Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру

5В011100-«Информатика» мамандығы бойынша

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Бөлім. Мәліметтер қорын құру негіздері 4

1. 1 Мәліметтер қорының даму тарихы . . . 4

1. 2 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер . . . 11

1. 3 Мәліметтер қорының басқару жүйесінің архитектурасы . . . 14

1. 4 Реляциялық мәліметтер қорларын жобалау . . . 21

1. 5 Есептің қойылымы . . . 31

2 Бөлім. Delphi ортасында «СервисПласт» бағдарламасын құру 32

Delphi-дің негізгі визуалды компоненттері . . . 32

Delphi ортасын ақпараттық жүйелерге қолдану мүмкіндіктері . . . 42

Delphi -де мәлімтеттер қорының тіркеуі . . . 49

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған құралдары . . . 52

Бағдарламаны қолдану нұсқаулығы . . . 58

Қорытынды . . . 61

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Кіріспе

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің тиімділігі, мәліметке қол жеткізудің жылдамдығымен қаншалықты қамтамасыз етілгендігі, ақиқаттық, олардың толықтығына едәуір мөлшерде тәуелді болады. Ақпараттық жүйе - іс жүзінде барлық жерде ядросын мәліметтер қоры құрайтын интеграцияланған жүйе болады.

Технологиялық және басқару процесстерін автоматтандыру, өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорынын басқарудың есептерін шешу, банк, оқу орындары және мемлекеттік құрылымдарды тиімді басқару мен жұмысты жүргізудің негізінде үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеу жатады.

Қазіргі уақытта мәліметтер қоры немесе ақпараттық жүйелерді құрудың негізгі бағыты SQL-серверге негізделетін мәліметтер қорын басқару жүйесін қолдану болып табылады.

Осы дипломдық жұмыста мәліметтер қорын құрудың теориялары қарастырылады, және осы теориялық білімді жүзеге асырып көрсету үшін Delphi 7 ортасын қолдана отырып есік-терезе жасау цехының есептеу жұмыстарына арналған бағдарлама құрылады. Диплом жұмысы екі бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде мәліметтер қорының даму тарихы, мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер құру туралы ұғымдар, мәліметтер қорының басқару жүйесінің архитектурасы және қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын реляциялық мәліметтер қорлары, сонымен қатар есептің қойылымы сипатталған. Екінші бөлімде бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүзеге асыру үшін қолданылған Delphi-дің негізгі визуалды компоненттері және оны ақпараттық жүйелерге қолдану мүмкіндіктері, Delphi -де мәлімтеттер қорының тіркеуі, яғни нақтырақ айтсақ BDE механизмі, мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi-дің құралдары толығымен сипатталған. Осы екінші бөлімдегі қарастырылған компаненттердің көпшілігі мәліметтер қорын құруда қолданылған.

1 Бөлім. Мәліметтер қорын құрастыру негіздері

1. 1 Мәліметтер қорының даму тарихы

Ақпаратты пайдаланған кезде неғұрлым максималды табысқа жету үшін оны жүйеленген және белгілі бір тәртіпке келтірілген, сонымен қатар оны қарап шығуға ыңғайлы түрде көрсету қажетті және міндетті. Ал ең бастысы, ақпарат шынайы мағынада болуы керек.

Осыған байланысты ақпаратты сақтау, ұсыну және өңдеу қағидалары үздіксіз дамуда. Қазіргі кезде ең басымды технологияның бірі - мәліметтер қорлары технологиясының пайда болу тарихын және олардың эволюциясын есімізге салайық.

Әрине, ақпаратты өңдеу технологияларының түпкі атасы деп Америкалық ғалым Норберт Винерді санау қажет. Бүл ғалым 20-гасырдың 40-жылдары тірі және өлі организмдерді басқаруды зерттейтін ғылым - кибернетика ғылымының негізін қалаушы болып саналады. Бұл ғылымның «үш алыбы» - кері байланыстар туралы ілім, ақпарат туралы ілім және электронды есептеуіш машиналар тұжырымдамасы - олар мәліметтер қорлары технологиясының пайда болуына былайша айтқанда, платформасы, негізі болып келеді.

Мәліметтерді басқарудағы программалық қамтамасыздандыру аппараттық-техникалық құралдар дамуына байланысты олармен бірге дамып отырды.

Мәліметтер қорлары саласындағы терминология пионері деп Чарльз Бахманды санауға болады. Бахман «data base» үғымын ойлап тауып, осы ұғымға мәліметтер қорларын тұрғызу негіздерінің мән-мағынасын жатқызған және осы жұмысы үшін Тьюринг премиясына ие болған.

Шартты түрде мәліметтер қорларының даму тарихын 4 кезеңге бөлуге болады.

1. Қалыптасу кезеңі (1955-1970) ;

2. Даму кезеңі (1970-1980) ;

З. Өсу кезеңі (1980-1990) ;

4. Жетілдіру кезеңі (1990 жылдан бүгінгі күнге дейін) .

Бұл жерде айта кететін жай, әр кезеңдердің алғы шарттары алдынғы келе жатқан кезеңдерден туындайтыны, бірақ біз идеяның жүзеге асырылған фактқа айналған бір уақыт бөлігін қарастырамыз.

Қалыптасу кезеңі (1955-1970)

Жаңа ақпаратты өңдеудің программалық технологиясы ретінде мәліметтер қорларын басқару жүйелері (ІМҚБЖ) 60-жылдардың басында пайда болды. Алайда, мәліметтерді ұсынудың және өңдеудің бұндай тәсілі сол уақыт кезеңіндегі электронды есептеуіш машиналардың жүмыс істеу жылдамдығы және жадысының сақтау көлеміне орындалмас талаптар қойған. Сондықтан бұл технология программалық қамсыздандырумен айналысқандар арасында өзіне жанашырларды таба қоймады.

Ол кездегі программалық жабдықтар файлдар негізіндегі мәліметтерді өңдеу модельдерін қолдайтын. Типтік программалар бірінен кейін бірі кететін ену файлдарын оқып жаңа файлдарды өңдеп шығаратын. Осындай операцияларды орындауды жеңілдету үшін COBOL және тағы басқа да программа жазу тілдері пайда болды, олардың көмегімен программада мәліметтерді физикалық түрде ұсынудың кейбір ерекшеліктерін белгілеу қажеттігі жойылады.

Заман талаптарына сай, ол кезде пакеттік мәліметтерді өңдеу компьютерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз еткен, бірақ енді өте маңызды кемшіліктері болған.

Біріншіден, файлдарды өңдеу алгоритмдеріне өзгерістерді дер кезінде енгізу мәселесі бойынша қиындықтар шыға бастайды және жіберілген қателіктер соңында файлдар түгелдей өңделіп болып, олардың нәтижесі ретіндегі ақырғы мәліметтерді алған кезде ғана байқалады.

Екіншіден, мәліметтер нақты түрде күніне бір рет қана өңделетініне байланысты, бизнес уақыттың кез-келген мерзіміндегі жұмыстардың жағдайын біле бермейтін. Айта кететін тағы бір кемшілік, файлдарды басқару жүйелерінде жүмысты ұйымдастыру келесі түрде орындалады: файлды ашу операцияларында (файлды ашу операциясы алғашқы және міндетті түрде қажет операция) басқа өзге параметрлер арасында жүмыс тәртібі (оқу немесе өзгерту) белгіленеді. Егер осы операция орындалып жатқан кезде, мысалы, осы операция пайдаланушының PR1 процессімен, ал өзгерту тәртібінде керекті файл PR2 процессімен ашылып қойса, онда жүйенің ерекшеліктеріне байланысты PR1 процессіне бүл файлды ашу мүмкін емес екендігі туралы жарияланады не болмаса бұл процесс PR2 про-цессінде файлды жабу операциясы орындалмайынша тоқтатылады.

Мәліметтерді өңдеу тәсілінде - бір файл мәліметтерін өңдеумен бір уақытта бірнеше пайдаланушылар айналасуы өте көп уақытты алатын, не болмаса мүлдем іске асырылмайтын.

Бұндай мәселелерді шешу мақсатымен эволюцияның келесі қадамы - мәліметтерді басқаруға арналған басқару жүйелері дүниеге келді.

67-68 жылдары техникалық жабдықтардың дамуына байланысты мәліметтер қорлары және оларды жүзеге асыруға арналған платформалар (МҚБЖ) программа құруда жаңа бір пән ретінде бөлініп шықты.

Мәліметтер қорлары теориясының негізін қалаушы ретінде Ч. Бахманмен қатар IBM фирмасының қызметкері Мак Гри саналады. 50-шы жылдар тәжірибесіне жүгіне отырып, ол алғашқы бастапқы мәліметтер файлдарын келесі түрде пайдалануды ұсынады: файлды электронды есептеуіш машинасына (ЭЕШ) енгізген жағдайда, ол файл жалпы болып табылады және оны көптеген пайдаланушылар қолдана алады. Кейінірек, Мак Гри IBM фирмасының IMS мәліметтер қорының жүйесін жасады.

1963 жылы Ч. Бахман ең алғашқы магниттік дискке жазылған мәліметтер қорының өндірістік жүйесін құрайды. Бұл жаңа өнім мәліметтердің желілік моделіне негізделген.

Магнитті тасымалдаушыларды пайдалану кеңінен таратыла бастағаннан мәліметтерді өңдеуде де жаңа мүмкіндіктер пайда бола бастайды. Осыған байланысты, универсалды МҚБЖ құру туралы шешім қабылданып, 1968 жылы CODASYL (Conference Of Data System Languages) -мәліметтерді өңдеу жүйелерінің тілдері бойынша құрылған ассоциациясы - DBTG (Data Base Tack Group) жұмыс тобын құрайды. Оның негізгі қызметі - жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігін тексеру. Бұл топ жүмысының нәтижелері, олар DBTA-69 және DBTA-71 есеп-беру талдаулары. Есеп-берулер мен талдау жасаулар ең таңдаулы МҚБЖ бойынша жасалды. Бұл жұмыстарда негізгі ұғымдар және терминдер ұсынылған және МҚБЖ бойынша стандарттық проекті құрылған. Өкінішті жай, АҚШ-тың Стандарттар жөніндегі Ұлттық институты бұл проектты қабылдап, бекітпеді.

Жоғарыда аталған DBTA-69 және DBTA-71 жұмыстары арасындағы уақыт мерзімінде Сан-Хоседегі IBM фирмасының қызметкері Е. Ф. Кодд мәліметтерді ұсынудың реляциялық моделін ойлап табады. Маңызды сипаттамаларының бірі - мәліметтерді өңдеу басқарушы программалардан тәуелсіз орындалатындығы, сонымен көзге түсетін мәліметтер қорын басқарудағы логикалық және физикалық деңгейлердің бөлінуі болып табылады. Жасалған мәліметтер қоры септігімен реляциялық алгебраның кейбір теориялық қойылымдары эксперимент түрінде дәлелденіп шығады. Бұл идея ұзақ уақыт лабораториялық зерттеулер шеңберінен шыға қоймайды, себебі тәжірибеде жүзеге асыруына ЭЕМ-ң жады құрылымы көлемінің үлкен болғаны талап етілді, әйтпесе осыған байланысты, мәліметтерді өңдеу жүйелерінің жылдамдығы өте төмен болар еді.

Ақпараттық объектілер теориясы бойынша алғашқы жеңістерді осы қалыптасу кезеңіне жатқызуға болады, өйткені тура сол кезде мәліметтер қорларындағы ақпаратты орналастыру тәсілінің үш түрі - реляциялық, иерархиялық және желілік модельдер ұсынылады.

Даму кезеңі (1970-1980)

Сонымен, біз енді әлдеқашан қалыптасу кезеңінен еткен ғылыми пән ретінде мәліметтер қорлары технологиясының даму барысын қарастырамыз. Ол информатика саласындағы түрлі жетістіктер мүмкіндіктерін пайдаланатын болды, олар - программа құру тілдері, мәліметтерді өңдеу жүйелері, тағы басқа. Мәліметтер қорлары үшін өзінің дамуының жаңа кезеңі - өзінің жетістіктерін заңды түрде бекітуі - стандарттау кезеңі басталды.

Мәліметтер қорларына талаптарды қойып, жүйелендіруде көптеген халықаралық ұйымдар, атап айтқанда: CODASYL -мәліметтерді өңдеу жүйелерінің тілдері бойынша құрылған ассоциациясы, ISO - стандарттау бойынша халықаралық ұйым, ANSI - Америкалық Ұлттық Стандарттар жөніндегі институты, қатысты.

1975 -ші жылы арнайы АҚШ-ғы Стандарттар Бюросының зерттеу тобы МҚБЖ пайдалануы талданып, екінші кезеңнің пікір таластарының қорытындылары көрсетілген есеп беруін басып шығарады.

Дәл осы есеп беруде мәліметтерді көрсетудің үш деңгей ұсынылады:

  • концептуалдық деңгей, бұл деңгейде объектіге байланысты мәліметтердің типтері құрамымен, олардың қасиеттерімен, осы объектіге сәйкес келетін типтердің өзара байланыстарымен жүмыс жасалынады;
  • жүзеге асыруды ұсыну (нақты МҚБЖ ортасында қорны жүзеге асыру тәсілі анықталады) ;
  • физикалық көрсету (ЭЕМ-де қорны орналастыру шарттары анықталады) ;

МҚБЖ-ң сол кездегі советтік ақпараттық кеңістігіне енуі 1975-шы жылы болды. Бул жылы «Жалпы пайдаланудағы ақпараттық жүйелер» басылымында осы саладағы жаңалықтар басылып шығарылды. Осы уақыттан бастап Совет Одағы CODASYL мүшелігіне енді және отандық ИНЕС МҚБЖ-сі 1976-шы жылы жасалды.

Өсу кезеңі (1980-1990)

1981-ші жылы алғашқы коммерциялық МҚБЖ - SQL/DS INGRES6 ORANE - пайда болды.

Дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты программа құрушылар арасында мәліметтерді өңдеудің реляциялық жүйелері негізгі орынды алды. Дербес компьютерлердің пайда болу нәтижесі - мәліметтер қорлары технологиясының өте кең таралуы болып табылады. Реляциялық жүйелер ұзақ уақыт мерзіміне кең таратылған технология, сонымен қатар, МҚБЖ-де программалық жабдықтар нарығында «ұзақ өмір сүруде». Олардың өмірлік циклы 10-20 және одан да көп жылдарды құрайды.

Айта кететін жайт, компьютерлерді пайдаланушылардың 80 пайызы мәліметтер қорларын қамтитын ақпаратты пайдаланушылар болып келді.

Мәлімелтер қорлары ақпараттық жүйелер дамуында анықтаушы фактор мәніне ие болады. Бұл осы салада фундаменталді зерттеулерді қаржыландырудың ерекше үлкен көлемдерімен дәлелденеді. АҚШ-та бұл саладағы зерттеулер мемлекеттік агенттіктер және өндірістік компаниялардың қаржыландыруымен жүзеге асырылады.

Ерекше көңіл бөлуге тұратын келесі МҚБЖ-ң кұрудағы гигант-корпорацияларды атап өткен жөн, олар ORACLE фирмасы (ORACLE МҚБЖ), INFORMIX (INFORMIX МҚБЖ), Microsoft (MS SQL Server МҚБЖ), Borland (Paradox МҚБЖ) . Біздің қарастырып отырған саламызда аталған фирмалар жылдан жылға өздерінің жаңа программалық өнімдерін ұсынуда.

Жетілдіру кезеңі (1990- . . . )

Бәрімізге мәлім, тарих спираль бойымен дамиды, сондықтан «дербестену» процессінен кейін, интеграция-кері процесс басталды. Яғни, таратылған мәліметтер қорлары технологиясы дамуда. Бұл үрдіс мәліметтер қорларын пайдалану ақпаратты паралельді түрде өңдеудің және мәліметтер қорларының бүтіндігін сақтау мүмкіндігін қамтиды.

Қоғамның ақпаратты пайдаланудағы қойылатын талаптары үздіксіз дамуда. Бұл кезеңде елендететін мәселелердің кейбіреулері, олар:

- дәстүрлі мәліметтердің классикалық модельдерінің қазіргі қолдану салаларының семантикасына сәйкес келмеуі және олардың көмегімен дәстүрден тыс объектілерді көрсетуге мүмкіндік бермеуі;

- қазіргі кездегі тұрғызылған МҚБЖ технологиясындағы шектеулер;

- мәліметтерге жіберілетін көптеген пайдаланушылардың сұрауларын тарату және осыған байланысты ақпарат жүйесінің тұтастай бүтіндігін сақтау мәселелері;

  • ақпаратты еңдеу және орналастыру үшін сыйымдылықты кеңейту талаптарын қою;
  • мәліметтер қорларын жобалаудағы классикалық ережелерді толтыру қажеттілігі.

Реляциялық модельдер графикалық құралдарда, клиент-сервер қосымшаларында, таратылған мәліметтер қорларында мәліметтерді пайдалану үшін және паралельді түрде мәліметтерді үйымдастыруда көптеген жетістіктерге жетуде. Соған қарамастан, 1985 жылдар кезінде-ақ реляциялық модель мүмкіндіктері шеңберінен шығатын мәселелерді қарастыра бастады.

Біздің заманымыз келесі бағыттармен белгіленеді:

  • сараптау жүйелері элементтерін өз жұмыс барысында пайдаланатын мәліметтер қорлары маңызды орын алуда;
  • мәліметтер қорлары білімдер қорларына қайта құрылуда және пайдаланушылар интерфейсінің деңгейі жоғарылауда;
  • мәліметтер қорларын қолдану салаларын кеңейту үшін объек-тілерге манипуляция орындау үшін тек символдық мәндер ғана емес суреттер, дыбыстар, графика, көптеген мультимедиалық объектілер де белгіленеді;
  • техникалық жабдықтардың функционалдық мүмкіндіктері дамуда, ол «кристаллға бағытталған мәліметтер қоры» түсінігіне байланысты және ақпаратты өте үлкен көлемде сақтауға мүмкіндік береді.

Әр бес жыл сайын мәліметтер қорлары жөніндегі қауымдастық ең негізгі шешілуге тиісті мәселелерді анықтайды. Соңғы есеп беруде келесі мәселелер белгіленген:

  • мәліметтердің жаңа типтері үшін (кеңістіктегі, темпоральдық, графикалық) мәліметтер модельдерін кұру және оларды мәліметтер қорларынының дәстүрлі жүйелеріне енгізу;
  • мәліметтер қорларын көлемі бойынша (пегабайтқа дейін), кеңістікте орналасуы бойынша (таратылған) және көптүрлілігі бойынша (бір текті емес) үлестіру;
  • мәліметтер тенденцияларын олардың кұрылымын және кем-шіліктерін автоматты түрде анықтау (мәліметтерді табу және Tan-flay) ;
  • бірнеше кездердегі мәліметтерді араластыру;
  • ұйымдарда жұмыстар және мәліметтер ағымдарын басқару;
  • мәліметтер қорларын жобалауды және администрлеуді авто-маттандыру.

Мәліметтер қорлары түсінігінің көптеген анықтамаларының ішінде ең нақты және түсінікті анықтамасын ұсынамыз.

Анықтама

Мәліметтер қоры дегеніміз - ол арнайы орталықтандырылған программалық басқару аегындағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты, бір-бірімен байланысқан және белгілі бір кұрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.

Мәліметтер қорының бір ерекшелігі, ол - қорда мәліметтердің өздерінің сипаттамаларымен бірге орналасуында. Бұл өте тиімді, себебі алғашқыда мәліметтердің сипаттамалары қолданбалы программаларда ғана белгіленетін, сондықтан бір өзгеріс енгізу үшін құрылған программада да өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайтын.

Тағы бір айта кететін ерекшелік - мәліметтер қорынан ақпаратты іріктеуде. Жай бір файлда ақпаратты іздеу оның нақты мәнін және файлдағы физикалық форматты анықтайтын терминдерді талдау арқылы ғана жүзеге асырылады. Мысалы, жай бір сұрау мынадай түрде болады: бесінші жолдағы 20-дан төмен мәнге ие болатын нөмірлерді қай жазулар қамтиды?

Бұндай сұраулардан мәліметтер қорларына сұрау жіберілгендегі айырмашылығы қорның құрылымы арқылы айықталатын түсініктер пайдаланады. Мысалы, сұрау мынадай түрде болуы мүмкін: "Реал-стар фирмасы өндірген машиналарға Нью-Йорк қаласынан келген клиенттердің қандай тапсырыстары өнімді екінші кварталда жіберу керектігін білдіреді?" Сұраудың бұндай жағдайында біз компьютер жадысының ұйымдасуының көрінбейтін бір детальдарын назарымызға алмаймыз. Өзіміздің сұрауларымызды бізді қоршайтын нақты өмірден алынатын қарапайым түсініктер арқылы жібереміз.

Мәліметтер қорларын қолданған кезде, мәліметтер сипаттамалары өз бетінше орналастырылған объект ретінде және пайдаланушылар программаларына тәуелсіз түрде пайдаланады. Сипаттамалар - метамәліметтер деп аталады. Метамәліметтердің орталықтандырылған жиынтығы - мәліметтер сөздігі. Метаақпарат құрамына мәліметтер сипаттамаларымен қоса көбінесе қолдану саласы, мәліметтер қорын пайдаланушылар, жобалық шешімдер, мәліметтерге сұрау жасау статистикасы туралы ақпарат кіреді. Жалпы бұндай ақпарат жүйені жобалауда үлкен көмегін тигізеді.

"Мәліметтер сөздігі" терминінен басқа да "сөздік - анықтама беруші", "энциклопедия", "репозиторий" терминдері қолданылады. Сөздіктердің атқаратын қызметі ақпарат жүйелерін автоматты түрде жобалау жабдықгарын пайдалануда өте зор. Олардың көбі үшін ре-позиторий жүйенің ядросы болып саналады.

Мәліметтер қорларын бір уақыт кезеңінде параллельді түрде бірнеше пайдаланушылар жаңартып, қолдана алады. Пайдаланушылардың мәліметтер қорларына кіру мүмкіндігін мәліметтер қорларының арнайы программалық жабдығы - мәліметтер қорларын басқару жүйелері береді.

  1. 1. 2 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер

Көп есептердiң шешiмiнiң негiзiнде ақпаратты өңдеу жатады. Ақпаратты өңдеуді жеңілдету үшiн ақпараттық жүйелер (АЖ) жасалады. Техникалық құралдарды қолданатын, оның ішінде жеке алғанда ЭЕМ-ді қолданатын, ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған деп атауға болады. Қазiргi көпшiлiк ақпараттық жүйелер автоматтандырылған болып табылады, сондықтан оларды ары қарай қысқаша ақпараттық жүйе (АЖ) деп атап кете береміз.

АЖ анықтамасының кең түсiнігі ақпаратты өңдеуiнiң кез келген жүйе болып табылады. АЖ-дың қолдану облысы бойынша мынадай қолданылатын салаларға бөлуге болады: өндiрiс, бiлiм, денсаулық сақтау, ғылымда, әскери iсі, әлеуметтiк салаға, сауда және тағы басқа жүйелер. АЖ-дың мақсаттық функциясы бойынша келесi негiзгi шартты дәрежелерге бөлуге болады: бағдарлаушы, ақпараттық-анықтама, шешiмдер қабылдауды қолдау.

Кейде ақпараттық жүйе ұғымының нақты анықтамасы кейбiр қолданбалы есептiң шешуіне пайдаланылатын аппаратты-бағдарламалы құралдар жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, қандайда бір ұйымда келесi сәйкес есептер тапсырылған ақпараттық жүйе бар болуы мүмкін: кадрлардың есепке алуы және материалдық-техникалық құралдар, жабдықтаушылар мен тапсырыс берушілермен есептесу, бухгалтерлiк есеп тағы сол сияқтылар.

Мәліметтер банкі бұл - өңделетін ақпаратты орталықтандырылған сақтау мен жинақтау функциялары жүзеге асырылған және бiр немесе бiрнеше мәліметтер қорына ұйымдастырылған ақпараттық жүйенің бiр түрi болып табылады.

Жалпы жағдайда алғанда мәліметтер банкі (МҚ) келесi компоненттерден тұрады:

  • мәліметтер қоры (бiрнеше базалар) ;
  • мәліметтер қорын басқару жүйесi;
  • мәлiметтердiң сөздiгi;
  • администратор;
  • есептеу жүйесі;
  • қызмет ету персоналдар.

Қысқаша осы аталған компоненттерді және кейбiр осыларға қатысты маңызды ұғымдарды қысқаша қарап шығамыз.

Мәліметтер қоры арнайы түрмен ұйымдастырылған, есептеуiш жүйелердiң жадында сақталатын және объектілер күйін көрсететiн және олардың пәндiк облысында қаралатын өзара байланыстары бар мәлiметтердiң жиынтығы болып табылады

Мәліметтер қорында сақталатын логикалық құрылымды мәлiметтердiң берiлуiнiң моделі деп атайды. Мәлiметтердiң берiлуiнiң негiзгi моделіне (мәлiметтердiң моделiне) келесi жатады :

Иерархиялық;

желілік;,

реляциялық;

постреляциялық;

көп өлшемдi;

объективтi-бағдарланған.

Мәліметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын құруға, жүргізуге және көптеген қолданушылармен бірлесіп қолдануға арналған тiл және программалық құралдардың кешені. МҚБЖ әдетте мәлiметтердiң қолданылатын моделi бойынша танып бiледi. Осылай, мәлiметтердiң реляциялық моделін қолдануға негiзделген МҚБЖ-ні реляциялық МҚБЖ деп атайды.

Алғашқы МҚБЖның бiрi келесi жүйелер болып табылады : IMS (IBM, 1968 жыл), IDMS (Cullinet, 1971 жыл), ADABAS (Software AG, 1969 жыл) және ИНЭС (ВНИИСИ АН СССР, 1976 жыл) . Қазiргi заманғы мәліметтер қорының басқару жүйелерiнiң саны мыңдап саналады.

Қосымша қолданбалы есептерді шешуге арналған ақпаратты өңдеуді автоматтандыруды қамтамасыз ететiн бағдарламалар немесе бағдарламалар кешенi болып табылады. Біздің жұмысымызда, мәліметтер қоры қолданатын қосымшалар қаралады. Қосымшалар мәліметтер қорына рұқсат алу құралын пайдаланатын, бағдарламалау жүйесiнің көмегімен МҚБЖ-ның ортасында немесе ортадан тыс жасала алады, мысалға, Delphi немесе C++ Builder. МҚБЖ ортасында жасалған қосымшаларды, көбінесе МҚБЖ қосымшалары деп атайды, ал МҚБЖ-дан тыс орталарында жасалған қосымшаларды - сыртқы қосымша дейді.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін көбiнесе МҚБЖ-ның құралдары жеткiлiктi және қосымшаларды пайдаланбауға да болады, өйткені оны құру үшін қосымша бағдарлама құру талап етеді. Қосымшаны басты түрде мынадай жағдайларда құрады, квалификациясыз қолданушыларға МҚ-мен жұмыс істегенде қолайлығын қамтамасыз ету керек болғанда немесе МҚБЖ интерфейсі қолданушыларға ұнамаған жағдайда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шиналарды стационарлық жөндеу
Балмұздақ сақтайтын тоңазытқыш қондырғысын жобалау
Темір жол вагон арқылы жүк тиеу
Өнім өндіруді оптимизациялау
Әдістемелік пештердің техникалық сипаттамасы
Дайындау пішу цехы
Қабатты сыртқы қыбырғалық панельдерді конвейерлік әдіс бойынша өндіретін цех
Жылу электр станциясының қазандық цехтың жұмысын жетілдіру
Кәсіпорындағы өндірістік цехтардың жұмысын ұйымдастыру
Дәмхана жұмысын автоматтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz