Қоғамдық аумақтардың қоршалу элемент сызбасын жобалау барокко стилінде
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1Тарихи бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1Қоршау тарихы және барокко стилі туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Барокко стилінде алғаш рет қоршаудың жасалынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1Қоршаудың маңыздылығы, қолданылу орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Барокко стиліндегі ковкалы қоршаулар және оның түрлері ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Өнер әлемі шексіз. Адам баласы өнер әлеміне сеніммен енуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап, мыңдаған жылдар бойы адам қолымен жасалынған көркем шығарма қазыналарымен толық байланыста болуы қажет. Бейнелеу өнері адамды, қоршаған айнала шындығын, табиғатты айнытпай суреттеу іс-әрекетімен оқшауланады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қоғамдық аумақтардың қоршалу элемент сызбасын жобалау барокко стилінде».
Дизайн туралы көп нәрсе айтылып, жазылып жатырғанымен, дизайн табиғаты жайында ортақ көзқарас қалыптасқан жоқ. Мәселе «дизайн» деген сөздің өзі көбінесе қолөнер шеберлерінің өндірістегі қызметі, дәлірек айтқанда қызмет нәтижесі, кейбір жағдайда жалпы түрде алынған қызметті ұйымдастыру саласы деп түсілетіндігінде. Бірақ, кейбір жағдайда «дизайн» өндіріс мәселелерін шешу жолындағы шебердің қызметі саласынан шығып, кең түрде түсіндіріледі.
Дизайнның түрлі көріністерін қарастыра отырып, дизайн тәжірибиелік қолдануы тұрақты түрде кеңейіп отырғанын көреміз, оның саласына көрмелік дизайн, полиграфиялық дизайн, елімізде белең алып келе жатырған ландшафтты дизайн, дизайн қызметінің көп бөлігін қамтитын заттай емес дизайн кірді.Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Соңғы жылдары компьютерлік дизайн жеке шығармашылық ретінде бөлініп шықты. Сонымен, көптен бері кәсіптік өнімдерді жобалау дизайнердің жалғыз да, тіпті басты да қызметі емес.
Сәулеттік ғимараттардың көркемдік құндылықтары ғимараттың сыртқы және ішкі келбетінің көрнісі ретінде алынады. Жеке архитектуралық элементтер үлкен мәнге ие, олар ғимараттың иегізгі бөлімдеріне байланысты[1].
Сәулеткерлер қашанда өздерінің жобаларын неғұрлым үнемді әдіс-амалмен іске асыруға тырысады. Архитектураның құрылымдық жағы — ғимараттың үйлесімін анықтау кезінде маңызды. Сәулет өнерінің тарихы құрылыс материалдарының және олардан жасалған құрылымдардың негізгі материалдарын білуіміз тиіс. Сонымен, архитектураны дамыту процесінде және құрылыс ісінде ғимараттар типтерін анықтауда белгілі стильдер қолданылады. Әрбір стиль белгілі бір дәуірде туады, онымен бірге эволюциялық көркем өнер және сәулет өнері дамиды. Архитектура — бір

1 Мендикулов М.М. Некоторые данные об исторической архитектуре Казахстана. Изв. АН Каз ССР, сер. Архитектурная. Вып.2, 1959, с.11. (аудармасы);
2 Архитектура және жобалау негіздері: 1-5 том, Алматы, Рауан, 2005.;
3 Қ 18 Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2012. – 192 б. – қазақша, орысша. 8,9,10 беттер;
4 «Мәдениеттану» Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева;
5 Гинзбург М.Я. Стиль и эпоха. М., 1925. с. 9. (аудармасы);
Қосымша әдебиеттер
1 Архитектурное проектирование общественных зданий и сооружения редакцией Рожина И.Е. и Урбаха А.И. – М.: Стройиздат, 1995.(аудармасы);
2 Араухо, И. Архитектурная композиция. - М.: Стройиздат, 1982.;
3 Лакшми Бхаскаран. Дизайн и время. – М.: «АРТ- РОДНИК», 2006.(аудармасы);
4 Икконников А.В., Степанов Г.П. Основы архитектурной композиции, 1971.(аудармасы);
5 Беседки, арки, перголы своими руками / М.А. Бурдейный. – М.: ЗАО «Финтон»2008 -144 с.: ил. (аудармасы);
6 Орловский Б.Я., Сербинович П.П. Архитектура гражданских и промышленных зданий. Общественные здания. Учебник для вузов общ. Ред. Ю.С. Яралова. – М.: Высшая школа, 1987., 271с., ил.(аудармасы);
7 Лаврик Г.И. Качество проектирования жилища. – Киев. (аудармасы);
8 Введение в архитектурное проектирование. Москва-1962г. В.Ф.Кринский, В.С.Колбин. Под общей редакцией В.Ф. Кринского. С 7, 111, 112, 120. (аудармасы);

Аннотация
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Қоғамдық аумақтардың қоршалу элемент сызбасын жобалау барокко стилінде. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде қоршау тарихы және барокко стилі туралы жалпы түсінік және барокко стилінде алғаш рет қоршаудың жасалынуы; екінші бөлімде қоршаудың маңыздылығы, қолданылу орындары және барокко стиліндегі ковкалы қоршаулар және оның түрлері. Бұл бөлімдерден кейін қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі жалғасын табады. Курстық жұмыс 13 әдебиеттің ізденіс жұмыс нәтижесі.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1 Тарихи бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Қоршау тарихы және барокко стилі туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Барокко стилінде алғаш рет қоршаудың жасалынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Қоршаудың маңыздылығы, қолданылу орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Барокко стиліндегі ковкалы қоршаулар және оның түрлері ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Өнер әлемі шексіз. Адам баласы өнер әлеміне сеніммен енуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап, мыңдаған жылдар бойы адам қолымен жасалынған көркем шығарма қазыналарымен толық байланыста болуы қажет. Бейнелеу өнері адамды, қоршаған айнала шындығын, табиғатты айнытпай суреттеу іс-әрекетімен оқшауланады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Қоғамдық аумақтардың қоршалу элемент сызбасын жобалау барокко стилінде.
Дизайн туралы көп нәрсе айтылып, жазылып жатырғанымен, дизайн табиғаты жайында ортақ көзқарас қалыптасқан жоқ. Мәселе дизайн деген сөздің өзі көбінесе қолөнер шеберлерінің өндірістегі қызметі, дәлірек айтқанда қызмет нәтижесі, кейбір жағдайда жалпы түрде алынған қызметті ұйымдастыру саласы деп түсілетіндігінде. Бірақ, кейбір жағдайда дизайн өндіріс мәселелерін шешу жолындағы шебердің қызметі саласынан шығып, кең түрде түсіндіріледі.
Дизайнның түрлі көріністерін қарастыра отырып, дизайн тәжірибиелік қолдануы тұрақты түрде кеңейіп отырғанын көреміз, оның саласына көрмелік дизайн, полиграфиялық дизайн, елімізде белең алып келе жатырған ландшафтты дизайн, дизайн қызметінің көп бөлігін қамтитын заттай емес дизайн кірді. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Соңғы жылдары компьютерлік дизайн жеке шығармашылық ретінде бөлініп шықты. Сонымен, көптен бері кәсіптік өнімдерді жобалау дизайнердің жалғыз да, тіпті басты да қызметі емес.
Сәулеттік ғимараттардың көркемдік құндылықтары ғимараттың сыртқы және ішкі келбетінің көрнісі ретінде алынады. Жеке архитектуралық элементтер үлкен мәнге ие, олар ғимараттың иегізгі бөлімдеріне байланысты [1].
Сәулеткерлер қашанда өздерінің жобаларын неғұрлым үнемді әдіс-амалмен іске асыруға тырысады. Архитектураның құрылымдық жағы -- ғимараттың үйлесімін анықтау кезінде маңызды. Сәулет өнерінің тарихы құрылыс материалдарының және олардан жасалған құрылымдардың негізгі материалдарын білуіміз тиіс. Сонымен, архитектураны дамыту процесінде және құрылыс ісінде ғимараттар типтерін анықтауда белгілі стильдер қолданылады. Әрбір стиль белгілі бір дәуірде туады, онымен бірге эволюциялық көркем өнер және сәулет өнері дамиды. Архитектура -- бір мезгілде әрі техника әрі өнер. Ғимараттардың ішкі және сыртқы көрінісін стильдермен орындаған абзал. Соның ішінде үйдің көркін беріп тұратын, ғимаратты әсем көрсететін қоршаулардың өзі белгілі бір стильде орындалады. Яғни, бұл курстық жұмыста қоршау барокко стилінде орындалады. Барокко стилі байлық монументімен сәйкес жасалынады, әрі сәулеттік сән береді.
1 Тарихи бөлім
1.1 Қоршау тарихы және барокко стилі туралы жалпы түсінік
Дизайн-көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгіліерін ойлап табу. 1928 жылы АҚШ- та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайындық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс- тәсілдері мен тәжірибиесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 жылы Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап ұсыныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін дүниеге әкелу, ішкі көрініс дизайнын көз тартарлықтай етіп сәндеу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде [2].
Еліміздің дизайын тарихы:
Қазақстан өнер туындыларына және әйгілі өнер қайраткерлеріне бай ел. Қазақ топырағы өнердің өркен жаюына құнарлы болғандықтан, еліміз өзінің мәдени туындыларымен әлемге танымал. Әсіресе мен дайындап отырған курстық жұмыстың дизайн өнерінің өрісі көңіл қуантады.
Дизайн дегеніміз не? Ол қандай стильдер арқылы жасалынады? Бұл ұғымның төңірегінде әр түрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар жоба, біреулері сурет, тағы бірі нобай дейді. Біздің ойымызша ол - әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, фораларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясы. Дизайнның тарихы ХIX ғасырдың ортасында Лондондағы Джон Пэкстонның арнайы салған шыны ғимаратында өткенде ол І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған көрмеден басталды. Осы тұста атақты Джон Рескин мен Уильям Морристің дизайнға арналған ғылыми теориялық және тәжірибиелік еңбектерінде жарық көрді. Сонымен қатар 1907 жылы дүниежүзінің жартысынан көбін электр құралдарымен қамтамасыз ететін Германия Электр ассоциациясы шығаратын заттардың әрленуіне бас-көз болу үшін әйгілі қолөнер шебері, сәулетші Питер Бернс директор болып тағайындалып, бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болды десек, біздің тұжырымның негізі дұрыс болады. Содан кейін 1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты Баухауз атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылғаннан кейін дизайнерлік білім кең өріс алды.
Бірақ, осы өнердің тарихын дүние жүзін елеңдеткен белгілі бір кезеңдермен ғана сабақтастырсақ, тағы қателесуіміз мүмкін. Себебі, әлемдегі өнер майталмандарының туындылары, өнер ағымдарының даму тарихы және синтезделген өнер саласындағы шығармалар әлі де бір ізге түскен жоқ. Ал, енді бәрін айт та, бірін айт дегендей, әңгіме сарынын Қазақстан дизайнына бұрайық.
Біздің ел топырағына дизайнның келіп, әрі қарай дамуына себепші болған Тимур Бимашұлы Сүлейменов есімді азамат. 1981 жылы Қазақстан түгілі жалпы КСРО-да дизайн деген сөз ілуде бір естіліп жүргенде, Қазақ елінде Тимур Бимашұлы алғашқы болып дизайн шеберханасын ұйымдастырды. Кейінірек, бұл шеберханасын Қазақстан Суретшілер одағының жанынан ұйымдастырып, оны өзі басқарды. Тимур Сүлейменовтың бастамасымен 1987 жылы Дизайнерлер одағының құрылғаны белгілі. Елімізге елеулі азамат күні бүгінге дейін қатарында 400-ден астам дизайн майталмандары бар ұжымды басқарып келеді [2].
Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған соң елді ел ететін рәміздер мен белгілердің керек екендігі айдан анық болды. Сондықтан Қазақстан Дизайнерлер одағы осы іске кірісіп кетті. Одақта арнаулы топ құрылып, егемен елдің алғашқы теңгесінің макетін өмірге әкелді. Бұл жерде теңге тек ақша ретінде ғана емес, Қазақстанның рухани және материалды байлығының келбеті екені еске алына отырып жасалды. Алғашқы теңгенің дизайнын жасауда тарихи деректермен толықтыру, ұлттық нақышта әрлендіру және тарихи тұлғалардың бейнесін қолдану жөн деп табылды. Тимур Сүлейменовтың жетекшілігімен Қазақстан Дизайнерлер одағының өкілдері Астана, Алматы, Талдықорған, Ақтау, Мәскеу және тағы басқа қалалардың сәулет дизайнының көркеюіне белсене қатысып, Қазақ елінің таңдаулы және маңызды тұлғаларының ескерткіштерінің сәулет дизайндарын жасады. Одан басқа да Қазақстан еліне көп еңбек сіңірген. Сол уақыттың өзінде әр түрлі стильдерде жұмыс жасаған. Ол өзінің жұмыстарында геометриялық фигуралар, ою-өрнектер, аң-құстардың бейнелерін көп пайдаланған. Ең алғашқы стильдің бірі барокко стилін қолданған [3].
Қазақстанда дизайнерлерді дайындау мәселесі жақсы жолға қойылған. Қазіргі таңда бұл саладағы сапалы, жоғары білімді мамандарды негізінен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Сымбат сән академиясы, Алматы технология және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттері дайындайды.
Архитектура, сәулет өнері - құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша architectura, ал грекше architekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған тастар тізбегінен қойылған биік тастар тізбегіен тұрады. Дольмен - қатар қойылаған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.
Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -сәулет өнері немесе архитектура дейді, грек тілінен аударғанда аға құрылысшы деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек деген. Олар:
а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.
Қазақ сәулет өнері - ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Қошқар Ата құлыптасы, Атырау облысы, Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған облысындағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған [3].
Архитектуралық ордер - архитектуралық кешендердің жүйеге келтірілген шешімі. Архитектуралық ордерлер қабырға орнына бағаналар көтеріп тұратын шатырлы құрылыстардың негізінде пайда болған. Архитектуралық ордер ежелгі дәуірде б.з.б. 5 ғасырда Грекияда пайда болды. Ежелгі Грекияда оның үш түрі: дорилік, ионикалық және коринфтік ордерлері қалыптасты. Архитектуралық ордер аттары жер аттарына орай қойылған. Үш ордерге ортақ бөліктер: бағана, антаблемент және баспалдақты тұғыр. Бағана антаблементті көтеріп тұрады. Ең төменде - архитрав (аралық), ортада - фриз (жиек), ең үстінде - карниз (шеті). Дорилік ордері жұпыны, берік болып келеді. Бағанасының табаны мен тақасы жоқ, өн бойы каннелюрамен (жосық) ойылған. Капитель - мойын, эхин, абақ бөлшектерінен тұрады. Дорилік ордері үлгісінде - Парфенон ғибадатханасы салынған. Ионикалық ордер әсемдік пен салтанатқа негізделген. Бағанасының жалпақ табаны бар, өн бойы каннелюралы. Архитравы 3 көлбеу аралықтан тұрады. Фризі триглифсіз, метопасыз болып келеді. Капителі қошқар мүйізденіп, екі жаққа иіліп келген волютадан құралады. Ионикалық ордер дорилік ордерге қарағанда сәнді. Бұл ордермен Акропольдегі Эрехтейон ғибадатханасы салынған. Коринфтік ордер - көркемдік жағынан өте бай. Капителі аканф өсімдігінің мәуеленген жапырақтары тәрізді. Бұл үлгіде Лисикрат ескерткіші Афинадағы жел мұнарасы салынған. Рим архитектурасы Витрувийдің архитектура туралы трактатында ордерлердің құрылу тәсілдері, жікке бөлу сипаттамасы берілген. Қайта өркендеу дәуірінің теоретиктері Дж. Виньола мен Апалладио, негізінен, 4 ордерді (жалпы 5 ордер) үлгі (дорилік, ионикалық, коринфтік, тосканалық ордерлер) етеді. Ордерлік жүйелер ғасырлар бойы сәулет өнерінің дамуына ықпал жасады.
Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 448-438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136(периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік сәулет-дизайн архитектурасына қосқан бір жаңалығы- архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8-6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5-1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасыр - біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс - Патеон болды. Яғни, ол алғашқы стильдің бірі барокко стилінде жасалынды. Италияда барокко стилінде жасалған ғимараттар өте көп. Тек қана ғимараттар ғана емес, аулаларда барокко стилінде жасалынды, себебі, барокко стилі ортаны, аймақты өте әдемі етіп көрсетті. Ондағы қоршаулар қайталанбас үлгінің ерекше бір үлгісі ретінде жасалынды. Қоршаудың негізгі түріне патшалардың қорғандары және ондағы бақшалардың калиткалары кірді. Италияда патшалық дәуірде үлкен бағаналардан жасалынған қоршаулар қорған ретінде жасалынды. Қаланың іші-сыртын түгелдей жауып тұратын болды. Бұл қоршаулар негізінен қорғасыннан жасалынды. Барокко стиліне бағытталып жасалынған қоршаулар өте сәнді, әрі әдемі болды [4].
1.2 Барокко стилінде алғаш рет қоршаудың жасалынуы
Барокко (италян тілінен аударғанда barocco -- әлеміш, өзгеше деген мағына береді) - XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың I жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Барокко Қайта өрлеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. ХVII ғасырда Италияда алғаш рет өнер - Қайта өрлеу дәуірінде дамыды, экономикалық жағынан да, саясаттық жағынан да құлдырады. Италияның аймағына шетелдіктер, яғни испандықтар мен фрацуздар басшылық жасаған. Сонда да, Италия өзінің мәдениетін жоғалтпады, але күнге дейін мәдениет ордасы болып саналады. Италия Қайта өрлеу дәуірінде құлдырағаннан кейін, қайтадан бұрынғы қалпына келу үшін оларға біріншіден білім керек болды, екіншіден шіркеу салу керек болды. Осы екі жағдай арқылы қалыпқа келіп, байыймыз деп ойлады. Кейінірек, стиль ұғымы танымал болды, яғни Италияның жағдайын көтеретін. Міне, осылай ХVІ ғасырда Италияда барокко стилі пайда болды. Өнер саласында біртектес стильдер қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері -- заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады.
Солардың бірі -- мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль -- барокко бағыты болды. Барокко -- астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі -- абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко -- халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дөуірінде парктер мен бақтар -- философиялық әңгімелер мен ойтолғаныстарының негізгі орталықтары болды. Олар -- табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшалар композициясын музейлер мен театрлар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті [4].
Барокко сөзінің өзі басқа стильдерге қарағанда үлкен түсінікке ие. Оның негізгі ерекшелігі -- көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архитектуралық өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен "тайталасып" қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен. Рагуза қаласындағы Жан Тазалығы шіркеуі, сицилиялық барокконың тұп нұсқасы болып табылады. Бұл шіркеу ежелгі заманнан келе жатқан барокко стиліндегі керемет дүние. Ондағы бағаналар, жапсырмалы тақталар барокко стилінің табиғатын ала отырып жасалынған. Бұл Жан тазалығы шіркеуінің ішкі көрінісі де барокко стилінде жасалынған. Қабырғалары италиялық бағаналардан орнатылған және бір-біріне жалғасып кеткен. (1-сурет).
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz