Терісі бағалы аң бауырының майлы дистрофиясы»


Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2014ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2014 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2014ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Қысқартылған сөздер мен белгілер
нм-нанометр
км-километр
мкм-микрометр
мкл-микролитр
кг-килограмм
г-грамм
мг-миллиграмм
л-литр
мл-миллилитр
ºС-градус
٪ -пайыз
рН-орта қышқылдығы
Аннотация
«Аңның ішкі жұқпалы емес аурулары» пәнінен жазылған «Терісі бағалы аң бауырының майлы дистрофиясы» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 42 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды бөлімі және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.
Анықтамалар
Бронхит - бронхтың кілегейлі қабығының қабынуы.
Диагноз - ауру аңның жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус - ауру аңның сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын,
темпераментін анықтау.
Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан
және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.
Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни
қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.
Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы
мысалы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.
Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра
құрылымдарының ыдырауы.
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе . . . …… . . . ………. 8
1 Негізгі бөлім . . . 9
1. 1. Паренхималық майлы дистрофиялар (липидоздар) . . . 9
2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы . . . 13
2. 1Proanamnеsis . . . 13
- Anamnesis vitae . . . 13
- Anamnesis morbi . . . 14
- Status praesens universalis: . . . 14
2. 5 Status prаesens localis . . . 17
2. 6Diagnosis . . . 19
- . . . 19
2. 8Epicrisis . . . 37
3 Техника қауіпсіздігі . . . 39
Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мал мамандығын дайындауда « аңның жұқпалы емес ішкі аурулары » бөлімі маңызды роль атқарады.
Бұл жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық - экономиялық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.
Ветеринария ғылымдарының « Аңның ішкі аурулар » бөлімі ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем - әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән. Пәннің негізін жалпы биология, биологиялық химия, физиология, клиникалық диагностика және эканомика пәндері құрайды.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындар мен мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалануды тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып - жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсыеылады.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш - қабілет мүмкіндігін анықкамшатды. Ауруды анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дұрыс ем әдісін таңдау мақсатында семиотиканың маңызы өте зор.
Аңның ішкі ауруларын емдеп және сақтандыру шараларын жүргізгенде организмнің біртұтас екендігі, бөлінбейтіндігі еске алынады. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар және жүйелер қоса қатысады. Сонда да, клиникалық тексерістер барысында және диспансерлеу жүргізгенде әр дерттелінген ағзалардың белгілерін мұқият талдайды. Тексеруге мұндай тұрғыдан келу, ауруды анықтауды жеңілдетеді, бірақ ем қолданып не сақтандыру шараларын жүргізгенде организмнің біртұтас екенін естен шығармайды.
Ауруды анықтауда, ауру аңның дербестік ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды жан - жақты және мұқият тексеріп, ауру туралы жиналған мәліметтер мен анықталынған айғақтардың үйлесімділігіне көңіл бөледі.
Курстық жұмыстың мақсаты - терісі бағалы аңның бронхит ауруына дұрыс диагноз қойып, оған емдік көмек көрсету [1, 2] .
1 Негізгі бөлім
- Паренхималық майлы дистрофиялар (липидоздар)
Клеткалардың цитоплазмасында негізінен белоктармен қосылған, тұрақсыз (лабильді) майлы-белоктық (липопротеидтік) комплекстер түзетін липидтер болады. Ол комплекстер клетканың мембраналарының негізін құрайды. Белоктарға қосылған липидтер клетканың ультрақұрылымдарының да негізгі құрам бөлігі болып табылады. Цитоплазмада липопротеидтер және глицериннің күрделі эфирлері мен май қышқылдарынан құрылған нейтральды майлар да болады.
Клеткалардан майлар су (гликогеннен айырмашылығы) мен сірке қышқылында (белоктардан айырмашылығы) ерімейтін, ал спирттерде, эфирлерде, қышқылдарда, хлороформда еритін тамшылар және түйіршіктер түрінде табылады. Сондықтан майларды анықтау үшін фиксацияланбай (бекітілмеген) тоңазытылған немесе формалинмен фиксацияланған ткань кесінділері пайдаланылады. Майлар мынадай гистохимиялық тәсілдердің көмегімен анықталады: оларды қызыл түске бояйтын судан ІІІ және шарлахпен: І‡ пен осмий қышқылы -қара түске, ниль көгілдірінің сульфаты май қышқылдарын қоңыр-көк төске, ал нейтральды майларды қызыл түске бояйды. Сонымен бірге, липопротеидтер комплексіне кіретін липидтерді ғистохимиялық тәсілдермен анықтауга болмайтындығын атап өткен жөн.
Поляризациялық микроскоптың көмегімен нейтральды майлар сияқты изотропты майларды, жарықтың сәулесін қос бағытқа бұратын қасиет тән холестерин мен оның эфирлері сияқты, анизотропты майлардан дифференцациялауға (өзара ажыратып алуға), болады.
Цитоплазмадағы майлардың алмасуының бұзылуы олардың көбеюімен, клетканың құрамында әдетте болмайтын майлардың пайда болуымен, немесе ерекше құрамды майлардың түзілуімен көрініс береді (А. И. Абрикосов) . Клеткаларға көбінесе нейтральды майлар жиналады.
Майлы паренхималық дистрофиялар да белокты дистрофиялар дамитын жерлерде - миокардта, бауырда, бүйректерде жиі кездеседі.
Миокардтың майлы дистрофиясы бұлшықет клеткаларында өте ұсақ май тамшыларының түзілуімен сипатталады (тозаң тәрізді майлану) . Дистрофия өрши берсе, бұл тамшылар цитоплазманы толық қамтиды (ұсақ тамшылы майлану) . Бұлшық ет талшықтарының митохондрийлары ыдырап, көлденең жолақтары жойылады. Майлы дистофрия ошақты сипатта дамиды және капиллярлардың веналық буыны мен ұсақ веналарды қуалай жайғасқан бұлшықет клеткалары топтарында байқалады.
Жүректің сырт пішіні майлы дистрофияның даму дәрежесіне сәйкес болады. Процесс нашар дамыса, оны майларды бояйтын арнаулы бояулармен бояп, микроскоптың көмегімен ғана анықтауға болады; ал ол өте айқын дамыған жағдайда, жүректің көлемі ұлғайып, қуыстарының кеңейгенін, өзінің тым жұмсарып, божырағандығын, миокардтың көмескіленіп, саздақ-сары түске енгенін көреміз. Жүректің эндокард жақ беткейінен, әсіресе карыншалардың бүртік тәріздес бұлшықеттері мен трабекулалары тарғылданып, сарғыш-ақшыл жолақтар көрінеді. («жолбарыс түсті жүрек») . Ол жолақтар дистофрия миокардта венулалар мен веналар төңірегіндегі бұлшықет клеткаларын басымырақ закымдап, ошақтана дамитындығынан қалыптасады.
Бауырдың майлы дистофриясы (майлануы) жайлы гепатоциттерде майдың мөлшері көбейіп, олардың құрамы өзгергенде сөз болады. Бауыр клеткаларында алдымен липидтердің гранулалары (тозаң тәрізді майлану), кейін олардың ұсақ тамшылары (ұсақ тамшылы майлану) ірі тамшыларға немесе тұтас бір вакуольға бірігіп (ірі там-шылы майлану), цитоплазманы толтырады да оның ядросын етке ығыстырады. Сөйтіп, бауыр клеткалары май клеткаларына ұқсастанады. Майлану бауырдың бөлікшелерінің орталығынан сиректеу, ал шетінен жиірек басталады да, дистрофия өте айқын дамыған жағдайда бауыр клеткаларының майлануы диффуздық (шашыранды) сипатта болады.
Бауырдың сырт пішінінің өзгерістері дистрофияньң осы түріне тән болады: ол ұлғайып, болжырап, қызғылттау қоңыр-сарғыш немесе қоңыр-сарғыш түске енеді. Кескенде бауырдың кесінділерінің беткейінен пышаққа май жүғады.
Бүйректерде май тамшылары проксимальдық және дистальдық өзекшелердің эпителиіне жиналады. Әдетте нейтральды майлардан, фосфолипидтерден немесе хо-лестериннен түзілген май тамшылары өзекшелер эпителийінен де, стромадан да табылады. ¤зекшелердің тар сегменті мен жинағыш түтіктердің эпителиінде нейтральды майлар физиологиялық жағдайда да кездесе береді.
Сырт пішіні. Бүйректер үлғайып, божырайды (амилоидоз қосарланса, қатаяды), қыртыстық заты ісініп, сырты мен кесінділерінің боз түсті беткейінен сары дақтарды көруге болады.
Майлы дистрофияның даму себептері түрлі-түрлі. Көбінесе майлы дистрофия оттегі тапшылығынан (тканьдік гипоксиядан) дамитьндықтан, ол жүрек-тамыр жүйесі мен созылмалы ағымды өкпе сырқаттарында, анемияларда, созылмалы алкоголизмде және с. с. жағдайларда жиі кездеседі. Гипоксияның зардабы мүшелердің үнемі күш түскен бөліктерінен бұрынырақ байқалады. Майлы дистрофияның жүрек ақауымен (кемістігімен) сырқаттанатындар миокардының компенсаторлық гипертрофияға (орнын толтырып ұлғаюына) шалдыққан бөліктерінде ең алдымен дамуы осыған мысал бола алады. Бұл жағдайда миокардтың майлы дистрофиясын жүрек қызметі декомпенсациясының (бұзылуының) морфологиялық эквиваленті (баламасы) деп қараған жөн.
Майлы дистрофия зат алмасуы бұзылғандықтан, диспротеиноз, гипопротейнемия, гиперхолестеринемия байқалатын көптеген инфекциялық (дифтерия, туберкулез, сепсис сияқты) аурулар мен улағыш заттардың (фосфордың, мышьяктың(күшаләның), хлороформның) әсерінен дамиды. Кейбір жағдайларда дистрофияның бұл түрі клеткада май алмасуының қалыпты жүруіне қажетті ферменттер мен липотроптық факторлардың жеткіліксіздігі қосарланатын авитаминоздан және бір-жақты тамақтанудан (құрамында белок жеткіліксіздіктен) дамуы мүмкін. Белок жеткіліксіз болып ашыққанда байқалатын бауырдың алипотроптық майлы дистрофиясы осыған мысал бола алады.
Клеткада май декомпозиция, инфильтрация немесе трансформация және синтез бұрмалануы сияқты механизмдерге негізделіп пайда болуы мүмкін. Түрлі органдар мен тканьдерде майлы дистрофия дамуындағы бұл механизмдердің маңызы бірдей емес, өйткені олар дистрофияның себептерінің, органның құрылысы мен атқаратын қызметінің, ерекшеліктеріне тәуелді.
Миокардта майлы дистрофияның дамуы мынадай үш түрлі механизмге: кардиомиоциттерге май қышқылдарының артық мөлшерде түсуіне, ол клеткаларда май алмасуының бұзылуына және клетка ішіндегі құрылымдардың липопротеидтік, комплекстерінің ыдырауына байламды деп есептеледі. Бұл механизмдер гипоксиядан және уланғандықтан миокардта энергия тапшылығы дамығанда инфильтрация мен декомпозиция (фанероз) арқылы жүзеге асырылады. Осы жағдайдағы декомпозицияның негізгі мәні - клетка мембраналарының, липопротеидтік комплекстерінен липидтердің босауында емес, митохондрийлер күйреп клеткада май қышқылдары тотығуының бүзылуында.
Бауырда майлы дистрофия дамуына бізге белгілі барлық морфогенездік механизмдер қатынасады және ол мынадай жағдайларда: 1) май қышқылдары гепатоциттерге тым көп мөлшерде түскенде немесе оларды осы клеткалар артық мөлшерде синтездегенде; 2) гепатоциттерде май қышқылдарының тотығуын және липопротеидтердің синтезделуін тежеп тоқтататын улағыш заттар әсер еткенде; 3) фосфолипидтер мен липопротеидтерді синтездеуге қажетті аминқышқылдары бауыр клеткаларына жеткіліксіз түскенде байқалады. Осыдан бауырдың майлы дистрофиясы липопротеидемияда (алкоголизмде, қант сусамырында, жалпы семіздікте, гормон түзетін жүйе зақымдалғанда), гепатотроптық заттармен уланғанда (этанолмен, фосформен, хлороформмен және т. б. ), тамақтың сапасы төмендеп, асқорыту бұзылғанда (аста белок жеткіліксіз болғанда, авитаминоздарда, асқорыту жүйесінің ауруларында) дамиды деген тұжырым туындайды.
Бүйректерде майлы дистрофия резорбтивтік сипатта дамиды, яғни ол липемия мен гиперхолестеринемия (нефроздық синдром) кезінде бүйрек өзекшелері эпителиінің маймен инфильтрациялануымен байланысты болады да нефроциттердің жойылуына әкеп соғады.
Ақыры. Майлы дистрофияның акыры оның даму дәрежесіне сәйкес. Егер клетканың құрылымдары тым қатты зақымдалмаса, онда ол әдетте қайтымды. Май алмасуы тым қатты зақымдалған жағдайда көбінесе ол клеткалардың тіршілігі жойылумен аяқталады.
Майлы дистрофияның органдардың қызметіне әсері өте зор; ол органдардың қызметін күрт бұзып, кейбір жағдайларда мүлде тоқтатады.
Тұкымқуалайтын липидоздар тобы белгілі бір липидтердің метаболизміне қатынасатын ферменттердін, тұқым қуалайтын тапшылығынан дамитын, жүйелік липидоздар деп аталып жүрген түрлерінен құралады. Сондықтан, жүйелік липидоздар тұқымқуалайтын ферментопатияларға немесе фермент тапшылығынан клеткаға субстраттың, яғни, липидтің қорға жиналуымен сипатталатын қорға жиналу ауруларына (болезни накопления) жатқызылады.
Клеткаға жиналған липидтің түріне қарай тұқымқуалайтын липидоздар: цереброзидлипидозға немесе (Гоше ауруы), сфингомиелинлипидозға (Ниманн-Пик ауруы), ганглиозидлипидозға (Тей-Сакс ауруы, немесе амавроздық идиотия - нақұрыстық), жалпытаралған (генерализацияланған) ганглиозидозға (Норман-Ландинг ауруы) және басқа ауруларға бөлінеді. Липидтер көбінесе бауырға, талаққа, сүйек кемігіне, орталық нерв жүйесіне (ОНЖ), нерв өрімдеріне жиналады. Бұл органдарда липидоздың әр түріне тән, биоптаттарды зерттегенде сүйенетін белгі ретінде диагностикалық мәні бар клеткалар пайда болады (Гоше клеткалары, Пик клеткалары) .
2 Өзіндік зерттеу
Өзіндік зерттеу жұмысымды М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.
Ветеринарлық клиникада лабороторияның құрылымымен түгел танысып, әр бөлімде өлексені, патологиялық материалды және қан сарысуын зерттеудің түрлі әдістерін үйрендім. Мысалы, бактериология бөлімінде өлексені немесе патологиялық материалды қабылдап алуды, алып жүруші құжаттарын тексеруді, өлексені жарып, жұғынды жасау, қоректік орталарға себін жасау, лабороториялық малдарға биосынама қоюды меңгердім және қоректік орталарда қарап дайындауды, оларды қоздырғыштың түріне қарап, қандай әдіспен бояуды үйрендім.
Серология бөлімінде қан сары суын қабылдап алуды, қабылдау құжаттарын толтыруды, қандай ауруларға тексеру керек екенін, қандай әдістер және реакциялар қолдану керек екенін донор-қошқарлардан қалай қан алып, оны фибриннен ажыратып, эритроцитті қалай алуды жетік меңгердім.
Клиникаға ауырып немесе жарақат алып түскен малды тексеріп, емдеуді үйрендім. Ол үшін, алдымен анемнезден бастап, сосын малды жалпы тексеруден өткіземіз. Аңның жалпы күй-жағдайына қараймыз, симптомдары мен синдромына назар аударамыз. Алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Нақты диагнозын қойып, емдеу жұмыстарын баскамшатмыз [8, 9] .
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, камшатны емдедім. Жетекшім в. ғ. к аға оқытушы С. Нұралиев болды.
2. 1 Proanamnesis
Амбулаторлық журналындағы тіркеу нөмірі -13
Емдік мекеме мекен-жайы: Шымкент қаласы, Рысқұлбеков көшесі, ном-з
Емдік мекеме аты: М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Агроөнеркәсіптік» факультетінің «Ветеринарлық медицина» кафедрасының клиникасы
Иесі- Асанбаев Асхат
1. Иесінің мекен жайы: Шымкент қаласы, Коммунизм мөлтек ауданы, Қожамберді көшесі №87 жеке үй
2. Мал түрі- камшат
3. Жынысы-еркек
4. Түсі- қоңыр
5. Жасы- 1 жасар
6. Салмағы- 12 кг
7. Дәрігерге көріну күні: 25. 03. 2014ж.
8. Сауығу күні: 14. 04. 2014ж.
9. Алдын ала қойылған диагноз: майлы дистрофия
2. 2 Anamnesis vitae
Камшатты иесі өз үйінде вольерде (клеткада) асыраған. Бағалы аңдарға аңның пісірілген ішкі өкпе бауыр, ішек-қарын, еті салынған сүйектері іш-майларын, сәбіз, піскенкартоп асқабақтарды майдалап тіліп берген.
2. 3 Anamnesis morbi
Егесінің мәліметтері бойынша камшат 30 күн бұрын әлсіздене бастаған, Ауру камшат жабырқаңқы, кейде ессіз, терең ұйқыға кетеді. Тәбеті жоқ, өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілері анықталады. Өзінің негізгі белгілеріне несептегі өзгерістерді келтіруге болады. Оның тығыздығы жоғарылаған, онда белок анықталады. Тұнбада гиалинді, түйіршікті цилиндрлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофилді лейкоцитоз; гипо-, диспротеинемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін туғызады, олигурия біртіндеп анурияға айналған. Ауру камшаттың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады. Ауру камшат арықтаған; қабағында, төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді ісіктер пайда болады. Кілегей қабықтары, терісі бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған, жүректің қызметі нашарлаған.
Ен негізгі белгісі - полиурия. Зәрдің бөлінуі қалыпты жағдайдағыдан 2-3 еседей көбейген. Тік ішек арқылы бүйректі ұстағанда бүйректердің консистенциясы қатты, сырты бұдырланған, ауырсынғандық байқалады. Ауру камшат жай қозғалады, жылдам шаршайды, тәбеті жоқ. Бірте-бірте арықкамшатды. Қайта-кайта су іше береді. Кілегей қабықтары бозарған, дененің төменгі жақтарында әртүрлі көлемді ісіктер анықталады. Ас корыту жүйесінің ағзаларында қабыну процесінің белгілері байқалады. Жүрек пен қан тамырларының жеткіліксіздігінің белгілері: тамырдың соғысы жиі, артерияда канның қысымы жоғары, жүректің көлемі ұлғайған, жүрек түрткісі күшейген, шашыраңқы; бірінші сазы ақырын, күңгірт; ал екінші сазы р. о. ортада катты естіледі.
Алдын ала аңның клиникалық белгілеріне қарай, және камшаттың далада қыс кезінде өз бетімен жайылғанына қарай, оны нефроз ауруы деп қойдым.
2. 4 Status proesens communis universale
1. Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу
Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5 см көлемінде, аумағында. Камшатда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 3 см төмен, 4-5 см аумағымен 54-ші қабырға аралығында.
Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.
Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.
Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.
Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.
2. Тыныстану жүйесін зерттеу
Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация жэне перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.
Тыныс алу кезінде сыртқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін (жағымсызиіс - өкпе шірігенде), ацетон иісі - кетозда, аммиак иісі - уремияда білінеді.
Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін аңның оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықкамшатды.
Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, камшат танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықкамшатды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл - желпі дем алуы кездеседі.
Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.
Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.
Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған
Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады) . Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық, кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz