қытай аймағы
болып табылады. Н.И. Вавиловтың пікірінше бұл өсімдіктің шыққан жері Қытай
деп саналады. Бұл жерде P. miliaceum L. түрінің барлық түрлері табылған,
эндемикалық формалары , атап айтқанда жабысқақ түрі болады, оның
крахмалының барлығы амилопектиннен тұрады. Қытай орталығынан бұрынғы
уақытта көшпенді халықтар арқылы Азияға және Европаға таралған.

1.2 Тары дақылының сорттарына сипаттама.

Қазақстанда тарының селекциясымен 20-дан астам ғылыми-зерттеу
институттары айналысады, олардың арасында оңтүстік-Шығыс ауылшаруашылығының
ҒЗИ-ы, бидайдың селекциясы және тұқым шаруашылығы, В.И.Ремесло атындағы,
Мироновский ҒЗИ-ы, П.Н.Константинов атындағы Кинелдің мемлекеттік
селекциялық станциясы, Украмнаның өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-ы, В.Я. Юрьев
атындағы селекция және генетика институты, Украинаның егіншілік ҒЗИ-ы,
Веселополодяндық тәжірбиелік-селекциялық станциясы т.б. бар тарының 50-ден
астам сорты аудандастырылған, олардың ішінде 8 сорты азықтық тары түрі
болcа табылады. Кейінгі жылдары отандық селекцияда алғаш рет қара күйеге
төзімді тары сорттары шығарылды; Саратов-2, Саратов-3, Кинельское-92,
харьковское-86, Солнечное, Барнаульское-80 және Ораловский карлик, бұлар
өндірістегі егін аумағының біршама жеріне егіледі. Бұл сорттар өздерінің
жоғарғы технологиялық көрсеткіштерімен-дәндерінің ірі болуымен және
жармасының жоғары сапасымен және жоғары тұтынушыларға деген қасиетімен
ерекшеленеді. Жылдам пісетін сорттарға жататындары Саратовское-3, Кинельдік
жылдам пісетін сорты, Янтарное және Орловский карлик жатады, бұларды
суғармалы жерлерде де егуге болады. азықтық тары сорттарына Абакандық
Харьковтық сорттар жатады, олар көк балаусаны 30-35 тга береді және 7-9
тга пішіндеме береді.
Саратовское-3. Оңтүстік-Шығыс АҒЗИ-де шығарылған, түршесі- сангвинеум.
Орташа мерзімде піседі, қуаңшылыққа өте төзімді, шашылуға төзімді,
өсімдіктерінің сақталуы жоғары деңгейде, жаппай шашақтануы және пісуімен
ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 6,8-7,2 г. Жарманың шығымы 70%. 1981 ж.
Қостанай, Павлодар, Торғай, Ақмола облыстарында аудандастырылған.
Саратовское-6. Оңтүстік Шығыс АҒЗИ-да шығарылған, сангвинеум түршесіне
жатады. Орташа мерзімде пісетін сорт, жапырылуға төзімді және шашылуға
орташа төзімді, қара күйе ауруына жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000
дәннің массасы 7,2-9,3 г. 1985 ж. Павлодар, Солтүстік Қазақстан
облыстарында аудандастырылған.
Шортандинское-7. Сорт ҚР АШМ-нің Бараев атындағы астық шаруашылығы
Қазак ҒЗИ РММ-де шығарылған. Ортадан кеш мерзімде піседі, жоғары өнімді
технологиялық, жармалық сапасы жақсы. Ақмола сортсынау учаскелерінде копжыл
бойы 15,3-тан 22,6 цга. дейін астық өнімін қамтамасыз етті. Ақмола
облысында өсіруге рұқсат етілген.
Уральское -109. Бұрынғы Орал облыстық ауыл шаруашылығы тэжірибе
станциясындашығарылған. Түршесі-сангвинеум. Ортадан кеш пісетін сорт.
Дәндері ірі, 1000 санының массасы - 7,7- 8,1г, дэмдік сапасы жақсы,
қабықтылығы 16-17%, жармасыныц шығымы ортадан жоғары (83%). Батыс
Қазақстанда өсіріледі.
Старт . РФ-ның Оңтүстік-Шығыс ауыл шаруашылығы ғы- лыми зерттеу
инстнтутында шығарылған. Түршесі - Санғви- неум, орташа мерзімде піседі,
шашылуға орташа төзімді, қара күйеғе шалдығуға бейім. Технологиялық
жармалық сапалары оте жоғары, дәндері ірі, 1000 санының массасы - 7,3-8,6г,
дәнінің қабықтылығы 17%, жармасының шығымы 78% Ақтөбе облысында өсіруге
болады.

Сурет 1. Тары сорттары
1.3 Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Тары- біржылдық өсімдік түріне жатады. Тамыры шашақты тамырға жатады.
Тамырлары 150 см тереңдікке дейін бойлайды, жан-жағына 120 см- ге дейін
жайылады. Тамырдың негізгі массасы тары шашақтанғанға дейін түзіледі.
Сабағы цилиндр тәріздес 5-7 түйін аралықты сабан, іші қуыс, түкті, жер үсті
бұтақтануы да мүмкін. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жалпақтығы 1-4 см,
ұзындығы 18-65 см болады. бқліктердің арасын байланыстырып тұратын және
сабақтың желісіне жабысқан қынап болады. жапырақтарының саны және
размерлері сорттың ерекшеліктеріне және егілген жердің жағдайына қарай
өзгеріп отырады. Гүл шоғыры сыпырғыш тәріздес ұзындығы 10-нан 60 см-ге
дейінгі аралықта болады, олнегізгі өстен және 1-5 реттік бұтақтардан
тұрады. Әрбір бұтақтың ұшында 3-6 мм болатын екі гүлді бір масақша болады,
масқ қабыршағы басқа астық тұқымдастарымен салыстырғанда үшеу болады.
олардың шығу тегі туралы бірыңғай көзқарас жоқ. Бірқатар зерттеушілер,
төменгі қысқа қабыршақты екінші масақтыңрудименті деп қарайды, екінші
зерттеушілер үш қабыршақтың біріншісі және төмендегі және екіншісі
масақтық дейді. Морфологиялық жөнінен ұқсас болып келетін үшінші қабыршақ
масақтағы жетілмей қалған гүлдің гүл жабындысы болып табылады. Жоғарғы
жағындағы дұрыс дамыған гүл екі гүл жабынынан тұрады, олар түйіннің үстінде
саусақ тәріздес екі аналық және үш аталықтан тұрады. Жемісі- сыртында
қабығы бар дән, гүл қабықтары дәнменбірге өспейді. Масақта бір дән болады,
оның екеу болуы сирке кездеседі. 1000 дәннің массасы 5 г және 8-9 г төмен
болады.

Сурет 2. Тары тамыры

Биологиялық ерекшеліктері.Тары-жылуды сүйетін өсімдік, сондықтан әр
түрлі өсу фазасындағы тәуліктік орташа температура былайша болады: шығуы,
шоғырлануы- 18°С, шоғырлануы-сыпырғыш пайда болуы-20, гүлденуі,
сыпырғыштануы-23, гүлдеуі-пісуі-21°С. тарының көктеп шығуы төменгі
температураға өте сезімтал болады (-2,-3°С), ал генеративтік органдары 1-
2°С-де үсіп кетуі мүмкін. Тары-қысқа тәліктік өсімдік, дегенмен күннің
өзгерістеріне ұзындығына қарай өзгермейтін түрлері де болады. Тарылар
вегетатциялық кезеңдерінің ұзақтығына қарай әртүрлі формаларға бөлінеді (
55 күннен 120 күнге дейінгі аралықта) және олардың жекелеген фазаларына
қарайды. Шығу кезеңі сыпырғыштарының пайда болуына 35-60күнге, жәнеи пісуі-
28-45 күнге созылады. Тары қуаңшылыққа төзімді болады, және басқа
дақылдармен салыстырғанда топырақтың және ауалық құрғақшылыққа аз ұщырайды,
ұлпаларының уақытша сусызданып қалғанына қарамастан өзінің түсімін
сақтайды. Сонымен қатар суғаруды жақсы көретін түрлері де бар. Олар ыстыққа
төзімді болады, бұл жағдай олардың вегетациялық мерзімінің екінші
жартысында анық байқалады.

Сурет 3. Тары масағы

Гүлдеу биологиясы. Тары-өздігінен тозаңданатын факультативтік
өсімдік, бұларда 10-20% айқас тозаңдану байқалады.гүлдеуі сыпырғыштың
жоғары бөлігінен басталады және әрбір бұтағының төменгі бөлігіне дейін
таралады. Сонықтан ең алдымен жоғары бөігіндегі дәндері піседі, одан соң
төменгі жағы піседі. Жылы құрғақ ауа –райында ерте пісетін және орташа
пісетін сорттарындағы гүлдеу сыпырғыш пайда болғаннан соң екі-үш күннен
кейін басталады, ал кеш пісетін сорттарында 5-8 күні басталады. Гүлдеу
ұзақтығы 7-ден 14 күнге дейін созылады. Гүлдеу мынандай жағдайда өтеді:
гүлдің ашылуы, аналықтың және аталықтың шығуы, тозаңдықтың шашылуы,
аналықтың тозаңдануы және гүлдің жабылуы, гүлдеудің ұзақтығы 5-10-нан 20-40
минутқа дейін созылады. Тарылар өздерінің өсу жағдайына байланысты үш түрлі
гүлдейді және тозаңданады. Ауа райы қолайсыз, салқын болса, гүлдері
ашылмайды бұл кезде өздігінен тозаңдану жүреді.қалыпты жағдайда гүлдеу
кезінде тозаңдықтар жарылып аталық гүлдің ішінде төгіледі, ал аналық аузына
түседі. Бұл жағдайда өздігінен тозаңдану басым болады. құрғақ және ыстық
ауа-райында гүл жабындары жақсы ашылады, тозаңдықтар гүлдің сыртына
шашылады, аталық ауаға таралады. Бұл жағдайда айқас тозаңдану жүреді,
себебі гүл көп уақыт бойы ашық тұрады. Тарының гүлдеуі таңертең 8-9
сағаттан басталады, 10 және 12 сағат аралығында жақсы гүлдеп 15 сағатта
аяқталады. Жаппай гүлдеген кезде ауа райы қолайлы болса, бір сыпырғышта 50-
ден 100 гүлге дейін ашылады.
Тары - қысқа күннің өсімдігі, жарық күннің ұзақтығы оның вегетация
кезеңін ұзартып жібереді. Алайда сібірлік сорттар жарық факторына онша
әсер ете қоймайды жэне үзақ жарық күннің өзінде жаксы пісіп жетіледі.
Дегенмен тары дақылы пісу кезеңінде басқа астық дақылдарымен салыстырғанда
жарык сүйгіштігімен ерекшеленеді. Әсіресе тұтас шашақты ,тары сорттары
толысудан дәннің пісу кезеңіне дейінгі аралықта жарыққа жоғары талап қояды.
Жаздың екінші жартысындағы бұлтты, бұлыңғыр ауа-райы дәннің қалыптасу
кезеңін кешеуілдетіп, тары вегетациясын ұзартып жібереді.
Топыраққа тары жоғары талап қоймайды, ол әртүрлі топырақтарда өсе
алады және жақсы астық өнімін қамтамасыз етеді (қара, күңгірт-қоңыр, сұр,
сортаңдау ж.б. топырақтар). Арамшөптерден таза, жеңіл сіңімді қоректік
заттары мол, кұрылымды топырақтар тарыға барынша жарамды, құрғақшылық
аудандарда айтарлықтай байланысқан, ал жеткілікті ылғалды аудандарда жақсы
жылынатын жеңіл топырақ мол өнім кепілі болып табылады. Дәнді астық
дақылдарының ішінде қышқыл ортаға барынша төзімді. Алайда оған дұрысы
бейтарап, немесе әлсіз сілтілі орта (рН = 6,5-7,5).

Сурет 4. Тары дәні
Халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Өнімі жағынан тары - өте ертеден
өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен
шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады.
Жер шарында жыл сайын тары 25.0 млн га, жерге өсіріледі. Қазақстанда
негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс
Қазақстан ж.б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1997-2006ж.ж) жыл сайын
елімізде 98.6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48.4 мың га. Павлодар,
22.6 ң га Батыс Қазақстан, 12.5 мың га. Ақтөбе облысында болады. Келешекте
Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың
га дейін егістікке өсіргенбіз.

Сурет 5. Тары тағамы

Тары - өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен
және қоректілігі мен сипатталады. Оның құрамында 12- 13 % ақуыз (белок),
81% крахмал, 3.5-4.0% май ж.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин,
глютенин, глобулин, альбумеиндер басым болып келеді. крахмал амилаза мен
амилопектиннен құрылады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары - лизин,
метионин, триптофан - айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы
ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза ж.б.) белсенділігі өте жоғары,
күлінде K. Na, Mg, P мен бірге Cu B J микроэлементтері де жеткілікті,
жармасында тиамин дәрумені 1.8-1.9 мг бір грамм дәнге, онда B1, B2 басқа
астық дақылдарына қарағанда екі есе көп.
Тары астығынан, жармадан басқа ұн дайындалады, оны таза күйінде және
бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады.
Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де
құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандырғанда жұмыртқа
өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының
сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1.5- 2.0 есе артық болады. 1 кг.
Тары сабынында 0.41 кг, а.ө. және 24г. Протеин, басқаша айтқанда
аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда
есе
артық.
Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кейде жасыл балауса
мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шәй жүгері және
итқонақ пішенінен асып түседі.
Тары жақсы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себілетіндіктен,
құрғақшылыққа төзімділігінен және салыстырмалы қысқа вегетациялық кезеңі
опат болған күздіктер мен жаздық дақылдардан кейін орналастырып жасыл
балауса ғана емес, жекелеген жағдайларда астық өнімін жинауға да мүмкіндік
береді.
Тары бірқатар дақылдарға жақсы алғы дақыл. Өзінің биологиялық
мүмкіндіктерге байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру
технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар
ж.б облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан
қолайлы жылдары әр гектардан 17.1-22.5 ц және оданда жоғары астық өнімін
жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүние жүзілік рекорд елі болып
табылды. Ондай өнім ұлы Отан соғысы жылдары Социалистік Еңбек Ері Ш.
Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Құрманов атындағы
ұжымшарында суармалы жағдайда 4 га. егістіктің әр гектарынан 201 ц тары
астығы жиналды. Бұл дегеніміз тары дақылдарының әлеуетті (птенциалды )
мүмкіндігі зор екенін көрсетеді. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары
өсірудің қыр сырына аз мән берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде –
орта есеппен 4.6 – 6.5 ц\га шамасында ғана [3].
Тарының әлемдік коллекциясы 10.000шамасындағы түрлерді құрайды, бұлар
жер шарындағы тары өсетін өңірлердің барлығынан жиналады. Тары коллекциясы
олардан жаңа сорттарды шығару үшін негізгі бастапқы материал болып
табылады, бұл жерде шаруашыллыққа қолайлы сорттары және үлгілері
біріктіріледі, олардың әртүрлі экологиялық-географиялық топтары
қолданылады. Тарының түсімділігін сұрыптағанда ең құнды материал ретінде
далалық топтар алынады: поволжьелік, қазақстандық, украиналық топтар,
сонымен қатар орманды далаларда өсетін Тянь-Шаньдық және Орта Азиялық таулы
аудандарда өсетін топтар алынады. Қиыршығыстағы экологиялық топтар қаракүйе
төзімді болады (К-50, К-917, К-980 т.б.) бұлар осы ауруға төзімді иммундық
топтарды шығару үшін өте маңызды болып табылады. К-50 түріне 1938 жылы
алғаш рет № 1843 формасы алынады (К-8763), бұл қаракүйеге төзімді донор
болып табылады және бұл қасиеттерін будандарға да береді. № 1843 сортын
Веселоподолянский 367 сортынмен будандастырғанда ВНИС-29 сорты алынады, бұл
сорт қара күйеге төзімділік сорттарын шығарғанда селекцияда кеңінен
қолданылады. Оның негізінде мынандай иммундық сорттар шығарылады,
Веселоподолянский-632, Веселоподолянский-961, Иммундық-362, Саратовтық-2,
Солкечное т.б. Монғолдық- буряттық, солтүстік және орман алқаптық
экологиялық топтардан меланбозбен аз бұзылатын сорттар табылады. Жылдам
пісетін тары түрлерін алу үшін, монғолдық-буряттық, солтүстік және саяндық-
алтайлық экологиялық топтар алынады. Кремовое-311, Оралдық жұқа қауызды
тары, оралдық-1419, Омбылық-9, Сібірлік сары тары, Ороловтық -92, Долинское
-86, Горьковское-43 сорттары және басқалары суыққа төзімді, төменгі
температурада да өсе беретін сорттарды алу селекциясында құнды бастапқы
материал болып табылады.

2. Технологиялық бөлім

1. Өсіру технологиясы

Тарыны тың және тыңайған жерлерге немесе көпжылдық шөптер қыртысына
орналастырған дүрыс. Бүл жерлер жоғары құнарлығымен және арамшөптерден
тазалығымен ерекшеленеді. Олардан кейін тары барынша жоғары астық өнімін
қалыптастырады, сондықтан оны жер қыртысы өсімдігі деп те атайды. Тарыға
отамалы және дәнді бұршақ дақылдары да жақсы алғы дақыл, сүріден кейінгі
екінші дақыл болғанда да тәуір өнім береді. Вегетация кезеңінің
қысқалығынан тары егістігін жинағаннан кейін күзде ерте сүдігер дайындауға
мүмкіндік болады, ал мүның өзі Қазақстанның Солтүстік өіңірде тары жаздық
қатты бидайға жап-жақсы алғы дақыл бола алады.
Топырақ өңдеу және қар тоқтату. Тары үшін топырақ өңдеу жүйесі
танаптарды арамшөптерден тазартуды, егін көгінің жаппай пайда болуын және
оның тамыр жүйесінің жақсы дамуын қамтамасыз етуге бағытталады. Оған ерте
және сапалы дайындалған сүдігер бөлінеді. Ерте көктемгі себу алдындағы
топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Себу алдында арам-шөптерден таза
және тығыз топтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарма дақылдарын ақтау
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Дәнді бұршақ дақылдардың сипаттамасы
Күріш жармасы технологиясы
Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы
Астық түйірі және дәнді дақылдар
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Ұн технологиясы
Жаншылған сұлы жармасы
Жарма технологиясы
Пәндер