Листериозды балау, дауалау шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

"Індеттану және инфекциялық аурулар" пәнінен "Листериозды балау, дауалау шаралары" тақырыбына жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кесте қамтылды.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » факультеті

«»кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2014ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2014ж.

Қысқартулар мен белгілер

% - пайыз

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

м-метр

л - литр

Q - жылу

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартулар мен белгілер

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9 1. 1 Листериоз ауруы . . . 9

1. 1. 1 Листериоз ауруының қоздырушысының төзімділігі . . . 9

1. 1. 2 Листериоз ауруының патогенезі . . . 10

1. 1. 3 Листериоз ауруының өтуі және симптомдары . . . 10

1. 1. 4 Листериоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері . . . 11

1. 1. 5 Листериоз ауруын балау . . . 11

1. 1. 6 Листериоз ауруының иммунитеті . . . 12

1. 1. 7 Листериоз ауруының емі . . . 13

1. 1. 8 Листериоз ауруын дауалау және күресу шаралары . . . 13

1. 2 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы . . . 14

1. 3 Індет ошағын жою шаралары . . . 15

2Өзіндік зерттеу . . . 19

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.

Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.

Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого-анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциалды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.

Жұқпалы аурулардың өзінің табиғатына қарай жұқпалы емес аурудан кәдімгідей айырмашылығы бар, сондықтан жануарлар патологиясында ерекше орын алады.

Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.

Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау - мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.

Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті - малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық - санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.

Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.

Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.

Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.

Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде, оның тиімділігін арттыруға болады.

Соған байланысты малды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады. Кей аурулардан, әсіресе, зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді.

Листериоз - орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлі тиіп өтетін жұқпалы ауру.

Бірінші рет ауру үй қоянында Lucet /1892/ сипатталады, ал D. A. Gill /1931/ қойда анықтағаннан кейін құстың, сиырдың және басқа да жануарлардың ауыратындығы белгілі болды.

Курстық жұмыстың мақсаты - листериоз ауруын балау және дауалау шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Листериоз ауруы

Листериоз - /Listeriosis/- орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлі тиіп өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Бірінші рет ауру үй қоянында Lucet/1892/ сипатталады, ал D. A. Gill /1931/ қойда анықтағаннан кейін құстың, сиырдың және басқа да жануарлардың ауыратындығы белгілі болды.

Қоздырушысы- Listeria monocytogenes грамоң, таяқша тәріздес бактерия, мөлшері-0, 5-2, 0, 3-0, 5 мкм, ұштары дөңестеніп бітеді, спора мен қауашақ түзбейді, жіпшелері бар, қозғала алады, жартылай ауасы бағалы, кәдімгі қоректік орталарда /рН 7, 2-7, 4/ өседі.

ЕПА-да мөлдіреген шық тәрізді шоғыр түзеді. ЕПС бірінші тәулікте лайланады да, кейіннен өсін пробирканың түбіне шөгіп, қоректік орта мөлдірленеді. Шөгінді шайқаған кезде перде тәрізді көтеріледі. Өсу үшін ең қолайлы температура 30-37С, бірақ бөлме температурасында да, тіпті төменгі температурада да 4С өсе береді.

Листерияның денесінде О-, қылшаларында Н-антигендері болады.

Біріншісі жоғары температураға төзімді, 15 түрі белгілі/ІХҮ/.

Екіншісі қыздыруға, формалинге төзімсіз. Егер микроб бөлме температурасында өсірілсе, қылшалары мол болып, перитрих ретінде орналасады. 37С-де өскенде қылшалары аз болып, бір шетінде ғана болады немесе мүлдем болмайды. Н-антигеннің 5 түрі бар: А, В, С, Д, Е. Антигендік құрамы бойынша, бұл микроб 5 вариантқа бөлінеді.

Бұлардың екеуінің індеттік маңызы зор: кемірушілердің және күйіс қайырушылардың листериялары.

Біріншісі алғаш рет кемірушілерден, екіншісі-сиырдан бөлініп алынған. Екеуі де мен құстардакездеседі [1, 3] .

1. 1. 1 Листериоз ауруы қоздырушысының төзімділігі

Листериялар сыртқы ортада ұзақ бойы сақталады және төменгі температурада әртүрлі субстрат пен сүрлемде өсіп-өне алады. Кебек пен сұлыда 105, ал шөп пен ет-сүйек ұнына 134 күнге дейін тіршілігін жоймайды, тұздалған етте төменгі температурада ұзақ уақыт бойы өлмейді. Мал қосаларында 24-48 күн, көңмен ластанған даладағы топырақта 8 күннен /жазда/ 115 күнге /қыста / дейін, жерге көмілген өлекседе 1, 5-4 айға дейін сақталады. Дезинфектанттар ретінде қолданылатын 5% лизол немесе креолин ерітіндісі 10 мин. 2% формальдегид немесе күйдіргіш натрий 20 мин., ал 75-90С-та 1 минутта өледі [1, 2, 3] .

1. 1. 2 Листериоз ауруының патогенезі

Листериялар денеге енген соң қан мен сөлге өтіп, бүкіл организмді жайлап, көбейеді де ми мен жұлынға енеді. Микроб эндо-және экзотоксиндер бөлуі арқылы әртүрлі ұлпаларды, қанның қыл тамырларын зақымдайды, қанның белоктың құрамы өзгертіп, моноциттер саны көбейеді.

Инфекциялық процестің одан әрі өршуі қоздырушының уыттылығы мен мал организмнің физиологиялық ахуалына байланысты болады. Егер микробтың уыттылығы төмен, ал мал ұзақ бойы жасырын листериялар алып жүруші болып қалады.

Ал микробтың уыттылығы күшті болса жас жануарларға орталық жүйке жүйесі зақымдалып, энцефалит, энцефаломиелиттің клиникалық белгілері байқалады, ал буаз малдар жыныс мүшелерінің зақымдауынан іш тастайды [1, 3, 4] .

1. 1. 3 Листериоз ауруының өтуі және симптомдары

Жасырын кезеңі 7-30 күнге созылады. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы түрде өтеді де, клиникалық белгілері бойынша өлітиген, жүйке жүйесін зақымдайтын, генитальдық және кәдімгідей емес түрлерге бөлінеді.

Листериоздың өлі тиген түрі жас малда, әдетте 1-3 айлық төлде, кездеседі. Оның басты белгілері: дененің ыстығының көтерілуі, күйзеліске ұшырап, жем-шөптен қалуы, іш өтуі(қатарлы энтерит) көбінесе бұзау мен қозыда байқалады, шошқа енесінен бөлінген 2-4 айлық торайларда кездеседі. Осы жастағы және енесін еміп жүрген торайлардың жүйке жүйесі зақымданады.

Өлген жануардың аузынан ақ көбік ағып, тынысы жиілейді, басын кегжитіп шайқай береді. Ауру 7-14 күнге дейін созылып, көбінесе өліммен аяқталады. Жазылған төл жетілмей қалады.

Листериоздың жүйке жүйесін зақымдайтын түрі өте жиі кездеседі. Қой мен ірі қараның негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауырған мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орындай ала береді. Тепе-теңдігін сақтай алмай, тұла бойы тырысып, бұлшық еттері сіресіп, мойыны қисаяды.

Сонымен бірге, көздің, ауыздың кілегейлі қабықтары қабынады. Аурудың соңғы сатысында тұла бойы мен аяқ бұлшық еттері салданған жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. Мөлшері 10 тәулікке дейін созылған ауру өліммен аяқталады.

Генитальдік түрі буаз малда кездеседі. Негізгі клиникалық белгісі- буаздық екіншісі жартысында байқалатын іш тастау. Әдетте түсіктен кейін ұзақ уақыт шуы түспейді.

Жыныс жолдары, әдетте жатыры қабынып, негізінен іріңді эндреметрит, ал кейде желінсау байқалады.

Кәдімгі емес түрінің негізгі белгілері: дененің ыстығының көтерілуі, өкпенің қабынуы және қатарлы гастроэнтретит. Сиыр листериоз әдеттегіден өзгеше өткенде көбінесе зілді қатарлы қызбаға ұқсас өтеді.

Құстарда листериоз кезінде негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауруға жас шібилер мен балапандар шалдығады. Олардың жемге зауқы төмендеп, жалпы күйі нашарлайды.

Бұлшық еттерінің салдануынан көп қозғалмайды, әсіресе көзге ұшырайтын белгісі мойынының былқ-сылқ етіп, бос қалуы. Көздері қызарып, көзден, тұмсығынан шұбатылып сора ағады. Аурудан құстардың көпшілігі 1 апта ішінде өледі [1, 3, 4, 5, 6] .

1. 1. 4 Листериоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері

Листериозға тән ерекше патанатомиялықө өзгерістер кездеспейді. Әйтседе листериоздан өлген малдың өлексесінде мынадай өзгерістер жиі ұшырайды: жүйке жүйесі зақымданғанда ми мен мидың қабаттарының тамырлары қанға толып, мидың ұлпасы қанталайды, кейбір ішкі ағзалар қанталайды.

Өкпенің қан тамырлары қанға толы болады, немесе өкпе ұлпасы қабынады. Бауыр мен көк бауырда, сирегірік бүйрек пен жүрек етінде, өліеттенген нүктелер кездеседі.

Жыныс мүшелері зақымданса, аналық малдарда эндометрит немесе метрит байқалады [2, 3, 5, 6] .

1. 1. 5 Листериоз ауруын балау

Листериозды анықтау үшін індеттанулық деректер, аурудың клиникалық белгілері, өлекседегі патанатомиялық өзгерістер және зертханалық зерттеулердің қорытындылары пайдаланылады.

Бұл ауруға тән індеттанулық деректер: барлық үй жануарлары, көптеген жабайы жануарлар ауырады, көбінде спорадия түрінде, кейде індет ретінде өтеді, белгілі бір аймақта орын тебуі кемірушілерге байланыстылығы байқалады, қойда қыс пен көктемге келетін маусымдылығы, жас төл мен буаз жануарлардың бейімділігін жоғары болуы [1, 2, 3, 6, 7, 8] .

Клиникалық белгілерден ескерілетіндері: жүйкені зақымдайтын және мастит.

Түбегейлі диагноз бактериологиялық зерттеудегі нәтижесінде қойылады. Зертханаға жаңа ғана өлген малдың өлексесін, не болмаса басын(миын), үлпершек ағзаларын, іш тастағанда- тастанды төлді, шарана қабын, жыныс мүшелерінен аққан сораны жібереді.

Материалды глицериннің 30% судағы ерітіндісімен консервілейді, не болмаса суыққа қатырып тастайды.

Патматериалмен қатар бактериологиялық зерттеу үшін күдікті сүрлемді де жібереді.

Бактериологиялық зерттеу материалға сүйкелген шыныдағы жағындыны микроскоптау, қоздырушының өсінін алып, ұқсас микробтардан ажырату арқылы іске асырылады. Биосынама үшін ақ тышқан, теңіз тышқаны, үй қоянды қолданылады. Кортизон жіберу (жұқтырардан 4 сағ. бұрын бұлшық етіне 5 мг) ақ тышқанның листериоз қоздырушысына сезімталдығын арттырады. Үй қоянына көк тамыр арқылы жұқтырғанда қанында моноциттердің саны көбейеді.

Листериоздан өлген зертханалық жануарлардың бауырында, көк бауырында, бүйректері мен жүрек етіне көптеген өліеттенген телімдер болады. Листериялардың өсінін теңіз тышқаны мен үй қоянның көзіне тамызса, кератоконьюнктивит пайда болады (коньюнктива сынамасы) .

Диагнозды тездету үшін люминесценциялық антиденелер әдісін береді.

Листериозға тірі малды серологиялық әдіспен (АР, КБР) тексереді. Сонымен бірге серологиялық тексеру жасырын микроб алып жүрушілерді де анықтайды. Кешенді әдіспен листериозға диагноз қойылған шаруашылықта малды жаппай серологиялық тексеру індеттік жағдайды толық айқындауға мүмкіндік береді.

Ажыратып балау. Листериозды бірқатар аурудан ажырату қажет. Зілді қатарлы қызба кезінде жоғары температура, кератит, ринит, стоматит байқалады.

Бруцеллез, трихомоноз, кампилобактериоз кезінде негізінен іштастау, шу түспеу, орхит, эпидидимит байқалады, ал листериоздың белгілері одан гөрі молырақ, олардан ішінде ең бір көзге түсетіні - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы.

Ауески ауруы аса жұғымтал келеді де, тез тарайды, ересек шошқаның ыстығы көтеріліп, тыныс мүшелері зақымданады. Колибактериозбен (домбығу ауруы) тек қана енесінің бөлінген торайлар ауырады да, бас жағы домбығады. Ценуроз кезінде мида ценурус болады да, ауру ұзаққа созылады.

Құтырықтың өзіне тән клиникалық белгілері болады, құтырған жануар өшпенділік көрсетеді, миында Бабеш-Негри денешіктері табылады.

Листериозға диагноз қойғанда аралас инфекцияның да болатындығын ескеру қажет [1, 4, 5, 6, 7] .

1. 1. 6 Листериоз ауруының иммунитеті

Листериозбен ауырып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасып, қан сарысуында антиденелер пайда болады. Бірақ листериозға қарсы гипериммунді қан сарысуының, одан алынған глобулиндердің, ауырып жазылған малдардың қан сарысуының емдік, дауалық қасиеті жоқ, сондықтан бұл ауруға қарсы иммунитет клеткалардың әрекетіне негізделген деп есептелінеді.

1975 жылдан бастап Қазан ветеринария институтында алынған АУФ (ультракүлгін сәуле әсер еткен А варианты) штамынан даярланатын вакцина қолданылады.

Сиыр, қой, шошқа бұл вакцинамен жылына бір рет тері астына егіледі. Иммунитет 10-14 күн өткенде қалыптасып 1 жылға дейін сақталады. Күзен мен үй қояндарында вакцинадан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы 6 ай [1, 2, 3, 6, 8, 9] .

1. 1. 7 Листериоз ауруының емі

Листериоздың өзіне тән емдік биопрепараттар жоқ. Емдеу үшін антибиотиктер (биомицин, террамицин, тетрациклин) қолданылады. Ем неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нәтижелі болады. Тіпті ауру жұғу қауіпті туған кезде алдын ала жүргізілсе листериоздың алдын алуға болады.

Дауалық мақсатпен малдың 1 кг, салмағына биомицинді 20мг, террамицинді 25мг. 5-7 күн бойы күніне 1-2 реттен беріп, қажет болғанда 5-6 күннен кейін қайталайды.

Ауырған жануарды емдеу үшін 1 кг салмағына биомицинді 25 мг террамицинді 30 кг күніне 2-3 реттен жазылып кеткенге дейін береді. Басқа да антибиотиктерді (ампициллин, экономоновациллин, бициллин), сульфаниламидтерді қолдануға болады.

Аурудың клиникалық білінуіне байланысты симптомикалық ем( жүректің, асқорыту мүшелерінің, жүйке жүйесінің қызметін дұрыстайтын су-минерал алмасуын жақсартатын) қолданудың маңызы аса зор [2, 3, 5, 6] .

1. 1. 8 Листериоз ауруын дауалау және күресу шаралары

Листериозды болдырмау үшін, шеттен әкелінген малды бұл аурудан сау шаруашылықтардан ғана алу керек. Жем-шөптің, әсіресе сүрлемнің сапасы үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес жүргізіледі.

Листериоз байқалған шаруашылықты сау деп жариялап, оған шектеу қойылады. Шектеудің шарттары бойынша малды әкелуге рұқсат етіледі. Лажсыз сойылған малдың қасап өнімдерін шикідей шетке шығаруға болмайды.

Листериоз шыққан фермада малдар жаппай қарап, ішінара ыстығын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері бар ауырған малдарды бірден союға жібереді.

Ауруға күдікті және ауру малдарды оқшаулап, емдейді. Листерия алып жүруші және ауруы жасырын жануарларды анықтау үшін жаппай қан алып, АР мен КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген малдарды да бөліп алып емдейді.

Барлық қалған шартты түрде сау жануарларды АУФ штаммнан жасалған вакцина егілмесе бірден, жемге антибиотиктер қосып береді. Ауру мал тұрған қораны 2 % күйдіргіш натрий ерітіндісі, 5% ксилонафт эмульсиясы, 6% креолинмен, 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк тұнбасымен дезинфекциялайды және дератизация шараларын іске асырады.

Сауықтырылған шаруашылықтан соңғы ауырған мал жазылған соң 2 ай өткенде қорытынды дезинфекция мен дератизация жүргізіп барып, шектеу алынады [1, 3, 9, 10, 11] .

1. 2 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы

Инфекция процесі организмге түскен микробтың мөлшері мен уыттылығына ғана емес, генетикалық бейім жануардың әркайсысының төзімділігіне де байланысты. Белгілі бір ауруға бейімділік деп әрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасканда оны жұқтырып, содан туындайтын ауруға қабілеттілігін айтады. Бұл жерде организмнің физиологиялық жағдайының, мал азығының құнарлылығының, малды бағып-кағу т. б. факторлардың маңызын таңдамай-ақ, ауруға бейімділіктің арнайы тетіктерін карастырып көрейік [6, 7, 10, 11] .

Ауруға бейімділіктің түпкі негізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтың белгілі бір үлпада мекендеп, өсіп-өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану микробтың экзотоксинының /мысалы, ботулизм токсинының/ сезімтал торшаларды табуы үшін маңызы аса зор. Макро және микроорганизмдер торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық қүрылымдары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары кажет. Бұларды тану бірлігі /сайт узнавания/ деп атайды. Олар лиганда - рецептор жүйесін құрайды /рецептор - қабылдаушы, ал лиганда - жалғаушы деген мағынада/.

Бейімділікке қарама-қарсы жағдай, организмнің инфекция қоздырушысының зардапты әсеріне төтеп беретін мүмкіндігі төзімділік немесе табиғи резистенттілік деп аталады. Резистенттілік көптеген факторлардың нәтижесі болып табьшады. Олардың ішінде организмнің өзіне де катысты /морфологиялық ерекшеліктері, физиологиялық жағдайлар, конституциялық өзгешеліктері, жынысы, жасы, иммунитет жүйесінің қызметі/ және сыртқы жағдайларға да /азықтандыру, суару, күту, стрессорлардың әсері/ байланысты болады. Төзімділік зиянды жағдайға тікелей қарсы тұру ғана емес, оған бейімделу арқылы да төтеп бере білу. Зиянды жағдайға организмнің икемделу қасиетін - реактивтілік деп атайды. Реактивтіліктің ен көрнекті бір құбылысы - иммунологиялық реактивтілік, яғни организмнің бөгде антигендерге, оның ішінде зардапты микробқа қарсы иммунологиялық жауап реакциясы.

Резистенттілік пен реактивтіліктің организмнің қорғаныс куаттылығы үшін маңызын мынандай мысал арқылы түсіндіруге болады. И. Крыловтың белгілі "Емен мен тал" деген мысалындағы дауылға қасарысып түбірімен қопарылған еменді резистенттіліктің көрінісі десек, дауылдың күшімен иіліп аман қалған тал реактивтіліктің сипаты болып табылады [1, 5, 6, 10] .

Жұқпалы аурудың ең бірінші шарты - зардапты ауру қоздырушы микробтың мал организміне енуі. Бірак организмнің төзімділігі жеткілікті дәрежеде болғанда аурудың байқалмауы да мүмкін. Уытты қоздырушы мен бейім жануардың кездесуі жедел өтетін санаулы аурулар кезінде ғана дерттің дереу басталуына әкеп соғады. Ондай ауруларға аусыл, оба /шошқаның, сиырдың/, шешек, т. б. жатады. Бұндай аурулардың қоздырушылары Генле - Кох

үштағаны деп аталған үш түрлі шарттарға толық сай келеді. Ол шарттар:

  1. Ауру қоздырушы микроб осы ауру кезінде табылады;
  2. Ауру қоздырушы басқа аурулар кезінде кездеспейді;
  3. Ауру қоздырушысының таза өсінімен жұқтырғанда сол ауруды тудыруға болады.

Кезінде ғылымдағы материалистік көзкарастың калыптасуына игі әсерін тигізген бұлшарттар көптеген жұқпалы аурулар кезінде орындала бермейді. Микро-және макроорганизмдердін кездесуінен барлық жағдайда бірдей жұқпалы ауру туыңдамайды. Ол үшін басқа да бірталай себептер болады. Мысалы, ортаның организмге қолайсыз әсері немесе биологиялық бірнеше факторлардын қабаттасуы. Бұдан барып жұқпалы аурулардың этиологиясы, басты себептері деген ұғымдар туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Листериоз ауруы туралы түсінік
Листериоз ауруы
Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу
Инфекция көзі
Малдардағы туберкулез ауруы
Құтырық ауруы
Қой листериозын балау және күресу шаралары
Листериоз ауруының сипаттамасы
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz