Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Вирустық диарея ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1.1Вирустық диарея ауруының қоздырғышы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1.2Вирустық диарея ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1.3Вирустық диарея ауруымен дерттенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1.4Вирустық диарея ауруының өтуі мен симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1.5Вирустық диарея ауруының патологиялық.анатомиялық өзгерістері ... ... 12
1.1.6Вирустық диарея ауруын балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.1.7Вирустық диарея ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.1.8Вирустық диарея ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.1.9Вирустық диарея ауруын дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ...13
1.2Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.5 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... . 22
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау коюмен катар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау қою дегеніміэ /нозологиялық балау/ қай ауру екенін анықтау болса /мысальі аусыл, немесе топалаң/, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипатгама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары, індет ошағының калыптасу жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай халықтарда ерте заманнан - ақ белгілі. Бұл әдістің кең таралуына зор ықпал етіп, оны "вакциналау" деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды /үасса - латынша сиыр, өйткені бұл әдіс бойынша адамға шешекті егу үшін осы ауруға шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршықтар пайдаланылды.
Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік ауырады. Ірі қара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі аралықта ауырады, жаңа туған бұзаулар мен сақа сиырлар ауруға сирек шалдығады. Торайлар мен көжектерге оны қолдан жұқтыруға болады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан жануарлар, олар жазылғаннан кейінде 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Вирус денеден нәжіс, несеп, сілекей, танаудан аққан сора мен көзден аққан жас арқылы бөлініп шығады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогендік жолмен немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Жұқтыру факторы рөлін вируспен ластанған жемшөп, құрал-саймандары, су, қүтуші адамдардың киім-кешегі атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты – вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу [1,2].

1 Сайдулдин Т. Ветеринарлық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Сайдулдин Т. Алматы, 1999. -135б.
2 Кононов И.В. Ветеринарлық анықтама: /Кононов И.В. Мәскеу, Колос баспасы, 1972.-161б.
3 Бердімұратов Ж. Ірі қара аурулары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Бердімұратов Ж. Алматы, Қайнар, 1976. - 139б.
4 Әмірбек Е. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Әмірбек Е. Алматы- 2006. -157б.
5 Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін, /Ілиясов Б.К. Алматы - 2001.-130б.
6 Төлеуіш Ж. Малың аман болса, май ішесің /Төлеуіш Ж. Шымкент-2007.-182б.
7 Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қасымов Е.И. Алматы - 2006.- 172б.
8 Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных: учебник для вузов /Конопаткин А.А. Москва, Колос , 1984.-115б.

Аннотация
Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен Вирустық диарея
ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары тақырыбына жазылған
курстық жұмыста нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен
белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Курстық жұмыс 31 беттен тұрады.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1Вирустық диарея
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .9
1.1.1Вирустық диарея ауруының
қоздырғышы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .9
1.1.2Вирустық диарея ауруының індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .9
1.1.3Вирустық диарея ауруымен
дерттенуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
1.1.4Вирустық диарея ауруының өтуі мен
симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1.5Вирустық диарея ауруының патологиялық-анатомиялық
өзгерістері ... ... 12
1.1.6Вирустық диарея ауруын
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
2
1.1.7Вирустық диарея ауруының
емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.1.8Вирустық диарея ауруының
иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.1.9Вирустық диарея ауруын дауалау және күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... 13
1.2Сиырдың жұғымтал
плевропневмониясы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
4
1.3 Індетке қарсы шаралар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.5 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен анықтау
әдістері ... ... ... ... ... ... . 22
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..31
Анықтамалар
Сиырдың вирустық диареясы (Diarrhea viralis bovum, вирусная диарея
крупного рогатого скота) - дененің ыстығы көтеріліп, ас қорыту жолдарының
кілегейлі қабығы ойылып, қан аралас іш өтуі, конъюнктивит және ринит арқылы
ерекшеленетін жіті өтетін жұқпалы ауру.
Цитогенетиқалық метафазалық тәсіл хромосомнын саны, үлкендігі,
пішіні және центромерлердің орналасуын анықтауға негізделген.
Гематологиялық зерттеуге күре тамырдан алынатын қанның әр миллилитріне
антикогулянт ретінде 0,02 мл есеппен 10 % этилендиаминтетраацетат сірке
қышқылын ЭДТА, яғни трилон Б қосады.
Тері лейкозы - бұл аурудың бірдең бір жазылатын түрі, негізінен 1 жастан
3 жасқа дейінгі жас малда кездеседі.
Вирусологиялық зерттеулер электрондық микроскоптың көмегімен қан
лейкоциттерінің аз мерзімді өсінінде, бірқабат торшалар өсінінде алынған
вириондарды көруге негізделген.
Серологиялық реакциялардан лейкозды балау үш диффузиялық преципитадия
реакциясы колданылады.
Диагноз – ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Қысқартулар мен белгілер
% - пайыз
кг - килограмм
г - грамм
мг - миллиграмм
м-метр
л - литр
Q - жылу
КБР- комплементті байланыстыру реакциясы
ДПР – диффузды преципитация реакциясы
ИФТ – иммунды – ферментті талдау
БР – бейтараптау реакциясы
ЦПӘ - цитопатогендік әсер
РНҚ – рибонуклеин қышқылы
рН – ортаның қышқылдығы
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың
пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы
аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы
аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына
береді. Індеттану батыс тілдерінде эпизоотология деп аталады. Ол да екі
үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және
1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы
эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов -
халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі
зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы
ауруға нозологиялық балау коюмен катар індеттанулық балау қойылады. Ауруға
балау қою дегеніміэ нозологиялық балау қай ауру екенін анықтау болса
мысальі аусыл, немесе топалаң, індеттанулық балау байқалған жұқпалы
ауруға індеттану тұрғысынан толық сипатгама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін
анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары, індет ошағының
калыптасу жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында
клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық,
серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер
індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы
шаралар белгіленеді.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай
халықтарда ерте заманнан - ақ белгілі. Бұл әдістің кең таралуына зор ықпал
етіп, оны "вакциналау" деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды үасса -
латынша сиыр, өйткені бұл әдіс бойынша адамға шешекті егу үшін осы ауруға
шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршықтар пайдаланылды.
Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік ауырады.
Ірі қара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі аралықта ауырады, жаңа туған
бұзаулар мен сақа сиырлар ауруға сирек шалдығады. Торайлар мен көжектерге
оны қолдан жұқтыруға болады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан жануарлар, олар
жазылғаннан кейінде 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-тұра
іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Вирус денеден нәжіс,
несеп, сілекей, танаудан аққан сора мен көзден аққан жас арқылы бөлініп
шығады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогендік жолмен немесе
тумай тұрып жатырда жұғады. Жұқтыру факторы рөлін вируспен ластанған
жемшөп, құрал-саймандары, су, қүтуші адамдардың киім-кешегі атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты – вирустық диарея ауруының диагностикасы
мен сауықтыру шараларын зерттеу [1,2].
1 Негізгі бөлім
1.1 Вирустық диарея ауруы

Тарихи деректер. Ауру 1946 ж. АҚШ-та анықталып, оның қоздырушы вирусын
П.Олафсон ашты.
Бастапқыда оның негізгі белгісі - ас қорыту жолдарының ойылып
зақымдануына байланысты кілегейлі қабықтарының ауруы деп аталды.
Көпке дейін кілегейлі қабықтардың ауруы мен вирустық диарея екі түрлі
ауру ретінде қарастырылып келеді.
Кейіннен ол екі аурудың қоздырушысы бір ғана вирус екені анықталған соң,
оларды бір аурудың екі клиникалық түрі ретінде қарастырып, басты клиникалық
синдромы ескеріліп, вирустық диарея аталатын болды. Қазіргі уақытта бұл
ауру дуние жүзінің барлық елдерінде тіркеліп отыр.
Қазақстанда алғаш рет К.Н. Бучнев пен Керімбеков 1973 ж. Алматы облысының
Балқаш ауданында анықтады [1,2,3].
1.1.1Вирустық диарея ауруының қоздырғышы
Қоздырушысы – Воvіпе virus diarrhea pestivirus, құрамында РНҚ бар
Тоgaviridae тұқымдастығының Реstivirus туыстасығына жатады. Шошқа обасының
вирусымен ортақ антигені бар.
Шошқа обасына қарсы гипериммунды қан сарысуы сиыр диареясының вирусын
бейтараптайды.
Ауырған малдың организміңде вирус ішек-қарынның кілегейлі қабығында
үнемі кездеседі, ал виремия кезінде қанда, сөл түйіндерінде, ішкі ағзаларда
болады.
Төзімділігі. Диарея вирусы - 20° С-тан төмен температурада жылдар бойы
сақталады. Патматериалда 4° С-та 6 ай бойы тіршілігін жоймайды, ал 37° С-та
5 тәулік ішінде өледі.
Вирус хлороформға, эфирге сезімтал. Қышқыл ортаның әсеріне төзімсіз, рН
5,7 ден төмендегенде ыстыққа да төзімсіз. 56° С-тан жоғары температура
уыттылығын тежеп, тіршілігін тоқтатады.
Сыртқы ортаны зарарсыздандыру үшін кәдімгі дезинфектанттар
қолданылады [1,3].
1.1.2 Вирустық диарея ауруының індеттік ерекшеліктері
Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік аурады.

іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады.
Вирус денеден нәжіс, несеп, сілекей, танаудан аққан сора мен көзден
аққан жас арқылы бөлініп шығады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде
аэрогендік жолмен немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Жұқтыру факторы рөлін
вируспен ластанған жемшөп, құрал-саймандары, су, қүтуші адамдардың киім-
кешегі атқарады.
Вирустық диарея індет ретінде тұтанып, жылдың суық мезгілдерінде
байқалады. Аурудың шығуына малды ауыстырып, топтастыру, күтімінің
нашарлығы, технологиялық процестер кезінде ветеринариялық-санитариялық
ережелердің сақталмауы ықпал етеді.
Ауруға шалдығу көрсеткіші жаңа басталған індет ошақтарында 90%-ке, ал
өлім көрсеткіші 30%-ке дейін жетеді. Тұрақтанған ошақтарында ауруға шалдығу
деңгейі төмендеп, керісінше ауырған малдың шығыны көбейеді [1,2].
Вирустық диареяға әдетте жұқпалы ринотрахеит пен парагрипп қабаттасып,
ауруды асқындырып жібереді.
Сонымен қатар бірқатар бактериялар да (эшерихиялар, сальмонеллалар,
пастереллалар, гемофильді бактериялар) бұл аурудың асқынып, зілді түрде
өтуіне себепкер болады [1,3,4].
1.1.3Вирустық диарея ауруымен дерттенуі
Ас қорыту және тыныс жолдарына түскен вирус кілегейлі қабықтардың
эпителийінде көбейіп, қанға өтеді де, лейкоциттерге жабысады. Бұл кезде
дененің ыстығы көтеріледі.
Вирусты бейтараптаушы антиденелер пайда болып, олар қанға түскенде
виремия тежеледі. Вирус қан мен сөл арқылы сөл түйіндеріне және басқа да
лимфоидты мүшелерге жетіп, шоғырланады.
Сөл түйіндерінде, көкбауырда, Пейер түйіндерінде жас торшалар өліп,
көбею орталықтары дегенерацияға шалдығады (азғындайды). Өліеттену әсіресе
Пейер түйіндерінде едәуір болады.
Гранулоциттердің түзілуі тежеліп, уақытша кең ауқымды лейкопения
қалыптасады, нәтижесінде мононуклеарлы торшалар шамадан тыс көбейеді. Бұл
торшалар ауыздағы, аңқадағы, қарындағы, ішектегі, танаудағы эпителий
капиллярларының маңайына шоғырланады.
Кейінде эпителий торшаларының бір бөлігі өліеттенеді де, олардың
сыдырлуының салдарынан вирустық диареяға тән ойылымдар пайда болады. Ас
қорыту және тыныс жолдарының бөлінділерімен вирус сыртқы ортаға бөліне
бастайды.
Ауру басталғаннан соң 1-2 апта өткенде қанда антиденелер пайда болып,
егер ауру асқынбаса, жануар жазыла бастайды немесе процесс созылмалы сипат
алады.
Ауырып жазылған малдың қанында антиденелер 1-1,5 жылға дейін сақталады.
Кейіннен серологиялық реакциялар өшеді, бірақ вирусты қаннан немесе сөлден
бөліп алуға болады. Мұңдай малдың лимфоциттері арқылы сау малға ауру
жұқтыруға болады.
Буаз сиырға ауру жұққанда, іштегі төл тез зақымданады. Оның қағанақ
жарғағы қанталап, өліеттенеді, төлдің жұмсақ ми қабығы қабынады, мишық
зақымданады, терісі суланып қабынады, кейде төл тұтастай семіп, мумияға
айналады.
Іштегі төлдің зақымдануы нәтижесінде сиыр іш тастайды. Егер төл тірі
туса, ол шала жансар болады. Аурудың іштегі төлге жұғуы, қоздырушы вирустың
вертикальды тікелей жолмен берілуін қамтамасыз етеді [1,3,5,6].
1.1.4 Вирустық диарея ауруының өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 2-14 күн. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы және
жасырын өтеді.
Жіті өткенде малдың денесі қызынып (40,5-42,2° С), күйзеліп, жемшөптен
қалады. Танау қуысының кілегейлі қабығын қан кернеп, кейінірек сора аға
бастайды.
Ауыздың кілегей қабықтарында қызғылтым дақтар, эрозиялар пайда болады.
Кейіннен ойылып, қызылшақаланып, бетінде сұрғылт түсті бүркеніш пайда
болады. Ауыздан қоймалжың сілекей ағады. Қаңсарда, танау тесігінде, қынапта
ойылымды жарақаттар кездесуі мүмкін.
Дененің ыстығы көтерілген қезде қанда лейкоциттер саны қүрт төмендейді.
Біраз күннен кейін іші өтеді. Іші өту көбінесе бұзауларда байқалады. Нәжісі
сұйық, исі жағымсыз, газ көпіршіктері, қан мен жалқақ араласады. Жүні
ұйпаланып, үрпиіп, қатпарланып, қайызғақтанып, қабыршақтанады. Жөтел пайда
болып, көзден жас ағады.
Кейде аяғы ақсап, жануар жатқан жерінен киналып тұрады, жүргенде зорға
қозғалыс, алдыңғы аяқтарын бір-бірінен алшақ ұстайды. Тұяқтарының
арасындағы терісі қолдырап, ойылады. Буаз мал іш тастайды. Диарея 4 аптаға
дайін созылып, мал шектен тыс арып, өледі.
Жітіден төмен өткенде, дененің ыстығы уақытша көтеріледі (40° С), мал
күйзеліп, әлсіреп, аз қозғалады. Көзге көрінетін кілегейлі қабықтарда
іркілген қан кернеуі байқалады, ауыздан сілекей, танаудан сора ағып, жөтел
пайда болады, атония байқалады, сауын сиырдың сүті қайтады.
Кейде аз уақыт іші өтеді. Ауру жітіден төмен өткенде мал негізінен 3-4
күн өткенде жазылып кетеді, бірақ денесінде ұзақ уақыт вирус сақталады.
Созылмалы өту індеттің қаулауының соңғы кезеңінде байқалады. Аурудың
белгілері өте баяу, кейде 6 айға дейін өрбиді. Ауырған мал арықтап, үнемі
немесе ара-тұра іші өтеді.
Ауыз қуысының кілгейлі қабықтары ойылып, беті іріміктенген бүркенішпен
жабылады. Мұндай аурудың ақыры әдетте сәтсіз болады.
Вирустық диареяның жасырын түрін тек серологиялық зертеу арқылы
анықтайды. Вирустың денесінде ұзақ сақталуына байланысты мұндай жануарлар
ауру қоздырушысының аса қауіпті бастауы болады [1,2,6,7].
1.1.5 Вирустық диарея ауруының патологиялық-анатомиялық өзгерістері
Негізгі патологиялық-анатомиялық өзгерістер ас қорыту жолдарында
кездеседі. Қаңсардан бастап ұртында, ауыз қуысында, тілінде, жұтқыншақта,
өңешінде, ұлтабарында, аш ішегінің кілегейлі қабықтарында көптеген,
әрқайсының диаметрі 1-5 мм, эрозиялар болады. Мұндай ойылымдар кейде
алдыңғы қарындарда да кездесуі мүмкін. Әдетте қаңсарға кепкен экссудат
қабыршақтары жабысып тұрады.
Ауыз қуысында эрозиялар әсіресе тандай мен тістерінің айналасында көзге
түседі. Ұлтабар қабынып, кілегейлі қабығының көптеген тұстары қанталап,
айналасында эрозиялар болады. Аш ішекте өліеттену мен ойылым Пейер
түйіндерінің кілегейлі қабықтарында орналасады.
Өліеттену лимфоидты ұлпаларға да жайылады. Ондай бүлінген ұлпалардан
ішекке қан кетуі мүмкін. Ас қорыту жолдары мен басқа да жүйелердің сөл
түйіндері ісініңкі болады.
Бауыр ұлғайып, сарғыш тартады, сұрғылт дақтар кездеседі. Жүректе эпикард
және эндокард асты қанталайды.
Эрозиялар мен ойылымдар қынаптың, танаудың кілегейлі қабықтарында,
тұяқ арасындағы теріде де кездеседі [1,4,6,7].
1.1.6 Вирустық диарея ауруын балау
Сиырдың вирустық диареясына балау клиникалық-індеттанулық деректерді,
патологиялық-анатомиялық өзгерістерді есекере отырып, міндетті түрде
зертханалық зерттеу жүргізу арқылы іске асырылады.
Зертханаға патматериалды симптомдары айқын, ауыра бастағанына 2-3 күн
болған малдан, не болмаса әдейі аурудың жіті кезеңінде сойып алады. Ауру
малдан стерильді тампонмен танаудағы бөліндіні, қанын, ауыздың ойылған
кілегейлі қабығының қырындысын алады.
Әдейі сойылған малдан өкпенің кесіндісін (сау және зақымданған ұлпасының
аралығынан), көк бауыр, сөл түйіндері, зақымданған кілегейлі қабықтар
алынады.
Зертханалық тексеру кезінде патматериалда иммунофлуоресценция реакциясы
арқылы вирустың антигені анықталады. Торша өсінділерінде қоздырушы вирус
бөлініп алынып, бейтараптау және иммунофлуоресценция реакцияларында
айқындалады.
Қан сарысуын бейтараптау және комплемент байланыстыру реакциялары
бойынша вирустық диарея антиденелеріне тексереді.
Зертханалық тексеру үшін тиісті диагностикумдер жиынтығы пайдаланылады.
Зерттеуді вирустық диареямен қатар ажыратып балау үшін парагриппке,жұқпалы
ринотрахеитке, аденовирусты және респираторлық синцитиялық инфекцияларға
жүргізеді.
Вирустық диареяны одан басқа обадан, зілді қатарлы қызбадан,
сарыптан, паратуберкулезден ажырату қажет [1,2,3,6].
1.1.7 Вирустық диарея ауруының емі
Негізінен симптоматикалық емдік шаралар қолданылады. Бактериялық
инфекциялар қабаттасып, аурудың асқынып кетпеуіне, малдың тез арықтамауына
баса көңіл аударады.
Басқа да вирустық пневмоэнтериттермен (парагрипп, ринотрахеит)
қабаттасып өткенде реконовалесценттердің қан сарысуын пайдаланады.
Малдың күтімін жақсартып, сіңімді жұмсақ азықтар береді. Ауру ауыр
өткенде емнің нәтижесі шамалы және тиімсіз болып табылады [1,2,5,6].
1.1.8Вирустық диарея ауруының иммунитеті
Ауырып жазылған малда бірнеше жылға айтарлықтай берік иммунитет
қалыптасады. Бұзау енесінің уызы арқылы антиденелер алады. Вирустық
диареяға қарсы тірі және өлтірілген вакциналар ұсынылған.
Көптеген елдерде бұл ауруға қарсы басқа да пневмоэнтериттер
(парагрипп, ринотрахеит және аденовирус инфекциялары), хламидиоздар,
лептоспироз, пастереллез т.б. Әртүрлі үйлесімде поливалентті вакциналар
қолданады.
1.1.9Вирустық диарея ауруын дауалау және күресу шаралары
Аурудың алдын алу үшін вакцина егу өзінің лайықты орнын алған жоқ.
Әзірше негізінен ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық шаралар
ауруға қарсы басты тосқауыл болып есептеледі.
Ауру шыға қалғанда, вирустық диареяға шалдыққан малды жедел оқшаулап,
індетті одан әрі таратпай және ауру мал арықтамай тұрғанда уақтылы сойып
алған дұрыс. Індет басылғанша малдардың орын ауыстыруына тиым салынып,
қатаң шектеу қояды. Қораны күн сайын мұқият тазалап, дезинфекциялайды
[1,2,3,7].
1.2 Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы
Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы (мәлік, ала өкпе, Рleuropneumonia
contagiosa bovum, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) -
өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит арқылы ерекшеленетін аса
жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Буржел (1765) сипаттады, ал оның
жұқпалы екендігін Хаберст (1792) дәлелдеді. Виллемс (1850-1852) ауырған
сиырдың өкпесіндегі сөлді сау сиырды иммундеу үшін пайдалануға болатындығын
көрсетті. Қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Ру (1898) ашып, сүзгіден
өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады.
Өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында мәлік дүние жүзінде кең
тарады, ал қазір бұл ауру көптеген елде жойылды. Сөйтседе бірақтар Африка
және Азия елдерінде әлі де болса кезігеді, ал кейбір Европа елдерінде оқтын-
оқтын байқалып қалады. Бұрынғы Кеңес Одағында ауру 1928 ж. жойылды деп
есептеледі.
Қоздырушысы - Мусoplasта тусоіdes var. Mусоides микроорганизмдердің
жүйеленуі бойынша Моlicutes класының Мусоplasmatales қатарына жатады. Аса
полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде болады. Үлкендігі
0,2-0,8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді.
Полиморфтылық және сүзілгіштік қасиеті мықты торша қабырғасы болмай,
оның орнында тәуелсіз қабатты цитоплазмалық мембрананың болуынан. Қоздырушы
аурудың асқынған кезеңінде экссудат пен ішкі ағзалардан оңай бөлінеді, қан
сарысуы мен ашытқы экстрактары қосылған Мартен сорпасында өседі.
Микоплазмалар химиялық және физикалық әсерлерге төзімсіз. Күн сәулесінен
немесе ауада кептіруден 5 сағ, 58°С температурада 1 сағ ішінде өледі.
Кәдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында қапысыз
зарарсыздандырады. Сонымен қатар микроб кейбір жағдайда ұзақ сақталады.
Шіріген материалда 9 күн, суықта қатырылған өкпенің кесіндісінде жыл бойы
тіршілігін жоймайды. Лиофильдік жағдайда кептірілген микоплазманың уыттылық
куаты 5 жылға жетеді.
Індеттік ерекшеліктері. Сиырдың жұғымтал плевропневмониясымен табиғи
жағдайда сиырдан басқа буйвол, кодас, бизон, енеке (зебу) ауырады. Қолдан
қойға, ешкіге, түйеге, солтүстік бұғысына жұқтыруға болады.
Ауру малдың сөлін тері астына жіберсе сол жердегі шелде жайылған
флегмониялық қабыну байқалады. Маңындағы сөл безі зақымданып, организм
тұтастай уланады.
Жұқтырылған бұзау 15-17 күнде өледі. Егер материалды (сөлді) құйрықтың
ұшындағы тері астына жіберсе, аздаған ғана орны шектелген реакция
байқалады. Кейде өліеттеніп, малдың құйрығы түсіп қалады, асқынып кетсе
тіпті өлімге соқтырады.
Жұқтырудың басқа жолдары (көк тамырға, кеңірдекке, өкпеге, жеммен бірге)
мәлікке тән құбылыстар бермейді. Плевра ішіне жұқтыру өкпені зақымдамай
экссудативтік плеврит тудырады.
Шово мен Нокар ауруды қолдан жұқтару үшін ауру сиыр мен сау сиырдың
тұмсықтарын қан арқылы қосарлап тұмшалап оң нәтижеге жеткен болатын.
Жұқпалы плевропневмония кезінде ауру қоздырушысының бастауы ауырған мал.
Әсіресе созылмалы түрде ауырған мал аса қауіпті, өйткені ондай жағдайда
аурудың көзге түсер белгілері байқалмайды.
Ауру ауырған мал мен сау малды бірге ұстағанда жұғады. Бұл үшін аз уақыт
жанасудың өзі жеткілікті.
Ауру малдың денесінен қоздырушы танаудан аққан сора, жөтелген кездегі
шашыраған сұйықтық, ара-тұра несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шығады.
Аурудың берілуінің ең ықтимал мүмкіндігі - респираторлық жолмен жұғуы.
Жұқпалы плевропневмонияның микоплазмасы өкпенің беріштенген ошақтарында
жылдан аса уақыт сақталады. Ауруың асқынуы микробтың сыртқы ортаға
бөлінуіне себеп болады.
Сиырдың мәлікке бейімділігі әр өлкеде әртүрлі болуы заңды құбылыс. Ауру
ұзақ уақыт жайлаған аймақта жергілікті малдың оған төзімділігі жоғары
болады.
Ал сырттан әкелінген мал тез ауырады. Табындағы мал түгелдей ауырмайды,
олардың бір бөлігінде ауру жұкқан кезде тек қана ыстығы көтеріліп,
серологиялық оң реакция байқалады да, өкпесі зақымданбайды.
Жұқпалы плевропневмония індеті баяу өрбіп, бірнеше жылдарға созылады.
Малдан малға жұғуы тығыз, нашар желдетілетін қорада тезірек өтеді. Ауруға
шалдығу көрсеткіші 70%, ал өлім көрсеткіші 20%-ке жетеді.
Дерттенуі. Мәліктің қоздырушысы жануар денесіне тыныс жолдары арқылы
еніп, ұсақ бронхалардың бойында орын тебеді. Орналасқан жерінде қабыну
процесін тудырып, өкпедегі бөлікше аралық дәнекер- ұлпаны зақымдап, оны
домбықтырады.
Сол тамырлары бітеліп, нәтижесінде крупозды пневмония өрбіп, осы
ауруға тән өкпенің бауырлану процесінің әртүрлі стадиялары байқалады
[1,3,4].
Қабыну, қан және сөл тамырларының бітелуі нәтижесінде өкпенің
зақымданған бөлігінің анемиялық өліеттенуі байқалады. Бұл процесс
кеудеаралық және бронхалық сөл түйіндерін және өкпе пердесі - плевраны
қамтиды.
Одан кейін өліеттенген телімдердің айналасында дәнекер ұлпадан құралған
қабыршақ түзіледі де, секвестерлер пайда болады. Олардың ішінде ауру
қоздырушысы ұзақ уақыт сақталады да, қабыршақтың бүтіндігі бұзылса
айналадағы сау ұлпаға өтіп, өкпенің сау бөліктерін қабынуға ұшыратады. Баяу
типтес сезімталдық дерттің өрбуінде біршама маңызды роль атқарады.
Жұқпалы плевропневмониямен ауырған малдың айығуы ұзаққа созылып,
толықтай жазылып кетпейді. Сөл тамырларының қабынуы мен бітелуі экссудаттың
сіңірілуіне бөгет жасайды.
Қоздырушысының қанға түсуі бірқатар ішкі мүшелерді (бауыр, бүйрек,
жүрек) дегенеративтік өзгерістерге ұшыратады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға созылады.
Ауру аса жіті, жітіден төмен, созылмалы және кәдімгідей емес түрде өтеді.
Аса жіті өткен кезде өкпе мен оның пердесі күшті зақымданып
экссудативтік плеврит пен пневмонияның белгілері білінеді. Тыныс алу
қиындап, жөтел пайда болады.
Денесінің ыстығы 41°С-тан асады. Ауырған мал жемшөпке қарамайды,
күйістен қалады, іші өтеді, 2-8 күн ішінде өледі.
Жіті өткенде ауру бастапқыда жөтелмен қатар дененің қызуының аздап
жоғарылауы арқылы байқалады. Одан кейін дененің ыстығы 42°С-қа дейін
көтеріліп, әдетте төмендемейді, кейде айнымалы түрде байқалады.
Ауырған мал қозғалмауға тырысып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, мойнын
созып, арқасын бүгіп, аузын ашып тұрады.
Тынысы тарылып, қабырғаларының арасын, арқасын басқанда ауырсынады,
жүрек соғысы дүрсілдеп, тамыры баяу соғады. Сауын малдың сүті қайтады.
Жөтел басында құрғақ қысқа, қатты, кейіннен дыбысы бәсең, ылғалды болады.
Перкуссия жасағанда дыбыс төмендеп, аускультация кезінде тыныс естілмейді.
Плевра зақымданса үйкелген дыбыс шығады. Өкпеде каверналық қуыс болса
тамшының тамған дыбысы естіледі.
Өкпенің негізінен біреуі ғана, кейде екі өкпе де қабынады. Сора танаудың
екі тесігінен бірдей ағады.
Кеуденің төменгі тұсы мен сирақтары домбығады. Іштің қатуы мен өтуі алма
кезек байқалады. Ауырған мал 2-4 аптада өледі. Өлім көрсеткіші 70%-ке
жетеді. Кейде процесс жітіден төмен, не созылмалы түрге ауысады. Әдетте
ауырған мал толық сауықпайды.
Жітіден төмен өткен аурудың барлық клиникалық белгілері айқын байқалады.
Ауырған мал сирек жөтеледі, іші өтіп, ыстығы көтеріледі.
Созылмалы өткен кезде мал арықтайды, жөтеліп, оқтын-оқтын іші өтеді.
Перкуссия мен аускульация арқылы өкпеде секвестер қуыстарын байқауға
болады. Жөтелген кезде ірінді іріміктер шашырайды.
Кейде төсінде, кеудесінде, сирақтарында домбығу байқалады. Ауру бірнеше
айға созылады, көбінесе ауырған мал өліп қалады, не пышаққа ілінеді.
Аурудың кәдімгідей емес түрінде малдың аз уақыт ыстығы көтеріліп,
селқостанып, жемшөп жеуі нашарлайды. Оқтын-оқтын жөтеліп қояды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлекседегі негізгі өзгерістер
көкірек қуысында байқалады.
Әдетте олар бұл ауруға тән құбылыстар ретінде патологиялық-анатомиялық
диагноз қою үшін толық негіз бола алады.
Көбінесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процес соның артқы немесе
ортаңғы бөлігінде шоғырланады. Зақымданған телім бұдырайып тұрады, басып
көргенде тығыз болады.
Тіліп қарағанда әр жері бауырланудың әр түрлі сатысында болады да,
өкпенің ішінен дәнекер ұлпадан тұратын талшықтар өтеді. Бұл жолақтанған
талшықтар қызыл-сары түсті болып, ортасында кеңіген сөл тамырлары көзге
түседі. Осының бәрі өкпе ұлпасын тілгенде мрамор суретті көрініс береді.
Аурудың соңғы кезеңінде өкпенін өліеттенуінен пайда болған секвестрлер
кезігеді. Олардың сыртын дәнекер ұлпалардан тұратын қабыршақ қаптайды.
Плевраның зақымдануы жиі ұшырайды. Әдетте өкпе пердесі қалыңдап, оған
фибринді жалқақ жабысып, аурудың кейінгі сатысында плевра қабықтары дәнекер
ұлпалар арқылы бір-біріне жабысып қалады.
Көкірек қуысында фибрин іріміктері аралас экссудат болады. Көкірек
қуысының сөл түйіндері ұлғайып, тіліп қарағанда түрі майлы ұлпаға ұқсайды,
өліеттенген ұсақ телімдер кездеседі.
Басқа ағзаларда әдетте өзгеріс болмайды. Кейбір жағдайда суланған немесе
фибринді перикардит, ал бұзаулардың буыны суланған фибринді қабынуға
ұшырайды, тері асты шелінде іркілдеген жалқақтар ұшырасады.
Балау. Жұғымтал плевропневмонияға диагноз қою үшін індеттанулық
деректерді (сиыр ғана ауырады, індет баяу өрбиді), клиникалық белгілерін
(пневмония, плеврит), патологиялық-анатомиялық өзгерістерді (өкпедегі,
плеврадағы өзгеше зақымдар, секвестерлер) және зертханалық зерттеулердің
нәтижесін (бұзауға қойылатын биосынама, бактериологиялық және серологиялық
тексерулер) негізге алады.
Тірі кезінде балау қиыншылық тудыратындықтан бірнеше ауруға күдікті
малды сояды. Бұл мақсатта биосынама жақсы нәтиже береді. Ол үшін аурудан
сау шаруашылықтан әкелінген бұзаулардың тері астына өлген малдың өкпе сөлін
немесе көкірек қуысындағы экссудатты жібереді.
Бактериологиялық зерттеуге плевраның экссудатын немесе өкпенің
зақымданған телімінің сөлін пайдалануға болады. Аурудың жіті өткен
кезеңінде қоздырушыны қаннан да бөліп алуға болады.
Ауруы жасырын түрде өтетін жануарларды айқындау үшін серологиялық
реакциялар: КБР, конглютинация реакциясы, боялған антигенмен
пластинкадағы АР, ДПР, ҚГАР, ИФР. Ескеретін жәйт, мәлікке қарсы егілген мал
8 айға дейін КБР-да оң нәтиже береді.
Ажыратып балау. Мәлікті пастереллезден, туберкулезден, парагриптен,
эхинококкоздан, жұқпайтын крупозды пневмониядан, жарақатты перикардиттен
ажырату керек.
Пастереллез көкіректегі түрімен қатар ішектегі түрінде өтеді.
Пастереллез кезінде өкпенің қабынуы қауырт, жіті өтеді. Түпкілікті балау
бактериологиялық зерттеу арқылы айқындалады.
Туберкулез баяу өрбиді. Өкпеден басқа сирек болса да желін, жыныс
мүшелері зақымданады. Ажырату үшін туберкулин сынамасы мен бактериологиялық
тексеру жүргізіледі.
Парагрипп негізінен жас төлде кездеседі, жіті өтіп, жасырын кезеңі өте
қысқа (1-2тәулік) болады. Айқындау үшін серологиялық және вирусологиялық
зерттеу әдістері қолданылады.
Эхинококкоз өкпені зақымдағанымен плевра таза болады. Эхинококкозға
арналған аллергиялық сынама оң нәтиже береді.
Жарақатты перикардит жекелеген жануарларда ғана байқалады. Төсін, жүрек
тұсын басқанда ауырсынады. Сойғанда бөгде зат шығады, дүңгіршек қарын мен
диафрагма бір-біріне жабысып қалады.
Жұқпайтын крупозды пневмония әдетте жіті өтіп, малды жаппай
қамтымайды, өкпеде секвестерлер болмайды [2,3,4,5].
Емі. Ауру малды жедел бөліп алып сояды. Аурудың тез тарау қаупі
болғандықтан емдеуге тиым салынады.
Иммунитет. Мәлікпен ауырып жазылған және егілген малда иммунитет
қалыптасады. Ерте заманнан бері бұл ауруға қарсы жасанды иммунитет
қалыптастыру үшін әртүрлі әрекеттер жасалып келеді.
Мысалы, африкалықтар пышақтың жүзін аурудан өлген малдың өкпесіне
батырғаннан кейін сау малдың мандай терісін тілу арқылы егу әдісін
пайдаланған.
Кейіннен Белгиялық дәрігер Виллемс (1852) бұл әдіске ғылыми негіздеме
жасады, ал Л.Пастер осы әдіспен егу үшін қолдан жұқтырылған бұзаудың тері
асты шелінде іркілген сөлді пайдалануды ұсынды.
Кейіннен егу үшін қоздырушының қоректік ортада алынған таза өсінін
қолдана бастады. Өлтірілген өсіннің иммундық қасиеті төмен, ал тірі өсін
асқынған жағдайларға әкеп соғатын болғандықтан, тірі өсінді арнайы әдіспен
дененің белгілі бір жерлеріне ғана (құйрықтың ішкі жағындағы тері астына)
егетін әдіс ұсынылды. Осылай еккенде асқыну байқалмай, ұзақ уақытқа (1-2
жыл) иммунитет қалыптасады.
Қазіргі уақытта шет елдерде тауық эмбрионында өсірілген авинделген
вакцина қолданылады. Сонымен қатар аттенуацияланған немесе табиғи әлсіреген
штамдардан даярланған вакциналар пайдаланылады. Оба мен мәлікке қарсы
ассоциацияланған вакцинаны қолдану тәжірибесі де оң нәтиже береді.
Дауалау және күресу шаралары.
Біздің елде жұғымтал плевропневмония жойылғандықтан негізгі назар
көрші елдерден бұл аурудың әкелінуіне жол бермеуге аударылады. Күрестің
нәтижесі уақтылы дәл диагноз қоя білуге байланысты. Ауру шыға калғанда
карантин қойылып, барлық ауырған, күдікті, сонымен қатар КБР беретін малдар
сойылады.
Етін пайдаланып, зақымданған ұшаның телімдері мен ішкі ағзалар
жойылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz