Элекронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар.”E-learning”ортасының компоненттері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

КОРЕЙТАНУ ЖӘНЕ ЖАПОНТАНУ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: «Элекронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар. ”E-learning”ортасының компоненттері »

Орындаған: Алашпаева К.

Тексерген: Максутова Б.

Алматы, 2015

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Электронды оқытудың пайдасы
  2. Электронды оқытудың жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР) : электронды оқулықтарды (ЭУ) ; мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ) ; виртуалды саяхаттарды (ВС) ; электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т. б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне - материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.

Ал бұның мұғалімге қандай көмегі бар! Оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Слайдтар - бұл принтер арқылы қағазға басып шығаруға болатын қолайлы таратылым материалы. .

Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.

Барлық электронды оқулықтар қазақстандық білім беру стандартына сәйкес жасалған. Олар нақты бір сабаққа бағытталып қана қоймай, сондай-ақ жалпы оқытылу пәнінің мазмұнына бағытталған, бұл оқушыға оқу материалын біртұтас етіп және олардың өзара байланысын көрсете алады. Оқытудың педагогикалық маңыздылығы бар интерактивті орта пайда болады.

Электронды оқулықтар мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Бұл дұрыс емес пе?!

Электронды оқулық - бұл оқушыға ғана емес, сонымен қатар мұғалімге де көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Өйткені біздің электронды бағдарламалар - бұл көбінесе дайын сабақ конспектісі. Сондай-ақ, оның жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады. Сіздер жасаушыларға өздеріңіздің ұсыныстарыңызды бере аласыздар және Сіздің тәжірибеңіз республикамызға әйгілі бола алады.

Біздің электронды оқулыққа көптеген шетел қонақтары қызығушылық танытты: ЮНЕСКО-ның бас директорының орынбасары Абдул Вахид Хан, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы білімді халықаралық дамыту бойынша ЮНЕСКО бағдарламасының координаторы Жу Нан Жао мырза, білім берудегі АКТ бағдарламасының менеджері Фуминхико Шинохара мырза. Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) халықаралық сарапшысы Боб Мэнсфилд мырза электронды оқулықтарға жоғарғы баға берді.

Мектептегі білім беруде АКТ-ны пайдалану бойынша, 6 мемлекет (Әзірбайжан, Қазақстан, Кырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан) негізінде Азиялық Даму Банкі (АДБ) жүргізген салыстырмалы саралау көрсеткендей, оқушыларға СИМБҚ жасауда Қазақстан бұл мемлекеттерден әлдеқайда озық.

Мектеп оқу үрдісіндегі электронды оқыту - бұл оқушылардың тұлғаға-бағдарланған оқытуға шығу түрін болжамдайтын, ауылдық білім беру ортаның мұнан ары байуы. Оқу-танымдық және оқыту ақпараты ағымында және өз білім траекториясын табуда өзін өзі бағдар етуге жақындайды.

Оқу үрдісіне электронды оқытуды енгізу білім алуда өз қажеттігі бар жаңа ұрпақ оқушыларының, шығуына себеп болады, жаңа ой өрісі ептілігі, білім алуда жаңа мәдениет қалыптасады. Мұғалімге оқу үрдісінде көбінесе тьютор ролі беріледі.

Электронды оқытуда мұғалім мен оқушының жұмысы - ынтымақтастықта, яғни бірлесіп пайда болған қиыншылықтарды жеңіп шығуға, ой алмастыруға, алған білімдеріне сүйене отырып талқылауға мүмкіндік береді. Оқушыға түрлі табиғи, физикалық процестерді модельдеу, түрлі жағдайдағы құбылыстарды, олардың қасиеттерін сипаттайтын шамаларын өзгерте отырып меңгеру мүмкіндігі беріледі. Білімнің интерактивті электронды негізімен оқу, іздеу-танымдық іс-әрекеті маңызды мекептік, пәндік зерттеулерінің элементтеріне ие болады.

Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі - жаңашылдығы. Атап айтсақ, Бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған.

Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.

Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:

Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;

Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі(мектеп іс-қағаздарын жүргізу, т. с. с)

«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;

Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі-LMS;

Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі-LCMS;

Тестін ібасқарудың ішкі жүйесі-TMS;

Дамытуды басқару ішкі жүйесі-DM;

Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,

Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.

Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?

Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т. б. Жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
«Е-learning» – электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлау әдістемесі
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Цифрлық білім ресурстары мен ЦБР топтамалары және оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Е- learning электронды оқу жүйесі
Тілді меңгеру тәжірибесіндегі мобильді қосымшалардың топтастырылуы
ЖОО СТУДЕНТТЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ НЕГІЗІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz