Менің Қазақстаным!



Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.

Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі.

Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түседі.

Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.

Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.

Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші хақы – тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.

«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген ізгі де асқақ афоризімді өмірлік кредосына айналдырған, «Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шалқай – ол құдайдың ұлы емес» дейтін

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Менің Қазақстаным!

Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін
емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда
әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.

Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған
топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан
өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды
азаматтық рух сезіледі.

Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса
әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның
өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи
біртұтастығын еске түседі.

Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді,
алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай
еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек
сезінесің.

Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен
салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың
тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы
шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді
қимылы көз алдыңа келеді.

Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек
сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын,
қонағын құдайындай сыйлайтын, көрші хақы – тәңірі хақы деп есептейтін,
аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.

Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы деген ізгі де
асқақ афоризімді өмірлік кредосына айналдырған, Еңкейгенге еңкей – ол
атаңның құлы емес, шалқайғанға шалқай – ол құдайдың ұлы емес дейтін
тәкаппар да текті елдің серті бар онда.

Менің Қазақстаным! Бұл – азаматтық позиция, елжандылық филасофиясы.
Оны Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз
еліміздің 1992 жылы қабылданған тұңғыш әнұранның авторы Қадыр Мырза Әлінің
Ел және мен деген өлеңімен өрнектесе де болар еді.
Менің Қазақстаным! Бұл – отандастық формуласы. Кең байтақ елімде қатар
ғұмыр кеіп жатқан жүздеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығының
қайнар көзі Қазақстанды ортақ шаңырақ, ортақ ұямыз деп сезінуде жатқаны
белгілі. Оны өмірдің өзі дәлелдеп келеді.

Тек ел деп соққан жүректер ғана елдіктің туын бірлесе көтеріп, ортақ
мақсатқа бауырласа жұмылатын қазақстандықтар жақсы біледі. Бірлік бар
жерде - тірлік бар леген өміршең мақал халқымыздың тағдыр мұхитына
түскен талай кемесінің желкенін жықпауға себепкер болып келе жатқан
арғықазақ конститутсиясының ең жарқын тағылымы болуы да кездейсоқ емес.
Осы ұғымның Қазақстан Республикасының жаңа әнұранның өзегіне,
мағыналық лейтмотивіне айналуы тосын құбылыс емес, тәуелсіздік идеясының
логикалық арнасында жатқан саяси әлеуметтік әрекет. Еркіндікке қолы жеткен
егемен елдің қоғамдық санасындағы сілкініс тәуелсіздік рәмізі табиғатын
айқындауға себепкер болуы – заңды саяси - әлеуметтік құбылыс. Ұлттық рәміз
ұлт жанының жалауына айналуының басқа жолы да жоқ.

Әдетте әнұранды тек салтанатты әуен, мадақ жыр деп қана қабылдаушылар
аз кездеспейді. Бұл – қате пікір.
Әдетте әнұранды тек көпшілік болып, қосылып айтар жеңіл көңілді әуен,
тез жатталар тәтті жыр деп қана қабылдайтындар да баршылық. Бұл да – қате
пікір.

Әнұран - жүрегінің соғысы, ел тілегінің тоғысы. Оны ел рухы ел
төріне көтерген жалпының жан жалауы десе де болады.

Әдетте әнұранды әнұран ететін – халықтың өз тағдырына деген
жауапкершілігі. Дәлірек айтқанда, әуен мен мәтін болмысында ерекше
музыкалық поэтикалық эмблема тілінде елдің ең асыл арманы, ең биік мұраты,
ең ауыр көз жасы мен ең батыл сенімі көрініс табуы.

2006 жылдың 6 қаңтарда ел Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен
отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының жобасы
қаралды. Онда Үкіметтің ұсынысы бойынша Мемлекеттік әнұранның әуені мен
мәтінің жаңарту көзделді.

Екі жарым сағатқа созылған екі оқылым талқылауы түскі 13 сағат 35
минутта аяқталды. Дауыс беруге қатысқан 69 Мәжіліс депутаты мен 38
сенатордың бәрі жобаны жақтап дауыс берді. Елбасы Заңға келесі күні қол
қойды. Жаңа әнұран баспасөзде жарияланған күнінен – 10 қаңтардан бастап
күшіне енеді.

Жаңа рәмізі кезекті сайлаудағы жеңісінен кейін Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған
салтанатты ресми рәсім кезінде – 11 қаңтарда, Астанадағы Ақорда алғаш рет
орындалды. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әнұранының тұсаукесеріне әлемнің 70
елінен келген мәртебелі қонақтар куә болды. Олардың арасында президенттер
мен премьерлер, министрлер мен дипломаттар, халқаралық ұйымдардың басшылары
мен өкілдері болды.

Жаңа әнұран елге бұрыннан таныс Менің Қазақстаным әнінің негізінде
дүниеге келді. қазақ вальсінің корлі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқов пен
ақын Жұмекен Нәжімеденов шығармасының мәтініне енгізілген өзгерістер
талайлы туындының ресми гимн болып бекуіне жол ашты.

Осы орайда Мемлекеттік әнұранның музыкалық және поэтикалық
редакцияларының эталондық нұсқалары туралы ой өрбіте кеткен жөн.
Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаңбаның эталондық нұсқалары тәрізді
оларда ресми бекіліп, заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасы
Президентінің резиденциясына сақталады. Эталондық нұсқаларға сәйкестікті
қатаң сақтау - әнұран орындалған немесе жарияланған кезде талап етілетін ең
негізгі шарт.

Сондықтан да қай аударма болса да (мейлі жолма-жол тәржіма, мейлі
әдеби тәржіма болсын) ресми гимн мәтінінің бір нұсқасы (орнын басар
нұсқасы) бола алмайды. Олар тек түсіндірмелік сипатқа ғана ие. Әнұран
мәтінін жариялаған кезде түрлі плакат ретінде ресми пайдаланған жағдайларда
(мектептерде, мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда) тәржіма мәтіндерін
эталондық нұсқамен қатар қоюға, ілуге жол берілмеуге тиіс. Бұл - әлемдік
геральдика тәжірибесінің талабы.
Парламентке ұсынылған құжаттарда Ж.Нәжімеденов өлеңіне енгізілген
өзгерістердің авторы көрсетілмеген еді. Бұл туралы талқылау басталар
алдында қойылған сауалға Мәжіліс төрағасы О.Мұхаммеджанов жауап береді. Ол
депутаттарды Елбасының Парламентке жолдаған хатымен таныстырды.

Онда: Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған қазіргі қолданыстағы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны осы жылдар ішінде барлық
қазақстандықтардың жүрегінде жатталып қалды деу қиын. Еліміздің қай
түкпіріне барсам да, кәрі де, жас та әнұрандық мәртебесі болмаса да, аса
көрнекті композиторымыз Шәмші Қалдаяқов пен талантты ақынымыз Жұмекен
Нәжімеденовтың сөзіне жазылған Менің Қазақстанымды әнұран есебінде
шырқағанының талай рет куәсі болдым. Бұл – мен ғана емес,
қазақстандықтардың сан буыны әлдеқашан білетін шындық. Осы уақытқа дейін
бейресми әнұран қызметін атқарып келген бұл әнге ресми мәтребе беретін күн
жетті деп есептеймін. Осы орайда ән мәтініне қатысты да өз пікірімді ортаға
салмақпын. Бұл әннің мәтіні Қазақстан тыңын игерушілер құрметіне жазылғаны
ешкімге құпия емес. Сол себепті мәтінді әнұран ретінде қабылдау үшін оған
бірқатар өзгерістер енгізу керек деп есептеймін. Біріншіден, әнұранда
ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс.
Екіншіден, мәтінді сол ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз – жеріміздің кең
байтақтығы орын алуы керек. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің
ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатынын да айқын көрініс тапқаны
жөн. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын тіңге – ел бірлігі баса
көрсетілуі керек. Осы талаптарға жауап беретін өзгерістер түскенде ғана
Менің Қазақстанымның музыкалық редакциясын сақтай отырып, әнұран ретінде
Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынуға әбден болады деп есептеймін.
Елбасы есебінде ғана емес, Қазақстанның азаматы ретінде де мен осы әннің
сөзіне жоғарыдағы талаптарға жауап беретін тиісті өзгерістер түсіп,
мәтіннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әнұран – елдік пен егемендіктің белгісі
Мемлекеттік рәміздер. Қасиетті көк байрақ
Экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеудегі кәсіби біліктілік пен шығармашылық шеберлік
Менің Қазақстаным — менің болашағым
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Жоба авторы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
Қазақстан халқы егемен құқы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер кітабынан
Пәндер