Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Х. ДОСМУХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ХИМИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ»
Химия және экология
кафедрасының меңгерушісі
м. а. А. Ғ. Аманқосова
«»2015 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Атырау, 2015ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚАЗАҚСТАН РЕСУПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . 4
- Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар . . . 5
- Қорықтар . . . 6
- Экотуризмнің экономикалық пайдасы . . . 9
- Қазақстандағы туристік ресурстар . . . 10
- ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚҰРУДЫҢ НЕМЕСЕ КЕҢЕЙТУДІҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ . . . 15Қазақстан республикасындағы туризм саласының дамуына талдау . . . 17Қазақстан республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары . . . 20
- ҚОРШАҒАН ОРТА СТАТИСТИКАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ . . . 27Ормандар және басқа да орман басқан жерлер . . . 29Жойылып кету қауіп бар түрлер және қорғалатын түрлері . . . 31Батыс қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала ол туризм. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Зерттеу мақсаты:
Ерекше қорғалатын табиғи территорияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері
- туризмнің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
-туризм дамуының және оны ынталандыру тәсілдерінің шетелдік тәжірибесін жинақтау;
- Қазақстандағы туризмнің тиімді қызмет етуіне кедергі келтіруші проблемаларды анықтау;
- туристік саланы инвестициялаудың ерекшеліктерін анықтау және оларды пайдаланудың негізгі бағыттарын белгілеу;
- Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтің тиімділігін көтеруге бағытталған ұсыныстарды ұсыну.
1 ҚАЗАҚазақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттамаБүгiнгi күнi бiздiң мемлекетте туризмнiң дамуы 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы заңымен, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi №3476 Түркi тiлдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және ҚР Ұлы Жiбек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша БТҰ жобаларын орындау туралы ҚР Президентiнiң жарлығымен және 1998 жылғы 27 ақпандағы Туризм инфр
ақұрылымын құру, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын дамыту және сақтау, Ұлы Жiбек жолындағы тарихи орталықтарды жаңғырту туралы ҚР мемлекеттiк бағдарламасымен реттеледi. Сонымен қатар, мәдени ережелерiн және визалық құжаттарды хаттау, туристiк iс-әрекеттi лицензиялау ережесiн регламенттейтiн, бiрқатар заңдармен жүзеге асырылады. Барлық заң актiлерiн қабылдау Қазақстандық туристiк нарығын дамытуда өз үлесін қосуда.
Туризм сферасындағы бүкiләлемдiк қатынасты дамыту қадамдарының бiрi, Қазақстанның 1993 жылғы Бүкiләлемдiк Туристiк Ұйымға (БТҰ) нақты мүше ретiнде кiруi, туризм облысындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдi бекiтуi. Шетел мемлекеттерiнiң Үкiметiмен Қазақстан бай туристiк потенциалға иелiк етушi, тиiмдi серiктес ретiнде танылды.
ҚР стастистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2007 жылы елде 1007 - туристiк ұйым қалыптасқан. Қазақстандық кәсiпорындармен 80 елдiң туристiк фирмаларымен келiсiмдiк қатынас бекiтiлген. 40 - алматылық және 13 - облыстық турфирмалар, 8 - мемлекетке чартерлiк әуе қатынасын жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларының туристiк фирмалар жүйесi анағұрлым дамыған. Осы облыстың және қалалардың туристiк ұйымдармен жыл сайын экскурсанттар мен туристердiң 88 % қызмет көрсетiледi[1, 2] .
Статистикалық және әкімшіліктік деректердің зерттеулері бойынша туристік қызмет 2007 жылы республикаға келушілердің есебінен 2006 жылы 16 пайызға өскені. Туристік индустрияның дамуы бойынша туризмнің барлық түрі кіру туризмі 12, 8%, шығу туризмі 38, 5%, ішкі туризм 12, 5% өсті. Туристік қызмет бойынша көрсетілген қызмет 59, 3% өсіп, 53863, 0 млн. тенгені құрады. 2006 жылмен салыстырғанда сатылған жолдама 1, 9 есеге өсіп, бюджетке 13890, 7 млн, тенгені түсірді.
2007 жылы 1007 туристтік фирма и 51 жеке кәсіпкерлік туристік іс-әрекет жасап, 567, 0 мың келушілерді қабылдады. Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 105% деңгейіне жетті. Қазіргі таңда қызмет атқаратын туристік фирмалар саны: Алматы қ. (587), Астанада (57), Қарағанды қ. (54), Павлодар қ. (48) және Алматы облыстарында (47) құрайды.
Жалпы алғанда Қазақстандағы туристік фирмалар туристерді қабылдау қызметінен гөрі оларды шет елдерге шығаруды көбірек жүзеге асырады. Негізінен туристерді шет елге шығарғаннан гөрі (“Жаңа - Арқа”, “Гульнар - тур” фирмалары), халықаралық туристерді қабылдау анағұрлым тиімді болар еді[3] .
Қазақстанда туристік қызметпен 2003 жылы 691 туристік ұйым айналысқан. Бұл ұйымдар 177091 туристке қызмет көрсеткен.
Жалпы көлемдегі көрсетілген қызметтің көрсетілу барысында сыртқы, ішкі, шығу және кіру туризмінің үлесінің өсуіне қол жеткізілді. Қазақстандағы қонақ үй бизнесі одан әрі дамытуды талап етеді. Сондай- ақ ойын - сауық индустриясы, демалысты ұйымдастыру, сервистік деңгей, бағалардың қызмет сапасына сәйкестігі дұрыс жолға қойылуы тиіс.
Туризм саласының дамуы, елде салыстырмалы түрде жақын арада басталды. Бiрақ жылдан жылға бұған көбiрек мән берiлуде. Саланың дамуын жақсы функционирлеу, қолдау көрсететiн iс-шараларсыз мүмкiн емес, соның iшiнде үкiмет жағынан, яғни дамыған сала мемлекетке үлкен пайда әкелуi мүмкiн.
Шетелдік туристік ұйымдардың өркендеп өсуінің бірден бір көзі олардың көрсететін қызметтерінің сан алуандығы мен сапасы болып табылады, ал Қазақстанда бүгінгі таңда барлық қажетті атрибуттары бар толыққанды біртұтас туризм жүйесі әлі жоқ. Туристік ұйымдардың көбісінде әлі қызмет көрсетудің жарнама, сату қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, сынды компоненттер жолға қойылмаған. Осы айтылғанның барлығы әлі де болса даму сатысында ғана.
2007 жылы ішкі туризмді дамытуда ең көп үлесті Алматы қаласы алады, мұнда келген адам 55819 адамды құрайды. Алматының әсем табиғаты мен қолайлы ауа-райы жылдың қай мезгілі болса да ішкі туризмді дамытуға қолайлы, туристерге ыңғайлы болып келеді. Мұнда туристердің қыдыратын жерлері де демалатын жерлері де көп болғандықтан, көбінесе туристер Алматы қаласына баруды қалайды. Екінші Маңғыстау облысы (42647), мұнда іскерлік туризмге байланысты шетелден қонақтар мен инвесторлар сапарға шығады. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы Каспиий теңізіне демалушылар да көп. Болашақта ішкі туризмді дамыту мақсатында Ақтау-Сити қалашығы орын алып, туризмнің лорталығына айналмақшы. Ол кезде туристер саны 5 есеге көбейеді деп болжануда. Үшінші кезекте Шығыс-Қазақстан облысы (33321), мұнда табиғат көріністерін тамашалауға және Қатон-Қарағай қорығына арнауы сапар шегушілер саны күннен-күнге көбеюде[4, 5] .
1. 1 Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар
Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде бір-бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1-бабында ерекше қорғалатын аумақтарға мынадай анықтама берілген: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін және жер қойнауы үлескілері». Сонымен атар бұрыннан бар қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын ұлғайту мәселесі қойылуда.
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға:
- Мемлекеттік табиғи қорықтар;
- Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;
- мемлекеттік табиғи резерваттар;
- Мемлекеттік табиғи саябақтар;
- Мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
- Мемлекеттік қорық өңірлері;
- Мемлекеттік табиғи қорықшалар;
- Мемлекетік зоологиялық бақтар;
- Мемлекеттік ботаникалық бақтар;
- Мемлекеттік дендрологиялық бақтар;
- Мемлекетік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
- Ерекше мемлекеттік маңызы бар сулы-батпақты алқаптар;
- Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар;
- Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды үлескілері.
1. 2 Қорықтар
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілер, ғылыми зерттеулерге, ағарту және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекетті қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен табиғи қоса сақтау, табиғат кешендерінің даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131, 9 мың га жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500-2000 м - даланың шалғынды, бұталы ағашы өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша, бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю және т. б. жануарлар кездеседі.
Қорықтың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды.
Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191, 4 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді.
Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түскі борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді[6, 7] .
Алматы қорығы 1964 жылы құрылған. Аумағы 71, 7 мың га-ға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрікағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғақтар мекендейді.
Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың га. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан.
Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз көлдері кіреді.
Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Көл жиегінің қара суларында үйрек, қаз және басқа да суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс.
Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтын тамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр, және құстың 200-ге жуық түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнешеш түрі: мөңке, майқан, талма, теңге кездеседі. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.
Үстірт - республикадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 құрылды. Ауданы 223, 3 мың га республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік, иіссіз катрана, үстірт таспасы.
Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т. б. сирек аңдар кездеседі.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 197, 1 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі, өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты - Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна, және т. б. ) қорғау.
Қаратау қорығы 2004 жылы құрылды. Көлемі 34, 3 мың га. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омыртқалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь-шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
1. 3 Экотуризмнің экономикалық пайдасы
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және үжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бел-гіледі.
Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.
1. 4 Қазақстандағы туристік ресурстар
Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т. б. туризм түрлеріне бөлінеді.
Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді:
- табиғи-рекреациялық
- тарихи-археологиялық
- тәуеп ету
Сүрет 3 - Алтынемел тау жоталары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz