Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар



1. Ерекше қорғалатын аумақтар ұғымы, түсінігі
2. Биосфералық қорықтар
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар
4. Ұлттық табиғи саябақтар
5. Табиғи қорықшалар
6. Табиғат ескерткіштері
7. Табиғи резерваттар
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi — ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи – қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік табиғи қорықтар;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
3) мемлекеттік табиғи резерваттар;
4) мемлекеттік зоологиялық парктер;
5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
7) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;
9) мемлекеттік қорық аймақтары.
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
2) мемлекеттік зоологиялық парктер;
3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
5) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.
1. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл
4. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011жыл

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАР

ОРЫНДАҒАН: ДӘУРЕНОВА Қ.Д.
ТЕКСЕРГЕН: БЕКИШЕВ Қ.Б.

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ – 2015 ЖЫЛ

ЖОСПАР

1. Ерекше қорғалатын аумақтар ұғымы, түсінігі
2. Биосфералық қорықтар
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар
4. Ұлттық табиғи саябақтар
5. Табиғи қорықшалар
6. Табиғат ескерткіштері
7. Табиғи резерваттар
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ерекше қорғалатын аумақтар ұғымы, түсінігі

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген
мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер,
су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған
(бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік
құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер
(орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар
тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi — ерекше қорғауға
жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи – қорық қоры
объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті
маңызы бар санаттарға жатқызылады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу
мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге
бөлінеді:

1) мемлекеттік табиғи қорықтар;

2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

3) мемлекеттік табиғи резерваттар;

4) мемлекеттік зоологиялық парктер;

5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;

6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

7) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;

8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;

9) мемлекеттік қорық аймақтары.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына
және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;

2) мемлекеттік зоологиялық парктер;

3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;

4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

5) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;

6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа
жатқызуды – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды – уәкілетті органмен
келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
атқарушы органдары жүргізеді.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін
төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы
мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты
жүргізіледі.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мртебесін
төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру
туралы шешімді жаратылыстану – ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік
экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

бойынша – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкіметі;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

бойынша – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.

Биосфералық қорықтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген
түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі
кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында
ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде
жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған
экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге
бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше
белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу
жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық
ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына
биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың
табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз
кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады.
Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі —
мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады.
Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек
ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары
білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір
Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық
табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар
белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда
ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің
қорықтары деп бөлінеді.

Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары
шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл
қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел
ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-
батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа
жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.

• Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-
батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш
қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының
Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы
атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында
Қаратаудағы Қарабастау (126 гектар) және Әулие (100 гектар)
телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір
Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне
енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Ақсу – Жабағылы қорығы –
табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары
үзбей жүргізіледі. Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен
қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең
алғашқы қорық.

• Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы (lang-ruАлако́льский
госуда́рственный приро́дный запове́дник) , Тентек өзені сағасының
табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды
сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және
Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743
га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін
реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы
Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде
анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте
қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз құс базары деп атауға болады.
Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15,
қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және
сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34
түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек,
безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің
270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми -
зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ
Табиғат жылнамасы жазылады. Табиғат мұражайы жұмыс істейді, шағын
дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын
қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі
мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған
жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

• Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын
қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы
құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы
қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналас­кан
Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-
дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын,
ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты ор­ман Тянь Шань шыршасынан тұратын
қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі
(2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі
шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз
басқан құздар алып жа­тыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі
кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

• Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.
Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер
және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек
кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар
кездесіп жатыр. Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал
1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды.
Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты.
Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар
аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына
ауыстырылған. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің
ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда
болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол
уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде
қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын.
Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын.

• Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс
бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян,
Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында
орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-
шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан.
Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің
Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800
м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600
м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің
бөлігі қосылады. Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар:
бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық
күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі
және әртүрлі кеміргіштер құрайды. Құстар әлемі алдын ала алынған
деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа
енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

• Қаратау қорығы - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағыҚаратау
жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан
мемлекеттік қорық. Онда өсетін сирек кездесетін және эндемик
түрлерінің саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қаратау қорығы
2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га.

• Қорғалжын қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан
мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын
көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың
га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 –
42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – 130
күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын
түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда,
жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б.
өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге
ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда
сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3,
қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді.
Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді.
Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б.
құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз,
тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара
жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан
гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан
қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек
кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде
ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып
аспанға көтерілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер