Саулықтың кетозы


Аннотация
«Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» пәнінен жазылған «Саулықтың кетозы» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 31 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.
Анықтамалар
Кетоз - бұл асқорыту жүйесінің бұзылуымен, гипогликемия, бауырдың, бауыр үсті гипофизінің бұзылуымен, орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус - ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын,
темпераментін анықтау.
Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан
және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.
Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни
қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.
Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы
мысалы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.
Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра
құрылымдарының ыдырауы
Механикалық илеус - ішектің толық тарылуы
Энтералгия - ішек бунақтарының біреуінің не екіншісінің алма кезек түйілуі
Копростаз - тоқ ішекке нәжістің кептелуі
Химостаз - аш ішекте жынның іркілуі
Белгілер мен қысқартулар
м 2 -шаршы метр
м 3 - метр куб, көлем
м - метр
% - пайыз
°С - температура
мг/ м 3 - көлем
г - грамм
кг - килограмм
ЖК - жарақат
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалықжағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалы қжағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 10
1. 1Кетоз ауруы . . . 10
1. 2Сауын сиыр ацетонемиясы . . . 11
1. 3Зат алмасудың асқорыту жүйесіне әсері . . . 13
1. 4Витаминдердің зат алмасудағы рөлі . . . 16
2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы . . . 19
2. 1Proanamnеsis . . . 19
- Anamnesisvitae . . . 19
- Anamnesis morbi . . . 19
- Status praesens universalis: . . . 20
2. 5Status prаesens localis . . . 21
2. 6 Diagnosis . . . 21
- Decursusmorbi et therapia . . . 22
2. 8 Epicrisis . . . 28
3Техника қауіпсіздігі . . . 29
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындар мен малшаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн жэне жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді әтижелі пайдалануды тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып-жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады.
Соған байланысты, малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады. Кей аурулардан, әсіресе, зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз жэне азықтың бір түрімен ғана азықтандырғанын пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің (диетотерапия) мағанасы зор. Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бүзған жэне малды бағып-күтуде, әсіресе, қыста, қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдың саны көбейеді. Сондықтан, агрономиялық және ветеринарлық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес сапалы және дәріс азықтандыруың қадағалауда маңызы зор.
Ветеринария Ғылымының «Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары» бөлімі жұқпалы емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем-әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән. Бұл, жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық- экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.
Маңызды-маңызды қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игертудің, шаруашылықтарда ем-әрекеттерін және малды аурулардан сақтау шараларын белсене ұйымдастырып, тиянақты орындай алатын мағлұматты мал дэрігері мамандарын дайындаудағы маңызы зор. Өнеркәсіптік кешендерде, арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда және фермаларда ауруларды емдеу және сақтандыру шараларын ұйымдастыруда агротехника, мал азығын дайындау, азық дайындау технологиясы және мал гигиенасының ережелерін сақтау бағытындағы ғылыми жетістіктерді басшылыққа алған жөн.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй-жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды. Ауруды анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрімен емдеу әдісін таңдау) мақсатында семиотиканың (аурулардың белгілерін тексеру) маңызы өте зор.
Кетоз - бұл асқорыту жүйесінің бұзылуымен, гипогликемия, бауырдың, бауыр үсті гипофизінің бұзылуымен, орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Организмде глюкозаның жетіспеуінен малдың нерв жүйесінің клеткалары әлсірейді. Бұл мидың жұмысының бұзылуына әкеледі. Нервтік эндокриндік жүйе аурудың дамуында үлкен рөл атқарады.
Жиі кездесетін ауру белгілері гипотоксикалық (перкуссия кезінде бауырдың ауруы, үлкейеді, сарғаяды), гастроэнтеральдік тәбеттің нашарлайды, күйіс қайтару бұзылады, асқазанның атониясы мен гипотониясы, нерв жүйесінің синдромы байқалады. Ауру мал демікпемен, терісімен, зәрінен ащы ацетонның иісі шығады. Себебі ашығу рационында протеиндік витаминдік зат алмасудың бұзылуы.
Дұрыс тамақтанбау буаз мал организімінде жеңіл қорытылатын углевод, глюкоза заттың дефицитіне әкеледі. Ол углевод-уксустық қышқыл трикорбанатының кышқылданбаған углевод алмасуы бұзылады. Оның мөлшері қанда көбейеді де зәрмен бөлініп отырады. Осымен глюкозаның мөлшері қанда 30 мг пайызға дейін төмендейді және пирожүзім қышқылының көлемі көбейеді. Зат алмасу қызметінің бұзылуы бауырдың дистрофиясына, заттың көбеюіне токсемияға, орталық нерв жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бірінші стадияда аборттар, тәбетінің бұзылуы, асқазанның ауруы, жүннің түсуі, тахикардия, демікпе. Екінші стадия малдың өсіп дамуы тоқтайды, ферменттік процесс өзгеріп, протейндік қышқыл азайтып, майлы және уксусты қышқыл көбейеді [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - сиыр кетозы ауруына дұрыс диагноз қойып, емдек және алдын алу шараларын ұйымдастыруды үйрену.
1Негізгі бөлім
1. 1Кетоз ауруы
Кетоз - бұл асқорыту жүйесінің бұзылуымен, гипогликемия, бауырдың, бауыр үсті гипофизінің бұзылуымен, орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Организмде глюкозаның жетіспеуінен малдың нерв жүйесінің клеткалары әлсірейді. Бұл мидың жұмысының бұзылуына әкеледі. Нервтік эндокриндік жүйе аурудың дамуында үлкен рөл атқарады.
Белгілері. Жиі кездесетін ауру белгілері гипотоксикалық (перкуссия кезінде бауырдың ауруы, үлкейеді, сарғаяды), гастроэнтеральдік тәбеттің нашарлайды, күйіс қайтару бұзылады, асқазанның атониясы мен гипотониясы, нерв жүйесінің синдромы байқалады. Ауру мал демікпемен, терісімен, зәрінен ащы ацетонның иісі шығады. Себебі ашығу рационында протеиндік витаминдік зат алмасудың бұзылуы [1, 2] .
Патогенез. Дұрыс тамақтанбау буаз мал организімінде жеңіл қорытылатын углевод, глюкоза заттың дефицитіне әкеледі. Ол углевод-уксустық қышқыл трикорбанатының кышқылданбаған углевод алмасуы бұзылады. Оның мөлшері қанда көбейеді де зәрмен бөлініп отырады. Осымен глюкозаның мөлшері қанда 30 мг пайызға дейін төмендейді және пирожүзім қышқылының көлемі көбейеді. Зат алмасу қызметінің бұзылуы бауырдың дистрофиясына, заттың көбеюіне токсемияға, орталық нерв жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бірінші стадияда аборттар, тәбетінің бұзылуы, асқазанның ауруы, жүннің түсуі, тахикардия, демікпе. Екінші стадия малдың өсіп дамуы тоқтайды, ферменттік процесс өзгеріп, протейндік қышқыл азайтып, майлы және уксусты қышқыл көбейеді.
Диагноз. Бауырдың көлемі үлкейеді, жүрек етінің, бүйрек, эндокриндік темірдің бауырда гликоген п. б. Негізгі диагнозын малдың белгілі анализіне қарай, клиникалық және лабороториялық тексеруге (қан, зәр, сүттің құрамында тексеру) арқылы анықталады. Құтыру мен туа біткен парезден ажырату керек. Патологоанотомиялық көрінісі, кілегейлі қабаттың сарғаюы, скелетті мускулды атрофия. Бауыр сары түсті, үлкейген, құрғақ бөлінген. Гистологиялық тұрғыда майлы дистрофияны, некрозды айтуға болады.
Емі. Алдымен аурудың пайда болу себебін анықтау керек. Бұл жағдайда ең бірінші малдың азық рационын қадағалап рационында қанттың мал болуына көңіл бөлу керек. Ауру малға бірінші күні азықтың көлемін азайтады. Рационға натрий пропионаты (100-150), микроэлементтер, А және Д2 витаминді, сода, қант құрамын көбейту керек. 3-5 күн аралығында 40 пайыздық глюкоза ерітіндісін енгізеді. Күніне 1-2 км малды (АКТГ, картизон, гидрокартизон) симптомдық заттарды пайдалану, Азық рационында қантты протеинді қатьшастық болуы міндетті. Емі кешенді, біріншіден асқазан - ішек жүйесін қалпына келтіру. Диетикалық азықтандыруды орнату (қызылша, сәбіз, картоп, сено) береді. Ішке - сода, лимонқышылды натрии, қантамырына - глюкоза, гидролизат, инсулин береді [1, 4] .
1. 2 Сауын сиыр ацетонемиясы
Бұл ауру бірінші кетоздар тобына жатады, ауру кезінде гипогликемия байқалады және қанда, секретте, экскретте, үлкен қарын сөлінде және тканьде ацетонды қосылыстар, ацетонды сірке және бетоокси май қышқылдары, ацетон- көбейеді.
Ацетонемия көбіне қоңды, сүтті, 2-3 бұзаулаған сиыр шалдығады. Ауру төлдегеннен кейін 8-17 күннен соң немесе мал қолға қараған шақта ол серуенге, жайылымға шығарылмаса бірнеше аптадан кейін, бір айдан кейін пайда болады.
Себебі. Ацетонемия сауын сиыр рационында ірі азық пен тамыр жемістілер тапшы, ал май мен белокты азықтың көп болуы салдарынан углевод - май және белок алмасуының бұзылуынан болады. Жемді көп беруге байланысты алдыңғы қарындардың жұмысы шамадан тыс күшейеді, үлкен қарындағы инфузориялар әрекеті, ферменттік процестер бұзылады және үлкен қарын қызметі мүлде бәсеңсиді. Осыған орай глюкоза синтезі бұзылады, организмде қант тапшы болады, май мен белоктың ыдырауына байланысты ацетонды қосылыстар молая түседі, осыдан барып тканьдерде зат алмасуының қышқыл өнімі - ацидоз көбейеді. Кетон ацидозы кезінде бүйрек қызметі және ондағы аутолиз процесі бұзылады, сонымен қатар бұған нерв жүйесі мен ішкі секреция бездерінің әсері де (гипофиз - бүйрек үсті қызметінің жетіспеуі) тиеді.
Белгілері. Аурудың басталмасында ас қорыту қызметі бұзылуының айқын емес белгілері байқалады: малдың тәбеті кемиді не тәбеті мүлде жойылады, күйіс қайыруы реті бұзылады, алдыңғы қарындарының қызметі баяулайды және ішек-қарын қабынады, іші қатады, кейін іші өтеді, мал бірте-бірте мүлде арықтайды. Сонымен қатар нерв жүйесі зақымданады. Ауру мал үркек келеді, құлағын түріп тұрады, жан-жағына тесіле қарайды. Қораға адам кірсе, қатты сөйлесе, күшті еліріп кетеді, бас жібін тарта шегінеді, оттығын басады, қасындағы сиырды итереді, жалайды, меңкиді, тісін қышырлатады, артқы аяқтарын алма кезек ауыстырып басып, тынышсызданады, мұндай малдың жүргенде артқы аяқтары тәлтіректейді, бүлшық еті дірілдейді. Бұл белгілерге қоса арқасы мен сауыр терісінің сезімталдығы нашарлайды, жұтқыншағы, шайнау бұлшық еттері тартылады, бұлшық еті құрысып қалады.
Нерв жүйесі қызметінің бұзылуына қарай бұл құтыру емес пе деген күдік туады. Кейін еліруі басылып, мең-зең болады, төлдеу кезіндегі шала параличтегі сияқты естен танып қалады [3] .
Дене қызуы көбіне әдеттегіден төмен болады, тек алғашқы кезде ғана сәл көтерілуі мүмкін, тынысы баяу, тамыры сирек соғады, жүрегі дүрсілдейді. Негізгі бір белгісі сол бауыр тұсын қолмен нұқығанда дыбыс бермейтін участок көлемінің ұлғайғаны байқалады, сары ауру пайда болады. Сиырдың сүті көп кемиді, жаңа сауылған сүт болмашы көпіреді, қаймағы жұқа болады, дәмі ащы, ацетон иісі шығады. Осындай иіс мал тыныс алғанда да байқалады, несебінен де білінеді.
Несебі қышқылтым, су тәрізді және мөлдір болады. Әдеттегідей азықтандырғанда қанда 2-3 мг % ацетон болатын болса, ауру малда 25, тіпті 200 мг % ацетон, ал жем бергенде 6-8 мг % ең көбі 10 мг % ацетон болады (А. В. Синев), қант мөлшері 8-12 процентке, сілтілік 60-80%-ке дейін кемиді.
Ауруды анықтау. Ацетонемияны анықтау үшін жағдайды сұрастырудың, азықтандыру сипатын білудің синдром белгілеріиің бар-жоқтығын анықтайды және қанда, сүтте, несепте ацетонның көп болуының маңызы зор, ацетон мөлшері лабораториялық зерттеу не натрий нитропруссидімен сынау арқылы анықталады. Реактив 1 г натрий нитропруссидінен, 20 г сусыз сода және 20 г күкірт қышқыл аммонийден жасалған ұнтақ. Пробирканың түбіне 0, 1 г (өлшемей шамалап алуға болады) ұнтақ салады және оған жаңа сауылған сүт не несеп құяды [2, 3, 5] .
Ацетон қажетті мөлшерден артық болса 2-5 минуттан кейін ұнтақ қызғылт тартады - ауру барын көрсетеді. Ацетон өте көп болса, ұнтақ қоңыр жасыл, күлгін түске боялады, ұнтақ түсін неғұрлым тез және айқын өзгертсе, сүтте ацетон соғұрлым көп және зат алмасуы соғұрльм күшті бұзылған деп табылады.
Бұл ауруды құтырудан, Ауески ауруынан, алдыңғы қарын бұлшық еттерінің солуынан, жарақатта ретикулиттен, гепатиттен, төмендеу кезіндегі шала параличтен және төлдеу кезіндегі шала паралич ацетонемияның, пуерперальды гемоглобинурияның ұштасып келетін түрін ажырату керек. Ацетонемияның негізгі белгісі - қанда, сүтте, несепте ацетонның көп болуы және гипогликемияның пайда болуы.
Барысы. Бұл аурудың жіті не созылмалы түрі болады, ауру дер уақытында анықталмаса және емдеу кешеуілдетіліп басталса, организм қатты уланады, мал көтерем болады, өледі.
Емі. Малға жем беру тоқтатылады, жақсы пішен, көк шөп, қант қызылшасы, картоп, мал азықтық талқан сәбіз, минералды азықтар, ас тұзы,, күкірт қышқыл кобальт, А және Д витаминдері беріледі. Емдеу кезінде қанда қант мөлшерін көбейтуге, үлкен қарында микробиотикалық ферментті процестерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар іске асырылады. 20-40%-тік глюкоза ерітіндісі 1-2 сағаттан кейін қайталап венаға 100-300 мл мөлшерінде жіберіледі, 200-500 г қант ерітіндісі не сірне ішкізеді, тері астына 20 г кальций глюконаты жіберіледі. Венаға глюкоза араластырып 150-200 мл новокаинның 0, 25%-тік ерітіндісін, глюкоза араластырып магний сульфатының 10-20%-тік ерітіндісін жіберген өте пайдалы. Сонымен қатар ет арасына 200-300 ЕД инсулин жібереді. Қан мен органзмдегі қышқыл мөлшерін кеміту үшін малдың әрбір 100 кг салмағына 50 г суға қосып, күніне 2 рет натрий бикарбонатын, не венаға 200-300 мл 2%-тік ерітіндісін жібереді. Гормонды дәрі-АКТГ-дан бұлшық ет арасына 300 МЕ, 1500 мг кортизон не 300-600 мг гидрокортизон қолданған тиімді Алдыңғы қарын еттері солса руминаторлы дәрілер, іш айдайтын тұздар, тәбет ашатын дәрілер қолданады. Үлкен қарын микрофлорасының қызметін күшейту және үлкен қарында инфузорияларды көбейту үшін дені сау сиырдың қарнынан алынған сұйық жібереді және тірідей салмағының әр 100 килограмына 30-40 миллиграмнан хлорлы кобальт береді. Жүрек қызметі әлсіресе 1-2 г кофеин, кардиазол не кордиамин беріледі. Малдың денесін массаждау ультракүлгін сәулемен емдеу, желініне ауа үрлеу пайда береді.
Аурудан сақтау. Суалып кеткен және сауылып тұрған сиырға қант - протеин мөлшері жағынан ретке келтірілген жемшеп беру, сиырды жайылымға шығару, серуендету керек. Барлық сүтті сиырлардан алынған натрий нитропруссидін қолданылып, онда кетонның бар-жоқтығын оқтын-оқтын анықтап отыру шарт [1, 2, 3, 5] .
1. 3 Зат алмасудың ас қорыту жүйесіне әсері
Қарындардың өз бетімен дамитын гипотониясы және атониясы, ірі қарада жиірек ешкілерде сирегірек, шырынды азықтан қатқыл, құрғақ, клетчаткасы көп азықтарға сығынды не тоңазытылған не ыстық күйінде бергеннен пайда болатын қарындардың жіті гипотониясы және атонисы, көбінесе, буаз арық және көп мезгіл серуендетілмеген әлсіз малдар арасында жиі кездеседі.
Қарындардың жіті түрде өтетін қосалқы гипотониясы басқа ағзалардың қалыптан ауытқымаған рефлекстерінің әсер етуінен пайда болады, мәселен ұлтабар сұйық жұмсақ, әсіресе қышқыл. Жалбыршақ қарын мен ұлтабарға шайнамай-ақ тез өтіп кететін азықтармен толып кеткенде қарын қатпаршасы бітелгенде желін қабынғанда жылжымалы жүйке зақымдалғанда дененің қызуы көтерілетін ауруларды және басқа жағдайларда қарындардың гипотониясы және атониясы тақия қарыннық қарынның жарақатынан жәнежалбыршақ қарынның ластануынан да пайда болуы мүмкін.
Дамуы жоғарыда келтірілген толып жатқан факторлар қарындардың қозғыштық қабілетін азайтып жиырылуын нашарлатады, соның салдарынан аурудың күйіс қайтаруы бәсеңдейді де мүлдем тоқтайды, жындардың кейінгі ағзаларға ауысып өтуі баяулайды, заттардың сңірілуі мен микробиалдық, ферментациялық процестері бұзылады. Жыны мес, тақия жалбыршақ қарындарда кідірілуі микрофлорада, микрофауналарда құрамын өзгертіп 6, 3-5, 8 ге дейін төмендетеді [1, 4] .
Осындай өзгерістер барысында құралған улы заттар белоктардың шіруінен пайда болған заттар органикалық қышқылдар, газдар денеге сіңеді де оны уландырады. Соның нәтижесінде зат алмасуы процестері бұзылып ацидоздық дамуына бейімділік туады. Келтірілген өзгерістермен қатарласа қорыту бездерінің сөл шығару қызметі нашарлайды, асқазан мен ішектердің жиырылып, созылуы бәсеңдейді, сөйтіп астың қорытылуы бұзылады, ашу-шіру процестері күшейіп, организмнің өзін-өзі улайды. өлекседегі өзгерістер. Іші кебуі мүмкін. Мес қарынның не құрғаған не ботқа тәріздес қышқыл жағымсыз иісті жынға толады. Жалбыршақ не ботқа тәріздес, қышқыл жағымсыз иісті жынға толады. Жалбыршақ қарында көп мөлшерде тығыздалынған кейде құрғаған жын анықталынады. Ауру ұзаққа созылғанда мес қарынның жалбыршақ қарынның қатпарларында, ұлтабардың кілегей қабықтарында қызарғандық байқалынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz